Материалдар / Шет тілі сабағында СТО технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шет тілі сабағында СТО технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

СМК ПП-5.3-91-01

Курстық жұмысты жазу және қорғау туралыЕреже /

Положение о защите курсовой работы

Издание / басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 10





Шет тілі сабағында СТО технологиясы

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Бұл модуль шеңберінде біз сонымен қатар әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды («Оқу үшін бағалау» модулі) және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды («Талантты және дарынды балаларды оқыту» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модульдері) қарастырамыз.

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.



    1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы


Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар [6].

Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:

- Мен не білемін?

- Мен жаңаша нені білдім?

- Менің білімім қалай өзгерді?

- Мен осы біліммен не істей аламын?

XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей   құралмен қамтамасыз ету [7].

Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:


Ескілер

Жаңалар

Оқушы

- Білім мен дағдыны игереді;
- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;
- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;
- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде  қабылдау;
- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.

- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;
- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркіментаңдау мүмкіндігінің  болуы;
- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіружәне оларға жету тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

Оқу үрдісі

- тәжірибе мен білімді беру;
- тұрақты білім негізіндеоқыту;
- еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;
- білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы.

- оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;
- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлаунегізінде оқыту;
- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алутәсілдерін үйрену;
- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.

Нәтиже

- оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау; 
- жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.

- Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;
- өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің   инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;
- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.


Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама [8].

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жағынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Сын тұрғысынан ойлауды үйретудің өзіндік қажет ұстанымдары бар.

- Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін қажет әрекеттер.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:

қызығушылықты ояту;

мағынаны ашу;

ой толғаныс.

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»

Кезеңнің мақсаттары:

оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;

оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;

оқушының белсенділігін ояту;

Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнің мақсаты:

жаңа ақпаратпен танысу;

жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.

Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер

мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;

жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;

қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.

Белсенді оқу әдістерін қолдану:

инсерт;

екі жақты күнделік;

қосымша журнал;

сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі [9].

Үшінші кезең «Ой толғау»

Кезеңнің мақсаты:

қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.

оқылған материалды талдау және қорытындылау.

тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.

Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.

өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.

Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру

әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.

түйін сөздерге қайта оралу.

дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.

рефлексивті сұрақтар

пікір алмасу.

шығармашылық жұмыстар

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану балалардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті [10].

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

  • Қызығушылықты ояту

Үйрену процесі – бұл ескі және жаңа білімдердің жиынтығы. Студенттың түсініктерді, ұғымдарды, өзінің өткен білімдерін жаңа мәліметтермен кеңейтеді. Демек, сабақ оқушының зерттелетін пән туралы не білетінін және не айта алатындығын білуден басталады. Демек, ол мидың қабатын ынталандырады, оятады және ынталандырады. Осы кезеңде қызмет ететін «Топтастыру», «Түрткілеу», «Ой қозғау», «Жұптық талқылау», «Болжау», «Әлем артынан саяхаттау» және т.б. Студенттің тиімділігін арттыру - қозу кезеңінің екінші мақсаты деп аталатын технологиялар (стратегиялар) бар. Ақыр соңында, оқыту белсенділікті қажет ететін, бірақ пассивтілікті қажет етпейтін іс-әрекет екендігі даусыз. Жаратылыстанушы ғалым білгендерін еске түсіреді, жазып алады, көршісімен бөліседі, топта талқылайды. Басқаша айтқанда, кейде ол сөйлейді, бөліседі, бөліседі, оның идеялары ашылады және жетілдіріледі. Демек, қатал ойлауға біртіндеп қадам жасалады. Осы кезде студент жаңа білім туралы ақпарат жинайды және оларды ескілермен біріктіреді. Бұл бағдарламаның білім мен оқуға бағытталған екінші тармағы - мағынаны ашу (түсіну). Бұл кезеңде студент жаңа піскен ақпаратпен байланысады, тақырып бойынша қызмет етеді, тапсырмаларды орындайды. Бұл оған өз бетінше жұмыс істеуге және белсенді болуға мүмкіндік береді. Оқушыларға берілген тақырып бойынша әрекет етуге көмектесетін оқыту стратегиясы бар. Олардың бірі - INSERT. V - «Мен білемін», - - «Мен түсінбеймін», + - «Мен үшін жаңа көмек» ,? - Мен «тосын сыйлар» жазбасымен мәлімдеймін. INSERT - оқыған нәрсені ой елегінен өткізуге, өз ойларыңды түзетуге және өз ойларыңды айтуға үйрететін күшті құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың мақсаты:

а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;

ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;

б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:

  • І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).

  • ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.

  • ІІІ-ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:

Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

Сабақтың жоспары:

Психологиялық дайындық.

Ой ашар.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау.

ә) Өзіндік жұмыс.

б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

ІІ. Мағынаны ашу сатысы.

а) Топпен жұмыс.

ә) Бес жолды өлең.


ІІІ. Ой толғаныс сатысы.

а) Венн диаграммасы.

ә) Бағалау.

б) Үйге тапсырма.


2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

Мен жұмыс жасап отырған технологиямен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені мына кесте арқылы салыстыруға болады:

Дәстүрлі сабақтар

  • Мұғалімнің әдістері

  • Оқушының іс-әрекеті

  • Тақырыпты түсіндіреді

  • Мазмұнын айтып береді

  • Кейіпкерлер туралы айтып береді

  • Кейіпкерге мінездеме береді

  • Мәтіннің идеясын анықтайды

  • Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

  • Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

  • Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

  • Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

  • Шығарма жазады

  • Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

  • Жауап береді


II. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


2.1 Дүниетанымның мәні, қызметі.Ғылыми дүниетаным тұралы жалпы түсінік


Жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуда оларда ғылысми дүниетаным қалыптастырудың маңызы зор. Ғылыми дүниетаным адамға қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдауға және қорытуға, оларға объективті баға беруге көмектеседі.

Дүниетанымның қалыптасу процесі күрделі, көп қырлы процесс, сондықтан педагогика ғылымында бұл ұғымға деген әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Дүниетанымның күнделікті тұрмыстық дүниетаным, діни дүниетаным, ғылыми дүниетаным және т.б. түрлерін атауға болады.

Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.

Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылым

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!