ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Студент: Жеңісқызы Назгүл
Ғылыми жетекші: Сарсенбай Гүлмарал Әбілқайырқызы
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі , Шымкент, Қазақстан
Түйіндеме
Мақалада «Шешендік өнердің тарихы мен зерттелуі» туралы сөз етілді.
Резюме
В статье речь шла об «Истории и изучении ораторского искусства".
Summary
The article talked about " The history and study of oratory."
Қазақтардың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады. Өз кезінде жырау-шешендер, би-шешендер, ақын-шешендер артына ғибратты сөздер қалдырғанымен, шешендік сөздерді теориялық жағынан тұжырымдаған жоқ.
Ал А.Байтұрсынұлы зерттеулері – қазақ шешендік сөзінің сипаты мен түрлері, тілдік көркемдік белгілері туралы жазылған алғашқы еңбек. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде шешендік өнерді сөз өнеріне жатқызып, сөз өнерінің ішкі және тысқы қалпын теориялық жағынан толық негіздеп береді. Гректер мен римдіктер «өнердің патшасы» ретінде санаған шешендік өнердің қазақ елінде де қасиеті саналғанын түсінген ғалым қазақ шешендік сөздерін зерттеп зерделеуде де алғашқы болады. «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде ол өнердің түрлі-түрлі болатындығын, солардың ішіндегі ең алды сөз өнері екендігін «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық мақалымен растады. Бұл мақалды шығарған қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық болғандығын айтты. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы атын «шығарма сөз» деп атады да, ғалым шығарманың мазмұнына қарай үш түрге: әуезе, әліптеме, байымдамаға бөлінетіндігіне тоқталады. Болған оқиғаны бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру-әуезе болады. Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару — әліптеме болады. Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Сондықтан шығарманың асылы – байымдама дей келіп, оларды негізгі белгілеріне қарап бірнеше түрге бөледі де, шешен сөз бен көсем сөзді байымдауға жатқызады. Шешендік сөздің байымдамасы басқа түрлерінен өзгешелігі – шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру екендігін айтады.
А.Байтұрсынұлы да өзге ғұламалар тәрізді шешендік сөздің құрылымын белгілеп береді. Ежелгі Рим дүниесіндегі шешендіктің теоретигі Цицерон нені айтуды білу үшін, шешендік сөздің құрылым жағынан үш бөліктен тұратынын білу керек, олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды екенін нұсқаса, А. Байтұрсынұлы: «Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1.Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы» — дейді. Ұлы ғалым әр бөліктің айтылу мақсатына қарай қажетті атауларды таңдап қоя білген. Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасап, методологиялық арналарын белгілеп берген А.Байтұрсынұлын қазақ шешендік сөздерінің алғашқы теоретигі деуге әбден болады. А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбымен мазмұнына, айтылу орнына қарай бес түрге бөледі: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде – саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері – билік шешен сөзі деп аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі – қошемет шешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені – білімір шешен сөзі деп аталады; ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі – уағыз деп аталады. Ол демек шешендік сөздерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен оны кейін өңдеп жөндеуші сақтаушы халық. Сондықтан оның шын иесі авторы да халық дейміз деген ой айтады. Ал оның шешендік сөздерден құрылысына қатысты бірен-саран өңдеу, жөндеу жасау кез келген кісінің қолынан келе бермейді — дейтін пікір де шешендік сөздердің «халықтығын» паш етіп тұрмағанын баяндауға болады.Шындығында М.Әуезов есте қалмаған ескі заманда шыққан Алдар көсе, Жиренше, шешен әңгімелерін, халықтық аңыздарды ғана қалың бұқара туындысы деп бағалаған. Демек тарихи таңба бедері бар шешендік сөздердің жолы басқаша. Олардың белгілі бір би шешенге тән екенін нақтылы тарихи оқиғалар шеңберінде айқындауға болады. Айталық «Алты Емен дауына дауа» сөзінің тек Бөлтірік шешен атынан айтылуының мәнісі осында. Көп нұсқалы болуын мұраны жеткізушінің шығармашылық құрамы деп түсінген жөн. Сонымен қатар шешендік сөздердің авторлығына қатысты мәселенің бірі – дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйткені оларды айтушы адам сөзі өтімді болу үшін көнеден қалған сөзді өз елінің беделді би шешендерінің атынан айтқан. Әйткенде, бұл кемшіліктердің сөзге ұйытудың тәсілі екені рас. Алайда дәстүрлі тарихи деректер мен шежірелер, жазба мұрағаттар айғақ болмақ жағдайларда да дәстүрлі шешендік сөздердің алғашқы шығарушысын айқындау қиын. Дейтұрғанмен де ауызша сақталып жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің билер сөзі екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі ауызша тарағандығымен байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Олай болса, ұлы М.Әуезов пікірін қазық ете отырып, жаңаша таным тұрғысынан шешендік өнердің авторлы шығарма екенін танытатын еңбектің бірі – Бөлтірік Әлменұлының «Шешендік сөздер» жинағы. Белгілі ғалым Ж.Дәндібаев «Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері» атты оқу құралында Бөлтіріктің Төленің шешендік сөздерін олардың төл туындысы ретінде қарастырады. Сондай-ақ белгіл би-шешендерінің өнер туындысының көркем шығарма екендігіне көз жеткізеді. Сонымен қатар ұлы жазушы М.Әуезов аталмыш еңбегінің «Билер айтысы» деген тараушасында бұл жанрлық түрдің толық жиналмағандығы зерттеу ісінде қиындық келтіретінін, сондықтан оны сол кезеңде түгел жіктеп бөліп қоюға болмайтынын айта отырып: «Бірақ бұл жіктеу уақытша ғана жіктеу және ылғи ішкі мағынасына қарай жасалған жіктер болады» — деп ескертеді.
Әдебиеттер:
1. «Шешендік өнер», «Атамұра», Серік Негимов, Алматы. 2010ж
2. «Қазақтың шешендік өнері», Балтабай Адамбаев. Алматы, 2008
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шешендік өнер тарихы мен зерттелуі

шағым қалдыра аласыз