Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шеміршекті балықтар:акулалар мен скаттар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныбы: 7а
Пәні: биология
Тақырыбы: Шеміршекті балықтар: акулалар мен скаттар. Бекіре балықтар, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары.
Мақсаты:
Білімділік: Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру
Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін, есте сақтау, ойлау, танымдық қызығушылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларға экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
І. Білім (“Алтын қақпа” ойыны, “Өрмекші торы”)
ІІ.Түсіну (миға шабуыл, бейнекөрініс, түсіндіру)
ІІІ. Қолдану (кестемен жұмыс, “аквариум ”ойыны, сәйкестендіру тесті)
IV. Талдау (“Сиқырлы қоржын”сұрақ-жауап)
V. Жинақтау
Кубизм әдісі:1. Қолдану (Бес жолды өлең)
2. Салыстыру (Венн диаграммасы)
3. Зерттеу (Акуланың құрылысын)
VІ. Бағалау
Күтілетін нәтиже: - Сабақтың мақсатын анықтайды;
- Тақырыптың мазмұнын түсінеді;
- Топпен бірлесе отырып, жұмыс жасайды;
- Өз ойларын қорытындылайды.
Табысытылық критерийлері:
Мәтінді толық меңгеру керек- 0-3
Дұрыс сұрақ құрастыра білу және нақты жауап беру- 4-6
Ақпаратты жинақтап, қорытындылай білу-7-9
Өз ойын еркін жеткізу және өмірмен байланыстыру- 10-12
Әдіс-тәсілдер: "Алтын қақпа" әдісі,"Өрмекші торы","Бес жолды өлең" стратегиясы, "Сиқырлы қоржын" ойыны, "Кубизм"әдісі, жеке,
топтық жұмыс, "Аквариум" ойыны,сәйкестендіру тесті
Көрнекіліктер: Слайд, оқулық,фишкалар,бейнекөрініс, стикер,үлестірме парақтар, кубик.
Бөлім |
С абақтың кезеңдері Уақыты |
Жұмыс түрлері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі 3-5 минут |
Жүректен жүрекке 3 топқа бөлу: Бекіре Қалқан Алтын мөңке |
Амандасады, түгендейді.Бағалау критерийлері топ басшыларына беріледі Психологиялық дайындық Амансың ба Алтын күн! Амансың ба Көк аспан" Амансың ба Достарым! Сендерді көрсем қуанам Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық Сәттілік тілеп күлімсіреп Біз сабақты бастайық! |
Амандасады,кезекші оқушы жауап береді. Топқа бөлінеді. Назарларын сабаққа аударады. Жүректен жүрекке |
Парақшалар |
||||||
Білім |
Кіріспе 7-10 минут |
Үй тапсыр масына шолу: "Алтын қақпа"ойыны "Өрмекші торы" |
Мұғалім: "Алтын қақпа" ойыны арқылы төмендегідей сұрақтар қояды: Тас қақпағы сұрағы: 1. Омыртқалылар дене температуарсына қарай бөлінеді? (жылықандылар,салқынқандылар) 2. Балықтарды зерттейтін ғылым? (Ихтиология) Темір қақпа сұрағы: 1. Сүйекті балықтардың қанша мыңнан астам түрлері бар? (20 000 астам) 2. Сүйекті балықтарда ерекше мүше? (торсылдақ) Күміс қақпа сұрағы: 1. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады? (бас,тұлға,құйрық) 2. Сүйекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді? (сәулеқанатты,қалаққанатты балықтар) Алтын қақпа сұрағы: 1. Сүйекті балықтар ұрықтанады? (сырттай) 2. Каспий теңізінде кездесетін балықтарды ата? (Қортпа,шоқыр,пілмай,бекіре ) Алтын сандықтан шыққан сұрақ: Балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық? (шоғал) Сұрақ-жауап Ортаға шығып, бір-біріне сұрақ қояды |
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша мұғалім қойған сұрақтардың жауаптарын "Алтын қақпа"ойыны арқылы фишкаларды көтеріп отырып, тексереді Ортаға шығып өрмекші торын құрайды |
Оқулық,фишкалар |
||||||
Түсіндіру Қолдану Талдау Жинақтау |
Негізгі бөлім 25 минут |
1. Миға шабуыл 2.Бейне көрініс 3. Түсіндіру Жұптық жұмыс: дәптерге кесте толтыру Сәйкестен діру тесті "Аквариум" ойыны Сиқырлы қоржын: сұрақ-жауап "Кубизм" әдісі Инсерт әдісі |
Жаңа тақырыпты ашу үшін ребус шешеді.
Балықтар туралы бейнекөрініс көрсетеді. Шеміршекті балықтарға сипаттама беріп,оларды слайдтан көрсетеді Жұптық жұмыста оқушылар дәптерлеріне балықтарға тән белгілерді жазып кестені толтырады. Әр топқа сәйкестендіру тесті парақшасы таратылады Мұғалім "Аквариум" ойыны арқылы мақал-мәтелдер жалғасын табады және дұрыс жауап берген топқа ұпай беріп отырады. 1. .......басынан шіриді (балық) 2. Суды сабалама,........... (балығын шошытасың) 3. Балық бәсін алады, ................................ (ел есесін алады) 4. ...........іздесең көлге бар, ........... іздесең елге бар (балық,береке) 5. .............. көлінде патша, ................суында патша (бақа,балық) 6. ..... бағыспас, Жан-жағына қағыспас (балық) 7. ...... адам болмайды, ....... балық болмайды(мінсіз, қылтықсыз ) 1. Балықтардың өрістеуі дегенді қалай түсінесіңдер?(Уылдырық шашу үшін теңізден өзенге өрістеуі ) 2. Шеміршекті балықтар дың қазіргі кезде қанша түрі қамтылған? (750-дей түрі) 3.Балықтардың ми бөлімдерін атаңдар? (Алдыңғы ми,ортаңғы ми, аралық ми,мишық, сопақша ми) 4. Желбезек доғаларының саны? (5-7 жұп) 5. Акулалардың ішінде адамға ең қауіптісі? (Сұр акула) 6. Балықтың ас қорыту жүйесінің өскіні? (торсылдақ) "Кубизм" әдісі бойынша кубикті лақтыру арқылы әр топқа тапсырма береді. 1. Қолдану (Бес жолды өлең) 2. Салыстыру (Венн диаграммасы) 3. Зерттеу (Акуланың құрылысын)
|
Оқушылар ребусты "шеміршекті балықтар" деп табады. Бейнекөріністі мұқият тыңдап, көреді.
Жұптық жұмыс жасау арқылы дәптерлеріне кестені толтырады
Топпен жұмыла жұмыс жасайды
"Аквариум" әдісі арқылы мақал-мәтелдер жалғасын тауып жауап береді және әр дұрыс жауапқа өздеріне ұпай жинайды. Тапсырма аяқталған соң ұпайлармен санап, жеңімпаз топ анықталады.
Сұрақтарға жауап береді.Топ басшылары ұпай сандарын беріп отырады.
"Кубизм" әдісі арқылы тапсырманы орындайды. Жаңа тақырыпты қорытындылайды. |
Оқулық, парақтар
Таратпалы материалдар |
||||||
Үйге тапсырма
Бағалау |
Қорытынды бөлім 5 минут
|
Рефлексия |
246 бет. Шығармашылық тапсырма: реферат " Шеміршекті балықтар" Кері байланыс парағын таратады. Топ басшылары ұпай сандары арқылы бағалайды. |
Рефлексия:"Екі жұлдыз, бір тілек". Оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын жауап тарына қарай фишкаларды қолдану арқылы бағалап отырады. |
Үлестірмелі парақтар, фишкалар, стикер |
Саралау-Сіз қосымша көрсетуді қалай көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
* Топтық жұмыс "Кубизм әдісі" бойынша постер құрастыру,"сиқырлы қоржын" сұрақтарына жауап беру * Жұптық жұмыс "Аквариум ойыны", сәйкестендіру тесті * Жеке жұмыс "Инсерт әдісі", "алтын қақпа" сұрақтарына жауап беру |
* "Тапсырма критерий " арқылы бағалау * Фишкалар арқылы өзара бағалау * Мұғалім тарапынан "Екі жұлдыз, бір тілек " арқылы бағалау / сабақтан тыс/ |
* Экология, география * Слайдтар * Бейнекөрініс *Ынтымақтастық атмосферасын орнатады * Бір-бірінің пікірлерін тыңдай біледі * Өзара жағымды қарым-қатынас орнатады *Ұйымдаса білу білігін дамытады |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Сабақта оқу мақсаттары -сын тұрғысынан ойлауды және белсенді болып табылатын сабақ құрылымына сай көрсетілді. Оқушылар шеміршекті балықтар,олардың түрлері, маңызы жайлы оқып білді. Балықтардың негізгі ерешеліктеріне, құрылысына сипаттама берді. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысты, бағалау кретийлерін пайдаланып оқушылар өздерін бағалады. Мен жоспарлаған саралау шаралары өте тиімді болды. Берілген уақыт ішінде жопарланған тапсырамаларды орындауға толық үлгердім. Сабақ өз деңгейінде жоспар бойынша өтілді. Оқушылар оқу үрдісіне белсене қатысып, түрлі мағлұматтар алды. |
||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды? 1. "ДЖИГСО" стратегиясы бойынша оқушылар бір-біріне көмектесті. Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгерді. Бірін-бірі оқытты және де бір-біріне көмек беріп отырды. 2. "Кубизм " әдісі тақырып бойынша 1-топ " Бес жолды өлең" жазды, 2-топ "Венн диаграммасын" құрды, 3-топ сурет беріліп акуланың құрлысын жазды . Әр топ ортаға шығып қорғады. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Проблемалық сұрақтар қою 2. "Инсерт әдісін" қолдану. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім? Мен келесі сабақта оқушыларға әр түрлі стратегияларды, әдіс-тәсілдерді пайдаланып, жеке, жұптық және топтық жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың білімдерін кеңейтіп, өзара жұмыс істеу қабілеттерін арттырамын. Топтық жұмыс істеу барысында уақытты үнемдей отырып, бір-біріне деген сенімділігін, ойлау, есте сақтау, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын, ынталарын арттыруға көмектесетін әдіс-тәсілдерді пайдалануға тырыстым. Сабақ барысында "Қызық екен, мен ол туралы ойламаппын" деген түсінікті пайдаланып, естіген, көргендерін, өз пікірлерін айта алу қабілеттерін дамыттым. |