Сергіту
сәті.
Қырау
қатып жағаға,
Аяз
беттен өбеді.
Бірі
мініп шанаға,
Бірі
шаңғы тебеді. /қатты тоңады/

Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан
жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
,
Біп-биік
боп өседі. /тербеледі, отырады,
тұрады/

Жел
улейді: у-у
Құйын
келіп зулейді: зу-зу
Қатты-
қатты жел соқты: гу-гу,
Жапырақтар қол соқты: ду-ду. /қолмен оңға, солға
шапалақтау/

Таң атты,
күн шықты,
Аспанды
бұлт жапты.
Жел
тұрды, жаңбыр жауды,
Найзағай
сарт-сұрт етті
Біз бұға
қалдық. /қолмен, саусақпен соғу,
отыра
қалу/

Қар
астында сығалап,
Күлімдейді
жауқазын.
Қар шытса
қабақ, бұға тап
Дірілдейді жауқазын. /жауқазын
дірілдейді/

Жел соқты
ағаштар теңселді,
Күн
бұлттанып жаңбыр жуды.
Жаңбыр
басылды күн ашылды. /қолмен
күнді
көрсету/

Жеткілдеген
желменен
Жерде
егін тербелген
Өсірген
диқандар,
Тамшылаған терменен. /қолмен
көрсету/

Тербеледі
ағаштар,
Жылы-жылы
жел соқты.
Күлімдеген
балалар,
Шуылдасып
қол соқты. /қол соғу/

Қыста
келіп қатты аяз
Екі бетті
мұздатты.
Шаңғы
теуіп бар бала,
Қыр
үстінен заулатты.
/екі
қолмен бетті уқалау, шаңғы тебу, таудан
түсу/

Қоюланып
тағы бұлт
Жаңбыр
жауды себелеп?.
Жапырақты
жамылып,
Бұға
қалды көбелек. /Саусақты тарсылдату,
бұға
қалу,
көрсету/

Жаңбыр-жаңбыр
себелесе,
Тырс-тырс
етіп төбеме.
Найзағай,
жарқылда,
Сырт-сырт
етіп сыртылда. /саусақпен соғу,
тарсылдату/

Таң
атқанда күн шығып,
Гүл ашады
қауызын.
Желмен
бірге тербеліп,
Теңселеді
ақырын. /гүл ашады, тербеледі, оңға, солға
қозғалады/

Торғай,
торғай, торғайсың,
Таяу
келіп қонғайсың.
Жжем
шашайын, тойып ал,
Сонда
аязға тоңбайсың. /торғайдың бейнесін
көрсету/

Тырна
келді тыраулап,
Тіліп
өтіп аспанды.
Қыздар
көлде жүр ойнап,
Көктем
айы басталды. /қимылмен
көрсету/

Тас
төбеден күн күлді,
Қошеметтеп
оларды.
Қараторғай
былтырғы,
Ұясына
оралды. /қимылмен күн
көрсету/

Бері
келші, кең дала ,
Гүліңді
мен терейін.
Жапырағыңмен
жасыршы,
Құшағыңа
енейін. /гүл теруді көрсету/

Аппақ
болып таң атты,
Түтін
тікке шығады.
Қарлығаштар
қанатын,
Самғап
биік ұшады./түтінді, құсты, желді
көрсету/

Күміс
қанат шағала,
Ұшып
жүрсің жағада.
Қармағың
жоқ, ауың жоқ,
Шабақ
алдың бағана. /құс боп ұшу/

Отырайық,
жүрелеп,
Гүлді
үзіп алайық.
Орнымыздан
түрегеп,
Басқа
гүлге барайық /отыру, гүлді үзу,
тұру/

Біз
кшкентай балдырған,
Сескенбейміз
жаңбырдан.
Төбемізге
қол шатыр,
Алдымызда
жол жатыр.
/
дөңгелеп тұру, қолды жоғары
созу/

Бүгін
ерте тұрайық,
Сауық
сайран құрайық.
Зообаққа
барайық
Тамашалап
қайтайық. /қимылмен жаттығу/

Төбемнен
қар жауады,
Боран
бетке соғады.
Ойнап
жүрген балалар,
Қызарып
беті тоңады.
/қардың
жаууы, алақанмен қимыл,
тоңғанын
көрсету/
Тұрмайды бұл құс бұл
жақта,
Тұрады ол
тек мұз жақта.
Тонуды
сірә білмейді,
Талтаңдап
мұзда билейді. /сол жақты көрсету, мұзда
билеу/

Қолды
созып алдыңа,
Қайшылашы
беріліп.
Ұста мұны
жадыңда,
Кеудең
тұрсын керіліп. /қолды созып, қайшылау,
керілу/

Бүйір
таян сол қолмен,
Көтер
қанат оң жақтан.
Қайталашы
сол жолмен,
Иіліп
тез, сол сақтан. /бүйір таяну, оңды,
солды
иілу/

Алмастырып
қолыңды,
Серме
енді қаттырақ.
Қимылдатар
жаныңды,
Қозға
иықты, сақ бірақ. /иықты қозғау,
қимылдау/

Тірей
бүйір тағы да,
Қолың
тұрсын оңаша.
Алды-артына
жаныңа,
Керілші
кең доғаша. /керілу, доға
жасау/

Қозғалт
қолды иықтан,
Әрі-бері
сермелеп.
Жауырыныңа ұйып
қан.
Қалмас
үшін, терлеп кеп. /қолды артқа қою, алды-артқа
айнал/

Шалқай
артқа барынша,
Қос
құлашты керіп кеп.
Қинағаны
бармұнша
Деме,
жаса, сергек тек./артқа шалқаю, қолды
керу/

Тіп-тіке
ғып бойыңды
Мықыныңнан
ұсташы
Күтірлетіп
мойныңды
Айналдыршы, қысқасы. /қолды мықынға қойып,
мойныңды айналдыру/

Еңкей
төмен тізеден,
Бостау
ұстап беліңді.
Серпіл,
қайта үзе дем,
Көтер
қолды сенімді. /демалу, қол
көтер/

Қимылдасаң
дұрыстап,
Күш өседі
еселеп.
Бойың
жүрмей құрыстап,
Жуымайды
кесел тек. /қимылмен
көрсету/
