Шетелдік тыңдаушыларға арналған онлайн курс
Қазіргі кезде шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қандастарымызға Отан тарихын оқытудың жаңа технологияларын қолдану әдісі білім беруде де, тәрбие беруде де өте тиімді деп айтуымызға болады. Тыңдаушыларға тарихи терминдерді, деректерді, кестелерді, тірек-сызбалар мен тақырыптарға қатысты суреттерді проектор арқылы слайдтармен көрсету арқылы түсіндіру оқытушы мен тыңдаушының уақытын үнемдейтіндігі белгілі. Сонымен қатар тыңдаушыға түсіну оңайға соғады және ой-өрісінің кеңеюіне, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары 2022 жылдың қаңтар айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық және Цифрлық инновациялар кеңсесі ұйымдастырған Жаппай ашық онлайн курстарының байқауына қатысып, барлық кезеңнен мүлтіксіз өтіп тегін онлайн курс түсіруге жолдама ұтып алған болатын. Курс авторлары: М.Н. Ибрагимова, Ж.Е. Жаппасов, У.Д. Сандыкбаева, Н. Мажиқызы, С.А. Нусупбаева, Д. Зүлкәпіл. Курс «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихын меңгерудің ұтымды тәсілдері» деп аталады. Міне бүгінде сол курсымыз тыңдаушыларға ұсынылып, сабақ барысында қолданылып келеді. Қорыта келсек, тарих пәнін түсіндіруде заманауи жаңа технологияларды қолдану – оқытушыға сабақты жоғары сапада өткізуге пайдалы және тыңдаушының түсінігіне орасан зор әсерін тигізіп, білім сапасын жоғары деңгейде көтереді. Сонымен қатар тыңдаушыларды оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі әдістерді сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген ойдамыз.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы
Меруерт Ибрагимова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шетелдік тыңдаушыларға арналған онлайн курс
Шетелдік тыңдаушыларға арналған онлайн курс
Шетелдік тыңдаушыларға арналған онлайн курс
Қазіргі кезде шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қандастарымызға Отан тарихын оқытудың жаңа технологияларын қолдану әдісі білім беруде де, тәрбие беруде де өте тиімді деп айтуымызға болады. Тыңдаушыларға тарихи терминдерді, деректерді, кестелерді, тірек-сызбалар мен тақырыптарға қатысты суреттерді проектор арқылы слайдтармен көрсету арқылы түсіндіру оқытушы мен тыңдаушының уақытын үнемдейтіндігі белгілі. Сонымен қатар тыңдаушыға түсіну оңайға соғады және ой-өрісінің кеңеюіне, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары 2022 жылдың қаңтар айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық және Цифрлық инновациялар кеңсесі ұйымдастырған Жаппай ашық онлайн курстарының байқауына қатысып, барлық кезеңнен мүлтіксіз өтіп тегін онлайн курс түсіруге жолдама ұтып алған болатын. Курс авторлары: М.Н. Ибрагимова, Ж.Е. Жаппасов, У.Д. Сандыкбаева, Н. Мажиқызы, С.А. Нусупбаева, Д. Зүлкәпіл. Курс «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихын меңгерудің ұтымды тәсілдері» деп аталады. Міне бүгінде сол курсымыз тыңдаушыларға ұсынылып, сабақ барысында қолданылып келеді. Қорыта келсек, тарих пәнін түсіндіруде заманауи жаңа технологияларды қолдану – оқытушыға сабақты жоғары сапада өткізуге пайдалы және тыңдаушының түсінігіне орасан зор әсерін тигізіп, білім сапасын жоғары деңгейде көтереді. Сонымен қатар тыңдаушыларды оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі әдістерді сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген ойдамыз.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы
Меруерт Ибрагимова
шағым қалдыра аласыз













