Семинарда өткен шебер-сыныптың рефлексиясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинарда өткен шебер-сыныптың рефлексиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
2016-2017 оқу жылының төртінші тоқсанында Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде аудандық семинардың «Астана ЭКСПО-2017» тақырыбымен шебер сынып өттім. Бұл тақырыпты алған мақсатым – Астанада өтілетін ЭКСПО туралы мәліметтерді таныстырып, тарихқа үңілту, ЭКСПО логотипі жайлы ақпарат беріп, мемлекетімізде болатын жаңалықтарды көруге, қатысуға шақыру, сонымен қатар оқушылардың білім арттыруда, ынталандыруда қолданылып жүрген жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің ІІІ деңгейлі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тильманбетова Гульмира Кенесбаевнаның рефлексивті есебі

2016-2017 оқу жылының төртінші тоқсанында Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде аудандық семинардың «Астана ЭКСПО-2017» тақырыбымен шебер сынып өттім. Аудан мектептерінен бірнеше мұғалім қатысты.

Бұл тақырыпты алған мақсатым – Астанада өтілетін ЭКСПО туралы мәліметтерді таныстырып, тарихқа үңілту, ЭКСПО логотипі жайлы ақпарат беріп, мемлекетімізде болатын жаңалықтарды көруге, қатысуға шақыру, сонымен қатар оқушылардың білім арттыруда, ынталандыруда қолданылып жүрген жаңа әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.

Қатысушыларды ортаға шақырып, амандасудың әр түрлі тілдерде жазылған парақшаларын таратып оқыттым. Содан кейін «ЭКСПО-2017 алаңы», «ЭКСПО-2017 көрмесі» , «ЭКСПО-2017 логотипі» жазуы бар парақшалармен үш топқа бөлдім. Мақсатым: қатысушылардың көңілін осы сөздер арқылы ЭКСПО-2017 көрмесіне аудару, онда көптеген мемлекеттен әр түрлі ұлт өкілдері келетіні жайлы ой қалыптастыру.

«Миға шабуыл» әдісімен тақырыпқа кіріспе өтілді. Мұнда қатысушылар ЭКСПО-2017 көрмесі жайында білетіндерін ортаға салды.

«Болжау» стратегиясы бойынша бүгінгі шебер сыныпта қандай жұмыстар жүретіні айтылды.

БҮҮ кестесі таратылып, толтырылды. Мақсатым: қатысушыларды қызықтыру және ойларын білу.

Picture 13

Топқа бөлінген жазулар қатысушыларға тақырып болып беріліп, постер немесе кластер толтыру тапсырылды. Біраз мәліметтер қолдарына таратылды. Интернет желісі арқылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінің жобасы мен қазіргі кездегі дайындығы туралы ақпараттар бейнероликтермен көрсетілді. Берілген уақыттан соң қатысушылар өздері толтырған постер мен кластерлерді қорғауға ортаға шықты. Әр топта қатысушылар арасында да топ белсенділері болды.



Picture 9

Мұнда қатысып отырған мұғалімдердің көпшілігі деңгейлік курсты бітірген болғандықтан, қандай әдістерді қолданғаным қызықтырды.

«Ілгеріленген лекция» әдісі бойынша мәтін беріліп, оқып болған соң қатысушылар мәтінді құрыстырды. Мақсатым: есте сақтау қабілетін жақсарту және алған мәліметтердің пайдаға асуы.

«Блум күлтесі» әлісі бойынша өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап алдым. Бұл сұрақтар блум жүйесі бойынша жасалған.





Соңында қатысушылар өздерінің көңіл-күйлерін «Көңіл-күйіңді көрсет» әдісімен бояды.

«Алған білімімнің үш бұрышы» атты рефлексияны толтырды.

Жоспарлаған жұмысымды түгел көрсеттім. Өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Қатысушылар алған әсерлері мен ойларын рефлексияға жазып қалдырды. Ауданаралық семинарлар мұғалімдердің шеберліктерін шыңдап, ізденуіне жол ашады. Сондықтан осындай семинарлардың өтілуіне барлық ұстаздар қауымы қуанады деп ойлаймын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі