Материалдар / Сен өз құқығыңды білесінбе?

Сен өз құқығыңды білесінбе?

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
1059
2 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернаты

Тәрбие сағаты: Тақырыбы: «Сен өз құқығынды білесің бе?» 7 «б» сынып





Дайындаған : Алдонгарова Толғанай





2018-2019оқу жылы







Сабақтың тақырыбы: Сен өз құқығыңды білесің бе?Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.Сабақтың түрі: пікір алмасу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттық сұрақтар,шешендік сайысСабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздерҚанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы «Балам бол, басқа бол- бәріңе заң біреу» «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.» Ж. Баласағұн. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.Сайыс жоспары: оқушыларды топқа бөлу І топ «Бейбітшілік» ІІ топ «Заңгерлер» ІІІ топ «Ақиқат» Құрметті оқушылар ! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында«Қ.Р. - құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді енгізген.Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне, осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұған 91 мемлекет кіреді. Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы 8 тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір елдің басты құндылығы байлығы – адам . Бүгінгі пікір алмасу сабағымызда « Бейбітшілік », «Заңгерлер», «Ақиқат» топтары қатынасады.Сабағымыздың өту барысымен таныстырып өтейін: «Тақырыпты қорғау» кезеңі «Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ «Ой елегіне өткіз»кезеңі Сергіту сәті «Жағдаяттық сұрақтар» кезеңі «Ойды аяқта» кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау) «Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі1-кезең . Тақырыпты қорғау. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғап шығады. І топ «Бейбітшілік» Оқушы құқықтарыІІ топ «Заңгерлер» Оқушы міндеттеріІІІ топ «Ақиқат» Оқушы жауапкершілігі2 - кезең. Сайысымыздың екінші бөлімі «Тікелей сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 7 сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.І топ Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім») Қ.Р Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы? (халық) Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада) ҚР азаматтары еңбек етуге мендеттіме? (міндетті емес) «Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады? (5 бөлім) ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік) ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)ІІ топ Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам) ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің) ҚР «Бала құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз) ҚР валютасы қашан қолданысқа енді? (1993 жыл 15 қараша) Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ). Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта)ІІІ топ Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (халық билігі) Адам құқығының жалпыға бірдей декларация қашан қабылданды? (1948 ж 10 желт) ҚР басқару құрылымы қандай? (президенттік республика) ҚР «Мемлекеттік нышандар туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж 4 маусым) ҚР «Баланың құқығы туралы » заң қанша баптан , қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап) «Жеті жарғы» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке жан) Балалар құқықтарының конвенциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)3- кезең. «Ой елегінен өткіз»кезеңіОйлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе. Оқушы неге құқылы?Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға. Оқушы неге міндетті?Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.Сергіту сәті: Жұмбақ слайд Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек, Ондайлар отаныма өте керек. Тәуке хан жазған екен заң жинағын, Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы) Мерекең құтты болсын ұстаздарым, Оқушы, келім – кетті бар достарым. Тәуелсіздік заңының қабылданған, Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық. (1991 жыл) Еліме білім керек, ғылым керек, Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып. Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін, Жазған екен болашаққа көзін тігіп. (Қазақстан – 2030) Жақсы ел шығарып заң игілікті, Депутат заң шығарып билік қыпты. Парламент палатасы нешеу екен, Таба алсаң бұл жауапты игі екен. (екі) 4- кезең . Жағдаяттарды шешу. Үш топқа әр түрлі жағдаяттар беріледі. 1-топ тапсырмасы. «Бейбітшілік» тобына2. Екі дос Арман пен Айдос көп ақша табудың оңай жолы, дүкеннің кассасын жабар алдында тонау деп өзара әңгімелеседі. «Ол үшін қару керек», - дейдіАрман. «Тауып көрейік», - деп жауап береді Айдос. Содан кейін олар қаруды табу үшін ешқандай әрекет жасауға талпынбайды.Сұрақ:1. Бұл қылмыс болып табыла ма?2-топ тапсырмасы. «Заңгерлер» тобына1. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Жиналыстарға мүлдем келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құрғақ уәде беріп шығарып салады. Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындауға ата-анасы салғырттық танытады.Сұрақтар:1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істередіңіз?3. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай?3-топ тапсырмасы. «Ақиқат» тобына Он төрт жасар Сейіт теледидар көріп отыр. Онда микробиологтардың жұмысын көрсетіп жатқан. Сейіт қатты қызығып кетті. Ол әкесіне микробиолог болғысы келетінін айтты. Әкесі Сейітке ол туралы мүлде ойлама деді. Ол Сейіттің өзі сияқты экономист болуын қалайтын.Сұрақ:Сейітке мамандықты кім таңдау керек?5- кезең. Ойды аяқта кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау, түсінік беру). « Бейбітшілік » тобы1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)2. Біреуге ор қазба - ...(өзің түсесің)3.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)4.Ұры бір түнде - бай,Бір күнде - ...(кедей)«Заңгерлер» тобы1. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам)2.Тура биде ...(туыс жоқ)3.Туғанды биде ...(иман жоқ)4.Қонақ келсе – құт,Қарақшы келсе - ...(жұт)«Ақиқат» тобы1.Қолыңмен істегеніңді - ...(мойныңмен көтер)2. Еңбек түбі - ...(зейнет)3.Ұры түн асқанша,Бөрі қыр ....(қасқанша)4.Арамдық қып ішкен ас,Ішіңе барып болар ...(тас)6-кезең. «Құқық қорғаушылар» сөйлейді. (Шешендік өнер).Тақырыптары: «Кім құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды». «Құқық барда - Отан бар». «Заңды білу-заман талабы». «Мен-болашақ заңгермін». «Ата заңды құрметтейік»









































АнықтамаСабақтың тақырыбы: Сен өз құқығыңды білесің бе?Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.Сабақтың түрі: пікір алмасу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттық сұрақтар,шешендік сайыс. Тәрбие сағаты 24.11.2018жылы өтті. Сабаққа 24 оқушы қатысты. Сабақ пікірталас түрінде болғандықтан, оқушылар алдымен өз ойларын жеткізді. Мерәлиев Иман, Есқалиев Санжар, Қанатова Азиза, Шаймуханов Айбат, Тельман Альдина құқық туралы пікірлерін дәлелдеді. Шешендік сайысында оқушылар құқық шешендік сөдерімен мәнерлеп жарысты. Тенелова Камила, Болатұлы Еркебұлан, Айсаутова Ару, Әжімбай Қарлығаш, Асылбекқызы Нұрай өз ойларын толық жеткізе алды. Бүгінгі тәрбие сағаты өз мәпесіне жетті. Оқушылар құқық туралы толық мәлімет алды.
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!