Материалдар / Сипаттама қоян
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сипаттама қоян

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ғылыми жұмысқа керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2019
3490
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қояндарға жалпы сипаттама»

Қоянның биялогиялық ерекшеліктері . Қоян басқаларымен салыстыранда,

өте өсімтал мал. Сақа қоян 1 жылда 6-9 рет (30 күнде) көжектеп ,40-50 дейін көжек туады. Әр туғанда 6-9-14- ке дейін көжек табады. Олар 4-5 айлығында шағылысады . Бір ұрғашы үй қоянынан жылына 60-70 ет алуға болады. Еті дәмді, балаға, қарт адамға және бауырға мен асқазаны ауыратын адамдарға пайдалы.

Қояннан тері. түбіт алады. Терісі жеңіл, әдемі, жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма бұйымдар дайындайды.

Бір ұрғашы төлдерімен қояннан жылына 1-1,5кг түбіт алыныды, 60 тәулікте, жақсы азықтандырса, салмағын 1 кг-ға дейін көтеруге болады. Қояндардың тұқымдары, ТМД-да пайдаланылатын қоян тұқымы: Вена көгілдір үй қояны (венский голубой), шиншилла. Вена ақ қояны (венский белый), шамшань, бельгиялық үй қояны (фландр), белый великан ұй ақ қояны , т,б. Қоян түстері әртүрлі болады: көгілдір сұр, сұрғылт-қара, күміс түсті, қара-қоңыр, қоңырлау, ақ .

Қояндардың тірідей салмағы 4,5-6,0 кг, дене ұзындығы 57 см, кеуде орамы 36 см. Ұрғашысы орта есеппен 7-8 көже туады, тәулігіне 20-23 кг салмақ қосады. Қ оян тағы да басқа тұқымдары бар: советтік мардері, түбітті ақ қоян, орыстың ақ құлақ қояны. Қоянды шағылыстыру және көжектендіру. Қояндарды жылдың кезкелген мезгілінде шағылыстыруға болады, оны ұрықтанған тексеру үшін, бес кұннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянға маңайына жолатпайды . Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120 г сүт шығады , туғанда көжектердің салмағы 40-80 г болады: оларды енесінен 45-60 күндігінде айырады. Азықтану рационы басқа малдардың рационындай болады. Қоян еті барлық диеталық еттердің ішінде маңызы орын алады. Дәмді, тауық етіне жақын, тез қорытылады. Мысалы адам организімінде қоян етіндегі белоктың 90 % қорытылып, сіңірілсе, сиыр етінің тек 62 % ғана сіңеді. Қоян етінің 1 кг-мыңға 1384-1820-ға дейін каллорияға дейін болады. Қоянның майы ақ, жұмсақ, Қоянды сою және терісін сыпыру. Сақа қояндар әлетте көктемде және күзде түлейді. Сояр алдында қоянның жүнін тарап, тазалайды , 12-16 сағат бойы азықтындырмайды, су да бермейді. Егер үй қояндарының терілері үлкен, ұшасы семіз болсын десе соярдың алдында 1 ай бұрын оны бордақылау керек . Терісін бақайдан бастап ағашқа іліп, көзінің айналасын және ауыз тесігінің терісіне дейін сыпырады, құлақтың шеміршегін кеседі, Теріні кептіріп илейді.

Көжектерден алғашқы рет 2-2,5 айлығында бірінші түлей бастағанда дейін (тұбітінің ұзындығы 6 см болғанда), екінші рет 4 -4,5 үшіншіде 6-6,5 айлығында алынады.

Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік жерлерде тіршілік етеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола обылыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе ,Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5-6 кг жазда түсі сұрғылт қоңыр қыста түгелдей аппақ болып түлейді . Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына ақпан -маусым айларында 2-3 рет көбейеді, 3-10 көжек туады . Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен ағаштармен қоректенеді , ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Ор қоян орман – тоғайлар мен далалы жерлерде мекендейді. Ол - едәуір ірі аң салмағы 6 кг дейін жетеді. Оның түсі түгелімен қоңырқай сұр, тек құйыршығының астыңғы жаңы көптеген хайуандар секілді өз көжектеріне беретін белгісі болып табылады. Қоян құйыршығын түсірсе, күзгі шөптің арасына сіңіп, түсі маядағы пішенмен бола кетеді. Қоянның жауы көп. Оны қасқыр да түлкі де, сілеусін де, құну да, сондай -ақ үкі мен бүркіт те аулайды. Дегенмен ересеки қоянды алу оларға үнемі оңай бола бермейді, ол өзінің өмірі үшін шайқасқа біледі, яғни шалқасынан жата қалады да, тырнағы сояудай арты аяқтарымен жауына тойтарыс береді. Аңшылар тірі қоянды құлағынан ұстап көтермеу керектігін біледі, ал егер көтере қалса, ол кәдімгідей жарақаттауы мүмкін. Қоянды қорқақ деп жиі айтады . Бірақ ол олай емес. Өйткені қорқақтың қорқыныштан есі шығады да, не басы ауан жаққа қарай аяғы жеткенше зытады, не қайтерін білмей, қалтырап орнында тұрып қалады. Ал ендә, мәселен қоянның тазыдан қалай қашып құтылғанын қарап көрелік. Ол ұзын құлақтарын арқасына жымырып алып, орғып-орғып жер бауырлап зытады, ал иттер болса оның соңынан арсылдап зымырайды. Қоян ұзаңқырап алады да, ізін шатастыра бастайды: біресе оңға-солға шапқылайды. Ал одан соң, қарыштай секіріп, ізінен адастырады да, тығылып қалады . Тырып етпей отырып, каһарлы тазылардың оның орман жұмбағын қалай табатынын бақылайды. Тек қана құлақтарын қыбырлатып, танауын жыбырлатады. Қоянның көзі бекер қиқаш , болмаған, ол тек алдынан ғана емес, жан-жағын тіпті аздап арт жағын да көреді. Құлақтарда да жаққа бұрылады, сондықтан басын құр- бекер бұрудың қажеті болмайды. Сонымен, қоян өзінің қашан қашу керектігін көріп-білгенше демалып отыра береді. Ақ қоян қысы суықтау өңірлерді мекендейді. Қыс кезінде ол жерлерде орман ақ көрпе жамылады. Егер қоян жаздағыдай сұр күйінде қала берсе , онда ол жауларының көзіне оңай шалынып , жағдайы қыйын болар еді. Сондықтан ақ қоян күзде түлейді: сұр жүннің орнына қардай аппақ ақ жүн өседі . Тек құлақтарның ұшы мен мұрны ғана қара болады. Ақ қоянның көрі кішірек, бірақ оның іздері қояндікінен үлкендеу. Себебі мынада: әдетте оның орман ішінде қарда жүруіне тура келеді де, аяқтарын қалың түк басады. Сонда ол омбылап, қарқа шомбып кетпей еркін жүре алады. Ор қоян жылырақ жерді мекендейді, жатағы да жай ғана жер бетінде болады, ал ақ қояндар тундрада тіпті ін қазып алады. Ор қоянның да, ақ қоянның да ұрғашылары үштен алтыға дейін көжек туады. Көжектері көзі ашық және жүндез, ересек қоянның дәл ойыншық көшірмесіндей болады. Қоян жылына екі, кейде тіпті төрт рет те көжектейді.

Ор қоянның ұрғашысы көжектерімен бірге болады. Ал мына қояндардың дағдысы басаша, яғни енесі көжектерін емізеді де, оларды бүтіндей иесіз тастап кетеді, Бірақ бұл тіпті де білместік әлде қатыгездік еиес, онысы-баларын қорғаудың амалы болып табылады. Өйткені жыртқыш аңдарға енесінің ізі арқылы оның балаларын тауып алу оп-оңай ғой. Егер қоян әр уақыт көжектерін жүгіре берсе, олар әйтеуір бір азулының ауызына кетер еді. Ал былайша көжек өз орнында тырп етпей, тым-тырыс отырады. Демек, ештеңе оны байқамайды да , дыбысында да естімейді .Қоянның сүті нәрлі болады, ол сыйыр сүтінен 6 есе майлы. Сондықтан көжек 3-4 күн бойы ашықпайды. Ал одан кейін қыбырлап, дыбыс бере бастайды .Дәл осы кезде қоян да өз көжектерін іздеп шығады. Бірақ өзініңкі болу міндеті де емес, үйткені ол кез келген көжекті емізеді. Ал тағы бір 3-4 күн өткеннен кейін көжектер отығады. Көп із түсірмеу үшін алдымен өз айналасындағы шөпке жайылады. Енді біраз уақыт өткеннен кейін орғый да бастайды. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1-4,5 кг, дене тұрғы 12-75 см ,

Мадагаскар аралы, он түстік аймағы, Антрактидадан Басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршіін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2-8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жұндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кей біреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола обылыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шықыс Қазақстан областарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кезеседі.Жыл бойы жайылым жағдайына, қара түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, терісі мен түбіті үшін ауланады:

Құм қоян- қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрғы 38-53 см, салмағы 1,5-2,5 кг. Арқасымен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекндейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны- өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1-9 көжектен табады.

Ор қоян- қояндардың ішіндегі ең ірісі . Дене тұрғы 53-69 см, салмағы 3,5-5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарақанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның Батысымен Солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атрау, Ақтөбе облысында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті үңгірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет , 3-9 көжектен табады .

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!