Сен білесің бе?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына қажет.Сабақ сайыс түрінде өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Көкен Г.


Зияткерлік сайыс «Сен білесің бе?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар.

Ән ұран

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1.Таныстыру.

2.Дода

3.Сөз мәйегі – мақал.

4.Кім жылдам?

5.Әріптер сайысы.

6.Сен білесің бе?

7.Ойлан, тап.

8.Кім тапқыр?

9.Өнерпаз болсаң...

І кезең. «ТАНЫСТЫРУ»

І топ: «Қыран» ІІ топ: «Ұлан» IIIтоп: «Жүйрік»

ІІ кезең. «ДОДА»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

І топқа:

1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толды? /27 жыл/

2.22 – наурыз қандай мейрам?/Ұлыстың ұлы күні/

3.3 биді ата? /Төле би,Қазбек би, Әйтеке би/

4.Ең киелі құс. /аққу/

5.Күздің бірінші айын ата. \Қыркүйек\

6.Жылқы иесі кім?/Қамбар ата/

ІІ топқа:

1.Қазақстанның рәміздерін ата. /Ту,Елтаңба,Әнұран/

2.Абай Құнанбаев кім? /ақын/

3.Қыс айларын ата./желтоқсан,қаңтар,ақпан/

4.Қазақ тілінде неше әріп бар. /42/

5.Апта күндерін ата./Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі/

6 Адамда неше мүше бар? /12/

III топқа:

1.Бір жылда неше ай бар?/12/

2.Зат есім қандай сұраққа жауап береді?/кім? Не?/

3.Құнанбаевтың аты кім? /Абай/

4.Сиыр иесі кім? /Зеңгі баба/

5.Мәтін дегеніміз не?

6.Табиғат нешеге бөлінеді?/өлі, тірі/

ІІІ кезең. «СӨЗ МӘЙЕГІ – МАҚАЛ»

Сайыскерлер Отан, өнер – білім, еңбек, жақсылық пен жамандық туралы мақалдардың жалғасын айту.

1.Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл ,

2. Елінен безген ер оңбас. Көлінен безген қаз оңбас.

3.Білім таппай мақтанба Өнер таппай баптанба. ,

4. Оқу- білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

5.Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей. ,

6. Көз қорқақ,

Қол батыр.

7.Ашу – дұшпан, Ақыл – дос.

8. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

ІV кезең. «КІМ ЖЫЛДАМ?»

Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып жазыңдар.

  1. БЕТҢАЛА /елтаңба/

  2. ЗЕКӘСТІУІЛД /Тәуелсіздік/

  3. РӘКЕБТЕЙ /Бәйтерек/

  4. ЫНАРШАХТ /Ханшатыр/

  5. НҰАНӘР Әнұран

  6. ЕТМКПЕ Мектеп

V кезең. «ӘРІПТЕР САЙЫСЫ»

Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, сол әріптен басталатын сөздер айту.

Т және Д

VІ кезең. «СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»

Берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап берейік.

1.Авторы кім. (15 ұпай)

Мектебін аңсап, сағынып,

Балалар келер ағылып.

Ашылған гүлдей арайлы,

Көшенің бәрі қарайды /Өтебай Тұрманжанов/

2. Үнді дауыссыздарды ата. /л,м,н,ң, р,й,у/(10 ұпай)

3. Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады? (15ұпай) /тұз, сүт, мейіз, күріш, ет,сәбіз, құрт /

4. Ұлттық ойын түрлерін ата. (5 ұпай) /Ақсүйек, ханталапай, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ/

5 Сочи олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан қола медалға ие болған кім? /Денис Тен/(5 ұпай)

6. Тіл туралы тақпақтар (10 ұай)

VІІ кезең. «ОЙЛАН, ТАП!»

«Қарлығаштар» «Қазақстан» сөзінен сөздер құрап жазу.

Қорытынды Жеңімпаздарды анықтау.

















М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы





















Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Сен білесің бе?»



















Сыныбы: 2 «В»

Сынып жетекшісі:Муратова А.











Ақшұқыр 2018-2019







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
3052
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі