400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өмірің жақсы және жаман жақтары жетерлік. Бұл өмірдің жақсы не жаман болуы адамның өзі салған сара жолдың жолақтарының мәнді болуында жатыр!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

Адам өмірің жақсы және жаман жақтары жетерлік. Бұл өмірдің жақсы не жаман болуы адамның өзі салған сара жолдың жолақтарының мәнді болуында жатыр!

Көбісінің жасайтын қателігі мінсіз өмірді ұзақ іздеп, өзінің әлемін ұмытып, өмірдегі орынын жоғалтып жатады. Шын мәнісінде өмірдің мәні барлығынан оза шауып, байлыққа мол кенеліп, керемет атақты адам болу емес..! Өзің жинаған абырой мен байлықты өмірде өз орынымен жұмсап, өзгелермен білгеніңді бөлісіп, олардың ризашылығын алуда. Біз қазір «Әй, бұл менен асып түсіп, көп біліп қояр ау!, Менен жоғары болып, озып кетер ау!» деген іштей пендешілікке салынып, тіпті өз туғанымызбен де сырласып ашылмай жатамыз… Бұл- заман буы! Иә, бәрі бір- бірімен жарысып, жалмасып « Мен- мықты, мен- күшті, мен- лайықты» деген өзімшілдік, қызғаншақтық, көрсоқырлық адам баласын арбап жатыр. Біреуі көлік алса, екіншісі үй алып бірімен бірі бәсекелестікке ұмтылады… Себебі: Олар өмірдің мәні-өз орынынды тауып, өзгеше жолды қалыптастыру екендігін білмейді. Неге? Неге біз бір- бірімізге ұқсауға тырысамыз? Неліктен өзгелердің өміріне қызығушылықпен қарап, өз- өзімізге разы емеспіз? Жарықты іздеген адамға ай сәулесі де әдемі емес пе? Абай атамыз жақсы айтқан « Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» Яғни өзің қалаған дүниемен айналысып, өзің сүйген әрекетті жаса және оның жемісін көр! Өзің үшін пайдасы жоқ әрекетпен айналысып, өз- өзіңді жоғалтпа, әрқашан мінсіз болуға ұмтылып, екінші бір адамға ұқсауға тырыспа!

Егер байлық пен табысқа кенелсең, өз білгеніңді бөлісуден қорықпа! Сонша көп біліп өзгемен бөліспесең оның сенің өміріндегі маңызы қандай!? қазақта бір жақсы мақал бар «Үйренуден жалықпа, Үйретуден аянба» Сен нағыз табысқа жеткен адамсын, олай болса өзгелермен өз білгеніңді бөлісуден қорқудын қажеті жоқ! Себебі: Сен- өз кірпішіңді қаладың, өзгенің көшірмесін емес…!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі