Қ
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық Университеті
Гуманитарлық Ғылымдар Жоғары Мектебі
6B01730 Шетел тілі: екі шетел тілі
Шетел тілін үйретуді интерактивті режимде ұйымдастыру
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмыс
Орындаушы: ШТА-31 тобының
студенті: К.Толкунова
Павлодар 2024
МАЗМҰНДАМА
1. ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Интерактивті оқытудың мәні мен мақсаты 5
1.2 Оқытудың интерактивті әдістерінің түрлері 8
1.3 Заманауи интерактивті платформалар мен құралдар 12
2. ШЕТ ТІЛІН ҮІРЕТУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ 16
2.1 Интерактивті әдістердің білім алушыларға әсері 16
2.2 Интерактивті оқыту әдістерінің тәжірибелік қолданылуы 18
2.3 Шетел тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолданудың артықшылықтары мен қиындықтары 20
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР 23
3.1 Интерактивті оқытудың оқу тиімділігіне әсері 23
3.2 Оқу процесін жоспарлауда интерактивті әдістерді енгізу 26
3.3 Шет тілін интерактивті оқытуды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар 28
КІРІСПЕ
Шeтeл тiлiн үйрeту қaзiргi бiлiм бeру жүйeсінің мaңызды aспектісі бoлып тaбылaды. Жаһандану үдерісінің қарқынды дамуы, халықаралық қатынастардың кеңеюі, сонымен қатар технологиялардың алға басуы шетел тлін меңгеру қажеттілігін арттырып отыр. Шетел тілін үйретудің дәстүрлі әдістері өз тиімділігін біртіндеп жоғалтуда. Білімді жетілдіру үшін білім берудің дәстүрлі әдістерінен заманауи талаптарға сәйкес жаңа, белсенді әдістерге көшу қажеттілігі туындап отыр. Бұл міндетті тек интерактивтік оқыту әдістерін қолдану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бүгінгі таңда білім алушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілетін дамыту, олардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсатында интерактивтік оқыту әдістері маңызды әрі тиімді кұрал ретінде қарастырылуда. Оқу үдерісіне интерактивті режимді енгізілуі білім алушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттырып қана қоймай, олардың сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
Зерттеудің өзектілігі
Шетел тілін интерактивтік әдістермен оқыту – білім беру саласындағы өзекті мәселе. Дәстүрлі оқыту әдістері білім алушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды. Қазіргі заманда студенттер тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық дағдыларды да меңгеруі қажет. Сондықтан заманауи талаптарға сай оқыту тәсілдерін, соның ішінде интерактивтік әдістерді енгізу аса өзекті болып отыр. Интерактивтік оқыту әдістері арқылы білім алушылардың мотивациясы мен белсенділігі артады, олар тек тыңдаушы еме, белсенді қатысушы рөлін атқарып, шет тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Тақырыпты таңдаудың себебі Шетел тілін үйретуде интерактивтік әдістердің маңыздылығын, тиімділігін зерттеу және олардың оқу процесіне әсерін көрсету.
Зерттеудің мақсаты – шетел тілін үйретуде интерактивтік режимді ұйымдастырудың тиімділігін зерттеу, сондай-ақ бұл әдістердің білім алушыларға әсерін талдау.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері
-
Интерактивтік оқыту әдістерінің түрлерін анықтау;
-
Интерактивті әдістердің білім алушыларға әсерін талдау;.
-
Интерактивті әдістерді қолдану тиімділігін зерттеу;
-
Шетел тілін үйретудегі интерактивтік режимнің артықшылықтары мен тиімділігін зерттеу;
-
Оқу процесінде интерактивтік әдістерді енгізу бойынша ұсынымдар жасау.
Зерттеу нысаны – шетел тілін оқыту процесі, әсіресе интерактивті режимде ұйымдастырылған сабақтар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту.
Зерттеу пәні – шетел тілін оқытуда интерактивті әдістер мен технологияларды қолданудың теориялық және практикалық аспектілері, олардың білім алушылардың сөйлеу қабілетін, коммуникативтік дағдыларын дамытуға әсері.
Зерттеу әдістері - шетел тілін оқыту әдістемесіне, интерактивті оқыту тәсілдеріне арналған ғылыми әдебиеттерді теориялық талдап, студенттер және оқытушылармен сұхбат, эмпирикалық талдау.
Зерттеудің теориялық мағызы – интерактивті оқыту әдістерін шетел тілін үйретуде қолданудың тиімділігін зерттеу.
Зерттеудің практикалық маңызы – зерттеу нәтижелері мұғалімдерге шетел тілін оқытуда интерактивті әдістерді тиімді қолдану бойынша ұсыныстар береді.
Зерттеудің жаңалығы – шет тілін оқытудағы интерактивті әдістердің тиімділігін және олардың білім алушыларға әсерін терең зерттеуге негізделген.
Қaзiргi уақытта шeтeл тiлдeрiн оқыту әдiстeмeсiнде бiлiм aлушылaрдың шeтeл тiлiне дeген қызығушылығын aрттыру, оны сaқтап, әрi қарaй дaмыту мәселелерінe ерeкше көңіл бөлінуде. Зaманауи мұғалiмнің басты мiндеті – тiл үйрeнуге қoлайлы жaғдай жасaп, әр oқушының қызығyшылық саласын, мoтивациясын анықтаyға жәнe олардың шығармaшылығы мен қиялын дaмытуға мүмкіндiк берeтін oқыту әдістерiн таңдау.
Тілді оқыту үдерісі негізінен екі әрекетке негізделеді: білім беру және білім алу. Бірінші жағдайда мұғалім қажетті ақпаратты береді, ал оқушылар оны қабылдайды. Инновациялық әдістер де осы үдеріс негізінде жұмыс істейді және олардың мақсаты – жаңа оқу жолдары мен әдістерін, соның ішінде жаңа техникалық құралдарды пайдалана отырып, мұғалім мен оқушылардың әрекеттерін бағалау.
И.Д. Зверевтің пікірінше, оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың білім беру мақсаттарына жетуге бағытталған бірлескен әрекеті. Мұғалім әртүрлі таным көздерін пайдалана отырып, оқу үдерісін басқарады. Шет тілдерін оқытуда әдістемелік тәсілдің үш әдіспен жүзеге асырылатынын атап өту маңызды: пассивті әдіс, белсенді әдіс және интерактивті әдіс.[1]
Пассивті әдіс - бұл әдісте мұғалім оқыту үдерісінің басты орталығында болатынын атап өту керек: мұғалім белсенді рөл атқарады, ал оқушылар тек тыңдап, қабылдаушы рөлінде қалады. Оқушылардың білімін бақылау сұрақтар қою, тест тапсыру сияқты тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Алайда, бұл әдіс тек тәжірибелі мұғалім қолданғанда ғана тиімді бола алады. Пассивті әдіске мысал ретінде дәріс оқуды келтіруге болады.
Белсенді оқыту әдістеріне келсек, бұл әдістер мұғалім мен оқушылардың өзара тең дәрежеде әрекеттесуі арқылы жүзеге асады. Мұнда екі тараптың да рөлі маңызды. Мысал ретінде дидактикалық ойындарды, нақты жағдайларды талдауды және басқа да интерактивті тәсілдерді атауға болады.
Қазіргі уақытта оқыту жүйесінде ең танымал және ең тиімдісі – интерактивті әдіс. Интерактивті оқыту ұғымы ағылшын тіліндегі "interaction" сөзінен алынған болып, «Өзара әрекеттестік», «Бір-біріне әсер ету», яғни, мұғалім мен оқушының бір-біріне әсер етуі және олардың өзара қарым-қатынасы деген мағынаны білдіреді. Интерактивті оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей байланысқа негізделген, шығармашылық және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған оқу әдісі. Бұл әдіс оқушыларды тек тыңдаушы ретінде емес, белсенді қатысушылар ретінде қарастырады. Мұғалімнің рөлі – оқушыларды бағыттау, ынталандыру және олардың пікірлерін құрметтеу. Сабақтарда топтық жұмыстар, пікірталастар және практикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың арадағы коммуникациясы мен өзара әрекеттесуі күшейеді.
Интерактивті оқытудың мәні – оқу процесінің ұйымдастырылуы, оның барысында барлық оқушылардың белсенді қатысуы, өз білімдері мен ойларын түсіну және оларды рефлексиялауға мүмкіндік беріледі. Оқушылардың ортақ әрекеті білімді меңгеру, оқу материалын дамыту барысында әрбіреуінің жеке үлесі болады; білім, идея және іс-әрекет тәсілдері алмасады. Бұл процесс достық және өзара қолдау атмосферасында өтеді, ол тек жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар танымдық белсенділікті дамытуға, ынтымақтастықтың жоғары формаларына көшуге мүмкіндік береді.
Интерактивті оқытудың мақсаты — оқушылардың білім алуын тиімді, қызықты әрі шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру. Бұл процесс тек білім берумен шектелмей, оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына да бағытталған.
Интерактивті оқытудың негізгі мақсаттары:
-
Оқу және танымдық мотивацияны ынталандыру;
-
Тәуелсіздік пен белсенділікті дамыту;
-
Аналитикалық және сыни ойлауды тәрбиелеу;
-
Коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру;
-
Оқушылардың өзін-өзі дамытуы.
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
|
№ |
Мақсаттар |
Түсіндірме |
|
1 |
Оқу және танымдық мотивацияны ынталандыру |
Оқушыларды білім алуға қызықтыру, олардың білімге деген ынтасын ояту. |
|
2 |
Тәуелсіздік пен белсенділікті дамыту |
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне және шешім қабылдауына үйрету. |
|
3 |
Аналитикалық және сыни ойлауды тәрбиелеу; |
Оқушылардың ақпаратты талдай білу, логикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту. |
|
4 |
Коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру |
Сөйлесу, пікір алмасу, топпен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру. |
|
5 |
Оқушылардың өзін-өзі дамытуы. |
Өз мүмкіндіктерін анықтау, жеке қасиеттерін дамыту және өз-өзіне сенімді болуды қалыптастыру. |
“Кестеде” интерактивті оқытудың негізгі мақсаттары мен олардың түсіндірмелері көрсетілген. Бұл мақсаттар білім беру процесін жаңартуға және оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, өз бетінше жұмыс істеу, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Интерактивті әдістерді қолдану қазіргі заман талабына сай білім берудің тиімді жолы болып табылады. Интерактивті әдістер оқушыларды білім алуға толыққанды қатыстыру, оларды пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және ойлау қабілетін жетілдіруге ынталандыру. Бұл әдіс қолайлы ортада жүзеге асады, онда оқушылар өзара қолдау көрсетіп, топтық жұмыста өз идеяларын еркін ұсына алады. Мұндай тәсіл тек білім алуға ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі дамытуына және өз қабілеттерін ашуына ықпал етеді.Сонымен қатар, интерактивті оқытуда мұғалім оқушыларды тек бақылаушы ретінде емес, серіктес ретінде бағыттайды. Сабақтағы жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың белсенді қатысуын талап етеді, бұл олардың оқу барысына қызығушылығын арттырады.
Білім беру процесінде оқыту әдістерін дұрыс таңдау – оқушылардың табысты білім алуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға және өмірде кездесетін түрлі мәселелерді шешуге бағытталған. Осы мақсатта оқытудың интерактивті әдістері ерекше орын алады.
Интерактивті әдістер – бұл оқушылар мен мұғалімнің өзара әрекеттесуі арқылы білімді игеру процесін жандандыратын оқыту тәсілдері. Олар тек ақпаратты беріп қана қоймай, оқушыны білім алу процесіне белсенді қатысуға ынталандырады. Бұл әдістер оқушыларды топтық, жұптық және жеке жұмыстарға тартып, олардың коммуникативті дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі.
Сабақта қолданылатын интерактивті әдістердің көптеген түрлері бар, бірақ олардың ішінен ең негізгі әрі тиімді деп саналатын әдістерді атап өтуге болады. Бұл әдістер оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, білім алу процесін қызықты әрі нәтижелі етеді.
«Рөлдік ойындар» (Role-Playing Games) — бұл шетел тілін практикалық түрде меңгеруге бағытталған белсенді оқыту әдісі. Қазіргі таңда шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарға үлкен қызығушылық танытылуда. Рөлдік ойын оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға көмектеседі, олардың ішкі әрекеттеріне оң әсерін тигізіп, мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайды, мотивацияны арттырып, жеке мүмкіндіктерді дамытуға ықпал етеді және оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Рөлдік ойындардың басты элементі – оқушыларға арнайы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беру, оларды әдеттегі оқыту жағдайларында меңгеру қиынға соғатын дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
Рөлдік ойындардың екі түрі бар: сценариймен және сценарийсіз. Сценариймен рөлдік ойындарда мұғалім оқулықтағы мысалды қолдануы мүмкін. Бұл әдіс әңгімелесу үшін жақсы қызықтыру жаттығуы болып табылады, мұнда оқушылар жұптарға бөлініп, әртүрлі рөлдерде сөйлеседі. Сценарийсіз рөлдік ойындарда оқушыларға белгілі бір рөлдер беріледі, және олар бар білгендерін пайдаланып, серіктестерімен сөйлесуі керек. Рөлдік ойынға мысал ретінде телефонмен сөйлесу (telephone conversation) алсақ болады.Телефон арқылы сөйлесу бетпе-бет әңгімелесуден өзгеше, себебі бұл жағдайда тек тіл арқылы қарым-қатынас жасалады. Оқушыларды арқаларына отырып жұмыс істеуге шақырыңыз, бұл оларды дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Мұнда әртүрлі ситуацияларды көрсету үшін көптеген идеялар қолданылуы мүмкін. Мысалы: шағым айту, досымен сөйлесу немесе жұмыс орны туралы сұрау.
«Миға шабул» (Brainstorming) – бұл жаңа идеялар ұсыну үшін қолданылатын топтық әдіс. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және мәселелерді шешуге көмектеседі. Әдетте, әдіс мәселелердің бірнеше шешімін ұсынады. Мұғалім барлық оқушылардың пікірін тыңдап, сынсыз объективті баға береді және оларды жауап беруге ынталандырады. Осылайша, оқушы өз идеяларын еркін білдіре алатын қолайлы оқу ортасы қалыптасады. Бұл әдіс шетел тілдерін үйренуге қызығушылықты арттырып, шығармашылық ойлауды дамытады. Мысал ретінде 6-сыныптағы "Present Continuous" тақырыбына арналған сабақ келтірейік. Мақсат — оқушылардың Present Simple және Present Continuous уақыттарын айыра білуін дамыту. Мұғалім: "I am reading a book" және "I read a book" арасындағы айырмашылықты сұрайды. Оқушылар өз ұсыныстарын айтады, және қорытынды жауап ретінде Continuous уақыттары орын алып жатқан, жалғасып жатқан әрекеттерді білдіретіндігі түсіндіріледі.
Ағылшын тілінде "cluster" сөзі "топтасу", "жинақталу" деген мағынаны білдіреді. Шетелдік сөздер сөздігіне сәйкес, "кластер" — бұл үлкен топтан белгілі бір белгілері бойынша ажыратылған объектілердің тобы. Қазіргі уақытта бұл әдіс шетел тілін оқытуда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс тілдерді үйренудің кез келген деңгейінде және оқушылармен қатар үлкен жастағы адамдарды оқытуда да қолданылуы мүмкін. Әдістің мәні мынада: мұғалім жаңа сөзді жазады, ал оқушылар сол сөзбен байланысты сөздерді айтады. Мысалы, мұғалім «Ағылшын» сөзімен сөз тіркестерін құрастыруды тапсырса, оқушылар келесі нұсқаларды ұсына алады: «dialects», «literature», «communication» және т.б. Осылайша , кластер барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарта отырып, олардың білім алуға деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар, бұл әдіс монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіруде тиімді жұмыс істейді.
«Кейс-әдіс» (Case Study) — бұл оқыту әдісі, онда студенттер нақты жағдайларды зерттеп, талқылап, шешімдер ұсынады. Ағылшын тілін оқытуда бұл әдіс студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға, сын тұрғысынан ойлауға және командада жұмыс істеуге көмектеседі.
«Дискуссия» әдісі — ағылшын тілін оқытуда кеңінен қолданылатын тәсілдердің бірі. Бұл әдіс студенттердің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, оқытушы қойған мәселені талқылау және даулы сұраққа дұрыс шешім табу үшін бағытталған. Дискуссия жалпы мағынада (латын тілінен discussio — қарастыру, зерттеу) белгілі бір мәселені адамдар тобының талқылау тәсілі ретінде түсіндіріледі. Дискуссия әдісін ағылшын тілі сабақтарында қолданудың мақсаты — тілдік және сөйлеу дағдыларын практикада тиімді пайдалану. Бұл әдістің тиімді болуы үшін оқушыларды шағын топтарға бөлу қажет, осылайша әр қатысушы өз идеяларын білдіріп, тақырыпты талқылауға белсенді қатыса алады. Бұл әдіс студенттерге айқын ойлауды дамытуға, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оның негізгі идеясын анықтауға және осы идеяны дәлелдеу мен негіздеу үшін қажетті аргументтерді табуға көмектеседі.
Синквейн әдісі «Sinquain» — шығармашылық және тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған, қарапайым әрі тиімді тәсіл. Бұл әдіс 20 ғасырдың басында Америкада жапон поэзиясының ықпалымен пайда болды. Синквейн, негізінен, бес жолдан тұратын өлең түрінде жүзеге асырылады:
-
1-ші жол: Тақырыптың атауы (1 зат есім).
-
2-ші жол: Тақырыпты сипаттайтын 2 сын есім.
-
3-ші жол: Тақырыпқа қатысты әрекеттерді білдіретін 3 етістік.
-
4-ші жол: Тақырыпқа қатынасты білдіретін 4 сөзден тұратын фраза (әртүрлі сөз таптары).
-
5-ші жол: Тақырыпқа синоним (1 сөз).
Синквейн әдісі оқушыларға тақырыпты тереңірек түсінуге, өз пікірлерін қысқа әрі нақты білдіруге көмектеседі. Бұл әдіс шығармашылықты жандандырып, оқу процесін қызықты етеді.
Дөңгелек үстел «Round table» — топтық талқылауды ұйымдастырудың формасы, оған екі жақтан да тең 15-25 адам қатысады. Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар арасында пікір алмасу жүреді. Бұл әдістің негізгі мақсаты — білім алушыларды бір-біріне қатысты тең жағдайға қою негізінде ұсынылған мәселелерді (тақырыптарды) еркін, реттелмеген түрде талқылау.
Дөңгелек үстелді өткізу кезінде қатысушылар шеңбер бойынша орналасады, коммуникация процесі «көзге көз» форматында жүреді. Бұл белсенділіктің артуына және әр қатысушының талқылауға белсене қатысуына мүмкіндік береді, сондай-ақ қарым-қатынастың бейвербалды құралдарын ынталандырады. Оқытушы да жалпы шеңберде топтың тең құқылы мүшесі ретінде орналасады, бұл жағдайды біршама ресми етеді.
Интерактивті оқыту әдістері ағылшын тілін үйретуде ерекше мәнге ие. Бұл әдістер студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алуды қызықты әрі тиімді етеді. Интерактивті әдістердің арқасында оқушылар тек ақпаратты меңгеріп қана қоймай, оны практикалық тұрғыдан қолдануға да үйренеді. Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтаса отырып жұмыс істеуі олардың пікір алмасуына, талқылауына және креативті шешімдер табуына мүмкіндік береді. Мұндай ортада студенттер өз ойларын еркін білдіріп, бір-бірінен үйренеді, бұл оқу процесін байытады.
Интерактивті әдістердің тағы бір маңызды аспектісі — шынайы өмірдегі жағдайларға жақындылығы. Оқушылар рөлдік ойындар, дискуссиялар және топтық жұмыстар арқылы тілді қолдану тәжірибесін алады. Бұл, өз кезегінде, олардың тілдік дағдыларын жақсартады және кәсіби ортада тиімді коммуникация жасауға дайындықтарын арттырады. Сонымен қатар, интерактивті әдістер оқушылардың мотивациясын көтеруге, олардың ынтасын арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Студенттер өздерінің идеяларын ұсына отырып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді, бұл олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын нығайтады.
Интерактивті оқыту әдістері ағылшын тілін үйретуді жаңа деңгейге көтереді. Олар білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың болашақтағы кәсіби және жеке өмірінде табысты болуына негіз болады. Заманауи білім беру талаптарына сәйкес келетін, тиімді әрі қызықты тәсілдерді қолдану — әрбір студенттің әлеуетін ашуға септігін тигізеді.
1.3 Заманауи интерактивті платформалар мен құралдар
Қазіргі заманғы қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық технологиялар дәуірінде шет тілдерін оқыту әдістері мен құралдары да түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласында интерактивті платформалар мен заманауи құралдарды пайдалану оқыту процесін тиімдірек, қызықты әрі нәтижелі етуге мүмкіндік береді. Әсіресе, шет тілдерін оқытуда бұл технологиялар ерекше маңызға ие. Олар тіл үйренушілерге жаңа тілдік ортаға енуге, сөздік қорын кеңейтуге, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ, грамматикалық құрылымдарды тереңірек меңгеруге көмектеседі.
Тіл үйрену процесі дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, интерактивті платформалар мен заманауи құралдар арқылы әлдеқайда икемді және қолжетімді бола түсуде. Бұл платформалар мен құралдар оқытудың барлық аспектілерін қамтиды: олар мәтіндер мен бейнематериалдарды, аудио жазбаларды тыңдауды, ойындар арқылы оқытуды, сондай-ақ, тікелей шет тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ұсынады. Мұндай технологиялар студенттердің материалды меңгеруіне ғана емес, олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға да мүмкіндік береді.
Шет тілдерін оқытуда жиі қолданылатын заманауи платформаларға Duolingo, Memorise, Quizlet, Kahoot, BBC Learning English сияқты қосымшалар мен сайттар жатады. Сонымен қатар, Zoom, Microsoft Teams, Google Meet сияқты байланыс құралдары қашықтан оқытуда кеңінен қолданылады.
Duolingo — шетел тілін үйренуге арналған заманауи және тиімді платформа. Платформа ойын форматы арқылы интерактивті жаттығулар ұсынады, бұл білім алуды қызықты әрі тиімді етеді. Оқушылар сөздерді аудару, тыңдау, сөйлеу және жазу тапсырмаларын орындап, тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Платформа күнделікті жаттығулар жасауға ынталандырады, бұл тіл үйренуді жүйелі етеді.Бұл тәсіл пайдаланушылардың қызығушылығын арттырып, оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.
Quizizz — интерактивті және қызықты оқу платформасы, ол оқушылардың білім деңгейін арттыруға және оқу процесін жандандыруға бағытталған. Викториналар мен тесттерді ойын түрінде өткізу арқылы Quizizz оқушылардың мотивациясын жақсартады, білім алуды жеңілдетеді және оқу тәжірибесін байытады.
Quizlet — карталарды, викториналарды және оқу жинақтарын жасауға арналған платформа. Ол сөздік қорды дамыту, грамматикалық жаттығулар және тілді үйренуге қатысты басқа да әрекеттер үшін пайдалануға болады.
Kahoot — платформаны сөздік қорын тексеру, сауалнамалар жасау және сынақтар өткізу үшін пайдалануға болады. Kahoot көрнекіліктері мен музыкасының көмегімен студенттерді жағымды және жайлы ортаға тарту оңай. Бұл студенттерге өтілген материалды қызықты түрде қайталауға мүмкіндік беретін өте жақсы құрал.
Memorise — тілдерді үйренуге арналған интерактивті платформа. Oл ойын элементтерін қамтитын интерактвті жаттығулар арқылы оқушыларға сөздерді, сөз тіркестері мен фразаларды есте сақтауға көмектеседі. Memorise-те есте сақтау әдістері, мысалы, спейст қайталау (spaced repetition) принципі қолданылады, бұл жаңа ақпаратты ұзақ мерзімді есте сақтау үшін тиімді.
BBC Learning English — ағылшын тілін үйренушілер үшін сапалы, жан-жақты және тегін ресурс. Әр түрлі форматтар мен тақырыптық сабақтар арқылы тілдік дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін платформа, оқушылардың мотивациясын арттырып, білім алуын тиімді етеді. BBC Learning English — тіл үйренуді қызықты әрі оңайлататын тамаша құрал.
Қашықтан оқытуда кеңінен қолданылатын платформалар;
Zoom — онлайн сабақтар өткізу үшін тиімді және көпфункционалды платформа. Жоғары сапалы видеоконференциялар, экранды бөлісу, топтық жұмыс және интерактивті құралдар арқылы Zoom білім беру процесін жеңілдетіп, оқушылардың мотивациясын арттырады. Бұл платформа қазіргі заманғы оқу әдістемесіне сай келіп, білім алуды тиімді әрі қызықты етеді.
Google Meet — онлайн сабақтар өткізу үшін тиімді, ыңғайлы және қауіпсіз платформа. Жоғары сапалы видеоконференциялар, Google технологияларымен интеграция, топтық кездесулер және интерактивті құралдар арқылы Google Meet білім беру процесін жеңілдетіп, оқушылардың мотивациясын арттырады.
Microsoft Teams — оқытушылар мен студенттер үшін онлайн сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Вебинарлар, топтық жұмыстар және дискуссиялар ұйымдастыруға қолайлы.
Заманауи интерактивтті құралдар
Заманауи интерактивті құралдарға интерактивті тақта, платшеттер, мобильді қосымшалар, сандық құрылғылар, мультимедиялық проекторлар және басқаларын жатқызуға болады. Қазіргі кезде кең көлемде қолданылып жатқан интерактивті құралдарға тоқталып өтейік.
Интерактивті тақта (Interactive whiteboard IWB) – көпфункционалды, сенсорлы беті бар құрылғы, әдетте компьютерге және дыбыс динамиктеріне қосылады. Тақтаға кескін деректер проекторы арқылы бейнеленеді. Интерактивті тақтада біз келесі әрекеттерді орындай аламыз:
Жазу немесе сурет салу: арнайы қаламды (немесе саусақты) пайдаланып, кәдімгі тақтадағыдай жазуға немесе сурет салуға болады, бірақ бұл кескін электронды түрде жасалып, проектормен көрсетіледі.
Материалдарды көрсету: компьютердегі мәтіндік құжаттарды, PowerPoint презентацияларын, музыкалық немесе аудиофайлдарды тақтаға шығарып көрсету.
Бейнелер мен суреттер қарау: тақтаны үлкен монитор ретінде пайдаланып, бейнежазбалар мен суреттерді көрсету.
Интернетке кіру: егер тақта интернетке кабель немесе Wi-Fi арқылы қосылған болса, интернеттегі материалдарды сыныпқа толық экранды режимде көрсету.
Автоматтандырылған мазмұнды көрсету: дайын үлгілерді пайдаланып, қызықты тапсырмалар мен жаттығуларды (тесттер, пазлдар, викториналар) оңай жасауға болады.
Интерактивті тақталарды шет тіліни оқытуда пайдалану оқушыларды сабққа деген қызығушылығын атррытып, тақырыптарды тез әрі терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Сандық құралдар – интерактивті құралдардың бұл түріне біз планшеттер, компьютерлер, ноутбуктер және тағы басқаларын жатқызамыз. Бұл құралдар кез-келге дәстүрлі оқытулықтардың электронды нұсқаларын, дайын түрдегі бейнесабақтарды сабақтан тыс уақытта көруге мүмкіндік береді.
Мультимедиялық құралдар – бұл аудиоматериалдар, видеоматериалдар, анимация және интерактивті элементтерді біріктіретін заманауи технологиялар. Олар шет тілін үйрену процесінде оқушыларды белсендіру, материалды тереңірек түсіну және тілді қолдану дағдыларын дамыту үшін қолданылады.
Заманауи интерактивті платформалар мен құралдарды қазіргі білім беру жүйесінің әсіресе шет тілін оқыту процесінің маңызды және ажырамас бөлігі деп есесптесек болады. Олар сабақты қызық етіп қана қоймай, оқушылар алған білімдерін терең әрі тез түсінуіне, ақпараттарды ұзақ уақыт есте сақтауына көмектеседі. Интерактивті платформалар мен кұралдар мұғалімге көмекші құрал ретінде қызмет атқарып, сабақты қызықты әрі тиімді етіп өткізуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар оқушыларды оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандырып, олардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады.
2.1 Интерактивті әдістердің білім алушыларға әсері
Интерактивті әдістер қазіргі білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Олар студенттерді тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушы етіп қалыптастыруға бағытталған. Бұл әдістер оқу процесінде студенттердің білім алу үрдісін тереңдетуге, ойлау қабілетін дамытуға, топтық жұмысқа баулуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, интерактивті әдістер студенттердің оқу мотивациясын арттырып, олардың өзара қарым-қатынастарын нығайтады. Бұл әдістердің тиімділігі білім алушылардың дамуында маңызды рөл атқарады, себебі олар жаңа дағдыларды қалыптастыруға, білімдерін тереңдетуге, шығармашылық ойлауға ықпал етеді.
Интерактивті әдістердің негізі оқыту мен оқуға деген жаңа көзқарасқа, студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуына негізделген. Интерактивті әдістердің басты мақсаты – студенттерді белсенді әрекет етуге, ақпаратты өздігінен іздеуге, оны талдауға және шешім қабылдауға үйрету. Оқу процесінде мұғалім тек ақпарат беруші ғана емес, сонымен қатар студенттің дамуына ықпал ететін кеңесші, нұсқаушы рөлінде болады. Бұл әдістер студенттердің оқу процесіне деген қызығушылықтарын арттырып, олардың дағдылары мен білімдерін дамытуға көмектеседі.
Интерактивті әдістердің білім алушыларға әсері
Білім беру саласында интерактивті әдістердің тиімділігін дәлелдейтін көптеген зерттеулер жүргізілген. Мысалы, АҚШ-тағы және Еуропадағы оқу орындарында бұл әдістер белсенді қолданылады. Н. Г. Кузьмина өзінің еңбектерінде интерактивті әдістердің білім алушылардың білім алу процесіндегі маңызын атап өтеді. Оның айтуынша, бұл әдістер студенттерге оқу материалын терең меңгеруге, өздерінің оқу стилін дамытуға, әрі оқу барысында алған білімдерін өмірде қолдана білуге мүмкіндік береді.[2]
Студенттердің білім алудағы белсенділігі, әсіресе олар интерактивті әдістерді пайдалану арқылы, жоғары деңгейде жүзеге асады. Интерактивті әдістер білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, оларды мәселелерді шешуге, дербес жұмыс істеуге бағыттайды. Сонымен қатар, бұл әдістер студенттердің коммуникативтік дағдыларын да дамытуға ықпал етеді. Мысалы, топтық жұмыстар мен рөлдік ойындар білім алушылардың өзара қарым-қатынасын дамытып, оларды өз идеяларын айқын жеткізуге, пікір алмасуға үйретеді. Студенттер бір-бірінен үйреніп, бірлескен әрекеттер арқылы жаңа білімдер мен дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, бұл әдістер оқу процесін қызықты әрі динамикалық етіп көрсетеді, бұл студенттердің мотивациясын арттырады.
Интерактивті әдістер студенттердің тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын да маңызды рөл атқарады. Мысалы, мультимедиялық ресурстарды пайдалану студенттерге шет тілінде тыңдап, түсіну қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ағылшын тілін оқыту саласындағы халықаралық деңгейде танылған академик Scott Thornbury өз еңбегінде шетел тілін оқытудың интерактивті әдістері мен техникалары туралы былай айтады: « Тыңдау мен сөйлеу дағдылары тек тілдік жаттығулармен ғана емес, сонымен қатар нақты өмірлік жағдайларды модельдеуге арналған рөлдік ойындармен де жетілдірілуі керек» [3]
Қазақстанда интерактивті әдістерді шетел тілін оқытудағы рөлі кеңінен зерттелуде. Рахметова Г.К. мен Айтбаева М.Х. еңбектерінде мектептерде және жоғары оқу орындарында мультимедиялық және интернет-құралдарын қолданудың тиімділігі көрсетілген. Мұндай әдістер оқушыларға тіл үйренудің әртүрлі аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді. Интерактивті тақталар мен онлайн платформалардың қолданылуы студенттердің сабаққа деген қатысуын арттырады және тілдік қарым-қатынасқа деген қажеттілікті тудырады [4].
Интерактивті әдістер білім алушылардың білімін тереңдетіп, оларды белсенді, шығармашылық тұрғыда ойлайтын, өз пікірін білдіре алатын тұлғаға айналдырады. Бұл әдістер білім беру процесін қызықты әрі динамикалық етеді, сонымен қатар студенттердің оқу мотивациясын арттырады. Оқу барысында олар өзара ынтымақтастықты дамытып, өзара пікір алмасу арқылы білімдерін байытады. Шетелдік және отандық тәжірибелер бұл әдістердің тиімділігін дәлелдейді. Қазіргі уақытта интерактивті әдістердің қолданылуы білім беру жүйесінің тиімділігін арттырып, білім алушылардың жаңа дағдыларға ие болуына мүмкіндік береді.
2.2 Интерактивті оқыту әдістерінің тәжірибелік қолданылуы
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқушылардың тек қана білім алуын емес, сонымен қатар олардың практикалық дағдыларын, сыни ойлау қабілетін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бүгінгі күннің басты талабы – оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын оқыту әдістерін қолдану. Интерактивті әдістер осы талаптарды жүзеге асырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Интерактивті оқыту әдістерінің басты ерекшелігі – білім беру үдерісіне оқушыларды тікелей араластыру. Олар тек тыңдаушы ғана емес, сондай-ақ белсенді қатысушы бола алады.
Интерактивті оқыту әдістерін пайдалану әлемнің көптеген елдерінде табысты нәтиже көрсетіп келеді. Әсіресе, шет тілдерін үйретуде бұл әдістердің тиімділігі дәлелденген. Қазақстан мектептерінде де интерактивті әдістер кеңінен енгізілуде. Төменде осы әдістердің практикалық қолданылуы туралы толығырақ баяндалады.
Интерактивті оқыту әдістерің түрлеріне топтық жұмыс және пікірталастар жатқызамыз. Топтық жұмыс оқушылардың бірлескен еңбегін ұйымдастыруға бағытталған. Пікірталастар кезінде оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді және басқа пікірлерді тыңдауды үйренеді. Олардың артықшылықтарын атап өтетін болсақ, бұл әдіс оқушылардың ұжымдық жұмыс істеу қабілетін дамытады, олардың көшбасшылық қасиеттерін ашады және тыңдау мәдениетін қалыптастырады. Алматы қаласының бірнеше мектебінде бұл әдістерге тәжірибе жүргізілген және зерттеулерге сәйкес, топтық жұмыс оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін 30%-ға арттырған.
Жобалық жұмыс ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын тереңдету және зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін қолданылады. Артықшылығы: Оқушылар өз бетімен ақпарат жинап, жобаларын қорғау арқылы ағылшын тілінде сөйлеу, жазу және сыни ойлау дағдыларын дамытады. Тәжірібе жүзінде бұл әдісті Финляндия мектептерінде қолданылған болатын. Финляндияда оқушылар "Қаланың экологиялық картасын жасау" жобасын әзірлеп, оны шет тілінде қорғаған. Бұл олардың зерттеу қабілеттерін жақсартып, ағылшын тілін қолдану деңгейін 70%-ға арттырған.
Интерактивті әдістердің кең тарағна түрі – рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар мен диалогтар оқушылардың өзара қарым-қатынасын күшейтіп, олардың шынайы өмірге бейімделуін жақсартады. Бұл әдіс, әсіресе, тіл үйретуде аса тиімді. Артықшылығы: Рөлдік ойындар оқушыларға нақты жағдайларды ойнап шығуға мүмкіндік береді. Олар өздерін әртүрлі рөлдерде сынап көріп, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Диалогтар арқылы оқушылар сөйлеу, тыңдау және жауап беру қабілеттерін жақсартады. Қазақстанда ағылшын тілі сабақтарында "мейрамханада тапсырыс беру", "дүкеннен тауар сатып алу" сияқты рөлдік тақырыпқа байланысты рөлдік ойындарды қолдану тәжірибесі нәтижесінде оқушылардың сөйлеу деңгейі 50%-ға артқаны анықталған.
Интерактивті оқыту әдістері ағылшын тілін меңгерудің заманауи тәсілдерінің бірі ретінде білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Бұл әдістер оқушылардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырып, олардың белсенділігін қамтамасыз етеді. Рөлдік ойындар, топтық жұмыстар, жобалық тәсілдер секілді интерактивті әдістер оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытып, шынайы өмір жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді.
Интерактивті әдістерді ағылшын тілі сабақтарында қолдану оқытудың тиімділігін арттыруға, оқушылардың тілдік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер бұл әдістерді жүйелі түрде қолданып, сабақты жоспарлау барысында әртүрлі тәсілдерді үйлестіре білсе, оқушылардың тілді меңгеру деңгейі жоғарылай түсетіні сөзсіз.
Қазіргі уақытта ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білім беру жүйесінде, сондай-ақ басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып сабақ өткізу ұстаздан жоғары интеллектуалдық қабілетті талап етеді. Білім тек ұстаз студенттердің қызығушылықтарын дәл анықтап, оларды мақсатқа жету жолында дұрыс бағыттай алғанда ғана трансформациялануы мүмкін. Ұстаздың сабақтарында интерактивті әдістерді қолдануы нақты бәсекелестік және ынтымақтастық ортасын дамытуға ықпал етеді.
Интерактивті оқу – танымдық қызметті ұйымдастырудың ерекше формасы, оның мақсаты – әрбір студент өзін жайлы, сенімді, табысты, өз ойларын қысылмай, қорықпай ашық білдіретін оқу ортасын құру.
Интерактивті оқудың мәні – оқу процесі барлық студенттердің тұрақты, белсенді, өзара әрекеттесуі жағдайында өтеді.
Ағылшын тілі сабағында интерактивті оқыту әдістері қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың оқу процессіне белсенді қатысуын қамтамассыз етеді. Интерактивті әдістерге тобына топтық және жұптық, рольдік ойындар, пікірталастар, викториналар мен теттілер, интерактивті ойындар: "қызу сұрақтар" (hot seat), "сөз табу" (word search), "кім көп біледі?" (quiz) жатқызуға болады.
Мұғалім ағылшын тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану кезінде қойылатын талаптар орындалатын жұмыстың оқу процесіне сәйкес болуы керек. Талаптар тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жоғалады, ал төмен болса, зерігуге әкеледі. Жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Интерактивті әдістерді таңдауда мұғалім оқушылардығ қызығушылығын, мүмкіндіктерін ескере отырып таңдауы маңызды.
Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың бірқатар артықшылықтара мен қиыншылықтары бар.
Интерактивті оқу әдістерін қолданудың артықшылықтары:
-
барлық студенттерді белсендіреді, оқушылар сабақта тек тыңдаушы рөлін емес белсенді қатысушы рөлін атқарады;
-
диалогтар, пікірталастар, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;
-
интерактивті ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білім алуға деген мотивациясы артып, сабаққа деген оң көзқарас қалыптасады;
-
командада жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ынтымақтаса әрекеттесіп, ұжымдық ойлау дағдыларын дамытады;
-
басқа адамды тыңдап, түсінуге және жауап беруге үйретеді;
-
оқу материалдарын тәжірибеде көрсету, ақпараттарды видуалды тұрғыда түсіндіру жаңа әрі күрделі материалды қабылдауды жеңілдетеді.
Білім беру жүйесінде интрактивті әдістерді қолдану оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін және шынайы өмірлік жағдайларда тілді қолдану дағдыларын дамытады. Бұл әдіс шетел тілін оқытудың дәстүрлі тәсілдеріне қарағанда қызықты әрі тиімді болып есептелінеді, себебі сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойын элементтері, пікірталас, рөлдік ойындар және топтық жұмыстар арқылы өткізіледі. Алайда, интерактивті әдістерді қолдану белгілі бір қиындықтарды қамтиды.
Интерактивті әдістерді қолануда кездесетін негізгі қиыншылықтар:
-
Сынып уақытының шектеулі болуы бар. Муниципалды білім беру ағылшын тілін 3 - сыныптан бастап міндетті пән ретінде жүргізеді, аптасына ең аз дегенде екі педагогикалық сағатпен. Бұл жеткіліксіз уақыт мақсатты тілдің интерактивті сабақ арқылы тиімді меңгерілуіне мүмкіндік бермейді.
-
Студенттердің ағылшын тіліндегі білім деңгейі төмен болса интерактивті әдістер өз тиімділігін жоғалтады. Егер студенттердің лексикалық, сөздік қор және грамматикалық дағдылар жағынан білім деңгейлері төмен болса, олар интерактивті тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болады ал бұл өз кезегінде студенттердің өзара әрекеттесуін шектеп, сабақтың жалпы атмосферасына теріс әсер етеді.
-
Интерактивті әдістер студенттерді сабаққа белсе қатысуын талап етеді, ал кейбір студенттер бұл әдістерге құпатамайды немесе бұл әдіске бейімделмеген болуы мүмкін. Егер студенттер интерактивті әдістерді қабылдап, қолдамаса сабақтың тиімділігі төмендейді. Студенттердің белсенділігі мен ынтасы олардың білім деңгейіне, өз-өзін бағалауына, сондай-ақ сабаққа деген қызығушылығына байланысты.
-
Мектептің, сынып бөлмелерінің материалдық-техникалық базасы, интерактивті құрал-жабдықтардың жоқтығы интерактивті әдістерді қолдануда біраз қиыншылық туғызуы мүкін. Интерактивті тақта, компьютер, проектор интернетке қолжетімділік болса мұғалім ағылшын тілінде видео-аудио материалдарыды пайдаланады, ал бұлар оқушылардың тыңдыу, түсіну, сөйлеу дағдыларын дамытуға, берілген ақпараттарды тез түсініп алуына көмектеседі.
Интерактивті әдістерді тиімді қолданып, кедергілерді жою үшін мұғалімдер сабақ уақыттарын дұрыс жоспарлауы керек. Қолда бар техника, құралдарды барынша пайдаланып, тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне сәйкес бейімдеу маңызды. Интерактивті әдістерге оқушылардың оң көзқарастарын қалыптастыру үшін оқушылармен жұмыс жасап, олардың қызығушылығын ескере отырып сбақта қызықты тақырыптар мен ойын элементтерін қолдану керек. Бұл олардың ынтасын арттырып, сабақ барысына белесне қатысуына көмектеседі.
Қазіргі білім беру жүйесінде интерактивті әдістері ағылышын тілін оқытуда ең тиімді және маңызды әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдістерді қолдану бірқатар киыншылықтар туғызады. Дегенмен, интерактивті оқыту әдістерінің артықшылықтары оларды қолданудағы қиыншылықтардан басым түседі. Сондықтан мұғалімдер бұл әдістерді тиімді енгізіп, қоладнудаға кедергілерді жеңігу және оқыту процесін жетілдіруге тырысуы тиіс. Мұндай тәсіл оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың болашақта табысты тұлға болуына ықпал етеді.
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
3.1 Интерактивті оқытудың оқу тиімділігіне әсері
Интерактивті оқыту - бұл білім алушылар мен оқытушылар арасында белсенді әрекетке негізделген оқыту әдісінің бір түрі. Оның негізінде студенттердің оқуға қатысуы, сұрақтар қоюы, өзара пікір алмасуы, зерттеу жұмыстары мен басқа да активті әрекеттер жүзеге асырылады. Интерактивті әдістер білім алушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Интерактивті оқытудың оқу тиімділігіне әсері туралы көптеген зерттеулер жүргізілуде. Бұл әдіс оқу процесін тиімді және қызықты етеді, сонымен қатар оқушылардың мотивациясын арттырады. Интерактивті әдістердің тиімділігі оқу материалын игерудің тереңдігі мен ұзақ мерзімділікке әсер етеді.
Интерактивті оқытудың негізі педагогикалық психологияға жатады. Оқыту барысында тек ақпаратты жеткізу ғана емес, сонымен қатар студенттерді білім алуға тарту, олардың өз ойларын білдіруге мүмкіндік беру, сондай-ақ топтық жұмыстар мен пікірталастар ұйымдастыру маңызды. Интерактивті оқытудың тиімділігі осыған байланысты, өйткені ол тек білім беруші мен білім алушы арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, оқушылардың сыни ойлау, мәселе қою және шешу дағдыларын дамытады.
А. А. Вербицкий интерактивті оқытуды қолданудың нәтижесінде білім алушылардың танымдық белсенділігінің арта түсетінін және олар материалды тереңірек меңгеретінін атап өтеді. Оқу процесінде қолданылатын әр түрлі әдістер мен құралдар, мысалы, пікірталастар, кейс-стади, рөлдік ойындар және тағы басқа, студенттердің қатысуын қамтамасыз етеді және олардың оқу материалын белсенді түрде меңгеруіне жағдай жасайды.[5]
Интерактивті оқытудың оқу нәтижесіне әсері
Интерактивті оқыту әдістері оқу нәтижелеріне әртүрлі жолмен әсер етеді. Біріншіден, бұл әдіс студенттердің оқу материалын белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз етеді. Білім алушы тек тыңдаушы ғана емес, өз пікірін айтуға, сұрақтар қоюға және топтық жұмыстарға қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде оқу материалын есте сақтау және оны тереңірек түсіну деңгейін арттырады.
Екіншіден, интерактивті әдістер білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытады. Студенттер түрлі көзқарастарды тыңдайды, өз пікірлерін қорғайды, қарсы пікірлерге жауап береді, бұл оларды әрі қарай зерттеу мен талдау жасауға итермелейді. Зерттеулер бойынша, интерактивті оқыту әдістерін қолданған кезде студенттердің оқу нәтижелерінің сапасы айтарлықтай жақсартады.
Үшіншіден, интерактивті оқыту әдістері студенттердің мотивациясын арттырады. Олар өздерін оқу процесінің белсенді қатысушылары ретінде сезінеді. Мұндай жағдай білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың академиялық жетістіктеріне оң әсер етеді.
Интерактивті оқытудың тиімділігіне әсер ететін факторлар
Интерактивті оқытудың тиімділігіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар мыналар болуы мүмкін:
-
Оқыту әдістері мен құралдары. Оқытушының пайдаланатын әдістері мен құралдары студенттердің оқу процесіне қаншалықты белсенді қатысатындығын анықтайды. Мысалы, пікірталастар мен рөлдік ойындар сияқты әдістер студенттердің қатысу деңгейін арттыра алады.
-
Топтық жұмыстар. Студенттер бірлесіп жұмыс істеген кезде, олар өзара пікір алмасып, бір-бірінің білімін толықтырады. Шет тілін оқытуда топтық жұмыстар әсіресе пайдалы, себебі әр студенттің жеке пікірін тыңдай отырып, тіл үйрену процесі табиғи түрде жүзеге асады.
-
Оқытушылардың кәсіби шеберлігі. Оқытушының интерактивті әдістерді тиімді пайдалану қабілеті оқу процесінің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Оқытушы оқушыларды қызықтыратын әдістер мен материалдарды таңдай отырып, олардың оқу процесіне толықтай араласуына мүмкіндік береді.
-
Техникалық құралдардың. Заманауи ақпараттық технологиялардың, яғни мультимедиялық құралдардың, интернет ресурстарының және басқа да техникалық құралдардың қолданылуы оқу тиімділігін арттырады. Шет тілі сабақтарында технологияларды қолдану оқушылардың тілдік дағдыларын жаңа деңгейге көтереді, мысалы, онлайн ресурстар мен бейнемазмұнды пайдалану студенттердің қызығушылығын арттырады.
Интерактивті оқытудың заманауи тәжірибелеріндегі орны
Бүгінгі таңда көптеген оқу орындары интерактивті оқытуды қолдану арқылы өз студенттерінің білім сапасын арттыруда. Бұл әдіс әсіресе жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Мысалы, АҚШ-тағы көптеген университеттер интерактивті оқыту әдістерін енгізу арқылы білім сапасын көтерді. Олар студенттерді сабақта белсенділікке тартып, пәнді тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда да интерактивті оқыту әдістері білім беру жүйесіне енгізілуде. Білім берудің жаңа бағыттары мен инновациялық әдістері әртүрлі оқу орындарында қолданылып келеді. Бұл әдістердің нәтижесі жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігінің артуы мен академиялық жетістіктердің жоғарылауымен байқалады.
Интерактивті оқыту әдістері оқу процесінде үлкен маңызға ие. Олар білім алушылардың оқу материалын тереңірек меңгеруін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың сыни ойлау дағдыларын дамытады және мотивациясын арттырады. Заманауи ақпараттық құралдар мен әдістер интерактивті оқытудың тиімділігін арттыра отырып, білім беру саласының келешектегі даму бағытын анықтайды. Интерактвті әдістердің нәтижелі болуы үшін оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен оқу құралдарының сапасы маңызды рөл атқарады.
Интерактивті оқыту әдістері қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың білім алу тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл әдістер тек ақпаратты беру ғана емес, студенттердің белсенді қатысуын, пікір алмасуын және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, интерактивті оқыту әдістері оқу процесін тиімді етіп қана қоймай, оқушылардың оқу мотивациясын да арттырады.
3.2 Оқу процесін жоспарлауда интерактивті әдістерді енгізу
Шет тілін оқыту барысында интерактивті әдістердің қолданылуы оқу сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Шет тілін оқытуда интерактивті әдістерді тиімді қолдану үшін бірнеше маңызды аспектілерді ескеру қажет. Олардың бірі – оқу бағдарламасының құрылымы мен әдістемесі. Оқытушы шет тілін үйрету үшін тек дәстүрлі әдістерді ғана емес, сонымен қатар инновациялық тәсілдерді қолдануы керек. Мысалы, мультимедиялық құралдар мен онлайн ресурстарды пайдалану оқу процесін қызықты әрі интерактивті етеді. Студенттер тек дәстүрлі түрде оқу құралдарын пайдаланумен шектелмей, жаңа технологиялар мен әдістер арқылы шет тілінде сөйлеу дағдыларын жақсартады.
Г. А. Цукерман интерактивті әдістерді қолдану тиімділігін зерттей отырып, бұл әдістердің оқушылардың шет тілінде сөйлеу қабілетін дамытудың ең тиімді жолы екенін атап өткен. Оның пікірінше, мұндай әдістер студенттердің пікір алмасуына, тілдік тұрғыда еркін сөйлесуіне, сондай-ақ өзара қарым-қатынас жасау арқылы тілдің құрылымдарын және сөздерді үйренуге ықпал етеді. Цукерман интерактивті әдістерді оқыту процесіне енгізу арқылы, оқушылардың тілге деген қызығушылығы мен ынтасының артатынын көрсеткен.[6]
Оқу процесін жоспарлауда интерактивті әдістерді енгізу үшін, мұғалімдер бірнеше аспектілерді ескеруі қажет. Біріншіден, оқу жоспарына интерактивті элементтерді енгізу арқылы сабақтың құрылымын өзгерту қажет. Мысалы, Браун Г. интерактивті әдістерді тиімді пайдалану үшін сабақ барысында оқу мақсаттарын нақты анықтап, әр түрлі әдістерді үйлестіруді ұсынады.[7] Екіншіден, интерактивті оқыту әдістері оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған болуы тиіс. В. И. Слободчиков.интерактивті әдістер тұралы зерттеу жүргізіп, топтық жұмыстар мен рөлдік ойындар сияқты интерактивті әдістердің тіл үйренуде үлкен маңызға ие екенін атап өтеді. Оның пікірінше, шет тілін оқытуда тек тілдік дағдыларды дамыту ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация мен сыни ойлау дағдыларын да қалыптастыру қажет.[8]
Оқыту процесінде интерактивті әдістерді енгізу бойынша ұсыныстар:
-
Интерактивті әдістерді үздіксіз қолдану. Интерактивті әдістер шет тілін үйрету процесіне жүйелі түрде енгізілуі керек. Әрбір сабақта студенттердің қатысуын қамтамасыз ету үшін рөлдік ойындар, пікірталастар, топтық жұмыстар және тағы басқа әдістер пайдаланылады.
-
Қазіргі заманғы технологияларды пайдалану. H. D. Brownның пікірінше, ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық құралдарды қолдану оқу мотивациясын арттырады.[9] Осыған байланысты, шет тілін үйретуде онлайн платформалар, мультимедиялық бейнемазмұндар және тіл үйренуге арналған мобильді қосымшаларды пайдалану оқу сапасын едәуір жақсартады.
-
Әр студенттің жеке қажеттіліктерін ескеру. Оқытушы студенттердің білім деңгейін, қызығушылығын және қажеттіліктерін ескере отырып, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы олардың жеке даму жолдарын анықтауы керек.
-
Кері байланыс жүйесін орнату. Оқытушы студенттермен үнемі кері байланыс орнатып, олардың жетістіктері мен қиындықтарын анықтап отыруы қажет. Бұл әдіс оқу процесінің тиімділігін арттырып, студенттердің дамуына оң әсер етеді.
Шет тілін оқытуда интерактивті әдістерді енгізу оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Оқытушылардың оқыту әдістерін жаңартып, интерактивті элементтерді енгізу арқылы студенттердің белсенділігін арттыруға, тілдік дағдыларын дамытуға және оқу процесін қызықты әрі тартымды етуге болады. Ғалымдардың ұсыныстары ұсыныстары оқу процесін жоспарлау барысында интерактивті әдістерді тиімді қолдануға көмектеседі.
Шет тілін оқытуда интерактивті әдістерді енгізу оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл әдістер студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, олардың тілдік дағдыларын дамытуға және шет тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік береді.
3.3 Шет тілін интерактивті оқытуды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар
Шет тілін оқытуда интерактивті әдістерді жетілдіру – бұл білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қызығушылығын арттыруға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға және бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуге ынталандырады. Нәтижесінде, студенттер тек ақпаратты меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оны практикада қолдану дағдыларын да игереді.
Бүгінгі білім беру жүйесі интерактивті әдістерді тиімді пайдалануды талап етеді, өйткені олар білім алушылардың мотивациясын арттыруға, оқу нәтижелерін жақсартуға, сондай-ақ сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Интерактивті оқытуды жетілдіруге бағытталған бірнеше ұсыныстар:
-
Оқу бағдарламаларын жаңарту
-
Оқу бағдарламаларына интерактивті элементтерді енгізу. Дәстүрлі сабақтардың орнына вебинарлар, онлайн курстар және интерактивті платформалар арқылы оқу материалдарын ұсыну.
-
-
Технологияларды белсенді пайдалану
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) белсенді қолдану. Мысалы, мобильді қосымшалар, онлайн ойындар және виртуалды сыныптар арқылы оқыту.
-
-
Топтық және жұптық жұмыстар
-
Сабақ барысында топтық және жұптық жұмыстарды ұйымдастыру. Топтық және жұптық жұмыстар студенттерге өз білімін басқалармен бөлісуге, әртүрлі көзқарастарды тыңдауға, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.
-
-
Рөлдік ойындар мен симуляциялар
-
Рөлдік ойындар мен симуляцияларды жүйелі түрде енгізу. Студенттерге шынайы өмірлік ситуацияларды модельдеуге мүмкіндік беру.
-
-
Жобалық оқыту
-
Жобалық оқыту әдістерін қолдану. Оқушыларды нақты тақырыптар бойынша жобалар жасауға тарту.
-
-
Оқыту барысында әртүрлі әдістерді үйлестіру
-
Дәстүрлі және интерактивті әдістерді үйлестіру. Оқушылардың әртүрлі оқу стилдеріне және қажеттіліктеріне сәйкес келетін әдістерді қолдану.
-
-
Кері байланыс және бағалау жүйесін жетілдіру
-
Интерактивті оқыту процесінде студенттермен тұрақты кері байланыс орнату маңызды. Brown. H.D. кері байланыс студенттердің оқуға деген ынтасын арттырып, олардың жетістіктерін бағалауға көмектеседі деп көрсетеді. Бұл әдіс оқушылардың білім деңгейін қадағалап, олардың дамуына көмек көрсетеді. Оқытушы әр сабақтан кейін студенттермен кері байланыс жасап, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талқылауы тиіс. Студенттерге өз жұмысын бағалауға және өзіндік рефлексия жасауға мүмкіндік беру де маңызды.[10]
-
Шет тілін оқытуда интерактивті әдістерді жетілдіру студенттердің тілдік дағдыларын арттырып, оқу процесінің тиімділігін жақсартады. Мультимедиялық құралдарды қолдану, рөлдік ойындар мен топтық жұмыстарды енгізу, жеке қажеттіліктерге негізделген оқыту, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ кері байланыс пен бағалау жүйесін жетілдіру оқу мотивациясын арттырып, шет тілін үйренуге қызығушылықты күшейтеді. Осы ұсыныстарды енгізу шет тілін оқыту процесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шетел тілін оқытудағы интерактивті әдістер қазіргі заман талаптарына сай тиімді және сапалы оқыту тәсілі ретінде маңызды орын алады. Қазіргі оқыту жүйесі оқушылардың білімін тереңдетіп, алып жатқан білімдерін практикалық тұрғыда қолдануына басым мән береді. Осы тұрғыдан алғанда, интерактивті әдістер арқылы оқыту білім сапасын жақсартып, оқушыларды тек тыңдаушы емес, оқу процесіне белсенді қатысуышы болуын қамтамассыз қамтамассыз етеді
Зерттеу барысында интерактивті әдістердің мақсаты, заманауи интерактивті бағдарламалар мен құралдар, сабақ барысында қолданылартын негізгі интерактивті оқыту әдістері және олардың бірқатар артықшылықтары мен қиындықтары анықталды. Артықшылықтары ретінде интерактивті әдістер оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін арттырып, олардың белсенділігін, сыни, шығармашылық ойлау қабілеттерін және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға ықпал ететіні анықталды. Рөлдік ойындар, топтық және жұптық жұмыстар, пікірталастар оқушылардың шынайы өмірлік жағдайларға бейімделіп, өз ойларын ашық, идеяларын ашық және еркін жеткізе алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи интерактивті мультимедиялық құралдарды пайдалан, интерактивті платформалар арқылы оқыту, ойын элементтерін қолдану білім алушылардың мотивациясын арттыруда тиімді құрал болып табылды.
Дегенмен, зерттеу барысында интерактивті әдістерді қолдануда бірақатар қиындықтар да бар екені анықталды. Бұл ең алдымен, уақыт шектеулері, техникалық құралдардың жеткіліксіздігі, сондай-ақ оқушылардың білім деңгейінің әртүрлілігі. Мұндай қиындықтарды шешуде мұғалімнің рөлі де аталып өтілді. Сабақ жоспарлау барысында оқытушы оқушылардың жеке қажеттілігін ескеріп, техникалық құралдардың орнына мүмкіндігі жететін құралдарды пайдалануы қажет.
Интеративті оқыту әдістерін зерттеуде олардың білім алушыларға тигізетін оң әсері, практикалық қолданылысы да атап өтілді. Интерактивті әдістер шетел тілін оқыту процесінде оқушылардың оқуға, білім алуға деген шабытын оятыпға, тілдік дағдыларын жетілдіруге және оқу үдерісін қызықты әрі нәтижелі етуге үлкен мүмкіндік береді.
Зерттеуден алынған нәтижелер шетел тілін оқытуда интерактивті әдістердің тиімділі мен өзектілігін көрсетеді. Интерактивті оқыту әдістерін жетілдіру үшін ғалымдардың сондай-ақ авторлық ұсыныстар берілді. Оқыту процесіне мультимедиялық құралдар мен платформаларды кеңінен пайдалану, оқушылар арасында топтық жұмыстар ұйымдастырып, тілдік дағдыларын дамытуға жағдай жасау, оқушылардың жетістіктерін бақылап, олармен бірге талқылаулар жүргізу интерактивті оқытуды тиімді ететін маңызды аспектілер екені анықтады.
Қорытындылай келе, интерактивті әдістер шетел тілін оқыту процесін жаңа деңгейге көтеріп, оқушылардың білім сапасын арттыруға және олардың болашақтағы табыстылығын қамтамассыз етуге ықпал етеді. Осы әдістерді кеңінен пайдалану арқылы оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын, заманауи білім талаптарына жауап беретін тиімді оқу жүйесін қалыптастыруға болады. Мұғалімдер интерактивті әдістерді жүйелі түрде қолданып, замануи технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқыту сапасын арттыра алады. Интерактивті оқытудың әлеуетін толық іске асыру үшін ең алдымен мектептерді, білім беретін мекемелерді материалдық-тезникалық базасын жақсарту, мұғалімдердің кәсіби біліктілігн арттыру және оқу үдерісін үздіксіз жаңартып отыру керек. Мұғалімдер интерактивті әдістерді өз тәжірибелерінде қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін жоғары көтеріп, болашақ ұрпақтың жан-жақты дамытып, білімді тұлға болып дамуына жол ашады. Интерактивті әдістерді қолдану тек қана білім беру процесін жетілдіру емес, сондай-ақ еліміздің білім беру жүйесін жаңарту мен халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу бағытында маңызды қадам болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Акулова, Н. М. (2018). Технология интерактивного обучения. Москва: Высшая школа. – 145 б.
-
Bell, S.R. (2013). The Role of Active Learning in Developing Creative Thinking and Problem Solving. New York: Springer. P. 112.
-
Black, B.S., & Wethington, J.W. (2007). Team-Based Learning in Higher Education. New York: McGraw-Hill. P. 156.
-
Brookfield, S. D. (1995). Becoming a Critically Reflective Teacher. San Francisco: Jossey-Bass. – P. 68.
-
Brown, H. D. (2001). Teaching by Principles: An Interactive Approach to Language Pedagogy. New York: Longman. p. 30, 55.[10]
-
Brown, H. D. (2007). Principles of Language Learning and Teaching. 5th ed. – Pearson Education. – p. 212.[9]
-
Brown, H. Douglas (2001). Teaching by Principles: An Interactive Approach to Language Pedagogy.
-
Вербицкий, А. А. (2000). Теория и практика интерактивного обучения. М.: Академия. – 320ds с.[5]
-
Johnson, D. W., Johnson, R. T. (1991). Cooperative Learning: Increasing College Faculty Instructional Productivity. ASHE-ERIC Higher Education Report. – P. 142.
-
Колесникова, И.М. (2013). Методы активного обучения. СПб. – Б. 34-56.
-
Козлова, О. В. (2015). Интерактивные методы обучения в современной школе. Москва: Академия. – 112 б.
-
Кузнецов, В. А. (2012). Современные технологии в обучении: интерактивные методы. – М.: Просвещение. – 215 с.
-
Кузьмина, Н.Г. (2005). Психология обучения. М. – Б. 45-67.[2]
-
Левин, М. А. (2010). Педагогика и психология интерактивного обучения. СПб.: Речь. – 280 с.
-
Левина, Т.Г. (2010). Интерактивные методы обучения. М. – Б. 123-145.
-
Nunan, David (2004). Task-Based Language Teaching.
-
Рахсетова Г.К. , Айтбаева М.Х Шетел тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Қазақ университеті,2010. 120-125c [4]
-
Shuell, T.J. (1990). Cognitive conceptions of learning. Educational Psychology Review. P. 133-150.
-
Thrombery S. How to Teach Speaking. Longman, 2005. 82-90p [3]
-
Vygotsky, L.S. (1978). Mind in Society: The Development of Higher Psychological Processes. Cambridge, MA: Harvard University Press. P. 57.
-
Цукерман, Г. А. (2010). Интерактивные методы в обучении иностранным языкам. М.: Академия. – 320 с. [6]
-
Шевченко, Н. Г. (2017). Методы активного обучения. Санкт-Петербург: Питер. – 98 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз