|
Желтоқсан
Серуен №1 Маусымдық өзгерістерді бақылау Мақсаты:
Көркем сөз Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. Қоңыр бұлт астынан күн әлсіз сығалайды. Сондықтан да қысты «тұнжыр қыс деп атайды». Күн қысқа, түн ұзақ, бұл айда күн көзі сирек көрінеді. Желтоқсанда түнде қатты аяз болады, өзендер мен көлдерде қалың мұз қатады. Балаларға сұрақтар: ♦ желтоқсан айы қай айдан соң келеді? ♦ қараша айына қарағанда балабақша ауласында қандай өзгерістер болды?
Еңбек Ағаштар түбін қармен көму.. Мақсаты: тірі табиғатқа деген көмек көрсету ықыласын арттыруға тәрбиелеу.. Қимылды ойындар: Қар лақтырып ойнау Мақсаты: затты лақтыру дағдыларын бекіту. Бір аяқпен секіру. Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға баулу. Жаттығу ойындары: Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты: тепе-теңдікті сақтап қозғалыс жасағанда өз-өзін сақтандыруға үйрету. Халық болжамы: - Егер тауық ерте қонақтаса, аяз болады.
|
Желтоқсан Серуен №2 Бақшаны бақылау Мақсаты: — қыс мезгіліндегі бақшада болатын өзгерістермен таныстыру; — зерттеу қызметіне деген қызығушылықта-рын арттыру. Бақылау барысы Көркем сөз . Далада қар болрайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады, Жып-жылтыр болып жатады. Аралайды бақшаны, Үзілмейді жақсы әні. Гүлденеді бақшалар, Жауса-жаусын ақша қар.
♦ бақшалықта қар көп болса, ол-жақсыма, жаман ба? (жақсы, себебі жерде ылғал мол болады)
♦ неліктен? (соққан жел орталықтағы қарды ғимарат жанына ысырады.). Зерттеу жұмысы Бақшаның әртүрлі бөлігіндегі қар қалыңдығын қар өлшеуіш құралмен өлшеу.. Еңбек: қардан құрлыс тұрғызу Мақсаты: қардан әртүрлі денелер жасауға үйрету;
Қимылды ойындар: «Қу түлкі». Мақсаты: балаларды байқампаздыққа, алғырлыққа баулу, тапсырманы дұрыс орындауларын бақылау. Жаттығу ойындары: «Нысанаға тигіз». Мақсаты: көз мөлшерін және лақтыру күшін дамыту. |
|
Желтоқсан Серуен №3 Торғайларды бақылау Мақсаты:
— құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Бақылау барысы Көркем сөз Торғайларды қорға. Ө. Ақыпбекұлы Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң болмайды. Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.
Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашайын тере ғойғ Сонда суыққа тоңбайсың. Еңбек қызметі Құстар қонақтайтын, жем шашатын жерді қардан тазалау. Мақсаты: еңбекке деген ықыластарын арттыру. Қимылды ойын «Нысанаға тигіз». Мақсаты: қшып бара жатқан заттың бағытын бақылау, қозғалыстың дұрыс орындалуын есептей білу. Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту Қарды алыс нысанаға лақтыру Мақсаты:қозғалыс координациясын дамыту.
|
Желтоқсан Серуен №4 Қардың түсуін бақылау Мақсаты: - Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Бақылау барысы Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев Жауа-жауа, қар жауып көп, Шұқырларға толады. Иығыңа қонады кеп, Мойныңа да қонады. Жауып бітер қарды тосып, Үйіңе де сыймайсың, Табиғаттың ақ көрпесін Басуға да қимайсың
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
Зерттеу жұмысы Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық). Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму. Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту Қимылды ойын «Ыстық-суық». Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге үйрету
Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту. Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету
Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
|
|
Желтоқсан Серуен №5 Ауладағы ағаштарды бақылау Мақсаты : — ағаштар туралы білімдерін молайту; — ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру Бақылау барысы Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы Қар жамылды бақтарым Қыратым да, сайым да. Тағыпты қыс ақ қарын, Үкі етіп қайыңға. Бүркеніп ақ желекті, Жарқырайды маңайым. Ойға шомып теректің, Ақ шалыпты самайын. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
Зерттеу жұмысы Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру Еңбек Жолды қардан тазалау. Мақсаты: аула қараушыға көмектесу. Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?» Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру. Жаттығу ойындары Секіру Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру Халық болжамы. Ағашты қырау басса аяз болады, тұман түссе күн жылынады |
Желтоқсан Серуен №6 Аула тазалаушы еңбегін бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
♦Ағаштарды аяздан қорғау үшін ол не істейді? ♦Аула тазалаушы жұмысы адамдар және табиғат үшін керек пе? Еңбек Қуыршақ үшін қардан құрлыс тұрғызу. Мақсаты: — бірлесе жұмыс істеуге үйрету; — еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қимылды ойын «Екі аяз» Мақсаты жүкіруге жаттықтыру;
Жаттығу ойындары Шаңғымен жүру. Мақсаты : шаңғымен жүруге жаттықтыру, ептіліктерін, шыдамдылықтарын дамыту. |
|
Желтоқсан Серуен №7 Ауладағы ағаштарды бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркем сөз «Ағаштар» М.Әлімбаев Қысында да шырайлы, Жасыл шырша ұнайды. Түні бойы жауды қар, Салбырады сәнді тал. Тау баурайы төменде, Өседі жас емендер. Ауыл сәні терек, Терек егу керек. Сырғалы қайың, ақ қайың, Баптайын, күтіп, сақтайын. Басқа ағашпен аралас, Жайқалады қарағаш Көк қарағай, қарағай, Мейірбанды анадай, Көкке бойын созады, Көпке қолын созады. Балаларға сұрақтар:
Зерттеу жұмысы: Балалар алаңдағы әр ағаштың бұтақтары, діңдері және көрністері бойынша салыстырып, айырмашылықтарын анықтап қортынды жасайды. Еңбек Ағаш түптеріне қар үю. Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.. Қимылды ойын «Аулада қандай ағаштар өседі?». Мақсаты:
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту: Аңдар биі Мақсаты: әртүрлі аңдар қозғалыстары арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу |
Желтоқсан Серуен №8 Қара қарғаны бақылау
Бақылау барысы
Көркем сөз Құстар қыста тоңады Ө. Ақыпбеков Мақсаты: Құстар қыста тоңады, Жоқ киетін ішігі. Желде қатты соғады, Қарды көзге ұшырып. Қалатындай қайта ұшпай, Ұя тапса шаттанып. Жем іздейді байғұстар, Қардың астын ақтарып. Балаларға сұрақтар: * Балалар, сендер қарғаның қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? (қар...қар). * Қарғаның түсі қандай? * Оның басқа құстардан қандай айырмашылығы бар? * Иә, қарға қыстап қалатын құс. Ол көбіне ағаштың басына шығып, айналаны бақылап отырады. Қарғаның мамығы қалың, тұмсығы мықты болады. Қарғалар ешқандай тамақ талғамайды, көзіне түскендердің бәрін: дәндерді, тұқымдарды, жәндіктер мен құрттарды, тіпті ұсақ жәндіктер мен құстарды да жейді. Еңбек Алаңды қардан тазалау. Мақсаты: ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге деген ықыласын тәрбиелеу Қимылды ойын: «Бәйге». Мақсаты: жүкіру жылдамдығын, ептілігін, қызығушылығын дамыту. Жаттығу ойындары Шаңғымен жүруге жаттықтыру Мақсаты: күштіліктері мен мықтылықтарын дамыту. |
|
Желтоқсан Серуен №9 Желді бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркем сөз Ұйытқыма жел Ө. Ақыпбекұлы Ұбырып-шұбырып, Ұйтқиды құбылып. Ұлпадай ақ қарды, Ұршықтай үйіріп. Ұлиды қасқырдай, Ұйтқып көз аштырмай. Екпіндей соғады, Алдыға бастырмай. Баларға сұрақтар
Еңбек Сырғанақ төбешік соғу Мақсаты: бір-біріне деген жағымды көзқараста болуға тәрбиелеу. Қимылды ойын «ең мерген кім?». Мақсаты:
Мақсаты:қар бетіне әртүрлі ағаш суретін сала білулерін бекіту. Жеке жұмыс: «Затты тап». Мақсаты:
Затты сипаттау бойынша табу. |
Желтоқсан Серуен №10 Көпшілік көліктерін бақылау Мақсаты: — көпшілік көліктері туралы білімдерін тиянақтау, жолда жүру ережелерін білу; —үлкендер еңбегі мен техникаға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бақылау барысы Балалармен әңгімелесу өткізу. ♦ сендер қандай көпшілікке арналған көлік түрлерін білесіңдер?
♦Бағдаршамның қай түсінде өту керек? (жасыл) Еңбек: Аула тазалаушыға көмектесу. Мақсаты:еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу, тапсырманы жауапкершілікпен орындауға баулу. Қимылды ойын «Жүргізушілер және жаяулар».
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты: 20 см биіктікке секіру дағдыларын бекіту.. |
|
Қаңтар Серуен №1 Суықторғайды бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркемсөз А. Меңдібай Қарағай мен шыршаның Суықтан дені тоңып тұр. Бұл не ғажап қарасаң, Қайыңда алма өсіп тұр! Жақын келіп қарасам, Көзіме өзім сенбедім- Алқызыл болып көрінген, Әнші құсы орманның Суық торғай сен бе едің? Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Айналаны қар басса да, Суықтан еш тоңбайды. Құс екенін бұл қандай, Қане, кім болжайды? Кеудесі қызыл әсем-ақ,
Зерттеу жұмысы Құстар ізін қарау. Оларды қарға мен жануарлар (мысық, ит) іздерімен салыстыру. Қандай айырмашылығы бар? Еңбек Ойын алаңын қардан тазалау. Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Қимылды ойын «Ұшты-ұшты». Мақсаты:аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу Жаттығу ойындары «Қапшықтағы жемді жеткіз». Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру Халық болжамы: Құстар асыға қоректенсе ауа-райы бұзылады. |
Қаңтар Серуен №2 Боранды күнді бақылау Мақсаты: желді күнгі қардың қозғалысы туралы түсінік беру. Бақылау барысы Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Жерді тырнап, бұтаны ырғап, Шөпті сипап, ұшады зырлап, Жанын қинап, ұлиды зарлап. (боран) Көркем сөз «Ақ боран» Ә. Табылды Ақ көрпесін жапты да, Ақ боран-ау, ақ боран, Аяз кенет аптыға, Алай-түлей соқ боран. Айналаны үрледі, Ақ қар ұшып үйрілсін, Ақ бораны гуледі. Ауламызға үйілсін. Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан. Қардан жасап аққала, Сырғанаймын шаттана. Тәрбиеші сұрақтары:
Зерттеу жұмысы Келесі күні ауланы қарау. Түбі ашылып қалған ағаш түптерін іздеп табу. Еңбек Бораннан соң ашылып қалған ағаш түптеріне қар үю. Мақсаты:Бірлесе еңбек етуге, ағаштарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қимылды ойын «Желдиірмен». Мақсаты: ойын мазмұнына сай қимылдар жасау. Жаттығу ойындары Қимылдарды дамыту. Мақсаты: секіру техникаларын дамыту (барлық түрінен).
|
|
Қаңтар Серуен №3 Бақылау «Қардағы құс іздері» Мақсаты:қардағы құс іздерін тани білуге үйрету . Бақылау барысы Балаларға сұрақтар
Балаларға ауладағы жем шашылған жерде қалған құс іздерін бақылауға ұсыну..
Балаларға құстар ізі салынған парақтар таратылады және оларға қай құстың ізі екенін анықтау тапсырылады. Қар бетінен ұқсас із іздестіріледі.. ♦ Құстардың ізі арқылы нені білуге болады? (құстың көлемі қандай, қалай қарай жүрген, бір жерде аялдаған ба?) Зерттеу жұмысы Алаңдағы шағын жердегі қарды нығыздау және таяқшамен құс ізінің суретін салу. Еңбек Қардан қала тұрғызуға қар жинау. Мақсаты:
Қимылды ойын «Ізбе із». Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау. Алдыңғы түскен із үстіне дәл түсуге тырысу. Ептілікке баулу.. Жаттығу ойындары Алға жылжи отырып екі аяқпен секіру.. Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын дамыту. Халық болжамы:
|
Қаңтар Серуен №4 Жеңіл көліктерді бақылау Мақсаты: автомобильдер туралы білімдерін бекіту, оларды түрлері бойынша ажырата білу, жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Бақылау барысы Көркем сөз «Тәртіп керек баршаға» Е.Елубаев Бұзба көше тәртібін, Ұрынасың апатқа. Қызықты өтсін әр күнің, Жақын болма шатаққа. Көшеден өтер кезіңде, Абайлап қара жан-жаққа, Келе жатқан көлікке, Жол бер, өтсін, асықпа! Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:
♦ Біздің қалада қандай машиналар көп? Неліктен? ♦ Жолдан өтерде не істеу керек, қандай ережелерді сақтау керек? Еңбек Ауланы бірлесе отырып тазалау. Мақсаты : — бірлесе еңбек етуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; — жылдамдық пен күштерін есептей білуге үйрету. Қимылды ойын «Бағдаршам». Мақсаты: белгі бойынша әрекет етуге, қимыл-қозғалыстарды дұрыс орындай білуге үйрету. Жаттығу ойындары Ұзындыққа секіру . Мақсаты:
|
|
Қаңтар Серуен №5 Күн мен түн неге ауысады? Мақсаты:Күн мен түннің ауысуы қалай жүретіні туралы түсінік беру. Бақылау барысы Сендер қалай ойлайсыңдар, күн мен түн неге ауысады? Күн жерге күндіз жарық береді. Жер кеңістікте үлкен жылдамдықпен айналады. Жердің бір айналысы 24 сағатта өтеді. Жердің айналған уақытында жердің күнге қарамайтын бетінде түн болады да, жердің күнге қараған бетінде түн болады. Балаларға сұрақтар.
Зерттеу жұмысы Жарық сәулелері жерге тура түседі, егер оған жолда бірнәрсе кедергі жасаса, онда одан көлеңке пайда болады. Таңертең, түсте, кешке зерттеу жұмысын жүргізу. Таңертең және кешке көлеңке ұзын болады, ал, түсте көлеңке қысқа болады (түсте күн дәл төбеден түседі, сондықтан көлеңке қысқа). Еңбек Ойын алаңындағы қарды сыртқа шығару. Мақсаты: еңбексүйгіштікке, бірлесе еңбек етуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Жердің күнді айналуы». Мақсаты: күн туралы білімдерін бекіту.
Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту «Шығырыққа лақтыру». Мақсаты:мергендіктерін дамыту. Мақал-мәтел: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. |
Қаңтар Серуен №6 Ағаштарды бақылау
Мақсаты: ағаштар туралы білімдері кеңейту,оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Бақылау барысы Аулаға шығып, жауған қардан майысып тұрған ағаштарды сілкіп, қарын түсіру. Ағаштарға қамқорлықпен қарауға көңіл бөлу. Әңгімелесу:
Аязды күні аяқ астындағы қардың сықыры мен ағаштардың басынан қар түсуін бақылап, тыңдау. Көркем сөз «Аядым» М. Әлімбаев Жауған күні қар алғаш, Ағаштарды аядым. «Тоңбасын»- деп бұл ағаш, Орап қойдым аяғын. Балаларға сұрақтар.
Зеттеу жұмысы Жазда бұта өскен жердегі қарды тереңдетіп қазу. Қар астынан жерге жабысқан, жасыл жапырақтары бар өсімдік шығуы мүмкін. Балаларға мынадай қортындыны айтуға болады: қалың жауған қар өсімдік тамырларын аяздан қорғайды, олардың үсіп кетуіне жол бермейді. . Еңбек Жауған қарды ағаш түбіне үю. Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу. Қимылды ойын «Кім ағашқа бұрын жетеді?». Мақсаты:ағаш аттарын есте сақтауларын бекіту. Жеке жұмыс: «Затты тап». Мақсаты:
Затты сипаттау бойынша табу. |
|
Қаңтар Серуен №7 Қарғаларды бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Қара түсті қарқылдақ, Ұшып, қонып жалпылдап. Қоқыстарды шоқиды, Жем іздейді там-тұмдап. (қарға)
Қарға қыстап қалатын құс. Ол өзінің азығын қоқыстардан теріп жейді. Халық қарғаның іс-әрекетіне қарап ауа-райын болжаған. Егер қарға айналып ұшса аяз болады, қарға қарқылдаса қар жауады, егер қарға таңертең ағаштың басында отырса бұрқасын болады деп санаған және ол рас болған. Көркем сөз «Қарға» С.Сейфуллин Қарға, қарға, қарғалар, Көзден жасы сорғалар. Қар үстінде жорғалар. Қар үстінде жем көрсе, Боран соқса қор болар, Қапелімде қолға алар. Бұтаға келіп қорғалар. Екі шоқып, бір қарар, Қысып кетсе сары аяз, Деп «жолымды» оңғарар. Зерттеу жұмысы Балабақша ауласынан құстар ізін іздеу, салыстыру Еңбек Ауладан құстар үшін алаң аршып, оған дән себу. Мақсаты: бірлесе еңбек етуге баулу. Қимылды ойын «Пингвиндер доп ойнап жүр». Мақсаты: екі аяқпен секіруді күрделілендіру, екі аяқ арасына допты қыстырып алға жылжу. Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты: нысанаға доп лақтыра білу дағдыларын дамыту. |
Қаңтар Серуен №8 Қар ұшқындарын бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Көркем сөз «Суретші қыс» К. Нүсіпов Қонақтайды бақтарға, Ақ көбелек, ақ мамық. Аунап таза ақ қарға, Балалар жүр мақтанып. Тазарып бар кір, шаңнан, Қыс өнерін бастады. Терезеге қыраудан, Сурет сала бастады. Балаларға сұрақтар:
Д/О: «Ұқсас өрнекті тап». Алақанға қар ұшқындарын қондырып, олардың бір-біріне ұқсастарын табу Зерттеу жұмысы Алақандағы қар неге ериді? Қардың қай жерде, алақанда ма, әлде қолқап сыртында ма тез еритінін бақылау. Неге? Қар ерігенде не пайда болады? Еңбек: Қардан қамал тұрғызу Мақсаты:
Қимылды ойын «Екі аяз» Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша әрекет ете білу және назар аудара білу дағдыларын дамыту. Жаттығу ойындары «Байқап өт». Мақсаты: заттар арасынан, оларды құлатпай ирелеңдеп жүруге үйрету.
|
|
Ақпан Серуен № 1 Қар тазалайтын машина жұмысын бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады Бұл неткен күшті тазалаушы еді, Үйілген қарды Әп- сәтте жинап алды? (қар жинайтын машина) Қар жинайтын машинаның алдына үлкен қырғыш бекітілген. Алдыңғы және артқы дөңгелектерінің ортасында түкті дөңгелек щетка айналып тұрады.
♦ қар тазалағыш машиналар көліктің қай түріне жатады? (арнайы көлік түрлеріне) Зерттеу жұмысы Қар тазалайтын машина мен «Жедел жәрдем» машинасын салыстыру Еңбек Алаңды қардан тазалау, қардан көше қиылысын құрастыру Мақсаты:
Қимылды ойын «Аңшылар мен аңдар» Мақсаты:
Жаттығу ойындары «Көпірден өт». Мақсаты: тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру
Халық болжамы: Мұржадан түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады |
Ақпан Серуен № 2 Қарды бақылау Мақсаты: Қыс аяғында қарда болатын өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру Бақылау барысы Көркем сөз «Қыс» Қ. Жұмағалиев Қысым-ақ, қысым-ақ, Жібердің қысып-ақ. Қалмаспыз біз деген, Боранға ұшырап. Аппақ қар жауа бер, Риза ғой саған ел. Боратты-ау бораным, Қайратын қарай көр. Біз батыл баламыз, Жылы үй, қорамыз. Ақ ұлпа қарыңнан, Аққала соғамыз. Халықта мынадай болжам бар: қарға қарқылдаса, қар жауады. Қыс мезгілі басталған уақыттан бастап, қалың қар түседі. Кейде жел соғып боран болады. Күндер жылжыған сайын қардың қабаты қалыңдай түседі. Кей уақытта оңтүстіктен жылы жел соғады. Бұндай жылы желден қар сәл босап ериді де, жылылықтан кейінгі аяздың әсерінен қар мұзқатқақа айналады. Бұл кезде жан-жануарларға қатты қар үстімен жүру, өз қоректерін табу қиынға соғады. Бұлан, бұғы, тауешкілері өздерінің өткір тұяқтарымен қарды теуіп ояды, оның астынан мүктер мен жапырақтарды қиындықпен алып жейді. Кей кезде тұяқтарын мұзқатқақ қар қиып жаралайды. Тәрбиеші сұрақтары. ♦ қыс айларын атаңдар? ♦ қар бетінде пайда болған жұқа қабықша қалай аталады? ♦ қарқатқақ қалай пайда болады? Зерттеу жұмысы Балабақша ауласындағы ашық алаңдағы және қоршау жиегіндегі қар қалыңдығын өлшеу. Қай жерде қар қалың, қай жерде жұқа. Неге? Еңбек Сырғанаққа су себу Мақсаты: суық суды ақырын алып жүруге, сырғанақ бетіне тегіс себуге үйрету. Қимылды ойын «Екі аяз». Мақсаты: кеңістікті бағдарлай білуге жаттықтыру. Жаттығу ойындары «Кім алысқа секіреді?». Мақсаты: белгіленгшен жерге дейін екі аяқпен секіру. Халық болжамы: Қар көп болса, нан мол болады.
|
|
Ақпан Серуен №3 Желді бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Ұйытқыма жел Ө. Ақыпбекұлы Ұбырып-шұбырып, Ұйтқиды құбылып. Ұлпадай ақ қарды, Ұршықтай үйіріп. Ұлиды қасқырдай, Ұйтқып көз аштырмай. Екпіндей соғады, Алдыға бастырмай. Баларға сұрақтар
Еңбек Жолдарды, орындықтарды, ұсақ архитектуралық мүсіндерді қардан тазалау. Мақсаты: бір-біріне достық көмек беруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қимылды ойын «Мысық пен тышқан». Мақсаты:
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту. Мақсаты: қар лақтыру кезінде көз мөлшерлей білулерін дамыту, лақтыру кезінде қол сүйектерін белсенді қозғалта отырып, нысанаға тигізу Халық болжамы: Мысық жылы жерді паналаса, қатты аяз болады
|
Ақпан Серуен № 4 Бұлттарды бақылау Мақсаты:
Бақылау барысы Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Дауыл тұрса дым қалмай. Түйдектеліп көшеді, Тоз-тоз болып өшеді.
Сеуіп шықты тамшысын, Қыраттарға шөлдеген. Күн сайын күн өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды қыздырады. Судың ұсақ түйіршіктері аспанға көтеріліп бірігеді де, аспанда бұлт пайда болады. Бұлттағы су түйіршіктері ауыр тартқан кезде, олар жерге жаңбыр болып төгіледі. Бұлттар – шарбы бұлттар және түйдек бұлттар деп аталады. Шарбы бұлттар ашық күндері пайда болады, ал, түйдек бұлттар жауын немесе қар жауарда пайда болады. Балаларға сұрақтар.
Зерттеу жұмысы Апспаннан атқа немесе түеге ұқсас бұлтты табу. Шарбы бұлттар мен түйдек бұлттарды салыстыру. Еңбек Жолдар мен сырғанақтарды қардан тазалау.. Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге үйрету, жұмыс нәтижесіне қуана білу. Қимылды ойын: «Қар үстіндегі хоккей». Мақсаты: шайбаны қақпаға домалатуға үйрету. Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту. Мақсаты:
Мақал-мәтел: Мезгіл жетсе мұз ерір.
|
|
Ақпан Серуен №5 Ауладағы ағаштарды бақылау Мақсаты : — ағаштар туралы білімдерін молайту; — ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру Бақылау барысы Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы Қар жамылды бақтарым Қыратым да, сайым да. Тағыпты қыс ақ қарын, Үкі етіп қайыңға. Бүркеніп ақ желекті, Жарқырайды маңайым. Ойға шомып теректің, Ақ шалыпты самайын. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.
Зерттеу жұмысы Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру Еңбек Жолды қардан тазалау. Мақсаты: аула қараушыға көмектесу. Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?» Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру. Жаттығу ойындары Секіру Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру Халық болжамы. Ит қарға аунаса, қарлы боран болады. Мысық қабырғаны тырналаса, бұрқасын боран болады.
|
Ақпан Серуен № 6 Маусымдық өзгерістерді бақылау
Мақсаты::
Бақылау барысы Оңтүстіктен жел соқты. Ол өзімен жылылық ала келді. Түс кезінде төбелерден су тамшылары көрінді. Көктемнің жақын қалғаны табиғатта біліне бастады. Ақпан қыстың соңғы айы. Ақпан айында күн ұзара бастайды. Күннің шуағы молаяды. Үй шатырларынан мұз сүңгілер пайда болады. Ақпанда жылылық сезіледі. Күртік қарлар аласара бастайды. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Мұздан шеге қатырдым. (сүңгі) Балаларға сұрақтар
Зерттеу жұмысы Ыдыстарға қар толтырып, біреуін көлеңкеге, біреуін күннің астына қою. Серуен аяғында қай ыдыстағы қар төмен түскенін салыстыру Еңбек Кіші балалар тобының алаңын қардан тазалауға көмектесу Мақсаты: достық қарым-қатынаста еңбек етуге тәрбиелеу. Қимылды ойын «Төбешіктен-төбешікке». Мақсаты: ұзындыққа секіру дағдыларын қалыптастыру Жаттығу ойындары «Кім жылдам». Мақсаты:- Жылдам жүкіруге жаттықтыру;
Халық болжамы: Мұзсүңгі ұзын және жиі болса, көктем ұзақ, ас мол болады. |
|
Ақпан Серуен №7 Терек ағашын бақылау
Мақсаты:
Бақылау барысы Тәрбиеші әңгімелейді: Адам таза ауамен тыныс алады. Адам демінен шыққан ауа-қайта жұтуға жарамсыз. Біз үнемі таза ауа жұтып жарамсыз етіп отырғандықтан, таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер бетінде ауа қалмас еді. Ал, таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан ауаны жұтып, өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады. Таза ауамен тыныс алған адамның дені сау, өмірі ұзақ болады.сол себептен бабаларымыз «Өмір жасыңды ұзартқың келсе ағаш ек» деген. Ауыл маңы терек, Терек егу керек. Әсем биік теректер, Балаларды өбектер.
Зерттеу жұмысы Ауладағы ағаштарды қарау. Қай ағаш қалай тұр. (кейбір ағаштар бұтағы сирек, тікесінен сыйдиып тұр. Кей ағаштар бұтақтары қармен төмен иіліп тұр т.б.) Еңбек Кіші топ балаларына қар жинауға көмектесу. Мақсаты: кішкентайларға көмек көрсетуге деген ынталарын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Қимылды ойын: «Бәйге» Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша жүкіруге үйрету Жаттығу ойындары Бір аяқпен секіру Мақсаты: жоғары секіруге және жерге дұрыс түсуге жаттықтыру. Мақал-мәтел: Бір тал кессең, он тал ек. Тыйым сөздер: Өсіп тұрған ағашты кесуге немесе балталауға болмайды. От жағуға қураған ағашты пайдалану керек. |
Ақпан Серуен №8 Күн мен түн неге ауысады? Мақсаты:Күн мен түннің ауысуы қалай жүретіні, жыл мезгілдерінің ауысуына қарай күннің ұзаруын туралы түсінік беру. Бақылау барысы Балаларға жұмбақ жасыру
Әлемге нұр таратқан. (күн)
Жартысы қара мақпал бүркенеді. (түн)
Табақ болып тынады (ай)
Түнде дірілдейді (жұлдыз) Сендер қалай ойлайсыңдар, күн мен түн неге ауысады? Күн жерге күндіз жарық береді. Жер кеңістікте үлкен жылдамдықпен айналады. Жердің бір айналысы 24 сағатта өтеді. Жердің айналған уақытында жердің күнге қарамайтын бетінде түн болады да, жердің күнге қараған бетінде түн болады. Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай күн мен түннің ұзақтығы да ауысып отырады. Күн жылыған сайын түн қысқарып, күндізгі уақыт ұзарады. Балаларға сұрақтар.
Зерттеу жұмысы Жарық сәулелері жерге тура түседі, егер оған жолда бірнәрсе кедергі жасаса, онда одан көлеңке пайда болады. Таңертең, түсте, кешке зерттеу жұмысын жүргізу. Таңертең және кешке көлеңке ұзын болады, ал, түсте көлеңке қысқа болады (түсте күн дәл төбеден түседі, сондықтан көлеңке қысқа). Еңбек Ойын алаңындағы қарды сыртқа шығару. Мақсаты: еңбексүйгіштікке, бірлесе еңбек етуге тәрбиелеу. Қимылды ойын «Күн мен түн». Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша әрекет етуге, ойын шартын дұрыс орындауға дағдыландыру.. Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту «Шығырыққа лақтыру». Мақсаты: мергендіктерін дамыту. Мақал-мәтел: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
СЕРУЕН КОРТОТЕКАСЫ-ҚЫС

шағым қалдыра аласыз