"Сенімділік-серігім" тәрбиешілерге арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сенімділік-серігім" тәрбиешілерге арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша психологтарына арналған тренингтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТРЕНИНГ «сенімділік-серігім »

Мақсаты: Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл- күйлерін көтеру, кәсібише берліктерін арттыру және топтасып жұмыс істеуді дамыту.

Қатысушылар: тәрбиешілер, пән мамандары

Жұмыстүрі: топтықжұмыс.

Көрнекілігі: тақта, үнтаспа

Ұйымдастыру барысы:

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме, құрметті әріптестер! Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп керемет болғымыз келеді. Ал енді «керемет» дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы керемет сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Ендібарлығымыз «Керемет» сөзіне ұқсас бір — бір сөзден айтып көрейік: идеал, үлгілі, өтежақсы, тамаша т. б.

Жүргізуші: Қазақ тілінің түсіндірмесөздігінде «керемет» сөзіне анықтама бар: бұл «үздік, өтежақсы, ғажайып, тамаша» дегенмағынаныбереді. Енді осы өте жақсы қасиеттерді өз бойымыздан іздеп көрейік, керемет болмаса да бойымызда таң қаларлық, елді елең еткізерлік мінез болуы мүмкін.

Жұмысымызды бастамас бұрын танысып алайық.

Шаттықшеңбері: «Танысболайық»

Танысу ережесі: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.Сағат тілі бойымен әрқайсысы өз есімін атап, есімі жайлы, есіміне сәйкес мінез — құлқы жайлы қысқаша айтып өтеді. Әркімнің танысуы бір — біріне ұқсамауы тиіс.(Мыс. Таныс болайық: менің есімімАйгерім (болар — болмас басымды иемін (екіншібірі – иіледі ) т. б.)

 «Күншуак» тобының пікірі: педагог өз мамандығының кәсіби шебері, қатаң, қазіргі талапқасай, жаңашыл болуы керек.

Жүргізуші: Ал енді сіздер қазіргі кейіптеріңізге еніп, тәжірибелі, керемет педагог болуға тырысыңыз. Екі топ біріге отырып бастауыш сыныптағы және жоғары сыныптағы ұстаздарыңыздың естеріңізге түскен жақсықа қасиеттерін талқылап көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің есімізге түскен тамаша педагогқа тән жақсы сапалар: әділ, кәсіби шебер, мейірімді, жаңашыл т. б. Біздің бойымыздан табылады деп ойлаймын, яғни біз – кереметпіз!

Релаксация: (Баяу музыка әуеніойналады.) Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күншуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұм саққұм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Кең демаламыз, ақырындеміміздішығарамыз. Біздіңбасымызартықойлардантазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімімді, керемет жандармыз! Енді ақырын — ақырын көзімізді ашамыз. Бір — бірімізге қуанышты сезім мен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз!,Қандай кереметпіз!

Біздің кездесуіміз аяқталып келе жатқан секілді. Бүгінгі жұмысымыздың нәтижесіне орала отырып, нағыз «керемет» педагогтардың мықты жақтарын еске түсіре отырып бір — бірімізге комплимент айтайық.

«Комплимент» ойыны

Мақсаты:қатысушылардыңтілтабысаалуын, бір — бірінтолықтануындамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпе нкез — келген жағымды комплимент айтады (Біздіңтақырыпта мыс. «өтежаңашыл», «нағыз кәсіби педагог»т. б.), ал қалғандары колкомплименттің кімге арналғанын табады. Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайыншаойынжалғасабереді.

«Дененің әр бөлігіне би»                                                                    

 Нұсқау: Қатысушылар шеңбер  бойына тұрады. Музыка ойналады. Жүргізуші кезек бойынша билейтін дене бөлшектерін атайды ( мысалы баспен, иықпен ,аяқпен) Қатысушылар жүргізушінің айтқанын орындайды.

Жүргізуші: Біздің сіздермен кездесуіміз аяқталды. Егер тақырыбымызға келетін болсақ, «керемет» деген түсінік бір нәрсенің біткенін, аяқталғанын білдіреді (Мыс. керемет үй екен т. б.) Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Көздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да өзге жаңалықтар ашылады, қазіргі дәуірде, яғни 21 — ғасырда жаңалықтың шегі жоқ. Олай болса жаңашыл 21 — ғасырдың Керемет педагогтары бола берейік!

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілейммін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі