|
Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Жұмбақ жасыру Ақ киімді біреуі, Сары киімді біреуі, Көк киімді біреуі, Әлем, жәлем киімі, Тағы бірі жүреді. (жылдың төрт мезгілі)
Қыркүйек айының алғашқы күндері жылы болады. Ағаштарда ең алғашқы сары жапырақтар пайда болады. Жердегі шөптер сарғайып, гүлдер сола бастайды Үлкендер егіс даласындағы жиын-терін жұмыстарын аяқтауға, мал азығын мол етіп жинап алуға асығады. Тәрбиеші сұрақтары.
Зерттеу жұмысы: Д/О: «Күзге ең алғашқы дайындалған ағашты тап» (қайың, көк терек) Д/О: «Қайың мен теректің ең әдемі күзгі жапырағын тап» Еңбек Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау. Мақсаты: — орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету; — экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу. Қимылды ойын «Бәйге». Мақсаты: Тез жүкіруге, ептілікке жаттықтыру. Жаттығу ойындары Қозғалыстарын қалыптастыру Мақсаты: сапта жеңіл, бірқалыпты жүруге жаттықтыру. Халық болжамы: Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады. |
Қыркүйек Серуен №2 Күздің алғашқы белгілерін бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркем сөз «Қыркүйек» Ғ. Өкеев Бір-біріне жер, аспан, Мейірлене қарасқан. Төкпей-шашпай тасып дән Машиналар асыққан. Ұстаз, шәкірт жүздескен, «Қош келіпсіз күз» дескен. Берекелі алтын күз, Ұмытпаймыз салтын біз Қыркүйек айының алғашқы күндері жылы болады. Ағаштарда ең алғашқы сары жапырақтар пайда болады. Жердегі шөптер сарғайып, гүлдер сола бастайды Үлкендер егіс даласындағы жиын-терін жұмыстарын аяқтауға, мал азығын мол етіп жинап алуға асығады. Тәрбиеші сұрақтары.
Зерттеу жұмысы: Д/О: «Күзге ең алғашқы дайындалған ағашты тап» (қайың, көк терек) Д/О: «Қайың мен теректің ең әдемі күзгі жапырағын тап» Еңбек Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау. Мақсаты: — орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету; — экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу. Қимылды ойын «Қуып жет». Мақсаты: Тез жүкіруге, ептілікке жаттықтыру. Жаттығу ойындары Бөрене үстімен жүру Мақсаты:Тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру Мақал: Күз байлығы-ел ырысы. |
|
Қыркүйек Серуен №3 Қайың ағашын бақылау Мақсаты: - Күзгі қайың ағашын бақылауды жалғастыру;
Бақылау барысы: Көркем сөз Сырғалы қайың, ақ қайың. Сырыңды сенің жаттайын. Өсе берші жайқалып, Мен ерінбей баптайын. Балаларға сұрақтар:
Зерттеу жұмысы: қайың ағашының жапырағы мен басқа ағаштардың жапырақтарын салыстыру, айырмашылықтарын табу. Еңбек: Гүлзарлардағы солған гүлдер дәнін жинау Мақсаты: үлкендерге көмектесу, келесі көктемге гүл дәндерін әзірлеу. Қимылды ойын: «Допты ұста» Мақсаты: қағып алуға және келесіге беруге үйрету. Жаттығу ойындары: Мақсаты: Қашықтан келген допты тез қағып алуға үйрету Мақал-мәтелдер:
Көк орман –Отан байлығы.
|
Қыркүйек Серуен №4 Өрмекшіні бақылау Мақсаты:— өрмекшінің өмірі мен сыртқы бейнесінің ерекшеліктері туралы білімдерін молайтуды жалғастыру;
Бақылау барысы:
Көркем сөз Сенде айтшы өрмекші, Неше аяқ, неше қол? Жауап берші өрмекші Неше аяқ, неше қол?
Зымырайды аяқтай. Табандарым өрмек тоқиды Қолдармен өрнек салғандай, Шіркейлерді ұстағанда, Аяқтарым пышақтай. Егер шыбын кездессе, Қағып алам ұзатпай! Тәрбиеші сұрақтары:
Зерттеу жұмысы: Өрмекші торын тауып, қарау. Еңбек: «Бархат» гүлдерін аударып, ыдысқы орналастыру Мақсаты: гүлдерге деген қамқорлыққа, әсемдікке тәрбиелеу Қ/О: «Үнсіз өт» Мақсаты: Жәй, нық, денені түзу ұстап жүруге жаттықтыру Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту Мақсаты: Гимнастикалық бөрене үстімен жүру, тепе-теңдікті сақтау.
Халық болжамы: Өрмекші бұрышқа тығылса жел болады. |
|
Қыркүйек Серуен №5 Күн — жылу мен жарық көзі Мақсаты:
— табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу. Бақылау барысы Психологиялық жаттығу: «Күншуақ» Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Күн сәулесі адамға қуаныш, жылу беретінін сезіну -Бәріміз көзімізді жұмып, күнге қол созамыз. Күннен жылу алып бір-бірімізге сыйлаймыз, қуанып қол соғамыз.
Сұрақтар:
Жер бетіндегі тіршілік үшін КҮН – жарық және жылу көзі. Одан жан-жаққа жарық Егер күн суық болса, онда жер беті суық болар еді де, суық пен қараңғылықтан жануарлар мен өсімдіктер өліп қалар еді. Күннің қызуы өте күшті Күннің сәулесі жер бетіне 19 секундта жетеді, сондықтан күндіз әрі жарық, әрі жылы болады. Күннің сәулесі өте күшті, сондықтан оған тура қарай алмаймыз. Сұрақтар: ♦ Күнге бетіңді бұрғанда нені сезінесің?
Зерттеу жұмысы: екі тасты алып, біреуінің бетін жауып, біреуін ашық қою. Біраз уақыттан соң оларды қарап айырмашылықтарын табу. Тұжырым: ашықтағы зат тез қызады, көлеңкеде жылу аз. Еңбек: Алаңды тазалауға кішкентайларға көмектесу. Мақсаты: еңбексүйгіштікке, кішкентайларға көмекке келуге тәрбиелеу. Қ/О: «Өрт сөндірушілер жаттығуда» Мақсаты: қабырғаға өрмелеуге жаттықтыру Жаттығу ойындары: «Шеңберге түсір» Мақсаты: нысанаға көздеуге жаттықтыру
|
Қыркүйек Серуен №6 Аула тазалаушы еңбегін бақылау Мақсаты: — күз мезгіліндегі аула тазалаушы еңбегі туралы білімдерін молайту, — аула тазалаушыға қажетті құрал-жабдықтармен танысу Бақылау барысы: Көркемсөз «Тиме бізге керекпіз»- Деп тұрғандай жарыса. Жапырақты жұлып себепсіз, Сындырмаймыз ағашты. Күз келген соң амалсыз, Жапырақтар түседі. Жинап алып сыпырып, Үй сыртына үйеміз, Жапырақтар бақшаға, Көң болады білеміз. Сұрақтар:
Зерттеу жұмысы: Тазалық жұмысы кезінде жерден шаң ұшады, ал су сеуіп сыпырса шаң ұшпайды Себебі ылғал шаңның көтерілуіне кедергі жасайды. Еңбек: Аула тазалаушыға көмектесу Мақсаты: Еңбексүйгіштікке, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу Қ/О: «Қармақ» Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу: Жаттығу ойындары: Жүкіру техникасын жақсарту Мақсаты: қозғалыстарын дамыту Мақал: «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» |
|
Қыркүйек Серуен №7 Саңырауқұлақтарды бақылау Мақсаты: саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыруда танымдық белсенділіктерін дамыту Бақылау барысы: Жұмбақ: Басында әсем қалпағы, Көлеңкені сүйеді Орманда болған әр бала Не екенін біледі (саңырауқұлақ) Саңырауқұлақтар жануарларға да, өсімдіктерге де жатпайтын табиғаттың ғажайып бір бөлігі. Оларды екпейміз, отырғызбаймыз. Бүгін кесіп алсаң, орнына ертең өзгесі өсіп шығады. Қапйың, шырша, қарағай бар жердің бәрінде саңырауқұлақ болады. Орман шетінде, алаңқайда, сүрлеу жолдарда, орлар мен құлама жарларда да өсе береді. Олардың түрлері өте көп. Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы болады. Сұрақтар: - Қандай саңырауқұлақтарды білесіңдер? (ақ түсті саңырауқұлақ, қайыңқұлақ, моховик, сыроежка, сморчок, қызғылт-сары түсті саңырауқұлақ, түлкішек — жеуге жарамды, жеуге жарамсыздар — арамқұлақ, мухомор.)
♦ Саңырауқұлақтардан қандай тамақ дайындайды? (Саңырауқұлақ көжесі, тұздық, оларды кептіруге, тұздауға, маринадтауға болады) Еңбек: Алаңда тазалық жұмыстарын жүргізу Мақсаты: еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмекке келуге тәрбиелеу Қ/О: «Допты басқарушыға бер». Мақсаты: допты екі қолмен қағып алу және лақтыруға жаттықтыру Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту. Мақсаты: қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын дамыту және қалыптастыру. Халық болжамы: Жазда саңырауқұлақ көп болса, қыс қатты болады |
Қыркүйек Серуен №8 Арнайы көліктерді бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы: Көркемсөз . Үлкен болдым десем де, Ешкім маған сенбейді. «Жалғыз жүрме көшеде, Кішкентайсың сен»-дейді. Үлкенмін ғой міне мен, Ойыншықтарды жинаймын. Машинаға мінер ем, Кабинаға сыймаймын. Сұрақтар.
♦ Неге? (Олар адамдарға көмекке асығады.) ♦ Оларды атаңдар. («Жедел жәрдем», өртсөндіружәне милиция.) Еңбек. Тәрбиешімен бірге сынған, құлаған құрғақ бұтақтарды жинау Мақсаты:Жұмыс уақытында ұқыпты болуға баулу. Қ/О: «Аюлар мен аралар», «Допты бер». Мақсаты: — гимнастикалық қабырғамен аяқты алмастыра отырып өрмелеу; — допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру Жаттығу ойындары: Секіргіш жіппен секіру жаттығулары. Мақсаты; алға, артқа айналдыра отырып секіруге жаттықтыру. Мақал: «Сақтықта қорлық жоқ»
|
|
Қыркүйек Серуен №9 Гүл егілген клумбаны бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы:
Көркем сөз: Кешкілік пе, күндіз бе, Өсіп тұрған гүлді үзбе. Туған жерді далаға, Тастай алмай жүрміз бе? Жайнап өсіп далада, Көздің жауын ала ма? Бірде бірін жұлғызба, Қасыңдағы балаға. Балаларға сұрақтар:
Зерттеу қызметі: Қураған гүлдерді алып, оның сабақтары мен дәндерін қарау.
Д/О: «Суреттеу бойынша тауып ал» Еңбек. Гүлдер дәнін жинап алу. Мақсаты: Балаларға келесі көктемнің қамын қазір ойлау керек екенін түсіндіру. Қ/О: «Мені ата». Мақсаты:ымдау және қимыл арқылы жанурлар бейнесін жасау қабылеттерін дамыту. «Қояндар мен түлкі». Мақсаты: тез жүкіру дағдыларын дамыту Жаттығу ойындары: Бір-біріне доп лақтыру Мақсаты: жылдамдықтары мен ептіліктерін дамыту Мақал-мәтел: Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі. |
Қыркүйек Серуен №10 Ағаштарды бақылау Мақсаты: — күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру; — қайың мен терек ағашын діңдері мен жапырақтарына қарап айыра білуге үйрету; — ағаш бөліктері туралы білімдерін тиянақтау (діңі, бұтағы, тамыры);
Бақылау барысы: Көркем сөз: Үйеңкі, қайың, қарағаш, Самырсын, емен, қарағай. Өседі бәрі аралас, Бақшада өскен баладай. Қаулап өскен ағаштар Жеміс-жидек сайда да. Хош иіске елітіп Тынып қалған айнала Қамқоршы болшы орманға Орманды бәрің қорғаңдар!
Сұраққа жаап беріңдер: ♦ Басқа ағаштар арасынан қайыңды қалай табамыз? ♦ Қайың діңі қандай? (ақ қара дақтармен.) ♦ Қайыңның тағы қандай бөліктері бар? (діңі, тамыры, бұтағы) ♦ Ағашқа тамыр не үшін керек?
Д/О.«Аталған ағашта тап». «Бір, екі, үш, қайыңға (терекке) қарай ұш!». Мақсаты: мәтінге сай қимыл жасауды үйрету, аталған ағашты табу Зерттеу қызметі Гербарий үшін қайың және терек жапырағын жинау (айырмашылықтарын атау) Қ/О: «Қасқыр қақпан» Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту Мақсаты: Бөрене үстімен жүруге жаттықтыру Тыйым сөздер:
|
|
Қазан Серуен №1 Емдік шөптерді бақылау Мақсаты: - Балабақша ауласында өсетін емдік шөптер туралы білімдерін бекіту;
Бақылау барысы: Тәрбиеші балаларға алаңдағы емдік шөпке назар аударуларын сұрайды және сұрақтар қояды: -- Қандай емдік өсімдіктерді білесіңдер? ♦ Қалақайды неге емдік шөп дейміз? Ол арамшөп емес пе? Қалақайдың жапырақтарының пайдасы қандай? (онда К,С витаминдері бар, қан кетуді тоқтатады, шашты қатайтады.) ♦ Қалақай жапырақтарын қай уақытта дайындайды? (шикізатты гүлдеген мезгілінде-маусымнан тамызға дейін дайындайды) ♦ Итмұрын жемісі несімен бай? (А, Р, В, С Витаминдерімен. Алма және лимон қышқылдары бар;итмұрын жемісін күзге қарай жапырақтары түсін өзгерте бастаған, әбден піскен кезінде жинау керек).
Шәйқұрайдың жапырақтары мен гүлдерін, маусым айында гүлдеген кезде дайындайды. Олар С витаминдеріне өте бай, асқазан ауырғанда ем болады. Әсіресе өте тәтті шәй бір ғана гүлдерінен алынады.. -- Жолжелкен (иманжапырақ). Оны кезкелген дала жолынан табуға болады. Оның салқын жапырағын аяқтың қажалған жеріне қоюға немесе жараланған саусаққа жапсыруға болады.Жолжелкен жапырақтарында А,К,С витаминдері бар және де жәндіктер шаққанда ауруды басуға, жараларды жазуға, қан тоқтатуға қолданылады. Жапырақтарды өсімдік гүлдеген мезгілде жинайды. Табиғат аясында өзін ұстау ережелері:
енбегендерін жинау керек;
Зерттеу жұмысы: Өздеріне таныс емдік өсімдікті табу. Еңбек: Тәрбиешімен бірге құлаған, сынған, құраған бұталарды жинау Мақсаты: ұжыммен еңбек етуге ынтасын ояту. Қ/О: «Қасқыр қақпан» Мақсаты:Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, аңғарымпаздыққа баулу Жаттығу ойындары: Допты төменнен жоғарыға лақтырып, қағып алу Мақсаты; ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу |
Қазан Серуен №2 Күз көрністерін бақылау Мақсаты: Күз туралы білімдерін молайту, күз көрністерін бақылауды жалғастыру. Бақылау барысы
Көркем сөз «КҮЗ» Қ . Ыдырысов Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау. Жап-жасыл тал мынау, Сары шапан киіпті-ау Айнала тұнжырап, Қабағын аспан түйіпті-ау.
Тәрбиеші сұрақтары:
Зерттеу жұмысы Жапырақтарды, өсімдіктерді, тастарды ұстар көру. Олар қолға тигенде қандай әсер (суық немесе ылғал) береді Неге? (өйткені күн салқын немесе жаңбыр) Еңбек Ойын алаңын тазалау Мақсаты:
Қ/О: «Ормандағы соқпақтар». Мақсаты: жағдайға байланысты қозғалыстарды түрлендіру. Жеке жұмыс: Жалпы дамыту жаттығулары Мақсаты:жалпы дамыту жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, қалыпты жағдайларды, қозғалыстарды, қимылдарды түрлендіру, Халық болжамы: Қыркүйекте күн күркіресе жылы күз нышанын білдіреді. |
|
Қазан Серуен №3 Тастарды бақылау Мақсаты: Тастардың өлі табиғат мүшесі екендігі жайлы түсініктерін молайту, олардың әртүрлілігі мен пайдасы туралы білім беру. Бақылау барысы Балаларға сұрақтар. ♦ Табиғат нешеге бөлінеді? Қандай-қандай? ♦ Өлі табиғатқа нелер жатады? - Тастардың қандай түрлері болады (үгілмелі, қатты)
♦ Қалай ойлайсыңдар, адамдар тастарды қолдана ма? Қай жерлерде? (асыл тастарды әшекей бұйымдарға, жәй тастарды құрлысқа т.б.) Зерттеу жұмысы Бор таспен қатты тасты салыстырып көру, ұру, сындыру (бор үгітіледі, тас сынбайды ) Еңбек Ауладағы тастарды жинау және олардан композиция құрау. Мақсаты:
Қ/О«Ұшты-ұшты». Мақсаты:
Жаттығу ойындары Қозғалысты дамыту. Мақсаты:допты нысанаға лақтыруға жаттықтыру
Балалармен асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салу«Күзгі табиғат»
Мақал-мәтел Асыл тастан шығады, Ақыл жастан шығады. Қазан Серуен №5 Гүлзарды бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы
Көркем сөз - Кешкілік пе, күндіз бе, Өсіп тұрған гүлді үзбе. Туған жерді далаға, Тастай алмай жүрміз бе? Жайнап өсіп далада, Көздің жауын ала ма? Бірде бірін жұлғызба, Қасыңдағы балаға. Тәрбиеші сұрақтары:. ♦ Қазір жылдың қай мезгілі?
Зерттеу жұмысы: Гүлдерді салыстыру (гүлдер дің бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы қандай). Еңбек Әр қалтаға гүлдер дәнін жинап салу Мақсаты: піскен, піспеген дәндерді ажырата білуге үйрету. Қ/О: «Құстар қалай ұшады?». Мақсаты: белгілі бағытқа жүкіруге жаттықтыру Жаттығу ойындарыДоппен жаттығу Мақсаты: допты лақтыруға, қағып алуға жаттықтыру
Тыйым сөздер: Гүлді үзбе, көк шөпті баспа. |
Қазан Серуен
№4 Мақсаты: — табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту; — бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабылеттерін қалыптастыру. Бақылау барысы Көркем сөз Күзгі жапырақтар. Қ. Шаңғытбаев Алтын сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Күн шуақта маужырап, Жатыр еді атырап. Ағаштардан жамырап, Үшты кенет жапырақ. Тәрбиеші сұрақтары.
Тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының жерге түсуін бақылауды ұсынады, сұрақтар қояды, өлеңді қайталайды ♦ Жапырақтардың түсуінің қандай маңызы бар? (қысқы суыққа бейімделеді, аязда ағаштардың ауыр салмақтан сынуынан сақтайды, жапырақтармен бірге ағаш бойындағы керексіз заттар сыртқа шығады) ♦ Барлық жапырақтар бірдей түсе ме? (жоқ) Түскен жапырақтармен бірге ағаштар да өле ме? (жоқ) Зерттеу жұмысы Қайың мен шетен т.б. ағаш жапырақтарын табу, олардан асфальтқа өрнек құру. Еңбек Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу. Қ/О: «Түлкі мен қояндар». Мақсаты: жануарлар мінез-құлқын ажырата білу Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту. Мақсаты:аяқ қозғалыстарын түрлендіре жаттығу жасау. Қазан Серуен №6 Ұшып кететін құстарды бақылау Цели: ұшып кететін құстар туралы түсініктерін кеңейту;
Бақылау барысы Көркем сөз Қайтқан құсты көрдің бе? Қаптай ұшқан әуелеп. Күткен күзім келдің бе, Сыңсып бағың мәуелеп. Жаз қызығы өтті енді, Құстар қайтып кетті енді. Қол бұлғап қоштасамыз, Төбеден құстар өткенде
Балалармен әңгімелесу, сұрақтар:
Еңбек: Қыста құстарға беруге өсімдіктер дәнін жинау Мақсаты:құстарға деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу Қ/О: «Аққу-қаздар». Мақсаты: тапсырманы нақты, жеңіл орындауға жаттықтыру, жүкіру техникасын меңгерту Жаттығу ойындары Жүрудің әртүрлі тәсілдерін қолданып (тырна, құтан, балапан сияқты жүру) жүруге жаттықтыру Мақсаты:қозғалыс белсенділіктерін дамыту
|
|
Қазан Серуен №7 Желді бақылау Мақсаты: желдің күшін анықтауды үйретуді жалғастыру;
Бақылау барысы Жұмбақ: Аяғы жоқ ұшады, Аузы жоқ ән салады. Кездескен жеңіл нәрсені Аспанға ұшырады (жел) Сұрақтар: ♦ Жел қайдан пайда болады?(жерден қызған ауа жоғары көтеріледі, ал суық ауа төмен түседі. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады.) ♦ Күшіне қарай желдің қандай түрлері болады?(күшті және әлсіз) ♦ Күшті желдер қалай аталады? (дауыл, құйын.) ♦ Бүгін жел бар ма? Ол күші бойынша қандай?
Зерттеу жұмысы Компастың немесе флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтау (флюгер қай жаққа бұрылды-жел сол жақтан) Желдің күшін қалай анықтауға болады? (секундамермен және қағазбен.) Желдің қай жақтан соғып тұрғанын қалай анықтайды? (компас көмегімен-солтүстіктен болса-суық жел, оңтүстіктен болса жылы жел.) Еңбек Алаңды тазалау Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуді жалғастыру, орындалған жұмыс нәтижесіне қуана білу. Қ/О: «Жел». Мақсаты:- табиғат байланысы туралы түсініктерін бекіту, тәрбиеші командасын мұқият тыңдауға үйрету Жаттығу ойындары: Доппен жаттығу Мақсаты: допты жоғары лақтыру, жерге соғу, екі қолмен қағып алуды жалғастыру |
Қазан Серуен №8 Үйеңкі ағашын бақылау Мақсаты: үйеңкі ағашының әртүрлілігі туралы білімдерін кеңейту (қызыл тал, қызыл шілік, боз тал, үйеңкі тал т.б.) Бақылау барысы: Көркем сөз
Күзде жауын. Бұлт. Тұман. Тапталады табанға, Судыр-судыр жапырақ. Судыр-судыр жапырақ Сары жапырақ жауады. Сары құйын ұйтқыған, Өрттей сары бояуға, Малынғандай атырап.
Балаларға сұрақтар:
♦ үйеңкі ағашының қандай түрлерін білесіңдер?( қызыл тал, қызыл шілік, боз тал, үйеңкі тал). ♦ Үйеңкі ағашы адамдарға не береді? (бұтақтарынан себет (корзина) тоқиды)
Зерттеу жұмысы Үйеңкі ағашының жапырақтарын басқа ағаш жапырақтарымен салыстыру. Айырмашылығы қандай? Еңбек: Бұйымдар жасауға жапырақ жинау. Мақсаты:еңбек ету іскерліктері мен дағдыларын дамытуды жалғастыру Қимылды ойын«Аңшылар мен аңдар». Мақсаты:
Жаттығу ойындарыСекіргіш жіппен секіру. Мақсаты:екі аяқпен бірдей секіруге жаттықтыру.
Мақал-мәтел: Бір тал кесссең, он тал ек. |
|
Қазан Серуен №9 Жүк көліктерін бақылау Мақсаты: жүк көліктерін ажырата білуге, олардың қолданылатын орындарын айыра білуге үйрету. Бақылау барысы Адамдарды, жүктерді суда-кемелер, жерде поездер, әуеде-ұшақтар тасиды. Ал, аулада, көшеде жиі кездесетін көліктер-машиналар. Машиналар түрлеріне қарай адамдарға әртүрлі қызмет көрсетеді.
Адамдарды жұмыс орнына тасиды, дәрігерлерді ауруларға жеткізеді, өртсөндірушіні өрт болған жерге апарады, әртүрлі жүктерді тиісті жеріне апарады, көшеге су себеді, сыпырады, қар тасиды. Олар адамдардың бірінші көмекшісі. Балаларға сұрақтар. - Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
♦ Машиналар бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (жасыл.)
Еңбек Түскен жапырақтарды жинау. Мақсаты: -- Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге баулу;
Қимылды ойын:«Тоқта--жүгір». Мақсаты:
— ептіліктерін дамыту. Жаттығу ойындары:Бөрене үстімен жүру. Мақсаты:тепе-теңдікті сақтай отырып, жүру техникасын жақсарту. Мақал-мәтел:«Бастаған істі тастама»
|
Қазан Серуен №10 Терек ағашын бақылау Мақсаты: Терек ағашының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту
Бақылау барысы: Көркем сөз Көк орманда тау таза, бой таза, Мұнда таңның қоңыр салқын лебі бар Көк орманда адам таза, ой таза Көк орманда әнші құстар елі бар. Орман өзін күнде таза ұстайды, Іздесеңдер қандай ағаш керегін- Көк орманда шаң бұрқырап Бәрі, бәрі осы орманнан табылар. ұшпайды. Д/О: «Мен көрсеткен жапырағы бойынша ағашын тап» Балаларға сұрақтар: - Бұл қай ағаш деп ойлайсыңдар?
♦ Терек ағашының қандай ерекшелігі бар?(олардың салпыншақ гүлдері бар, көктемде олардың қауыздарынан ақ ұлпа ұшады, жерді қар басқандай болады, балаларға оны өртеп ойнауға болмайды-өте қауіпті ). ♦ Терек ағашы адамдарға не береді? (эфир майы, қышқылдар бар. Медицинада, халық емшілігінде қолданады) Зерттеу жұмысы Терек ағашының жапырақтарын басқа ағаш жапырақтарымен салыстыру. Айырмашылығы қандай? Мақал-мәтел «Ауыл сәні терек, Терек егу керек» Еңбек: Құмсалғыштағы құмға су себу. Мақсаты: кіші топ балаларына көмектесу, қамқорлық сезімге тәрбиелеу. Қ/О: «Допты капитанға бер». Мақсаты: — доппен ойын кезінде әртүрлі қозғалыстарды қолдану, серіктесінің іс-әрекетімен санаса білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жаттығу ойындары Екі-екіден колоннаға тұру. Мақсаты:мүсіндерінің дұрыс жетілуін қалыптастыру.
|
|
Қараша Серуен №1 Торғайларды бақылау Мақсаты:торғай туралы білімдерін тиянақтауды жалғастыру; — күздің келуімен құстар мінез-құлқының өзгеруін көре білуге үйрету; зейіндері мен есте сақтауларын белсендіру. Бақылау барысы: Көркемсөз Қалатындай қиқылдап, Әдетіңді білемін, «Шиық, шиық» еттің шиқылдап Дайын асқа ортақсың Шашып берген жемімді Торғай, торғай торғайым, Жейсің сонша қиқымдап, Сені әркез қорғаймын Қорқақсың-ау, қорқақсың, Қыстың қамын жаз ойлап, Еңбек десе шорқақсың. Бәріне де бол дайын! Тәрбиеші балалармен әңгіме өткізеді.
Еңбек Ағаштарды емдеу мақсатында еңбек ұйымдастыру. Мақсаты:
Қ/О: «Құстардың ұшуы». Мақсаты: белгі бойынша қимыл жасауға үйрету. Жаттығу ойындары: «Жалауды құлатпа» Мақсаты: заттар арасымен, оларды құлатпай ирелеңдеп жүру |
Қараша Серуен №2 Көгершіндерді (кептерлер) бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркем сөз: Құстар менің достарым, Жемін, суын керекгін, Құспен қызық аспаным. Күнде апарып беремін Үйшік жасай білемін Олар мәз боп қалады, Ағаштарға ілемін Шаттық әнге салады.
Зерттеу қызметі Кептер мен торғайды салыстыру Еңбек: Балабақша аумағына жем салғыш ілу Мақсаты: еңбек әрекетін орындауға үйрету. Қимылды ойын: «Ұшады, с екіреді, жүзеді». Мақсаты: —- балаларды жүкіруге үйрету; .— зверей.құстардың, аңдардың, балықтардың аттарын есте сақтау Жаттығу ойындары: «Қаданы (кегли) құлат». Мақсаты:
Халық болжамы:
|
|
Қараша Серуен №3 Емен ағашын бақылау Мақсаты: Күзгі емен туралы түсініктерін қалыптастыру,ағаштардың жыл мезгілдеріне қарай бейімделуі туралы түсінік беру. Бақылау барысы Көркем сөз Білмейтіні жоқ елдің- Өзім де ішіп көргенмін Дейді әжейім Ішектің емі-қашаннан Қабығында еменнің Қайнатындысы Еменнің Қасиеті бар дәрілік. Қабығынан жасалған. Орманда жасыл еменнен құдыретті де әсем ағаш жоқ. Халық ертегілері мен батырлар жырларында алып емендер тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ол алыптар бейнесінде бейнеленеді. Кәрі еменнің діңі мығым, бұтақтары тарам-тарам болады. Емендер мың жылға дейін өмір сүреде, олар көктемде ең кеш көктейді. Ол өте зор, мықты ағаш болғанмен, қатты аяздарда жарылып кетеді. .
Зерттеу жұмысы Ауладағы бірнеше ағаш жапырақтарының түстерін салыстыру Мақсаты: ағаш жапырақтарының түстерінің әртүрлілігін аңғарту Еңбек Жерге түскен ағаш жапырақтарын тырмамен жинау және оны тазалау Цель: ұжыммен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру. Қ/О:«Аққу-қаздар». Мақсаты:берілген тапсырма бойынша жүкіруге жаттықтыру Жаттығу ойындары Бір аяқпен секіру. Мақсаты: барынша биік секіруге жене жерге дұрыс түсуге жаттықтыру Мақал-мәтел
Қараша Серуен №5 Тікенекті және жапырақты ағаштарды бақылау Мақсаты: ағаштар туралы түсініктерін қалыптастыру (оларға ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтары). Бақылау барысы Көркем сөз С. Оспанов Өсе бере сан ғасыр Шыршаларға тимек кім Болып таудың түр-сәні Қорғалады орманы Жапырағы жап-жасыл Ол жеміс пен жидектің, Көрдің бе сен, шыршаны? Топырақтың қорғаны.
Балаларға сұрақтар:
Еңбек: Ойын алаңын тазалау. Мақсаты:жұмысты өзара бөлісіп атқаруға үйрету. Қ/О: «Жұбыңды қуып жет». Мақсаты: кедергіден өтіп жүкіруге жаттықтыру Жаттығу ойындары: Орнында тұрып ұзындыққа секіру Мақсаты:
Мақал-мәтел.
|
Қараша Серуен №4 Жыл мезгілінің өзгеруін бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркем сөз А. Сәрсеков
Күзгі ауланың талдары Кейде құйын өтеді Желмен басын шайқайды Тозаңдатып жан-жақты Дәурен өтіп жаздағы Кейде құйын кетеді Күздің желі соғады Доп қылып ап жапырақты Бейне тентек баладай Ойран-асыр салады Алма бағын жағалай Алмаларын қағады Күз мезгілінің аяқ жағын «күміс күз» деп те атайды. Суларда алғашқы жылтыр мұздар пайда болады. Жерге алғашқы күмістей жылтыраған алғашқы қар ұшқындары түседі. Жердегі жапырақтар үстіне қонған қыраумен күн сәулесінен күмістей жылтырайды. Күзде күн көзі сирек көрінеді, ауа-райы бұлыңғыр, бұлтты болады. Алғашқы қар түседі, ол бірақ еріп кетуі мүмкін Балаларға сұрақтар:
Жұмбақ шешу: Қар да емес, мұз да емес, Ағаштар күміс жамылған (қырау) Еңбек:Ауладағы қоқыстарды жинау. Мақсаты: жасаған жұмыстарынан қанағат алуға тәрбиелеу . Қ/О:«Бәйге» Мақсаты:
Жаттығу ойындары: Тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру. Мақсаты: Төбешікке жүкіріп шығу, жүкіріп түсу
Халық болжамы:
Қараша Серуен №6 Торғайларды бақылау Мақсаты:
— Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Бақылау барысы Көркем сөз Ж. Смақов Шыр, шыр еткен торғайды Таспен атып торғайды Қорғамаса болмайды Ұя бұзған оңбайды. Кіп-кішкене торғайлар Құс өкпелеп кетеді Ағаштарды қорғайды Ауламызға қонбайды.
Балалармен әңгімелесу:.
Еңбек Ағаш жапырақтары мен бұтақтарды жинау Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру Қ/О:«Бір, екі, үш-жүкір!» Мақсаты: тез жүкіруге жаттықтыру, ептілікке, ұжым жетістігіне ұмтылуға баулу. Жаттығу ойындары «Шығыршыққа түсір». Мақсаты:
|
|
Қараша Серуен №7 Жаяу адамдарды бақылау Мақсаты: жолда жүру ережесі туралы, жолдың жаяулар жүретін бөлігі туралы білімдерін тиянақтау. Бақылау барысы Көркем сөз
Жаяу жүргінші білуі тиіс: Бағдаршамның өз белгісі бар-оған ешқандай қарсылықсыз көнуің керек! Сары түс-ескерту: қозғалыс белгісін асықпай күте біл! Жасыл түс-жол ашық. Жолдан еркін өте бер! Қызыл түс бізге ТОҚТА дегенді білдіреді. Қауіпті! Жол жабық! Балалар жолдан өтерде өте сақ болыңдар! Жолда жүру ережесін үнемі есте сақта! Тәрбиеші балаларды жолдың жаяулар жүретін бөлігіне әкеліп, әңгіме өткізеді. ♦ Жаяу жүргінші жолдың қай бөлігімен жүруі керек? (тротуармен) Жүргенде жолдың оң жағымен , өзгелерге соқтықпай, басқаларға кедергі келтірмей жүруге тырысу керек. Көшеде сабырлы болу керек. Жолдан өтерде бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтіп, жаяулар жүретін жолақтан өту керек. ♦ Жаяулардың тек осы жерден өтуі керегін сендер қайдан білдіңдер? - Дұрыс айтасыңдар, «Жүргіншілер жолы» деген белгі бар және жолға жалпақ ақ жолақ сызылған. Еңбек Гербарий жасау үшін әдемі жапырақтарды жинау; Түскен жапырақтарды ағаш түбіне тырмамен жинау. . Мақсаты: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Қ/О: «Бағдаршам». Мақсаты:
- ептіліктерін дамыту. Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты: затты қашықтыққа лақтыру дағдыларын дамыту.
|
Қараша Серуен №8 Итті бақылау Мақсаты: Жануарлар өміріне деген қызығушылықтарын арттыру, қиын жағдайда көмек беруге дайын болуға тәрбиелеу. Бақылау барысы Көркем сөз Ей, адамдар, адамдар! Айналаға қараңдар, Зардап шегіп жатпасын, Аш үйіңнің қақпасын, Жануарлар қорғансыз, Далада қалып қоймасын. Балаларға сұрақтар.
Кейбір адамдар иттер мен мысықтарды далаға қуып жібереді. Ол кезде жануардың өмірі тозаққа айналады. Олардың ішер тамағы нашар, жылы орын жоқ, ешкім еркелетпейді, үй астындағы жертөледе, көшеде мекендеулеріне тура келеді. Олар суықпен аштықтан ауырады, өледі. Мұндай адамдарды жүрексіз адамдар дейді. Сондықтан да үй жануарларын далаға тастамаңдар, оларға қамқор болыңдар! Еңбек. Сынған ағаш бұтақтары мен жапырақтарды жинап қоқысқа апару. Мақсаты. Бірлесе жұмыс істеу, мақсатқа жету. Қ/О: «Біз көңілді балалармыз». Мақсаты: Ойын шартын сақтап ойнауға баулу. Жаттығу ойындары: Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты:
Тыйым сөз: Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі. |
|
Қараша Серуен №9 Суды бақылау Мақсаты: Күз мезгіліндегі судың жай –күйі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Бақылау барысы. Балаларға сұрақтар.
Су өте мөлдір. Оның түбіндегі жатқан зат көрінеді. Су - сұйық зат, оның өзіндік қалпы (көлемі) жоқ. Оны қандай ыдысқа құйсаң сол ыдыстың көлемін береді. Су түссіз, дәмсіз, иіссіз. Таза су мөлдір болады. Лай немесе лас су мөлдір болмайды. Лас судың жаман иісі болады. Ауа температурасы 0 градустан төмен болған жағдайда су мұз болып қатады. Зерттеу жұмысы. Тәрбиеші балалармен зерттеу жұмысын жүргізуге ұсынады. Шыны ыдысқа толтырып су құйып, аузын мықтап жауып, далаға аязға шығарып қою. Біраз уақыттан соң ыдыс жарылып сынады да, оның орнында бір кесек мұз қалады. Қатқан су, яғни мұз сұйық судың өзіне қарағанда көп орын алады. Яғни мұз болып қатқанда судың көлемі ұлғаяды да, ыдысты сындырады. Ең алғаш аяз болған күні ақ өзендер, көлдер, шалшықтар мұз болып қатады. Аяз қатайған сайын мұз қалыңдай түседі. Ал, егер мұзды жылы жерге әкелсе не болар еді? (Мұз ериді де су болады).
Еңбек: Топ бөлмесіндегі өсімдіктерді күту. Мақсаты: табиғат бұрышында еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру. Қ/О: «Қасқыр қақпан» Мақсаты:
Жаттығу ойындары: Еңбектеу. Мақсаты:
|
Қараша Серуен №10 Алғашқы қарды бақылау Мақсаты: табиғат өзгерістерін көре білуге ұйрету, әдемілікті сезіну. Бақылау барысы. Көркем сөз «Алғашқы қар» Қ. Ыбыраев Бейне ақ бұлт қоныпты, Аулаға қар толыпты. Атам аңға шығатын, Нағыз сонар болыпты. Інім тұрып ертерек: «Бір – ақ түнде қарашы, Қар өсіпті жерге» - деп (тәрбиеші өлең мазмұны бойынша әңгіме жүргізеді) Тәрбиеші сұрақтары:
Зерттеу жұмысы: Қар ұшқынын алақанға қағып алып, оған қарау. Екі қарды салыстыру. Қай жердегі қардың тез еритінін анықтау. Әлі қар ерімеген жерді табу. Еңбек: Ағаш түптерін қармен жабу. Мақсаты: қардың қорғаныштық қасиеті туралы түсініктерін бекіту. Қимылды ойын: «Бір, екі, үш - тез жүгір!» Мақсаты: ептіліктерін, жүгіру жылдамдықтарын дамыту. Жаттығу ойындары: «Шеңберге түсір». Мақсаты:
Халық болжамы:
Қарашаның қары екі күн жатса – екі ай қыс, Үш күн жатса – үш ай қыс болады. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
СЕРУЕН КОРТОТЕКАСЫ-КҮЗ

шағым қалдыра аласыз