Сиқырлы әшекей

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сиқырлы әшекей

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақсатн Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Оңтүстік Қазқстан Обылысы Білім Басқармасы

21 колледж

БАЯНДАМА

Тақырыбы: “ Сыйқырлы әшекей”

Орындаған: Оқу өндіріс шебері Теңбаева Фатима



Түркістан ,2018 ж.



Жоспары

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Бисер өнерінің төгілу әдістерін шығармашылықта тиімді қолдану

2.2. Әшекей тоқу әдістері

2.3. Әшкейлерді заманауи үлгіде жасау

III. Қорытынды

IY. Пайдаланылған әдебиеттер





























I. КІРІСПЕ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030 стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының мұрасы, қазынасы – қолөнер болып табылады.Халық шеберлері ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этникалық және мәдени ұлттық дәстүрлерін көрсете білген. Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын кең жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ар-намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Алғаш ұстазыммен осы істі қолға алған кезде, осы борышымды қолдан келгенше өтегім келді.«Ел іші – алтын бесік» деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып ою-өрнекті бұйымдарын қолыма ұстағанда, іздегенімді тапқандай болдым. Ойымда жүрген бисерден белдік жасап көрейін деп шештім.

II. Негізгі бөлім 2.1. Бисер өнерінің төгілу әдістерін шығармашылықта тиімді қолдану” Бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнерін қайта жаңғыртып, дүниетанымдық, эстетикалық тәлім- тәрбие беру мүмкіндіктерін пайдалануға зор көңіл бөлінеді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы “Мәдени мұра” бағдарламасындағы мақсаттардың бірі- “халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау”. Өйткені жасөспірімдердің ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп, дүниеге көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Халық мұрасындағы сәндік қолданбалы өнермен еңбек пәнінің өзара байланысы арқылы эстетикалық тәрбие беру жеке тұлғаның қоршаған орта әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттерін қалыптастырады және рухани мәдениетін танытады. Сол себепті эстетикалық тәрбиені өмірден, көркем- шығармашылық іс- әрекеттен бөліп қарамай, қоршаған ортамен тығыз байланыстырғанда ғана ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, экологиялық, патриоттық тәрбие мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік туады. Соңғы кезде қоғамның экономикалық - өндірістік дамуына лайықты бірнеше мамандықты игерген, нарық қыспағына тез икемделгіш жаңа типті мамандарды даярлау қажеттілігі мен бүгінгі күнгі мектептегі еңбекке даярлау жүйесінің сапасы бұл талапқа сәйкес еместігі арасындағы қайшылық айқын көріне берді. Осыған орай біздің зерттеуіміздің негізгі мәселесі, жалпы білім беретін мектептерден бастап, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарына дейінгі аралықтағы оқушы жастарды еңбекке даярлау мен оны басқарудың педагогикалық үрдісін түбегейлі өзгертумен тығыз байланысты. Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан, халық шығармашылығының әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмке тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармаларының осы түрге жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Ең алғашқы “Бисер” атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың “Бусра” немесе “Бусер” деген сөзінен шыққан. Мағынасы “жалған маржан” деген ұғым білдіреді. Біздің эрамызға дейінгі заманда скифтер мен сарматтар өздерінің киімдерін, әйелдердің киімдері мен аяқ киімдерін бисермен әшекейлеген, мұндай дәстүр көне славян елдерінде де болған. Әйелдер мен қыздар түрлі оюлы жағалар, салпыншақ ұзын ленталар, шашқа тағатын салпыншақтар мен белдіктер мен сырғалар жасаған, сондай-ақ бас киімдерді безендіріп, мерекелік киімдерді міндетті түрде бисермен әсемдеген. Бұл өнер түрі барлық қоғам дәуірінде де өміршең болып, қазіргі кезде тіптен даму үстінде. Ең қарапайым түрі- түрлі білезіктер мен алқалар тоқып киіп жүрген қазіргі жастар мен көне дәуірдің дәстүрін жалғастырып тұр десе де болады. Бүгінде бисермен тоқу ісі сәндік бұйымдардың түрі болуымен қатар сәндік қолданбалы өнер түріне айналған. Көптеген суретшілер үлкен өнер туындыларын жасап, олар тек үлкен сурет галереяларынан ғана орын алатын өнер түріне айналған. Бисер деп кішкентай ғана формалары мен орындалу технологиясы әр түрлі кішкене ғана моншақтарды айтамыз. Оларды формалары дөңгелек, шар тәрізді, цилиндр тәрізді, қырлы т.б. болып келеді. Қолданбалы өнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің теориялық және практикалық даярлығы негізінде еңбек пәні мұғалімі әдістемелік білімдермен қаруланып, оқушылардың теориялық және практикалық ой-өрісінің кеңеюіне, сол арқылы оқушының адамгершілік, рухани, тәжірибелік қасиеттерінің дамуына, дағдылары мен қол еңбегі мен ой еңбегінің қалыптасып, ой-санасының жетілуіне ықпал етеді.



2.2.Әшекей тоқу әдістері Тоқу әдісі қиын емес. Оқушылар оны оңай игере алады. Жұмыс істеу үшін бізге фетр матасы, ине, жібек жип, қайшы, түрлі түсті бисерлер керек. Фетр матасына алқа, белдіктің эскизин түсіріп қиып аламыз. Бисермен тоқуды бастаймыз.Халықтық қолданбалы өнердің педагогикалық ғылымда оқушы тұлғасын қалыптастыру мен ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің әлі де жан – жақты толық зерттелуі қажеттілігі мен пайда болған қайшылық негізінде оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесін туғызады. Колледжіміздің «Технология» мамандығы бойынша қолөнер пәндерінен студенттер бисерді тізбектеуден бастап, түрлі бұйымдар тоқып, үлкен картиналар төгеді Кез келген жұмысқа кіріспес бұрын алдымен үлгі жасап қарау керек, ол түстердің дұрыс таңдалғанына, бояуының қанық орналасқанына т.б. ерекше мән береді. Сондай-ақ схема бойынша жүріп, әр жұмыстың өз орнымен, уақытымен, орналасу тәртібімен жүргенін ескеру керек. Бисердің көлемі мен саны, түрі мен түсі, бояу қанықтылығы жасалынатын бұйымның әдемі, мықты, сапалы болуына кепілдік береді. 2.3.Әшекейлерді заманауи үлгіде жасау Бисермен жұмыс жасаудағы ең қажетті процесс- шынжырлап тоқу. Ол бисермен жұмыстың ең негізгі процессі болып саналады. Онсыз бисермен жұмыстың ең қарапйым түрі де жүрмейді. Оның екі түрі бар. Біріншісі, бір жіпке шынжырлар тізу; екіншісі, бірнеше жіпке шынжырлап тізу.









Бисерден декоративті сувенирлер тоқу қызықты да қиын процесс Беделді мамандардың пікірінше, өзінің бос уақытын осы іске, яғни маржанмен кестелеуге және сәндік тоқу мен тігуге арнаған адамдардан екі сапалық қасиет талап етіледі. Олар: талапты ақыл және заттарды сезіне білу талабы. Мұнда қолөнер кәсібінің шекаралық шегі мен мүмкіндігін түсіне білу керек, өйткені әңгіме бұйымдарды көркемдік жағынан құрастыру бағытында жүреді.Егер адам инемен шебер жұмыс жасай білсе, онда қарындашпен жұмыс жасауда да шеберлік танытатындығына күмән жоқ, бірақ қарындаш пен акварель бояулары үйренуші дизайнер үшін кей уақытта жай құрал болмай қалатындығын да естен шығармаған жөн.

Бисер тігу барысында мына қағиданы ұстануға болады: “Қажетті затты дұрыс істегенде ғана қажетті нәтижеге жетуге болады”. Яғни баланың бисерді кестелеп тігуге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз жұмысының әдемі, ұқыпты болып шығуына әсерлету. Кәсіптік мамандыққа даярлаудың мазмұны ғылым, техника мен өндірістің жетістігіне сәйкес үнемі жаңарып, іске асып отыратыны және бұл мазмұнды меңгерту политехникалық негізде ғана іске асырылуын ғылыми теориялық және өндірістік – практикалық тұрғыдан баланың күнделікті ісіне айналдыруға болады. Мұнда жұмыс бірізділікпен жүргізіледі. Әуелі жіппен кестелеу немесе аппликация, сосын бұйым іш жағынан үтікшелік, маржан, моншақ, шыны түтіктерімен тігіледі. Негізгі кестелеу матаға көшірілген өрнекте жүргізіліп, мата керіледі. Кесте суреті жібек жіппен, мулинамен, лескамен орындалады. Матамен кестелеу негізгі кесте біткеннен кейін жүргізіліп, моншақтарды ілмек сияқты ине, жіппен тігеді. Тігілген моншақтар санына байланысты оларды үшбұрыштап, төртбұрыштап, жұлдызшалап, айналдырып орналастыру арқылы әртүрлі композиция жасауға болады.













III. Қорытынды Бисермен әсемдеу өнері – басқа қолөнер түрлері сияқты ертеден қалыптасқан және қазір де қазақ халқы арасында кең тараған, кең қолданылатын өнер. Бисер әсемдеу өнерінің мәнін, артықшылығын, тәрбиелік мәнін түсіну үшін оны оқушыларға оқытып, жастайынан баулу керек. Бисер әсемдеу өнеріне арналған сабақтар оқушыларды жеке тұрмыс салтына, отбасы өміріне әсемдікті енгізу, мінез –құлықтағы, тіршіліктегі, сұлулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу, көрнекі құрал ретінде пайдаланылатын өздері жасаған бұйымдарға, көрме экспонаттарына және оқу орнының мүлкіне аялы көзқарасқа тәрбиелейді

Бисермен кестелеу өнері күні бүгінде бір орында тоқтау қалмай өрлеу үстінде, оған дәлел бүгінгі жастар мен жасөспірімдердің осы өнер түріне деген ықыластарымен бисер өнер туындыларына деген күнделікті сұранысы . Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.

IY.Пайдаланылғын әдебиеттер

  1. Беляева Л.Д. Русское бисерное шитье.-Петербург.

  2. Ибрагимова Г.С. Моншақпен кестелеу өнері. //Мектептегі технология.-2005.-№9.-29б

  3. Литвинец Э.Н. Изготовление украшений из бисер и стекляруса”: методич. Пособие.-Москва, 1984

  4. Каланокова М.В. Панно из бисера //Технология в школе.-2005.-№9.-44-48б

  5. Нұрбекова С. Бисер тоқу //Мектептегі технология.-2005.-№1.-18-20б

  6. Т.П. Чимпоеш. “Плетение “фенечек” из бисера и ткани”. Ростов-на Дону, 2004

  7. Бисер и стеклярус в России” ХVІІІ-ХХ века .- Ленинград, 1990

  8. Парьева Е.В. “Бисер на стекле”. Ростов на Дону. 2003



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі