Сен өз құқығыңды білесің бе? Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сен өз құқығыңды білесің бе? Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сен өз құқығыңды білесің бе? Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 6 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Сен өз құқығыңды білесің бе?!»

Сабақтың мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету

Міндеті

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Мақсаты: Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенәм артып, көмек сұрайтынын анықтау.



Жаңа сабаққа кіріспе


Құрметті оқушылар «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер! Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
Пікірталастың тақырыбы: «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлерімен таныстыру, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Пікірталас кешіне «Жақсылық» және «Парасат» тобы қатынасуда.

ІІ «Оқушы ережесі»
Әр топ плакатқа оқушының мектептегі ережелерін жазып, жұмыстарын қорғайды.

Оқушы ережесі

Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары

адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті

1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.

2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.

3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.

4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.

5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта

6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.

7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.

8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.

9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;





Сабақтың ортасы

31 мин.

ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?» 2 топтың пікірін тыңдау.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша үзінді.
1. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
— Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
— Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
— Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
— Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2. Қожаның өзіне — өзі есеп беруі.
— Күн сайын өзіне — өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
— Сендер өз — өздеріне есеп бересіңдер ме?
— Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?

11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;

12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;

13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.

14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.

15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.

16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.

17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;

18. Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.

19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.

20. Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.

21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта




. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)

Мұғалім:
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? 3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

4)Әдептілік дегеніміз?.)

5)Адам боламын деген бала не істеу керек?



1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)











2) (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)

3) (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)

4) (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік

5) (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар 


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Қорытынды:

: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» деген.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.

Рисунок 23








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2024
667
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі