Серіктестік іс-әрекетін
белсендіру жаттығулары
«Курчатов қаласының №1 жалпы
білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара
Сагындыковна
Мақсаты: топ мүшелерін бір-біріне
жақындастыру, өзара қарым-қатынасты
кеңейту,
серіктесіп әрекеттесуді
белсендіру.
Сәлемдесу.
Ширату. Психогимнастика жаттығуларын
қолдану.
Өзіне сенімсіздікті
төмендету үшін келесі жаттығуларды
ұсынамыз.
1-жаттығу «Піл
қалай түшкіреді?» (5-7 минут)
Жүргізуші
қатысушыларға сұрақ қояды : «Пілдің түшкіргенін естідіңдер ме?»
Көбі жоқ деп айтуы мүмкін. Жүргізуші қатысушыларды үш топқа бөледі.
Бір топ «ащы» деп, екінші топ «тұщы», үшінші топ «басшы» деп
айқайлайды. Жүргізуші дабылы бойынша әр топ өз сөздерін айқайлайды.
Осы дыбыс піл түшкірігі деп
саналады.
2-жаттығу
«Сенімділік белгісі» (5-7 мин)
Барлығы шеңбер құрып
тұрады. Жүргізуші топтан қатысқысы келген үш адамды ортаға
шақырады. Оларға үш адамнан бір затты сұрап алу ұсынылады және өзін
қалай ұстау керектігі алдын – ала келісіледі. Тапсырма әр
қатысушының құлағына сыбырлап
айтылады.
Бірінші- өз-өзіне
сенімді адам
Екінші- өзіне
сенімсіз адам
Үшінші-
агрессивті адам
Топқа талдау
ұсынылады. Қандай белгілер арқылы біз адамның өзіне қаншалықты
сенімді екенін анықтадық (жүрісі, тұрысы, ым,
ишарасы).
3-жаттығу «Сүйікті өз-өзіңе
хат» (10-15
минут)
Мақсаты: өзінің ішкі дүниесінің
үйлесімділігін сезінуге мүмкіншілік беру;
«Мен» бейнесін эмоционалды
тұрғыда қабылдауы.
Біз әртүрліміз. «Мен» деген
бейне «жақсы» не «жаман» деп айтуға бола
ма?
Жоқ, дұрыс ішкі дүние
болмайды. Бірақ, ішкі дүние үйлесімді және үйлесімсіз болады.
Өз-өзің мен үйлесімділікке жету үшін «Мен» деген бейнені
эмоционалды тұрғыда қабылдауға
көмектеседі.
Енді бүгін айтқанның барлығын
біртұтас жинақтап сүйікті өз-өзіңізге хат жазыңыз. Жаттығудың
қорытындысы ретінде хаттарды оқуға болады, егер авторы келісім
берсе.
Рефлексия:
өткен сабақтан алған әсері туралы
айту. (10-12
минут)
Коммуникативтік
дағдыны қалыптастыру
Амандасу.
Ширату. Психогимнастика
жаттығуларын қолдану.
1 – жаттығу «Сезімдер
әлемі» жаттығуы. (5-6
минут)
Жүргізуші әрбір оқушыға екі
таратпадан алуды ұсынады. Сары және жасыл түстерде төмендегі
сезімдер келтірілген.
Сары
таратпалар
|
Жасыл
таратпалар
|
Қуаныш, үміт,
таңдану, махаббат, салмақтылық, мейірім, батылдық, достастық,
сенімділік.
|
Қайғы мұң, ашу,
қысым, қорқыныш, кек, бейғамдық, қызғаншақтық, реніш, өзіне риза
болу, қулық.
|
Жеткіншектер таратпадағы кезекпен сезімдерді
вербалды емес түрде көрсетеді.
-
Жүргізуші сұрақтар
қояды?
-
Қандай сезімді
көрсеткен жеңіл?
-
Көрсету кезінде
қандай қиындықтар туындайды?
-
Тапсырманы орындауға
не көмектесті?
2-жаттығу. «Мимикалық
ситуация» (9-10
минут)
Қатысушылар үш топқа
бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып үлістірмені
таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыптары
берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, пантомимикалық
ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын
табады.
3-жаттығу
«Айна» (9-10
минут)
Қатысушылар 2-і шеңбер (ішкі
және сыртқы) құрып тұрады. Жүргізушінің дабылы бойынша ішкі
шеңберде тұрғандар, сөзсіз (ым, ишара) арқылы өзіне сенімді, өзіне
сенімсіз және дөрекі адамды бейнелейді. Ал сыртқы шеңберде тұрған
адамдар бейнеленген образды табу керек. Егер ол дұрыс тапса,
екеуіде қолдарын көтереді. Сонан соң шеңберлер рөлдерін ауыстырады.
Жүргізуші дұрыс жауаптар санын белгілейді. Жаттығу аяқталғаннан
кейін талқылау жүргізіледі.
Рефлексия:
4-жаттығу
«Қуаныш» (9-10
минут)
Қатысушыларға бейнелеу құралдары
арқылы «қуаныш» суретін салу ұсынылады, яғни
топтың жұмысты орындауда көтеріңкі көңіл-күйіне ықпал етеді,
барлығына еркіндік беріледі (не салғысы келседе). Суреттерге салған
адамның аты жазылмайды.Орындап болғасын барлық суреттер жиналып,
араластырылады. Әр қатысушылар шеңбер бойымен суреттерді көріп, өз
ойымен бөліседі.
Жүргізуші «Қуаныш» түсінігінің
айырмашылығын әркімнің қалай елестетініне назар аударады.
Талқылаудан кейін қорытынды жасалып, адамдар бір нәрсені әр - түрлі
түсінетін анықтайды. Суреттер қайтадан жиналып, әр қатысушы өзінің
бейнелегенін тауып алу ұсынылады.
Талқылау кезінде: өз суретін
тауып алу қиын әлде жеңіл болды ма?
Жетекші әркімнің
қайталанбас, таптырмайтын адам екендігіне
келтіреді.