серуен ересек тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

серуен ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге серуенді дұрыс өткізу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ кіші топ Серуен №1. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

«Күз» Күзгі табиғатқа бақылау

Күзгі табиғаттың құбылыстарына, күн шуағына, аспанға, бұлттарға, желге.

Мақсаты:

Күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу. Табиғатты қорғуға, оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Сурет мазмұнына сәйкес жұмбақ шешу.

Сұрақтар:

-Жылдың қай мезгілі?

-Ауа-райы қандай??

-Жапырақтың түсі қандай?

-Күн бұлтты ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде болады?

(күз)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күз көрінісімен таныстық.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында барлық балалар жаппай марапаттау алды.

Ойын

«Кім көп сөз біледі?» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында жылдам, тез әңгіме құрайды. «Жел» суреті болса желдің пайдасы мен зиянын айтады.

Мақсаты:

Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып жылдамдыққа, ойлампаздыққа тәрбиелеу.

Еңбек

Түскен жапырақты жинау.

Мақсаты:

Түрлі-түсті түстерді ажырата алуға, қол еңбегімен жұмыс жасауға үйрету.

Жеке жұмыс

Серуен кезіндегі негізгі мақсатты түсінбеген балалармен жеке жұмыс жасау.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №2. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Жауын-шашынға бақылау

Табиғаттың құбылыстарына, бұлттарға, жауын-шашынға.

Жауын-шашын өте пайдалы. Егер жауын болмаса ауа ластанып кетеді. Жауыннан соң өсімдік түрленіп, өседі. Жауын-шашынның түрлері: - Бұршақты; - Нөсер жауын; - Сіркіреп жауатын жауын; Бұршақты жауын қатты жауса егінді тесіп жібереді.

Мақсаты:

Жауын-шашын жайында толық түсінік беру. Пайдасы мен зиянын ажырата білу, тілдерін дамыту.

Сұрақтар:

- Жауын-шашынның пайдасы қандай?

- Жауынның зияны?

- Сендер ұнатасыңдар ма жауынды?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Жаңбыр»

Алатаулар бауырына,

Атам-әжем ауылына.

Ақша бұлттар ауа берші,

Жау-жау жаңбыр, жауа берші.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Егінге пайдасын білдік.

Бұршақтың зиянды екенін білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ойын

«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.

«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:

Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту қабілетін дамыту.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Еңбек

Аула гүлдеріне су құю.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Серуен кезіндегі әсерлерімен бөлісу.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №3. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Кемпірқосақты бақылау

Жауын-шашыннан кейінгі ауа-райы құбылысына, жауыннан кейін шыққан күнге, табиғат өзгерісіне бақылау жасау. Жаңбырдан соң пайда болатын кемпірқосаққа көңіл аудару. Кемпірқосақ – жауын-шашыннан кейін аспанға түрленіп, дөңгеленіп шығады, жеті түрлі түстен тұрады.

Мақсаты:

Кемпірқосақ жайында толық түсінік беру. Түстерімен таныстыру. Түстерді ажырата алуға үйретіп, зейінін аудару.

Сұрақтар:

- Жауын-шашыннан кейін ауа-райы қандай?

- Кемпірқосақ аспанға неге және қай кезде шығады?

- Оның неше түсі бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Кемпірқосақ»

Күркіреді күн, күн,

Терезелер шың, шың.

Жауды жаңбыр топ,топ,

Кемпірқосақ көп, көп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Кемпірқосақ жайында білдік.

Жауыннан кейін шығатынын білдік.

Ол жеті түрлі түстен тұрады.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ойын

«Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді, «Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.

Мақсаты:

Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Еңбек

Ойыншықтарды жуып, орнына қою.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №4. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Саңырауқұлаққа бақылау

Жауын-шашыннан кейін орманда тал арасында саңырауқұлақ көп шығады. Адамға саңырауқұлақ жеген өте пайдалы. Олардың пайдалысы, зияндысы бар. Сондықтан, адамдар олардың түрлерін білуі тиіс.

Мақсаты:

Жабайы саңырауқұлақ пен жеуге жарамды саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін ажырата алуға үйрету. Аттарын жаттау.

Сұрақтар:

- Саңырауқұлақ қай жерде шығады?

- Саңырауқұлақтың бәрін жеуге бола ма?

Адамдар не үшін жейді саңырауқұлақты?

- Саңырауқұлақ сендерге ұнайды ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Саңырауқұлақ»

Жауынды сүйеді, басында домалақ қалпағы бар. Ол не?

(саңырауқұлақ)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін білдік.

Олардың жейтін және жеуге болмайтын түрлері бар екенін білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ойын

«Асық ату» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар асықты бір қатар бойына тігіп, соны өз сақаларымен дәлдеп атады. Кім көп асық атып алады сол бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып, ұлттық тәрбие беру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Еңбек

Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.

Мақал-мәтел:

«Ер дәулеті – еңбек».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

«Күз ағашы»

Күз ағашына бақылау

Күз ағашы – ол көктемде жапырағы көгеріп, жайқалып тұратын ағаш. Күз мезгілі жеткенде ағаш жапырағы сарғаяды. Алма ағашы, қайың, емен, жөңке ағашы, жеміс ағаштары тағы да басқа ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Тек қана шырша ғана қысы-жазы жасыл қалпында болады.

Мақсаты:

Күз ағашы туралы ұғымдарын бекіту. Табиғаттың күз мезгілінде өзгеретінін айтып жеткізу. Күз ағашының ерекшелігімен таныстыру.

Сұрақтар:

- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?

- Несімен ұнайды?

- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде болады?

(күз)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ағаштың ұзақ өмір сүретіні жайында.

Күзде жапырақтардың өзгеретіні жайында білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ойын

«Жапырақ жинау»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ жинауға кіріседі. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз болады.

Мақсаты:

Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып, түстерді ажырата алуға үйрету.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Еңбек

Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Түскен сары жапыраққа бақылау

Жапырақтың түсі неге сары? Сары болатын себебі – ол күз мезгілінде сарғайып жерге түседі. Күз мезгілі аяқтала өз «киімдерінен» айырылып, қысты тек бұталарымен өткізеді. Ал, көктем, жазда қайта бүршік атып, жапырақ жаяды.

Мақсаты:

Балаларға жапырақтың өсуі жайында, әр мезгілде түрленетіні жайында айтып, түсіндіру. Талды сындырмауға, табиғатты аялауға үйретіп, тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?

- Несімен ұнайды?

- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде болады?

(күз)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жапырақтың әр түске енуін.

Талды сындырмауды.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Ұзындыққа секір»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар бір-бірден қатарға тұрып, сызық сызылады. Мәреге дейін сол орынында тұрып секіруі тиіс.

Мақсаты:

Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Еңбек

Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды жинау. Әр түсті жапырақтан әр түрлі жұмыстар жасау.

Мақал-мәтел:

«Татулық – табылмас бақыт».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №7. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Ұшатын құстарға бақылау

- Құстар әр түрлі болады. Біз тек ұшатын құстарды қарастырамыз. Күзде құстар жылы жаққа ұшуға қамданады. Себебі, жазда, жылы жақта тіршілік ететін құстар қысқа қалса олар өмір сүре алмайды. Әр құстың мекендейтін жері бар. Солардың ішінде қарға қысы жазы бір орында мекен ете алады. Өйткені ол құс төзімді келеді.

Мақсаты:

Балаларға құстар жайында түсінік беру. Құстардың тіршілігімен таныстыру.

Сұрақтар:

- Қандай құс қысқа төзімді?

- Сендер қандай құсты жақсы көресіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Құстардың тіршілігімен таныстық.

.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Арқан тарту»

қимылды ойыны

Ережесі:

Арқанды балалар тәрбиеші бұйрығынан кейін екі жаққа тартады.

Мақсаты:

Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Еңбек

Алаңды тазарту, үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Еңбексіз өмір – сөнген көмір».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №8. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Тірі табиғатқа бақылау

- Табиғат екі түрге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат. Тірі табиғат – адам, өсімдік, жануарлар, жәндіктер. Ол – тіршілік көзі. Өседі, дамиды, қимылдайды.

Өлі табиғат – тау, тас, құм, ауа, су. Бір орында тұрады, өніп, өспейді.

Мақсаты:

Балаларға өлі және тірі табиғат жайында ақпарат беру, ажырата білуге үйрету.

Сұрақтар:

- Табиғат неше түрге бөлінеді?

- Шегіртке өлі табиғатқа жата ма, әлде, тірі табиғатқа жата ма?

- Не себепті?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ат басты, арақар мүйізді,

Бөрі кеуделі, бөкен санды.

Ол не?

(шегіртке)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

. Өлі табиғат, тірі табиғат жайында білдік.

.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету.

Еңбек

Алаңды тазарту, үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарар».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №9. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Топыраққа бақылау

- Топырақ – табиғаттың бір бөлігі. Оны адамдар өзінің қажетіне жаратады. Өйткені топырақ болмаса, біздің жеп отырған нанымыз, асымыз болмас еді. Топырақтың құнарлысы және шірігі болады. Құнарлы топырақта барлық өсімдік жақсы өседі.

Мақсаты:

Балаларға топырақтың пайдасы, зияны жайында айтып, түсіндіру. Ойлану, сөйлеу қабілетін арттыру. Тілдерін дамыту.

Сұрақтар:

- Топырақтың адамға қандай пайдасы бар?

- Топырақ табиғаттың қандай түріне жатады?

- Не себепті?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Дала десем, мал елестер көзіме,

Дала десем, дән елестер көзіме.

Дала десем, ән естілер құлаққа,

Мұның бәрі топырақтан жаралған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Топырақтың қасиетін, пайдасы жайында білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Асық ату - алшы»

қимылды ойыны

Ережесі:

Үш бала шығып сақаларын лақтырады.

Бірінші кезекте –алшы түссе,

екінші кезекте – тәйке түссе, үшініш кезекте – бүк түссе,

төртінші кезекте – шік түссе осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Балаларға асық ойындары жайында білім беру. Асық ату, ойлау дағдыларын қалыптастыру, ептілікке баулу.

Еңбек

Алаңды өскен, сарғайған арам шөптерді жұлу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарар».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №10. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Фикус гүліне бақылау

- Бөлмеде өсетін фикус гүлінің жапырағы жалпақ, адамның денсаулығына пайдалы. Ол ауаны тазартып тұрады. Бір ғана фикус гүлінің әр түрі бар. Оның бірі жарықты сүйсе, бірі жарықты қажет етпейді.

Мақсаты:

Бөлме гүлінің пайдасы жайында, олардың күтімі жайында айтып, түсіндіру. Гүлдерді жақсылап күтуге тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Фикус қандай гүл?

- Олардың адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Апай екті алаңға,

Фикусты жұпар өсетін.

Фикус ұнап маған да

Жасыл әлем жасасын.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Гүлдердің адам ағзасына пайдасын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Орамал тастамақ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді. Әуен тоқтағанда ойын бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс. Орамалға кім бірінші келеді, сол бала жеңімпаз атанып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға, ептілікке тәрбиелеу.

Еңбек

Гүлдерді жапырағын жуу.

Мақал-мәтел:

«Ер дәулеті – еңбек,

Еңбегіне қарай өнбек».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №11. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Қайыңға бақылау

Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін, әдемі, көпжылдық ағаш. Ол көктемде ерте бүршік жарып, жапырағын кеш түсіреді. Оның көп түрлері бар. Бұтағы мен діңі берік. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік береді. Қайың шырынының емдік қасиеті мол. Сусын ретінде де пайдаланады.

Мақсаты:

Балаларға жалпы ағаштар жайында, оның ішінде қайың ағашы жайында түсінік беру. Өсу жолы мен пайдасын айтып өту. Оларды сындырмауға, аялауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қайың қандай ағаш?

- Жапырақтары күз соңында қандай болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бүршігі мен қабығы-ем, шырыны бар,

Қасиетін қайыңның ұғыныңдар.

Теңеп оны сыланған сұлу қызға,

Сусын жасап ішетін шырыны бал.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қайыңның көпжылдық ағаш екенін.

Қасиеті мен пайдасын және сұлулығын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Орамал тастамақ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді. Әуен тоқтағанда ойын бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс. Орамалға кім бірінші келеді, сол бала жеңімпаз атанып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға, ептілікке тәрбиелеу.

Еңбек

Қайың ағашының жанын тазарту..

Мақал-мәтел:

«Ер дәулеті – еңбек,

Еңбегіне қарай өнбек».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №12. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Еменге бақылау

Діңі жуан, әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Емен ағашы таулы аймақтарда болады. Ол гүлдеп, жеміс салады. Көктемгі гүлдері қызғылт түсті, жеміс салады. Ағаштың жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Бұл ағаш 200 жылға дейін өмір сүріп, жәй өседі. Діңі мықты болғандықтан, одан есіктер мен терезелер жасалады. Жаңғақ арқылы көбейеді.

Мақсаты:

Балаларға емен ағашы жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту.

Сұрақтар:

- Емен қандай ағаш?

- Ол қалай көбейеді?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен

Екі мың жыл жасаған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Еменнің пайдасы, қасиеті жайында.

Жаңғағы арқылы көбейетінін.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Еңбек

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №13. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Бегония өсімдігіне бақылау

Көркем жапырақты, гүлдейтін өсімдік. Қызғылт көк түсті жапырақтары көз тартады. Бұл гүлдердің күтімдері де әр түрлі болады. Өсімдікті үш күнде бір суарса жеткілікті. Ал, қыста аптасына бір рет суарады. Ол тұқымы мен бұталары арқылы көбейеді.

Мақсаты:

Балаларға бөлме гүлі бегония гүлімен таныстыру. Оларды аялап күтуге үйрету.

Сұрақтар:

- Бегония өсімдігінің жапырағы қандай?

- Өсімдікті қалай суарады?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бегония бөлмеде,

Бақшада да өседі.

Көркемдеуге көшені

Қолайлы гүл деседі.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өсімдіктің бұталары мен тұқымы арқылы көбейетінін білдік.

Әдемі, қызғылт гүл.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Қыз қуу»

қимылды ойыны

Ережесі:

Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі қуады. Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт. Ал, жете алмаса, келесі айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.

Еңбек

Гүлдерге су құю, жапырақтарын тазарту.

Мақал-мәтел:

«Бейнет түбі - зейнет».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №15. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Қарағай ағашына бақылау

Мәңгі жасыл өсімдік таулы аймақтарда кездеседі. Ол өте тез өседі. Жер шарында 100 – ден аса түрі бар. Тамыры жайыла өседі. Сондай-ақ, жай және тез өсетін түрі бар. Қарағайдың бүршіктері өте әдемі. Одан неше түрлі бұйымдар жасалады.

Мақсаты:

Балаларға қарағай ағашы жайында толық түсінік беру. Өсуі мен пайдасын айтып, түсіндіру, тілдерін дамыту. Ерекшелігін көру.

Сұрақтар:

- Қарағай қанша жыл өмір сүреді?

- Ол қандай ағаш?

- Адамға қандай пайдасы бар?

- Қайда кездеседі?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Өрмелеген баладай,

Өсер тауда қарағай.

Қияда тұрар қасқайып,

Қиындығына қарамай.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Тұқымы мен қалемшелері арқылы көбейеді.

Көпжылдық өсімдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Дойбы»

Ойыны

Ережесі:

Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялған. Екі адам кезектесіп, бір-біріне қарсылас болып ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.

Еңбек

Ойыншықтарды жуу, орнына қою.

Мақал-мәтел:

«Жақсы бала – елдің ырысы».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №16. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Күздік жемістерге бақылау

Күздік жемістер – күз мезгілінде пісетін бау-бақша өнімі. Олар: алма, өрік, қарақат, алхоры, шие, алмұрт,долана, алша, анар, т.б.

Мақсаты:

Балаларға жемістерді ажырата білуге, дәміне қарай атап, адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін айту. Жемістерді күтуге, сақтай білуге үйрету.

Сұрақтар:

- Сендерге жемістер ұнайды ма?

- Қандай жемістерді білесіңдер?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қыста, жазда, күзде де,

Тұрады жасыл түске еніп.

Шипасы мол шыршаның,

Тыңайтар бізге күш беріп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күздік жемістердің пайдалы екенін.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Қарғымақ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жақтан екі арқанды ұстап тұрады.. Ортасынан балалар біреулеп қарғып секіреді.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Еңбек

Ойыншықтарды жуу, орнына қою.

Мақал-мәтел:

«Жақсы бала – елдің ырысы».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен 17. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Солған гүлдерге бақылау

- Балалар, гүлдер неге солып барады? Қазір күз мезгілі. Күн суытты. Сол себепті гүлдер күн көзін көбірек қажет етіп тұр.

Мақсаты:

Балаларға гүлдің солу себебін түсіндіру. Оған аянышпен қарап, оны күтіп, баптауға үйрету.

Сұрақтар:

- Гүлдер неге солады?

- Қандай гүлдерді білесіңдер?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қызыл, жасыл гүл егіп,

Баптап күттік, түрлеттік,

Қалмасын деп қуарып

Көптеп-көптеп су бердік.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Гүлдің неге солатынын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Соқыр теке»

қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір баланың көзін байлап, ортаға шығарады. Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп, қашып жүреді. Оның қолына түскен бала ойында ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Еңбек

Топ гүлдеріне су құю. Жапырақтарын тазарту.

Мақал-мәтел:

«Жақсы бала – елдің ырысы».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №18. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы

Мерзімі:

Бақылау

Бұлттарға бақылау

Аспанда жауын жауар алдында жиналады. Бұлт ұлпа мақта секілді ақ болады. Бұлт дегеніміз – ол су бетінен жиналған бу.

Мақсаты:

Балаларға ауа-райы құбылыстарымен таныстыру, өз бетінше ауа-райын бақылай алуға үйрету. Сол жайында өз сөзімен әңгімелеп айтып беруге баулу.

Сұрақтар:

- Бұлт қай кезде шығады?

- Ол күн көзін неге жабады?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Көзі жасты жылауық,

Келе жатыр бір алып.

Ол не?

(бұлт)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Бұлттардың аспанды жапқанда жауын жауатынын білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Білектесу»

қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала бір-біріне қарама-қарсы отырып, шынтағын үстелге тегіс тигізе, қол күштерін сынасады.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №1. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойыншықтар әлеміне бақылау

- Балалар, бүгін біз сендермен ойыншықтар әлеміне саяхатқа келдік. Барлық балалар өздеріне ұнаған ойыншықтармен ойнап, соларға ат қояды. Өздері ойыншық сатушы, бірі алушы болып ойнайды. Ойыншықтардысендер үшін жасайтын зауыттар болады. Сондықтан ойыншықтармен сындырмай, ұқыпты болып ойнау керек.

Мақсаты:

Балаларды ұқыптылыққа, жинақылықа баулу. Ойыншықта әлемінде сатушы мен сатып алушының арсыдағы қарым-қатынас арқылы әдептілкке баулу.

Сұрақтар:

- Балалар ойыншықтар сендерге ұнады ма?

- Дүкенші қандай болуы тиіс?

- Сендердің ең жақсы көретін ойыншықтарың қандай, аты қалай аталады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ойыншықтардың адамдарға қандай пайдасы бар екенін білдік.

Оларды ұқыптап, күтіп ұстау керектігін.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Соқыр теке»

қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір баланың көзін байлап, ортаға шығарады. Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп, қашып жүреді. Оның қолына түскен бала ойында ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Еңбек

Топ гүлдеріне су құю. Жапырақтарын тазарту.

Мақал-мәтел:

«Жақсы бала – елдің ырысы».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №2. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Жемістерге бақылау

- Балалар, күзде жеміс-жидектердің барлығы пісіп, бау-бақша өнімдері көбейетінін білеміз. Жемістерде дәрумендер көп болады. Жеміс-жидекті үнемі пайдаланған баланың дені сау, әрі шымыр болады. Жемістер балалар, жеміс ағаштарынан шығады.

Мақсаты:

Күзгі табиғатқа бақылау жасай алуға баулу. Табиғат берген байлықтарды күтіп-баптауға үйрету. Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Балалар жемістер сендерге ұнады ма?

- Жемістер қайда пісіп жетіледі?

- Сендердің ең жақсы көретін жемістерің қандай?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Өрікпін мен, өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Пісіп тұрған шағымда

Алар екен теріп кім?

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жемістер өте пайдалы.

Онда көптеген дәрумендер бар..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Сатушы»

Ойыны

Ережесі:

Балалар рөльге кіріп ойнайды. Өз бетінше керекті заттарын сатып ойнайды. Өзге балалар сатып алушы.

Мақсаты:

Балаларды ұқыптылққа баулу. Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету.

Еңбек

Алаңды қажетсіз заттардан тазарту.

Мақал-мәтел:

«Жақсы бала – елдің ырысы».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Көкөністерге бақылау

Балалар, сендер жақсы білесіңдер, көктемде табиғат жаңаша күйге енеді. Жаңадан шөп шығып, өсімдіктер өседі. Осы кезде бау-бақшаны баптап, көкөністер отырғызамыз. Көкөнісдердің бірнеше түрлері бар. Адамдар оларға су құйып, баптайды. Әрбір көкөніс дәнегінен (тұқымынан) пайда болып, өседі. Біздің күнделікті жеп жүрген тағамдарымыз - көкөністер сол бау-бақшаның өнімі. Көкөністердің адам ағзасына пайдасы мол.

Мақсаты:

Көкөністер жайлы түсінік беру. Оларды атай алуға, жемістерден ажырата алуға баулу. Көкөністердің шығатын жерлерін айтып түсіндіру. Өз бетінше еңбектенуге баулып, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбииелеу. Сұрақтар:

- Көкөністердің қандай түрлерін білесіңдер?

- Жылыжайлар не үшін керек?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Басы үлкен табақтай, Мойнын созған күнге алыс,

Собық діңі таяқтай. Бұл шіркінмен кім таныс?

Дыбыс сүзгіш секілді ол, Ол – пісте май, шемішке,

Күнді аңдиды таң атпай. Ол кәдімгі - ...... (күнбағыс)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көкөністер жайында білдік.

Көкөністердің дәрумені мол.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау

Ойын

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Еңбек

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Күздік бидайға бақылау

Балалар, күзде егістіктердегі бидай піседі. Оны орып, жинап, қамбаға құяды. Содан кейін жуып, кептіріп, тазалап диірменге өткізеді. Диірменнен шыққан ұннан әртүрлі тағамдар дайындайды. Бидайдың масағын жинап алғаннан кейін сабағын малға қорек (шөп) ретінде қолданады. Сендердің күнделікті жеп жүрген торт, печенье, тәтті нандарың міне, осы бидайдан жасалады.

Мақсаты:

Бидай жөнінде түсінік беру. Күзгі табиғаттың адамзатқа тигізер, берер өнімі жайлы ұғындыру. Еңбектенуге баулу. Нанды қадірлеуге үйрету.

Сұрақтар:

- Бидай қай жерде өсіріледі?

- Бидайдан қандай тағамдар жасалады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Бидайдың адамға пайдасы жайында білдік.

Бидайдан жасалатын өнімдер жайлы білдік.

Диқаншы еңбегі ауыр..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Тоғанда балықтар жүзеді»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді. Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады. Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №5. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Нанның келу жолдарына бақылау

Балалар, күзде егістіктердегі бидай піседі. Оны орып, жинап, қамбаға құяды. Содан кейін жуып, кептіріп, тазалап диірменге өткізеді. Диірменнен шыққан ұннан әртүрлі тағамдар дайындайды. Бидайдың масағын жинап алғаннан кейін сабағын малға қорек (шөп) ретінде қолданады. Сендердің күнделікті жеп жүрген торт, печенье, тәтті нандарың міне, осы бидайдан жасалады. Бидайды баптайтын адамды диқан деп атайды.

Мақсаты:

Нанның тұқымдық бидайдан нан болып, дастарханға жеткенге дейінгі өтетін кезеңдерін, еңбек мазмұнын түсіндіру.

Сұрақтар:

- Нан дастарханға қалай келеді?

- Бидайдан қандай тағамдар жасалады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Нанның жасалу жолдарын білдік.

Бидайдан жасалатын өнімдер жайлы білдік.

Диқаншы еңбегі ауыр..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Тоғанда балықтар жүзеді»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді. Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады. Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №6. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ертегілер еліне бақылау

Балалар, бүгін біз сендермен «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Ертегі деген - адамның қиялынан шығып, шындыққа айналса деген арманынан пайда болатын дүние. Ертегіден адамдар нағыз ержүрек, батыр, қорқақ, жаман іс-әрекет, жақсылық, зұлымдық пен адалдықты көреміз. Ертегілер әруақытта тек жақсылықпен аяқталады.

Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Белгіленген тақырыптағы ертегіні көрсете отырып, оның бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ертегіге терең бойлай отырып елестетуге, сезінуге, өзін-өзі бағалай алуға, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелеу. Шындық пен қиялды ажырата алуға дағдыландыру.

Сұрақтар:

- Ертегі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қандай ертегіні ұнатасыңдар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ертегі адамның арманынан шығады.

Кез-келген ертегі жақсылықпен аяқталады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Түн мен күн»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балаларға «Түн!» белгісі берілгенде олар «ұйықтайды». «Күн!» белгісінен кейін қуанып, ойнайды. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Еңбек

Ертегі кейіпкерлерінің еңбегімен танысу, үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №7. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

ҚР Рәміздеріне бақылау

Балаларға ҚР Рәміздерін көрсете отырып, олар жайлы айтып беру. Рәміздерге - Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Әрқайсысы біздің еліміз жайлы айтып тұр. Елтаңбада қазақтың барлық өмір салтын бейнелейтін бейнелер, Әнұранда тәуелсіз елдің арманы мен тілегі айтыса, Тудың түсі бостандық пен бейбітшілікті көрсететін аспан түсі мен қыран құс, күн бар. Бұларды қадірлеу әрбір азаматтың борышы. Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Еліміздің қасиетті белгілері жайында айтып түсіндіру. Бала бойына Отансүйгіштік қасиетті дарыту. Есте сақтай алуға жағдай жасау.

Сұрақтар:

- ҚР Рәміздеріне не жатады?

- Олардын қандай бейнелер көріп тұрсыңдар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жалауымда көгілдір, Әні сөзбен толығып,

Күн күледі төгіп нұр. Маздар бойда мол үміт.

Қыран бейне қанатты, Намыс, жігер жұпатсқан,

Көкке самғар елім бұл. Ол - Әнұран! Зор РУХ!

Төрт түлігім бақ үйсін,

Серттен тайсам дәм ұрсын.

Елдігімді, ғұрпымды,

Елтаңбамнан танырсың!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ертегі адамның арманынан шығады.

Кез-келген ертегі жақсылықпен аяқталады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №8. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Хатқа бақылау

Хат –ақпарат алмасу көзі болып есептеледі. Ол арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Бір-бірінің амандығын біледі. Ертеде адамдар қаламсап болмағанда құстың қауырсынын пайдаланған. Хат тасушы ретінде үйретілген құстары болған. Қазіргі кезде адамдарға хат алмасу көп жеңіл. Өйткені, хатты жеткізетін техникалардың түрлері көбейді.

Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Балаларға хат жайында, оның жазылуын көрсету арқылы білімін толықтыру.

Сұрақтар:

- Хат не үніш қажет?

- Ертеде хат тасушы қандай жануарлар болған?

- Хат жазу білесің бе?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Хат жазамын» Л.Мырзахметова

Қалам алып қолыма, Құрбы-құрдас, достарға,

Хат жазамын анама. Бауырға да, ұстазға.

Әкемді де қуантып, Хат арқылы тілеймін

Сәлем айтам ауылға. Амандықты баршаға!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Хат жазу адамға қуаныш сыйлайды.

Хат арқылы хабарласамыз.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №9. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Тікұшаққа бақылау

Көліктердің бірі әуе көлігі – тікұшақ. Ол адамдарды керек жеріне лезде жеткізеді. Оның аты айтып тұғандай, ол аспанға бірден тік көтеріледі. Өте үлкен бұл әуе көлігі өте қолайлы. Оның ұаштын жері жазық алаңқай болуы керек. Себебі оның төбесіндегі айналатын қалақшалары іске қосылғанда өте күшті жел болады. Оны арнайы оқып, дайындалған мамандар ғана ұшыра алады.

Мақсаты:

Көліктерді еске түсіре отырып, тікұшақ жайлы түсінік беру. Тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше әңгімелеп беруге үйрету.

Сұрақтар:

- Тікұшақ қандай қызмет атқарады?

- Ол аспанға қалай көтеріледі?

- «Әуе көлігі» деп не себепті айтамыз?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Ұшқыш болғым келеді» Қ.Аманжолов

Айға әнін тыңдатқан, Ұшқыш болмай немене!,

Ақын жырын жырласа, Қуат бітті денеме,.

Таңшолпанын қуантқан, Қанатым бар қайыспас!

Ұшқыш болғым келеді!. Ұшқыш болғым келеді!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Тікұшақ өте күшті әуе көлігі.

Ол төбесіндегі қалақшаларының көмегімен ұшады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №10. Өткізілетін мерзімі: қазан айы

Мерзімі:

Бақылау

Хат тасушы құсқа бақылау

Хат –ақпарат алмасу көзі болып есептеледі. Ол арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Бір-бірінің амандығын біледі. Ертеде адамдар қаламсап болмағанда құстың қауырсынын пайдаланған. Хат тасушы ретінде үйретілген құстары болған. Қазіргі кезде адамдарға хат алмасу көп жеңіл. Өйткені, хатты жеткізетін техникалардың түрлері көбейді.

Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Балаларға хат жайында, оның жазылуын көрсету арқылы білімін толықтыру.

Сұрақтар:

- Хат не үніш қажет?

- Ертеде хат тасушы қандай жануарлар болған?

- Хат жазу білесің бе?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Әуеде қалықтайды,

Инелік деуге болмайды

Үйден үлкен ол не? (тікұшақ)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Хат жазу адамға қуаныш сыйлайды.

Хат арқылы хабарласамыз.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ойын

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

ІІ кіші топ Серуен №1. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Көктемнің бірінші күніне бақылау

Жыл мезгілдерінің бірі көктем. Көктемнің бірінші күніне, ауа райына назар аудару. Көктемгі табиғат құбылысының өзгерісін бақылау.

Мақсаты:

Көктем мезгілімен танысу, ерекшеліктеріне көңіл аудару. Көктемде табиғаттың біртіндеп оянатынын айту. Сұрақ жауап арқылы сөздік қорын молайту. Көктем мезгіліне деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Көктемнің бірінші күні қандай болып тұр?

- Көктемде қар қайтеді?

- Көктемнің күні қандай болады?

Ағаштар қандай күйде болады?

Табиғат құбылысы қалай өзгереді?

Көктемде қандай мейрамдар бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көктем келді» Ә.Асылбекова

Көктем келді шуақты, Көктем күні шуақты,

Балаларды қуантты. Көктем күні қуатты,

Алақай ау, алақай Мол жағалап суатты,

Көктем қандай, Сай саламен су ақты.

көктем қандай көңілді!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктем мен қыстың күндерін ажырата білуге үйрендік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Күн мен жаңбыр»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.

«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:

Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту қабілетін дамыту.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

Ересек топ Серуен №2. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Күн көзіне бақылау

Көктемде күн жылуын молырақ беріп, жер бетіндегі қарларды ерітеді. Күн де аспан әлеміндегі Жер ғаламшары сияқты бір әлем. Күн көзінің шуағына, жылуына, жарығына баға беру.

Мақсаты:

Көктем мезгіліндегі күннің шығуы туралы балаларға мәлімет беру. Көктемде күннің қызып, жылитынын айту. Түннің қысқарып, күннің ұзаратынын айтып түсіндіруге үйрету. Күн шуағын төгетінін айтып, түсіндіру.

Сұрақтар:

- Көктемгі күннің көзі қандай?

- Күннің түсі қандай?

- Күн туралы не білесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Күн» Ж. Әбдірұлы.

Кең Аспан ғой Ай, Күннің, Кейде кіріп бөлмеме,

Қашаннан-ақ тұрағы. Ол ойнайды айнала.

Кейде сол Күн Айгүлдің Шомылады көкте де,

Көзінде де тұрады. Шуақ шашып қайда да.

а). Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

(Күн шуағы)

ә). Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады

(Күн)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзінің қасиетін, ерекшелігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.

Еңбек

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

Ересек топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Айналадағы табиғат құбылыстарына бақылау

Күн көзінің шуағына, жылуына, жарығына баға беру. Айналадағы табиғат құбылыстарының ерекшелігіне көңіл аудару. Өсімдіктер, құрт-құмырсқа, өзге де жәндіктер тіршілігін қарау.

Мақсаты:

Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы балаларға мәлімет беру, білімдерін кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Көктемде күн қандай болады?

- Көктемде табиғат қалай оянады?

- Жан-жақтағы қандай құбылыстарды байқадыңдар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көктем келді» Б.Серікбаев

  • Әңгімелеу -

Күн сен неге күркірейсің?

Бұлақ неге сылдырайсың?

Құлын неге құлдырайсың?

Гүлдер неге жайнайсыңдар?

Құстар неге сайрайсыңдар?

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзі мұз бен қарды ерітеді.

Көктемнің алғашқы гүлдері әдемі.

Көктемде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Көкпар»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады. Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып, қуады. Ойын осылайша жалғасады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.

Еңбек

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

Ересек топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Қалың қардың еруіне бақылау

Ерте көктемде қар күн жылығандықтан суға айналады. Ол су жерге сіңіп кетеді. Қатты қызғанда қар суға, су буға айналады. Содан соң бу жерге жаңбыр болып жауады.

Мақсаты:

Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы балаларға мәлімет беру, білімдерін кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Күн жылып, қардың еріп, суға айналатындығын, күн қызуының күшейе түскендігін балаларға түсіндіру.

Сұрақтар:

- Күн қызуы қалай түсіп тұр?

- Еріген қар неге айналады?

- Су неге айналады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Еріген қар»

Құрсаған –мұз сауыт, Айрықша кез бұл бір,

Үстінен түсті ауып. Ойқастар жел-дүлдүл.

Демінен бу ұшып, Қыс құлап шатырдан,

Жер жатыр бусанып. Көз жасын көл ғып жүр.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзі мұз бен қарды ерітеді.

Қардың күн көзінің қызуынан еруін.

Көктемде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ойын

«Орамал тастамақ»

қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір бала шеңбердің сыртынан белгі бойынша жүгіріп, орамал тастайды. Оны білдіртпей орнына жүгіріп келіп отыра қалуға тырысады. Орамалдың өз артына түскенін сезіп қалған бала орамалды ала сала жүгіреді. Ұсталып қалса, жеңіледі де келесі ойыншыға кезекті береді. Ал, ұстап алған бала жеңіске жетеді.

Мақсаты:

Шеңберді айналып жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету.

Еңбек

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Жеке жұмыс

Еркін ойын

Ересек топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жиналған су»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Жиналған суларға бақылау

-Балалар қараңдаршы, қар ерігенде, жауын жауғанда сай жерлерге қардың және жаңбырдың суы жиналады. Ол су еш жерге ақпай, сол жерге сіңіп кетеді, буға айналады. Буға айналған соң ол қайта жерге жаңбыр, қар болып жауады.

Мақсаты:

Балаларға еріген қардан кейін үлкен көлшіктер пайда болатынын түсіндіру. Жиналған шалшық сулар туралы мәлімет беру.

Сұрақтар:

- Еріген судың пайдасы бар ма?

- Еріген қар неге айналады?

- Су неге айналады?

- Шалшық қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ақ қар еріп, Төл жамырап,

Су көбейіп, Жайлау малға толады.

Сай-салада ағады. Бөбектерім айтыңдаршы,

Мал маңырап, Бұл қай кезде болады?

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзі мұз бен қарды ерітетінін.

Шалшық судың қайдан пайда болатынын.м

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Көшедегі көліктер»

«Торғайлар мен автомобильдер»

қимылды ойыны

Көшедегі көліктерге бақылау

-Балалар, ертеде адамдар алыс алыс жерлерге жануарлар арқылы барған. Оларға екі дөңгелекті арба жегіп, жүк таситын. Алғашқы көлік атсыз жүретін «Корета» сияқты болды. Кейірінек двигательді ойлап тауып, уақыт қте келе көліктің сыртқы келбеті өзгере бастады және двигательдің қуаты арта бастады. Көліктерді «Транспорт» деп атайды. Транспорт әрқалай қозағалады және олар «Әуе көлігі», «Жерде жүретін көлік», «Су көлігі» деп бірнеше түрге бөлінеді.

Мақсаты:

Көліктер туралы білім беру. Көліктердің түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесімен таныстыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Транспорт түрлеріне жеке тоқталып, атап өтіп, таныстыру.

Сұрақтар:

- Адамға көлік не үшін қажет?

- Адамға көліктердің қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Сымға асылып, жүр асығып. (троллейбус )

Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр. (автобус) Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (трамвай )

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көліктердің адамға пайдасын.

Көліктердің атқаратын міндетіне қарай бөлінетінін.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. 3-4 бала көлік болады, қалған балалар торғайлар. Белгі бойынша балалар көшеге қарай жүгіреді, ал, «автомобильдер» оларды қуады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 7. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй жануары - сиыр»

«Кім тезірек жалаушаға жетеді?»

қимылды ойыны

Үй жануары – сиырға бақылау

-Балалар, бүгін сендермен үй жануарының бірі-сиырды бақылаймыз. Оның адамға пайдасы өте көп. Төлін - «бұзау», пірі (қамқоршысы)– «Зеңгі баба» дейді. Сиырдың сүтінен май, ірімшік, айран, қаймақ аламыз. Мақсаты:

Үй жануарларының бірі - сиыр жайлы толық мәлімет беру. Оларды ажырата алуға, төлдерінің атауын есте сақтауға үйрету. Үй жануарларыныа деген қамқорлық сезімдерін оятуға баулу.

Сұрақтар:

- Үй жануарның адамға қандай пайдасы бар?

- Сиырдың қамқоршысы қалай аталады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ырыс көзі – сиырмын, Балауса шөп бер, сиыр бақ,

Байлығымын бір үйдің. Салбыраған әукесі. Етім-дәмді, күшім бар. Мұнда жердің еркесі,

Сырымды менің ұғып ал, Зеңгі баба баласы,

Қажет болса сүт, қаймақ. Сиыр деген - мен болам.

а) «Өзі күшті, мүйізі мықты, бір нәрсе құтыра шықты»

Ол не? (сиыр)

ә) «Шайнаңдайды сағыз, сүттің кені нағыз» (сиыр)

«Төрт бұлағы –сүт, баға білсең - құт»

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Сиырдың еті, терісі, сүті пайдалы.

Сиырдың қамқоршысы – Зеңгі баба

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада бір бала екі жалаушаны ұстап тұрады. Екі топтан екі-екіден ойыншылар кезектесіп шығып, жалаушаға жүгіреді. Кім тезірек жетіп алады, сол топ жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 8. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Асхана қызметкерлернінің жұмыстары»

«Арқан тарту»

қимылды ойыны

Асхана қызметкерлернінің жұмыстарына бақылау

-Балалар, бүгін сендермен осы балабақша аспазшыларының еңбектерімен танысамыз. Аспаз мамандығы өте қызықты да қиын. Үлкен асханаларда, мейрамханаларда аспазшы болып көбінесе ер азаматтар жұмыс істейді. Тамақ неғұрлым шын көңілмен жасалса, ол соғұрлым дәмді болады. Дәмді, құнарлы тағам жеген адамның дені сау, әрі мықты болады. Сендер қандай мамандықтың түрлерін білесіңдер? Мақсаты:

Аспазшының еңбегі мен оның маңыздылығы туралы түсіндіріп, үлкендер еңбегін бағалауға баулу.

Сұрақтар:

- Күнделікті бізге дәмді тағам дайындайтын кімдер?

- Сендердің үйлеріңде тағамды кім дайындайды?

- Үйде аналарыңа тамақ жасауда кім көмектеседі?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

а) «Ас адамның - арқауы»

ә) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

б) «Еңбек етпеген - ішіп жемейді»

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Аспазшы еңбегі қиын да, қызықты..

Тәтті тағам адам ағзасына пайдалы екенін.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Арқанды балалар тәрбиеші бұйрығынан кейін екі жаққа тартады. Қай жақ көбірек тартып, берілген сызықтан асып кетеді, сол топ жеңімпаз болады.

Мақсаты:

Жылдамдыққа, ептілікке, шымыр болуға үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

«Ерінбеген етікші болады»

«Еңбек – ер атандырады»

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 9. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жабайы аң – Ақ қоян»

«Көлеңек»

қимылды ойыны

Жабайы аң – Ақ қоянға бақылау

Қоян – шөпқоректі жануар. Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ ақ жүн өседі. Оны үйде ұстауға болады, баласын – көжек деп атайды. Қоянның терісінен бағалы киім тігеді.

Мақсаты:

Жабайы аңдар, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Қоянның тіршілігімен таныстып, сурет бойынша әңгіме құрастыру. Қоршаған ортаға мейірімділікке тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қоянның баласы қалай аталады?

- Қоян не жейді?

- Ол қай кезде «киімін» ауыстырады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян, Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің.

Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап,

Ытқып-ытқып жүгірді. Көжегі екен өзінің.

Далада жүр шапқылап, керемет тым сақ құлақ.

Тек есектен басқада оған ұқсас жоқ құлақ.

(Қоян)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жабайы аңдар - табиғаттың бір бөлігі.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Орман тоғайдағы аң-құстар мен жан-жануарларсеруенге шықты. Қазір солардың қимылын салып көрейік.

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Қане қатар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.- педагог осы өлеңді айтып, қатар-қатар шеңберге балаларды тұрғызады. Бірі ұзын, бірі аласа баладан (аласа ол-көлеңке) сұрайды:

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Кірпі қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Балалар шеңбер бойымен әнді айтып жүреді. Ортаға бір бала шығып, аты аталған аңның (қоян, түлкі, тиін,т.б.) жүрісін көрсетеді. Ал, басқа балалар оны қайталайды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 10. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Дала құстары»

«Мысық пен торғайлар»

қимылды ойыны

Дала құстарына бақылау

Құстар жануарлардың ең көп тараған және маңызды тобы. Олар мекен ету ортасына қарай «Үй құстары» және «Дала құстары» болып екіге бөлінеді. Үй құстары әтеш, тауық, қаз, үйрек. Дала құстары бөдене, қарлығаш, сандуғаш, қарға, торғай, бүркіт, т.б. Дала құстары табиғатта өз бетінше тіршілік етеді. Олар қуыстарға немесе ағаш бұтақтарына ұя салады. Құстар дәнді дақылдармен, түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді.

Мақсаты:

Дала құстары туралы түсінік беру. Жыл құстары жайында да мәлімет беру. Құстарды ажырата алуға баулу және табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сұрақтар:

- Қандай құстарды білесіңдер?

- Олардың қандай пайдасы бар?

- Неліктен құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

Біз құстарға қандай қамқорлық көрсете аламыз?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

а) Балалармен достасып, жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып, кім біледі?... (торғайды)

ә) Көкте ұшады тізіліп, біз қараймыз қызығып.

(тырна)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Дала және үй құстары болады.

Кейбір дала құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық болады. Қалған балалар торғай. «Мысық ұйықтады!» дегенде торғайлар жем шоқуға шығады. «Мысық оянды!» дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 11. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Бөлме гүлдері»

«Өрмекші мен шыбын»

қимылды ойыны

Бөлме гүлдеріне бақылау

Балалар назарын топта «Табиғат бұрышындағы» гүлдерге аударамыз. Олар өздері білетін гүлдедің аттарын атайды. Олар: «Қазтамақ» (герань), «Қытай раушан гүлі», «Сиягүл», «Түймедақ» (ромашка), «Фикус», «Бегония», т.б. Бөлме өсімдіктерінің тек қана сән үшін ғана емес, ауаны тазартатын да қасиеті бар. Гүлдердің жапырақтарын сулы шүберекпен сүртеді немесе су бүріккішпен су бүркеді. Тамырын зақымдап алмай таяқшамен топырағын қопсытады.

Мақсаты:

Бөлме гүлдері туралы түсінік беру. Гүлдердің түрлерімен таныстырып, бөлме гүлдерін бақша гүлдерінен ажырата алуға үйрету. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстырып, күтіп баптауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Гүлдерге қалай қамқорлық жасаймыз?

- Бөлме гүлдерінің қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Гүл»

Үйде тұрып өсетін, Жел ысқырып, күз келді,

Әкеп гүлдің көшетін, Жапырақтар түсті енді.

Топырақты салдым да, Жаурамасын біліп гүл,

Отырғыздым қалбырға. Тысқа қарап күліп тұр.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Гүлдер дала, бақша гүлдері болып бөлінеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды. Әуен тоқтағанда олар қонады. Ол қозғалғанда өрмекші олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен қолдануға болады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 12. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Дәрігердің қызметі»

«Бағдаршам»

қимылды ойыны

Дәрігердің қызметіне бақылау

Балаларды медбикенің бөлмесіне апарып, оның қызметімен таныстырады. Адамдар сырқаттанып қалса міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс. «Басты байлық денсаулық». Денсаулықты үнемі күту қажеттігін естен шығармауымыз керек. Ауа райының, жыл мезгілінің, уақыттың қандай екендігіне қарамастан дәрігерлер адамдарға үнемі көмекке келеді.

Мақсаты:

Мамандықтарды еске түсіре отырып, дәрігердің атқаратын қызметіне тоқталу. Оның адамдарға үнемі көмектесетіндігін естен шығармау. Оған құрметпен қарауға баулу.

Сұрақтар:

- Дәрігерлер адамға қалай көмектеседі?

- Дәрігердің атқаратын қызметі қандай?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Дәрігер»

Іш ауырса, тіс ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық бала, барлық дана,

Оны жақсы көреді.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Дәрігердің қызметі қиын, ол барлық адамдарға көмектеседі.

Адамдар денсаулығын үнемі күтіп жүруі тиіс.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады. Бір бала бағдаршам. Ол қызыл түсті көтергенде бір адым артқа, сары түсті көтергенде орындарында тапжылмай тұрады, жасыл түсте бір адым алға жылжиды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 13. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Табиғи материалдар және оның қасиеті»

«Шыны»

«Құрлар»

қимылды ойыны

Табиғи материалдар және оның қасиеті, шыныға бақылау

Шынының жасалуына мән береміз. Оны жасау үшін құм, түрлі заттар қажет. Шыны морт сыныш зат, бірақ, шыныдан мықты етіп жасалған үйлер, қабырғалар бар. Адамдар шынының жасалу технологиясын жақсы меңгергеннен кейін одан әртүрлі бұйымдар жасауды үйренді. Хрусталь шынының ең қымбат түрі.

Мақсаты:

Табиғи материалдар туралы және оның қасиеті жайлы білім беру.

Сұрақтар:

- Шыны қандай зат?

- Шыныны адам не үшін қолданады?

Жаңылтпаш

Әйнекті әйнектен жасайды,

Әйнектен шыны кесе мен шәйнек жасайды.

Кесе мен шәйнектен шәй ішеді Айбек.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Шыны жасау үшін құмнан басқа табиғи заттар қолданылады.

Айна мен кейбір асыл тастар да шыныдан жасалады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Екі бала құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Қалған балалар бөлме ортасында шеңберде.

Біздің жерде көгалда,

Сүзбе тұрса тек ал да,

Ұшып келді екі құр,

Шоқып кетті, қайта кетті

3-4 шумақтарды айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп секіріп, шыны ыдыстағы ірімшікке қарай жақындайды. 5-6 шумақты айтқанда құрлар шыны аяқтың қасына, екі аяғымен секіреді. Шеңбердің ішіне басын жәйлап еңкейтеді (шоқиды), Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар дауыстайды, құрлар өз орнына ұшып кетеді де, басқа ойыншылар оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған бала құрдың орнын ауыстырады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 14. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Су асты әлемі»

«Тоғанда балықтар жүзеді»

қимылды ойыны

Су асты әлеміне бақылау

Су асты әлемінің тіршілік иелерінің бірі балықтар. Балықтардың ірісі болып есептелетін сазандар, қамысты жерлерде жиылып, жайылады. Олар жас өскіндерге өте құмар. Құрттармен, бақа уылдырығымен қоректенеді. Сазанның мөңкеден айырмашылығы қабыршағында. Оның қабыршағы ірі болады. Сазандар жабайы өзен көлдерде тіршілік етеді. Ал, мөңке ағыны күшті суды ұнатпайды. Ол керісінше тыныш қайнауларды сағалайды. Тісі жоқ болса да өсімдіктермен қоректенеді. Үріксе су түбіндегі лайға кіріп кетеді. Алаңсыз жайылуға болатын кезді жығылып жатып күтеді. Тағы бір айырмашылығы асыранды, тоғандарда тіршілік етеді. Ал, бекіре ең күшті, әрі үлкен. Өзен патшасы десе де болады. Адамдар оны қорғайды, аулауға рұқсат етпейді.

Мақсаты:

Су асты тіршілігімен таныстыру, балықтарға қызығушылығын арттырып, оларға деген қамқорлықтарын ояту.

Сұрақтар:

- Балықтар қайда тіршілік етеді?

- Балықтардың қандай түрлерін білесіңдер?

Балықтардың адамдарға қандай пайдасы бар?

Жұмбақтар

а) Суда өнеді, өседі, сыртқа шықса өледі. Ол не? (балық)

ә) Күміспен апталған, теңгемен қапталған. Ол не? (балық)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Су астында балықтардан өзге жәндіктер мен өсімдіктер өте көп.

Балықтар әртүрлі болады.

Балықтар әрқайсысы әртүрлі жерлерде тіршілік етеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді. Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады. Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 15. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Кіші топтағы балалар»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Кіші топтағы балаларға бақылау

Балалар, қараңдаршы, біздің балабақшада сендерден басқа кіші топтар да бар. Олар сендерден төрт жас кіші, олар сендерге қарап өседі. Кішкентай топтың балаларын үнемі көмектесуіміз керек, оларға ойыншықтарды бөлісіп ойнауға үйретеміз.

Мақсаты:

Балалардың кішіге деген қамқорлықтарын оятып, оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. «Іні», «Қарындас» ұғымын сіңдіру. Сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Балалар, сендер өздеріңнен кішілерге қалай көмектесесіңдер?

- Өз отбасыларыңда бір біріңе қалай көмектесесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көмекші»

Апам үшін күнде мен, Жоқтатпаймын әпкемді,

Отынға ағаш жарамын. Беремін шәйін қайнатып.

Су құямын гүлге де, Жылай қалса бөпемді,

Дүкенге де барамын. Жұбатамын, ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуамын ыдыс аяқты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Кішкентайларға үнемі қамқор болуды білдік.

Отбасы махаббаттың, сыйластықтың, жақын қарым қатынастың бастауы.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 16. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Көктем келді»

«Түн мен күн»

қимылды ойыны

Көктемге бақылау

Көктемде құстар жылы жаққа қайтады, ағаштар бүршік атады, жануарлар мен жәндіктер қысқы ұйқыдан оянады, қар астынан қылтиып бейшешек шығып, құстар ұя салады. Күн жылуы күшейіп, қар ериді. Күн ұзарып, түн қысқарады.

Мақсаты:

Жыл мезгілінің өзгерісіне назар аудару. Көктемгі ауа райының өзгеруіне, табиғаттың құбылысына бақылау жасай алуға үйрету, тілін дамыту.

Сұрақтар:

- Көктемгі ауа райы қалай өзгереді?

- Табиғаттың өзгерісіне қандай баға бересіңдер?

Көктем мезгілі сендерге ұнайды ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көктем»

Балалар ау, балалар, Қыр басына шығайық.

Шақырады далалар. Көктем тілін ұғайық.

Көктем келді гүл алып, Қызғалдақты терейік,

Құстар келді жыр алып, Теріп үйге келейік,

Қос білекті сыбанып, Көбелектей киінген

Жүгірейік қуанып.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктемде түрлі гүлдер бәйшешек, қызғалдақ, нәркес, інжугүл, түймедақ, бақбақ гүлдейді.

Гүлдер жәндіктерге қорғаныш, тіршілік көзі болып қызмет етеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балаларға «Түн!» белгісі берілгенде олар «ұйықтайды». «Күн!» белгісінен кейін қуанып, ойнайды. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 17. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Алғашқы құстардың ұшып келуі»

«Мысық пен торғайлар»

қимылды ойыны

Алғашқы құстардың ұшып келуіне бақылау

Көктемде алғашқы құстар торғай, қарлығаш, тырналар ұшып келеді. Біздің ең алғашқы көретініміз торғайлар. Олар ұшып келе салысымен өздерінің жұбын табады. Бірігіп ұя жасап, жұмыртқа басады. Балапандарын оларды асырап, қанаттандыруға дайындайды. Құстар әр түрлі жәндіктермен қоректенеді.

Мақсаты:

Дала құстары туралы білімдерін кеңейту. Көктемде ұшып келген құстар жайлы айту. Олардың тірішілігі жөнінде айтып, түсіндіру.

Сұрақтар:

- Құстар көктемгі тіршілігін қалай жалғастырады?

- Алғашқы ұшып келетін құстар қайсысы?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Балалармен достасып, жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып, кім біледі... (торғайды)

Тыйым сөздер

а) Құстардың ұясын бұзба!

ә) Балапанға тиіспе!

б) Құқа тас лақтырма!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Дала құстары көктемгі тіршілігін қалай жалғастыратынын.

Жылы жаққа оралатынын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық болады. Қалған балалар торғай. «Мысық ұйықтады!» дегенде торғайлар жем шоқуға шығады. «Мысық оянды!» дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 18. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Алғашқы дала гүлі Бәйшешек»

«Мысық пен торғайлар»

қимылды ойыны

Алғашқы дала гүлі Бәйшешекке бақылау

Көктемнің алғашқы гүлі Бәйшешек. Көктемде күн қызуы молайып, қар әр жерден ойдым-ойдым болып ериді. Сол кезде қар астынан қылтиып алғашқы гүлдер шығады. Міне, сол гүлдер көктемнің алғашқы хабаршысы.

Мақсаты:

Балаларға көктемнің алғашқы гүлдері жайында түсінік беру. Бәйшешектің бейнесін көрсете отырып, өз бетінше әңгімелеп беруге үйрету. Адамдарға пайдасын, әсемдік үшін қолданылатынын айту.

Сұрақтар:

-Көктемде алғашқы шығатын қандай гүл?

-Гүлдің түрі қандай болады?

-Гүлдерді адамдар не үшін қолданады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Құлпырса қадірлейді, аялайды,

Қураса сыпырғышқа жарамайды. Ол не? (гүл)

Тыйым сөздер

Гүлді сындырма!

Аяқпен таптама!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктемде шығатын алғашқы гүл –Бәйшешек.

Ол қар ерігенде қылтиып, қылтиып қар астынан шығады.

Марапаттау сәті

Серуен барысында толық, әрі дұрыс жауап берген балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық болады. Қалған балалар торғай. «Мысық ұйықтады!» дегенде торғайлар жем шоқуға шығады. «Мысық оянды!» дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 19. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Көктемгі жел»

«Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны

Көктемгі желге бақылау

Көктемде қар ерітетін жылы жел соғады. Жел жылы леппен қарды ерітіп, көктемнің алғашқы хабаршысындай адамға жайлы әсер қалдырады. Балалардың назарын желдің соғу бағытына, суықтығы мен жылылығына аудартып, өз бетінше бақылай алуға мән береміз. Мақсаты:

Балаларға көктемнің алғашқы күндері жайында түсінік беруді жалғастыру. Желдің бағытына, бағдарына мән беруді үйрету.

Сұрақтар:

-Көктемнің желі қандай болады?

-Желдің адамдарға пайдасы бар ма, жоқ па?

-Жел қарды еріте алады ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Зеңгір көк көкпеңбек, Жел жып-жылы,

Жып-жылы ескен леп. Қып-қызыл қыр гүлі.

Күн қызса сыз кетіп, Бау жап-жасыл,

Дүр етіп көктер көк. Сайраған бұлбұлы.

Гу-гулейді жел өктем,

Қашты ебелек дедектеп.

Сол, сол екен... Боз тұман,

Құрды перде кенеттен.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Желдің пайдасын.

Көктемгі жел жылы болатынын.

Марапаттау сәті

Серуен барысында толық, әрі дұрыс жауап берген балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді, «Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.

Мақсаты:

Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жұмыс

Ересек топ Серуен 20. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Көктемгі жауын шашын»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Көктемгі жауын-шашынға бақылау

Жауын-шашыннан кейінгі ауа-райы құбылысына, жауыннан кейін шыққан күнге, табиғат өзгерісіне бақылау жасау. Жаңбырдан соң табиғат өзгерісіне көңіл аудару. Жауын-шашыннан кейін аспанға түрленіп кемпірқосақ дөңгеленіп шығады, жеті түрлі түстен тұрады.

Мақсаты:

Көктемгі жауын-шашын жайында толық түсінік беру. Жауынды ауа-райының өзгерісіне назар аударту. Өз бетінше әңгімелей алуға баулу.

Сұрақтар:

- Жауын-шашыннан кейін ауа-райы қандай?

- Кемпірқосақ аспанға неге және қай кезде шығады?

- Оның неше түсі бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Жаңбыр»

Жаңбыр – құт сепкен, Табиғаттың сырын әр,

Себелер күрткөктен. Кім бар, жете ұғынар?

Аспан – көк теңіз, Аспан асты, жер үсті

Күн - кеме, бұлт – желкен. Күніне мың құбылар...

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көтемгі жауын-шашын жайында білдік..

Жауыннан кейін кемпірқосақ шығатынын білдік.

Ол жеті түрлі түстен тұрады.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 21. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Еріген қар қайда кетеді?»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Еріген қарға бақылау

-Балалар қараңдаршы, қар ерігенде жерге сіңеді. Жауын жауғанда сай жерлерге қардың және жаңбырдың суы жиналады. Ол су еш жерге ақпай, сол жерге сіңіп кетеді, буға айналады. Буға айналған соң ол жерге қайта жаңбыр болып, қыста қар болып жауады.

Мақсаты:

Балаларға еріген қардан кейін үлкен көлшіктер пайда болатынын түсіндіру. Жиналған шалшық сулар туралы мәлімет беру.

Сұрақтар:

- Еріген судың пайдасы бар ма?

- Еріген қар неге айналады?

- Су неге айналады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ақ қар еріп, Төл жамырап,

Су көбейіп, Жайлау малға толады.

Сай-салада ағады. Бөбектерім айтыңдаршы,

Мал маңырап, Бұл қай кезде болады?

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзі мұз бен қарды ерітетінін.

Шалшық судың қайдан пайда болатынын.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 22. Өткізілетін мерзімі: наурыз айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Бөлмеге қойылған бұтақтардың бүршігі»

«Соқыртеке»

қимылды ойыны

Бөлмеге қойылған бұтақтардың бүршігіне бақылау

Көктемде ағаштар қайта бүр жарып, табиғат жаңарады. Бөлмеге бүр жарған ағаш бұтақтарын әкеліп, балалардың назарын аударамыз. Олар алғашқыда өте кішкентай, нәзік болғанымен, мықты, әрі әдемі жапырақтар шығады.

Мақсаты:

Көктемгі ағаштардың өзгерісіне назар аударып, табиғатты қорғауға, тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік жасауға үйрету. Талдың бұтақтарының бүршігінің жалпы көрінісін бақылай алуға баулу.

Сұрақтар:

-Ағаштар қай кезде бүршік атады?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістерді байқаймыз?

Ағаша бұтағының бүршігінің қандай маңызы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қардың астын су кеулеп, Бүршік атты ағаштар,

Жер-пысынап, тұр терлеп. Көктем келді нұр алып.

Кетті көкті қиқулы, Тіршілігі жалғасты,

Сыйқырлы бір жыр кернеп. Көктем келді жыр алып.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктемгі ағаштар бүршік атып, жаңадан жапырақ жаятынын.

Бөлмедегі бүр жарған ағаш өте әдемі де, нәзік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала ортаға шығып «Соқыртеке» болады. Ол ойыншының көзін орамалмен байлап, ортаға жібереміз. Қалған балалар одан тым-тырақай қашады. Ұсталып қалған бала ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

«Ерінбеген етікші болады»

«Еңбек – ер атандырады»

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 1. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Күн көзі»

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Күн көзіне бақылау

Көктемде күн жылуын молырақ беріп, жер бетіндегі қарларды ерітеді. Күн де аспан әлеміндегі Жер ғаламшары сияқты бір әлем. Күн көзінің шуағына, жылуына, жарығына баға беру.

Мақсаты:

Көктем мезгіліндегі күннің шығуы туралы балаларға мәлімет беру. Көктемде күннің қызып, жылитынын айту. Түннің қысқарып, күннің ұзаратынын айтып түсіндіруге үйрету. Күн шуағын төгетінін айтып, түсіндіру.

Сұрақтар:

- Көктемгі күннің көзі қандай?

- Күннің түсі қандай?

- Күн туралы не білесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Күн» Ж. Әбдірұлы.

Кең Аспан ғой Ай, Күннің, Кейде кіріп бөлмеме,

Қашаннан-ақ тұрағы. Ол ойнайды айнала.

Кейде сол Күн Айгүлдің Шомылады көкте де,

Көзінде де тұрады. Шуақ шашып қайда да.

а). Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

(Күн шуағы)

ә). Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады

(Күн)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзінің қасиетін, ерекшелігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 2. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жер бетіне шыққан шөп»

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Жер бетіне шыққан шөпке бақылау

Көктемде күн жылуын молырақ беріп, жер бетіндегі қарларды ерітеді де, жерге жаңадан жасыл шөптер шыға бастайды. Шөп тірі табиғатқа жатады. Ол өседі, өнеді. Алғаш көргенде қандай кішкентай болса, уақыт өте келе шөп қаулап, өте үлкен аумақты алады. Шөпті шөпқоректі жануарлар жейді. Олардың да зияндысы кездеседі. Мақсаты:

Көктем мезгіліндегі алғашқы шыққан шөптер туралы балаларға мәлімет беру. Көктемде күннің қызып, жылитынын айту. Күн шуағын төгетінін айтып, түсіндіру. Шөптің бірнеше түрге бөлінетінін ұғындыру. Сұрақтар:

- Жерге шөп қай кезде шыға бастайды?

- Шөптің түсі қандай?

- Шөптің табиғатқа қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көшет ектік көшеге».

Ерте көктем, көшеге,

Көшет ектік нешеме.

Енді бұған айрықша

Күтім керек десе де...

Жаңылтпаш

Көгорай көк шөп,

Көгорай көк шөпті

Жағалар көбелек көп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзінің қасиетін, ерекшелігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Зиянды шөптерді жұлу. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Өлі табиғат»

«Құм»

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Өлі табиғат – құмға бақылау

-Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат» және «өлі табиғат». Өлі табиғаттың бірі құм - жердің үстіңгі қабаты. Құмнан адамдар өздеріне қажетті түрлі заттарды жасайды, үй құрылысында да пайдаланады. Құмның да орналасқан жеріне қарай әр түрлі түрлері болады. Түсі, құрамы әртүрлі.

Мақсаты:

Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға құм жайлы мәлімет беру. Құмның адамға пайдасын айта отырып, оның түр-түрге бөлінетінін түсіндіру.

Сұрақтар:

- Құм жердің қай жерінде кездеседі?

- Құмның қандай пайдасы бар?

- Ол неліктен өлі табиғатқа жатады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Сыпырғы келсе шаң қашар.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Құмның адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Зиянды шөптерді жұлу. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жауын-шашыннан кейінгі жиналған су»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Жауын-шашыннан кейінгі жиналған суларға бақылау

-Балалар қараңдаршы, қар ерігенде, жауын жауғанда сай жерлерге қардың және жаңбырдың суы жиналады. Ол су еш жерге ақпай, сол жерге сіңіп кетеді, буға айналады. Буға айналған соң ол қайта жерге жаңбыр, қар болып жауады.

Мақсаты:

Балаларға еріген қардан кейін үлкен көлшіктер пайда болатынын түсіндіру. Жиналған шалшық сулар туралы мәлімет беру.

Сұрақтар:

- Еріген судың пайдасы бар ма?

- Еріген қар неге айналады?

- Су неге айналады?

- Шалшық қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ақ қар еріп, Төл жамырап,

Су көбейіп, Жайлау малға толады.

Сай-салада ағады. Бөбектерім айтыңдаршы,

Мал маңырап, Бұл қай кезде болады?

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күн көзі мұз бен қарды ерітетінін.

Шалшық судың қайдан пайда болатынын.м

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Өлі табиғат»

«Тас»

«Ақ серек пен көк серек»

қимылды ойыны

Өлі табиғат – тасқа бақылау

- Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат» және «өлі табиғат». Өлі табиғаттың бірі тас - жердің қабаты. Ол көбіне таулы жерлерде өте көп кездеседі. Тастардан да адамдар өздеріне қажетті түрлі заттарды жасайды, үй құрылысында да пайдаланады. Тастың да орналасқан жеріне қарай әр түрлі түрлері, түстері болады.

Мақсаты:

Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға тастар, олардың түрлері жайлы мәлімет беру. Өлі табиғаттың бірі тастың адамға пайдасын айта отырып, оның әртүрлі болатынын түсіндіру.

Сұрақтар:

- Тас қай жерде көбірек кездеседі?

- Тастың қандай пайдасы бар?

- Ол неліктен өлі табиғатқа жатады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Тас түскен жеріне ауыр.

Тастай батып, судай сің!

Таспен ұрғанды аспен ұр!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Тастың да адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді. Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігін арттыру.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Тастардан тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ауладағы өлі табиғат»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Ауладағы өлі табиғатқа бақылау

- Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат» және «өлі табиғат». Ауладағы өлі табиғат байқап қарасақ, өте көп.

Мақсаты:

Ауладағы өлі табиғат туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға құм, тас,т.б. олардың түрлері жайлы мәлімет беру. Өлі табиғаттың да адамға пайдасын айта отырып, оның әртүрлі болатынын түсіндіру.

Сұрақтар:

- Өлі табиғат дегеніміз не?

- Оның адамға қандай пайдасы бар?

-Табиғаттың екі түрі қалай аталады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Тас түскен жеріне ауыр.

Тастай батып, судай сің!

Таспен ұрғанды аспен ұр!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өлі табиғаттың да адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 7. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Өлі және тірі табиғат»

«Бұлт», «Тұман»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Өлі және тірі табиғат - бұлт, тұманға бақылау

- Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат» және «өлі табиғат». Солардың бірі – тұман мен бұлт судың булануы нәтижесінде пайда болады. Ауа-райы бірде суық, бірде жылы болғанда жер бетінен бу көтеріледі. Оны - тұман дейді. Ал, үлкен-үлкен теңіздерде, көлдер мен өзендерде күн ысып, су буланады да аспанға көтеріледі. Ол бу бізге білінбестен аспанда бір жерге желдің арқасында жиналады. Міне, содан бұлт пайда болады. Бұлт жерге жаңбыр болып жауады. Тұман қалың болса адам алдындағы нәрсені көрмейді. Бірақ тұман көп тұрмайды, ол тез сейіледі.

Мақсаты:

Өлі және тірі табиғат туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға бұлт, тұман олардың пайда болуы жайлы мәлімет беру. Өлі және тірі табиғаттың адам өміріндегі маңызын айту.

Сұрақтар:

- Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?

- Оның адамға қандай пайдасы бар?

-Тұман мен бұлт қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Тұман»

Күн тұтылды жап-жарық, Тұнжыраудың жөні жоқ,

Біз қараймыз таңданып. Көктем шықсын тезірек.

Аяқ астын көз көрмей, Қазір, тұман сейілсе,

Тұман кештік қарманып. Жарқ етеді төңірек.

Ересек топ Серуен 8. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Табиғат құбылыстары»

«Найзағай»

«Орамал тастамақ»

қимылды ойыны

Табиғат құбылыстары найзағайға бақылау

- Табиғаттың құбылыстарының бірі - найзағай. Жаңбыр жауардың алдында аспанды бұлт торлап, жел тұрып, күн күркірейді. Күн күркірегенде әуелі дауысы шығады, ал содан соң найзағай жарқырайды. Міне, сондан кейін ғана жаңбыр жауады. Ал, кейбір жағдайда найзағай көрінбей-ақ жауын жауады. Найзағайдың белгілі бір пішіні болмайды. Ол өте үлкен, иректелген қисық сызықты, жап жарық от секілді болады. Найзағай дегеніміздің өзі аспандағы ток көзі сияқты, ыстық және суық ауаның соқтығысуынан пайда болатын күшті жарқыл. Байқасақ балалар, найзағай жарқылдағанда жарық береді. Найзағайдан сақ болған жөн.

Мақсаты:

Табиғат құбылыстары туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға найзағай, жауын, олардың пайда болуы жайлы мәлімет беру.

Сұрақтар:

- Найзағай қалай пайда болады?

- Ол қай кезде көрінеді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Найзағай»

Жауын жауар кездерде,

Жел де соғар лезде.

Жарқылдаса найзағай,

Жарқ етеді төңірек.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Найзағайдың аспанда, жауын жауар алдында болатынын білдік.

Найзағай жап-жарық, өте қысқа мерзімде көрінеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді. Әуен тоқтағанда ойын бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс. Орамалға кім бірінші келеді, сол бала жеңімпаз атанып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға, ептілікке тәрбиелеу.

Гүлдерді жапырағын жуу.

Мақал-мәтел:

«Ер дәулеті – еңбек,

Еңбегіне қарай өнбек».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 9. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Емен»

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Еменге бақылау

Діңі жуан, әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Емен ағашы таулы аймақтарда болады. Ол гүлдеп, жеміс салады. Көктемгі гүлдері қызғылт түсті, жеміс салады. Ағаштың жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Бұл ағаш 200 жылға дейін өмір сүріп, жәй өседі. Діңі мықты болғандықтан, одан есіктер мен терезелер жасалады. Жаңғақ арқылы көбейеді.

Мақсаты:

Балаларға емен ағашы жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту.

Сұрақтар:

- Емен қандай ағаш?

- Ол қалай көбейеді?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен

Екі мың жыл жасаған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Еменнің пайдасы, қасиеті жайында.

Жаңғағы арқылы көбейетінін.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 10. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Судың үш күйі - қатты, сұйық, газ»

«Бағдаршам»

қимылды ойыны

Судың үш күйде болатыны - қатты, сұйық, газға бақылау

- Балалар, біз күнделікті пайдаланатын судың үш түрлі қасиеті бар. Олар: қатты яғни – мұзға айналады; сұйық – су күйінде болады; бу – бұлтқа айналады. Демек, су қыста күн суық болғанда мұзға, қарға айналады, жылы ауада ол қайта еріп суға айналады. Ал, күн қызуы мол болғанда үлкен-үлкен көлдердің, теңіз бен мұхиттардың бетінен буға айналып, аспанға жиналады. Одан бұлт түзіледі де, қайтадан жерге жауын болып жауады. Байқасаңдар, балалар, үйде аналарың тамақ пісіргенде қазанның бетінен біу шығады. Бұлт та осылай пайда болады.

Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре лотырып, судың қасиеттері жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға балу. Сұрақтар:

- Судың адамға қандай пайдасы бар?

- Қандай үш қасиеті бар?

- Қар мен мұзды қай кезде көре аламыз?

- Буды көре аламыз ба?

- Бұлт қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Мөлдір тамшылар» Ұ.Есдәулетов

Бұлттар жабағы, Күзгі тамшылар

Көкті жабады. Тамады, тамады.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Судың үш қасиеті жайында білдік.

Судың пайдасы, табиғаттағы алатын орны жайында білдік..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады. Бір бала бағдаршам. Ол қызыл түсті көтергенде бір адым артқа, сары түсті көтергенде орындарында тапжылмай тұрады, жасыл түсте бір адым алға жылжиды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 11. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Қызыл қоңыз»

«Бағдаршам»

қимылды ойыны

Жәндік – қызыл қоңызға бақылау

- Балалар, көктемде күн жылынып, қар еріп, табиғат жаңарады. Жаңадан шөптер шығып, ағаштар бүр жарады. Сол кезде жер бетіне тіршілігін жалғастаруға әртүрлі ұсақ жәндіктер де шығады. Солардың ішінде бәріміз жақсы білетін – қызыл қоңыз да бар. Өзі кішкентай ғана, сүйкімді, үстінде қара нүктелері бар, сыртқы қабыршағы қатты болады.

Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре отырып, жәндіктер жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету.

Сұрақтар:

- Көктемде табиғаттың өзгерісін көре аламыз ба?

- Жәндіктерге не жатады?

- Қызыл қоңызды қай кезде көреміз?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«» .

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады. Бір бала бағдаршам. Ол қызыл түсті көтергенде бір адым артқа, сары түсті көтергенде орындарында тапжылмай тұрады, жасыл түсте бір адым алға жылжиды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 12. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Өсімдіктің өсіп-жетілуі»

«Өрмекші мен шыбын»

қимылды ойыны

Өсімдіктің өсіп-жетілуіне бақылау

- Балалар, көктемде күн жылынып, қар еріп, табиғат жаңарады. Жаңадан шөптер шығып, ағаштар бүр жарады. Әртүрлі өсімдіктер өседі. Ағаштар бүр жарса, өзге өсімдіктер жаңадан гүлдеп, өнімін бере бастайды. Бау-бақша өсімдіктерін адамдар өздері суарса, дала өсімдігі өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Кейбір өсімдіктер ұшатын кейбір жәндіктердің көмегімен көбейсе, кейбірі желдің көмегімен ккөбейеді.

Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре отырып, өсімдіктер жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Табиғаттың кейбір ғажайып құбылыстарына қызығушылығын арттыру. Өсімдіктерге деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Көктемде табиғаттың өзгерісін қандай?

- Қандай өсімдіктердің түрлерін білесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Бақбақ»

Өте берік тамыры, Бақбақ гүлі ерекше

Сарғыш гүлді сәл ірі. Ақ ұлпа тәрізді.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктемгі гүлдер жайлы білдік.

Көктемде шығатын өсімдіктер әртүрлі болады. .

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды. Әуен тоқтағанда олар қонады. Ол қозғалғанда өрмекші олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен қолдануға болады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 13. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Сәуір айында гүлдейтін бақбақ»

«Өрмекші мен шыбын»

қимылды ойыны

Сәуір айында гүлдейтін – бақбаққа бақылау

- Балалар, көктемде күн жылынып, қар еріп, табиғат жаңарады. Жаңадан шөптер шығып, ағаштар бүр жарады. Әртүрлі өсімдіктер өседі. Солардың бірі-бақбақ гүлі. Ол - өте нәзік, жұмсақ, әрі жеңіл гүл. Ол алғашқыда сары гүл ашады. Ақ ұлпа қауырсын тәрізді гүлдері үп еткен желден ұша жөнеледі. Бұл гүлдің кейбір қасиеттерінің бірі – емдік шөп ретінде қолданылады.

Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре отырып, өсімдіктер жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Табиғаттың кейбір ғажайып құбылыстарына қызығушылығын арттыру. Өсімдіктерге деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Көктемде табиғаттың өзгерісін көре аламыз ба?

- Қандай өсімдіктердің түрлерін білесіңдер?

- Бақбақ гүлі қандай болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Бақбақ»

Өте берік тамыры, Бақбақ гүлі ерекше

Сарғыш гүлді сәл ірі. Ақ ұлпа тәрізді.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктемгі гүлдер жайлы білдік.

Бақбақ өте әдемі, жеңіл болады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды. Әуен тоқтағанда олар қонады. Ол қозғалғанда өрмекші олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен қолдануға болады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 14. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Табиғи материалдар»

«Көмір», «Құм», «Балшық»

«Өрмекші мен шыбын»

қимылды ойыны

Табиғи материалдар -көмір, құм, балшыққа бақылау

- Балалар, табиғи материалдар өте көп. Соның бүгін бірнеше түріне ғана тоқталамыз. Олар: құм, көмір, балшық. Бұлардың барлығының адам үшін пайдасы көп. Көмір – жерден алынатын, жанғыш зат. Оны қыста отын ретінде пайдаланамыз, түсі қара, ірі-ірі кесектер. Құм –жердің беткі қабаты. Түсі әртүрлі болады. Құнарлы топырақта өсімдіік жақсы өседі. Балшықты құмнан су араластырып жасайды. Бұл қолдан жасалған балшық. Оны үй құрылысында пайдаланады. Бірақ табиғаттың да өздігінен пайда болған батпақты жерлері бар. Ол балшық көбіне сулы, ылғалды жерлерде кездеседі. Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре отырып, табиғи мматериалдар жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Табиғаттың кейбір ғажайып құбылыстарына қызығушылығын арттыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Табиғи материалдар деген не?

- Балшық пен құм қандай болады?

- Көмірдіің адамдар үшін қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Тыйым сөздер:

Отқа түкіруге болмайды!

Ошақ басын сабалама!

Құмды шашпа!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Табиғи материалдар жайлы білдік.

Көмір мен құм және балшықтың да адам үшін пайдасын білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды. Әуен тоқтағанда олар қонады. Ол қозғалғанда өрмекші олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен қолдануға болады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 15. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жәндік»

«Ара»

«Дойбы»

ойыны

Жәндік - араға бақылау

- Балалар, көктемде күн жылынып, қар еріп, табиғат жаңарады. Табиғатпен бірге жан-жануарлар мен жәндіктер де тіршілігін бастайды. Сол жәндіктердің бірі-ара. Ол өте еңбекқор жәндік. Әртүрлі гүлдерден бал жинайды. Балдың емдік қасиеті бар екендігін бәріміз білеміз. Араны қолдан өсіретін адамдарды - «Омарташы», ал, аралардың ол жерде орналасуын – «Омарта» деп атайды. Бұл әрекет – «Ара шаруашылығы» деп аталады. Аралар өздігінен ешкімге тиіспейді, ал, оның ұясын бұзған жағдайда ол ешкімді де аямайды. Шаққан жері қызарып, ашиды да, ісіп кетеді. Ол бірнеше күнге дейін қайтпайды. Араның өзі кішкентай ғана қанатты жәндік. Құйрығының ұшында инесі бар, сары-қара түстіі ала жәндік.

Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре отырып, жәндіктер жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Табиғаттың кейбір ғажайып құбылыстарына қызығушылығын арттыру. Араларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Көктемде табиғат қалай өзгереді?

- Ара қандай жәндік?

- Балдың дәмі, пайдасы қандай?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Тыйым сөздер:

Жәндіктерге тиіспе!

Араның ұясын бұзуға болмайды!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ара жайында білдік.

Аралар бал жинайды..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялған. Екі адам кезектесіп, бір-біріне қарсылас болып ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 16. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй құстары»

«Торғайлар мен автомобильдер»

қимылды ойыны

Үй құстарына бақылау

- Балалар, құстар екі түрге бөлінеді. Үй құстары және дала құстары. Үй құстарына – тауық, қаз, үйрек, түйетауық жатады. Олардың адамдар жұмыртқасын пайдаланады. Бұл үй құстары қысы-жазы адамдардың қарауында тіршілік етеді. Олардың баласын – «балапан» деп атайды. Олар кішкентайында өте нәзік, әлсіз, сары жүнді. Әр құстың өзінің дыбыстауы әрқалай. Тауық - қыт-қыттайды, қаз - қаңқылдайды, үйрек - бақылдайды, балапан - шиқылдайды. Мақсаты:

Балаларға құстардың екі түрге бөлінетіні жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Үй құстарының түрлерін ажырата алуға, есте сақтауға үйрету.

Сұрақтар:

- Үй құстары қайда тіршілік етеді?

- Қандай құстар үй құстарына жатады?

- Олар қалай дыбыстайды?

- Адамға пайдасы бар ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Шөжелерім»

Көк шалғында жайылым бар, Шеп, шеп, шөжелерім

Тез келіңдер, жайылыңдар. Мамық жүнді шөжелерім,

Нәзік үнді шөжелерім..

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Үй құстары жайлы білдік.

Құстардың баласы – балапан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. 3-4 бала көлік болады, қалған балалар торғайлар. Белгі бойынша балалар көшеге қарай жүгіреді, ал, «автомобильдер» оларды қуады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 17. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ағаш»

«Ақ қайың»

«Сымсыз телефон»

ойыны

Ағаш ақ қайыңға бақылау

- Табиғатта ағаштардың бірнеше түрі бар. Солардың бірі – Ақ қайың. Өте сұлу, ұзын бойлы ағаш. Сыртқы қабығы қара дақтары бар, ақ түсті болады. Олар саябаққа ерекше сән береді.

Мақсаты:

Балаларға ағаштар, оынң ішінде ақ қайың жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Ағаштың пайдасын айтып, түсіндіру. Ағаштарды қорғауға үйрету.

Сұрақтар:

- Ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Ақ қайың қандай болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Ақ қайың»

Астанадй қаланы, Ұшар басы сұлу-ды,

Сәнге бөлер саялы. Жел шайқамас соққан жай.

Шырша, терек, ақ қайың, Аппақ оның қабығы,

Жасыл желек аз әлі. Діңі тұзу оқтаудай

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Үй құстары жайлы білдік.

Құстардың баласы – балапан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да, келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген) ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 18. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Көлік - байланыс құралы»

«Сымсыз телефон»

ойыны

Байланыс құралы - көлікке бақылау

- Көліктердің бірнеше түрлері бар. Негізі көліктер байланыс құралы болып есептеледі. Олар арқылы бір елден бір елге хабар жіберіледі. Мысалы: почта қызметінде пайдаланды. Әуе көлігі – ұшақтар қажетті жерге адамдарды апарады. Су көлігі – кеме жүк тасиды. Міне, осылайша алыс-алыс жерлермен байланыс орнайды. Адамдар пойыз, автобус, ұшақ, машина секілді көліктермен арқылы керек жерлеріне барады.

Мақсаты:

Көліктердің түрлерін еске түсіру арқылы олардың адамдар үшін пайдасын айту. Көліктердің атқаратын қызметі, қатынайтын жолдары жайлы мәлімет беру. Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету.

Сұрақтар:

- Көліктердің қандай пайдасы бар?

- Қандай көліктерді білесіңдер?

- Не себепті оларды байланыс құралы дейміз?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

а) Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер

Ол не? (пойыз)

ә) Далаға құрған өрмегім, үстінен зулап келемін.

Ол не? (темір жол)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Үй құстары жайлы білдік.

Құстардың баласы – балапан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да, келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген) ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 19. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Балабақша қызметкерлері»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Балабақша қызметкерлерінің жұмысына бақылау

- Балалар, назар аударыңдаршы, біздің балабақшада тәрбиешілерден өзге көптеген адамдар жұмыс істейді. Олардың барлығының өздерінің атқаратын қызметі бар. Бірі – тамақ пісірсе, бірі- тазалықты қадағалайды, бірі – сендердің төсек-орындарың мен орамалдарыңның тазалығына жаауап береді, енді бірі- балаларға қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесінің нұсқаушылары дене шынықтырумен айналысса, жүзуге үйрететін аағай бар, ән-күй сабағында сендерге ән мен би үйрететін апайларың бар. Ал балабақшадан барлығы үйлеріне кеткенде бұл жерді күзететін ағай бар. Сендердің денсаулықтарыңа алаңдайтын медбикелер де осында. Ауланың тазалығы мен алаңдағы өсімдіктердің өсуіне жағдай жасайтын адам да бар. Міне, балалар көрдіңдер ме, сендер үшін қаншама адамдар жұмыс жасайды. Біз қашанда үлкендерге көмектесіп жүруіміз керек.

Мақсаты:

Балабақша қызметкерлерінің жұмысын бағалауға тәрбиелеу. Назар аударуға баулу. Үлкенлер еңбегін бағалауға үйрету. Бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін қалыптастыру.

Сұрақтар:

- Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

- Тазалық пен денсаулыққа кім қарайды?

- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

а) Ердің атын еңбек шығарар.

ә) Кәсіп, кәсіп түбі нәсіп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Балабақша қызметкерлері жайлы білдік.

Балабақшада көптеген адамдар жұмыс істейді

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 20. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Қызғалдақ»

«Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны

Қызғалдаққа бақылау

- Көктемнің алғашқы хабаршысының бірі, даланың сәні-қызғалдақ. Ол өте әдемі, алқызыл түсті, қызыл түсті, сары түсті өсімдіік. Негізгі Отаны – Қазақстан. Тек қана көктемде ғана гүлдейді. Сары түстісі – «сарғалдақ» деп аталады. Ол жіңішке сабақты, үлбіреген әдемі гүл. Алыстан қарағанда далаға ерекше сәнмен құдды бір қызыл, кілем жауып қойғандай көз тартады.

Мақсаты:

Көктемгі гүлдердің бірі қызғалдақ жайында түсінік беру. Әсемдігі жайында мәлімет беру. Гүлдерді, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қызғалдақтың түсі қандай болады?

- Қызғалдақтың мекені қай жер?

- Қандай түстері болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Қызғалдақ» О.Асқар

Секілді екен қарасаң, Түсіне таң қаласың,

Дейді қалып бала таң. Иісінен нәр аласың.

Жапырағы өз гүлін, Көзін қадап көзіңе,

Аялаған алақан. Тұр ма сұлу деп қаласың.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Дала гүлі жайлы білдік.

Қызғалдақ өте әдемі гүл.

Отаны – Қазақстан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді, «Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.

Мақсаты:

Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 21. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ағаш»

«Гүлдеген шие»

«Көкпар»

қимылды ойыны

Гүлдеген шиеге бақылау

- Көктемде ағаштар бүршік атып, гүлдейді. Жеміс ағаштары гүл ашады. Сол гүлден жеміс береді. Шие – жеміс ағашына жатады. Шие ағашы да көктемде гүлдейді. Гүлі ақшыл түсті, әдемі. Шиеден аналарымыз тосап (варенье) қайнатады. Ол тосап адам ауырғанда ішсе өте пайдалы. Шие адам ағзасына пайдалы, өте көп дәрумені (витамин) бар.

Мақсаты:

Көктемгі ағаштардың қалай гүлдейтіні жайында түсінік беру. Шие ағашының пайдасы жайында айтып, ұғындыру. Ағаштарды сындырмауға, табиғатты қорғауға үйрету. Өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сұрақтар:

- Ағаштар қалай жеміс береді?

- Шие ағашының пайдасы қандай?

- Шиенің қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Шие»

Әрі азық, әрі бал,

Сүйсіне жеп тойып ал!.

Шие деген мен болам,,

Ыдысыңа толтыр, сал..

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Шие ағашының гүлі арқылы жеміс беретінін білдік..

Шие көктемде гүлдейді..

Адамға өте пайдалы..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады. Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып, қуады. Ойын осылайша жалғасады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 22. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Желді күн»

«Жапырақ жинау»

қимылды ойыны

Желді күнге бақылау

- Көктемде ауа-райы сан құбылады. Бірде жылы, бірде жауынды, енді бірде желді болады. Жел – жылы ауа мен суық ауаның бір-бірімен қабаттасуынан пайда болады. Жел қатты болса ағаштарды құлатып, жерді құрғатып жібереді. Дегенмен, желдің де адам үшін пайдасы бар. Ол ауаның тазарып отыруына септігін тгізеді. және жауынның пайда болуына да ықпалын тигізеді.. Өйткені, желменен бұллтар жиналады. Балалар, байқап қараңдаршы, бүгінгі ауа-райы қандай екенін желдің бағытын. Мақсаты:

Көктемгі ауа-райының өзгерісіне назар аудару. Табиғат құбылысының өзгерісіне қарау. Желдің пайда болуын түсіндіру. Желдің күшін, бағытын бағдарлай алуға баулу. Өз бетінше суреттеп айтып бере алуға үйрету. Сұрақтар:

- Жел қалай пайда болады?

- Желдің пайдасы бар ма?

- Желдің қатты болғанда қандай өзгерісін байқауға болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Желді күн»

Гу-гу, гу-гу шықты, Жапырағы судырлап,

Желдетті де бұлт қуды. Тал таранды сұлуша.

Жел соққан соң жел тіпті, Сұлу құрақ сылдырап,

Жын соққандай жұлқынды. Салды саусақ бұрымша.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Желдің қала йпайда болатынын.

Желдің ауа-райына тигізетін әсерін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ жинауға кіріседі. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз болады.

Мақсаты:

Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып, түстерді ажырата алуға үйрету.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 23. Өткізілетін мерзімі: сәуір айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ауа»

«Көлеңек»

қимылды ойыны

Ауаға бақылау

- Балалар, біз бәріміз білеміз ауа болмаса ешбір тіршілік те болмайды. Біз бір сәт тыныс алмай тұрсақ тұншығып қаламыз. Ауасыз тіршілік жоқ. Ол адамға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті, отқа да ауа керек. Ауа біздің көзімізге көрінбейді. Ауаның кездеспейтін жері жоқ. Ол суда да болады. Онымен су асты өсімдіктері, балықтар тыныстайды. Ауа – оттегі, көмірқышқыл газы, азот, басқа да көрінбейтін газдардан тұрады. Оттегі ең керек газ. Адамдар таза ауамен демалады да керексіз газды шығарады. Ол –көмірқышқыл газы. Ауаның құрамында су булары, шаң бар. Адамдар қажетсіз қалдық заттарды көп тастаса ауа ластанады. Ол өте зиянды. Көліктердііің түтіні де ауаны ластайды. Ластанған ауа қауіпті.

Мақсаты:

Ауа жайында толық мәлімет беру. Оның құрамы жайында, пайдасы жайында, кездесетін ортасы жайында айтып, ұғындыру. Ауаны ластамауға баулу.

Сұрақтар:

- Ауа көзге көріне ме?

- Ауаның ластануы қалай болады?

- Ауасыз өмір бола ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбес өзі түгіл қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.

Ол не? (ауа)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ауаның пайдасын, құрамын.

Ауаның ластануы өте қауіпті екенін.

Өсімдіктер ауаны тазартып тұрады.

Марапаттау сәті

Жақсы қатысқан, толық, дұрыс жауап берген балаларды марапаттау.

Ережесі:

Орман тоғайдағы аң-құстар мен жан-жануарларсеруенге шықты. Қазір солардың қимылын салып көрейік.

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Қане қатар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.- педагог осы өлеңді айтып, қатар-қатар шеңберге балаларды тұрғызады. Бірі ұзын, бірі аласа баладан (аласа ол-көлеңке) сұрайды:

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Кірпі қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Балалар шеңбер бойымен әнді айтып жүреді. Ортаға бір бала шығып, аты аталған аңның (қоян, түлкі, тиін,т.б.) жүрісін көрсетеді. Ал, басқа балалар оны қайталайды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 1. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ағаш»

«Жеміс талдары»

«Көкпар»

қимылды ойыны

Жеміс талдарына бақылау

- Көктемде ағаштар бүршік атып, гүлдейді. Жеміс ағаштары гүл ашады. Сол гүлден жеміс береді.. Кейбір жеміс ағаштарының гүлі ақшыл түсті, кейбірінің гүлі қызыл түсті әдемі. Жеміс ағаштары әртүрлі болады. Кейде жеміс ағаштарының жемісі ірі, әрі дәмді болсын деп оның қураған, ұсақ бұтақтарын кеседі. Оларды қарап, күтіп - баптайтын адамдарды – «бағбан» деп атайды. Жеміс ағаштары бау-бақшада өседі.

Мақсаты:

Көктемгі ағаштардың қалай гүлдейтіні жайында түсінік беру. Жеміс ағаштарының пайдасы жайында айтып, ұғындыру. Ағаштарды сындырмауға, табиғатты қорғауға үйрету. Өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сұрақтар:

- Ағаштар қалай жеміс береді?

- Қандай жеміс ағаштарын білесіңдер?

- Ағаштарды гүлдеп тұрғанда кесуге, сындыруға бол ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Ағашты сындырма!

Бір тал кессең он тал ек!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жеміс ағаштары бау-бақшада өседі.

Оны күтіп-баптайтын адам – бағбан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады. Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып, қуады. Ойын осылайша жалғасады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.

Алаңдағы ағаштарға су құю.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 2. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Гүлзарлардағы өсіп тұрған гүлдер»

«Қарғымақ»

қимылды ойыны

Гүлзарлардағы өсіп тұрған гүлдерге бақылау

- Гүлдер әдемілік үшін өсіріледі. Сонымен, қатар оның ауаны тазартуға септігін тигізетін қасиеті бар. Гүлдер бөлмеде де гүлзарларда да өсіріледі. Балалар, гүлдерге үнемі су құйып, оны күтіп-баптап отыру қажет. Сонда ғана ол әдемі болып өседі. Гүлзарларда гүлдер тек қана жылдың жылы мезгілінде ғана болады. Ал, бөлмеде жыл он екі ай тұрады.

Мақсаты:

Гүлдердің пайдасы жайында түсіндіру. Әдемілікке баулу. Гүлді күтіп-баптауға қызығушылығн ояту. Табиғатты қорғауға үйрету.

Сұрақтар:

- Гүлдер не үшін қажет адамға?

- Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?

- Гүлзарлардағы гүлдерге қандай қамқорлық көрсете аласыңдар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

Құлпырса қадірлейді, аялайды,

Қураса сыпырғышқа жарамайды.

Ол не? (гүл)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Гүлдерді аялау керек..

Гүлдер - дала және бөлме гүлдері болып бөлінеді..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жақтан екі арқанды ұстап тұрады.. Ортасынан балалар біреулеп қарғып секіреді.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Алаңдағы гүлдерге су құю, топырағын қопсыту.

Мақал-мәтел:

«Жақсы бала – елдің ырысы».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ауа-райы»

«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны

Ауа-райына бақылау

Ауа-райына, көктемгі табиғаттың құбылыстарына, күн шуағына, аспанға, бұлттарға, желге.

Мақсаты:

Ауа-райы құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Балаларға ойын алаңында күн сәулесінің мол және аз түсіп тұрған жерлеріне назар аудартып, ауа-райының желді немесе ызғарлы екенін ажырата алуға үйрету.

Сұрақтар:

-Ауа-райы желді ма?

-Тымық па?

-Жаңбырлы ма?

-Күн бұлтты ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көктем»

Құрсаған мұз сауыт,

Үстінен түсті ауып.

Демінен бу ұшып,

Жер жатыр бусанып.

Зеңгір көк көкпеңбек,

Жып-жылы ескен леп.

Күн қызса, сыз кетіп,

Дүр етіп көктер көк.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ауа-райын ажырата білуге үйрендік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балаларды марапаттаймыз.

Ережесі:

Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.

«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:

Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға үйрету және олардың есту қабілетін дамыту.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Ауланы сыпыру.

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысында үлгерімі төмен балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Ересек топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй құстары»

«Торғайлар мен автомобильдер»

қимылды ойыны

Үй құстарына бақылау

- Балалар, құстар екі түрге бөлінеді. Үй құстары және дала құстары. Үй құстарына – тауық, қаз, үйрек, түйетауық жатады. Олардың адамдар жұмыртқасын пайдаланады. Бұл үй құстары қысы-жазы адамдардың қарауында тіршілік етеді. Олардың баласын – «балапан» деп атайды. Олар кішкентайында өте нәзік, әлсіз, сары жүнді. Әр құстың өзінің дыбыстауы әрқалай. Тауық - қыт-қыттайды, қаз - қаңқылдайды, үйрек - бақылдайды, балапан - шиқылдайды. Мақсаты:

Балаларға құстардың екі түрге бөлінетіні жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Үй құстарының түрлерін ажырата алуға, есте сақтауға үйрету.

Сұрақтар:

- Үй құстары қайда тіршілік етеді?

- Қандай құстар үй құстарына жатады?

- Олар қалай дыбыстайды?

- Адамға пайдасы бар ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Шөжелерім»

Көк шалғында жайылым бар, Шеп, шеп, шөжелерім

Тез келіңдер, жайылыңдар. Мамық жүнді шөжелерім,

Нәзік үнді шөжелерім..

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Үй құстары жайлы білдік.

Құстардың баласы – балапан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. 3-4 бала көлік болады, қалған балалар торғайлар. Белгі бойынша балалар көшеге қарай жүгіреді, ал, «автомобильдер» оларды қуады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Табиғат құбылыстары»

«Найзағай»

«Орамал тастамақ»

қимылды ойыны

Табиғат құбылыстары найзағайға бақылау

- Табиғаттың құбылыстарының бірі - найзағай. Жаңбыр жауардың алдында аспанды бұлт торлап, жел тұрып, күн күркірейді. Күн күркірегенде әуелі дауысы шығады, ал содан соң найзағай жарқырайды. Міне, сондан кейін ғана жаңбыр жауады. Ал, кейбір жағдайда найзағай көрінбей-ақ жауын жауады. Найзағайдың белгілі бір пішіні болмайды. Ол өте үлкен, иректелген қисық сызықты, жап жарық от секілді болады. Найзағай дегеніміздің өзі аспандағы ток көзі сияқты, ыстық және суық ауаның соқтығысуынан пайда болатын күшті жарқыл. Байқасақ балалар, найзағай жарқылдағанда жарық береді. Найзағайдан сақ болған жөн.

Мақсаты:

Табиғат құбылыстары туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға найзағай, жауын, олардың пайда болуы жайлы мәлімет беру.

Сұрақтар:

- Найзағай қалай пайда болады?

- Ол қай кезде көрінеді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Найзағай»

Жауын жауар кездерде,

Жел де соғар лезде.

Жарқылдаса найзағай,

Жарқ етеді төңірек.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Найзағайдың аспанда, жауын жауар алдында болатынын білдік.

Найзағай жап-жарық, өте қысқа мерзімде көрінеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді. Әуен тоқтағанда ойын бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс. Орамалға кім бірінші келеді, сол бала жеңімпаз атанып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға, ептілікке тәрбиелеу.

Гүлдерді жапырағын жуу.

Мақал-мәтел:

«Ер дәулеті – еңбек,

Еңбегіне қарай өнбек».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Өлі және тірі табиғат»

«Бұлт», «Тұман»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Өлі және тірі табиғат - бұлт, тұманға бақылау

- Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат» және «өлі табиғат». Солардың бірі – тұман мен бұлт судың булануы нәтижесінде пайда болады. Ауа-райы бірде суық, бірде жылы болғанда жер бетінен бу көтеріледі. Оны - тұман дейді. Ал, үлкен-үлкен теңіздерде, көлдер мен өзендерде күн ысып, су буланады да аспанға көтеріледі. Ол бу бізге білінбестен аспанда бір жерге желдің арқасында жиналады. Міне, содан бұлт пайда болады. Бұлт жерге жаңбыр болып жауады. Тұман қалың болса адам алдындағы нәрсені көрмейді. Бірақ тұман көп тұрмайды, ол тез сейіледі.

Мақсаты:

Өлі және тірі табиғат туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға бұлт, тұман олардың пайда болуы жайлы мәлімет беру. Өлі және тірі табиғаттың адам өміріндегі маңызын айту.

Сұрақтар:

- Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?

- Оның адамға қандай пайдасы бар?

-Тұман мен бұлт қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Тұман»

Күн тұтылды жап-жарық, Тұнжыраудың жөні жоқ,

Біз қараймыз таңданып. Көктем шықсын тезірек.

Аяқ астын көз көрмей, Қазір, тұман сейілсе,

Тұман кештік қарманып. Жарқ етеді төңірек.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өлі табиғаттың да адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 7. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Табиғи материалдар және оның қасиеті»

«Шыны»

«Құрлар»

қимылды ойыны

Табиғи материалдар және оның қасиеті, шыныға бақылау

Шынының жасалуына мән береміз. Оны жасау үшін құм, түрлі заттар қажет. Шыны морт сыныш зат, бірақ, шыныдан мықты етіп жасалған үйлер, қабырғалар бар. Адамдар шынының жасалу технологиясын жақсы меңгергеннен кейін одан әртүрлі бұйымдар жасауды үйренді. Хрусталь шынының ең қымбат түрі.

Мақсаты:

Табиғи материалдар туралы және оның қасиеті жайлы білім беру.

Сұрақтар:

- Шыны қандай зат?

- Шыныны адам не үшін қолданады?

Жаңылтпаш

Әйнекті әйнектен жасайды,

Әйнектен шыны кесе мен шәйнек жасайды.

Кесе мен шәйнектен шәй ішеді Айбек.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Шыны жасау үшін құмнан басқа табиғи заттар қолданылады.

Айна мен кейбір асыл тастар да шыныдан жасалады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Екі бала құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Қалған балалар бөлме ортасында шеңберде.

Біздің жерде көгалда,

Сүзбе тұрса тек ал да,

Ұшып келді екі құр,

Шоқып кетті, қайта кетті

3-4 шумақтарды айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп секіріп, шыны ыдыстағы ірімшікке қарай жақындайды. 5-6 шумақты айтқанда құрлар шыны аяқтың қасына, екі аяғымен секіреді. Шеңбердің ішіне басын жәйлап еңкейтеді (шоқиды), Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар дауыстайды, құрлар өз орнына ұшып кетеді де, басқа ойыншылар оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған бала құрдың орнын ауыстырады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 8. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Емен, шырша»

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Емен, шыршаға бақылау

Діңі жуан, әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Емен ағашы таулы аймақтарда болады. Ол гүлдеп, жеміс салады. Көктемгі гүлдері қызғылт түсті, жеміс салады. Ағаштың жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Бұл ағаш 200 жылға дейін өмір сүріп, жәй өседі. Діңі мықты болғандықтан, одан есіктер мен терезелер жасалады. Жаңғақ арқылы көбейеді. Шырша мәңгі жасыл өсімдік, себебі, қысы жазы жасыл жапырақты.

Мақсаты:

Балаларға емен, шырша ағашы жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Табиғатты қорғауға баулу.

Сұрақтар:

- Емен қандай ағаш?

- Ол қалай көбейеді?

- Шыршаның адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен

Екі мың жыл жасаған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Еменнің, шыршаның пайдасы, қасиеті жайында.

Еменнің жаңғағы арқылы көбейетінін.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 9. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жәндік»

«Инелік»

«Дойбы»

ойыны

Жәндік - инелікке бақылау

- Балалар, көктемде күн жылынып, қар еріп, табиғат жаңарады. Табиғатпен бірге жан-жануарлар мен жәндіктер де тіршілігін бастайды. Сол жәндіктердің бірі-инелік. Ол өте еңбекқор жәндік. Инеліктің қанаты әдемі болады. Құйрығы ұзын, ұшқанда пырылдаған дыбысы шығады. Көбіне жылы жақтарда тіршілік етеді. Сыртқы келбеті тікұшаққа ұқсас.

Мақсаты:

Балаларға табиғат құбылыстарын еске түсіре отырып, жәндіктер жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Табиғаттың кейбір ғажайып құбылыстарына қызығушылығын арттыру. Инеліктерге деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Көктемде табиғат қалай өзгереді?

- Инелік қандай жәндік?

- Инелік неге ұқсайды?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Тыйым сөздер:

Жәндіктерге тиіспе!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Инелік жайында білдік.

Сыртқы пішіні тікұшаққа ұқсайды.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялған. Екі адам кезектесіп, бір-біріне қарсылас болып ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.

Алаңдағы қоқыстарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 10. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Кіші топтағы балалар»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Кіші топтағы балаларға бақылау

Балалар, қараңдаршы, біздің балабақшада сендерден басқа кіші топтар да бар. Олар сендерден төрт жас кіші, олар сендерге қарап өседі. Кішкентай топтың балаларын үнемі көмектесуіміз керек, оларға ойыншықтарды бөлісіп ойнауға үйретеміз.

Мақсаты:

Балалардың кішіге деген қамқорлықтарын оятып, оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. «Іні», «Қарындас» ұғымын сіңдіру. Сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Балалар, сендер өздеріңнен кішілерге қалай көмектесесіңдер?

- Өз отбасыларыңда бір біріңе қалай көмектесесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Көмекші»

Апам үшін күнде мен, Жоқтатпаймын әпкемді,

Отынға ағаш жарамын. Беремін шәйін қайнатып.

Су құямын гүлге де, Жылай қалса бөпемді,

Дүкенге де барамын. Жұбатамын, ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуамын ыдыс аяқты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Кішкентайларға үнемі қамқор болуды білдік.

Отбасы махаббаттың, сыйластықтың, жақын қарым қатынастың бастауы.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 11. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй жануары - сиыр»

«Кім тезірек жалаушаға жетеді?»

қимылды ойыны

Үй жануары – сиырға бақылау

-Балалар, бүгін сендермен үй жануарының бірі-сиырды бақылаймыз. Оның адамға пайдасы өте көп. Төлін - «бұзау», пірі (қамқоршысы)– «Зеңгі баба» дейді. Сиырдың сүтінен май, ірімшік, айран, қаймақ аламыз. Мақсаты:

Үй жануарларының бірі - сиыр жайлы толық мәлімет беру. Оларды ажырата алуға, төлдерінің атауын есте сақтауға үйрету. Үй жануарларыныа деген қамқорлық сезімдерін оятуға баулу.

Сұрақтар:

- Үй жануарның адамға қандай пайдасы бар?

- Сиырдың қамқоршысы қалай аталады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ырыс көзі – сиырмын, Балауса шөп бер, сиыр бақ,

Байлығымын бір үйдің. Салбыраған әукесі. Етім-дәмді, күшім бар. Мұнда жердің еркесі,

Сырымды менің ұғып ал, Зеңгі баба баласы,

Қажет болса сүт, қаймақ. Сиыр деген - мен болам.

а) «Өзі күшті, мүйізі мықты, бір нәрсе құтыра шықты»

Ол не? (сиыр)

ә) «Шайнаңдайды сағыз, сүттің кені нағыз» (сиыр)

«Төрт бұлағы –сүт, баға білсең - құт»

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Сиырдың еті, терісі, сүті пайдалы.

Сиырдың қамқоршысы – Зеңгі баба

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада бір бала екі жалаушаны ұстап тұрады. Екі топтан екі-екіден ойыншылар кезектесіп шығып, жалаушаға жүгіреді. Кім тезірек жетіп алады, сол топ жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 12. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй жануары - мысық»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Үй жануары – мысыққа бақылау

-Балалар, бүгін сендермен үй жануарының бірі-мысықты бақылаймыз. Оның адамға пайдасы өте көп. Баласын - «мәулен», немесе «мәлін» дейді. Мысық тышқан аулап, адамға пайдасын тигізеді. Өйткені тышқан барлық жерді тесіп, зиян келтіреді. Мысықтардың түрлері әртүрлі болады. Түсіне қарап атын атайды. Ол сүтті жақсы көреді.

Мақсаты:

Үй жануарларының бірі - мысық жайлы толық мәлімет беру. Оларды ажырата алуға, үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін оятуға баулу.

Сұрақтар:

- Үй жануарының адамға қандай пайдасы бар?

- Мысық нені жақсы көреді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Мысыққа тиме, қарғысы қатты болады!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Мысықтың адамға пайдасы бар.

Әртүрлі түрлері болады.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 13. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Желді күн»

«Жапырақ жинау»

қимылды ойыны

Желді күнге бақылау

- Көктемде ауа-райы сан құбылады. Бірде жылы, бірде жауынды, енді бірде желді болады. Жел – жылы ауа мен суық ауаның бір-бірімен қабаттасуынан пайда болады. Жел қатты болса ағаштарды құлатып, жерді құрғатып жібереді. Дегенмен, желдің де адам үшін пайдасы бар. Ол ауаның тазарып отыруына септігін тгізеді. және жауынның пайда болуына да ықпалын тигізеді.. Өйткені, желменен бұллтар жиналады. Балалар, байқап қараңдаршы, бүгінгі ауа-райы қандай екенін желдің бағытын. Мақсаты:

Көктемгі ауа-райының өзгерісіне назар аудару. Табиғат құбылысының өзгерісіне қарау. Желдің пайда болуын түсіндіру. Желдің күшін, бағытын бағдарлай алуға баулу. Өз бетінше суреттеп айтып бере алуға үйрету. Сұрақтар:

- Жел қалай пайда болады?

- Желдің пайдасы бар ма?

- Желдің қатты болғанда қандай өзгерісін байқауға болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Желді күн»

Гу-гу, гу-гу шықты, Жапырағы судырлап,

Желдетті де бұлт қуды. Тал таранды сұлуша.

Жел соққан соң жел тіпті, Сұлу құрақ сылдырап,

Жын соққандай жұлқынды. Салды саусақ бұрымша.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Желдің қала йпайда болатынын.

Желдің ауа-райына тигізетін әсерін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ жинауға кіріседі. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз болады.

Мақсаты:

Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып, түстерді ажырата алуға үйрету.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 14. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жаңбырлы күн»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Жаңбырлы күнге бақылау

Жауын-шашыннан кейінгі ауа-райы құбылысына, жауыннан кейін шыққан күнге, табиғат өзгерісіне бақылау жасау. Жаңбырдан соң табиғат өзгерісіне көңіл аудару. Жауын-шашыннан кейін аспанға түрленіп кемпірқосақ дөңгеленіп шығады, жеті түрлі түстен тұрады.

Мақсаты:

Жаңбырлы күн жайында толық түсінік беру. Жауынды ауа-райының өзгерісіне назар аударту. Өз бетінше әңгімелей алуға баулу.

Сұрақтар:

- Жауын-шашыннан кейін ауа-райы қандай?

- Кемпірқосақ аспанға неге және қай кезде шығады?

- Оның неше түсі бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Жаңбыр»

Жаңбыр – құт сепкен, Табиғаттың сырын әр,

Себелер күрткөктен. Кім бар, жете ұғынар?

Аспан – көк теңіз, Аспан асты, жер үсті

Күн - кеме, бұлт – желкен. Күніне мың құбылар...

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көтемгі жауын-шашын жайында білдік..

Жауыннан кейін кемпірқосақ шығатынын білдік.

Ол жеті түрлі түстен тұрады.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 15. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Дала гүлі»

«Қызғалдақ»

«Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны

Дала гүлі - қызғалдаққа бақылау

- Көктемнің алғашқы хабаршысының бірі, даланың сәні-қызғалдақ. Ол өте әдемі, алқызыл түсті, қызыл түсті, сары түсті өсімдіік. Негізгі Отаны – Қазақстан. Тек қана көктемде ғана гүлдейді. Сары түстісі – «сарғалдақ» деп аталады. Ол жіңішке сабақты, үлбіреген әдемі гүл. Алыстан қарағанда далаға ерекше сәнмен құдды бір қызыл, кілем жауып қойғандай көз тартады.

Мақсаты:

Көктемгі гүлдердің бірі қызғалдақ жайында түсінік беру. Әсемдігі жайында мәлімет беру. Гүлдерді, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қызғалдақтың түсі қандай болады?

- Қызғалдақтың мекені қай жер?

- Қандай түстері болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Қызғалдақ» О.Асқар

Секілді екен қарасаң, Түсіне таң қаласың,

Дейді қалып бала таң. Иісінен нәр аласың.

Жапырағы өз гүлін, Көзін қадап көзіңе,

Аялаған алақан. Тұр ма сұлу деп қаласың.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Дала гүлі жайлы білдік.

Қызғалдақ өте әдемі гүл.

Отаны – Қазақстан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді, «Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.

Мақсаты:

Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 16. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Орман ағаштарының пайдасы»

«Күн мен жаңбыр»

қимылды ойыны

Орман ағаштарына бақылау

- Орман ағаштары адамның өміріне, табиғатқа өте пайдалы. Онда ағаштардың түрі әртүрлі болады. Орманның өзі бірнеше түрге бөлінеді: аралас орман, қылқан жапырақты орман, қарағайлы орман, т.б. Бұл атаулар ондағы өсетін ағаштардың түрлеіне байланысты. Орман ағаштары ауаны тазартады, жан-жануарлардың өсіп-өнуіне, септігін тигізеді. Қыста қар тоқтатады, жазда шаң-тозаң болмайды және орман ағаштарын адамдар шаруашылыққа пайдаланады. Олардын әртүрлі жиһаздар, қабығынан дәрілер, қағаз дайындайды.

Мақсаты:

Жалпы орманның пайдасы жайында мәлімет беріп, табиғатты, ағаштарды қорғауға үйрету. .

Сұрақтар:

- Орман деген не?

- Адамға орманның қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен

Екі мың жыл жасаған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Орман ағаштары жайында білдік.

Орманның бірнеше түрі бар.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.

«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:

Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту қабілетін дамыту.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Ағаштарға су құю.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 17. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Біздің көшедегі көп қабатты үйлер»

«Кім көп сөз біледі?» қимылды ойыны

Біздің көшедегі көп қабатты үйлерге бақылау

- Құрылысшылар адамдарға бірнеше пәтерден тұратын көп қабатты үйлер салады. Оның ішінде әрбір отбасының өміріне қажетті жағдайдың бәрі жасалған Біздің көшелерімізде көп қабатты үйлер көп. Бұндай үйлер тек қана қалаларда ғана болады. Олар өте әдемі, биік. Шынылары да әдемі. Егер де адамдардың бәрін жер бетіне жіберсе олар жер бетіне сыймай кетер еді. Сол себепті оларға ыңғайлы етіп көпқабатты үйлер салады. Біз көпқабатты үйде бәріміз тату болып тұрамыз

Мақсаты:

Көпқабатты үйлер жайында түсінік беру. Олардың адамдар үшін пайдасын ұғындыру. Үлкендер еңбегін бағалауға баулу.

Сұрақтар:

- Көпқабатты үйлер не үшін қажет?

- Көміздегі көпқабатты үйлер сендерге ұнайды ма?

- Сендер қайда тұрасыңдар

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Сонадайдан көрінген,

Ақ кірпіштен өрілген.

Біздің үй тұр жайлаған,

Астананың төрінен.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көпқабатты үйлерді құрылысшылар салады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында жылдам, тез әңгіме құрайды. «Жел» суреті болса желдің пайдасы мен зиянын айтады.

Мақсаты:

Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып жылдамдыққа, ойлампаздыққа тәрбиелеу.

Түскен жапырақты жинау.

Мақсаты:

Түрлі-түсті түстерді ажырата алуға, қол еңбегімен жұмыс жасауға үйрету.

Серуен кезіндегі негізгі мақсатты түсінбеген балалармен жеке жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 18. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Тышқан - тірі табиғатқа жатады»

«Көкпар»

қимылды ойыны

Тірі табиғат - тышқанға бақылау

- Тышқан тірі табиғаттың бір өкілі. Ол кішкене ғана бойлы, құйрығы ұзын, құлағы үлкен жануар. Ол дәнектермен, әртүрлі тағамдармен қоректенеді. Тіпті, қапты, қайысты, теріні де теседі. Тышқандардың өзінің бірнеше түрлері бар. Дауысы өте жіңішке болады. Тышқан жыл басы болып есептеледі. Тышқан мысықтан қорықса, піл тышқаннан қорқады.

Мақсаты:

Тышқан жайлы мәлімет беру. Оның тіршілігімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, көрген, естіген ертегілерді еске түсіре отырып, тышқан жайында айтуға үйрету. Табиғатты қорғауға үйрету.

Сұрақтар:

- Тышқан не себепті жыл басы деп есептеледі?

- Тышқандар қандай жерлерде тіршілік етеді?

- Немен қоректенеді?

- Ол неден қорқады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап мойыма,

Тайма именіп ділмардан.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Тышқан да табиғаттың бір бөлігі.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады. Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып, қуады. Ойын осылайша жалғасады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 19. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жолда жүру. Бағдаршам»

«Бағдаршам»

қимылды ойыны

Жолда жүру. Бағдаршамға бақылау

- Балалар, сендер жақсы білесіңдер, жолда жүру ережесін білу өте маңызды. Көліктердің көптігінен кішкентай балалар өздігінен жолдан өте алмайды. Сол себепті жолда жүру ересін үйрену қажет. Жолда жүруді реттеп отыратын бағдаршам бар. Қызыл түсі жанғанда тоқта, сары түсі жанғанда дайындал, жасыл түсі жанғанда жүр! Жолдан өтерде мұқият болған дұрыс.

Мақсаты:

Жолда жүру ережесі жайында мәлімет беру. Бағдаршам жөнінде білімдерін толықтыру, өз бетінше шешім қабылдай алуға баулу.

Сұрақтар:

- Көліктердің және адамдардың жүрісін не реттеп отырады?

- Бағдаршамның үш түсі қандай белгілерді білдіреді?

- Сен жолда жүру ережесін білесің бе?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Бағдаршам»

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта!», «Сақтан!», «Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жолда жүру ережесін әрбір адам білуге, үйренуге міндетті.

Бағдаршамға мұқият болған жөн.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады. Бір бала бағдаршам. Ол қызыл түсті көтергенде бір адым артқа, сары түсті көтергенде орындарында тапжылмай тұрады, жасыл түсте бір адым алға жылжиды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 20. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Жылы жаққа келген құстар»

«Қарлығаш»

«Құрлар»

қимылды ойыны

Жылы жаққа келген құстар – қарлығашқа бақылау

- Балалар, сендер жақсы білесіңдер, көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Солардың алғашқысы боп қарлығаш пен торғайлар келеді. Олар тек қана жылы жерлерде ғана тіршілік етеді. Олардын өзге аққу, тырна, жабайы үйрек, қасқалдақ, т.б. Олардың бірі ұясын ағаштарға салса, бірі қамыс-қоғаны палайды. Қарлығаш - құйрығы айыр құс. Құстар жәндіктермен, құрт-құмырсқамен қоректенеді. Біз әруақытта оларға қамқор болуымыз керек. Құстар біздің досымыз. Олар зиянды жәндіктерді аулап, адамға пайдасын тигізеді.

Мақсаты:

Жыл құстары жайлы түсіндіру. Құстарды бақылай алуға, олардың тіршілігі жайлы мәлімет алуға үйрету. Табиғатты қорғауға баулу..

Сұрақтар:

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

- Не себепті құстар жылы жаққа ұшып келеді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жыл құстары жайында білдік.

Құстар жылы жаққа көктемде ұшып жетеді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Екі бала құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Қалған балалар бөлме ортасында шеңберде.

Біздің жерде көгалда,

Сүзбе тұрса тек ал да,

Ұшып келді екі құр,

Шоқып кетті, қайта кетті

3-4 шумақтарды айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп секіріп, шыны ыдыстағы ірімшікке қарай жақындайды. 5-6 шумақты айтқанда құрлар шыны аяқтың қасына, екі аяғымен секіреді. Шеңбердің ішіне басын жәйлап еңкейтеді (шоқиды), Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар дауыстайды, құрлар өз орнына ұшып кетеді де, басқа ойыншылар оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған бала құрдың орнын ауыстырады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 21. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Көкөністердің пайда болуы»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Көкөністердің пайда болуына бақылау

- Балалар, сендер жақсы білесіңдер, көктемде табиғат жаңаша кйге енеді. Жаңадан шөп шығып, өсімдіктер өседі. Осы кезде бау-бақшаны баптап, көкөністер отырғызамыз. Көкөнісдердің бірнеше түрлері бар. Олардың көпшілігі жерден өніп шығады. Адамдар оларға су құйып, баптайды. Әрбір көкөніс дәнегінен (тұқымынан) пайда болып, өседі. Біздің күнделікті жеп жүрген тағамдарымыз - көкөністер сол бау-бақшаның өнімі. Көкөністердің адам ағзасына пайдасы мол. Қыста оларды жылыжайларда өсіреді. Мақсаты:

Көкөністер жайлы түсінік беру. Оларды атай алуға, жемістерден ажырата алуға баулу. Көкөністердің шығатын жерлерін айтып түсіндіру. Өз бетінше еңбектенуге баулып, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбииелеу. Сұрақтар:

- Көкөністердің қандай түрлерін білесіңдер?

- Көкөністер қайда өсіріледі?

- Жылыжайлардың не керегі бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Басы үлкен табақтай, Мойнын созған күнге алыс,

Собық діңі таяқтай. Бұл шіркінмен кім таныс?

Дыбыс сүзгіш секілді ол, Ол – пісте май, шемішке,

Күнді аңдиды таң атпай. Ол кәдімгі - ...... (күнбағыс)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көкөністер жайында білдік.

Көкөністердің дәрумені мол.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 22. Өткізілетін мерзімі: мамыр айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Балабақша қызметкерлері»

«Соқыртеке»

қимылды ойыны

Балабақша қызметкерлерінің жұмысына бақылау

- Балалар, назар аударыңдаршы, біздің балабақшада тәрбиешілерден өзге көптеген адамдар жұмыс істейді. Олардың барлығының өздерінің атқаратын қызметі бар. Бірі – тамақ пісірсе, бірі- тазалықты қадағалайды, бірі – сендердің төсек-орындарың мен орамалдарыңның тазалығына жаауап береді, енді бірі- балаларға қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесінің нұсқаушылары дене шынықтырумен айналысса, жүзуге үйрететін аағай бар, ән-күй сабағында сендерге ән мен би үйрететін апайларың бар. Ал балабақшадан барлығы үйлеріне кеткенде бұл жерді күзететін ағай бар. Сендердің денсаулықтарыңа алаңдайтын медбикелер де осында. Ауланың тазалығы мен алаңдағы өсімдіктердің өсуіне жағдай жасайтын адам да бар. Міне, балалар көрдіңдер ме, сендер үшін қаншама адамдар жұмыс жасайды. Біз қашанда үлкендерге көмектесіп жүруіміз керек.

Мақсаты:

Балабақша қызметкерлерінің жұмысын бағалауға тәрбиелеу. Назар аударуға баулу. Үлкенлер еңбегін бағалауға үйрету. Бір-біріне деген достық, сыйластық сезімдерін қалыптастыру.

Сұрақтар:

- Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

- Тазалық пен денсаулыққа кім қарайды?

- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

а) Ердің атын еңбек шығарар.

ә) Кәсіп, кәсіп түбі нәсіп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Балабақша қызметкерлері жайлы білдік.

Балабақшада көптеген адамдар жұмыс істейді

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала ортаға шығып «Соқыртеке» болады. Ол ойыншының көзін орамалмен байлап, ортаға жібереміз. Қалған балалар одан тым-тырақай қашады. Ұсталып қалған бала ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

«Ерінбеген етікші болады»

«Еңбек – ер атандырады»

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 1. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Бұталар»

«Бөртегүл»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Бөртегүлге бақылау

Бөртегүл – көпжылдық бұталы өсімдік. Гүдегенде оның әдемі иісі бүкіл бақты алып кетеді. Бұл өсімдік мамыр айында гүлдейді. Гүлдері ақ, сары, күлгін, сиякөк және көгілдір түсті. Бойының биіктігі 3-3,5м аралығында. Ол мамыр, маусым айларында суды көп қажет етеді.

Мақсаты:

Балаларға бұталарды ажырата білуге үйрету. Бөртегүл туралы мәлімет беру. Есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Бөртегүлді сипаттап бер.

- Ол қай кезде гүлдейді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бақшада гүлін жарып, Ақ, күлгін, сия көк боп,,

Бөртегүл тұр ырғалып. Көктемде гүл ашады.

Бұрқырап жұпар иісі,, Көркі мен иісі үшін,

Барады мұрын жарып. Көп адам ұнатады.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Бөртегүлдің қалай өмір сүретінін, иісінің жақсы екенін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Аққала салу.

Мақсаты:

Бірлесе жұмыс жасау барысында балаларды емін-еркін қарым-қатынаста болуға баулу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 2. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ағаштар»

«Тал»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Талға бақылау

Кейбір талдар көбінесе аласа, бұтақтары ирек, жайыла өседі. Талдың ерекшелігі – бұтақ басында орналасқан жапырақтарының түсі ақ. Талдың жас шыбықтарына мал әуес. Көктемде сырға секілді үлбіреген гүл жарады.

Мақсаты:

Табиғат әлеміне қызығушылығын ояту. Байқағыштығын жетілдіру. Талдың пайдасын айту. Ойлау қабілетін дамыту. .

Сұрақтар:

- Тал қай мезгілде гүл жарады?

- Талды сипаттап бер.

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ылғалды сүйер, өседі өзен жағалап,

Қадірін, түсін, қасиетін оның бағалап.

Солқылдақ, жұмсақ, иілсе-дағы сынбайды,

Әртүрлі заттар жасауға одан ыңғайлы. .

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Талдың пайдасын білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Аққала салу.

Мақсаты:

Бірлесе жұмыс жасау барысында балаларды емін-еркін қарым-қатынаста болуға баулу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Мұз»

«Балықтар»

қимылды ойыны

Мұзға бақылау

Күн суытқанда су қатып, мұзға айналады. Жауынның суы немесе көлшіктердегі су да қатады. Тіпті байқасақ шатырдың үстінен аққан су да қатады. Оны – сүңгі деп атайды. Сүңгі судың тамшылап ағып жиналуынан пайда болады. Мұздың өзінің түсі қарап отырсақ, мөлдір. Ал ол қалың болып жиналғанда түсі көгілдір боп көрінеді. Мұз судың жиналғанына қарай сондай пішінде қатады. Демек, ол өзінің пішін сақтайды. Қатты соққанда сынады.

Мақсаты:

Табиғат әлеміне қызығушылығын ояту. Байқағыштығын жетілдіру. Мұздың пайда болуын түсіндіру және өз бетінше айтып, сипаттап бере алуға үйрету. Мұздың әртүрлі күйегі ерекшеліктерімен таныстыру. Ой еңбегі мәдениетіне дағдыландыру.

Сұрақтар:

- Мұз қандай түсті болады?

- Пішінін сақтай ма?

- Ол қалай пайда болады?

- Сүңгі қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Өзі судан жаралған, бірақ, судан қорқады. Ол не? (мұз)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Мұздың пайда болуын білдік.

Мұз өз пішінін сақтайды.

Ол өте суық болады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі қолдың алақанын беттестіріп, балықтың басын кескіндейді. Ал, саусақтарын балықтың құйрығы ретінде қолданып ойынды бастайды. Бөлменің ішінде иректеле жүргізіп, бір бағытқа жиналуын, жыртқыштардан жан-жаққа қашуын көрсетеді.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Аквариумдағы балықтарға жем шашу.

Мақсаты:

Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Су»

«Біз тамшылармыз»

қимылды ойыны

Суға бақылау

Балалардың алдына екі ыдыс қоямыз. Бірінің ішінде су, ал екіншісінің ішінде сүт. Екі ыдысқа да қасық салады, бақылайды. Суға салынған қасық көрінеді, ал сүттегі қасық көрінбейді. Себебі, су мөлдір, иісі түсі жоқ. Ал сүт ақ түсті, өзіне тән иісі, дәмі бар.

Мақсаты:

Су және оның маңыздылығы туралы мәлімет беру. Оның қасиеттері мен ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру. Суды үнемдеуге, құндылығын бағалауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Судың түсті қандай болады?

- Қандай пайдасы бар?

- Судың иісі, дәмі бар ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

а) Аузы жоқ күледі, сыңғырлайды, онсыз бірақ жер бетіне тіршілік жоқ. Ол не? (су)

ә) Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. Ол не? (су)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Судың адамдар үшін пайдасын білдік.

Оны үнемдеп ұстау қажет.

Сусыз тіршілік жоқ.

Судың түсі, иісі, дәмі болмайды, ол мөлдір болады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар тамшы бейнеленген тәж киеді. Педагог бұлт кейпіндегі тәж киеді. Ол бұлт –анасы, ал тамшылар-балалары. Тамшылар бұлтты айнала жүреді, секіреді. Бұлт оларды жер бетіне қыдыруға жібереді. Оларға өздерін жақсы ұстау керектігін, өсімдіктерді суару керектігін, жер бетін жуып қайта оралуларын ескертеді. Балалар жан-жаққа тарап, сосын қайта бір жерге жиналып, бірінен кейін бірі судың жылға боп аққанын көрсетеді. Педагогтың нұсқауымен олар жылғаның суы жиналып (екі қатарға) өзенге айналғанын көрсетеді. Өзен ағып, теңіз болады (балалар үлкеншеңбер жасайды). Бұлт ана олардың тамшы екендігін ескертіп, үйлеріне шақырады. Теңіз буланып балалар тамшыға айналып, біртіндеп бұлтқа айналады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Ауланы қардан тазарту.

Мақсаты:

Бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Қырау»

«Күн, су, ауа »

қимылды ойыны

Қырауға бақылау

Балалардың ағаштардағы қырауларға мұқият қарап шығады. Қырау жамылған бұтаға алақандарын тигізеді. Алақанды тигізгенде ол еріп кетеді. Қырау - бұл да су, бірақ қатқан түрі. Қырау тұрса күннің суықтығын білдіреді. Қырау суық ауадан өсімдіктердің бойында (бұталарында) пайда болады. Ол тіпті, әйнектерге де сурет сала алады. Оның салған өрнектері бірін-бірі қайталамас әдемі. Мақсаты:

Балаларға қыраудың пайда болуын түсіндіріп, мәлімет беру. Ой – өрістерін кеңейту. Зейінін қалыптастып, есту қабілеттерін дамыту.

Сұрақтар:

- Қыраудың түсі қандай?

- Ол қалай пайда болады?

- Бұтаға, терезеге алақанымызды тигізгенде не болды?

- Қырау қайда жоғалып кетті?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіптіқол, аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою салады.

Ол не? (қырау)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қыраудың қалай пайда болатынын.

Оның керемет теңдесі жоқ суретші екенін білдік

Қыраудан ауа-райының өзгерісін бақылай алуға болатынын білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

«Күн!» дегенде балалар қуанып ойнап жүреді. Өсімдік болып өседі. Өйткені, өсімдіктер күн жылуын қажет етеді, жақсы көреді.

«Су!» дегенде балалар балықтар сияқты суда жүзеді.

«Ауа!» дегенде құстар сияқты, ұшақ секілді ұшады. Осылайша ойын әуенмен жалғаса береді.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету. Әуен ырғағымен қимылдарын дәл келтіруге баулу.

Ойын алаңын қардан тазарту.

Мақсаты:

Бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Шырша»

«Өз жұбыңды тап! »

қимылды ойыны

Шыршаға бақылау

Шырша мәңгі жасыл өсімдік. Оның ауаны тазартатын ерекше қасиеті бар. Оны емдік қасиеті үшін де пайдаланады. Шырша ашық күн көзін жақсы көреді. Жыл сайын сынған, майысқан бұталарын кесіп, реттеп отыру керек.

Мақсаты:

Балаларға шырша жайлы мәлімет беру. Ой – өрістерін кеңейту. Зейінін қалыптастып, есту қабілеттерін дамыту. Шыршаны ажырата алуға баулу. Оның адамға деген пайдасынн айтып, түснідіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Шыршаны неге мәңгі жасыл өсімдік дейміз?

- Оның түсі қандай?

- Оған қалай күтім жасау керек?

- Адамдар үшін қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қыста, жазда, күзде де,

Тұрады жасыл түске еніп.

Шипасы мол шыршаның,

Тыңайтар бізге күш беріп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Шыршаның пайдасын білдік.

Ол мәңгі жасыл өсімдік.

Оған қалай күтім жасау керектігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Қатысатын балалар санына қарай әрқайсысының жалаушалары болуы керек. Әр бала бір-бір жалаушадан алады. Ойын бастаушының белгісінен кейін балалар алаңға шашырай жүгіреді. Келесі белгі берілгенде бір түсті жалаушалары бар балалар бірін-бірі тауып, бір сапқа қатарға тұруы керек. Ойында бір бала жұпсыз қалуы керек. Тақ санды ойыншылар қатысқаны жөн.

«Аузыңды ашып, құр қалма,

Серігіңді тез таңда!»

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету. Әуен ырғағымен қимылдарын дәл келтіруге баулу.

Ойын алаңын қардан тазарту.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 7. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Алғашқы қар»

«Кетті кетті »

қимылды ойыны

Алғашқы қарға бақылау

Табиғат құбылысынң бірі- қар. Қар тек қана қыс мезгілінде ғана жауады. Қардың түсі ақ, суық болады. Қалың жауған қарда шаңғы тебуге болады. Қар жауғанда жер беті аппақ көрпе жамылғандай әсер қалдырады. Қардан аққала жасаймыз. Алғашқы қар ақ ұлпа тәрізді жұмсақ, тез ерігіш келеді. Ол жауа келе қатайып, қатты қабатты құрайды. Қар жауғанда ауа тазарып қалады.

Мақсаты:

Қар жайлы мәлімет беру. Есте сақтай алу қабілетін дамытып, сұраққа дұрыс, әрі толық жауап беруге дағдыландыру.

Сұрақтар:

- Қар қай мезгілде жауады?

- Оның түсі қандай?

- Қармен қандай ойын ойнауға болады?

- Табиғатта үшін қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қыс түсіпті алақай, Сол шанамен құйғытып,

Қар жауып тұр далада. Жеткен Аяз Атамыз.

Жүр ойнайық балақай, Біздер одан сый күтіп,

Отырып ап шанаға. Күліп-ойнап жатамыз.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қар қыс мезгілінде жауады.

Алғашқы қар өте жұмсақ, тез ерігіш келеді.

Қарда балалар шаңғы тебеді, шанамен ойнайды.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Ойыншылар тізесін сәл көтеріп, бір-біріне жақын айнала отырады. Бастаушының белгісі бойынша ойнаушылардың бірі орамалды көрсетпей екінші біреуге береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойнаушыны сырт жағында ескен сүлгі не жіп ұстап тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс. Оның зейінін басқа нәрсеге аударып, жаңылдыру үшін ойыншылар «Әне кетті, міне кетті!» деп шуылдап отырады Егер ойын жүргізуші орамалды ұстаған адамды дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі орын алмасады. Ал, қателесе ойыннан шығады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету. Зейінін дамытып, шапшаңдыққа баулу.

Ойын алаңын қардан тазарту. Жол ашу.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 8. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Аю»

«Аюлар мен аралар »

қимылды ойыны

Аюға бақылау

Табиғатта тіршілік ететін жабайы аңдардың бірі – аю. Ол орманда өмір сүреді. Аюдың екі түрі болады. Бірі-қоңыр аю болса, екіншісі - ақ аю. Ақ аю суық аймақтарда өмір сүреді. Судағы балықтармен қоректенеді. Ал, кәдімгі қоңыр аю орманда тіршілік етеді. Ол әрүрлі жеміс-жидектермен қоректенеді. Аю балды жақсы көреді. Қоңыр аю қыста ұзақ уақыт ұйқыға кетеді. Көктемде ол ұйқысынан оянып, ары қарай тішілігін жалғастырады. Оның көру қабілеті төмен, сондықтан есту қабілетіне сүйенеді. Икемсіз баяу қозғалатын аң. Оның баласын – қонжық деп атайды.

Мақсаты:

Балаларға аю туралы мәлімет беру. Оның тіршілігін айтып, түсіндіру. Ой-өрісін дамыту. Жабайы жануарларды ажырата алуға баулу.

Сұрақтар:

- Аю қайда мекендейді?

- Оның түсі қандай?

- Ол нені жақсы көреді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жазда қыдырады, қыста тынығады. Ол не? (аю)

«Аю»

Үңгірі – әсем шатыр-ды Жүреді аңдар жоламай,

Демес оны тар мекен. Алысқанын қан қылар.

Алты ай ұйықтар батырды Қонжықтары баладай

Көргендерің бар ма екен? Жидек құмар, бал құмар.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қар қыс мезгілінде жауады.

Алғашқы қар өте жұмсақ, тез ерігіш келеді.

Қарда балалар шаңғы тебеді, шанамен ойнайды.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Ойыншылар тең емес екі топа бөлінеді. 3-4 бала аю болса, қалған балалар аралар болады. Барлық аралар ұяларынан ұшып кеткенде аюлар келіп бал жей бастайды. Сол кезде тәрбиеші белгісімен аралар ұшып келеді. Олар аюларды талай бастайды. Аюлар қашуы тиіс. Қашып үлгермеген аю ойыннан шығады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа үйрету. Зейінін дамытып, шапшаңдыққа баулу.

Қардан үйшік салу.

Мақал-мәтелдер

Ырыс алды – ынтымақ.

Бірлік бар жерде тірлік бар.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,

сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 9. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

Өсімдік –

«Бөлме гүлі - Қоянқұлақ»

«Дойбы»

ойыны

Бөлме гүлі Қоянқұлаққа бақылау

Қоянқұлақ – мәңгі жасыл, көпжылдық өсімдік. Аты өзі айтып тұрғандай, жапырағы қоянның құлағына ұқсайды. Ол ылғалды жапырақтарына жинайды. Гүлдері ақ, сарғыш жасыл түсті. Өсімдік күн көзі жақсы түсіп тұрған, ерекше күтім жасалатын жағдайда ғана гүлдейді. Арнайы сабағы болмайды. Жапырақтары тікелей тамырдан шығады. Жазда жиі, қыста сирек суарған жөн.

Мақсаты:

Гүл туралы мәлімет бере отырып, зейіндерін дамытуға баулу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Күтімін қалай жасау керектігін айтып, түсіндіру. Әсемдікке баулу.

Сұрақтар:

- Қоянқұлақ өсімдігінің түсі қандай болады?

- Оған қандай күтім керек?

- Қалай күтіп-баптайды?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жапырақтары қоянның құлағындай,

Көп күтім қажет емес бұған ұдай.

Төзімді гүл ауаның құрғауына,

Қойған жақсы бөлменің күн жағына ,

Көлеңке де ол үшін қауіпті емес,

Назар аудар тек ұзақ тұрмауына.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өсімдіктің пайдасын білдік.

Қалай күтім жасау керектігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялған. Екі адам кезектесіп, бір-біріне қарсылас болып ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.

Құстарға ұя жасау.

Мақал-мәтелдер

Ырыс алды – ынтымақ.

Бірлік бар жерде тірлік бар.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,

сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 10. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

Бөлме гүлі

«Шегіргүл»

«Күрес»

қимылды ойыны

Бөлме гүлі шегіргүлге бақылау

Гүлдің түсі біркелкі ақ, күлгін, қызыл және түрлі түсті болып келеді. Жапырағы жылтыр, тегіс және түкті болады. Жапырағының пішіні доғал, жүрек тәрізді немесе дөңгелек. Түсі біркелкі ашық, қою жасыл, ал кейбіреулері ақ дақты болады.

Мақсаты:

Гүл туралы мәлімет бере отырып, зейіндерін дамытуға баулу. Гүдерді бір-бірінен ажырата лауға үйрету. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Күтімін қалай жасау керектігін айтып, түсіндіру. Әсемдікке баулу.

Сұрақтар:

- Шегіргүл өсімдігінің түсі қандай болады?

- Оған қандай күтім керек?

- Қалай күтіп-баптайды?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Шегіргүлді көрген жан

Көбелек деп қалады.

Қайнатпа одан жасасаң,

Ауруға ем болады.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өсімдіктің пайдасын білдік.

Қалай күтім жасау керектігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Күші теңдес болып келетін екі бала бірінің аяғына бірінің басын келтіре, шалқаларынан кілем үстінде жатады. Бұдан кейін сол жатқан беттерінде бірінің қолынана бірі қатты қыса қолтықтасып алады. Енді балалар аяқтарын жоғары көтере бірінің өкшесін бірі іле қағысады. Әркім өзінің қатарындағы палуандар тақымынан көтере басынан асыра тастау. Осы мақсатты орындағаны жеңгені болып табылады.

Мақсаты:

Балаларды ерлікке, күшті болуға баулу.

Торғайларға жем шашу.

Мақал-мәтелдер

Ырыс алды – ынтымақ.

Бірлік бар жерде тірлік бар.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,

сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 11. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Бұлт»

«Кім мерген?»

қимылды ойыны

Бұлтқа бақылау

- Балалар, естеріңде болса, табиғаттың екі түрі бар деген болатынбыз. Олар – «тірі табиғат» және «өлі табиғат». Солардың бірі – тұман мен бұлт судың булануы нәтижесінде пайда болады. Ауа-райы бірде суық, бірде жылы болғанда жер бетінен бу көтеріледі. Оны - тұман дейді. Ал, үлкен-үлкен теңіздерде, көлдер мен өзендерде күн ысып, су буланады да аспанға көтеріледі. Ол бу бізге білінбестен аспанда бір жерге желдің арқасында жиналады. Міне, содан бұлт пайда болады. Бұлт жерге жаңбыр болып жауады. Тұман қалың болса адам алдындағы нәрсені көрмейді. Бірақ тұман көп тұрмайды, ол тез сейіледі.

Мақсаты:

Өлі және тірі табиғат туралы түсінік беру. Табиғаттың екі түрге бөлінетінін еске түсіру арқылы балаларға бұлт, оның пайда болуы жайлы мәлімет беру. Өлі және тірі табиғаттың адам өміріндегі маңызын айту. Сұрақтар:

- Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?

- Оның адамға қандай пайдасы бар?

- Бұлт қалай пайда болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Қара бұлт»

Жаңбыр-жаңбыр қара бұлт, Бұлт қойнында шатырлақ,

Төне қалды тау жақтан. Найзағай да толы екен.

Күңгірт тартты дала күрт, Күн күркірі сатырлап,

Қорғасындай салмақтан. Нөсер жауын мол екен.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өлі табиғаттың да адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.

Бұлттың қалай пайда болатынын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Балалар қарды домалақтап, арнайы көздеген затқа дәлдеп тигізіп ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды ерлікке, дәл тигізуге, күшті болуға баулу.

Торғайларға жем шашу.

Мақал-мәтелдер

Ырыс алды – ынтымақ.

Бірлік бар жерде тірлік бар.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,

сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 12. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ауладағы иттер»

«Тату тәтті отбасы»

қимылды ойыны

Ауладағы иттерге бақылау

- Иттердің түрлері өте көп. Ит адамның досы.Ол адамдарға үйді күзетуге көмектеседі. Оның құлағы жақсы естиді. Жүйрік. Түрлеріне қарай олардың аттары да сан алуан. Иттің баласын – күшік деп атайды.

Мақсаты:

Балаларға ит туралы түсінік беру. Оның адамға деген пайдасын айту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тіл байлығын дамыта отырып, сөздік қорын молайту. Жануарларды қорғауға үйрету.

Сұрақтар:

- Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?

- Ит қандай болады?

- Оның адамға қандай пайдасы бар?

- Не жейді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ит – жеті қазынаның бірі.

Ит адамның досы.

Итті ұрма, басына теппе!

Ақ күшігім арбадан секіріп түсті. Ол не? (түкірік)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өлі табиғаттың да адамдар үшін пайдасының көптігін білдік.

Иттің адамға дос екендігін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке, сыйластыққа үйрету.

Бөлме гүлдеріне су құю.

Мақсаты:

Балаларды бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа,

сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс жасау.

Ересек топ Серуен 13. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Желді күн»

«Соқыртеке»

қимылды ойыны

Желді күнге бақылау

- Көктемде ауа-райы сан құбылады. Бірде жылы, бірде жауынды, енді бірде желді болады. Жел – жылы ауа мен суық ауаның бір-бірімен қабаттасуынан пайда болады. Жел қатты болса ағаштарды құлатып, жерді құрғатып жібереді. Дегенмен, желдің де адам үшін пайдасы бар. Ол ауаның тазарып отыруына септігін тгізеді. және жауынның пайда болуына да ықпалын тигізеді.. Өйткені, желменен бұллтар жиналады. Балалар, байқап қараңдаршы, бүгінгі ауа-райы қандай екенін желдің бағытын. Мақсаты:

Көктемгі ауа-райының өзгерісіне назар аудару. Табиғат құбылысының өзгерісіне қарау. Желдің пайда болуын түсіндіру. Желдің күшін, бағытын бағдарлай алуға баулу. Өз бетінше суреттеп айтып бере алуға үйрету. Сұрақтар:

- Жел қалай пайда болады?

- Желдің пайдасы бар ма?

- Желдің қатты болғанда қандай өзгерісін байқауға болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Желді күн»

Гу-гу, гу-гу шықты, Жапырағы судырлап,

Желдетті де бұлт қуды. Тал таранды сұлуша.

Жел соққан соң жел тіпті, Сұлу құрақ сылдырап,

Жын соққандай жұлқынды. Салды саусақ бұрымша.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Желдің қалай пайда болатынын.

Желдің ауа-райына тигізетін әсерін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала ортаға шығып «Соқыртеке» болады. Ол ойыншының көзін орамалмен байлап, ортаға жібереміз. Қалған балалар одан тым-тырақай қашады. Ұсталып қалған бала ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды тазарту

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 14. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй құстарының бірі – тауық»

«Сымсыз телефон»

ойыны

Үй құстарының бірі – тауыққа бақылау

Тауық үй құстарының бірі. Тауықтың етін, сорпасын, жұмыртқасын адамар тағам ретінде көп пайдаланады. Оның құрамында дәрумендер көп. Тауықтың баласын – балапан дейді. Ол кішкентайында сары үрпек, нәзік болады. Тауық тары, жем – шөпті жақсы көреді. Мақсаты:

Үй құстарының тіршілігі туралы түсініктерін дамыту. Тауық туралы мәлімет беру. Құстардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсіндіру. Үй құстарына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Тауықтың пайдасы қандай?

- Балапаны қандай болады?

- Тауықты неге үй құстарына жатқызады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Басында айдары, иегінде сақалы бар. Ол не? (әтеш)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Тауық үй құстарына жатады.

Ол тарыны, бидайды жақсы көреді.

Оның етін, жұмыртқасын адамдар пайдаланады.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да, келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген) ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Алаңды тазарту

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 15. Өткізілетін мерзімі: желтоқсан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй жануарының бірі – жылқы»

«Айна»

ойыны

Үй жануарының бірі – жылқыға бақылау

Үй жануарлары төрт түлік мал. Солардың бірі жылқы. Жылқының адамға тигізетін пайдасы өте көп. Жылқы малы лас суды ішпейді. Адамдар оны көлік ретінде, етін тамақ реінде пайдаланады. Оның баласын – құлын деп атайды. Пірі, яғни қорғаушысы – Қамбар ата.

Мақсаты:

Төрт түлікті ажырата білуге, төлдерін есте сақтап, айтып бере алуға үйрету. Үй жануарларына деген қамқорлықтарын арттыру.

Сұрақтар:

- Жылқы қандай болады?

- Жылқының төлі қалай аталады?

- Оның қорғаушысы кім?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Мінсең желдей жүйткиді,

Көңілің таудай өседі.

Алып ұшар алысқа,

«Ер қанаты» деседі.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Төрт түліктің бірі - жылқы.

Пірі – Қамбар ата

Төлін - құлын дейді.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балаларға ойын бастаушы әртүрлі қимылдар көретеді. Қалғандары сол қимылды айнытпай, дәл қайталауы тиіс. Екеуден жұптасып, бірі - айна, бірі - сондағы сұлба болып ойнауға да болады. Орындарын ауыстыра алады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Алаңды тазарту

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 1. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Кірпі»

«Аюлар мен аралар »

қимылды ойыны

Кірпіге бақылау

Кірпі жабайы аңдардың бірі. Ол талғаусызқоректенеді, таңдамаиды. Әртүрлі жәндіктерді аулап жеміс-жидектерді жақсы көреді, өсімдіктерді жейді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Күндіз інінде ұйықтап, ал түнде жорыққа шығады. Балалары жұмсақ инесімен туылады, біраз уақыт өткен соң инелері қатаяды. Кірпі қыста үзақ ұйқыға кетеді.

Мақсаты:

Жабайы аңдар туралы, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Кірпінің тіршшілігімен таныстыру. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сұрақтар:

  • Кірпіні сипаттап бер

  • Қалай тіршлілік етеді

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Көп, көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейді әрине.

Ол не? (кірпі)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Кірпінің қалай тіршілік ететіні білдік.

Нені жақсы көретінін білдік.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Ойыншылар тең емес екі топа бөлінеді. 3-4 бала аю болса, қалған балалар аралар болады. Барлық аралар ұяларынан ұшып кеткенде аюлар келіп бал жей бастайды. Сол кезде тәрбиеші белгісімен аралар ұшып келеді. Олар аюларды талай бастайды. Аюлар қашуы тиіс. Қашып үлгермеген аю ойыннан шығады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа үйрету. Зейінін дамытып, шапшаңдыққа баулу.

Алаңды тазарту

Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі - мереке».

Мақсаты:

Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 2. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй жануары - сиыр»

«Кім тезірек жалаушаға жетеді?»

қимылды ойыны

Үй жануары – сиырға бақылау

-Балалар, бүгін сендермен үй жануарының бірі-сиырды бақылаймыз. Оның адамға пайдасы өте көп. Төлін - «бұзау», пірі (қамқоршысы)– «Зеңгі баба» дейді. Сиырдың сүтінен май, ірімшік, айран, қаймақ аламыз. Мақсаты:

Үй жануарларының бірі - сиыр жайлы толық мәлімет беру. Оларды ажырата алуға, төлдерінің атауын есте сақтауға үйрету. Үй жануарларыныа деген қамқорлық сезімдерін оятуға баулу.

Сұрақтар:

- Үй жануарның адамға қандай пайдасы бар?

- Сиырдың қамқоршысы қалай аталады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ырыс көзі – сиырмын, Балауса шөп бер, сиыр бақ,

Байлығымын бір үйдің. Салбыраған әукесі. Етім-дәмді, күшім бар. Мұнда жердің еркесі,

Сырымды менің ұғып ал, Зеңгі баба баласы,

Қажет болса сүт, қаймақ. Сиыр деген - мен болам.

а) «Өзі күшті, мүйізі мықты, бір нәрсе құтыра шықты»

Ол не? (сиыр)

ә) «Шайнаңдайды сағыз, сүттің кені нағыз» (сиыр)

«Төрт бұлағы –сүт, баға білсең - құт»

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Сиырдың еті, терісі, сүті пайдалы.

Сиырдың қамқоршысы – Зеңгі баба

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада бір бала екі жалаушаны ұстап тұрады. Екі топтан екі-екіден ойыншылар кезектесіп шығып, жалаушаға жүгіреді. Кім тезірек жетіп алады, сол топ жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Бұталар»

«Раушан гүлі»

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Раушан гүліне бақылау

Раушан көпжылдық бұталы гүл. Табиғатта жылы, таулы жерлерде көп кездеседі. Ол гүлдің бірнее түрі бар. Олар: ақ, сары, күлгін, қызыл, алқызыл. Оны күнделікті мол суару керек. Ал, жаздың ыстық күндері күніне 2 рет суарған жөн. Бұл гүл әсемдік үшін көп қолданады.

Мақсаты:

Табиғатты сүйіп, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Бұталы өсімдіктердің аттарын атап, оларды ажырата алуға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру.

Сұрақтар:

- Раушан гүлі қандай болады?

- Ол қандай жерлерде кездеседі?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Раушанның түрі көп,

Түстері де әр алуан.

Жүзмыңдаған түрі бар,

Жер жүзіне таралған. Раушан гүл патшасы,

Сұлулықтан жаралған.

Күн нұрынан қуат ап,

Топырақтан нәр алған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Раушан гүлінің сұлулығын білдік.

Кездесетін жерін білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ағаш»

«Ақ қайың»

«Сымсыз телефон»

ойыны

Ағаш ақ қайыңға бақылау

- Табиғатта ағаштардың бірнеше түрі бар. Солардың бірі – Ақ қайың. Өте сұлу, ұзын бойлы ағаш. Сыртқы қабығы қара дақтары бар, ақ түсті болады. Олар саябаққа ерекше сән береді.

Мақсаты:

Балаларға ағаштар, оынң ішінде ақ қайың жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Ағаштың пайдасын айтып, түсіндіру. Ағаштарды қорғауға үйрету.

Сұрақтар:

- Ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Ақ қайың қандай болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Ақ қайың»

Астанадай қаланы, Ұшар басы сұлу-ды,

Сәнге бөлер саялы. Жел шайқамас соққан жай.

Шырша, терек, ақ қайың, Аппақ оның қабығы,

Жасыл желек аз әлі. Діңі тұзу оқтаудай

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Үй құстары жайлы білдік.

Құстардың баласы – балапан.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да, келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген) ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ағаш»

«Терек»

«Сымсыз телефон»

ойыны

Ағаш терекке бақылау

- Терек биік болып өсетін ағаш. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып сырға секілді ақ гүл жарады. Гүлдері бұтақ басына жиі орналасады. Терек ағашының діңі жұмсақтау, жеңіл және ақшыл түсті болғандықтан қағаз, сіріңке жасайды. Сонымен қатар, жиһаз жасауға да пайдаланады.

Мақсаты:

Балаларға ағаштар, оынң ішінде терек жайлы түсіндіру. Тілдерін дамыту. Өз бетінше әңгімелей алуға, сипаттап беруге үйрету. Ағаштың пайдасын айтып, түсіндіру. Ағаштарды қорғауға үйрету.

Сұрақтар:

- Ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Терек қандай болады?

- Оны қандай мақсатта пайдаланады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Терек»

Теректер биік өседі, Жел соққанда ән айтар,

Алатұғындай Ай ұстап. Жапырақтары «дауыстап»,

Діңдері жұмсақ бірақта,, Дауыл тұрса тербеліп,,

Сондықтан аздап майысқақ.. Теректің белі қайыспақ.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Теректің пайдасын білдік..

Оны қандай мақсатта пайдаланатындығын. .

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да, келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген) ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысының нұсқауымен жұмыс.

Ересек топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Емен»

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Еменге бақылау

Діңі жуан, әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Емен ағашы таулы аймақтарда болады. Ол гүлдеп, жеміс салады. Көктемгі гүлдері қызғылт түсті, жеміс салады. Ағаштың жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Бұл ағаш 200 жылға дейін өмір сүріп, жәй өседі. Діңі мықты болғандықтан, одан есіктер мен терезелер жасалады. Жаңғақ арқылы көбейеді.

Мақсаты:

Балаларға емен ағашы жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Табиғатты қорғауға баулу.

Сұрақтар:

- Емен қандай ағаш?

- Ол қалай көбейеді?

- Еменнің адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен

Екі мың жыл жасаған.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Еменнің пайдасы, қасиеті жайында.

Еменнің жаңғағы арқылы көбейетінін.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 7. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Айна»

«Көкпар»

қимылды ойыны

Айнаға бақылау

Айна табиғи материал шыныдан жасалады. Айна адамзат үшін ең қажетті, пайдалы заттың бірі. Оның жасалу технологиясы қарапайым. Шыныға фольга қағазын жапсырып көрейік. Біз өзімізді көре аламыз. Мінекей, айна осылайша жасалады. Айна адамдардың өзін-өзі бақылай алуына, әдемілікке ұмтылуына себепкер.

Мақсаты:

Балаларға шыны және оның қасиеті жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Қауіпсіздіік ережелерін естен шығармауды тапсыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу. Тәжірибе берысында заттардың қасиетін анықтап, салыстырып, қорытындылай білу іс-әрекеттерін жетілдіру.

Сұрақтар:

- Айна қандай зат?

- Қандай пайдасы бар?

- Ол неден жасалады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Түйістіреді көзіңді көзіңе,

Жолықтырады өзіңді өзіңе.

Ол не? (айна) .

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Айнаның пайдасы жайында білдік.

Қолдну барысында техникалық қауіпсіздікті естен шығармау қажет..

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады. Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып, қуады. Ойын осылайша жалғасады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 8. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Айна»

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Айнаға бақылау

Айна табиғи материал шыныдан жасалады. Айна адамзат үшін ең қажетті, пайдалы заттың бірі. Оның жасалу технологиясы қарапайым. Шыныға фольга қағазын жапсырып көрейік. Біз өзімізді көре аламыз. Мінекей, айна осылайша жасалады. Айна адамдардың өзін-өзі бақылай алуына, әдемілікке ұмтылуына себепкер.

Мақсаты:

Балаларға шыны және оның қасиеті жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды тапсыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу. Тәжірибе берысында заттардың қасиетін анықтап, салыстырып, қорытындылай білу іс-әрекеттерін жетілдіру.

Сұрақтар:

- Айна қандай зат?

- Қандай пайдасы бар?

- Ол неден жасалады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Түйістіреді көзіңді көзіңе,

Жолықтырады өзіңді өзіңе.

Ол не? (айна) .

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Айнаның пайдасы жайында білдік.

Қолдану барысында техникалық қауіпсіздікті естен шығармау қажет.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 9. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Аквариумдағы балықтар»

«Балықтар»

қимылды ойыны

Аквариумдағы балықтарға бақылау

Аквариумдағы балықтардың әдемі де дені сау болып өсуі үшін оларды үнемі күтіп-баптап отыру қажет. Уақытында суын ауыстырып, жем шашып отыру керек. Суды тазартатын арнайы құрылғы - «компрессор» үлкен аквариумдарға қойылады.

Мақсаты:

Балаларға аквариум жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Қауіпсіздіік ережелерін естен шығармауды тапсыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу. Балықтар жайлы білімін жеілдіру арқылы аяушылық сезімін, жауапкершілікті қалыптастыру.

Сұрақтар:

- Аквариум деген не?

- Қандай пайдасы бар?

- Ол неден жасалады?

- Су тазартатын құрылғыны не деп атайды?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Суда өседі, өнеді.

Сыртқа шықса өледі.

Ол не? (балық) .

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Аквариумның пайдасы жайында білдік..

Аквариумдағы балықтарға үнемі күтім қажет.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар екі қолдың алақанын беттестіріп, балықтың басын кескіндейді. Ал, саусақтарын балықтың құйрығы ретінде қолданып ойынды бастайды. Бөлменің ішінде иректеле жүргізіп, бір бағытқа жиналуын, жыртқыштардан жан-жаққа қашуын көрсетеді.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Аквариумдағы балықтарға жем шашу.

Мақсаты:

Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 10. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Қоңыраугүл»

«Гүлдер»

қимылды ойыны

Қоңыраугүлге бақылау

Қоңыраугүл маусым-шілде айларының аралығында гүлдейді. Гүлдері – ақ, күлгін, сиякөк, көгілдір болып келеді. Ол гүлдің аласа бойлы түрлері ерте және ұзақ гүлдейді. Құнарлы топырақ пен ашық күн көзін ұнатады.

Мақсаты:

Балаларға қоңыраугүл жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Күтімін қалай жасауды үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу. Ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қоңыраугүл қай кезеңде гүлдейді?

- Қандай пайдасы бар?

- Оны қалай күтіп-баптау керек?

- Түсі қандай болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қоңыраудай болған соң, Алуан түсті гүлдері,

Қоңыраугүл аталған. Сән береді құлпырып.

Бір түбінен жамырап, Өсер барлық жерлерде,

Бірнеше гүл бас алған. Күнге қарай құлшынып.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қоңыраугүлдің әсемдігі жөнінде білдік.

Қай мезгілде гүлдейтінін.

Гүлдің пайдасын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар әуен ырғағымен жердегі гүлдерді жинайды. Әуен тоқтағанда кім көп жинаса, сол жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Гүлдерге су құю

Мақсаты:

Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 11. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Қазтамақ»

«Кім гүдерді көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Қазтамаққа бақылау

Қазтамақ көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның жапырақтары хош иісті болады. Сәуір айы мен қазан айы аралығында үздіксіз гүлдейді.

Мақсаты:

Балаларға қазтамақ өсімдігі жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Күтімін қалай жасауды үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу. Ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қазтамақ қай кезеңде гүлдейді?

- Қандай пайдасы бар?

- Оны қалай күтіп-баптау керек?

- Түсі қандай болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Қызыл, күлгін, ақ түсті,

Әдемі оның гүлдері.

Құлпырады ерекше

Шуақты, ашық күндері.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қазтамақтың әсемдігі жөнінде білдік.

Қай мезгілде гүлдейтінін.

Гүлдің пайдасын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Гүлдерге су құю

Мақсаты:

Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 12. Өткізілетін мерзімі: қаңтар айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Бегония»

«Қыз қуу»

қимылды ойыны

Бегония өсімдігіне бақылау

Көркем жапырақты, гүлдейтін өсімдік. Қызғылт көк түсті жапырақтары көз тартады. Бұл гүлдердің күтімдері де әр түрлі болады. Өсімдікті үш күнде бір суарса жеткілікті. Ал, қыста аптасына бір рет суарады. Ол тұқымы мен бұталары арқылы көбейеді.

Мақсаты:

Балаларға бөлме гүлі бегония гүлімен таныстыру. Оларды аялап күтуге үйрету.

Сұрақтар:

- Бегония өсімдігінің жапырағы қандай?

- Өсімдікті қалай суарады?

- Адамға қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бегония бөлмеде,

Бақшада да өседі.

Көркемдеуге көшені

Қолайлы гүл деседі.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Өсімдіктің бұталары мен тұқымы арқылы көбейетінін білдік.

Әдемі, қызғылт гүл.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі қуады. Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт. Ал, жете алмаса, келесі айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.

Гүлдерге су құю, жапырақтарын тазарту.

Мақал-мәтел:

«Бейнет түбі - зейнет».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 1. Өткізілетін мерзімі: ақпан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Ауладағы машиналар»

«Орамал тастамақ»

қимылды ойыны

Ауладағы машиналарға бақылау

Машина - ол көлік. Машинаны кез-келген адам жүргізе бермейді. Арнайы оқып, білім алған адам ғана жүргізе алады. Ол бензинмен жүреді. Ал, бензин таусылған жағдайда жүрмейді. Машиналардың бірнеше түрлері бар. Жеңіл машина, жүк машинасы. Олардың жылдамдықтары өте қатты. Машинаның көмегімен адамдар баратын жеріне тез арада жете алады.

Мақсаты:

Балаларға машина жайлы түсінігін молайту. Оларды ажрата білуге баулу. Есте сақтау қабілетін арттыру. Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Машинаның адамға пайдасы бар ма?

- Қандай түрлерін білесің?

- Жалпы көлікке күтім керек пе?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Әкемнің тор майы май жалап, су ішсе тоқтамай жортады.

Ол не? (машина)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Машинаның түрлерін ажырата білдік.

Адамға өте көп пайдасы бар.

Машинаға да күтім қажет.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Ережесі:

Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді. Әуен тоқтағанда ойын бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс. Орамалға кім бірінші келеді, сол бала жеңімпаз атанып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға, ептілікке тәрбиелеу.

Гүлдерге су құю, жапырақтарын тазарту.

Мақал-мәтел:

«Бейнет түбі - зейнет».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 2. Өткізілетін мерзімі: ақпан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Үй хайуанатының бірі - мысық»

«Кім заттарды көбірек жинайды»

қимылды ойыны

Үй хайуанатының бірі – мысыққа бақылау

-Балалар, бүгін сендермен үй хайуанаттарының бірі-мысықты бақылаймыз. Оның адамға пайдасы өте көп. Баласын - «мәулен», немесе «мәлін» дейді. Мысық тышқан аулап, адамға пайдасын тигізеді. Өйткені, тышқан барлық жерді тесіп, зиян келтіреді. Мысықтардың түрлері әртүрлі болады. Түсіне қарап атын атайды. Ол сүтті жақсы көреді. Мысықтың ауруды емдей алатын қасиеті бар. Адамның ауырған жеріне жақын ұзақ уақытқа жатқызса науқас жазылады. Мақсаты:

Үй хайуанаттарының бірі - мысық жайлы толық мәлімет беру. Оларды ажырата алуға, үй хайуанаттарына деген қамқорлық сезімдерін оятуға баулу.

Сұрақтар:

- Үй жануарының адамға қандай пайдасы бар?

- Мысық нені жақсы көреді?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Мысыққа тиме, қарғысы қатты болады!

Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

Ол не? (мысық)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Мысықтың адамға пайдасы бар.

Әртүрлі түрлері болады.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар секілді

заттарды шашып тастайды. Ойнаушылар берілген белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады. Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: ақпан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Саңырауқұлақ»

«Қызыл шыбынжұт (мухомор)»

«Ақсүйек»

қимылды ойыны

Саңырауқұлақ - қызыл шыбынжұтқа бақылау

- Саңырауқұлақтың бір түрі - қызыл шыбынжұт. Ол ақ дақты, қызыл қалпақты, түбіртегі бар. Сыртынан қарағанда әдемі болып көрінгенімен өте улы. Оны жеуге болмайды. Саңырауқұлақтардың адамға пайдасы өте көп. Дәрумендері мол өсімдік. Алайда, барлық түрін жеуге болмайды. Оны білетін, ажырата алатын адамдар ғана тергені дұрыс.

Мақсаты:

Өсімдіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Оларды ажырата алуға үйрету. Қауіпті түрлері болатынын түсіндіру. Ойлау қабілетін арттып, сөздік қорын молайту.

Сұрақтар:

- Саңырауқұлақтардың адамға қандай пайдасы бар?

- Қызылшыбынжұт ол не?

- Оны жеуге бола ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

......

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Саңырауқұлақтардың адамға пайдасын.

Қауіпті, жеуге болмайтын түрлері болатынын білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Топ басқарушысы ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды. Таяқтың басына кімнің қолы бірінші тисе, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушыдан басқа ешкім қалмайды.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

Алаңды қоқыстан тазартуға көмектесу.

Мақсаты:

Үлкендер еңбегін бағалау.

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Ересек топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: ақпан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Қылқанжапырақтылар»

«Қарағай»

«Қырықаяқ»

қимылды ойыны

Қылқанжапырақтылар - қарағайға бақылау

- Қарағай – мәңгі жасыл өсімдік. Ол 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Биіктігі 50-60м болады. Ерекшелігі ылғалды көп қажет етеді және кез-келген жерге өседі. Оның бүршіктері де әдемі. Бұл бүршіктерін сәндік бұйым ретінде теріп алып қолданады.

Мақсаты:

Өсімдіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Қарағайды ажырата алуға үйрету. Қалай тіршілік ететінін түсіндіру. Ойлау қабілетін арттып, сөздік қорын молайту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Қарағай қандай ағаш?

- Қандай жерге өседі?

- Оның қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Өрмелеген баладай,

Өсер тауда қарағай.

Қияда тұрар қасқайып,

Қиындығына қарамай.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қарағайдың адамға пайдасын.

Қандай жерде болатынын білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп, сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жапырақтарды жинау. Үлкендер еңбегін бағалуға тәрбиелеу.

Мақал-мәтел:

«Еңбек-ерлікке жеткізер,

Ерлік-елдікке жеткізер».

Мақсаты:

Балалардың өз еркімен еңбек етуге үйрету, еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: ақпан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Долана»

«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны

Доланаға бақылау

- Долана көктме айларында гүлдейтін бұталы өсімдік. Гүлдегеннен кейін кішігірім қара, қызыл түсті домалақ жеміс береді. Оның бойы биік емес. Тікенекті, өсуі жай, бірақ, төзімді.

Мақсаты:

Өсімдіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Бұталарды ажырата алуға үйрету. Қалай тіршілік ететінін түсіндіру. Ойлау қабілетін арттып, сөздік қорын молайту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

- Долана қай айда гүлдейді?

- Жемістерінің түсі қандай болады?

- Оның қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Төзімді ағаш долана, Жапырағы жайқалып,

Ыстыққа да, суыққа. Долана ағаш тұр гүлдеп.

Тазартады ауаны, Піскеннен соң дәндерін,

Балақай, мұны ұмытпа! Жеген жақсы бір-бірлеп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Долананың адамға пайдасын.

Қандай жерде болатынын білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.

Ережесі:

Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.

«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:

Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға үйрету және олардың есту қабілетін дамыту.

Ойынды 3-4 рет қайталау.

Ауланы сыпыру.

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Ересек топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: ақпан айы

Мерзімі:

Бақылау

Ойын

Еңбек

Жеке жұмыс

Еркін ойын

«Алғашқы дала гүлі Бәйшешек»

«Мысық пен торғайлар»

қимылды ойыны

Алғашқы дала гүлі Бәйшешекке бақылау

Көктемнің алғашқы гүлі Бәйшешек. Көктемде күн қызуы молайып, қар әр жерден ойдым-ойдым болып ериді. Сол кезде қар астынан қылтиып алғашқы гүлдер шығады. Міне, сол гүлдер көктемнің алғашқы хабаршысы.

Мақсаты:

Балаларға көктемнің алғашқы гүлдері жайында түсінік беру. Бәйшешектің бейнесін көрсете отырып, өз бетінше әңгімелеп беруге үйрету. Адамдарға пайдасын, әсемдік үшін қолданылатынын айту.

Сұрақтар:

-Көктемде алғашқы шығатын қандай гүл?

-Гүлдің түрі қандай болады?

-Гүлдерді адамдар не үшін қолданады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер:

Наурыз туа қар астынан қылтиып,

Ақ гүл шығар сүйіншілеп көктемді.

Жер қараяр, қар арылып, күн жылып,

Бәйшешектер тұрар жауып бөктерді.

Тыйым сөздер

Гүлді сындырма!

Аяқпен таптама!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Көктемде шығатын алғашқы гүл –Бәйшешек.

Ол қар ерігенде қылтиып-қылтиып қар астынан шығады.

Марапаттау сәті

Серуен барысында толық, әрі дұрыс жауап берген балаларды марапаттау.

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық болады. Қалған балалар торғай. «Мысық ұйықтады!» дегенде торғайлар жем шоқуға шығады. «Мысық оянды!» дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.

Ауладағы қоқыстарды тазарту. Үлкендерге көмектесу.

Мақал-мәтел:

«Ердің атын еңбек шығарады».

Мақсаты:

Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.

Балабақшадағы оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.12.2018
1528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі