Материалдар / Сен білесің бе?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сен білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған дидактикалық материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2019
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

501
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
ЕЖЕЛГІ ҚҰРЫЛЫСТАР
Көне обалар
Ежелгі дəуірлерден сақталған сəулет өнері ескерткіштерінің бірі – жерлеу орны
болып табылатын көне обалар. Олар қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін
белгілі бір ретпен араластыра үйінді етіп тұрғызу арқылы жасалады. Обаның астынан
шұңқырлап, ағаштан қиюластырып немесе тастан қалап қабірхана жасалынады.
Қазақстан өлкелерінде сан мыңдаған түрлі дəуір обалары бар. Сақ дəуірінен бастап
үлкен «патша обалары» күрт көбейді. Тарих, археология ғылымдарына баға жетпес
деректер берген Есік обасы («Алтын адам»), Бесшатыр, Шілікті обасы, Тасмола, Берел
қорымы, Сынтас, Бесоба қорымы еліміздің бірегей ескерткіштеріне жатады.
Құлпытас
Бейітке қойылатын тас белгіні құлпытас деп атайды. Құлпытастың көптеген түрлері
бар. Ғұн заманы, түркі, қыпшақ, түргеш дəуірлерінде адам бейнесінде қашалған
құлпытастарды қою дəстүрі кең жайылған.
Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілгенімен, аса үлкен құлпытас қойып,
оған адамның, малдың немесе əлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынған.
Сондықтан кейінгі кезеңдерде бейнелі құлпытастар орнына құлпытастарға өрнектер
салу, Құран сүрелері мен аяттар жазу орын алды. Құлпытастарды əрлеу, нақыштау,
бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпынан
хабар береді.


Page 2

502
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Кесене
Қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді ескерткішті кесене деп атайды.
Күмбез
Кейбір ғимараттар мен құрылыстардың төбесінің тіреусіз дөңес етіп жабылғанын
көруге болады. Мұны күмбез деп атайды. Күмбез көбінесе шеңберленіп, кейде
көп қырлы етіп жасалады. Күмбез ғимарат төбесін жаба отырып, үстіңгі салмақтың
қабырғаға біркелкі таралып түсуін қамтамасыз етеді.
Күмбез жасау б.з.б. ІІІ ғасырдан белгілі. Күмбез жасау ісі алғашқыда шыбықтарды
иіп, балшықпен сылап, күрке жасау негізінде пайда болған. Уақыт өте келе күмбезді
тастан жəне кірпіштен қалап жасайтын болған. Дөңес əрі үшкілденіп келетін күмбез
жауын-шашыннан жақсы қорғайтын. Күмбез арқылы ғимараттың төбесін тіреусіз жабуға
болатындығы жəне күмбездің ғимараттың сырт пішінін əсем əрі биік етіп көрсететін
қасиеті оны кеңінен пайдалануға себеп болды.
Төбесі күмбезбен жабылған мазарларды да қазақтар күмбез деп атайды. Қазақстанда
бүгінгі күнге дейін сақталған күмбезді ғимараттар қатарына Жошы хан күмбезі, Алаша
хан күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, т.б. көптеген мазарлар
жатады. Кейінгі жылдары да Қазақстанда төбесі күмбезді көптеген ғимараттар:
«Арыстан» емдеу-сауықтыру кешені, Оқушылар сарайы, Қазақтың Мемлекеттік
орталық мұражайы, Ақтаудағы сауда-орталық ғимараты, Алматыдағы Орталық мешіт,
Астанадағы Президент салтанат сарайы, т.б. салынды.


Page 3

503
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Мазар
Мазар – қаза болған адам қабіріне тұрғызылатын
сəулет ескерткіші. Қазақ жерінде мазар тұрғызу
дəстүрі ежелгі көшпелілер дəуірінен (андронов
мəдениеті, сақ дəуірі) бастау алған. Оның ең
ертедегі үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. IV
– ІІ ғғ.) жатқызады. Қазақстандағы Қозы-Көрпеш
– Баян сұлу, Алаша хан, Бабажы қатын кесенелері
ортағасырлық мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау
түбегінде жəне Батыс Қазақстанда көп кездеседі.
Қазақ жеріндегі мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде
келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген
кірпіштен қаланған. Ислам діні мен мəдениетінің өркен жаюына байланысты мазардың
қабырғалары мен маңдайшаларына аят жəне хадис үзінділері жазылып, қабір басына
құлпытас қойылатын болды.
СƏУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ
Асан ата кесенесі
Қазақ жері əулие-əнбиелер құрметіне тұрғызылған
мазар, күмбез, кесенелерге бай. Сондай кесенелердің
бірі – Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Жеті
əулие» қорымындағы Асан ата кесенесі. Ол ел аузында
Асан Қайғының мазары делінеді. Асан Қайғы XIV
ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында өмір сүрген
ақын, жырау əрі би ретінде танылған тұлға. Қазақтың
алғашқы хандары Керей мен Жəнібектің ақылшысы
болған.
Халқының қамын ойлап, күңіренген оны халық Асан Қайғы деп атап кеткен. Асан
Қайғы жеті жыл еліне жайлы қоныс іздеп, қазақ жерін түгел шолып шыққан. Көптеген
жерлерге өзінің сын, бағасын берген. Асан Қайғыны халық қадір тұтып, қабірінің
басына ескерткіш-кесене тұрғызған. Ғасырлар бойы сақталған кесене сəулет өнерінің
тамаша туындысы ретінде белгілі. Кесене күйдірілген қызыл кірпіштен биіктігі 7,60 м
етіп салынған. Іргеліктен 3 м жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан ата
кесенесі 1982 жылдан мемлекет қорғауына алынды.


Page 4

504
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Қорқыт ата күмбезі
Қорқыт дананың қабірі қай жерде екенін тап басып айту
мүмкін емес. Оның мазары туралы көнекөз адамдардың
əрқайсысы əр түрлі айтады. Неғұрлым анығы һəм
атақтысы – Сырдарияның төменгі ағысындағы Қармақшы
қыстағының маңындағы мазар. Осы мазар ұзыннан
созылған сегіз қырлы үлгіде, төбесі күмбезделіп салынған.
Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар
ұзын сырғауыл қойылған. Өкінішке орай, Сырдарияның
ағынды суы бұл күмбез бен қабір басындағы белгіні
баяғыда шайып жіберген. Қазір сол жерге жаңа күмбез
салынған.
Қорқыттың күмбезді мазарынан əр кез қобыз күйі естіліп
тұрған деседі. Оның жаңа кесенесі төрт қобыз бір-біріне
сүйеніп тұрғандай етіп биікке салынған, одан қобыздың
сырлы əуезі шығып жатқандай болады.
Алаша хан күмбезі
Ұлытау өңіріндегі көптеген сəулеттік
ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы
биік, тұлғалы туындысы Алаша хан
күмбезі. Алаша хан күмбезі Ұлытаудың
Қаракеңгір өзенінің жағасында биік
жотаның үстінде тұр. Күмбездің
нақты қай кезде салынғаны белгісіз.
Ғалымдар күмбезді Қарахан əулеті
заманында (X  XIII ғғ.) салынған сəулет
өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Күмбездің биіктігі  10 метр. Ол күйдірілген
қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары
көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Күмбездің сырты əр түрлі кірпіштерден
геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы
қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
Халық арасында Қорқыт қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан
қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты ел шежіресінде мəңгілік
өмір жыршысы, бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді.


Page 5

505
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Алаша хан туралы көптеген аңыздар бар. Қазақ аңыздарында Алаша хан түркі
тайпаларының басын қосқан хан ретінде танымал. Ғалым Шоқан Уəлихановтың
жазбаларында мынадай жолдар кездеседі. «Түркістанның Қызыл Арслан деген ханы
баласы алапес болып туылғандықтан, оны ұнатпай «Алаша» деген ат беріп, Сыр
бойынан Арқаға жер аударып жібереді. Бала өсіп ержеткен соң, оның қасына жігіттер
жиналып, елде беделі артады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, жұрт оны
қадірлеп хан көтереді».
Қозы-Көрпеш – Баян сұлу мазары
Қазақ даласында ғасырлар бойы айтылып келе
жатқан ең ескі аңыз-жырлардың бірі – Қозы-Көрпеш
– Баян сұлу. Олардың күмбезі Семей облысыңдағы
Аягөз өзенінің оң жағасында Таңсық ауылында
орналасқан. Бұл – VІ – VІІ ғасырлардағы көне түрік
заманынан қалған ескерткіш. Мазар шошақ күмбезді,
қалақ тастан төрт қырлы етіп салынған. Биіктігі – 12
метр. Ертеде оның жанында қолдарына қасиетті құты
(ыдыс) ұстаған 3 əйел адамның (Баян сұлу, апалары Ай
мен Таңсық) жəне бір ер адамның (Қозы-Көрпеш) тас
мүсіндері болған деседі.
Жырда Баян сұлу мен Қозы-Көрпештің махаббаты, бір-біріне деген
шын сүйіспеншілігі, аз уақыт қызық көріп, дүниеден ерте кеткендігі
Айша бибі мазары
Халық аңызы бойынша, Айша бибінің көркіне ақылы сай сұлу болған. Қарахан
елінің батыры Айшаға ғашық болады. Қыз да жігітті ұнатып жүреді. Тойға жақын
қалғанда шығыстан шапқан жауға батыр аттанып кетеді. Сол соғыстан қайтып келе
жатқан жігітті Айша күтіп алмақшы болып, қарсы шығады. Асы өзеніне келіп, Айша
бибі суға шомылмақшы болады. Судан шығып, киімін киіп жатқанда сəукеле ішіне кіріп
кеткен жылан қызды шағып алады. Өлер алдында батыр екеуі жолығып, некелеседі.
Батыр жігіт сүйген жары Айшаға арнап зəулім күмбез орнатыпты. Осы күмбез Тараз
қаласының маңында орналасқан.
жайында жəне ғашықтардың бақытты өмірлеріне кедергі болған опасыз Қодар туралы
жырланады. Аңыз бойынша, мазардың ішіне екі гүл өсіп, ортасына тікенек шығады
екен. Екі гүл – екі ғашық – Қозы мен Баян, ал тікенек – Қодар.


Page 6

506
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Ғимараттың сақталған жалғыз қабырғасының
өзін зерттеу барысында XI – XII ғасырларға
тəн құрылыстың ою-өрнектерінің əсемдігіне,
құрылысшылардың шеберлігіне таң қаларлықтай.
Ғимараттың төрт қабырғасы да əшекейлі
етіп оймышталған кірпіштермен бір-біріне
үшкілдеп, қиыстыра қаланған. Есік-терезелерінің
маңдайшалары шығыс үлгісінде текшелене өріліп,
шатыр арқалығымен байланыстырылған. Бұлардың
барлығы да өрнекті тақташалармен көмкерілген.
Айша бибі мазарындағы қолданылған ою-
өрнектер бүкіл қазақ даласына тəн құрылыстарды
безендірудің жиынтығы деуге де болады. Мазар
қабырғасының сырт бетіне қаланған төрт бұрышты
кірпіштерге ойылып салынған ою-өрнектер үлгі-
Бекет ата мешіті
Бекет ата 1650 жылы Жем өзені
бойындағы Ақмешіт деген жерде туылған.
Ол қасиетті дарынымен елден ерекше
болған. Тауды қашап жер асты мешітін сал-
ған. Ел арасында ақыл-парасатымен, иман-
дылығымен, əділдігімен «əулие» деген атқа ие
болған ірі тұлға. Маңғыстаудағы аса киелі жер
– Оғландыдағы Бекет атаның мешіті. Ел аузында
Бекет ата туралы аңыз, шежірелер өте көп. Бекет атын
ауызға алған адам қандай қиыншылықтан болса да жол
тауып шығатындай көрінеді. Ол салған мешіт қасиетті орын
ретінде қадірленіп сақталып келеді.
бітімі жағынан бірдей болғанмен, көлемінде ептеп
те болса ауытқу бар. Мұның өзі əрбір кірпіштің
қалыпта құйылмай, қолдан ойылғанын көрсетеді.
Бүгінде туған өлкеміздегі сəулет өнерінің інжу-
маржандарының бірі – Айша бибі мазарын қалпына
келтіру жұмыстары жүргізілді.


Page 7

507
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы
ретінде кеңінен танымал. Ислам дінінен басқа отыз үш дінді білгені жəне əулие кісі
болғаны жайлы халық арасында аңыз бар.
Арыстан баб кесенесінің ең көне бөлігі – қабірхана шамамен ХІІ ғасырда салынған.
XIV ғасырда мазар қайта қалпына келтірілген. Кесененің салынуы жайында мынадай
аңыз тараған.
Мəуереннахр билеушісі Əмір Темір Қожа Ахмет Иасауидің құрметіне кесене
тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп,
дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Кесене қабырғалары қайта тұрғызылып,
күмбездері қаланғанда əлгі оқиға тағы қайталанады. Осындай оқиғалардан кейін Əмір
Темірдің түсіне ақ киімді қария кіріп: «Алдымен Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы
– Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал», – дейді де ғайып болады. Ертеңінде
Əмір Темір Арыстан баб əулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді.
Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы
ойдағыдай аяқталады. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне Отырар
жерінде Арыстан баб кесенесі бой көтереді.
Кешен ХХ ғасырларда жергілікті халықтың қаражатымен қайта өңделген. Дəліз-
қақпа маңдайшасындағы мəрмəр тақтаға һижра бойынша 1327 жыл деп соңғы құрылыс
жүрген уақыты көрсетілген.
Кесене дəлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелер
мен қабірханаға бөлінген. Арыстан бабтың əулиелігін халық мойындаған. Сондықтан
бүгінгі күнге дейін бейсенбі сайын əулие басына түнеп, ғибадат етушілер кездеседі. Ел
арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.


Page 8

508
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Қарахан кесенесі
Cəулет өнерінің тамаша туындыларының бірі –
Қарахан кесенесі. Ол Тараз қаласындағы «Ежелгі
Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайында
орналасқан. Кесене Қарахан əулетінен шыққан
хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына
орнатылған.
Аңыз бойынша, Қарахан Айша деген қызға
ғашық болыпты. Бірақ жаугершілік заман екеуінің
қосылуына кедергі болған көрінеді. Ақыры,
екеуі қосылуға серттесіп, қыз Қараханның
ауылына қарай жол тартады. Жолда Айша бибі
суға шомылып шығып, киімін киіп жатқанда сəукеле ішіне кіріп кеткен жылан қызды
шағады. Қарахан есінен танып, əлсірей бастаған Айшаны молдаға апарып, некесін
қидырады. Айша бибі осы жерде батырдың қолында көз жұмады. Сөйтіп, Айша бибінің
қайтыс болған жеріне мазар тұрғызады. Қасынан Қарахан өзіне де мазар салғызады.
Қарахан есімі ел арасында беделді, əулие кісі ретінде танылған. Содан оның мазары
ел ішінде «Əулие ата күмбезі» аталған жəне шамамен ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ
ғасырдың басына дейін қазіргі Тараз қаласы Əулиеата атанған.
XI ғасырда салынған «Əулие ата күмбезі» ХХ ғасырдың басына дейін сақталған. 1906
жылы көне күмбездің орнына жаңа кесене тұрғызылды. Күмбездің ұшар басына оюлы
ағаш діңгек қойылып, бөлменің ішіне бесік тəрізді сағана орнатылған. Ғимараттың
солтүстік-шығыс бұрышынан төбесіне шығатын баспалдағы бар. Кіреберіс тепкішектің
үстінде төрт аласа шырақасты бағандары болған. 1979 жылы Қарахан кесенесіне жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Баб Ата күмбезі
Баб Ата күмбезі – қазақ даласындағы шежірелі жерлердің бірі. Баб Ата (Ысқақ баб)
Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы
құлаған көне мазарының орнына ХІХ ғасырда жаңа күмбез салынды. Күмбез күйдірілген
шаршы кірпіштен ортағасырлық үлгіде бой көтерген. Құрылыстың астыңғы негізгі
бөлмелері төртбұрышты.
Кесененің бас күмбезі биік етіп тұрғызылған. Шағындау екінші күмбез де осы
үлгіде қаланған. Баб Ата күмбезінде намаз оқитын үлкен бөлме, сағана, діни-рəсімдік,
т.б. бөлмелер бар. Бөлмелер сыланып, əктеліп, өрнектелген. Күмбездердің ішкі жағы
жазулармен көмкеріліп, өсімдік тектес өрнектермен безендірілген.


Page 9

509
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Жошы хан күмбезі
Қазақстан жерінде қайталанбас бітімді тарихи ескерткіштер өте көп. Соның ішінде
тарихи тағдырымен, сəулеттік-көркемдік бітімімен айрықша көз тартатындардың бірі –
Жошы хан күмбезі. Күмбез Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде,
Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Күмбез Алтын Орданың негiзiн салушы, қазақ
хандарының арғы атасы – Жошы ханға арнап салынған. Ертедегі қазақ аңыздарының
бірінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы құлан аулап жүріп, нөкерлерінен алысқа
ұзап кетеді. Осы кезде құландар үйірінің бір ақсақ құланы Жошыға тап береді. Ақсақ
құлан шабуылының тегеурінді болғаны сондай, Жошы хан атынан құлап, қаза табады.
Жошы хан күмбезіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде күмбездегі екі қабірдің
біреуіндегі адам сүйегінің оң қолы жоқ екендігі анықталған. Бұл «Жошыны аң аулап
жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» немесе «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ
болған» деген халық аңызына сəйкес келеді. Екінші қабір Жошының үлкен бəйбішесі
Бектумыштікі болса керек.
Күмбез шамамен 1228 жылы бой көтерген. Оның керегесі өрнектелген кірпіштермен
қапталған. Бірақ бүгінде ол өрнектелген кірпіштердің жекелеген сынықтары ғана
сақталған. Қос қабатты зəулім күмбезінің сыртқысы көркемдік үшін бедерлі кірпіштермен
əшекейленген. Күмбездің ішкі жағында Жошының қарамағында болған оғыз, арғын,
қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б. тайпалардың таңбалары салынған.


Page 10

510
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
ҚАЗІРГІ ҚАЛАЛЫҚ СƏУЛЕТ
ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Тəуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының,
əсіресе, Алматы жəне Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге
ұшырады. Ірі-ірі əкімшілік ғимараттары мен тұрғын үй кешендері, көптеген жаңа
ескерткіштер пайда болды.
Алматы қаласында тəуелсіздік жылдары салынған бес жұлдызды Президент
резиденциясы, «Анкара» (авторы – Бижан Туберг, Түркия) жəне «Рахат-Палас»,
«Астана» қонақ үйлері мен т.б. құрылыстар əсемдіктерімен көз тартады. Соңғы сəулеттік
үлгілермен банк, кеңсе, сауда кешендері, үйлер мен супермаркеттер бой көтеруде. Оның
ішінде Астана, Алматы қалаларында салынған «Рамстор» ғимараттарын атап өтуге
болады.
Əсіресе, сəулет өнерінің ең үздік жетістіктерін пайдаланып, Астана қаласында алуан
түрлі ғимараттар салынуда. Президент резиденциясы мен Министрлер Кабинетінің
əкімшілік ғимараты жəне Парламент Үйі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің
ғимараты, Қаржы министрлігінің кешені, «Самал» тұрғын үйлер ауданы, аэропорт, Есіл
өзені аймағындағы кешен, т.б. айтып өтуге болады. Соңғы кезеңдерде бұл аймақтарда
жаңа Үкімет үйі, «Сити-маркет» сауда орталықтары, Спорт сарайы, Ұлттық мұражай,
Еуразия университетінің ғимараттары салынды. «Бəйтерек» кешені мен Бейбітшілік
пен келісім сарайы əсемдігімен көз қызықтырады.
Алматы телемұнарасы
1975 – 84 жылдары Алматы қаласының
маңындағы теңіз деңгейінен 1000 метр биік
Көктөбе беткейіне Алматы телемұнарасы
тұрғызылған. Оның архитекторлары: Н.Г.
Терзиев, А.Н. Савченко; конструкторлары: Н.К.
Акимов, Б.В. Остроумов. Мұнараның биіктігі –
372 метр, онда екі жүрдек лифт жəне арнаулы
жүк көтергіш жұмыс істейді. 146 метр биіктігінде
қала көркін тамашалауға арналған алаң бар.
Мұнараға орнатылған антенналар арқылы 80
– 190 км қашықтыққа 5 арнада телехабар жəне
4 арнада радиохабар толқындары таратылады.
Алматы телемұнарасы – жер сілкіну қаупі жоғары
таулы ауданда бой көтерген бірегей кешен.


Page 11

511
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
«Бəйтерек»
Астана қаласындағы сəулет өнерінің бірегей туындысы
– «Бəйтерек» кешені. «Бəйтерек» кешенін жобалаушы
архитекторлар тобы – А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен
Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы – М.Вахштейн,
интерьер дизайншысы – А.Оспанов; ал құрылысын
«Имсталькон» ААҚ құрылыс компаниясы салған.
«Астана – Бəйтерек» құрылысы Елбасы Н.Назарбаевтың
нобайы негізінде өмірге келді. Құрылыс Есіл өзенінің
сол жағалауында орналасқан. Металдан, əйнектен
жəне темір бетоннан жымдаса өріліп, бой көтерген
зəулім «Бəйтеректің» биіктігі – 97 метр, диаметрі – 27
метр. Ұшар басында алтын шар (ол 76,9 метр биіктікте
орналасқан) ілініп тұрған биік ағаш түрінде пайда болған
жаңа алып құрылыс «Бəйтеректің» сəулетті сипаты жа-
ңа астананың ажарын аша түсті. Арнайы шынылармен
əйнектелген «Бəйтерек» күмбезінің салмағы – 70
тонна, ал алтын шардың үстіңгі ауданы – 1553 метр.
Осынау ғаламат шардың залынан Астана қаласының
көрінісін тамашалауға болады. «Бəйтерек» кешенінде
келушілердің демалып, төңірегін көруіне мүмкіндік
беретін дəмханасы да бар.
Астананың символына айналған «Бəйтерек» –
елорданың халық ең көп баратын жері.
Бейбітшілік пен келісім сарайы
Қазақстандағы сəулет өнерінің бірегей туындысы
– Астана қаласындағы «Бейбітшілік пен келісім
сарайы». Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай
2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды.
Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің
жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған
сарай өзара рухани түсінушіліктің əлемдік
орталығына айналды. Ғимарат пішіні пирамида
түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы
Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің
холлы тəрізді етіп салынған. Бейбітшілік пен келісім
сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы,


Page 12

512
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
ұлтаралық жəне дінаралық келісім орталығы, мұражай, 1,5 мың орындық опера залы,
қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере
отырып салынған.
Астана мұхитбағы
ТМД елдері ішіндегі алғашқы жəне жалғыз мұхитбақ Астана қаласында ашылды. Бұл
– мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта жатқан əлемдегі жалғыз океанариум.
Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхит суын əзірлеу үшін 120 тонна теңіз
тұзы пайдаланылған. Əлемнің əр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің
2000-нан аса данасы əкелінген. Мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құбырлар,
34 күшті сорғы, 6 құм сүзгілері, судың химиялық құрамы мен мөлдірлігін қамтамасыз
етіп тұратын су тазартқыш мұхитбақ мекендеушілерінің өмір сүруін қамтамасыз етіп
тұрады.
Мұхитбақ үлкен аквариумнан жəне əр түрлі көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме
бөлімінен тұрады. Океанариумның ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. Оның түбінде
жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік əйнек туннел бар. Əйнегінің қалыңдығы
– 7 см. Осы суасты туннелі арқылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қол созым
қашықтықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері –
акулалар, алып теңіз алабұғасы жəне басқа да үйірлі балықтарды көріп тамашалауға
болады.
Көрме бөлімдеріндегі аквариумдардан таңғажайып теңіз жануарлары мен
балықтарының жекелеген түрлерін кездестіресіз. Бірінші көрме бөлімінде Оңтүстік
Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы су қоймаларының балықтары
топтастырылған. Мысалға, бұл жерден нағыз жыртқыш пираниялар мен оның
шөпқоректі жуас туыстарын, теңіз жұлдыздарын, түрлі шаяндарды табуға болады.
Екінші көрме бөлімінде: теңіз аттары, теңіз инесі, сиыр балық, ит балық, түлкі балық,
актиниялар тəрізді маржан жартастарын мекен етушілер топтастырылған. Бұл жерден
қауіпті балықтар: кірпі балық, тас балық мурена, т.б. көре аласыз.


Page 13

513
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
ƏЙГІЛІ ЕСКЕРТКІШТЕР
Қазақстан тəуелсіздік алған уақыттан
бергі жылдарда салынған архитектор-
лық ескерткіштерді төрт топқа бөлуге
болады.
Алғашқы топқа ата-бабалар мен та-
рихи тұлғаларға арналған ескерткіш тер
жатады. Бұлар: Қорқыт ата мемориал ды
кешені (Қызылорда), Домалақ ана мұ-
нарасы (Оңтүстік Қазақстан облысы),
Бекет ата мешіті (Маңғыстау), Сарайшық
(Атырау облысы), Қарасай, Ағынтай
батыр кесенелері (Айыртау, Солтүстік
Қазақстан облысы).
Қазақ халқының тарихи тұлғалары-
на арналған ескерткіштер: Мұхаммед
Хай дар Дулат (Тараз), Əбілқайыр (Ақ-
төбе), Абылай хан (Алматы), Бейбарыс
сұлтан (Атырау), Шақшақ Жəнібек (Арқалық), Қаракерей Қабанбай (Астана), Əйтеке
би, Қазыбек би, Төле би (Астана), Ш.Уəлиханов (Кішкенекөл, Солтүстік Қазақстан
облысы), Абай, Шəкəрім (Семей), Абай (Астана).
Бұл ескерткіштердің пайда болуы ұлттың тарихи танымының жаңғырып, рухани
мұраларға деген ынтасының өскендігін байқатады. 2001 жылы 27 тамызда Алматы
қаласынан 35 км қашықтықта Алматы – Бішкек тас жолының бойынан қазақ халқының
жоңғарларға қарсы соғысына арналған мемориал ашылды. Бұл ескерткіш 300 жыл
бойы жоңғар басқыншылығына қарсы тұрып келген қазақ халқының ерлігі мен бірлігін
танытады.
Тəуелсіздік кезеңіндегі ескерткіштердің екінші тобы қазақ халқының белгілі
қайраткерлеріне арналған. Мұның қатарына А.Байтұрсынов (Қостанай), М.Жұмабаев
(Солтүстік Қазақстан), С.Торайғыров (Павлодар), Қажымұқан (Оңтүстік Қазақстан),
Қ.Сəтбаев (Алматы) ескерткіштері жатады.
Үшінші топ ескерткіштерін «қаһармандар» деп атауға болады. Олар: Б.Момышұлы
(Тараз), Мəншүк пен Əлия (Алматы), С.Нұрмағанбетов (Көкшетау) ескерткіштері.
Осы топтың қатарына Астана, Тараз, Шымкент қалаларындағы саяси қуғын-сүргін
құрбандарына арналған мемориалды кешендерді қосуға болады.
Ескерткіштердің төртінші тобы əдебиет жəне өнер қайраткерлеріне арналған.
Соңғы онжылдық ішінде Ж.Жабаевқа (Алматы), Н.Байғанинге (Ақтөбе), М.Əуезовке
(Шымкент), А.Пушкин мен Т.Шевченкоға (Алматы) ескерткіштер орнатылды.


Page 14

514
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Мемориал құрылыстaр
Белгілі бір халықтың, қалалардың тарихы мен
жеке тұлғалардың еңбегін есте қалдыруға арналып
салынған архитектуралық-мүсінді ескерткіштерді –
мемориал құрылыстaр дейді. Мемориал құрылыстар
Қазақстан аумағында өте көп. Мемориал құрылыстар
тарихы өте ертеден бастау алады. Мысалы: Қарағанды
облысындағы Бегазы мазары (б.з.б. XVІ – ХІ ғғ.),
Дəндібай мазары (б.з.б. ХІ – ІХ ғғ.), Қызылорда
облысындағы Баланды-2 кешені (б.з.б. ІV – ІІ ғғ.),
1975 жылы Алматы қаласындағы 28
панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы
орнатылды. Бұл ескерткіш-кешен 1941 жылы
16 қарашада Мəскеу түбінде Дубосеково
разъезіндегі Алматыда жасақталған генерал-
майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар
дивизиясының (1075-атқыштар полкі 4-ротасы
2-взводының) 28 жауынгерінің ерлігін мəңгі
есте қалдыру үшін орнатылған. Сəулетшілері
– Т.Бəсенов, Г.Сейдалин, В.Н. Ким жəне
мүсіншілері – В.В. Андрющенко, Р.Е. Артимович.
Ескерткіш-кешеннің төр жағында жауға қарсы
«Даңқ» мемориалы
Абат-Байтақ кешені (ХІV – ХV ғғ.),
28 панфиловтер
Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ кешені (ХІV – ХV ғғ.), Атырау облысындағы Жұбан
күмбезі (ХІХ – ХХ ғғ.) жəне т.б. кешендерді айтуға болады. Қазақстанның батыс
облыстарында мемориал құрылыстар құлпытас, қойтас, сандықтас, үштас, қошқар
бейнелі тас т.б. тұрады. Мемориал құрылыстар тас қорымдар түрінде де (сағана тамдар)
кездеседі. Соңғы кезеңде Қазақстанда ірі-ірі мемориал құрылыстар салынды. Олар
белгілі тарихи оқиғаларға, («Ерлік даңқы» мемориалы, 1970, мүсінші – Н.Соболев;
архитекторы – Т. Жəнібеков, Ақтөбе қаласы), еңбек жолындағы адамдарға («Шахтер
даңқы» монументі, 1978, мүсінші – А.П. Билык, архитекторы – А.Мальков, Қарағанды
қаласы) т.б. орнатылды.
ұмтылған панфиловшы жауынгерлер мүсіні орнатылып, алдындағы алаңға мəңгілік
алау жағылған. Оның екі қапталындағы ұзын гранит қабырғада «Отанымыздың
бостандығы мен тəуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мəңгі
арта берсін» деген жазу қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған. Ал екі босағасында 1917


Page 15

515
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
– 1920 жылдардағы Азамат соғысына қатысушыларға арналған «Ант» жəне 1941 – 1945
жылғы соғысқа қатысушыларға арналған «Даңқ кернейшісі» деп аталатын мүсіндік
топтама бар. Мемориалға кіреберісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың
қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған.
Абай ескерткіші
1960 жылы Алматыда Абай Құнанбайұлына қоладан құйылған
ескерткіш қойылды (мүсінші – Х.Е. Наурызбаев, архитектор
– И.И.Белоцерковский). Ескерткіштің жалпы биіктігі – 13,7 м.
Трапеция пішімді тұғыры қызыл граниттен қаланған. Сол қолында
қолтығына қыса ұстаған кітап, оң қолы желбегей жамылған
шапанының шалғайында, ақынның терең ой үстінде келе жатқан
сəті бейнеленген. Абай ескерткіші – жеке адамға қойылған алғашқы
көлемді ескерткіш. Осы алаңға кейін салынған Республика Сарайы,
«Арман» кинотеатры, «Қазақстан» қонақ үйін жобалаған сəулетшілер
де Абай ескерткішінің тасаланып қалмауын көздеді. Нəтижесінде,
қазір бұл алаң тек Абай ескерткіші емес, тұтас архитекторлық
ансамбльдің көрнекті үлгісі болып тұр. Алматыдан кейін Абай
ескерткіші 1968 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Абай
кеңшарында (мүсінші – П.Е. Куценко), 1971 жылы Семей облысы
(қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай поселкесінде (мүсінші –
В.Ю. Рахманов) жəне 1977 жылы Семей қаласында (мүсінші – Д.Г.
Элбакидзе) тұрғызылды.
Мұхтар Əуезов ескерткіші
Ұлы жазушы М.Əуезовке қойылған алғашқы ескерткіш
1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақ академиялық опера
жəне балет театры жанындағы алаңға қойылды (мүсінші –
Т.Досмағамбетов, архитектор – М.Меңдіқұлов). Шойыннан
құйылған ескерткіш-мүсіннің тұғыры баспалдақ түрінде
жасалған. Биіктігі – 6 м.
Екінші ескерткіш 1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ
академиялық драма театры алдына орнатылды (мүсінші –
Е.Сергебаев, архитектор – О.Баймырзаев, М.Жақсылықов
жəне А.Қайнарбаев). Оған 1982 жылы Қазақстанның


Page 16

516
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қара сұр граниттен
қаланған. Биіктігі – 6,8 м. Жазушы терең ой құшағында бейнеленген, оң қолында кітабы,
желбегей жамылған шапаны бар. Ескерткіш театр ғимаратымен əсем үйлесім тапқан.
1987 жылы ұлы жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңда Семей қаласында Ертіс
өзенінің бойына тағы бір ескерткіш тұрғызылды. Қоладан жасалған мүсін ескерткіштің
биіктігі – 5 м (мүсінші – Т.Досмағамбетов, архитекторы – А. Қайнарбаев).
Кенесары хан ескерткіші
Астана қаласында Есіл өзенінің жағасына 2001 жылы
Кенесары ханға ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған
ескерткіштің биіктігі – 7 метр. Граниттен қойылған тұғырының
биіктігі – 8 метр. Айналасындағы басқа ғимараттармен жақсы
үйлесім тапқан. Мүсіншісі – Н.Далбай, архитекторы – Шота
Уəлиханов.
Жамбыл Жабаев ескерткіштері
Тараз қаласында Жамбыл Жабаев атындағы алаңда
1961 жылы Жамбыл ескерткіші орнатылған. Ақын
ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған
күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған
шойын қоспасынан құйылып, қола жалатылған.
Тұғыры төрт бұрышты биік етіп жасалып, қызғылт
гранит тақталармен қапталған. Мүсіннің биіктігі
– 5 метр. Сəулетшісі – В.Сощенко, мүсінші –
Х.Наурызбаев.
Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен Достық
даңғылы қиылысында Жамбылға арналған тағы да
бір белгілі ескерткіш орналасқан. Бұл ескерткіш
1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығын
əлемдік деңгейде атап өту қарсаңында орнатылған.
Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында қолына домбыра
ұстап отырған ақын тұлғасын бейнелейді. Қоладан
құйылған мүсіннің биіктігі – 3 м, тұғырының биіктігі
– 1 метр. Мүсіншісі – Б.Əбішев, сəулетшілері –
С.Баймағамбетов, С.Фазылов, Т.Ерғалиев.


Page 17

517
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Əліби Жангелдин ескерткіші
1975 жылы Алматы – 1 темір жол вокзалы алаңында белгілі мемлекет қайраткері Əліби
Жангелдинге ескерткіш-мүсін орнатылған. Мүсін қоладан құйылып, өрнекті белдікпен
жиектелген мəрмəр тұғырға орнатылған. Жалпы биіктігі – 11 метр. Мүсіншілері –
Т.Досмағамбетов пен О.Г. Прокопьева, сəулетшісі – Шота Уəлиханов. Өзі орналасқан
алаңның келбетіне жарасымды, вокзал үйімен үйлесім тапқан.
Бауыржан Момышұлы ескерткіші
Қазақстандағы əйгілі ескерткіштердің бірі –
Тараз қаласының орталығында, Жамбыл облыстық
Қазақ драма театрының алдына қойылған Бауыржан
Момышұлы ескерткіші. Халық батыры Бауыржан
Момышұлының батыл кейпін сомдаған бұл ескерт-
кіш айрықша тартымды етіп жасалған. Ескерткіш
2000 жылы орнатылған. Мүсіні қоладан құйылып,
тұғы ры граниттен қойылған, оның етегіндегі
бас палдақ тар жалтыратылған қызыл граниттен
жасалған. Мүсіннің биіктігі – 4,6 метр, тұғыры –
3,3 метр. Тұғырдың бетіндегі гранит тақташаға
батырдың «Жұлдызы» салынып, «Бауыржан
Момышұлы» деп жазылған. Мүсіншілері –
Д.Əлдеков, Н.Рүстемов, сəулетшілері – С.Дембай,
Н.Баекеев.
«Тəуелсіздік» монументі
ХХ ғасырдың аяғындағы қазақ елінің егемендігі мен тəуелсіздігінің айғағы саналатын
«Тəуелсіздік» монументінің орны айрықша. Ол Республика алаңында орналасқан.
«Тəуелсіздік» монументі еліміздің тəуелсіздігіне 5 жыл, Желтоқсан оқиғасына 10 жыл
толуына орай 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды. «Тəуелсіздік» монументінде қазақ
халқының ежелгі тарихы мен қазіргі кезеңі тұтас қамтылған. Монумент Қазақстандағы
ғана емес, əлемдегі көрнекті ескерткіштердің бірі болып саналады.
Ескерткіштің архитекторы – Ш.Уəлиханов, мүсіншілері – Н.Далбай, Ə.Жұмабаев,
сəулетшілері – Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы – С.П. Каламкаров.
Ескерткіштің діңгегі тастан құралып, оның биіктігі 28 метрге жетеді. Оның үстіңгі
жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол


Page 18

518
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
қолында садағы, белінде қанжары мен жебелері бар қорамсақ
асынып алған дулығалы жас сарбаздың тұлғасы бейнеленген.
Оның биіктігі 6 метр, ал салмағы 4 тонна болады.
«Тəуелсіздік» монументінің екі жағын айнала қазақ халқының
сонау сақтар дəуірінен тəуелсіздіктің жариялануына дейінгі
тарихи кезеңдерін көрсететін бейнелер жасалынған. Діңгектің
төрт жағында төрт мүсіндік бейне: дала данасы – ақылгөй абыз ата
мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана жəне олардың
алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың
бейнесі орналасқан. «Тəуелсіздік» монументі ұлттық сəулет өнері
тарихында ерекше орын алады.
АТАҚТЫ СƏУЛЕТШІЛЕР
МЕН МҮСІНШІЛЕР
Шота Уəлиханов
Уəлиханов Шота Ыдырысұлы – Қазақстанның
еңбегі сіңген архитекторы, Қазақстанның құрметті
сəулетшісі, профессор. Ол 1932 жылы қазіргі Ақмола
облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауданында
туылған. 1956 жылы Мəскеудегі архитектура
институтын бітірген. Шота Уəлиханов басқа
архитекторлар жəне мүсіншілермен бірге бірнеше
ірі ғимараттардың, 20-дан астам монумент пен
ескерткіштердің авторы болып табылады. Солардың
ішінде Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы,
«Универсам» дүкені, «Казгипрозем» институтының
ғимараттары жəне Абай, Ш.Уəлиханов, Ə.Жангелдин,
Ғ.Мұратбаев, «Тəуелсіздік» монументі, т.б.
ескерткіштер бар.
Ол – Қазақстанның архитектурасы туралы
көптеген іргелі еңбектердің де авторы.


Page 19

519
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Малбағар Меңдіқұлов
Малбағар Меңдіқұлов (1909 – 1986) – қазақ халқынан
шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның
еңбек сіңірген сəулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас
архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген. Ташкенттегі
Ортаазиялық индустриалды институттың архитектура
факультетін бітіріп, сонда еңбек жолын бастаған. 1941
жылы Ташкент қаласының бас архитекторы қызметін
атқарған. Навои даңғылын жəне Ташкент каналын салған.
Малбағар Меңдіқұлов – Алматы қаласындағы «Неке
сарайы», Ж. Жабаевтың, М. Əуезовтың ескерткіштері мен
тағы басқа ғимараттардың авторы. Қазақ архитектурасын
өркендету, зерттеу саласында 70-тен астам ғылыми еңбек,
4 монография, «Қазақ архитектурасының тарихы» деген
екі томдық кітап жазған.
Хакімжан Наурызбаев
Хакімжан Есімханұлы (1925) – Қазақстанның
тұңғыш кəсіби мүсіншісі, халық суретшісі. Ол Қостанай
облысында дүниеге келген. Харьковтағы көркемөнер
институтын бітірді. Алматы қаласындағы көркемсурет
училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін
ұйымдастырып, сонда сабақ береді.
Хакімжан – бірнеше мүсіндік портреттердің авторы.
Алматыдағы «Абай» (қола, 1960 ж.), «Шоқан» (қола,
1969 ж.), Тараз қаласындағы «Жамбыл» (шойын, 1963
ж.), «Салт атты Жамбыл» (қола, 1958 ж.) жəне тағы
басқа монументті ескерткіштердегі бейнелерді шынайы
суреттеді.
Гипс пен мəрмəрден жасалған кейіпкерлерінің
жан дүниесін терең əрі жан-жақты аша білді. X.
Наурызбаевтың еңбектері Қазақстанның көркем-сурет
галереясында сақтаулы.


Page 20

520
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Төлеген Досмағамбетов
Досмағамбетов Төлеген Сəбитұлы – мүсінші,
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы
Уəлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге
келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959),
Ленинград кескіндеме, мүсін жəне архитектура
институтын бітірген (1965).
Т.Досмағамбетов – мүсіндік портреттер
мен көптеген ескерткіштердің авторы (басқа
да мүсіншілермен бірге). Олар: М.Əуезов
(Алматы, Семей), Ш.Уəлиханов (Көкшетау),
Ғ.Мұратбаев (Алматы), Д.Қонаев (Алматы),
Қ.Сəтбаев (Алматы), А.Байтұрсынов (Қостанай),
І.Жансүгіров (Талдықорған), т.б. Ə.Жангелдиннің
ескерткіші үшін 1976 жылы Қазақстанның
Мемлекеттік сыйлығын алған.
Сергебаев Ескен Аманжолұлы – мүсінші,
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол
1940 жылы Алматыда туылған. 1969 жылы қазіргі
Санкт-Петербург қаласындағы кескіндеме, мүсін
жəне архитектура институтын бітірген.
Е.Сергебаев мүсін өнерінің қондырғылы,
монументті, монументті-безендіру салаларымен
айналысады. Ол – Абай (ағаш), М.Əуезов (мыс),
əл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан облысы, мыс)
мүсіндерінің авторы. Сондай-ақ Н.Байғаниннің
(Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, бетон),
І.Жансүгіровтың (бұрынғы Жансүгіров ауылы,
қола) М.Əуезовтың (Алматы, қола мен гранит) т.б.
ескерткіштерін жасаған. М.Əуезовтың ескерткіші
үшін 1982 жылы Қазақстанның Мемлекеттік
сыйлығын алған.
Ескен Сергебаев


Page 21

521
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
МҰРАЖАЙЛАР
Ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап,
жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық
жəне рухани жəдігерлерді танытуда, зерттеп, оның нəтижелерін насихаттауда маңызды
рөл атқарады.
Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы,
жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық
мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жəдігерлерді жинау, есепке алу, сақтау, қайта
қалпына келтіру, зерттеу нəтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады.
Қазақстанда – Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Ə.Қастеев атындағы
Республикалық өнер мұражайы (1935), Президенттік мəдени орталық (2000),
Мемлекеттік алтын жəне асыл металдар мұражайы (1994), Қазақстан ҒА Археология
мұражайы (1973), Ұлттық валюта мұражайы (1993), Кітап мұражайы (1978), Ықылас
атындағы Республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), «Əуезов үйі» ғылыми
орталық мұражайы (1962), т.б. мұражайлар жұмыс атқарады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Орталық мұражайы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Орталық мұражайы
– Орта Азиядағы ең ірі де көне
мұражайлардың бірі. Ол 1925
жылы Қазақ өлкелік Орталық
мұражайы болып құрылды.
1929 жылы Алматы қаласына
көшіріліп, Жетісу губерниялық
мұражайымен біріктірілді. 1944
жылдан ол қазіргі атымен атала
бастады. Алматы қаласындағы
мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі
дəуірінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам
жəдігерлік бұйым жинақталған.
Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін жəдігерлер – ежелгі обалар мен
көмбелерден табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мəнері бағзы дəуірдегі
бабаларымыздың мəдени жетістіктерін көрсетеді.


Page 22

522
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Мұражайда Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұтынған
алуан түрлі бұйымдарының жиынтығы бар. Археология қорында Қазақстанның көне
қалаларының материалдық мəдениетінен мəлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің
қару-жарақтары, Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан
жерінен табылған көне түріктерге қатысты тас мүсіндер, балбалдар, ескерткіштер,
бітік тастар жиынтығы да мұражай қорында сақтаулы. Мұражайда Қазақстанның əр
өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мəдениетінің ескерткіштері, түрлі
шаруашылық жəне тұрмыстық бұйымдары, əшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-
аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған.
Мұражай қоры жыл сайын жаңа бұйымдармен толықтырылып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенттік мəдениет орталығы
Астана қаласындағы ғылыми жəне мəдени-ағарту мекемелерінің бірі – Президенттік
мəдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 24 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақ-
стан халықтарының тарихи-мəдени жəдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік
мəдениет жəне өнер жауһарларымен жүйелі түрде таныстырып отыруды мақсат тұтады.
Онда тарихи мұражай, көпшілік кітапхана мен концерт залы орналасқан.
Мұражайлар ғимараттың бес қабатына бөлінген. 1-ші қабатында «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен символикасы», «Қазіргі Қазақстанның
саяси-қоғамдық өмірі» жəне Этнография залы орналасса, 2-ші қабатында Археология
галереясы, «Ежелгі Қазақстанның көшпенділер мəдениеті» мен «Алтын жəне асыл
металл бұйымдар» залы, ал 3-ші қабатында Тарих галереясы, 4-ші қабатында «Егемен
Қазақстан», 5-ші қабатында Бейнелеу өнері галереясы орын тепкен. Мұражай тарих
пен мəдениет ескерткіштерін жинап, сақтау жұмыстарын жүргізеді.
Дүние жүзі елдерінің 40 тіліндегі 700 мың кітап қоры жинақталған орталық
кітапханасы республикадағы ең бай кітапханалардың бірі болып саналады.
Археология мұражайы
Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық
қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап,
зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973
жылы Тарих, археология жəне этнография институтының
жанынан ашылған. Мұражайдың негізгі мақсаты –
Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының ежелгі дəуірінен
бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму
жолын заттай деректер арқылы көрсету. Мұражайда


Page 23

523
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жəне кездейсоқ табылған көптеген
ескерткіштер сақталған.
Мұражай бұйымдары үлкен төрт бөлімге бөлінген. Олар өз ішінде кезеңдер мен
аудандарға жіктеледі. Көрменің бірінші бөлімі «Алғашқы қауымдық қоғам мен
оның ыдырауы» тақырыбына арналған. Мұнда Қазақстан аумағында тас дəуірінде
пайдаланылған тастан жасалған құралдар мен қарулар, сəндік бұйымдар қойылған.
Қола дəуірінің ескерткіштеріне арналған екінші бөлімде Андрон мəдениетінің, Беғазы-
Дəндібай мəдениетінің бұйымдары қойылған. Мұражайдың келесі бөлімі ерте темір
ғасырына (б.з.б. VІІІ ғасыр – б.з. V ғасыры) арналған. Бұл бөлімнен қаруларды, ат
əбзелдерін, сүйектен жасалған бұйымдар мен қоладан құйылған аңдардың бейнелерін,
т.б. құнды ескерткіштерді көруге болады. Орта ғасырлардағы алуан түрлі ескерткіштер
мұражайдың төртінші бөліміне жинақталған. Бұл бөлімнен қазақ жеріндегі
ортағасырлық қалалардың орындарына жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде
табылған көптеген бұйымдарды тамашалауға болады.
Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы
Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы – Абайдың əдеби мұрасын сақтап,
насихаттауға арналған тарихи-мəдени мекеме. Ол Семей қаласында орналасқан. Абай
жақын ағайындарын жұмылдырып, 1892 жылы Əнияр Қожабайұлы Молдабаевқа
қаладан үй сатып əперген. Сол үй Абай, Шəкəрім, Көкбай, Ақылбай, Əбдірахман,
Тұрағұл, Мағауия, Кəкітай т.б. қалаға келгенде қонатын үйіне айналған. Комиссар
көшесіндегі № 116 үйде кейін де ел зиялылары, алаш азаматтары бас қосып, жиын
өткізетін болған. Əнияр Молдабаевтың екі қабатты осы үйі 1940 жылы сəуірде Абайдың
туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайына
айналдырылды. Мұражай қорында 13 мыңға жуық (оның ішінде 7500-і негізгі қор
саналады) құнды жəдігерлер қойылған. Абайдың өзі 1885 жылы Семейдегі тарихи-
өлкетану мұражайы қорына тапсырған байырғы ұлттық бұйымдар, ақын шығармалары,
алғашқы кітаптары, Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері,
Абайдың əдеби мектебінің аса ірі өкілдерінің шығармалары, сондай-ақ абайтанушы
ғалым-зерттеушілердің бірегей еңбектері сақтаулы тұр.


Page 24

524
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. Ата-бабамыз «Өнер алды – қызыл
тіл» деп ұққан. Шешендердің өсиет сөздерін, ақындардың ақыл-нақылға толы толғау,
термелерін ғасырлар бойы жадында сақтап келген. Жігін тауып сөйлей білудің, ойды
жеткізе білудің өзі шеберлікті, шешендікті, ойлылықты, ақыл-парасатты қажет етеді.
Ал ол үшін үздіксіз жаттығу, ынта-жігер, талап керек.
Сөзшең, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен.
Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар қойған. Екі елдің дау-шарларын
сөз тапқыш ақылды адамдарға жүгініп шешкізетін болған. Сөз тауып айтқан адамды
қара демей, хан демей, үлкен-кішісіне қарамай қастерлеген, қолдап көтермелеген.
«Əнет баба, Əйтеке, Төле би, Қазыбек, Сырым т.б. айтыпты» дейтін ақыл-
нақылға толы шешендік сөздер, біріншіден, халықтың өткендегі данышпан ұлдарын
дəріптеу болса, екіншіден, көркем сөз асылдары арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсету
көзделген.
Ақындық пен шешендік – егіз өнер. Əдетте, қазақтың ақыны – шешен, шешені – ақын.
Мəселен, қазақ əдебиетінің майталмандары: Бұқар Қалқаманұлы, Абай Құнанбайұлы
жəне Махамбет Өтемісұлы əрі ақын, əрі шешен болған. Он үш жасында билік айтып,
көзге түскен Мөңке би; он төрт жасында қазақ пен қалмақ елінің дауын шешіп, жоңғар
қонтажысын соғыссыз бітімге келтірген Қазыбек – нағыз халық даналары.
Билердің шешендік сөз өнері өз алдына бір үлкен тəрбие мектебі саналған болса,
ақындардың өлеңмен айтысы – шешендіктің, тапқырлықтың екінші жетілген түрі.
«Ақын» атағын алу үшін ол өзінің ақындық күшін көп алдында таныту керек. Көшпелі
қазақ тұрмысында ақынға «ақын» атағын əперетін ең басты мəре, «байқау» – айтыс
болған.
МАЙҚЫ БИ
Майқы би – қазақтың алғашқы биі. Ол – ұлттық шешендік өнеріміздің атасы. Қазақтың
аңыз-əңгімелері бойынша, Майқы əділ бітім айтып, шешім шығарған парасатты, ақылды
би болған. Майқы халқына адал болған жəне бейбіт өмірді жақтаған. «Түгел сөздің түбі
– бір, түп атасы – Майқы би» деген халық даналығы осыдан шыққан. Шыңғыстауда
(Семей облысының Абай ауданы) Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан сайлағанда
Майқы би батасын берген.
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады.
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады.
Масылдан малбақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады.


Page 25

525
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады.
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады.
Қыдырмадан кезбе туады.
Майқы дау-дамайды əділ шешкен, ел ісіне араласқан би ғана емес, қазақтың шешендік
сөз өнерін бастаған жырау болған. «Майқы би айтыпты» деген мəйекті сөз, мақал-мəтел,
нақылдар да мол сақталып қалған.
Дауыл болмай, жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан əділ болса,
Халық ынтымақты болады.
Əнет баба
Əнет баба (1628 – 1723) – «Жеті жарғыны»
құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Жас
кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен
бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына,
шариғат ережелеріне жүйрік болған. Əділдігімен,
діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман-Мамыр дауы
кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын
деген билік айтады. Бірақ оған мəмбетбай руының
басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды
атып өлтіріп, «енді тентегіңді сен де өлтір» деген
ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына
амалсыз көнген Əнет баба «Қалқаман жүйрік атпен


Page 26

526
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман
аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан
шұбырындыға» ұшыраған кезде Əнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған
батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді.
Жиренше шешен
Жиренше шешен (т.-ө.ж.б.) – Қазақ хандығын құрған
Жəнібек хан (ХV – ХVІ ғғ.) тұсында өмір сүрген атақты
шешен. Жиренше шешеннің есімі ақыл, парасаттың үлгісі
ретінде қазақ ауыз əдебиетінен берік орын алған. Халық
аңыздары бойынша Жиренше шешен кедей адам болған.
Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен,
оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының
атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында
сақталған аңыз-əңгімелер мен шешендік сөздер көп.
Олардың көпшілігі ХV – ХVІ ғасырлардан басталатын
халық шығармасына немесе əлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен
өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның əйелі
Қарашаш та ақылды əрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар
фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, əңгімелер кездеседі. Мысалы,
қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түркіменде ақылды
да тапқыр, əділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы əңгімелерді,
негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жəнібек ханның уəзірі, ақылшысы,
досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-
парасатымен өзін мойындата білген əділ адам ретінде суреттеледі, үшіншісінде оның
өз əйелі Қарашашпен т.б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы
көрсетіледі.
Сырым Датұлы
Сырым Датұлы – қолбасшы, батыр, би, шешен, 1783 –
97 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына
қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Ол 1723
қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой
ауылында дүниеге келіп, 1802 жылы Хиуа қаласында
қайтыс болған. Сырым бала күнінен ақылымен, сөзге
шешендігімен, əділдігімен ел аузына іліккен. Сол се-
бептен ел оны «Бала би» немесе «Байбақтының бала биі»


Page 27

527
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
(тегі – он екі ата байұлына жататын байбақты руынан) атандырған. Жасы ұлғайған
кезінде отаршылардың озбыр саясатына, хан, сұлтандардың дəрменсіз халіне ашынған
Сырым батыр жайылымынан, жерінен айрылып, патша əкімшілігінің езіп-жаншуынан,
тонауынан əбден титықтаған халықтың наразылығына үн қосып қару алып, қалыптасқан
саяси жүйеге қарсы шығады. Бұл – халықтың қалың бұқарасын, əр алуан əлеуметтік
топтарды қамтыған, Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық
көтеріліс еді. Қуғын көрген Сырым 1797 жылы Хиуа хандығына өтіп кетіп, белгісіз
себептермен 1802 жылы сонда дүние салған.
ЖЫРАУЛЫҚ ӨНЕР
Кең далаға көшіп-қонған көшпелі қазақтар атқан таң мен батқан күнді қызықтап,
табиғат ұлылығын батырлардың ерлігімен салыстырып жырлаған. Осындай өнер
адамдарын жырау деп атаған. Жырау «жыр» сөзінен шыққан, яғни өлең дегенді
білдіреді.
Жыраулық поэзия – XV – XVIII ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Жыраулар
шығармаларында ел өміріндегі елеулі оқиғалар (жорықтар, соғыстар), қоғамның ащы
шындығы, халықтың əдет-ғұрпы, салт-санасы бейнелі тілмен келісті көрініс тапқан.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан жырлар туған еліне, жеріне деген шынайы
сүйіспеншіліктен туған. Жыраулар халықтың рухани көсемі болып, қоғамдық пікір
қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарған. Олардың пікірімен хандар жəне басқа да
ел билеушілері санасып отырған.
Асан Қайғы
Асан Қайғы – қазақтың ақын-жырауы,
философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында
Еділ бойында өмір сүрген. Жəнібек ханның
кеңесшісі болған. Асанның шын есімі – Хасан
Сəбитұлы.
Тарихи Асан Қайғы Алтын Орда ханы Ұлық
Мұхаммедтің санаткер шенеуніктерінің һəм жа-
қын серіктерінің бірі болған. XV ғасырдың жи-
ырмасыншы жылдарында Ұлық Мұхаммед
Алтын Ордадан қуылады, бірақ Асан əміршісіне
адалдығын сақтайды. Кейінгі жылдары Қазанда
билік еткен Ұлық Мұхаммедтің оң тізесін басқан
кеңесшісі болады, содан Дешті Қыпшаққа тек
қамқоршысы көз жұмғаннан кейін ғана қайтып
оралады.


Page 28

528
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Асан Қайғы жүз жылдан астам өмір сүреді. Сөйтіп, қартайған шағында, 1450 жылдарда
Əбілхайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жəнібек сұлтандарды жақтайды. 1456
жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа хандықтың ұраншысына
айналады...
Асан Қайғыны жұрт махаббат жайлы жазған өлеңдері үшін ғана емес, қарапайым
елдің бақыт туралы арманын тамаша суреттей алғандығы үшін де құрметтеген. Асан
Қайғы жер жаннаты – Жерұйықты іздегені туралы да көп жырлаған. Ол үшін Жерұйық
– құнарлы жайылымдары, суы толық өзендері бар, аң мен құсы мол, халқы мұң мен
мұқтаждықты білмей өмір сүретін жұмақ жер еді.
Асан Қайғы туған жерінің, елінің болашағы жайлы көп ойлаған. Ақынның айтқан
сөздері мен толғаулары үнемі орындалып отырған. Маңғыстауға келген кезде ол «Кім
мал баққысы келсе, бұдан артық жер таппайды!» десе, Ертіс өзені туралы «Суы тұнық
əрі таза, жағасы шүйгін шөпке, өзені балыққа толы бұл жерде кедейдің өзі қайдан азық
табамын деп қиналмайды» депті.
Ұлы жырау поэзиясында адам туған жерін қалай құрметтесе, ар-ұят, адамгершілік пен
адалдық сияқты қасиеттерді де дəл солай бағалау керектігі жайлы ойлар айтылады.
Сыпыра жырау
Сыпыра жырау – ноғай, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарларына ортақ əдеби тұлға.
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан тұсында, яғни ХІV ғасырда жасаған. Маңғыстау мен
Жайық бойын, Сарайшық қаласын мекендеген. Ол – Еділден Донға дейінгі кең даланы,
Арал теңізі мен Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен жайлаған қыпшақтар
мен ноғай-қазақ ұлыстарының аты аңызға айналған перзенті.
Сыпыра жыраудың аты халық аңызына айналған. Оның бізге жеткен шығармалары
көп емес. Олардың кейбірі эпостық жырлардың ішінде белгілі бір адамға ақыл ретінде
беріліп, ел-жұртының мұңы қозғалады.
Қазақ аңыздары мен батырлар жырында Сыпыра жырау ел бірлігін
көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жас жасаған,
көпті көрген тəжірибелі қарт кейпінде көрінеді.
«Ер Тарғын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры»
жырларында да жырау есімі аталатыны белгілі. Ноғай-қазақ
дəуіріне жататын көркем туындының бірі – «Тоқтамыс
жыры». Бұл жырда Тоқтамыс Сыпыра жырауды
алдырып, оның ақыл-кеңесін тыңдағаны айтылады.


Page 29

529
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Қазтуған
Қазтуған – қазақтың атақты жыршысы, 1420 жылы Есіл жағалауының маңында
дүниеге келген. Ол – тек жорық жырауы ғана емес, батыр қолбасшы да болған.
Өлеңдерінде халқының өмірін жəне олардың жорықтағы ерліктерін жырлаған.
Қазтуғанның көптеген шығармалары бар. Бізге жеткені тек солардың біраз ғана бөлігі:
«Бұдырайған екі шекелі...», «Белгілі биік көк сеңгір», «Алаң да алаң, алаң жұрт». Ақын
Қазтуғанның шығармаларының барлығы туған жеріне
деген сүйіспеншіліктен туған.
көшпенділердің Еділмен қайғырып қоштасқаны (ертеде
қазақтар Волга өзенін солай атаған), Шу өзені бойына
келіп қоныстанғаны жайлы тамаша жырлаған. Ол өз
өлкесінің байлығы мен əдемілігін тамаша əрі көркем
суреттей білген:
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған...
Шалкиіз Тіленшіұлы
Шалкиіз Тіленшіұлы – қазақтың ортағасырлық жыраулық поэзиясының аса көрнекті
өкілдерінің бірі. Шамамен 1465 – 1560 жылдары өмір сүрген ол Батыс Қазақстан жерінде
дүниеге келген. Шалкиіздің шығармаларына Қазтуған, Асан Қайғы жəне Қодан Тайшы
ақындардың жырлары үлкен əсер еткен.
Шалкиіз əскери ақсүйектер отбасынан шыққан. Өмірінің жарқын
жылдары Темір бидің сарайында өткен. Оның кеңесшісі бола жүріп, өз
халқына бидің əділдігі мен ақылгөйлігін көрсете білген. Жырау көп ел
аралап, Қырым, Солтүстік Кавказ, Дон өзені бойында болған.
Шалкиіз – ұлы жыршы. Бізге жыраудың 600-ден аса өлең шумақта-
ры жеткен. Белгілі өлеңдерінің бірі «Ер Шобан» туралы дастанында
ақын батырдың ерлік істерін жырлайды. Шалкиіздің
шығармалары адамға рухани күш беріп,
даналық сөздері мақал мен мəтелге
айналған. Ол «Дүниеге бекер келмедім
десең, өмірде артыңда жақсы бір іс
қалдырғаның дұрыс» деген өсиет
қалдырған.


Page 30

530
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Өз халқының нағыз ұлы Шалкиіз жырау өз шығармаларында адамгершілікті,
махаббат пен қайырымдылықты, өз туысына деген жанашырлық жəне Отанды сүю
туралы толғанысын халқына жеткізе білген.
Доспамбет жырау
Доспамбет жырау – қазақтың белгілі
ақыны əрі қолбасшысы. XV ғасырдың
90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі
Ростов облысында) дүниеге келген. Ол
Кіші Ноғай ордасының əскери шонжарлар
отбасынан шыққан. Доспамбет Бақшасарай
мен Стамбұл қалаларында болып, жақсы
білім алған. Отыз жылдай ғана өмір сүрген
ақын ұрпақтарына өзінің құнды поэтикалық
шығармаларын қалдырған. Оның өлеңдерінде
жауынгерлердің жорықтары мен ерліктері
жырланған. Батырларға тəн ар-ождан мен
Бұқар жырау
намыс үшін күрескен жауынгерлерді керемет суреттей білген.
Доспамбет жыраудың толғау түрінде жазылған бірнеше шығармасы сақталған. Олар:
«Айнала бұлақ басы тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем», «Арғымаққа оқ тиді»,
«Айналайын, Ақ Жайық».
Доспамбеттің терең толғаулары жас ақындар, соның ішінде Бұқар жырау
шығармаларына көп əсерін тигізді.
Бұқар жырау 1668 жылы Баянауыл жерінде
дүниеге келген. Жүз жылдан аса өмір сүрген
Бұқар шамамен 1782 жылы қайтқан. Əкесі
Қалқаман арғын руынан шыққан атақты
батыр болған.
Бұқар жас кезінен би атанып, Қазыбек,
Төле, Əйтеке билермен бірге Тəуке ханның
заңдар жинағын құрастыруға қатысқан. Бұқар
көшпелі халықты жоңғарлар жан-жақтан
қыспаққа алып, шабуылдап жатқан қатал
заман тұсын жырлаған.
Ол сол кезде қазақтың билеушісі Абылай
ханның ақылшысы əрі кеңесшісі болатын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!