Материалдар / "Сенім" психологиялық үйірмесінің жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сенім" психологиялық үйірмесінің жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
5118
60 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат.

Әрбір лицей оқушысының өзіндік шешімін таппаған мәселелері мен қиындықтары бар екендігі бәрімізге мәлім. Осы мақсатта жасөспірім балалар үшін психология үйірмесі өте маңызды деп ойлаймын. Үйірмебарысында балалардың жеке эмоционалдық аймағын коррекциялап, құрдастарымен және ересек адамдармен еркін қарым-қатынас жасауға үйретіледі.
Психологиялық тұрғыдан адам өзін танып білуі үшін ол адамның ішкі күйі, әртүрлі өмірлік жағдаяттармен әрекеті, өзінің психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттарды білуі керек. Оқушының өзін танып білуі, танымдық процестері (ес, зейін, қабылдау, ойлау және сөйлеу), психологиялық күйі эмоция мен түрткісі, психологиялық сипаты темперамент пен мінезді түсіне білуі, өзінің бейіні, қызығушылығы бойынша мамандықтарын таңдауға, өз ерекшеліктерін білуі және өзгені түсінуге көмектеседі. Адам өзінің жалпы қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқушылар тек білім алып қана қоймай бір бірімен сұхбаттасуға, әртүрлі іс-әрекет жасауға, бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауға, өзгені танып-білуге, шығармашылық қабілеттерін дамытып үйренеді.
Сонымен қатар оқушы әр түрлі пікірталастарға, топтық жұмыстарға, рөлдік ойындарға, шығармашылық жұмыстарға, топтық тестілеуге ерекше көңіл бөле отырып, қалыптасады.Оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрей жойылып, төзімділік пен шыдамдылық дағдылары дамиды.

Мақсаты:

Оқушылардың әлеуметтік бейімделуде, оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрейді жоюда, кәсіптік бағдарлануда, қиын өмірлік жағдайларда аутогендік жаттығулар, психотехнология элементтерін, өзін-өзі ретке келтіруәдістерін, басқа да психолоиялық техникаларды пайдалану арқылы өзін жан-жақты танып білуге үйрету.

Міндеті:
— балаға өзін танудағы білім берумен қатар сол білімді алуға үйрету.
— белсенді түрде өзіндік сананың қалыптасу қабілеттігін және өзін-өзі ретке келтірудегі еріктік дағдыларға үйрету.
— Жекелік өсудегі (жеке адам) шығармашылығының қабілеттерін ашумен қатар адамгершілікке тәрбиелеу.
— Оқушылардың өзін-өзі танумен қатар, қиындықтарды жеңу, одан шығу жолдарын үйрету.
Әдістері:
1. Лекция әдісін қолдану;
2. Жеке адамды зерттеудегі психодиагностикалық әдістер;
3. Психологиялық тренинг әдістері: психологиялық әртүрлі мәселелерді талдау, талқылау, нақты жағдайға қатысты талдау әдістері, ойындық модельдеу әдісі, сурет және сөздік түрдегі проективтік әдістер, аутогендік жаттығулар, психотерапия элементтерін пайдалану.

Күтілетін нәтиже:

Үйірме соңында оқушылар:







Біледі:

  • Жалпы және әлеуметтік психология, қарым-қатынас психологиясы, эмоциялар, қақтығыстану, танымдық үрдістер психологиясы, психологиялық терапиялар туралы негізгі ұғымдарды;

  • Кикілжіңдер түрлері және оларды шешу жолдарын;

  • Командада жұмыс істеудің тиімді әдістерін;

  • Өз темпераментін, кәсіби бағдарын, толеранттылығын анықтау әдістерін;

  • Психологиялық-диагностикалық материалдармен жұмыс жасау әдістемесін;

  • Қазіргі қоғамдағы АҚТЖ және нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік сияқты өзекті мәселелерді, өзін және қасыңдағыларды қорғау мүмкіндіктері;

  • Жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін және т.б.

Жасай алады:

  • Топта жұмыс жасау икемділігі;

  • Өмір жағдайында туындайтын түрлі мәселелерді шешудің жолдарын игереді;

  • Бір-біріне сенімділіктері артып, өз мінез-құлқын реттеуді;

  • Өзінің жобасын жасап, жүзеге асырады;

  • Өзінің зейінін, қабылдауын, қиялын, ойлауын өзбетті дамытады;































Рет №

Сабақ №

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Негізгі мәселелер, ұғымдар

І тоқсан.

І тарау. Таным қуанышы

Мен кіммін?.

1


Психологиялық үйірменің мақсаты мен міндеттері. Адамның мүмкіндіктері. Гиннес рекордтар кітабы.

«Менің есімім»


1


«Байланыстырушы жіп», «Саяхат», «Менің есімім». «Менің айнадағы бейнем» жаттығуы.

Меніңбір күнім

1


Күн тәртібін құру.

Менің мінезім қандай?

1


Бас миының жарты шарларының рөлі. Бас миының ерекшеліктері, оның адам іс-әрекетіне әсері.

Өзімнің мінезім туралы не білемін?

1


«Сенің мінезің қандай» тесті. «Өз бойымдағы қандай мінезді ескере аламын» жаттығуы. «Менің өмірім» мультфильмін көру және талдау.

Есте сақтауды анықтау, жаттықтыру

1


Есте сақтау туралы түсінік. Бізге есте сақтау не үшін қажет.

Есте сақтау түрлерін анықтауға арналған тест.

Зейін. Зейінді дамыту әдістері

1


Зейін туралы түсінік. Зейін адамға не үшін қажет? Тыңдау және есту. Көру және қарау. Зейіннің қандай пайдасы бар.

Менің қиялым

1


Адам өміріндегі қиял мен фантазия рөлі. «Қиялды анықтауға арналған тест».

IІ-тоқсан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

9

Менің ой-өрісім. Ой-өрісті қалай кеңейтуге болады?

1


Анкета «Менің ой-өрісім» Мен кең дүние туралы қаншалыөқты көп білемін? Анкетаны талдау.

10

Менің қорқыныштарым және онымен қалай күресемін.

1


Қорқыныштың психологиялық табиғатына талдау жасау.

11

Тұлғаның кәсіби бағыттылығын зерттеу

1


ДДО, Климов тесті

Гарднер тесті

Қызығушылықтар картасы

Шмишек сұрақнамасы

12

Өмірлік және кәсіби анықталудың психологиялық мәні.

1


Болашақ мамандықты таңдауды түсінулерін дамыту;


13

Шешім қабылдай алу дағдымызды дамытайық.

1


Болашақ мамандықты таңдау туралы әңгіме. Кәсіби анықталудың түсінігі және мәні.

14

Мамандық таңдауда өз қабілеттеріңнің күшті және әлсіз жақтарын есепке ала білу қабілетін дамыту.

1


«ҚАЛАЙМЫН-ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ» кәсіби әдістемесін жүргізу. Нәтижелерін өңдеу және талдау.


15

Кәсіби жолыңды жоспарла. Кәсіби кемелденудің құпиялары

1


Кәсіби карта толтыру

16


Мамандық таңдауға деген эмоционалды қатынас

1


  Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

ІІІ тоқсан.

Психологиядағы терапияларды қолдану арқылы мәселелерді шешу жәене оқушы мүмкіндіктерін дамыту.

17

Ертегі терапиясы Ертегі терапиясының элементтерімен психологиялық сабақ

1


Ертегі терапиясын пайдалану арқылы оқушы мәселелерін шешуге үйрету

18

Арттерапия элементтерімен психологиялық сабақ

1


Эмоционалды қысымды түсіру

19

Құм терапиясымен танысу. Құм терапиясы элементтерімен психологиялық сабақ

1


Құм терапиясын пайдалану арқылы оқушы мәселелерін шешуге үйрету

20

«Кинотерапия» технологиясы бойынша психологиялық сабақ

1


«Кинотерапия» терапиясын пайдалану арқылы оқушы мәселелерін шешуге үйрету

21

Түстер психологиясын қолдану арқылы сабақ

1


Түстер психологиясын қолдану арқылы өзіндік анықталу, түстердің адамға әсері туралы мағлұматтар алу.

22

Би терапиясына арналған жаттығулар

1


Би терапиясының әсері қандай екенін жаттығулар арқылы жүргізу

23

Драматерапияға арналған жаттығулар

1


Драматерапияны пайдалану арқылы өмірлік жағдайларға тура қарап, шешімін табуға үйрету

24

Фототерапияға арналған тапсырмалар

1


Фототерапия элементтерін пайдалану арқылы оқушы қорқынышын, депрессияны жеңуге үйрету.

25

Оригамми техникасымен жұмыс

1


Оригамми техникасын пайдалану арқылы жағдаяттарды шешу

26

Квиллинг техникасы

1


Квиллинг техникасын пайдалану арқылы оқушыларды сабырлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу

ІҮ тоқсан. Қарым-қатынас жарастығы

27

Қарым-қатынастағы ұстанымдар

1


Қарым-қатынастың адам өміріндегі рөлі туралы айқындау

28

Социометрия әдісі

1


Тұлғааралық қарым қатынасты анықтау.

29

Кикілжің және оның адам өміріндегі орны

1


Адам өміріндегі кикілжіңдердің түрлерін анықтау. Шығу жолдары.

30

Басса-Даркий тесті

1


Агрессия деңгейін анықтау

31

Агрессия. Агрессияның адам өміріндегі орны.

1


Агрессия туралы түсінік беру. Агрессияның адам өміріне әсері туралы қарастыру

32

Менің құқығым және өзгелердің құқығы

1


Бала құқығы мен міндеттерімен таныстыру

33

«Үй-ағаш-адам» проективті әдістемесі

1


Қарым-қатынас деңгейін анықтау

34

Қорытынды сабақ: кері байланыс және рефлексия

1


Қорытынды жасау. Оқушылардың алған білімдеріне талдау жасау.



















































Әдебиеттер тізімі:

  1. Немов Р.С. Психология образования. 1995, 2-е изд., 496с.

2. Истратова, О.Н. Справочник психолога начальной школы / О.Н. Истратова, Т.В. Экзакусто. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2010.

3. Игры, ребусы, загадки: пособие для родителей / сост. Т.И. Линго. - Ярославль: Академия развития, Академия К, 2014. .

4. Винокурова, Н. Лучшие тесты на развитие творческих способностей / Н. Винокурова. - М.: «ACT-Пресс», 1999.

5. Сиротюк, А.Л. Нейропсихологическое и психофизиологическое сопровождение обучения / А.Л. Сиротюк. - М.: Творческий центр, 2008.

6. Хухлаева О.В. Тропинка к своему Я/О..Хухлаева.-генезис, М.2012г.

7. Гин, С. Мир логики / С. Гин. - М.: Вита-пресс, 2013.

8. Гин, С. Мир фантазии / С. Гин. - М.: Вита-пресс, 2001.

9. «Қызықты психология» журналы // Алматы. – 2017. №4.

10. Аверина, И. С. Методика экспресс-диагностики интеллектуальных способностей / И.С. Аверина, Е.И. Щебланова, Е.Н. Задорина // Вопросы психологии. - № 5. - 1991; № 4. - 1994.





































Қаралды:

Хаттама №

Кафедра меңгерушісі

Г.Қ. Сағиева

______________

«____» _______ 2017ж.



Келісілген:

Оқу ісінің меңгерушісі

Н.А. Садыкова


______________

«____» _______ 2017ж.



Бекітемін:

Лицей директоры

Т. Туменбаев


______________

«____» _______ 2017ж.


























«СЕНІМ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ









Сынып: 7

Үйірме жетекшісі: Қабдуашова Э.Т.

Сағат саны аптасына: 1

Жылдық сағат саны: 34









Өскемен, 2018 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!