Серуенді ұйымдастыру. Мектепке дейінгі мекемеге арналған

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Серуенді ұйымдастыру. Мектепке дейінгі мекемеге арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Серуен жыл бойы күнделікті жүргізіледі. Балалар бақшаға келген сәттен бастап жаз мезгілінде барлық уақытын дерлік таза ауада өткізеді, топ бөлмесіне ас ішу мен ұйықтау үшін ғана кіреді. Қыс мезгілінде ауа температурасы -15 С-ден төмендегенде немесе қолайсыз ауа-райында, бұрқасын кезінде ғана серуендеуге шықпайды. Бақылау жүргізу- серуеннің басты құрамдас бөліктерінің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Балаларды табиғатпен таныстыру үшін серуен кеңінен пайдаланылады. Ол балалардың бойында табиғаттың ұзақ уақытқа созылатын құбылыстары туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Балаларды тәрбиелеу жұмысы тоқтаусыз жүргізілетін үрдіс. Серуен кезінде балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысы үрдісінде оларды жан-жақты және үйлесімді дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар.

Серуен жыл бойы күнделікті жүргізіледі. Балалар бақшаға келген сәттен бастап жаз мезгілінде барлық уақытын дерлік таза ауада өткізеді, топ бөлмесіне ас ішу мен ұйықтау үшін ғана кіреді.

Қыс мезгілінде ауа температурасы -15 С-ден төмендегенде немесе қолайсыз ауа-райында, бұрқасын кезінде ғана серуендеуге шықпайды.

Бақылау жүргізу- серуеннің басты құрамдас бөліктерінің бірі.

Оқу әдістерінің бірі болып табылатын серуен баланың жан-жақты дамуында үлкен рөл атқарады. Бақылау жүргізу барысында заттық түсініктер жинақталып, ұғымдар қалыптастыруға қажетті материал береді. Бақылау жүргізу балалардың санасын жаңа біліммен байытады, оны қоршаған әлемді біртіндеп танып білуге жол ашады.

Серуен кезінде балаларды өз ойыншықтарын жинату, ойын алаңын тазалау үрдісінде еңбекке де баулимыз. Балалардың еңбек әрекетін де серуен құрылымындағы дербес құрамдас бөліктердің бірі деп есептеу керек.

Тәрбиеші балалардың серуендеуі үрдісінде алуан түрлі қимылды ойындар ұйымдастырады. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтардың болуын ойластырады. Бұған қоса, ағаштарды, бұталар мен гүлдерді, жануарларды (дыбысына, ізіне қарап және т.с.с) айыра білуге бағытталған әртүрлі ойын- жаттығуларды, желдің күшімен қозғалысқа келетін ойыншықтармен ойналатын ойындарды кеңінен пайдаланады. Жылдың жылы мезгілінде оның белсенді қимыл жасау тілегі толығымен орындалады.

Серуен қызықты өту үшін тәрбиеші оның барысында өлең, жұмбақ, мақалдарды, ойындарды, ойын-тапсырмалары мен тәсілдерді тиімді пайдалануы қажет.



Қыс мезгілінде өткізілетін серуендердің түрлері

Серуеннің атауы


1

Қысқы табиғат (бақылау)


2

Аппақ мамық, қырауларым (бақылау)


3

Халің қалай, қысқы ағаш? (бақылау-зерттеу)


4

Сәби шырша (бақылау)


5

Ақ діңді ару (бақылау)


6

Тентек суретші (бақылау)


7

Қысқы күн көзі (бақылау)


8

Қыс келді- қар мен қуаныш әкелді! (бақылау-ойындар)


9

Жалтыраған жылтыр мұз (бақылау- зерттеу)


10

Қысқы ағаштарға (бақылау)


11

Аязға (бақылау)


12

Мұзға (бақылау)


13

Неткен таза, қысқы ауа! (бақылау)


14

Жұмбақ іздер! (бақылау- зерттеу) 


15

Қыс-Ана жұмбақтары (жұмбақтар)


16

Ақ жұлдызшалар (бақылау-тәжірибе)


17

Ерекше ағаштар (бақылау)


18

Кім қонаққа ұшып келмек? (бақылау)


19

Қарға, қарға, қарғалар (бақылау)


20

Бұл ненің түтіні? (бақылау)


Серуен №1

Қысқы табиғат (бақылау)

Мақсаты: Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, қыстағы экологиялық соқпақтар нысанын көрсету, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар, айналамызда не өзгергенін қарап көріңдер?

  • Жылдың қай мезгілі басталды?

  • Қыстың қандай белгілерін білесіңдер?

  • Қазір қыстың қандай белгілері көрініп тұр?

Күн қысқарып,

Күн сәулесі азайды.

Аяз келіп,

Енді қыс та басталды.

  • Келіңдер, өзіміздің соқпағымызбен жүріп, ағаштар мен құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болғанын көрейік. (Ағаштардың сыртқы көрінісіне балалардың назарын аударады)

Жұмбақ жасыру:

  1. Аяғы жоқ, қолы жоқ, сурет сала біледі. (Аяз)

  2. Аң емес, бірақ ұлиды. (Жел)

  3. Ақ сәбіз қыста өседі. «Мұз сұңгісі)

Ауладағы еңбек:

Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.

Қ.о: «Кім бұтаға бұрын жетеді?

Мақсаты: Шапшаңдықтарын, бұталарды айыра білу икемділігін дамыту.

Мазмұны: Балалар тәрбиешінің белгі беруімен белгіленген бұтаға дейін жүгіреді. Аталған бұтаны тез әрі дұрыс таңдаған ойыншы жеңеді.

  • Балалар, қыс айларын атаңдар.

  • Қазір қыстың қай айы?

Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»

Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.

Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.

Дербес ойын:

Жеке жұмыс: Таяқты дұрыс лақтыра алмаған балаға, лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: күректер, ойынға арналған таяқша.


Серуен №2

Аппақ мамық, қырауларым (бақылау-зерттеу)

Мақсаты: Қар мен оның қасиеттерін зерттеу. Балалардың байқағыштық қабілетін, ойлауын, зейінін дамыту; табиғат нысандарына деген қызығушылықтарын ояту.

Серуеннің барысы:

Тоқылмаған қолменен

Тігілмеген жібекпен-

Мамық кілем.

Күн мен айдың жүзінде,

Күмістей боп көрінген.

  • Бұл не? (қар)

  • Қардың түсі қандай?

  • Оны қолмен ұстап көріңдер, қалай сезіледі? (Мамық, саусымалы, суық)

  • Қарды лупамен қараңдар. Ол неден тұрады? (Қар ұшқындарынан)

  • Егер оны жылы орынға қойсақ, не болар еді? (Қар еріп кетеді)

  • Қар неден жасалған? (Судан)

  • Қардың қалай пайда болатынын білесіңдер ме?

Өте суық болатын жерден жоғары биікте су булары суға емес, ұсақ мұз түйіршіктеріне айналады. Олардың кішілігі шаң-тозаңдай болады. Олар бұлтқа енген соң жаңа мұз инелерімен бірігіп, барған сайын үлкейе береді де, бізге таныс қар-ұшқындары болып шығады.

Көркем сөз.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Көк мұз болып қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

  • Қардан не жасауға болады?

Балалар тәрбиешімен бірге қардан әртүрлі кескіндер жасайды.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.

Қ.о: «Нысанаға кім бұрын жетеді?»

Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны: Тәрбиеші бір нысананы белгілеп қояды. Сол нысанаға белгі бойынша балалар кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз атанады.

Дербес ойын: Балалардың ойындарына қолдау көрсету.

Жеке жұмыс: Зерттеу жұмысын игере алмаған баламен, жеке жұмыс жүргізу.

Құрал-жабдықтар: күректер, сыпырғыш.


Серуен №3

Халің қалай, қысқы ағаш? (бақылау-зерттеу)

Мақсаты: Экологиялық соқпақ бойындағы ағаштардың қысқы күйін көрсету, олардың қысқы тіршілігін түсіндіру. Балалардың ойлауын, байқағыштық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

  • Балалар, ағаштарға қараңдар, олар қандай екен? Неліктен?

  • Ағаштар қыста қалай тіршілік етеді деп ойлайсыңдар? (Пікірлерін айтады)

Байқасақ, ағаштар да қысқа дайындалалы екен. Бүкіл жаз бен қыс бойы діңдері мен бұтақтарына крахмал қорын жинайды. Олардың шырыны біртіндеп қоюлана береді. Алғашқы суық алдында ағаштың жасушыларында крахмал дәндері толып тұрады. Кішкентай қоймалары лық толады. Қыс қоры дайын.

Азық қорын жасап алған ағаштар аяздан қорықпайды. Күшті аяз кезінде шырын жүруі тоқталады десе де болады. Ағашты ұйықтап қалған дерсің. Крахмал қантқа айналады. Крахмал қантқа қаншалықты көп айналса, ағаш соншалықты терең ұйқыға кетіп, тыныштық табады. Сондықтан қыста ағаштар нағыз ұйқыға кіріседі.

  • Қыста ағаштарда қандай өзгерістер болады?

  • Сендер қандай ағаштарды білесіңдер?

Тәрбиеші өлең оқып оны балалармен бірге жаттайды.

Суретші

Шеберін-ай аяздың Мәнерін де кілемнің,

Әйнектерді қағаз ғып, Өркешін де әр таудың,

Әшекейлеп қойыпты, Мүйізін де арқардың

Бірнеше ою ойыпты. Айнытпай – ақ салыпты.

Түрлі түсін гүлдердің, (М. Жаманбалинов)

Ауладағы еңбек:

Қарды ағаштардың діңіне үю.

Д.о: «Бұлар қалай болады?»

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, анық сөйлеуге үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға мынандай сұрақтар қояды. «Ағаш неден өсіп шығады?, «Оларда кейін қандай өзгерістер болады?», «Көктемде ше?» т.с.с

Қ.о «Бір, екі, үш – аталған ағашқа ұш»

Мазмұны: Белгі бойынша аталған ағашқа кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақты қайталату арқылы, тілін дамыту.

Серуен №4

Сәби шырша (бақылау)

Мақсаты: Шыршаның сипаттамасымен таныстыру, қылқандарына бақылау жүргізе отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін, ой-өрісін дамыту. Табиғаттың әсемдігін сақтауға деген ынталарын ояту.

Серуеннің барысы:

  • Бүгін біздің кімге қонаққа баратынымызды табыңдар.

Кішкентай бойжеткен,

Сұлу еді неткен?

Инелері біздей,

Әрі жасыл екен. (Шырша)

Дұрыс айтасыңдар, қараңдаршы, өзі кіп-кішкентай, әсем әрі сымбатты екен. Шыршаның ұшы қашан да сүйір болып келеді. Ағаштың пішіні жіңішке конусты еске салады. Бұл –көлеңке сүйгіш ағш. Оның бір ерекшелігі-ол үсікке, аязға сезімтал болып келеді.

Қылқандарына қараңдар, олар қысқа. Бұтақтарын жиі өскен қылқан жапқан.

Шыршаның діңі жіңішке, тіпті шаңғының таяқшасына ұқсайтынын көресіңдер.

Кішкентай шыршаның әсемдігіне қарап, айнала қооршай тұрып, шырша жырын айтқың-ақ келеді.

Балалар өзара қол ұстасып, шыршаны айнала тұрып, шырша жырын қайталайды.

Тіке-тікен тік пісте,

Қысы –жазы бір түсте. (шырша)

Көркем сөз.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, Келіңіздер, келіңіздер,

Таңырқасып тұрмаңыздар. Би де билеп беріңіздер.

Сәнді шырша шақырады, Қызығы мол Жаңа жылдың,

Шырша жырын жырлаңыздар! Тамашасын көріңіздер! (Ж.Қалжа)

Ауладағы еңбек: Қарларды күреу.

Қ.о: «Епті бол!»

Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады да, допты қағып алуға тиісті ойыншының есімін атап, допты лақтырады. Допты түсіріп алған бала шеңберге тұрып, балалардың тапсырмасы бойынша доппен 2-3 жаттығу жасайды. Ойын осылай қайталана береді.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Серуен №5

Ақ діңді ару (бақылау)

Мақсаты: Қайыңның сипаттамасымен таныстыру. Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, ағаштар туралы білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ағаштарға сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар, біз бүгін ғажайып аруға қонаққа барамыз, ол кім деп ойлайсыңдар?

Ақ көйлекті, көк желек,

Орманда орны бір бөлек.

Әннің аты деседі,

Сызды жерде өседі... (Қайың)


  • Ару қайыңға қараңдаршы.

  • Ол қандай екен?

  • Оны қандай сөздермен атауға болады? (Ақ ару, ақ діңді сұлу және т.с.с)

Қайың ең әдемі ағаштардың бірі. Ол барлық жерде кездесді.. Мұның себебі –ол ауа-райын талғай беремейді. Өте құрғақ жерден бастап, батпақты аймаққа дейінгі алуан түрлі топырақта өсе береді.

Қайың жарық сүйгіш ағаш, ол көлеңкелі жағдайды көтере алмайды. Оның діңіне қараңдаршы. Қандай екен? Қайың діңінің ерекше тартымдылығы бар, онда ақ түс қара өрнектермен ұштасқан. Оның қабығы қайыңтоз деп аталады. Қайың ағашы көктемде гүлдейді.

Ұлттық ойын: «Бөрік лақтыру»

Мақсаты: Алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Мазмұны: Барлық ойынға қатысушылар бір қатарға тұрып, алға қарай кіші доптарды алма-кезек лақтырады. Бәрінен жақынға лақтырған ойыншы доптарды жинап әкеліп балаларға таратып береді.

Допты үш мәрте алысқа лақтырған ойыншы ойынның жеңімпазы болады. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан сыпыру.

Д.о: «Ағашты ата»

Мақсаты: Ағаштарды жапырақтарына қарап ажырата білуге үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ағаштардың жапырағын көрсетеді, балалар олардың қай ағашқа тән екенін айтулары керек.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған доптар.

Серуен №6

Тентек суретші (бақылау)


Мақсаты: Таңғаларлық өрнектерге назар аудару, олардың қалай пайда болғанын анықтау; балалардың қиялдауын, байқағыштығын, қысқы өрнектердің әсемдігін көре білу икемділігін дамыту.


Серуеннің барысы

Тәрбиеші серуенді мынандай жұмбақ айтудан бастайды:

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін, ұсақпын.

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас. (Шық)

  • Мұндай шық жерге қашан түседі?

  • Сендер шықты көрдіңдер ме?

Ауладағы еңбек:

Қардан төбешік жасау.

Келесі серуенде балармен бірге, аязды бақылау жұмысын жалғастыруға болады. Басқа өлең, ойын қолдану керек.

Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»

Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.

Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)

Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)

Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)

- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)

- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)


Шық қайдан пайда болады?


Күннің көзі ұзаққа жерді қыздырады. Түнде ұйқыға кетеді. Күндіз оның жылуынан көп су буға айналады. Жай көзге ол көрінбейді. Бу ауада еркін қыдырып жүреді. Кеш болып ағаш жапырақтары, тастар-бәрі салқындайды. Осы суыған заттарға бу тиеді де, домаланып, тамшыға айналады, ол тамшы-шық. Түні бойы шық болып демалады. Күн шығып шықты қыздыра бастайды. Күн көзінің жылуына шыдай алмай, ол тағы буға айналады. Күн ұзаққа бу ауада болып кешке тағы шыққа айналады. Осылайша шық-тамшы аспан мен жер арасында қыдырады да жүреді. Ол ешқашан құрып кетпейді, Бірде суға, бірде буға айналып жүре береді.

Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (Мұз)


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақтың мағынасын түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Күрек, сыпырғыш.
































Серуен №7

Қысқы күн көзі (бақылау)

Мақсаты: Қысқы күн көзіне назар аудару, қыста күн жарқырағанымен, қыздырмайтынын анықтау. Талдау, салыстыру икемділігін дамыту.

Серуеннің барысы

Балалар, мынаның не екенін табыңдар:

Алтын алма,

Көк аспанда жылжиды,

Таң ата жымиады,

Бірақ қыздырмайды. (Күн)

Күнге назар аударыңдар, ол қандай екен? Күн қыста қыздыра ма?

Қыста күн жер бетіне жақын тұрады. Оның сәулелері қысқа, нашар жылытады, тек жарық береді. Ал жазда жер бетінен биікте орналасады, сәулелері ұзарып, жерді жақсы жылытады, сондықтан бізде жарық қана емес, жылы да болады.

  • Күнді еркелетіп қалай атауға болады? (Қызыл күн, алтын күн т.б)

  • Егер күн сөніп қалса, не болар еді деп ойлайсыңдар? (Балалар өз пікірлерін айтады)

Балалар басын көтеріп, алақандарын жоғары созып, күн сәулесіне қуана қарау ұсынылады. Олар «Армысың, алтын күн! Сенің болғаныңа мың да бір рахмет!» деп сәлемдеседі.

Аспанда күн жүреді,

Мейірленіп күледі.

Жер бетіне аямай,

Шуақтарын төгеді.


Ауладағы еңбек:

Ойын алаңын қардан тазарту.


Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

  • Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.































Серуен №8

Қыс келді- қар мен қуаныш әкелді! (бақылау-ойындар)

Мақсаты: Қыста далада уақытты көңілді өткізуге-дөңестен, конькимен, шанамен, шаңғымен сырғанауға, қар лақтырып ойнауға, қардан кескіндер жасауға болатынына балалардың назарын аудару. Балалардың қимылдау дағдыларын, шыпшаңдығын, икемділігін, зейінін дамыту, табиғатпен қауышудан қуаныш алуды тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар, сендер қысты ұнатасыңдар ма?

  • Не үшін?

  • Қыста далада қалай ойнауға болады?

Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жатқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын

Қаздарым тұр аулада. (Қыс)

  • Қардан не жасауға болады?


Ауладағы еңбек:

Құстарды азықтандыру.


«Қысқы ермектер» эстафеталық ойын

  1. «Мерген». Балалар нысанаға (себетке, шеңберге, және т.с.с қар лақтырады)

  2. «Бұғылар мен якуттар» Топ балалары «бұғы» және «якут» деп аталатын жұптарға бөлінеді. «Якут» - бала шанаға отырады, «бұғы» - бала оны мәреге дейін жеткізіп, одан соң жұптар орындарын ауыстырып, топтың барлық ойыншылары сөреге қайтып келгенше қайта жүгіреді. Тапсырманы кім тезірек орындаса, сол жеңімпаз болады.

  3. «Қар мүсін». Балалар қардан мүсін жасайды. Мүсінді тезірек жасаған топ жеңіске жетеді.

  4. Қазақ ойыны «Таяқ тастау» Ойыншылар қар жалына үшкір таяқ лақтырудан жарысады. Балалар екі топқа бөлініп, кезектесіп таяқ лақтырады. Тәрбиеші дұрыс лақтыруды белгілеп, ол үшін ойыншыға бір ұпай береді. Ойын соңында ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: мүсіндеу дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар, себет.

Серуен №9

Жалтыраған жылтыр мұз (бақылау- зерттеу)

Мақсаты: Балаларды мұзбен таныстырып, білімдерін кеңейту. Мұздың сапасымен және қасиетімен таныстыру. Мұздың суық, мөлдір, қатты болатынын айту. Тәжірибе жасау арқылы мұздың неден пайда болатынын көрсету. Жылы жерге кірсе мұздың суға айналатынын айту. Қызығушылықтарын арттыру. Мұздың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімелеу. Егер де өзендер мен басқа да су қоймаларының бетін мұз жаппаса, олардағы барлық тіршілік иелері үсіп, тоңып, өліп қалар еді.

Серуеннің барысы

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыстың қай айы?

  • Сендер қысты ұнатасыңдар ма?

  • Неліктен?

  • Мұз неден пайда болады деп ойлайсыңдар?

Жұмбақ жасыру.

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (Мұз)

  • Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге мұздың табиғатқа пайдасы жайлы әңгімелеп берейін. Балалармен бірге мұзға бақылау жасау.


Ауладағы еңбек:

Қар кескіндерін жасау.

Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»

Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.

Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)

Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)

Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)

- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)

- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттату.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар, себет.

Серуен №10

Қысқы ағаштарға (бақылау)
Мақсаты: Балалардың ағаштар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Жұмбақ
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Ағаштардың бұтағынан не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштың пайдасы бар ма?
- Ағаштан не жасайды?
- Ағаштарды орынсыз шауып тастауға бола ма?
Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.
Ұлттық ойын: «Бөрік лақтыру»

Мақсаты: Алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Мазмұны: Барлық ойынға қатысушылар бір қатарға тұрып, алға қарай кіші доптарды алма-кезек лақтырады. Бәрінен жақынға лақтырған ойыншы доптарды жинап әкеліп балаларға таратып береді.

Допты үш мәрте алысқа лақтырған ойыншы ойынның жеңімпазы болады. Ойын осылай жалғасады.

Д.о: «Ағашты ата»

Мақсаты: Ағаштарды жапырақтарын суреттеу бойынша ажырата білуге үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ағаштардың жапырағын суреттейді, балалар олардың қай ағашқа тән екенін айтулары керек.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар, себет.

Серуен №11

Аязға (бақылау)


Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарын бақылай білуге баулу. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Серуеннің барысы


Көркем сөз
Шашқандай түнде күміс,
Аспан, жер екі арасы,
Сияқты бұл көрініс,
Аяздың шекарасы.
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Аяз терезелерге не салып қояды?
- Аяз екенін қайдан білдіңдер?
- Неге аяз болғанда күміс шашқандай дейді?


Ауладағы еңбек:

Қар кескіндерін жасау.


Қ.о: «Біз сенен қорықпаймыз, ару Аяз!»

Мақсаты: Балалардың қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші «аяз» болды.

Аяз: қолдарыңды үсітемін! (балалар қол шапалақтайды)

Аяз: аяқтарыңды үсітемін: (Балалар шеңберді бойлап жүгіреді)

Аяз: мұрындарыңды үсітемін (Балалар мұрындарын уқалайды)

- Келіңдер аяздың терезеге қандай өрнек салғанын көрейік. (өрнектерді қарайды)

- Кім не көрді? (Балалар алған әсерлерін айтады, қиялдайды)

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қимылдау дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер.


Серуен №12

Мұзға (бақылау)


Мақсаты: Балаларға мұз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту.

Серуеннің барысы


Жұмбақ
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. (мұз)
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Мұз қалай пайда болады?
- Мұздың түсі қандай?
- Неге мұз отқа жанбайды?
- Ол неге суға батпайды?


Ауладағы еңбек:

Құстарды азықтандыру.

«Қысқы ермектер» эстафеталық ойын

  1. «Мерген». Балалар нысанаға (себетке, шеңберге, және т.с.с қар лақтырады)

  2. «Бұғылар мен якуттар» Топ балалары «бұғы» және «якут» деп аталатын жұптарға бөлінеді. «Якут» - бала шанаға отырады, «бұғы» - бала оны мәреге дейін жеткізіп, одан соң жұптар орындарын ауыстырып, топтың барлық ойыншылары сөреге қайтып келгенше қайта жүгіреді. Тапсырманы кім тезірек орындаса, сол жеңімпаз болады.

  3. «Қар мүсін». Балалар қардан мүсін жасайды. Мүсінді тезірек жасаған топ жеңіске жетеді.

  4. Қазақ ойыны «Таяқ тастау» Ойыншылар қар жалына үшкір таяқ лақтырудан жарысады. Балалар екі топқа бөлініп, кезектесіп таяқ лақтырады. Тәрбиеші дұрыс лақтыруды белгілеп, ол үшін ойыншыға бір ұпай береді. Ойын соңында ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер. Құстаға арналған жем.

Серуен №13

Неткен таза, қысқы ауа! (бақылау) 


Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыстың өзгешелігіне, сұлулыққа сүйсінуге тәрбиелеу. Ақыл –ойын дамыту.
Қар жауып тұр, күн шығып тұр, жылы, салқын, аяз, сияқты жаңа сөздер қатарларының мазмұнын түсіндіру.

Серуеннің барысы


Мысал сұрақтар:

- Балалар қазір жылдың қандай маусымы?
- Оны қайдан білеміз?
- Балалар, біз қандай киім киіп жүреміз?
- Бүгін күн қандай?
- Балалар, қар қалай жауып тұр?
- Қардың ақ ұлпалары жерге қалай қонып жатыр?
Жұмбақ
1.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады (қар)
2. Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)
3. Жалт –жұлт етеді
Ұстасаң еріп кетеді (қар)


Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.


Қ.о: «Торғайлар мен көлік»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:

Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындарынан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар.

Серуен №14

Жұмбақ іздер! (бақылау- зерттеу) 


Мақсаты: Қардағы іздерге бақылау жасау арқылы балалардың қызығушылықтарын ояту. Іздердің ненікі, кімдікі екенін анықтау. Өздерінің іздерін салып көрсету. Құстардың іздерін тауып көрсетулерін сұрау. Құстардың, адамдардың, көліктердің, шаналардың іздері. Қашан қалдырылғанын анықтау.

Серуеннің барысы

Балалар, біз бүгін қардағы іздерге бақылау жасайық. Зерттеу жүргізу арқылы кімнің іздері екенін анықтау. Өз іздерін салғызып көрсету. Әр нәрсенің өз ізі болады екен. Құстардың іздерін көрсету.

  • Қар үстіндегі іздер қандай болады екен? (әр түрлі екендерін айтады)

  • Мына жатқан ненің ізі? (құстардың ізі екенін айтады)

Ауладағы еңбек:

Құстарға жем беру. Жемшашарларын қардан тазарту.

Қ.о: «Құстар мен тор»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Мазмұны:

Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «құстарды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.

Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Д.о «Бұл кімнің ізі?»

Мақсаты: Іздерді ажырата білуге үйрету.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Кімнің ізі екенін анықтау.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар.






Серуен №15

Қыс-Ана жұмбақтары (жұмбақтар)

Мақсаты: Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, табиғаттың әсемдігін көре білу икемділігін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қай ай?

  • Қыстың қандай белгілерін білесіңдер?

  • Қазір қыстың қандай белгілері көрініп тұр?

  • Келіңдер қыс туралы өлеңдерді еске түсірейік

Күн қысқарып,

Күн сәулесі азайды.

Аяз келіп,

Енді қыс та басталды.

Жұмбақ жасыру:

  1. Аяғы жоқ, қолы жоқ, сурет сала біледі. (Аяз)

  2. Аң емес, бірақ ұлиды. (Жел)

  3. Ақ сәбіз қыста өседі. «Мұз сұңгісі)

  4. Далада жүреді, ат емес, еркін ұшады, құс емес. (Қарлы боран, бұрқасын)

Ауладағы еңбек:

Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.

Қ.о: «Кім бұтаға бұрын жетеді?

Мақсаты: Шапшаңдықтарын, бұталарды айыра білу икемділігін дамыту.

Мазмұны: Балалар тәрбиешінің белгі беруімен белгіленген бұтаға дейін жүгіреді. Аталған бұтаны тез әрі дұрыс таңдаған ойыншы жеңеді.

  • Балалар, қыс айларын атаңдар.

  • Қазір қыстың қай айы?

Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»

Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.

Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған таяқ.


Серуен №16

Ақ жұлдызшалар (бақылау-тәжірибе)

Мақсаты: Қар ұшқындары мен олардың қасиеттеріне бақылау жүргізу, қар ұшқындарының алуан түрлі өрнектерін көрсету. Балалардың байқағыштығын, зейінін, әуесқойлығын дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Қысқы ауада бұлыңғыр,

Қалықтайды жұлдызша.

Алақанға тоса алсам,

Жоқ болады қантша. (Қар ұшқыны)

  • Бұл не?

  • Қар ұшқынының ауада қалай қалықтайтынына қараңдар. Оны қолғаптарыңа тосып алып, лупамен көріңдер. Не көрдіңдер? (Балалардың пікірлері)

Қар ұшқынының өрнектері алуан түрлі болады, олардың ішінен өзара ұқсайтын біреуін де таба алмайсың.

  • Олар қолға қалай сезіледі? (Суық)

  • Қолғаптарыңды шешіп, қар ұшқынын алақанға тосып алыңдар.

  • Не болды? (қар еріп кетті)

  • Неліктен? (қар ұшқыны суық, қолымыз жылы)

  • Қар ұшқыны неге айналып кетті? (су тамшысына)

  • Ол неден тұрады? (судан)

  • Қараңдар, қар ұшқыны бір-бірден жер бетіне бірінің үстіне бірі түсіп жатыр, түсіп жатыр. Одан не пайда болады? (қар көрпесі, қар)

  • Күн сәулесі түскенде қар қандай болады? (жылтылдайды)

  • Одан не жасауға болады? (қар кескінін)

Тәрбиеші балаларға қар кескінін жасап ойнауды ұсынады.


Ауладағы еңбек:

Ойын алаңына алып шаққан заттарды қардан тазартып, жинау.


«Сенімді қол» ойыны

Мақсаты: Мергендікті дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қадау дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған таяқ.





































Серуен №17

Ерекше ағаштар (бақылау)

Мақсаты: Ағаштардың қысқы келбетіне (қырау басуына), олардың ертегідегі ағаштарға ұқсауына назар аудару. Балалардың байқағыштық және ойлау қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар, мынау не болды екен?

Қар да емес, бал да емес.

Ағашты жапқан күміспен. (қырау)


Терезеге қонады.

Әсем ою ояды. (қырау)

  • Қырау жылдың қай мезгілінде түседі?

  • Оны қайдан көруге болады? (үйлердің шатырынан, саябақтағы орындықтардан, ағаштар мен шөптерден және т.с.с)

  • Қырау неден тұрады? (қардан, судан, будан)

  • Қырау өрнек салған ағаштарға қараңдар.

  • Олар қандай ағаштарға ұқсайды? (ертегідегі)

  • Ағаштардың қысқы тіршілігін білесіңдер ме? (олар ұйықтайды)

Жұмбақты шешіңдер.

Ақ қалпақты жігіттер.

Ұйқыда екен.

Қалпақтары тоқылмаған,

Тігілмеген. (қар басқан ағаштар)

  • Қырау өрнектеген ағаштардың әсемдігіне қараңдар. Біз құдды ертегі елінде жүргендейміз. Келіңдер, өзіміздің ағаштарға қарайық. Балалардың назарын ағаштардың келбетіне аудару.

Ауладағы еңбек:

Қарды ағаш діңіне үю.

«Сенімді қол» ойыны

Мақсаты: Мергендікті дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қадау дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған таяқ.

Серуен №18

Кім қонаққа ұшып келмек? (бақылау)

Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен әрі қарай таныстыру. Білімдерін әрі қарай дамыту. Қыста құстар өліп қалмау үшін оларды тамақтандырып, күтіп аялауға тәрбиелеу. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету.

Серуеннің барысы

Тәрбиеші балалармен бірге құс жемдеуіштеріне бақылау жүргізеді.

  • Балалар, сендер қандай құстарды көрдіңдер?

  • Жемдеуішке қандай құстар ұшып келді?

Мынандай өлеңдермен таныстырады.

Тас төбеде күн күлді,

Қошеметтеп оларды,

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды. (Т.Молдағалиев)


Бірі қаңқ-қаңқ етеді, Бірі қарқ-қарқ етеді,

Бірі саңқ-саңқ етеді. Құстар легі қашанда,

Бірі шиқ-шиқ етеді, Үзілмейді аспанда.


  • Кімнің үйінде құстарға арналған жем салғыш бар?

  • Оған қай құстар ұшып келеді?

Осыдан кейін тәрбиеші балаларға мынандай логикалық тапсырма береді.


«Кім асханадан тамақтанады?» логикалық тапсырма.

Мен құстарды жемдеуішке кептірілген шетеннің бұтағын салып қойдым. Оған кішкентай сұр құстар ұшып келді (қыста олар қалада көп кездеседі), нанды шоқып жеді, ал шетенге тимеді. Одан соң төсі қызыл шағын мамықты құстар келді. Олар жүнін үрпитіп, біраз отырған соң шетеннің жидегін шоқи бастады. Келесі күні төсі сары құстар ұшып келді. Олар еттің майын өте ұнататын.

  • Асханадан қандай құстар тамақтанды? (торғай, шымшық, суықторғай)

  • Қыстайтын құстарды атаңдар. Олар неліктен осылай аталады?


Ауладаға еңбек:

Құстарға жемдеуіш ілу.




Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақты жаттату.

Құрал-жабдықтар: Күректер, құстарға арналған жем.



































Серуен №19

Қарға, қарға, қарғалар (бақылау)

Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен әрі қарай таныстыру. Білімдерін әрі қарай дамыту. Қыста құстар өліп қалмау үшін оларды тамақтандырып, күтіп аялауға тәрбиелеу. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету. Қарғаға бақылау жасау.

Серуеннің барысы

Тәрбиеші балалармен бірге құс жемдеуіштеріне бақылау жүргізеді.

Мынандай өлеңдермен таныстырады.

Көркем сөз
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қор болар
Бұтаға келіп қорғалар
Қысып кетсе сары аяз
Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Қарға қандай құс?
- Оның түсі қандай?
- Ол неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
- Қарға қайда өмір сүреді?
- Ертегі кейіпкерінде қандай рөл ойнайды?


Ауладаға еңбек:

Құстарға жемдеуіш ілу.


Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақты жаттату.

Құрал-жабдықтар: Күректер, құстарға арналған жемдеуіш


Серуен №20

Бұл ненің түтіні? (бақылау)

Мақсаты: Моржадан шыққан түтінге бақылау жасау. Ол ненің түтіні екенін айту. Неге біз, қыста пеш жағамыз? Түсіндіру. Түтіннің шығуы арқылы жел қайдан соғып тұрғанын анықтау. Үлкендердің еңбегіне қамқормен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

Тәрбиеші балалармен бірге үйдің төбесінен, моржадан шыққан түтінге бақылау жасайды.

Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар неге моржадан түтін шығып жатыр?
- Біз неге қыстың күні, пеш жағамыз? (Үйіміз жылы болсын деп)
- Оның түсі қандай? (қара, күйе)
- Түтіннің пайдасы бар ма? (жоқ ол денсаулыққа зиян)


Ауладағы еңбек:

Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны қардан тазарту керек.


Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»

Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.

Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.


Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Күректер.

Көктем мезгілінде өткізілетін серуендердің түрлері

Серуеннің атауы


1

Кербез, маңғаз көктем келді гүл алып (ойтолғау)


2

Көктем айлары (бақылау)


3

Нұрыңды төк, алтын күн! (этюд)


4

Табиғаттың жандануы (бақылау)


5

Жылғалардан аққан су (бақылау)


6

Халің қалай, көктемгі ағаш? (бақылау)


7

Жыл құстары (бақылау)


8

Неткен керемет, көктемгі ауа! (бақылау)


9

Ағып жатқан қандай су? ( бақылау)

10

Көктемгі еріп жатқан су ( бақылау)

11

Жаңбыр-жыңбыр, жау жаңбыр (бақылау)


12

Жел-жел, самал жел (бақылау)


13

Ауа-райы қандай болады? (ойтолғау)


14

Халің қалай, қанатты дос? (бақылау)


15

Құстың ұясы қандай болады?.(бақылау)


16

Самғап биікке ұш, ұшағым (бақылау)

17

Аспан, аспан биік аспан (бақылау)


18

Құмырсқа (бақылау)


19

Көктем гүлдері (бақылау)


20

Инелік пен қоңыздар (бақылау)


Серуен №1

Кербез, маңғаз көктем келді гүл алып (ойтолғау)

Мақсаты: Мақалдардың мағынасын табуды үйрету. Балалардың ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі келді?

  • Көктем айларын атаңдар.

  • Айналаға қараңдар. Көктем келді деп айтуға бола ма?

  • Оны қандай белгі бойынша анықтауға болады?

  • Сендерге көктем туралы мақалдар айтайын.


Мақалдар:

  1. Көктем гүлдерімен, ал күз - дайындалған шөптерімен әсем.

  2. Көктем құрттарды да тірілтеді.

Көктем жылдың тамаша мезгілі, табиғаттың жаңару мезгілі.

Қар кетіп,

Қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге диқан дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді.


Ауладағы еңбек:

Алып шығатын материалдарды жинау.

Қ.о: «Түлкі мен қояндар»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны:

Алаңда диаметрі 10м шеңбер сызылады. Бір бала – түлкі болып сайланады, қалғандары – қояндар. Қояндар шеңберге кіреді де түлкі сыртында жүреді. Қояндарға шеңберден шығуға болмайды. «Түлкі» деген нұсқаушының бұйрығына түлкі шеңберге кіріп көбірек қоян ұстауға тырысуы керек. Ұсталған қояндар саналып отырады. Түлкі бірнеше рет ауыстырылады. Көп қоян ұстаған түлкі жеңіске жетеді.





Ескерту

Сәуір, мамыр айларындағы келесі серуенде тәрбиеші балаларға көктем туралы мақалдардың мағынасын түсіндіруді үйретуді жалғастырады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Көктем белгілерін тануға үйрету.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар.


































Серуен №2

Көктем айлары (бақылау)

Мақсаты: Көктемнің әр айларымен және оның ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың ойлауын, зейінін дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Балаларда көктемнің өзіне тән қасиеттері жайында ұғымын қалыптастыру. Табиғатта болған құбылыстарға түсініктеме беру. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оның сұлулығы мен поэзиясына сүйсіну. Ауа-райының жылынғанына көңілдерін аудару. Түннің қысқарып, күннің ұзарғанын айту.

Серуеннің барысы


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі келді?

  • Көктем айларын атаңдар. (Наурыз, Сәуір, Мамыр)

Әрбір көктем айының өзіндік ерекшеліктері бар.

Мен сендерге өлең оқып берейін.

Көлдің мұзын күн тесті, Жерді жапты көк кілем,

Әппақ тонын жер шешті, Ондай кілем жоқ, білем!

Жан-жақтан күн күркіреп, Көктем келді күлімдеп,

Жаңбыр жауды сіркіреп. «Міне, саған гүлім!» -деп. (М. Әлімбай)

Қазір балалар, көктем мезгілінің Сәуір айы.


Сәуір айы –күн күшіне ене бастайды, ол қыстағы күн емес, билігін қолына алған. Шатырлардан мұз сұңгілер салбырап, олардан су тамшылап тұр. Шалшықтар пайда болуда, оларда көше торғайлары шомылуда. Бақтар мен саябақтарда шымшықтардың көңілді дауыстары сыңғырлайды.

Бізге күн шуағын ілестіре көктем келді. Наурыз айында көктем жерді қардан тазартады.


Ауладағы еңбек:

Наурыз – ағаштардың діңіне қар үю.

Сәуір – өткен жылғы жапырақтарды жинау.

Мамыр – ағаштардың айналасындағы топырақтарды күректеу.


Д.о: «Қай ай екенін тап»

Мақсаты: Берілген белгі бойынша көктем айы екенін анықтауды үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші көктем айлары туралы жұмбақтар айтады:

  1. Бұлақ жылдам ағады,

Күн тезірек жылиды.

Торғай мәз боп қуанып,

Жаңа ай бізге кеп қалды... (Наурыз)

  1. Қонжық шықты апаннан,

Жолды басты шалшық су.

Бозторғайдың үнімен,

Алдық қарсы қонақты... (Сәуір)


  1. Бақ бөленді ақ түске,

Бұлбұл әнін сайрады.

Өлкеміз жасыл реңге еніп,

Жаңа ай бізді қарсы алды... (Мамыр)


Қ.о: «Тышқан мен мысық»

Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамыту, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір бала санамақты көмегімен «мысық» болып таңдалып алынады, қалғандары-«тышқандар» болады. «Мысық» алаңның бір жағында, «тышқандар» екінші жағында отырады. Нұсқаушы: «Тышқан шықты інінен, «ірімшік тапсам болды» деп. Сарайда жоқ, үйде жоқ, мүмкін ас үйде шығар?»

(Тышқандар жүгіріп шығып бүкіл алаңда жүреді)

Нұсқаушы: «Ас үйде жерде,

Тоңазытқыш перде,

Артында бір ала аяқ бір жануар тығылып отыр.

Алды-артыңа қаш қарамай

Жеп қояды сені қоймай.»

Ескерту.

Өзге екі серуендеу сәуір мен мамырға арналған.

Әр айдың өз ерекшеліктерімен таныстыру керек.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Көктем белгілерін тани білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: Күректер, ойынға арналған атрибуттар.







Серуен №3

Нұрыңды төк, алтын күн! (этюд)

Мақсаты: Күннің ұзарғанына көңілдерін аудару. Күннің қызуының арта түскенін айту. Көктем мезгілі келіп, күн жылынып, табиғат ояна бастады. Күн ұзарып, түн қысқарды. Қыс мезгілінде біз серуенге таңертең ғана шыққан болсақ. Күн ұзарғаннан кейін далаға серуенге екі мезгіл шығатын болдық. Табиғатқа, күн көзіне қуана білуді үйрету.

Серуеннің барысы

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктемнің қай айы?

  • Бұл не?

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

  1. Бір алау бүкіл әлемді жылытады. (Күн)

  2. Қайырымды жақсы нұр,

Адамдарға қарайды.

Ал өзіне қарауды.

Ешқашан ұмытпайды. (Күн)

  1. Бүкіл мынау әлемді

Жылытады қызуы.

Еш білмейтін шаршауды

Мәңгілік керек жасауы. (Күн)

  1. Алып көгілдір орамал

Қызыл тоқаш ораған. (Күн)

  • Күнге назар аударыңдар. Ол қандай екен.

  • Оны қандай сөздермен атауға болады? (Қызыл, ашық, шырақ, ару, алтын және т.с.с)

  • Ал қазір қалай ойлайсыңдар, күн қыздыра бастады ма?

  • Сендер оны қандай белгілері бойынша анықтадыңдар? (Тамшы, қардың еруі)

  • Қазір күн неге қыздыра бастады? (Көктем келді)

  • Бізге күннің керегі не?

  • Ол тағы кімге керек? Неліктен?

  • Егер күн жоқ болса, не болар еді?

«Алтын күн» этюді

Келіңдер, көктемгі күнге қуанайық. Ол бізді және айналамыздағы бүкіл тіршілікті қашан да жылытатын болсын. Балалар басын көтеріп, алақандарын жоғары, күнге қарай созу арқылы: «Біз саған қуаныштымыз, алтын күн! Біз саған қуаныштымыз , ару көктем! Жарқырай бер, алтын күн, айналаңды қыздыра бер! Біз сені сүйеміз!» деп күнді құттықтайды.


Ауладағы еңбек

Наурыз- жолды қардан тазарту.

Сәуір және мамыр –жолды сыпыру.


Қ.о: «Алтын күн»

Мақсаты: Жүгіру дағдысын дамыту.

Мазмұны: «Күн бала» таңдалады, қалған балалар шеңберге тұрып, ән айтады:

Жарқырай түс, Жылы болар қысымыз,

Алтын күн, Көктем болар сүйкімді.

Ыстық болар жазымыз,

Балалар ән айтқан соң «Күнге» жақындайды. Күн «Ыстық» деп дауыстайды да, балаларды қуалайды. Ойнаушыны қуып жеткен «Күн бала» оған қолын тигізеді.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жүгіру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған атрибуттар.



















Серуен №4

Табиғаттың жандануы (бақылау)

Мақсаты: Табиғатта көктемде болатын өзгерістерге (су тамшысы, қар еруі, ағаштардың бүршік жаруы және т.с.с) балалардың назарын аудару. Балалардың байқағыштығын, зейінін дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі келді?

Көктем – табиғаттың ұйқыдан оянатын мезгілі. Айналаға қараңдар, нені байқайсыңдар, табиғаттың ояну белгілерін көресіңдер ме? (Балалар пікірлерін айтады)

Көктем

Қары еріп даланың, Гүлге толып төскейлер, Жыл құстары келді деп,

Арықтардан су ақты. Сылқ-сылқ күлді бал бұлақ. Балдырғандар мәз болды

Ақ жүзіндей ананың, Асыр салды жас төлдер,- Қос қанаты желпілдеп,

Күндер келді шуақты. Бұзау, бота, қозы, лақ. Көлге үйрек, қаз қонды.

(Ш.Әлдибеков)

Тәрбиеші осыдан кейін балалармен бірге табиғаттағы өзгерістерді байқайды. Балалар ағаштардың бүршігіне қарап, тірі табиғат нысандарындағы өзгерістерді анықтайды.

  • Құстарға, олардың қимылдарына назар аударады.

  • Сендер көктемнің келгеніне қуандыңдар ма? Неліктен?


Ауладағы еңбек: Ауланы сыпыру.


Қ.о: «Жүйріктер жеңеді»

Мақсаты: Шапшаңдық белсенділігін дамыту.

Мазмұны: Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Бір жаққа ойыншыларға түгелдей жетерлік мөлшерде екі түрлі таяқшалар тасталады. Ойынды жүргізуші ретінде басқарушы тағайындалады. Ол төрешілік міндетті қоса атқарады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатынасушылар белгіленген көмбеге қарай тұра жүгіреді. Жеткен ойыншы өз командасының түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды. Қай түсті топтың ойыншылары өз командасының бояуына сәйкес таяқты белгілеген мерзімге көбірек алып келсе, сол топ жеңеді.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақ жаттату арқылы тілдерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған атрибуттар.

Серуен №5

Жылғалардан аққан су (бақылау)

Мақсаты: Көктем мезгілі келіп, күн жылынып, қарлардың еріп, суға айналғандарына көңілдерін аудару. Күнге қолдарын созып, күннің жылулығын сезіну. Судың ағысына бақылау жасау.

Серуеннің барысы

Ақ қар еріп, Су көбейіп, Сай салада ағады. Мал маңырап, Төл жамырап, Жайлау малға толады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

  • Балалар көктем мезгілі екенін айтады.

  • Балалар айтыңдаршы неге жылғалардан су ағып жатыр? (Күн жылынды)

  • Күн сәулесі қандай? (Күн ұзарып, ыси бастады)


Ауладағы еңбек:

Ойын алаңын сыпыру.


Қ.о: «Моншақ»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.

Мазмұны: Балалар, моншақ шашылғанда жан – жаққа

шашылып кетеді ғой, сол сияқты бізде белгі бойынша жан – жаққа жүгіреміз, ал «тізбектеліп қаламыз» дегенде дөңгелек жасап тұра қаламыз.

Ойын бірнеше рет қайталанады.


Ұ.о: «Көк қозы»

Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын арттыру, тілін дамыту, әр баланың көңіл – күйін көтеріп алып, белсенділігін арттыру.

Мазмұны: Санамақ арқылы ойыншыны «көк қозыны» таңдап алады. Балалар шеңбер бойымен айналып жүріп. Көк қозы қошақан Сен бізді сүзбеші. Ақ құйрық момақан. Сен бізге тимеші. Біз сені суардық Бізбен бірге ойнай ғой, Тойғызып қуандық. Ал бізді аулай ғой. Өлең сөзі біткенде «көк қозы» балаларды қуып ұстап алады. Ұсталған бала көк қозы болады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Ойынға деген белсенділігін арттыру.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған атрибуттар.


































Серуен №6

Халің қалай, көктемгі ағаш? (бақылау)


Мақсаты: Көктем мезгілінде балаларды табиғаттағы ағаштармен таныстыруды жалғастыру. Бүршік ағаштың дамуындағы негізгі кезеңнің бірі екені бойынша білімдерін жалғастыру. Балаларды экологиялық мәдениеттілік пен сауаттылыққа үйрету.


Серуеннің барысы

Жұмбақ
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)


Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Ағаштардың бұтағынан не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштың пайдасы бар ма?
- Ағаштан не жасайды?
- Ағаштарды орынсыз шауып тастауға бола ма?

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып.

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады.


Ауладағы еңбек:

Ауыруға ұшыраған ағаштарды емдеу.


Қ.о: «Епті бол!»

Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады да, допты қағып алуға тиісті ойыншының есімін атап, допты лақтырады. Допты түсіріп алған бала шеңберге тұрып, балалардың тапсырмасы бойынша доппен 2-3 жаттығу жасайды. Ойын осылай қайталана береді.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Лақтыру дағдысын дамыту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған атрибуттар.
































Серуен №7

Жыл құстары (бақылау)

Мақсаты: Жыл құстары және олардың көктемгі тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Күн жылынып, құстардың жылы жақтан ұшып келгендеріне көңілдерін аудару. Ұя және оның түрлері мен орналасулары туралы білім беру. Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Тәрбиеші балалармен бірге құс жемдеуіштеріне бақылау жүргізеді.

  • Балалар, сендер қандай құстарды көрдіңдер?

  • Жемдеуішке қандай құстар ұшып келді?

Мынандай өлеңдермен таныстырады.

Тас төбеде күн күлді,

Қошеметтеп оларды,

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды. (Т.Молдағалиев)


Балалар, күн жылынып құстар жылы жақтан ұшып келіп жатыр. Мен сендерге өлең оқып берейін.

Құстар біздің досымыз, Бау-бақшаны қорғайды. Ұя жасап қарсы алсақ. Олар бізді қолдайды.

  • Құстардың қандай пайдасы бар? (олар бау-бақшаны құрт-құмырсқадан қорғайды)

Құстар туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?

  1. Құсқа тас лақтырма.

  2. Құс ұясын бұзба.

Дұрыс айтасыңдар, құстар біздің досымыз. Оларды аялап, қорғауымыз керек.


Ауладағы еңбек: Құстарға ұя жасау.


Қ.о: «Торғай мен көлік»

Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, жолда абайлап жүруге тәрбиелеу.

Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жыл құстарын танып, атай білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: Ұя жасауға арналған құралдар, ойынға арналған атрибуттар, сыпырғыш.

































Серуен № 8


Неткен керемет, көктемгі ауа! (бақылау)

Мақсаты: Ауаның қасиеттерімен таныстыру. Ауаны ластайтын қарапайым заттар туралы түсінік беру. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


  • Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі)

Дұрыс айтасыңдар, қанеки барлығымыз терең дем алайықшы.

  • Балалар, біз неменемен дем аламыз? (ауамен)

Дұрыс айтасыңдар, ауамен дем алады екенбіз. Қане мұрнымызды жауып көрейікші. Бізге ауа жетіспей қалады екен. Таза ауамен дем алу, денсаулыққа пайдалы. Таза ауаны сақтау үшін ауаны ластамау керек. Кәмпит қағаздарын тастағанның өзі, ауаны ластауға жатады. Сондықтан ауаны ластамай таза ұстауға тырысыңдар.


Ауладағы еңбек: Құстарға жем шашу. Ауланы қоқыстардан жинау.


Қ.о: «Ұшқыштар»

Мақсаты: Қимыл қозғалыстар арқылы балалардың денелерін шынықтыру, сапқа дұрыс тұра білуге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балалар алаңның әр жерінде, 3-4 жалаушалармен белгіленген сапта тұрады. Ойнаушылар ұшқыштар болып дайындалып тұрады.Тәрбиеші «ұшуға әзір» дегенде балалар қимыл қозғалысқа келеді. «Ұшыңдар» деген кезде жан-жаққа ұша жөнеледі. Тәрбиеші «қоныңдар» деген белгі берген кезде олар өз саптарына тұра қалулары тиіс. Ойын 2-3 рет жалғасады.


Қ.о: «Аю мен аралар»

Мақсаты: Қимыл қозғалыстар арқылы балалардың денелерін шынықтыру.

Мазмұны:

Аралар гүлдерден бал жинайды, олар отырып тұрып қимылдар жасайды.Бал жинап болған аралар омарталарына оралады.Осы кезде бал жегісі келген аю омартаға барып бал алмақшы болады.Оны біліп қойған аралар аюды қуа жөнеледі.Аю қашып құтылуы қажет. Балалар аралар сияқты «з-з-з-з-з-з» деген дыбыстар шығарып жүрулері керек.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жыл құстарын танып, атай білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: Құстарға арналған жем, ойынға арналған атрибуттар, сыпырғыш.




































Серуен №9


Ағып жатқан қандай су? ( бақылау)
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Көркем сөз
Алақай –ау, алақай
Көктем келді балақай
Құстар келіп ән салып
Жылғалардан су ақты
Мысал сұрақтар
-Балалар қазір қай жыл мезгілі?
-Көктемде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Қар еріп неге айналды?
-Жылғалардан нелер ағып жатыр?


Ауладағы еңбек:

Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны тазарту керек.


Қ.о: «Кім бұтаға бұрын жетеді?

Мақсаты: Шапшаңдықтарын, бұталарды айыра білу икемділігін дамыту.

Мазмұны: Балалар тәрбиешінің белгі беруімен белгіленген бұтаға дейін жүгіреді. Аталған бұтаны тез әрі дұрыс таңдаған ойыншы жеңеді.

  • Балалар, қыс айларын атаңдар.

  • Қазір қыстың қай айы?

Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»

Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.

Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Судың қасиеттерімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Шелек, сыпырғыш.

Серуен №10


Ағып жатқан қандай су? ( бақылау)
Мақсаты: Балалардың қар туралы білімдерін тиянақтау. Қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін ояту.

Серуеннің барысы


Көркем сөз
Аппақ-аппақ қарымыз,
Кірлене олар бастады.
Күндіз-түні ол еріп
Жоғала олар бастады.


Мысал сұрақтар
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Неге көктемде қар ери бастайды?
-Қазір жерде жатқан қардың түсі қандай?


Ауладағы еңбек: Ойын алаңын жинастыру.


Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

  • Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Судың қасиеттерімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Шелек, сыпырғыш.
































Серуен №11

Жаңбыр-жаңбыр, жау жаңбыр( бақылау)
Мақсаты: Балалардың жаңбыр туралы білімдерін бекіту, сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Көркем сөз
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Жер көгерсін, көк өссін
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Далада не жауып тұр?
- Жаңбырдың қандай пайдасы бар?
- Егер жаңбыр жаумаса не болады?
- Жаңбыр қайдан жауады?

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.


Қ.о: «Құстар мен тор»
Мақсаты: Балалардың денелерін шынықтыру, бұлшық еттерін дамыту. Атрибуттарды кию арқылы ойынға қызығушылықтарын арттыру. Мазмұны: Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «торғайды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер. Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жаңбырдың қайдан пайда болатынын түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш.

Серуен №12

Жел-жел, самал жел( бақылау-зерттеу)
Мақсаты: Балалардың жел туралы білімдерін бекіту, табиғат құбылыстарын бақылай білуге үйрету, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.

Серуеннің барысы

Көркем сөз
Желдет, желдет.
Жетіқара дауылдат,
Өрісін құлат,
Баласын жылат,
Тай терісін қалтырат.
Науа-астауын жалтырат.
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Жел бар ма?
- Жел қай жақтан соғып тұр?
- Жылы жел ме, әлде салқын жел ме?
- Желдің пайдасы бар ма?

Ауладаға еңбек:

Құстарға жемдеуіш ілу.
Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады. «Сенімді қол» ойыны Мақсаты: Мергендікті дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Тақпақ жаттату.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш.

Серуен №13


Ауа-рай қандай болады?( бақылау-ойтолғау)
Мақсаты: Жылдың осы мезгіліне тән айырым белгілерін салыстыру, талдау, табу икемділігін дамыту. Ауа райына бақылау жүргізу, ауа райының жылдың әр мезгіліндегі өзгерістері туралы білімдерін пысықтау.


Серуеннің барысы

Тәрбиеші ауа райына балалардың назарын аударады.

  • Бүгінгі ауа райы қандай? (Ашық, күн шуақты, су тамшылары тамуда)

  • Жылдың көктем мезгілінде ауа райы қандай болады? Ойланып, еске түсірейік. (Балалардың жауаптары: ашық, күн қыздырады, кейде жаңбыр жауады және т.с.с)

  • Күзде ауа райы қандай болатыныны еске түсірейік. Қыста ше? Жазда ше? Балалар тәрбиешімен бірге жылдың әртүрлі мезгіліндегі ауа райының айырым белгілерін естеріне түсіріп, атап береді.

Күз: жаңбыр жиі жауады, ашық және бұлыңғыр ауа райы болады, күн суытып қысқарады, түн ұзарады т.с.с.

Қыс: аяз, суық, бұлыңғыр ауа райы жиілейді, қар жауады, суық жел соғады, күн қысқарып, түн ұзарады т.с.с.

Жаз: ашық, жылы, жылы жаңбыр жауады, күн ұзарып, түн қысқарады.

  • Қазір бізде көктем мезгілі, демек, ауа райы көбіне ашық болады. «Ауа райы ашық» деген не? (күн шығып тұрады, аспанда бұлт жоқ) Қане, ашық күнге қуанайық.


«Ашық күн» этюді

Балалар қолын күнге қарай созып, «Біз саған қуаныштымыз, ерке күн. Біз саған қуаныштымыз, ашық күн. Біз саған қуаныштымыз, көктем»- дейді.


Ауладағы еңбек: Ауланы жинастыру.


Ұ.о: «Лақ ұстау»

Мақсаты: Жүгіру дағдысын дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін таңдалған аумаққа «лақ» -бала жіберіледі. Оны ұстап алу керек. Лақты бірінші болып ұстаған ойыншы оны жетекші белгілеген орынға жеткізу тиіс.



Қ.о: «Аңшы»

Мақсаты: Допты лақтыру мен дәлдеуге жаттықтыру.

Мазмұны: Бір баланы «аңшы» ретінде, қалғандарының бәрін –«жабайы құстар» ретінде таңдайды. «Аңшы» доп ойнайды, қалғандары бұл уақытта алңда жүреді. Ол 3-4 жаттығудан кейін «Жабайы құстар» деп дауыстайды. Барлық ойыншы тоқтап, ол өз орнынан балалардың біреуіне таңба салады. Таңбаланған ойыншы аңшының көмекшісі болады. 3-5 көмекші пайда болғанша ойын жалғаса береді.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жүгіру дағдысын дамыту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш.




























Серуен №14

Халің қалай, қанатты дос?( бақылау)


Мақсаты: Жыл құстары туралы білімдерін пысықтау. Балаларға құстар туралы білімдерін бекіту. Құстардың дене пішіндерін айта білуге үйрету. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқор бола білуге баулу.

Серуеннің барысы

Көркем сөз
Құстар бейне жастардай
Тұра алмайды ән салмай.
Боз ала таңда боз торғай
Қоя алмайды қарсы алмай.
Мысал сұрақтар:
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Құстарды біз қандай досымыз дейміз?
- Неге күзде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
- Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
- Құстардың адамға пайдасы бар ма?
- Егер құстар болмаса не болады?
- Құстар қалай жуынады?

Жыл құстары туралы жұмбақ:

  1. Бұлдыр-бұлдыр балшықты, 2. Ұзақ тектес құс,

Жинады да талшықты. Шіркей жеп.

Ұқсатып қамытқа Ауыл маңынан,

Үй салды жабыққа. (Қарлығаш) Ұзап кетпес құс. (Қараторғай)

  1. Тықылдатып мазаны ап, 3. Қалқып тұрып аспанда,

Ағаштарды тазалап, Үн шығарып сән қилы.

Ормандарды емдейді, Өнеріне басқанда,

Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ) Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)

Ауладағы еңбек: Ауланы жинастыру.

Ұ.о: «Лақ ұстау»

Мақсаты: Жүгіру дағдысын дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін таңдалған аумаққа «лақ» -бала жіберіледі. Оны ұстап алу керек. Лақты бірінші болып ұстаған ойыншы оны жетекші белгілеген орынға жеткізу тиіс.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақ шешкізу.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш.

Серуен №15

Құстың ұясы қандай болады?( бақылау)


Мақсаты: Балаларға құстың ұясы туралы мағлұмат беру. Ұяны құстар неден және қалай жасайтыны туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Көркем сөз
Торғай, торғай тоқтаған
Торғайды торғай мақтаған
Бір торғай ұшса боранда
Бәрі жабылып жоқтаған
Жұмбақ
Тал басында түндіксіз отау (ұя)
Мысал сұрақтар
-Балалар біз ағаштың басынан не көріп тұрмыз?
-Құстар ұяны не үшін жасайды?
-Қай құс ұясын балшықтан жасайды?
-Құстың ұясын бұзуға бола ма?
-Қандай құс ұя салмайды?
-Біз құстарға ұя жасауымыз керек пе?

Ауладағы еңбек: Құстарға жем шашу.


Қ.о: «Торғай мен көлік»
Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, жолда абайлап жүруге тәрбиелеу. Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Құстардың пайдасы жайлы айту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, құстарға арналған жем.




Серуен №16

Самғап биікке ұш, ұшағым (бақылау)


Мақсаты: Балалардың ұшақ туралы білімдерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой -өрісін дамыту.


Серуеннің барысы

Жұмбақ
Аспанда ұшар қалықтап
Құс қанаты секілді (ұшақ)
Мысал сұрақтар
-Аспанда не ұшады?
-Ұшақты неменеге ұқсатады?
-Балалар сендер қандай ұшақ түрлерін білесіңдер?
-Ұшақ не үшін керек?
-Ұшақ күнделікті көлік жүретін жолмен жүре ала ма?
-Ұшақты кімдер жүргізеді?

Ауладағы еңбек: Ауланы жинастыру.

Қ.о: «Ұшқыштар»

Мақсаты: Қимыл қозғалыстар арқылы балалардың денелерін шынықтыру, сапқа дұрыс тұра білуге тәрбиелеу. Мазмұны:Балалар алаңның әр жерінде, 3-4 жалаушалармен белгіленген сапта тұрады. Ойнаушылар ұшқыштар болып дайындалып тұрады.Тәрбиеші «ұшуға әзір» дегенде балалар қимыл қозғалысқа келеді. «Ұшыңдар» деген кезде жан-жаққа ұша жөнеледі. Тәрбиеші «қоныңдар» деген белгі берген кезде олар өз саптарына тұра қалулары тиіс. Ойын 2-3 рет жалғасады. Қ.о: «Секірмектері бар дақшалар» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту.Топтасып ойнай білуге тәрбиелеу. Мазмұны: Екі ойыншы таңдалып алынады. Нұсқаушы оларға секірмек береді, олар оның бір ұшын ұстап алаңдағы балаларға тигізіп «дақтандыруға» тырысады. Кімге секірмектің ұшы тиеді сол ойыннан шығады. Бәрін ұстап болғаннан кейін екі «дақшалар» бір уақытта екі баланы бірдей ұстап алуы қажет. Олар ойынды әрі қарай жалғастырады. Кімде кім бір рет ұсталмаса сол жеңімпаз саналады. Ойын екі рет қайталанады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қос аяқпен секіру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған атрибуттар.

Серуен №17

Аспан, аспан биік аспан (бақылау)


Мақсаты: Балалардың аспан туралы түсініктерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту.


Серуеннің барысы


Көркем сөз
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шамалап
Мен ғарышкер боламын


Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін аспан қандай?
- Аспанда бұлт болса не болады?
- Аспанда қандай көлік түрлері ұшады?


Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.


Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

  • Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Қос аяқпен секіру дағдысын меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, ойынға арналған атрибуттар.


































Серуен №18

Құмырсқа (бақылау)
Мақсаты: Балалардың құмырсқа туралы білімдерін кеңейту.Сұрақ қоя отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Құмырсқа ерекше жәндік екенін балаларға айту.


Серуеннің барысы

Балалар-ау, балалар!

Алаңқайға шығайық.

Көктем тілін ұғайық.

Құрт-құмырсқа, көбелек,

Ұшып жүрген бөгелек.

Жұмбақ
Алға, артқа қарай жүреді
Еңбек сүйгіш
Оны бәрі біледі (құмырсқа)


Мысал сұрақтар

  • Балалар, көктемде жануарлардан басқа тағы нелер қысқы ұйқыдан оянады?

  • Сендер қандай жәндіктерді білесіңдер?

Жәндіктер - керемет тірі ағзалар. Олар көктемде қысқы ұйқыдан оянады. Қоңыз, құрт, құмырсқа, көбелектер күн көзіне қыздырынуға шығады.
- Балалар жылдың қазір қай мезгілі?
- Біз нені көріп тұрмыз?
- Ол неге жүгіріп жүр?
- Құмырсқаның үйін не дейді?
- Ол илеуіне не тасып жүр?
- Ол не үшін керек?
- Құмырсқа қыста бола ма?
- Құмырсқаның илеуін бұзуға бола ма?

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қоқыстан жинау


Қ.о: «Аю мен бал» Мақсаты: Балаларды ептілікке баулу,бұлшық еттерін дамыту.

Мазмұны: Нұсқаушы санамақтың көмегімен жүргізушіні – аюды таңдап алады. Оның беліне 1,5 – 2 м жіп байлап бір ұшын орындыққа байлайды. Қасына «бал» деген жазуы бар бөшке қояды. Басқа ойыншылар бөшкені ұрлап алуға тырысады. Кімге аюдың қолы тисе ұсталған болып есептеледі. Сол бала аю болады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жәндіктерді танып білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш.


































Серуен №19

Көктем гүлдері (бақылау)


Мақсаты: Бақбақ өсімдігінің маусымды дамуы туралы түсінік беру. Көркем сөздерді қолдана отырып, табиғат сұлулығын бағалай алуды үйрету. Табиғатта көптеген өсімдіктер тұқымнан пайда болатынын түсіндіру. Тұқым гүлден пайда болады. Гүлдерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Аясында гүлдің, Қызыл, көкшіл, сары

Ойнап бүгін жүрміз. Әп-әдемі бәрі.

Көктемде табиғат жанданады. Көптеген гүлдер шешек атады, ашылады.

  • Сендер қандай көктемгі гүлдерді білесіңдер? (ұйқышөп, өгейшөп, бақбақ, бәйшешек)

Көркем сөз.

Көктемде өсіп қаулаған, Жайқалған көк шалғында,

Парашюттен аумаған. Абайламай қалдың ба?

Тозғанақтың өрісі, Бағдаршамдай жанады.

Басталады ауладан. Сары гүлі алдында.

Бақбақ- өте қызық өсімдік. Көктемде ұйқысынан оянысымен, ол айналасына мұқият қарап алып, өзіне сап-сары сәулесін шашып тұрған күнді көреді. Сарғайған бақбақтың аспан шырағын ұнатқаны сондай, өзінің сүйсінген көзқарасын одан бұра алмады. Шығыстан күн шықса-бақбақ соған тесіле қарайды, күн дәл төбеге көтерілсе – басын жоғары көтереді, күн батарда- бұл да төмен қарайды. Ол бүкіл шашы ағарғанша бүкіл өмір бойы осы қалпынан танбады.

Ауладағы еңбек: Ауланы жинастыру.


Қ.о: «Секірмектері бар дақшалар» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту.Топтасып ойнай білуге тәрбиелеу. Мазмұны: Екі ойыншы таңдалып алынады. Нұсқаушы оларға секірмек береді, олар оның бір ұшын ұстап алаңдағы балаларға тигізіп «дақтандыруға» тырысады. Кімге секірмектің ұшы тиеді сол ойыннан шығады. Бәрін ұстап болғаннан кейін екі «дақшалар» бір уақытта екі баланы бірдей ұстап алуы қажет. Олар ойынды әрі қарай жалғастырады. Кімде кім бір рет ұсталмаса сол жеңімпаз саналады. Ойын екі рет қайталанады.

Дербес ойын: Жеке жұмыс: Гүлдің түсімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, шелек.





































Серуен №20

Инелік пен қоңыздар (бақылау)


Мақсаты: Балалардың инелік, қоңыздар туралы білімдерін бекіту. Жәндіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.



Серуеннің барысы


Жұмбақ
Өзі төрт қанатты
Және алты аяқты.
Сонда да тік ұшақ
Моделі секілді. (инелік)


Мысал сұрақтар
- Балалар инелік қандай жәндік?
- Оның неше қанаты, неше аяғы бар?
- Инелік неге ұқсайды?
- Инелік қайда өмір сүреді?


Жұмбақ
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады,
Мұны ойлап көріңіз
Шешімін кім табады? (Қоңыз)


Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қоңыз қандай жәндік?
- Олар не үшін жер қазады?
- Ұшқанда қандай өлең айтады?


Ауладағы еңбек:

Ойын алаңын сыпыру.


Қ.о: «Инелік»

Мақсаты: Қимылдау дағдыларын дамыту.

Мазмұны: Балалар қолдарын бүйіріне қойып, жүресінен отырады да, бірін-бірі тұс-тұсынан басып озып, ойын үшін белгіленген қарама-қарсы орынға дейін секектеп жетуге тырысады.

Осындай жылжу әдісімен белгіленген орынға бірінші болып жеткен бала жеңімпаз болып есептеледі, ал жол бойында сүрініп кетен баланы, ойнаушылар қатарынан шығарады. Мұндай оңай ойын балалрға көп қуаныш әкеледі және олардың дене күшін дамытады.


Дербес ойын: Жеке жұмыс: Жұмбақтарды шеше білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар: Сыпырғыш, шелек.





























Жаз мезгілінде өткізілетін серуендердің түрлері

Серуеннің атауы


1

Армысың, ару жаз! (бақылау)

2

Жазғы ауа райы (жұмбақтар)

3

Жаз айында қонақта (бақылау-ойтолғау)

4

Жаздың белгілері (есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру)

5

Халің қалай, жазғы ағаш? (бақылау)

6

Бұлттарға (бақылау)

7

Жел, жел самал жел (бақылау- зерттеу)

8

Гүлзардағы гүлдер (бақылау)

9

Бұл қандай жәндіктер? (бақылау -зерттеу)

10

Үлкендердің еңбегін, бағалаймыз біз. (бақылау)

11

Жарқырап, жайнай бер, алтын күн! (бақылау)

12

Неткен әсем, жазғы табиғат! (бақылау)

13

Қызыл, жасыл, ақ гүлдер (бақылау-зерттеу)

14

Көбелек ау, көбелек (бақылау)

15

Ара мен инелік (бақылау)

16

Шыбын мен қоңыз «бақылау)

17

Мысыққа (бақылау)

18

Итке (бақылау)

19

Өрмекшіге (бақылау)

20

Сылдырлайды, мөлдір су (бақылау –зерттеу-тәжірибе жасау)

21

Торғай, торғай тоқылдақ (бақылау)

22

Біздің бақша( тәжірибелік бақылау)

23

Көңілді музыканттар (бақылау)

24

Бақша ауласындағы дәрі-дәрмектер (бақылау)

25

Сиқырлы құм (бақылау-тәжірибе)

26


27


28


29


30









Серуен №1

Армысың, ару жаз! (бақылау)


Мақсаты: Балалардың жаз және оның белгілері туралы түсініктерін тереңдету. Балалардың жаз ырымдары жайлы білімдерін бекіту. Ауа-райы мен табиғаттағы өзгерістерді аңғара білуге үйрету. Көктемгі ауа-райы мен жазғы ауа-райын салыстыра алуға үйрету.

Серуеннің барысы

Жұмбақ:

Күн күйдіріп,

Жөке гүлдейді.

Қарабидай піседі,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Оның жаз екенін қандай белгілерінен көруге болады? (Балалар жауап береді)

Көркем сөз.

Күн ысып,

Су жылынып,

Егін басын тұр иіп.

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түрініп.

Жаз дегеніміз – бұл жылу мен жарық, қаулап өскен көк шөппен гүлдер, бұл жылы су мен толып жатқан ермектер. Бар табиғатқа жан бітетін мезгіл. Аспанда құстар «ән» салады, орманда алуан түрлі жәндіктер ұшады. Айнала түгел жап-жасыл, алуан түрлі, хош иісті гүлдер. Бүкіл табиғат шаттанады...

  • Қане, табиғаттың қандай түрлері болатынын есімізге түсірейік. (Өлі және тірі табиғат)

  • Өлі табиғатқа нелер жатады? (Балалар жауап береді)

Қ.о: «Аю мен бал» Мақсаты: Балаларды ептілікке баулу,бұлшық еттерін дамыту.

Мазмұны: Нұсқаушы санамақтың көмегімен жүргізушіні – аюды таңдап алады. Оның беліне 1,5 – 2 м жіп байлап бір ұшын орындыққа байлайды. Қасына «бал» деген жазуы бар бөшке қояды. Басқа ойыншылар бөшкені ұрлап алуға тырысады. Кімге аюдың қолы тисе ұсталған болып есептеледі. Сол бала аю болады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.


Серуен №2

Жазғы ауа райы (жұмбақтар)


Мақсаты: Табиғаттағы ауа райы құбылыстарын бағалап, түсінуді, берілген жұмбақтар бойынша табиғат құбылыстарын табуды үйрету. Байқағыштықты, зейінді, ойлауды, тілдерін дамыту. Табиғатты сүюге үйрету.

Серуеннің барысы

Жұмбақ:

Күн күйдіріп,

Жөке гүлдейді.

Қарабидай піседі,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Оның жаз екенін қандай белгілерінен көруге болады? (Балалар жауап береді)

  • Бүгінгі ауа райы қандай?

  • Ол сендерге ұнай ма? Неліктен?

  • Жазда қандай ауа райы орнығады?

Көркем сөз.

Күн күлді, жылынды,

Таулар жуынды,

Ағаштар түледі,

Көкте күн күледі.

Барлық жан егісте,

Барлық мал егісте,

Жер кепті, алақай,

Ал, кеттік, алақай!

Гүл әйбат, керемет,

Қуайық көбелек. (Ж.Смақов)

Жазда шуақты жылы күндер көп болады, ал егер бұлыңғыр болса, жазғы жылы жаңбыр жауады, егер жел соқса, ол да жылы жел болады.

Д.о: «Ауа райының құбылысын тап»

Мақсаты: Берілген жұмбақтар бойынша ауа райының құбылыстарын табуға үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға мынандай жұмбақтар айтады:




Ол келсе орман шулайды, Жөңкиді бұлттар дүркіреп,

Толқын, теңіз тулайды. Жауады жауын күркіреп.

Өзі ғана қуады, Аспанның жүзі жарқ етті,

Ешкім оны қумайды. (Жел) Ақ найза жерге сарт етті. (Найзағай)


Жүрісі бар, түрі жоқ, Аспаннан көрдім иінді,

Үні бар да, тілі жоқ. Алуан сәуле жиылды.

Ұстатпайтын қашаған, Жарығы жерге құйылды

Жермен бірге жасаған. (Жер) Көрген адам сүйінді. (Кемпірқосақ)


Көрінбей жүреді, Аспаннан домалап

Қасқыр боп ұлиды. Көп моншақ төгілді

Ит болып үреді, Бусанып жон, алап

Теңізді шайқайды. Терледі, керілді. (Жаңбыр)

Егісті жайпайды. (Дауыл)


Қ.о: «Бақалар»

Мақсаты: Ойын бейнелеріне сәйкес әрекет ете білу.

Мазмұны: Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынандай өлең айтады:

Балалар басын қалтаңдап,

Шоршиды жолда талтаңдап.

Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ

Жүгіреді талтаңдап.

Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға-сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.

Ойын қайталанған кезде, балалар рөльдерімен алмасады.

Ауладағы еңбек:

Гүлзардағы гүлдерге су құю.





Серуен №3

Жаз айында қонақта (бақылау-ойтолғау)


Мақсаты: Жазғы маусым айына тән белгілермен таныстыру. Байқағыштықты, ойлауды, тілді дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Оның жаз екенін қандай белгілерінен көруге болады? (Балалар жауап береді)

  • Жазда неше ай бар?

  • Жаздың қай айы?

Маусымда күн биікте тұрады, ал уақыт таңертеңнен кешке дейін ұзақ болады. Бұл ең ұзақ күн мен ең қысқа түн болатын мезгіл. Маусым- бойшаң өсімдіктер қаулап өсетін кез: шалғындар, орман шеті, өзен жағасы ала-құла өсімдіктермен көз тартады. 22- маусым –жылдағы ең жарық айдың ең жарық күні. 25- маусым – күннің ұзарып тоқырауы. Күн қысқа қарай, жаз –ыстыққа қарай жол тартады.

  • Айналаға қарап, маусым айының белгілерін атаңдар.

Ұ.о: «Қара сиыр»

Мақсаты: Ойын ережесін айқын орындауды үйрету, икемділікті дамыту.

Мазмұны: Балалар тығыз шеңберде көздерін жұмып тұрады. Тәрбиешінің нұсқауымен ойнаушылардың біреуі шеңберден шығып, өзінің қасына затты қойған күйінде жасырынуы тиіс. Ойнаушылардың міндеті –тығылған затты табу. Затты тапқанда, ол туралы дауыстап айтылады, барлық ойыншылар заттың айналасына жиналады. Заттың иесі оны қорғайды, ал қалғандары оны айламен алуға тырысады. Мұны істей алған ойыншы жүргізуші болады.

Қ.о: «Лақтыр –тосып ал»

Мақсаты: Допты лақтыру және қағып алу ға, допты дұрыс лақтыру және өзіне қыспай қағып ала білуге жаттығу.

Мазмұны: Ойын үшін оған қатысатындардың санына қарай доптар әзірлеп қоюға керек.

30 бала болса, 15 доп қажет. Балалар екі қатарға бір-біріне қарап тұрады. Бір бала допты лақтырса, екінші бала қағып алуы тиіс. Осылайша ойын жалғасады.

Ауладағы еңбек:

Алып шығатын материалдарды құмнан тазарту.


Серуен №4

Жаздың белгілері (есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру)

Мақсаты: Жаздың белгілерімен таныстыру, олардың мағынасын түсіндіруге үйрету. Ойлауды, тілді, ой-өрісті дамыту. Табиғат әсемін зерттеп білуге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

Табиғаттағы белгілі бір оқиғадан кейін ауа райының жағдайында өзгерістер болатынын адамдар ертеден –ақ байқаған. Осыдан келіп, адамдар ауа райын, маусымдық өзгерістерді болжайтын белгілер ойлап тапқан. Мысалы, қыстың белгілері: «Түнде қырау түссе –күндіз қар жаумайды», «шымшықтар таң ата шиқылдап шуласа –аязды күту» Жылдың әр мезгіліне қатысты белгілер өте көп. Біз бүгін солардың кейбіреуімен танысамыз.

  1. Өрмекші өрмегін тездетіп тоқыса- құрғақ ауа райын күт.

  2. Бақалар бақылдаса – ауа райы бұзылады.

  3. Жаңбырлы жаз- қыс қарлы, аязды болады.

  4. Кешке шегірткелер күшті шырылдаса- ауа райы жақсарады.

  5. Шық көп түссе-күн ашық болады.

  6. Кешке кемпірқосақ көрінсе- ауа райы жақсарады.

Қ.о: «Пойыз»

Мақсаты: Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.

Мазмұны: Әрбір ойыншы өз депосын жасайды (өзінің қасынан шағын шеңбер сызады) Алаңның ортасында жүргізуші -«паровоз» тұрады. Ол барлық «вагондарды» (балаларды) жинағанша бір «вагоннан» екіншісіне барады. Жүргізуші –«паровоз» кенет ысқырады, барлық ойыншылар, «паровоз» да «депоға» қарай жүгіреді. Орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге – «паровозға» айналады.

Қ.о: «Жүйріктер жеңеді» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Бір жаққа ойыншыларға түгелдей жетерлік мөлшерде екі түрлі таяқшалар тасталады. Ойынды жүргізуші ретінде басқарушы тағайындалады. Ол төрешілік міндетті қоса атқарады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатынасушылар белгіленген көмбеге қарай тұра жүгіреді. Жеткен ойыншы өз командасының түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды. Қай түсті топтың ойыншылары өз командасының бояуына сәйкес таяқты белгілеген мерзімге көбірек алып келсе, сол топ жеңеді.

Ауладағы еңбек: Гүлзардағы арамшөптерді отауға көмектесу.

Серуен №5

Халің қалай, жазғы ағаш? (бақылау)
Мақсаты: Жаз мезгілінде балаларды табиғаттағы ағаштармен таныстыруды жалғастыру.Ағаштардың тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге назар аудару. Балаларды экологиялық мәдениеттілік пен сауаттылыққа үйрету.

Серуеннің барысы

Жұмбақ
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Ағаштардың бұтағынан не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштың пайдасы бар ма?
- Ағаштан не жасайды?
- Ағаштарды орынсыз шауып тастауға бола ма?

Қ.о: «Епті бол!»

Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады да, допты қағып алуға тиісті ойыншының есімін атап, допты лақтырады. Допты түсіріп алған бала шеңберге тұрып, балалардың тапсырмасы бойынша доппен 2-3 жаттығу жасайды. Ойын осылай қайталана береді.

Ауладағы еңбек:

Ауыруға ұшыраған ағаштарды емдеу.

Ауланы құмнан сыпыру.







Серуен №6

«Бұлттарды бақылау»

Мақсаты: Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Серуеннің барысы:

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер.

Күннен күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ – көшеді, көзі жоқ – жылайды.

  • Бұл не? Балалар, бұлт екенін айтады.

  • Дұрыс айтасыңдар, мен сендерге бұлт туралы тақпақ оқып берейін.

Көркем сөз. «Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы

Біле алмадым мұны әлі

Білерім көк аспанның

Бұлт - көшпелі бұлағы

  • Балалар, бұлт дегеніміз не?

  • Бұлттардың түстері қандай болады?

  • Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршектерінен)

  • Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түнерген бұлттар)

  • Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)

Зерттеу жұмысы

Аспанда қандай бұлт екенін анықтау. Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.

Ауладағы еңбек: Құрғақ шөпті жинау.

Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру.

Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»

Мақсаты: Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.

Д.о «Бұл қай өсімдітің жапырағы?»

Мақсаты: Жапырағы бойынша ағаштың түрін анықтауға үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші алма-кезек әртүрлі ағаштардың жапырақтарын көрсетеді, балалар оның қай ағаштың жапырағы екенін айтады.

Дербес ойын:

Балалардың дербес ойындарына қолдау көрсету. Бағыт - бағдар беру. Ойыншыққа таласпай, бірлесіп ойнауларын қадағалау.



Серуен №7

Жел, жел самал жел (бақылау- зерттеу)

Мақсаты: Жел туралы түсініктерін бекіту. Жел түрлерін есте сақтау.


Серуеннің барысы:



Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Ағаштарды шайқайды
Көзге көрінбейді
Шарлағанда сай –сайды
Бір сәт ерінбейді (Жел)
Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады.
Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?

  • Жел неге соғады?Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының айырмашылығына байланысты.
    -Қатты желдің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран)
    -Әлсіз желді қалай атайды? (самал жел деп атайды)
    - Желдің ізін көруге болады ма?

Зерттеу жұмысы: Компас арқылы желдің бағытын анықтау.
Қимылды ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: Жүгіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.
Ауладағы еңбек: Гүлдерге су құю.




Серуен №8

Гүлзардағы гүлдер (бақылау)

Мақсаты: Жазғы гүлзар туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау. Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?
Қ.о: «Ұшты-ұшты» Мақсаты: Ойын балаларды белгілі бір мақсатта топтасып әрекет жасауға, шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін ретті, қалыпты басқара білуге үйретеді. Мазмұны: Балалар айнала шеңбер бойымен тұрады. Ойынның шарты түсіндіріледі. Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтап тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем,сендер де ұшыңдар». Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған,сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады, - деп түсіндіреді. Ойын осы тәртіппен жүргізіледі. Мысалы. Ұшты-ұшты --- қарға ұшты. (ұшады) Ұшты-ұшты --- тарақ ұшты. (ұшпайды) Ауладағы еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)


Серуен №9

Бұл қандай жәндіктер? (бақылау -зерттеу)

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.

Серуеннің барысы:

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
1. Гүлдердің нәрін жинайды
Адамға бал сыйлайды
Еңбекқорды аялайды
Еріншекті аямайды. (Ара)
2. Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. (Шыбын)
3. Тор тоқуға шебер – ақ
Бірақ киім тікпейді
Өнері де өнер – ақ
Бірақ ісі бітпейді (Өрмекші)
4. Қанды сорып сүліктей
Ызыңдап кеп шағады
Бұл қандай бүлік той? (Маса)
5. Құжынаған жұмыскер
Бірлескенде тым іскер (Құмырсқа)
Тәрбиеші сұрақтары:
- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
-Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)
-Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)
- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
Зерттеу жұмысы: Қаңқызды тауып, оның атын атау. Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.








Қ.о: «Аю мен аралар»

Мақсаты: Балалардың бұлшық еттерін дамыту, денелерін шынықтыру, ойын арқылы денелерін шынықтыруға қызығушылықтарын арттыру.

Мазмұны: Аралар гүлдерден бал жинайды, олар отырып тұрып қимылдар жасайды.Бал жинап болған аралар омарталарына оралады.Осы кезде бал жегісі келген аю омартаға барып бал алмақшы болады.Оны біліп қойған аралар аюды қуа жөнеледі.Аю қашып құтылуы қажет. Балалар аралар сияқты «з-з-з-з-з-з» деген дыбыстар шығарып жүрулері керек.

Мақсаты: Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Қ.о: «Бақалар»

Мақсаты: Ойын бейнелеріне сәйкес әрекет ете білу.

Мазмұны:Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынандай өлең айтады: Балалар басын қалтаңдап, Шоршиды жолда талтаңдап. Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ Жүгіреді талтаңдап. Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға-сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.

Ойын қайталанған кезде, балалар рөльдерімен алмасады.

Ауладағы еңбек: Алаңды құмнан тазалау.










Серуен №10

Үлкендердің еңбегін, бағалаймыз біз. (бақылау)

Мақсаты: Балаларға аула тазалаушы еңбегі жөнінде мағлұмат беру. Үлкендер еңбегін бағалай білуге. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында азда болса өз үлестерін қосуға шақыру.

Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Қамымызды ойлайды
Тазалайды, жинайды
Құрметтейміз бәріміз
Тазалықшы ағайды
Мысал сұрақтар:
-Аула тазалаушы қандай еңбек етеді.
-Ол кісінің қолында қандай құралдар бар.
-Біз өз ауламызды, тұратын жерімізді ластауымыз керек пе?
-Үлкендер еңбегін қалай бағалауымыз керек?

«Сенімді қол» ойыны

Мақсаты: Мергендікті дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.

Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады. Ауладаға еңбек:

Ойын алаңын сыпыру.





Серуен №11

Жарқырап, жайнай бер, алтын күн! (бақылау)

Мақсаты: Күн туралы білімдерін бекіту, күннің көзінің шуағы не үшін керек екенін түсіндіру. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.

Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Алақай, алақай
Күн шықты
Жер үстіне, нұр шықты
Мысал сұрақтар
- Күннің көзі қай мезгілде шығады?
- Күннің көзі бізге не береді?
- Күннің түсі қандай
- Егер күннің көзі шықпаса не болады?
- Күннің көзінің адамға пайдасы бар ма?
- Күннің пішіні қандай?
Қ.о: «Пойыз»

Мақсаты: Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.

Мазмұны: Әрбір ойыншы өз депосын жасайды (өзінің қасынан шағын шеңбер сызады) Алаңның ортасында жүргізуші -«паровоз» тұрады. Ол барлық «вагондарды» (балаларды) жинағанша бір «вагоннан» екіншісіне барады. Жүргізуші –«паровоз» кенет ысқырады, барлық ойыншылар, «паровоз» да «депоға» қарай жүгіреді. Орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге – «паровозға» айналады.

Қ.о: «Жүйріктер жеңеді» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Бір жаққа ойыншыларға түгелдей жетерлік мөлшерде екі түрлі таяқшалар тасталады. Ойынды жүргізуші ретінде басқарушы тағайындалады. Ол төрешілік міндетті қоса атқарады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатынасушылар белгіленген көмбеге қарай тұра жүгіреді. Жеткен ойыншы өз командасының түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды. Қай түсті топтың ойыншылары өз командасының бояуына сәйкес таяқты белгілеген мерзімге көбірек алып келсе, сол топ жеңеді.

Ауладағы еңбек: Гүлзардағы арамшөптерді отауға көмектесу.



Серуен №12

Неткен әсем, жазғы табиғат! (бақылау)

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Жазғы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Балақай, алақай
Жаз келді алақай
Жалаң аяқ жүреміз
Балақты да түреміз
Көлден балық сүземіз
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жазда неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құрт –құмырсқалар не істеп жүр?
- Жаз сендерге несімен ұнайды?
Қ.о: «Аю мен бал» Мақсаты: Балаларды ептілікке баулу,бұлшық еттерін дамыту. Мазмұны: Нұсқаушы санамақтың көмегімен жүргізушіні – аюды таңдап алады. Оның беліне 1,5 – 2 м жіп байлап бір ұшын орындыққа байлайды. Қасына «бал» деген жазуы бар бөшке қояды. Басқа ойыншылар бөшкені ұрлап алуға тырысады. Кімге аюдың қолы тисе ұсталған болып есептеледі. Сол бала аю болады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Қ.о: «Ат жекпе немесе паравоз» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, денелерін шынықтыру. Мазмұны: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінің белінен бірі құшақтап тұрады. Олар тұрған жерден 10-15 м қашықтықта көнбе белгіленген. Белгі бойынша екі топтағы балалар сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып, жүгіре жөнеледі. Қай топ көнбеге бұрын жетсе, сол топ жеңіске ие болады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.



Серуен №13

Қызыл-жасыл, ақ гүлдер! (бақылау-зерттеу)

Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін бекіту. Гүлдерді ажырата білуге үйрету. Тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір –бірден
Аналарға сыйлаймыз
Мысал сұрақтар
- Балалар алаңда не өсіп тұр?
- Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
- Гүлдерді жұлуға бола ма?
- Гүл неге керек?
Гүл-бұл табиғаттың тамаша туындысы. Жаз- гүлдер мезгілі. Олар алуан түрлі болса да, барлығы адамдарға қуаныш сыйлайды.

Қ.о: «Гүлдер мен көбелектер»

Мақсаты: Қиялдауды, бейнеге ену қабілетін дамыту.

Мазмұны: Гүлдерді күні бұрын қағздан дайындап жерге жайып қояды. Барлық балалар музыка үнінің ырғағымен «көбелекше» ұшады. «Қанаттарын» қолдарын жеңіл, әдемі қағады. Гүлдердің қасына келеді, музыка ырғағымен тағы да ұшады.

Қ.о: «Жалаушаларды тап»

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту,топтасып ойнай білуге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Бұл ойын талдардың, тоғайлардың арасында ойналады. Екі топ қарама-қарсы жаққа жүгіріп кетеді. Бірінші топ қызыл жалаушаны, екінші топ көк жалаушаны жасырып қояды. Екі минуттан кейін ұйымдастырушы белгі береді. «ысқырық»арқылы. Топтар ортаға жиналады. Екінші белгі бойынша «барлауға шығамыз» әр топ қарама-қарсы топтың жалаушасын іздей бастайды. Бірінші жалаушаны тапқан топ жеңіске жетеді.

Ауладағы еңбек: Гүлдерді суару.


Серуен №14

Көбелек ау, көбелек (бақылау)

Мақсаты: Көбелектің алуан түрлілігін көрсету.Көбелек туралы білімдерін бекіту. Сөздік қорларын молайту. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

Көркем сөз
Көк шалғында Төребек,
Қуып жүрді көбелек,
Қызыл-жасыл қанаты,
Қызғалдақтай керемет.
Мысал сұрақтар
- Қандай жәндіктерді білесіңдер?
- Көбелек қандай жәндік?
- Түр-түсі қандай?
- Көбелек қайда қонады?
- Көбелектің адамға пайдасы бар ма?

Балаларға асфальт үстіне көбелектердің суретін салғызуға болады.
Қ.о: «Көбелектер мен құстар»

Мақсаты: Шапшаңдық пен ептілікті, қиялдауды, бейнеге ену икемділігін дамыту.

Мазмұны: «құс» таңдалады, қалғандары «көбелектер» болады. «Көбелектер» музыка ойнап тұрғанда алаңқайда ұшады. Осы кезде «құс» ұшып шығып, «көбелекті» аулайды, ұсталған «көбелек» «құсқа» айналады. Қайтадан музыка үні естіледі, «көбелектер» ұшады, ал «құстарға» айналып болғанда ойын тоқтатылады.

Қ.о: «Гүлдер мен көбелектер»

Мақсаты: Қиялдауды, бейнеге ену қабілетін дамыту.

Мазмұны: Гүлдерді күні бұрын қағздан дайындап жерге жайып қояды. Барлық балалар музыка үнінің ырғағымен «көбелекше» ұшады. «Қанаттарын» қолдарын жеңіл, әдемі қағады. Гүлдердің қасына келеді, музыка ырғағымен тағы да ұшады.

Ауладағы еңбек: Гүлдерге су құю.





Серуен №15

Ара мен инелік (бақылау)

Мақсаты: Балалардың ара мен инелік туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Серуеннің барысы:

Жұмбақ
Ұшады, қонады
Гүлдерді бағады.
Түр-түсі сары-ала
Бұл не? (ара)
Мысал сұрақтар
- Далада не ұшып жүр?
- Оның түр-түсі қандай?
- Ара немен қоректенеді?
- Араның тұмсығы қандай?
- Араның адамға пайдасы бар ма?
Жұмбақ
Өзі төрт қанатты
Және алты аяқты.
Сонда да тік ұшақ
Моделі секілді. (инелік)
Мысал сұрақтар
- Балалар инелік қандай жәндік?
- Оның неше қанаты, неше аяғы бар?
- Инелік неге ұқсайды?
- Инелік қайда өмір сүреді?

Қ.о: «Кім жылдам»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:Балалар екі топқа бөлінеді. Екі қатарға тұрған балалар эстафета бойынша нысанаға жүгіреді. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңеді.

Қ.о: «Моншақ»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Балалар, моншақ шашылғанда жан – жаққа

шашылып кетеді ғой, сол сияқты бізде белгі бойынша жан – жаққа жүгіреміз, ал «тізбектеліп қаламыз» дегенде дөңгелек жасап тұра қаламыз.

Ойын бірнеше рет қайталанады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қоқыстан тазарту.

Серуен №16

Шыбын мен қоңыз (бақылау)

Мақсаты: Балалардың шыбын мен қоңыз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Серуеннің барысы:

Жұмбақ
Ызыңдап ән салады,
Лас жерге қонады. (шыбын)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Далада не ұшып жүр?
- Шыбын қандай жәндік?
- Ол қандай жерлерге қонады?
- Шыбынның адамға пайдасы бар ма?

Жұмбақ
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады,
Мұны ойлап көріңіз
Шешімін кім табады? (Қоңыз)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қоңыз қандай жәндік?
- Олар не үшін жер қазады?
- Ұшқанда қандай өлең айтады?

Қ.о: «Кім жылдам»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:Балалар екі топқа бөлінеді. Екі қатарға тұрған балалар эстафета бойынша нысанаға жүгіреді. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңеді.

Қ.о: «Моншақ»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Балалар, моншақ шашылғанда жан – жаққа

шашылып кетеді ғой, сол сияқты бізде белгі бойынша жан – жаққа жүгіреміз, ал «тізбектеліп қаламыз» дегенде дөңгелек жасап тұра қаламыз.

Ойын бірнеше рет қайталанады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын қоқыстан тазарту.



Серуен №17

Мысыққа (бақылау)

Мақсаты: Балалардың мысық туралы білімдерін бекіту. Жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту.

Серуеннің барысы:

Көркем сөз
Пеш қасында мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Тышқан етін жегісі келіп
Тісі оның қышып отыр.
Мысал сұрақтар
- Балалар мысық қандай жануар?
- Мысық неден қорқады?
- Мысық немен қоректенеді?
- Мысық қалай жуынады?
- Ол қандай жабайы аңға ұқсайды?
Ұ.о: «Көк қозы»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны: Санамақ арқылы ойыншыны «көк қозыны» таңдап алады. Балалар шеңбер бойымен айналып жүріп. Көк қозы қошақан Ақ құйрық момақан. Біз сені суардық Тойғызып қуандық. Сен бізді сүзбеші. Сен бізге тимеші. Бізбен бірге ойнай ғой, Ал бізді аулай ғой. Өлең сөзі біткенде «көк қозы» балаларды қуып ұстап алады. Ұсталған бала көк қозы болады.

Қ.о: «Моншақ»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Балалар, моншақ шашылғанда жан – жаққа

шашылып кетеді ғой, сол сияқты бізде белгі бойынша жан – жаққа жүгіреміз, ал «тізбектеліп қаламыз» дегенде дөңгелек жасап тұра қаламыз.

Ойын бірнеше рет қайталанады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын құмнан тазарту.


Серуен №18

Итке (бақылау)

Мақсаты: Балалардың ит туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:


Жұмбақ
Адамға серік,
Күзетте берік. (ит)
Мысал сұрақтар
- Ит қандай жануар?
- Неге итті адамға серік дейді?
- Қандай иттерді білесіңдер?
- Иттен қандай жануар қорқады?
- Иттің адамға пайдасы бар ма?
Ұ.о: «Бәйге»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:
Барлығы алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Анау жерде алдарыңа таман екі тау тұр. Қазір біз екі топқа бөлінеміз. Екі топтан екі бала шығып мына екі атпен шауып, тауды айналып келіп аттарды келесі балаларға бере отырып жарысамыз. Қай топ тез шауып бірінші болса, сол топ бәйге болады. Ойынды жеңген топты мадақтайды.

Ұ.о: «Жігіттер»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:
Ұл балалар салт атты жігіттерге ұқсап бір-бір ат мінеді (ағаштан жасалған). Дөңгелене алаңды айнала шапқылайды. Алаңның ортасында қолына орамал ұстаған қыз бала тұрады. Белгі бойынша қыз бала орамалды басынан асыра (аспанға) жоғары лақтырады. Балалар аттарының басын кілт бұрып бірінші болып орамалды алса, сол бала қыздың бетінен сүйеді. Көп ұпай жинаған бала жеңімпаз аталады. Екі ойыннан кейін қыз баланың орны ауыстырылады.

Ауладағы еңбек: Қағаздарды жинаймыз.



Серуен №19

Өрмекшіге (бақылау)

Мақсаты: Балалардың өрмекші туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрімін дамыту.

Серуеннің барысы:


Жұмбақ
Тоқыған ауы
Шыбынның жауы (өрмекші)
Мысал сұрақтар
- Балалар біз нені көріп тұрмыз?
- Өрмекші қайда жүреді?
- Ол не тоқып жүреді?
- Өрмекті не үшін тоқиды?
- Өрмекшінің адамға пайдасы бар ма?

Ұ.о: «Бәйге»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:
Барлығы алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Анау жерде алдарыңа таман екі тау тұр. Қазір біз екі топқа бөлінеміз. Екі топтан екі бала шығып мына екі атпен шауып, тауды айналып келіп аттарды келесі балаларға бере отырып жарысамыз. Қай топ тез шауып бірінші болса, сол топ бәйге болады. Ойынды жеңген топты мадақтайды.

Ұ.о: «Жігіттер»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны:
Ұл балалар салт атты жігіттерге ұқсап бір-бір ат мінеді (ағаштан жасалған). Дөңгелене алаңды айнала шапқылайды. Алаңның ортасында қолына орамал ұстаған қыз бала тұрады. Белгі бойынша қыз бала орамалды басынан асыра (аспанға) жоғары лақтырады. Балалар аттарының басын кілт бұрып бірінші болып орамалды алса, сол бала қыздың бетінен сүйеді. Көп ұпай жинаған бала жеңімпаз аталады. Екі ойыннан кейін қыз баланың орны ауыстырылады.

Ауладағы еңбек: Қағаздарды жинаймыз.





Серуен №20

Сылдырлайды, мөлдір су (бақылау –зерттеу-тәжірибе жасау)

Мақсаты: Су туралы білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс-тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру.

Серуеннің барысы:

Жұмбақ
Жылт –жылт еткен
Жылғадан өткен (су)
Мысал сұрақтар
-Балалар далада не ағып жатыр?
-Су неден пайда болады?
-Бүгін ауа –райы қандай?
-Судың түсі қандай?
-Сусыз адам өмір сүре ала ма?
-Неге су тіршілік нәрі деп атайды?
-Егер су болмаса не болады?

Су өмір бойы айналымда болады.

Күн көзінің жылуы жер бетіне түседі де, ылғалды кең көлемде буландырады. Су булары ауаға, теңіз, мұхит, өзен, көл беттерінен және топырақтан көтеріледі.

 Су-өсімдіктер бойынан да адам, жануарлар денесінде де болады. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды.

 Су жолымен адамдар қатынайды қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды, су арқылы үйді жылытады, бірде-бір өндіріс жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата, тері, қағаз, сабын дайындау, нан пісіру, жұмыстары сусыз жасалмайды. Ірі-ірі өзендерден канал арқылы, шөлді жерлерге су тартылып, мақта, күріш, жеміс-жидек, егіс суарылады.

 

Ұ.о: «Оқтау тартыс»

Мақсаты: Бұлшық еттерін дамыту.

Мазмұны:
Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызылады және сол сызықтың екі жағына екі бала тұрады. Екеуі оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтіп кетсе сол жеңіледі. Ал күші басым болған бала жеңіске жетеді.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.



Серуен №21

Торғай, торғай тоқылдақ (бақылау)

Мақсаты: Балалардың торғай туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

Көркем сөз
Торғай, торғай тоқтаған
Торғайды торғай мақтаған
Бір торғай ұшса боранда
Бәрі жабылып жоқтаған
Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай қандай құс?
- Торғайлар неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
- Торғай адам қолынан тамақ жейді ме?
- Біз қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Қ.о: «Торғай мен көлік»

Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Бұлшық еттерін дамыту.

Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Қ.о: «Ұшқыштар»

Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Бұлшық еттерін дамыту.

Мазмұны: Балалар алаңның әр жерінде, 3-4 жалаушалармен белгіленген сапта тұрады. Ойнаушылар ұшқыштар болып дайындалып тұрады.Тәрбиеші «ұшуға әзір» дегенде балалар қимыл қозғалысқа келеді. «Ұшыңдар» деген кезде жан-жаққа ұша жөнеледі. Тәрбиеші «қоныңдар» деген белгі берген кезде олар өз саптарына тұра қалулары тиіс. Ойын 2-3 рет жалғасады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын жинау.






Серуен №22

Біздің бақша( тәжірибелік бақылау)

Мақсаты: Балаларды «бақша» сөзінің мағынасымен, балабақша аумағындағы жаңа нысан –бақшамен таныстыру. Көшеттің сыртқы түріне қарап, көкөністі айыра білуді үйрету. Ойлауды, есте сақтау қабілетін, зейінді, тілді дамыту. Бақша өсімдіктеріне қамқорлық жасау тілегін тәрбиелеу.


Серуеннің барысы:


  • Біз бүгін өзіміздің балабақшадағы жааң нысан – бақшамен танысамыз. Бақша дегеніміз- бұл көкөністер өсірілетін орын. Мұнда қандай көкөністер өсіп тұрғанына зер салып қараңдар (Тәрбиеші балалармен бірге әр қатарда қандай көкөкністер өсіп тұрғанын қарайды)

  • Адамдарға көкөністер не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  • Олардың қандай пайдасы бар?

  • Көкөністердің жақсы өсуі үшін не қажет?

Д.о: «Көкөніс, жеміс, жидек»

Мақсаты: Көкөніс, жеміс, жидектің атауын пысықтау.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, ортада тәрбиеші. Ол «көкөніс» деп допты бір балаға лақтырса, сол бала көкөністің атауын айту керек. Егер «жеміс» деп допты лақтырса допты ұстаған бала жемістің атауын айту керек. Ойын осылай жалғасады.

Д.о: «Құстар мен тор»

Мақсаты:Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны: Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «торғайды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.

Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Ауладағы еңбек. Көкөністерді суару.






Серуен №23

Көңілді музыканттар (бақылау)

Мақсаты: Балалардың шегіртке туралы білімдерін пысықтау, табиғатта шегірткені бақылауды үйрету. Байқағыштықты, зейінді, ойлауды, тілді дамыту. Жәндіктер әлеміне ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:


  • Балалар, мынаның не екенін табыңдаршы:

Басында тұр антеннасы,

Өзі ғой бір ат басты.

Жазғы түнде шырылдайды,

Тынбай қиып астықты. (Шегіртке)

  • Шегірткені неліктен музыкант деп атайды? (өйткені ол үнемі шырылдайды)

  • Қане, оның әнін тыңдап көрейік. (балалар құлақ түреді. Егер манайда шегіртке болмаса, алдын ала шегірткенің шырылы жазылған дыбыс жазбасын пайдалануға болады)

  • Шегірткеге зер салып қараңдар. (алдын ала шегірткені ұстап алып, оны шағын банкаға салып қоюға болады, қарап көрген соң щегірткені босатып жіберу керек)

  • Шегіртке қанадай бөліктерден тұрады? (басы, кеудесі, құрсағы, алты аяғы бар)

  • Шегірткенің артқы аяғы неліктен ұзын болған? (секіру үшін)

  • Шегірткенің артқы аяқтарының тағы қандай ерекшеліктері бар? (балалардың пікірі тыңдалады)

Тәрбиеші балаларға мынандай түсініктер береді: шегірткелер аяқтарымен естиді, өйткені олардың есту мүшелері артқы аяқтарында орналасқан.

  • Шегірткелер неліктен жасыл және сұр түсті болады деп ойлайсыңдар? (қоршаған ортаның түсіне бейімделеді)

  • Шегірткелер не үшін керек?

Егер шегірткелер жойылып кетсе, табиғаттағы қоректі тізбектің бұзылатынын, сөйтіп олармен қоректенетін ағзалардың тіршілігіне қауіп төнетінін түсіндіреді.

Қ.о: «Шегіртке мен бақалар»

Мақсаты: Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.

Мазмұны: екі-үш «бақа» таңдалады, қалғандары «шегірткелер» болады. «Шегірткелер» музыка үнімен секіреді. Музыка аяқталады, «шегірткелер» күн бұрын жасалған «үйшіктеге» секіріп кіреді, ал «бақалар» оларды аулайды. Ұсталған «шегірткелер» «бақаларға» айналады. Ойын барлық «шегірткелер» «бақаларға» айналғанша жалғасады.


Ұ.о: «Кім ұрды?»

Мақсаты: Зейінді, жанасуына қарап, ойыншының кім екенін табу қабілетін дамыту.

Мазмұны: «Жүргізуші» бала таңдалады, ол ойыншыларға арқасын беріп тұрады. Ол оң алақанын жағына басып, сол қолын алақанын қолтықтың астына сыртқа қарата, ийықтан сәл төмен оң бүйіріне қысады. Жүргізушінің артқы жағында тұрған ойыншылар оны кезектесіп, алақанын соғып, бас бармақтарын көрсетіп тұра қаалды. Жүргізуші кімнің ұрғанын табуы тиіс.

Ауладағы еңбек: Балабақша бақшасындағы бекітілген жүйектің арамшөптерін отауға көмектесу.

























Серуен №24

Бақша ауласындағы дәрі-дәрмектер (бақылау)

Мақсаты: Балабақшаның аумағындағы дәрі-дәрмекті нысандармен таныстыру. Ойлауды, ой-өрісті, зейінді, бақылау жүргізу икемділігін дамыту, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:


  • Балалар, балабақшамыздың аумағында не жоқ десеңдерші –өсімдіктер де, жәндіктер де, құстар да бар. Бұларға қоса, емдік шөптеді де табуға болады. Бүгін мен сендерге осындай дәрі-дәрмекті тауып, олардың қандай ауырулардан емдейтінін біліп алуды ұсынамын.


Мұндай серуен үшін көктемнен бастап дайындалу кеерк, балабақшаның аумағынан шағын жер бөліп, оған дәрі- дәрмектік өсімдіктерді егу қажет.


Осындай емдік шөптерді тауып, балаларға әңгімелеп беру.


Д.о: «Көкөніс, жеміс, жидек»

Мақсаты: Көкөніс, жеміс, жидектің атауын пысықтау.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, ортада тәрбиеші. Ол «көкөніс» деп допты бір балаға лақтырса, сол бала көкөністің атауын айту керек. Егер «жеміс» деп допты лақтырса допты ұстаған бала жемістің атауын айту керек. Ойын осылай жалғасады.

Д.о: «Құстар мен тор»

Мақсаты:Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны: Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «торғайды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.

Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Ауладағы еңбек. Көкөністерді суару.




Серуен №25

Сиқырлы құм (бақылау-зерттеу)

Мақсаты: Құмға бақылау жасап, олардың қасиеттерімен таныстыру. Құмның өлі табиғатқа жататынын айту.

Серуеннің барысы:

Балалар, біз бүгін құмның қасиеттерімен танысатын боламыз.

Құмды қолдарыңа алып көріңдерші.

  • Құм қандай екен? (құрғақ, сусылдақ)

  • Құрғақ құмнан мүсін жасауға бола ма? (мүсін жасап көру, құм сусылдап тұрмайды)

  • Біз қазір сендермен тәжірибе жасап көрейік.

Құмға су араластырып мүсін жасау.

Құмның құрғақ, сулы болатынын тәжірибе жасап көрсету. Сулы құмнан мүсін жасау. Құрғақ құмнан мүсін жасалмайтынын көрсету.

Д.о: «Көкөніс, жеміс, жидек»

Мақсаты: Көкөніс, жеміс, жидектің атауын пысықтау.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, ортада тәрбиеші. Ол «көкөніс» деп допты бір балаға лақтырса, сол бала көкөністің атауын айту керек. Егер «жеміс» деп допты лақтырса допты ұстаған бала жемістің атауын айту керек. Ойын осылай жалғасады.

Д.о: «Құстар мен тор»

Мақсаты:Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны: Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «торғайды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.

Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Ауладағы еңбек. Ауланы құмнан сыпыру.









Күз мезгілінде өткізілетін серуендердің түрлері

Серуеннің атауы


1

Күзгі ауа-райы (бақылау)


2

Қандай әсем, күзгі табиғат! (бақылау)


3

Алтын, сары, қызыл, көк, алуан-алуан жапырақ (бақылау)


4

Күзгі ағаш ( бақылау)


5

Көп қабатты үйге (бақылау)


6

Терек, терек, теректер (бақылау)


7

Сен қай ағаштың жапырағы боласың? (тапсырма)


8

Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр! (бақылау)


9

Күзгі бұлттар (бақылау)

10

Күзгі гүлдер (бақылау)

11

Қарағаш (бақылау)


12

Жыл құстары (бақылау)


13

Өсімдіктер (бақылау)


14

Армысың жер ана! (бақылау -зерттеу)


15

Күзгі ызғар (бақылау)


16

Күзгі күн көзі (бақылау)

17

Көкөністер мен жемістер (бақылау –зерттеу)


18

Жәндіктер мен құстар (бақылау)


19

Ашық аспан! (бақылау)


20

Біз құстарға ұя жасадық (бақылау –еңбек)


Серуен №1

Күзгі табиғат (бақылау)

Мақсаты: Балаларды табиғаттың күзгі өзгерістеріне қатысты көзқарастарын қалыптастыру. Күз мезгілінде жануарлар мен өсімдіктерде қандай өзгерістер болатынына назар аударту. Білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі келді?

  • Күз айларын атаңдар. (Қыркүйек, қазан, қараша)

Әрбір күз айының өзіндік ерекшеліктері бар.

Мен сендерге өлең оқып берейін.

Күздің белгілері

Көк майсалы көрікті Жел тынымсыз гуілдеп,

Алқаптағы көп егін. Болып кетті тым бұзық

Бұл күндері киіпті, Шуылдайды тал, терек,

Сары жібек көйлегін. Жапырағын жұлғызып. (Ғ. Мүсірепов)


Қ.о: «Түлкі мен қояндар»

Мақсаты: Топтасып кезектесіп ойнауға тәрбиелеу. Ойын арқылы бұлшық еттерін дамыту.

Мазмұны: Алаңда диаметрі 10м шеңбер сызылады. Бір бала – түлкі болып сайланады, қалғандары – қояндар. Қояндар шеңберге кіреді де түлкі сыртында жүреді. Қояндарға шеңберден шығуға болмайды. «Түлкі» деген нұсқаушының бұйрығына түлкі шеңберге кіріп көбірек қоян ұстауға тырысуы керек. Ұсталған қояндар саналып отырады. Түлкі бірнеше рет ауыстырылады. Көп қоян ұстаған түлкі жеңіске жетеді. Ұ.о: «Алакүшік» Мақсаты: Балалардың таза ауада дем алуларына, жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйрету. Мазмұны: Ойыншылар санамақ арқылы бір баланы «Алакүшік» етіп белгілейді. Қалғандары «Алакүшіктің» назарын өздеріне аударуға тырысады. Қолға түскен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ауладағы еңбек: Құрғақ бұтақтарды жинау.

Серуен №2

Күзгі табиғат (бақылау)

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысымен таныстыру. Күзгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күзде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Неге алтын күз, жомарт күз, қара күз деп атайды?
Д.о: «Көкөніс, жеміс, жидек»

Мақсаты: Көкөніс, жеміс, жидектің атауын пысықтау.

Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады, ортада тәрбиеші. Ол «көкөніс» деп допты бір балаға лақтырса, сол бала көкөністің атауын айту керек. Егер «жеміс» деп допты лақтырса допты ұстаған бала жемістің атауын айту керек. Ойын осылай жалғасады.

Д.о: «Құстар мен тор»

Мақсаты:Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Мазмұны: Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «торғайды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.

Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Ауладағы еңбек: Түскен жапырақтарды жинау.



Серуен № 3

Алтын, сары, қызыл, көк, алуан-алуан жапырақ (бақылау)

Мақсаты: Балалардың жапырақтар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру. Табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.


Серуеннің барысы:


Жұмбақ
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары (жапырақ)
Мысал сұрақтар
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Жерде нелер жатыр?
- Жапырақтың түсі неге ұқсайды?
- Жапырақтар неліктен көктемде шығып, күзде түседі?
- Жапырақтан не жасауға болады?

Қ.о: «Епті бол!»

Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады да, допты қағып алуға тиісті ойыншының есімін атап, допты лақтырады. Допты түсіріп алған бала шеңберге тұрып, балалардың тапсырмасы бойынша доппен 2-3 жаттығу жасайды. Ойын осылай қайталана береді.


Ұлттық ойын: «Бөрік лақтыру»

Мақсаты: Алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Мазмұны: Барлық ойынға қатысушылар бір қатарға тұрып, алға қарай кіші доптарды алма-кезек лақтырады. Бәрінен жақынға лақтырған ойыншы доптарды жинап әкеліп балаларға таратып береді.

Допты үш мәрте алысқа лақтырған ойыншы ойынның жеңімпазы болады. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.




Серуен № 4

Күзгі ағаш (бақылау)

Мақсаты: Балалардың ағаш туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Адамгершілік сезімге тәрбиелеу.


Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін
Мысал сұрақтар:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай?
-Неге күзді Алтын күз деп атайды?
-Неге күзде жапырақтар жерге түседі?
-Жерде жатқан жапырақтар неге ұқсайды?

Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.
Д.о: «Бұлар қалай болады?»

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, анық сөйлеуге үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға мынандай сұрақтар қояды. «Ағаш неден өсіп шығады?, «Оларда кейін қандай өзгерістер болады?», «Көктемде ше?» т.с.с

Қ.о «Бір, екі, үш – аталған ағашқа ұш»

Ауладағы еңбек:

Түскен жапырақтарды жинау.



Серуен № 5

Көп қабатты үйге (бақылау)

Мақсаты: Балаларға көп қабатты үйлердің кімдер және неден жасайтыны туралы мағлұмат беру. Ой-өрісін дамыту.


Серуеннің барысы:


Көркем сөз
Қалада көп биік үй
Соның бәрі біздің үй
Барады үйлер биіктеп
Төбесіне тиіп көк
Мысал сұрақтар
- Балалар біз қай қалада тұрамыз?
- Қалада қандай үйлер көп?
- Сендер тұратын үй қандай?
- Көп қабатты үйлерден басқа тағы да қандай үйлер болады?
- Үйлерді кімдер салады?
- Құрылысшылар неден үй салады?
Ұлтық ойын: «Таяқ лақтыру»

Мақсаты: Жергілікті жерде бағдарлау икемділігін арттыру.

Мазмұны: Ойнаушылар таяқты алады да, оны біраз қашықтыққа жететіндей етіп, борпылдақ қарға лақтырады. Таяқтың қадалған жеріне белгі салады. Барлық ойыншылар таяқты лақтырып болған соң ең алыс орынды анықтайды, оның иесі ұтып шығады.

Д.о «Бұл қай өсімдітің жапырағы?»

Мақсаты: Жапырағы бойынша ағаштың түрін анықтауға үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші алма-кезек әртүрлі ағаштардың жапырақтарын көрсетеді, балалар оның қай ағаштың жапырағы екенін айтады.

Дербес ойын:

Балалардың дербес ойындарына қолдау көрсету. Бағыт - бағдар беру. Ойыншыққа таласпай, бірлесіп ойнауларын қадағалау.


Ауладағы еңбек:

Серуенге алып шыққан заттарды жинап, оны тазарту керек.



Серуен № 6

Терек, терек, теректер (бақылау)

Мақсаты: Теректің сипаттамасымен таныстыру. Балалардың байқағыштығын, ойлау қабілеттерін, зейініні дамыту, ағаштарға ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

Тәрбиеші балаларды теректің қасына шақырады:

  • Мына ағашқа қараңдар, сендер оның қалай аталатынын білесіңдер ме? (Терек)

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл- терек деген ағаш. Оны орман, саябақ, шалғыннан, жол бойынан, кез келген жерден кездестіруге болады. Ол биік өсетін, сымбатты, жайылған бөрікбасы қалың, жылтыр жапырақтары кезектесе орналасатын ірі бұтақты ағаш. Оған зер сала қараңдар.

  • Олардың түсі қандай? Неліктен? Ағаштың діңіне назар аударыңдар. Ол жасыл-сұр түсті. Терек- өте күй талғамайтын, аязға төзімді, жарық сүйгіш, топырақ талғамайтын, тіпті құмды жерде де өсе алатын ағаш.

  • Терек қандай ағаш? (балалар қайталайды)

Терек көктемде гүлдейді, оның бұтақтарында ашық-қызыл, жасыл сырғалары ілініп тұрады. Терек ұлпаларының ортасында ақ мақтаға –мамыққа оранған кіп-кішкентай тұқымы бар. Бұл мамық тұқымының жан-жаққа ұшып, таралуына көмектеседі. Жаздың бір-екі аптасында терек «бұрқасынын» көруге болады.



Қ.о: «Торғай мен көлік»
Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, жолда абайлап жүруге тәрбиелеу. Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын жапырақтан жинау.




Серуен № 7

Сен қай ағаштың жапырағы боласың? (тапсырма)

Мақсаты: Қарағаш туралы білімдерін пысықтау. Балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту. Ағаш жапырақтарын ажырата білуге үйрету. Күз мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Серуеннің барысы:

  • Балалар, біз өткен серуенде бір өзінің екі атауы бар ерекше ағашпен танысқанбыз. Ол қандай атаулар еді? (Қарағаш, Андросов шегіршіні)

  • Қарағаш қандай топырақта өсе алады?

  • Ағаш қандай ауа райына төзе алады? (Аязға, қуаңшылыққа, күшті желдерге)

  • Оның жапырақтары, діңі қандай? (Жапырақтарының ұшы сүйір, жиегі тісшелі. Қабығы қатты.)

Жарайсыңдар, қарағаш туралы ұмытпапсыңдар. Біз сендермен қазірдің өзінде көптеген ағаштармен таныстық.

Д.о: «Сен қай ағаштың жапырағы боласың?»

Мақсаты: Балалардың бозқараған, шетен, қайың, терек, алма ағашы, тал секілді ағаштардың жапырақтары туралы білімін және оларды ажырата білу икемділігін дамыту.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға гербарийді немесе ағаштардың жеке жапырақтарын көрсетеді. Балалар жапырақтардың қай ағаштікі екенін табады. Ойын соңында қорытынды шығарылып, ең байқағыш ойыншылар атап өтіледі.

Қ.о: «Үкі»

Мақсаты: Балалардың ептілігін, белгіге жауап қайтару шапшаңдығын дамыту, жүгіру дағдысын жетілдіру.

Мазмұны: Балалар жүргізушіні – ұясында ұйықтап отыратын үкіні таңдайды. Бұл кезде балалар жүгіріп, секіре бастайды. Жүргізуші «Түн болды!» деп дауыстайды. «Үкі» көзін ашып, ұша бастайды. Барлық ойыншылар тына қалуы тиіс. Кім қимылдаса немесе күліп жіберсе, «үкіге» айналады.


Ауладағы еңбек: Күзгі жапырақтарды жинау.





Серуен №8

Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр! ( бақылау)
Мақсаты: Балалардың жаңбыр туралы білімдерін бекіту, сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Серуеннің барысы


Көркем сөз
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Жер көгерсін, көк өссін
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)
- Қазір қай ай? (Қазан)
- Бүгін ауа –райы қандай? (Салқын)
- Далада не жауып тұр? (Жаңбыр)
- Жаңбырдың қандай пайдасы бар? (Жаңбыр жауса, көкөністер мен жемістерді суарады)
- Егер жаңбыр жаумаса не болады? (Жер құрғап кетеді)
- Жаңбыр қайдан жауады? (Жаңбыр бұлттан жауады)
Қ.о: «Құстар мен тор»
Мақсаты: Балалардың денелерін шынықтыру, бұлшық еттерін дамыту. Атрибуттарды кию арқылы ойынға қызығушылықтарын арттыру. Мазмұны: Нұсқаушы балалардан «құсбегі» мен «торғайды» таңдап алады, басқа ойнаушылар – «құстар»: көгершіндер, қарлығаштар, кептерлер.

Шеңбер сызылады ол «тор», ортасына торғай отырғызылады. «Құсбегі» тордың маңайында өз тұтқынын қолын созып тордан шығарып алмақшы болып жүрген басқалардан қорғап жүреді. «Құсбегінің» қолы қай құсқа тисе сол «тұтқын» болып саналады. Егер «құсбегі» ұзақ уақыт ешкімді ұстай алмаса басқа бала сайланады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын құмнан тазарту.




Серуен №9

Күзгі бұлттар (бақылау)

Мақсаты: Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Серуеннің барысы:

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер.

Күннен күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ – көшеді, көзі жоқ – жылайды.

  • Бұл не? Балалар, бұлт екенін айтады.

  • Дұрыс айтасыңдар, мен сендерге бұлт туралы тақпақ оқып берейін.

Көркем сөз. «Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы

Біле алмадым мұны әлі

Білерім көк аспанның

Бұлт - көшпелі бұлағы

  • Балалар, бұлт дегеніміз не?

  • Бұлттардың түстері қандай болады?

  • Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршектерінен)

  • Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түнерген бұлттар)

  • Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)

Зерттеу жұмысы

Аспанда қандай бұлт екенін анықтау. Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.

Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»

Мақсаты: Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.

Д.о «Бұл қай өсімдітің жапырағы?»

Мақсаты: Жапырағы бойынша ағаштың түрін анықтауға үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші алма-кезек әртүрлі ағаштардың жапырақтарын көрсетеді, балалар оның қай ағаштың жапырағы екенін айтады.

Дербес ойын:

Балалардың дербес ойындарына қолдау көрсету. Бағыт - бағдар беру. Ойыншыққа таласпай, бірлесіп ойнауларын қадағалау.

Ауладағы еңбек: Құрғақ шөпті жинау.

Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру.



Серуен №10

Күзгі гүлдер (бақылау)

Мақсаты: Күзгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау. Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу, гүлдердің тұқымдарын жинау.

Серуеннің барысы:

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?

Балалар, біз қазір сендермен гүлдің кепкен ұрықтиарын жинап алайық. Келесі жылы көктем айы келгенде далаға егетін боламыз. Қ.о: «Ұшты-ұшты» Мақсаты: Ойын балаларды белгілі бір мақсатта топтасып әрекет жасауға, шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін ретті, қалыпты басқара білуге үйретеді. Мазмұны: Балалар айнала шеңбер бойымен тұрады. Ойынның шарты түсіндіріледі. Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтап тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем,сендер де ұшыңдар». Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған,сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады, - деп түсіндіреді. Ойын осы тәртіппен жүргізіледі. Ауладағы еңбек: Гүл тұқымын жинау.



Серуен № 11

Қарағаш (бақылау)

Мақсаты: Қарағаштың сипаттамасымен таныстыру. Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, ағаштар туралы білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ағаштарға сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

  • Балалар, біз бүгін бір ерекше ағашпен танысамыз, оған қараңдаршы.

Ол қарағаш немесе Андросов шегіршіні деп аталады. Келіңдер, бәрісміз бірігіп осы жаңа сөзді дауыстап ақырын, сыбырлап қайталайық. Шегіршіннің түрлері көп, Бірақ көшелеріміз бен саябақтарымызды қарағаш сәндендіріп тұр. Бұл әсем де күй талғамайтын күшті ағаш аязға, қуаншылыққа, күшті желдерге, ауыл, қалалардың түтінді ауасына төзімді болып келеді. Тіпті құмды, малтатасты жерлерде, өзендердің тасты жағалауында да өсе береді. Шегіршін ормандары кездеспейді, бірақ олардың қашанда талмен, емен, қайың, үйеңкімен қатарласа өсетінін байқауға болады.

Қарағаштың жапырағына қараңдар.

  • Олар қандай екен?

Қарағаштың жапырақтары орташа өлшемді, ұсақ, ұшы үшкір, жиектері тісшелі болады.

Ұлттық ойын: «Бөрік лақтыру»

Мақсаты: Алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Мазмұны: Барлық ойынға қатысушылар бір қатарға тұрып, алға қарай кіші доптарды алма-кезек лақтырады. Бәрінен жақынға лақтырған ойыншы доптарды жинап әкеліп балаларға таратып береді.

Допты үш мәрте алысқа лақтырған ойыншы ойынның жеңімпазы болады. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.

Д.о: «Ағашты ата»

Мақсаты: Ағаштарды жапырақтарына қарап ажырата білуге үйрету.

Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ағаштардың жапырағын көрсетеді, балалар олардың қай ағашқа тән екенін айтулары керек.







Серуен №12

Жыл құстары (бақылау)

Мақсаты: Жыл құстары және олардың күзгі тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Күн салқындап, құстардың жылы жаққа ұшып кететіндеріне көңілдерін аудару. Ұя және оның түрлері мен орналасулары туралы білім беру. Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Серуеннің барысы

Тәрбиеші балалармен бірге құс жемдеуіштеріне бақылау жүргізеді.

  • Балалар, сендер қандай құстарды көрдіңдер?

  • Жемдеуішке қандай құстар ұшып келді?

Мынандай өлеңдермен таныстырады.

Тас төбеде күн күлді,

Қошеметтеп оларды,

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды. (Т.Молдағалиев)

Балалар, күн суытып құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр. Мен сендерге өлең оқып берейін.

Құстар біздің досымыз, Бау-бақшаны қорғайды. Ұя жасап қарсы алсақ. Олар бізді қолдайды.

  • Құстардың қандай пайдасы бар? (олар бау-бақшаны құрт-құмырсқадан қорғайды)

Құстар туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?

  1. Құсқа тас лақтырма.

  2. Құс ұясын бұзба.

Дұрыс айтасыңдар, құстар біздің досымыз. Оларды аялап, қорғауымыз керек.

Қ.о: «Торғай мен көлік»

Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, жолда абайлап жүруге тәрбиелеу.

Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Құстарға ұя жасау.



Серуен №13

Өсімдіктер (бақылау)

Мақсаты: Күзде өсімдіктердің өсуінің тоқтайтыны жайлы айту. Жеміс, көкөністер піседі. Бұл-күздің белгісі екені жайлы білім беру.



Серуеннің барысы

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

  • Күз екенін қайдан білдіңдер? (Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр, күн суыта бастады)

  • Бау-бақшада нелер пысты? (көкөністер мен жемістер)

Дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілі келіп көкөністер мен жемістер толығымен пысты. Күз айында өсімдіктер өсуін тоқтатады екен. Талдарда қысқа дайындалады. Қыста олар ұйқыға кетеді.

Біз қазір сендермен, ауладағы бақшамызға барып қызанақ пен қиярға бақылау жасайық. Олардың түсі қандай, пішіні қандай көрейік.


Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

  • Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.



Серуен №14

Армысың жер ана! (бақылау -зерттеу)

Мақсаты: Температура төмендеген сайын жер бетінің қататыны жайлы білім беру. Зерттеу арқылы жердің қатқанын көрсету.


Серуеннің барысы


  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

  • Күздің неше айы бар? (үш айы бар)

  • Қазір қай ай? (Қараша)

  • Далада ауа райы қандай екен? (Күн ызғар, суық)

Қараша айы келіп, күн суытты. Қыс мезгілі де жақын қалды. Балалар, біз сендермен жерге бақылау жасап көрейікші. Құмды қопсытатын күрегімізді алып, жерді қазып көрейік.

  • Жер қандай екен? (Қатты)

  • Ол неге қатты деп ойлайсыңдар? (өйткені күн суытып, жер де қата бастады)

Дұрыс айтасыңдар.


Қ.о: «Ұшқыштар»

Мақсаты: Қимыл қозғалыстар арқылы балалардың денелерін шынықтыру, сапқа дұрыс тұра білуге тәрбиелеу. Мазмұны:Балалар алаңның әр жерінде, 3-4 жалаушалармен белгіленген сапта тұрады. Ойнаушылар ұшқыштар болып дайындалып тұрады.Тәрбиеші «ұшуға әзір» дегенде балалар қимыл қозғалысқа келеді. «Ұшыңдар» деген кезде жан-жаққа ұша жөнеледі. Тәрбиеші «қоныңдар» деген белгі берген кезде олар өз саптарына тұра қалулары тиіс. Ойын 2-3 рет жалғасады. Қ.о: «Секірмектері бар дақшалар» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту.Топтасып ойнай білуге тәрбиелеу. Мазмұны: Екі ойыншы таңдалып алынады. Нұсқаушы оларға секірмек береді, олар оның бір ұшын ұстап алаңдағы балаларға тигізіп «дақтандыруға» тырысады. Кімге секірмектің ұшы тиеді сол ойыннан шығады. Бәрін ұстап болғаннан кейін екі «дақшалар» бір уақытта екі баланы бірдей ұстап алуы қажет. Олар ойынды әрі қарай жалғастырады. Кімде кім бір рет ұсталмаса сол жеңімпаз саналады. Ойын екі рет қайталанады.

Ауладағы еңбек: Алып шыққан күректерді жинау.


Серуен №15

Күзгі ызғар (бақылау)

Мақсаты: Ызғар мен алғашқы қардың айырмашылы

ғы неде? Жаңбырдың қарға айналуын белгілеу, ауа температура

сын өлшеумен байланыстыру дағдыларын дамыту.


Серуеннің барысы


  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

  • Күздің неше айы бар? (үш айы бар)

  • Қазір қай ай? (Қараша)

  • Далада ауа райы қандай екен? (Күн ызғар, суық)

Қараша айы келіп, күн суытты. Қыс мезгілі де жақын қалды. Балалар, біз сендермен не көріп тұрмыз. (Қар ұшқынын)

  • Қалай ойлайсыңдар, неге жаңбыр қар ұшқынына айналды?

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты жаңбырдың қар ұшқынына айналғаны жайлы түсіндіру.


Қ.о: «Қақталған шынжыр»

Мақсаты: Шыдамдылықты, топты қорғау үшін бүкіл күш-қуатын жұмылдыру икемділігін, жолдастық көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Мазмұны: Балалар бірдей екі топқа бөлінеді. Бір топ былай дейді: «қақталған шынжыр, бізді босатыңдар», Екіншісі «біздің қайсымыз?» - деп сұрайды. Бірінші топтың балалары ойыншының есімін атайды. Аталған бала жүгірген бойы екінші топтың шынжырын үзуге тырысады. Егер үзіп шықса, кез келген ойыншыны алады, үзе алмаса-өзі осы топта қалады.

«Сенімді қол» ойыны

Мақсаты: Мергендікті дамыту.

Мазмұны: Ойын үшін қар жалы таңдалады.Ұзындықтары бірдей тағы бір немесе бірнеше таяқ керек болады. Кім найзаны қарға барынша терең қадай алса сол жеңімпаз.

Ауладаға еңбек:

Қоқыстарды жинау.





Серуен №16

Күзгі күн көзі (бақылау)

Мақсаты: Бағыт-бағдарды таңдап, бақылаулар жүргізу. Күн төмендеген сайын ауа температурасы төмендейтіні жайлы білімдерін пысықтау.


Серуеннің барысы


Көркем сөз
Алақай, алақай
Күн шықты
Жер үстіне, нұр шықты
Мысал сұрақтар
- Күннің көзі қай мезгілде шығады?
- Күннің көзі бізге не береді?
- Күннің түсі қандай
- Егер күннің көзі шықпаса не болады?
- Күннің көзінің адамға пайдасы бар ма?
- Күннің пішіні қандай?
Қ.о: «Пойыз»

Мақсаты: Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.

Мазмұны: Әрбір ойыншы өз депосын жасайды (өзінің қасынан шағын шеңбер сызады) Алаңның ортасында жүргізуші -«паровоз» тұрады. Ол барлық «вагондарды» (балаларды) жинағанша бір «вагоннан» екіншісіне барады. Жүргізуші –«паровоз» кенет ысқырады, барлық ойыншылар, «паровоз» да «депоға» қарай жүгіреді. Орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге – «паровозға» айналады.

Қ.о: «Жүйріктер жеңеді» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Бір жаққа ойыншыларға түгелдей жетерлік мөлшерде екі түрлі таяқшалар тасталады. Ойынды жүргізуші ретінде басқарушы тағайындалады. Ол төрешілік міндетті қоса атқарады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатынасушылар белгіленген көмбеге қарай тұра жүгіреді. Жеткен ойыншы өз командасының түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды. Қай түсті топтың ойыншылары өз командасының бояуына сәйкес таяқты белгілеген мерзімге көбірек алып келсе, сол топ жеңеді.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын сыпыру.


Серуен №17

Көкөністер мен жемістер (бақылау –зерттеу)

Мақсаты: Балаларды қызылша, картоп, қызанақ, қияр, қырыққабат көкөністерін ажыратуға үйрету. Балалардың сенсорлы сезімін дамыту. Көкөністің дәмі мен сапасын білу ынтасын тәрбиелеу. Көкөністер мен жемістердің пысқаны жайлы айтып, оларды ажырата алу дағдыларын дамыту. Көкөніс пен жемістердің адам ағзасына пайдалы екенін түсіне білуге үйрету. Серуеннің барысы

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

  • Күз екенін қайдан білдіңдер? (Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр, күн суыта бастады)

  • Бау-бақшада нелер пысты? (көкөністер мен жемістер)

Дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілі келіп көкөністер мен жемістер толығымен пысты. Күз айында өсімдіктер өсуін тоқтатады екен. Талдарда қысқа дайындалады. Қыста олар ұйқыға кетеді.

Біз қазір сендермен, ауладағы бақшамызға барып қызанақ пен қиярға бақылау жасайық. Олардың түсі қандай, пішіні қандай көрейік.

Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

  • Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау.

Серуен №18

Жәндіктер мен құстар (бақылау)

Мақсаты: Жәндіктердің күннің суытуына байланысты тығылатыны жайлы білімдерін пысықтау. Құстар жылы жаққа ұшады. Суда жүзетін құстар кеш ұшатыны жайлы білім беру. Табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.


Серуеннің барысы

Ойын алаңына шығып жәндіктерді іздеу.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, жәндіктер қайда кеткен?

  • Олар неге жоқ болып кетті?

  • Қыста олар не істейді?

Жәндіктер күннің суытуына байланысты тығылып қалады екен. Күн суытты. Оларда жаз мезгілінде өздеріне қажетті қоректі жинап алып, қыста өз індерінде, ұяларында тығылып жатады.

  • Ал құстар не істейді? (Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді)

  • Қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер? (суық торғай, көгершін, қарға т.б)


Құстар туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?

  1. Құсқа тас лақтырма.

  2. Құс ұясын бұзба.

Дұрыс айтасыңдар, құстар біздің досымыз. Оларды аялап, қорғауымыз керек.

Қ.о: «Торғай мен көлік»

Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, жолда абайлап жүруге тәрбиелеу.

Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Құстарға ұя жасау.








Серуен №19

Ашық аспан (бақылау)


Мақсаты: Балалардың аспан туралы түсініктерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту.


Серуеннің барысы


Көркем сөз
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шамалап
Мен ғарышкер боламын
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін аспан қандай?
- Аспанда бұлт болса не болады?
- Аспанда қандай көлік түрлері ұшады?
Ұ.о: «Балапандар»

Мақсаты: Балалардың зейінін, икемділігін дамыту.

Мазмұны: Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта «ұябасар» және оның «балапандары» бар. Санамақтың көмегімен үш «лашын» таңдалады.

Үш топ «балапандар» өзара қол ұстасып, тізбек түзе «ұябасардың» соңынан ілеседі. «балапандар» былай әндетеді:

  • Қол ұстасып, сап түзеп.

Дос боламыз бәріміз,

Балапандар батырмыз.

Тайсалмаймыз лашыннан,

Әсемдікті көруге,

Серуенге барамыз!

Мұнда «ұябасарлар» соңынан «балапандарын» ілестіріп, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Егер осы сәтте тізбек үзілетін болса, қалып қойған ойыншыларға «лашындар» шабуыл жасайды. «Лашын» енесінен ажырап қалған «балапандарды» ғана аулайды. Сондықтан «балапандар» қайтадан тізбекке тұруға тырысады. Ал «ұябасар» өз «балапандарын» тек «лашын» шабуыл жасар сәтте ғана қорғайды. Егер «ұябасар» өз «балапандарын» қорғау кезінде «лашынға» қолын тигізсе, ол ойыннан шығады.

Ауладағы еңбек: Ойын алаңын түскен жапырақтардан тазарту.


Серуен №20

Біз құстарға ұя жасадық ( бақылау-еңбек)


Мақсаты: Балаларға құстың ұясы туралы мағлұмат беру. Ұяны құстар неден және қалай жасайтыны туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ұя жасауға баулу.

Серуеннің барысы


Көркем сөз
Торғай, торғай тоқтаған
Торғайды торғай мақтаған
Бір торғай ұшса боранда
Бәрі жабылып жоқтаған
Жұмбақ
Тал басында түндіксіз отау (ұя)
Мысал сұрақтар
-Балалар біз ағаштың басынан не көріп тұрмыз?
-Құстар ұяны не үшін жасайды?
-Қай құс ұясын балшықтан жасайды?
-Құстың ұясын бұзуға бола ма?
-Қандай құс ұя салмайды?
-Біз құстарға ұя жасауымыз керек пе?

Балалар, күз мезгілі бітіп қыс келе жатыр. Күн суытып, ызғар басталды. Қыстап қалатын құстар тонып қалмас үшін оларға ұя жасауымыз керек. Балалармен бірігіп алдан ала дайындалған материалдарды құрастырып ұя жасау.
Қ.о: «Торғай мен көлік»
Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы балалардың бұлшық еттерін дамыту, жолда абайлап жүруге тәрбиелеу. Мазмұны: Алаңның шекарасы сызылады. Алаңның бір шетінде торғайлар, екінші шетінде гараж. Тәрбиеші «торғайлар ұясынан ұшады» дейді. Балалар орындықтан секіріп қимыл қозғалыстар жасайды. Гудок беріліп көлік көрінеді. Торғайлар үркіп, өз ұяларына ұшып кетуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Ауладағы еңбек: Құстарға ұя жасау.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
9339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі