Материалдар / Шеңбердің аксонометриялық проекциялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шеңбердің аксонометриялық проекциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеңбердің аксонометриялық проекциялары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1244
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:______________

Сабақ № 16

Тақырыбы: «Шеңбердің аксонометриялық проекциялары»

Мақсаты: Тік бұрыштаппроекция туралы білім беру, сызба сызу дағдыларын арттыру, овал, эллипс сызып үйрену, графикалық білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Үлкен және кіші осьтер арқылы эллипс сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері: практикалық сабақ

Құрал-жабдықтар: оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қайталау: сұрақ-жауап

  1. Қандай жағдайда тікбұрышты проекция деп айтады?

  2. Сызбада нәрсенің бір проекциясын салу әрқашан жеткілікті ме?

  3. Қандай жағдайларда нәрсені үш проекция жазықтарына тікбұрыштап проекциялау қолданылады?

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жазықтығы проекциялар жазықтығына көлбеу болатын шеңбердің проекциясын алу үшін, оның нүктелерінің проекцияларын тауып, оларды қисық сызықпен қосу керек. Шеңбердің параллель проекциясы болатын қисық – тұйық сызық. Оны – эллипс деп атайды. Эллипстің центрі – О нүктесі. Оның екі нүктесін қосатын кесінді центр арқылы өтсе, оны диаметр деп атайды. Ең ұзын диаметр эллипстің үлкен осі, ал ең қысқа диаметр эллипстің кіші осі болады. Осьтер өзара перпендикуляр орналасады. Шеңбердің изометриялық проекциясын шаршының аксонометриялық проекциясына орналастырады. Ал диметриялық проекциясында біреуі шеңбер, қалғандары овалболады. Шеңбердің изометриялық проекциясы Эллипс деп атайды.

Шеңбердің проекциясын салу тәсілі

  1. Шеңбер центрінің изометриясы Ò нүктесі арқылы x`және ỳ осьтеріне параллель түзулер жүргіземіз. Оларға Ò нүктесінен бастап шеңбердің радиусына тең кесінділер салып, АВС және Д нүктелерін аламыз.

  2. А және В нүктелері арқылы СД түзуіне параллель түзулер, ал С және Д нүктелер арқылы

АВ түзуіне параллель түзулер жүргізсек, 1234 төртбұрышын аламыз. Бұл төртбұрыш –ромб.

  1. 2 нүктесін центр етіп алып, А және Д нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз, сол сияқты 4 нүктесін центр етіп алып, В және С нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз.

  2. В және С нүктелерін 4 нүктесімен қосатын түзулер ромбының үлкен диагоналін 5 және 6 нүктелерінде қияды. 5 нүктесін центр етіп алып, В және Д нүктелерін, 6 нүктесін центр етіп алып, А және С нүктелерін шеңбердің доғаларымен қосып, алдыңғы екі доғаны тұйықтаймыз

Shape3 Shape2

ІҮ Бекіту Кубтың үш жағына эллипс салу

ҮShape8 Shape7 Бағалау.

ҮShape9 Shape10 І Үй жұмысы 2. 36-сурет.


Shape13 Shape14

























Бекітемін:______________

Сабақ № 17

Тақырыбы: «Кескіннің аксонометриялык прокциялары»

Мақсаты: аксонометриялық проекцияның осьтерін шығарып алып, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйрену; сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру; оқушыларды тиянақтылыққа, ынталыққажәне дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: қиғашбұрышты фронталь диметрия осьтерін сызып, орналастыруға үйреніп, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйренеді, өзіндік практикалық әрекет ортасы қалыптасады, ойлау қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтарсызба құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Екі көрінісі берілген нәрсенің аксонометриялық проекциясын салудың тәсілін қарастырайық.

Төмендегі кестеге қарағанда, изометриялық проекция мен фронталь диметриялық проекцияны салу ережесі жалпы алғанда бірдей екендігін көреміз. Олардың айырмашылығы – тек осьтердің орналасуында және У осінің бойына салынатын кесінділердің ұзындығында ғана.

Нәрсенің өлшемдерін аксонометрияға түсіргенде шығарма сызықтар аксонометриялық осьтерге параллель, ал өлшем сызықтары өлшенетін кесіндіге параллель жүргізілетіндігіне назар аудару керек.

Аксонометриялық проекцияларды салу тәсілдері

  1. Осьтерді жүргізеді. Нәрсенің алдыңғы жағын салады да, оның нақты өлшемдерін: биіктігін

Z осінің бойына, енін Х осінің бойына түсіреді.

  1. Әр төбесінен қырларды У осіне параллель жүргізеді. Оның бойына қалыңдығының өлшемдерін: диметрия проекциясына екі есе қысқартылады, ал изометрияда нақты өлшемі түсіріледі.

  2. Осыдан шыққан нүктелер арқылы нәрсенің алдыңғы жағының қырларына параллель түзулер жүргізіледі.

  3. Артық сызықтарды өшіріп, көрінетін контурды бастыра жүргізеді. Өлшемдері түсіріледі.


ІІІ Өзіндік жұмыс Аксонометриялық проекцияны салу реті

Фронталь диметриялық проекция

Изометриялық проекция





ІҮ Бағалау

Ү Үй жұмысы. Нәрсенің фронталь диметриялық және изометриялық проекцияларын салу.









Бекітемін _________

Сабақ № 18

Тақырыбы «Техникалық сурет»

Мақсаты: техникалықсуретті құру әдістерін үйрету, аксонометриялық білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойларын дамыту, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: нәрсенің техникалық суретін көз мөлшерімен, пропорцияларын сақтай отырып сыза біледі.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Әдістері: сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

І - ұйымдастыру бөлімі

ІІ – үй жұмысын тексеру (сызбаларын тексеру)

ІІІ – жаңа тақырыпты түсіндіру


Көрнекі кескіндерді орындау жұмысын оңайлату үшін көбінесе техникалық суреттер пайдаланады.

Техникалық сурет дегеніміз – бұл аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Бұл жағдайда аксонометриялық проекциялар салғандағы ережелерді сақтау керек: осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына түсіреді. Техникалық суреттерді тор көзді қағазға орындаған қолайлы.

Шеңберді және шеңбердің изометриялық проекциясын тор көзге орналасуы түсіндіріледі.


ІІІ - өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріне берілген нәрсенің техникалық суретін салу.

ІҮ – бағалау: сыныптағы жұмысты дұрыс және таза орындаған оқушылар бағаланады.

Ү – үй жұмыс диаметрі 40 мм шеңберді және изометриялық проекциялардағы шеңбердің кескініне сәйкес келетін овалды салу.


Бекітемін _________

Сабақ № 19

Тақырыбы «Геометриялық денелер, көпжақтар. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау»

Мақсаты: оқушыларға геометриялық денелер проекциясы туралы мәлімет беру, біліктілітерін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау арқылы геометриялық денелер проекциялары туралы білім алады, өз ойларын ортаға сала алады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру, сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтар: сызба құралдары, үлестірмелі карточкалар, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау

ІІ Өткенді еске түсіру: Қандай геометриялық денелердің білесіңдер? Геометриялық денелердің проекциялары қандай фигуралардан тұрады?

ІІІ Жаңа сабақ Геометриялық денелердің проекцияларының орындалу жолдарын түсіндіру.

Техникалық тетіктің кез келген қарапайым пішіні геометриялық дененің пішіні ретінде қаралады. Мысалы, 3.1-суретке назар аударайық, ось және төлке цилиндр тәрізді. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз нәрсені ойша ол құралатын геометриялық денелерге бөлшектеу. Слайдта геометриялық денелердің суреттері және проекциялары көрсетіліп, түсіндіріледі.



ІҮ. Бекіту Слайдтар арқылы сұрақтарға жауап береді

Ү. Өзіндік жұмыс. Үлестірмелі карточкамен жұмыс

Shape15 1. Геометриялық дененің үш проекциясын орында





Shape18 2. Проекция арқылы геометриялық денені орында





ҮІ Бағалау. Үлестірмелі карточкамен жұмыс арқылы бағаланады.

ҮІІ Үйге жұмыс §3.2, 4-қосымшаның 1 нұсқасын орындау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!