Шешендік сөз бен шешенсөз айырмашылығы және мысалдар
Шешендік сөз бен шешенсөздің ара жігін айыра алмай жатамыз. Шешенсөз және шешендік сөз дегенде ойымызға ең алғаш тауып айтылған сөз, өз ойын көркем сөзбен өрнектеп жеткізетін адам елестейтіні рас. Алайда, екеуі екі түрлі мағына беретінін мен тек сабақ барысында түсіндім.
Шешендік сөз дегеніміз- ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, тілге жүйрік сөз қисынын тауып айту. Байламды, дер кезінде дәл мағынасын дөп басып мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы. Дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік, елшілік, жаугершілік кезінде бітімге шақыру. Ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. Шешендік сөзді Сағатбек Медеубекұлы өз кітабында (Замансөз: генезис және типология) мынадай топтарға бөліп қарастырған:
-
Шешендік сын
-
Шешендік өсиет
-
Шешендік нақыл
-
Шешендік терме
-
Шешендік толғау
-
Шешендік дау
“Шешендер сөзді мәнділігіне, дәлдігіне қарай іріктеп, сұрыптап алумен бірге сұрыптап өзара ұйқасып, үндесіп келуіне үлкен мән берген”-деп жазады. Мысалы: әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.
Шешенсөз - әлеуметке ауызша айту арқылы дегенін істету. (Сағатбек Медеубекұлы) шешенсөз тек бір адамның айтуымен ғана болмайды. Оған қоғамда қатысады. Себебі, шешен өз сөзін айтқан кезде оны халық түсінуі қажет. Ой түйе білу керек. Егер тыңдаушы түсініп, қабылдаса шешеннің өз миссиясы орындалды яғни айтылған сөзі белгілі бір мәнге ие болады. Айтылған сөзді қабылдамаса, түсінбесе, мойындамаса ол шешен үшін ең үлкен сын. Айтылған әңгіме сол жерде жәй ғана сөз болып қала береді. Қазақ “тыңдаушысы жоқ сөз жетім”, деп бекер айтпаған ғой. Мысалы: Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп сөйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті «Қасқакөл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі – Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген сөздері.
Жаманбай Маржан
301
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шешендік пен шешенсөздің айырмашылығы
Шешендік пен шешенсөздің айырмашылығы
Шешендік сөз бен шешенсөз айырмашылығы және мысалдар
Шешендік сөз бен шешенсөздің ара жігін айыра алмай жатамыз. Шешенсөз және шешендік сөз дегенде ойымызға ең алғаш тауып айтылған сөз, өз ойын көркем сөзбен өрнектеп жеткізетін адам елестейтіні рас. Алайда, екеуі екі түрлі мағына беретінін мен тек сабақ барысында түсіндім.
Шешендік сөз дегеніміз- ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, тілге жүйрік сөз қисынын тауып айту. Байламды, дер кезінде дәл мағынасын дөп басып мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы. Дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік, елшілік, жаугершілік кезінде бітімге шақыру. Ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. Шешендік сөзді Сағатбек Медеубекұлы өз кітабында (Замансөз: генезис және типология) мынадай топтарға бөліп қарастырған:
-
Шешендік сын
-
Шешендік өсиет
-
Шешендік нақыл
-
Шешендік терме
-
Шешендік толғау
-
Шешендік дау
“Шешендер сөзді мәнділігіне, дәлдігіне қарай іріктеп, сұрыптап алумен бірге сұрыптап өзара ұйқасып, үндесіп келуіне үлкен мән берген”-деп жазады. Мысалы: әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.
Шешенсөз - әлеуметке ауызша айту арқылы дегенін істету. (Сағатбек Медеубекұлы) шешенсөз тек бір адамның айтуымен ғана болмайды. Оған қоғамда қатысады. Себебі, шешен өз сөзін айтқан кезде оны халық түсінуі қажет. Ой түйе білу керек. Егер тыңдаушы түсініп, қабылдаса шешеннің өз миссиясы орындалды яғни айтылған сөзі белгілі бір мәнге ие болады. Айтылған сөзді қабылдамаса, түсінбесе, мойындамаса ол шешен үшін ең үлкен сын. Айтылған әңгіме сол жерде жәй ғана сөз болып қала береді. Қазақ “тыңдаушысы жоқ сөз жетім”, деп бекер айтпаған ғой. Мысалы: Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп сөйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті «Қасқакөл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі – Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген сөздері.
Жаманбай Маржан
301
шағым қалдыра аласыз













