СЪЕЗДЕН КЕЙІНГІ ТҮЙГЕН ОЙ
Жуманова Райхан Муратовна
«Өрлеу»БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
«Мұғалімдер күні» – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. «Мұғалімдер күні» осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келсе, биыл мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес елімізде 5 қазан «Мұғалімдер күні» болып белгіленді. Бұл мереке әлемнің 100 аса елі атап өтетін Дүниежүзілік «Мұғалімдер күнімен» сәйкестендірілді.
Ұстаздар күніне орай, ұйымдастырылған І республикалық педагогтер Съезіне Түркістан облысы бойынша қатысқан делегаттар қатарында болғаныма мен өте қуыныштымын.
Съезд білім беру саласындағы маңызды мәселелерді, соның ішінде озық педагогикалық тәжірибелерді таратуды талқылауға арналды. Съезге еңбек сіңірген педагогтер, білім беру ардагерлері, «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері» мен «Үздік педагог» атағының иегерлері қатысты. Біз мұнда тәжірибе алмасу, бір - бірімізден үйрену және оқушыларымыздың болашаққа сапалы білім мен дайындықты қамтамасыз ету үшін ортақ мақсаттармен жұмыс істеу үшін жиналдық.
Бірінші күні еліміздің түкпір-түкпірінен 700 жуық мұғалімдер жиналды. Озық тәжірибелі мектептердің базасына және республикалық оқушылардың сарайына барып, ондағы атқырылып жатқан жұмыстар таныстық. Ұлттық кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, ой бөлісіп, еліміздің Тұңғыш Президентінің музейін, К.Куанышбаев атындағы музыка-драма театрына «Шәмші» элегиясын тамашаладық.
Республикадан келген филиалдардың аға оқытушылары Астана қаласындағы екінші күнгі жұмыстарын «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма Төрағасы Е.Қ.Айбульдинов мырзамен сұқбаттасумен бастады. Ағымдағы атқарылып жатқан жұмыстар мен Съезден күтілетін жаңа тың идеялар, мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету туралы мәселелер талқыланды.
2023 жылдың 5 қазанында Астана қаласында өтілген І республикалық педагогтер съезінің пленарлық бөлімінде Президентіміз Қ.К.Тоқаев өз міндетін адал атқарып келе жатқан ұстаздарға алғыс айтып, жалпы білім берудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет екендігін жеткізді. Ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесін атап өтті. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», - дегендей, Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғымы болса, оның бірі – Ұстаз. Ұстаз – мәңгілік тұлға, қасиетті жан, - деп Ұстаздарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті», - дегендей, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.
Ұстаздардың ұстазы болып жүрген біліктілікті арттыру жүйесінің де талабы мүлдем өзгеше деп қабылдадым. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген сөзінен:
➡Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет.
➡ Қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.
➡ Педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
➡ Министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет.
➡ Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ буллингке біржола тосқауыл қоюы қажет.
➡ Барша ата-анаға айтарым: балаларыңыздың зорлық-зомбылық жасауына, қоғамдық тәртіпті бұзуына ерік бермеңіздер.
➡ Ауыл балаларының білім алу мүмкіндігі шектеулі екені баршаға мәлім… Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды.
➡ Үш жылдың ішінде кем дегенде бір мың ауыл мектебін керек-жарақпен толық жабдықтау қажет.
➡ Еліміздегі барлық ауыл мектебіне жылдамдығы жоғары интернетті қолжетімді ету мәселесін шешу аса маңызды. Бұл – Үкімет алдындағы шұғыл міндет.
Жоғарыда аталған мәселелерді өз жоспарларымызға қосып, жұмыс жасауды көздейміз.
Мен Съездің барлық қатысушыларына еліміздің білім алуына қосқан үлесі үшін терең алғысымды білдіргім келеді.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
съезд

шағым қалдыра аласыз