Сенсорлы алалия дифференциалды диагностикасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сенсорлы алалия дифференциалды диагностикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада сенсорлы алалияның дифференциалдық диагностикасы жөнінде айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘӨЖ 616.898:159.9

СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР

Кадирбеков Нұрдәулет Динисланбекұлы - «Арнайы педагогика» БББ 3-курс студенті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан.

Акилбаева Гулнар Исламовна – Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Арнайы педагогика кафедрысының аға оқытушысы, ф.ғ.к., ғылыми жетекші. Шымкент қ., Қазақстан.

Резюме

В статье рассматриваются типичные трудности, возникающие при дифференциальной диагностике сенсорной алалии. Это расстройство речи иногда напоминает симптомы у детей с потерей слуха, умственной отсталостью или расстройствами аутистического спектра. В связи с этим в ряде случаев может быть поставлен неверный диагноз и искажено направление коррекционной работы. В статье на основе отечественных и зарубежных исследований описаны способы отличия сенсорной алалии от других расстройств и трудности в диагностическом процессе, а также предложены пути повышения качества диагностики.

Summary

The article discusses typical difficulties that arise in the differential diagnosis of sensory alalia. This speech disorder sometimes resembles symptoms in children with hearing loss, mental retardation or autism spectrum disorders. In this regard, in some cases, an incorrect diagnosis may be made and the direction of correctional work may be distorted. The article, based on domestic and foreign studies, describes methods for distinguishing sensory alalia from other disorders and difficulties in the diagnostic process, and also suggests ways to improve the quality of diagnostics.


Сөйлеу тілі – адамның психикалық дамуы мен әлеуметтенуінің негізгі құралы. Ерте жастан байқалатын тілдік бұзылыстар баланың жалпы дамуында айтарлықтай қиындықтар тудырады. Сенсорлы алалия – баланың есту қабілеті сақталғанымен, сөйлеуді түсіну және оған жауап беру қабілетінің бұзылуымен сипатталатын күрделі тілдік бұзылыс. Бұл бұзылыс сирек кездесетін әрі өзге патологиялармен симптоматикалық ұқсастығына байланысты, нақты диагноз қою мамандар үшін маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады. Дифференциалды диагностика — сенсорлы алалияны басқа ұқсас тілдік, когнитивтік және неврологиялық бұзылыстардан ажыратудың негізгі жолы. Мақаланың мақсаты – сенсорлы алалияның дифференциалды диагностикасындағы негізгі қиындықтарды анықтау және оны жетілдіру жолдарын ұсыну.

Ең алдымен сенсорлы алаия жөнінде ақпарат бермес бұрын алалия жөнінде айтып өтсек, алалия-туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми қабығының сөйлеу аяларының органикалық зақымдану салдарынан болған сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы деп ақпарат беріледі [1].

Этиология. Алалияның себептері әртүрлі.

Пренаталдық кезеңде алалияның себептері ұрықтың созылмалы гипоксиясы, улану, ананың созылмалы аурулары, жүктіктің асқынуы болуы мүмкін. Бұл факторлар ұрықтың дамып келе жатқан миына әсер етіп, босану процесінің патологиялық жүруіне де ықпал етеді.

Алалия босану патологиясының нәтижесінде дамуы мүмкін — ұзақ немесе жылдам босану, қысқыштарды қолдану, вакуум экстракциясы, босану әрекетінің әлсіздігі, асфиксия және басқа да себептер.

Постнаталдық кезеңде алалияның себептері ретінде ми жарақаттары, нейроинфекциялар, ауыр соматикалық аурулар болуы мүмкін.

Сонымен қатар, алалияның себептеріне әлеуметтік орта да әсер етеді: отбасындағы тілдік белсенділіктің жетіспеушілігі, дамытушы ортаның болмауы, отбасындағы қақтығыстар, тәрбиелеудің дұрыс емес әдістері, госпитализм, ата-аналардың тілдік бұзылыстары [2].

Дүниежүзілік аурулар классификацисында бұл бұзылыс түрі сенсорлы алалия (МКБ-10) F80 рубрикасында сөйлеу мен тілдің дамуының ерекшеліктері бойынша бұзылыс ретінде белгіленеді [3].

Алалияның этилогиясы жөнінде, алалияның топтастырлуы жөнінде түрлі пікірлер бар және бірақ ең көп тараған топтастыру түрін қолданатын боламыз ол В.А Ковшиков (1985) [4] бойынша бөлінген түрі бойынша алатын боламыз ол ғалым алалияны моторлы сенсорлы және сенсомоторлы деп бөледі.

Алалия мен басқа бұзылыстардың арасындағы айырмашылықты айқындау маңызды, себебі бұл дұрыс диагноз қоюға және баланың түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сенсорлы алалия мен есту қабілеті бұзылған балаларды салыстырғанда:

Есту қабілетінің айырмашылығы:

- Сенсорлы алалиясы бар балаларда есту қабілеті тұрақсыз, олар кейде дыбыстарды естиді, кейде естімейді.

- Есту қабілеті бұзылған балаларда есту шегі тұрақты, тек белгілі бір жиіліктерді естімейді.

  • Шудың әсері:

- Сенсорлы алалиясы бар балалар қатты дыбыстардан ауырсыну сезінеді, тыныш дыбыстарды жақсы қабылдайды.

- Есту қабілеті бұзылған балаларға тек жоғары немесе орташа дыбыстар маңызды.

  • Сөйлесу және түсіну:

- Сенсорлы алалиясы бар балалар сөздерді түсінуде қиындық көреді, түсіну деңгейі контекске және ішкі жағдайларға байланысты.

- Есту қабілеті бұзылған балалар сөздерді қабылдауда тұрақты қиындықтарға тап болады, бірақ түсіну процестері тұрақты.

  • Эхолалия:

- Сенсорлы алалиясы бар балалар жиі эхолалия жасайды, бірақ сөздерді түсінбейді, тек қайталайды.

  • Дауыс айырмашылығы:

- Сенсорлы алалиясы бар балаларда дауыс интонациясы мен модулдері қалыпты, бірақ дыбыстарда қателіктер болады.

- Есту қабілеті бұзылған балалардың дауыс артикуляциясы бұзылуы мүмкін.

  • Логорея:

- Сенсорлы алалиясы бар балаларда логорея болуы мүмкін, олар тоқтаусыз сөйлейді.

- Есту қабілеті бұзылған балаларда логорея сирек кездеседі [2,36б].

Сенсорлы алалияның диагностикасы қиын, себебі ол есту бұзылыстарымен және жүйелік даму бұзылыстарымен ұқсас болуы мүмкін. Сенсорлы алалияны есту проблемаларынан ажырату қажет, себебі олар сөйлеу дамуына теріс әсер етіп, есту гностикалық функциясын қалыптастыруға кедергі келтіреді.

Диагностика үшін төмендегі шаралар қажет:

-Неврологтың кеңесі: Перинаталдық тәуекелдер, ерте даму ерекшеліктері және қазіргі неврологиялық жағдайды бағалау. Қажет болса, ЭЭГ, рентгенография, магнитті-резонанстық томография және басқа зерттеулер жүргізіледі.

- Психиатрдың кеңесі: Психикалық функциялардың даму деңгейін бағалау және ерте ақыл-ой бұзылыстарын, аутизм спектрі бұзылыстарын жоққа шығару.

- Оториноларингологтың/сурдологтың кеңесі: Есту қабілетін тексеру. Аудиометриялық зерттеулер бірнеше рет өткізіліп, нәтижелер салыстырылып талданады.

- Нейропсихологтың кеңесі: Нейропсихологиялық диагностика арқылы психикалық кемістіктерді анықтау және қалпына келтіру жұмысын жүргізу.

- Логопедтің кеңесі: Сөйлеу даму ерекшеліктерін зерттеу, сөйлеу бұзылыстарын диагностикалау және коррекциялық жұмыс жүргізу.

Диагнозды динамикалық бақылау арқылы бірнеше рет дәрігерге барғанда ғана қоюға болады, себебі бастапқы контакты орнатудағы қиындықтар сөйлеу симптомдарын жасырады [5].

Сенсорлы алалия диагностикасы кезінде асығыстық танытпау өте маңызды. Бұл бұзылыс сырттай қарағанда басқа жағдайларға ұқсағанымен, өзіндік ерекшеліктері бар. Кейде сенсорлы алалия аутистік спектр бұзылыстары, есту қабілетінің бұзылыстары, зияттың төмендеуі немесе психикалық даму тежелуімен шатастырылуы мүмкін. Сондықтан дұрыс диагноз қою үшін басқа да мамандармен бірлесіп жұмыс жасап, кешенді талдау жүргізу қажет. Балаларға дәл қойылған диагноз олардың түзету жұмыстарының сәтті болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, сенсорлы алалия – өздігінен жойылмайтын бұзылыс, сондықтан осы балаларға логопед маманның көмегі мен ерте түзету жұмыстары өте маңызды. Ата-аналар да осы процесте белсенді қатысып, баланың дамуын бақылап, мамандармен тығыз байланыста болуы тиіс. Тек осындай кешенді тәсіл арқылы біз баланың дамуында оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өмірбекова Қ.Қ., Оразаева Г.С., Төлебиева Г.Н., Ибатова Г.Б. Логопедия: Оқулық. -Алматы. ЖШС РБПК дәуір 2011- 648бет.

2 бөлім АЛАЛИЯ 308б

  1. Бобылова М.Ю., Капустина А.А., Браудо Т.А., Абрамов М.О., Клепиков Н.И., Панфилова Е.В. (жылы). Моторная и сенсорная алалия: сложности диагностики. Институт детской и взрослой неврологии и эпилепсии им. Святителя Луки. Мәскеу. [Email: mariya_bobylova@mail.ru].

  2. МКБ-10. Классификация психических и поведенческих расстройств. Исследовательские диагностические критерии. СПб.: Аддис, 1994. 300 с.

  3. Лалаева, Р. И., Парамонова, Л. Г., Шаховская С.Н. Логопедия в таблицах и в схемах. М.: Педагогика, 2009. -С 216

  4. Белоусова М.В., Меркулова В.А. Сенсорная алалия: речевой онтогенез, клинические проявления, подходы к диагностике и коррекции. Практическая медицина, 13, -А.,2016. УДК 376.37-053.2.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2025
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі