№33«Орленок»
бөбекжайы МКҚК
Тақырыбы:«Сиқырлы
бояулар»
Тәрбиеші:
Кабесова.А.Е
2018-2019 оқу
жылы
Ашық ұйымдастырылған
оқу-қызметі.
Тобы: «Балапан»
тобы
Күні:
Білім беру
саласы:«Шығармашылық»
Ұйымдастырылған
оқу-қызметінің бөлімі: «Сурет
салу»
Тақырыбы:«Сиқырлы
бояулар»
Мақсаты: Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты
эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен, қарындаштармен,
борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет
салудың
техникасын
жетілдіру.Сиқырылы бояулар арқылы көңіл күйімізді жеткізуге
болатынын және түстерден бірнеше түстер шығаруға болатынын
үйрету. Есте сақтау, көңіл аудару,
кенестік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
жұмбақ арқылы тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын арқылы
көңіл- күйлерін көтеру.Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге
үйрету.
Әдіс-тәсілдер: бақылау,еңбек,көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап алу,ойын
ойнату,жеке жұмыс.
Қажетті көрнекі
құралдар: күн мен бұлттың суреті
,кейіпкерлер,ақ қағаз,дымқыл шүберек,езілген субояқ,боялған
тұз,трафарет.
Билингвальды
компанент:Түстер-цвета-
colors,бұлт-облако-cloud,күн-солнишка-day.
Шаттық шеңберінде
қонақтармен амандасады.
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой.
Ал, қанекей
бәріміз,
Сәлем дейік
үлкенге.
Сәлеметсіздер ме,
апайлар
Жылулық
шеңбері
Балалар біз бүгінгі сурет
оқу-қызметінде сиқырлы боялар туралы көп мағұлматтар білеміз.Қандай
түстерді білесіңдер?.Ал балар білесіңдер ме боялар сиқырлы
болады, түстерден қосымша түстер шығаруға
болады?Мысалы:
қызыл+сары=қызғылт сары,
қызыл+көк=сия көк,
сары+көк=жасыл.
Сиқырлы бояаулар біздің өмірімізбен байланысты.Біздің көңіл
күйімізді сиқырлы бояулар арқылы білуге
болады.Балалар қане баріміз мына
мұраның қасына шеңбер құрып бір-бірімізге сиқырлы бояулар арқылы
жылы тілектерімізді білдірейк.
Көк-түсті шеңберді алған
себебім аспанымыз ашық болсын,
Сары-түсті ш.алған себебім
күннің мол шуағын төксін дегенім,
Қызыл-түсті ш.а.с.-айналамыз
қызыл гүлге толсын.
Жасыл-түсті ш.а.с.-еліміз
тыныш болсын дегенім,
Күлгін-түсті
ш.а.с-армандарымыз орындалсын дегенім.
Ашық жасыл-түсті.ш.а.с-жігерлі
болсын дегенім
Қызғылт-түсті ш,а,с-байсалды
болсын дегенім.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?.
-Күз мезгілінде күн қандай
болады?
-Бүгін күн қандай, күннің көзі
бар ма?
Балалар енді бәріміз
теледидарға назар аударайықшы
-Балалар енді мен сендерге
жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Етек-жеңi
жиналмай,
Дауыл тұрса дым
қалмай,
Тұйдектелiп
көшедi,
Тоз-тоз болып өшедi.
(Бұлт)
- Балалар бүгін бізге қонаққа
бүкіл әлемге жарық,жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ, күніміз
қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой.Жарық,жылу,беретін
күнімізге көмектесеміз бе? Қанеки,балалар аспанға қарайықшы. Күнді
көріп тұрсыңдар ма? Бұлттар күнді бізге қарап жібермей
тұр.
-Бұлттардың түсі
қандай?
-Күннің түсі
қандай?
-Күн қандай болады? Қандай
пішінге ұқсас?
-Күннің көзі жарқырап шыққанда
табиғат құлпырып, , құстар, жануарлар, адамдар ұйқыдан оянып
өздерін қуанышты
-Балалар қараңдаршы бұлт бүгін
түнеріп тұр.Күннің көзі көрінбейді.(Осы кезде бұлт болып киінген
кейіпкер бала шығады)
-Сәлеметсіңдер ме
балалар.
-Балалар бізге бұлт келіп тұр
екен. Бұлт күнді тығып қойған, ұрлап кеткен екен.Бұлттан біз
сұрайықшы.
-Бұлт күнді неге тығып
қойдың,босатшы.
-Жақсы босатамын, тек менің
тапсырмамды орындасаңдар.
-Орындаймыз ба
балалар?
-Маған осы күннің суретін
салып бересіңдер ме?
Топен
жұмыс:
-Балалар ендеше бұлтқа
суретімізді салып берейік. Бұлт біздің балалар суретті өте тамаша
салады. Олар шетінен өнерлі. Саған арнап сурет салып
береді.
Ол үшін үш топқа бөлінейік.
Бұлт тобы, Жаңбыр тобы, Күн тобы.
Балалар үш түрлі әдісте күннің
суретін салады.(Технологиясын түсіндіру)
-Балалар сендер қандай
бақыттысыңдар , менің де сендермен дос болғым
келеді.
Сергіту сәті:(Видио
ролик)
-Балалар бұлтты қастарыңа
қосып дос боласыңдар ма?
-Жарайды ендеше бұлт біздің
балалар сенімен достасады.
-Бұлт сен келе го балалардың
салған суретін тамашалап отыра гой.
Дидактикалық
ойын:
Түсіне қарай
орналастыр»
Дидактикалық мақсаты: балалардың 6 түс туралы
алған білімін бекіту. Заттардың әр түрлі сыртқы ерекшеліктеріне./
пішін, көлем, атқару қызметіне / назар аудармай отырып түстерді
айыру
Құралдар: Әр балаға 10х10 см түрлі - түсті 6
шаршыға бөлінген /30х20 см/ жолақша қатты қағаз. Ұсақ қатты
қағаздан ойылған ойыншықтар
бейнесі.
Ойынға
басшылық:
Балалар біздер қазір «Түсіне қарай
орналастыр» ойынын
ойнаймыз.
Сендердің алдарыңда түсті жолақша бар. Ал,
қандай түсті ойыншықтар бар екен? Мынау не? / Көк түсті машинаны
көрсетіп,/
-
Машина.
- Ал, мынау не? /Қызыл түсті машинаны
көрсетіп/
-
Машина.
- Ал олардың қандай айырмашылы бар? /екеуін
бірге ұстап қатар қояды/ Егер балалар жауап беруге қиналса педагог
өзі көмектеседі.
« Олар бірдей ме екен? Айырмашылығы неде?
Дұрыс, біреуі көк түсті, ал екіншісі қызыл түсті. Басқада
ойыншықтардың түстері ажыратылып
орналастырылады
-Жарайды,онда мен
балалардың сурет салғандарын тамашалайын.Суреттерін салып болған
топ бұлтқа сыйлайды.
Ануар:
Бұлт мына суретті саған
сыйлаймын, себебі күннің жылуы болсын деп.
Мерует:
Бұлт мына суретті саған
сыйлаймын, себебі күнмен дос болсын деп.
Аделина:
Бұлт мына суретті саған
сыйлаймын, себебі екеуің араздаспасын деп.
Бұлт:-Жақсы балалар сендерге
ризамын, мен енді күнді ренжітпей дос боламын.Мені кешіріңіздерші.
Мен күнді босатайын.(Күнді бостады)
Күнге қарайықшы. Күн сіздерге
күлімсіреп тұр.
-Жарайсың бұлт сен енді
бәрімен тату,дос болатын болдың.
-Осы кезде Күн болып
киінген қыз шығып:
-Балалар сендерге көп рахмет,
мені бұлтпен татуластырғандарың үшін.Енді ары қарайда сендердің
көмектеріңізбен достығымыз нығая түседі.
Еңбек.
Күн: «Менің жарық пен жылу
беретін сәулелерім боласыңдарма?»-деп
сұрайды.
Сендер келісесіңдер ме?Ендеше
менімен бірге сендер сәуле болдыңдар. Сәулелер күнмен бірге тұрып,
жер бетіне адамдарға ,өсімдіктерге,жануарларға ,жарық пен жылу
бересіздер.
-Балалар сендер қандай табиғат
құбылыстарын білесіңдер?
-Жақсы, ендеше балалар қазір
«Табиғат құбылыстарын қимылмен жаса» деген қимылды ойын
ойнаймыз.
Мен бір табиғат құбылысын
айтқанда сендер қимылмен көрсетіңдер.
-Балалар біз бүгінгі ҰОҚ –де
нені білдік?
-Қандай сурет
салдыңдар?
-Сурет салған сендерге ұнады
ма?
-Тағы нені
білдік?
Балалар бүгін сендер күні бойы
күн сәулелері болып жүріңдер. Күні бойы сендерден мейірімділік,
көтеріңкі көңіл-күйге толтырып,жылулықтарыңызды шашып,барлық жақсы
қасиеттер ұшқыны шашылып тұрсын. Ол жақсы қасиеттерден ешқашан
айырылмаңдар,олар сендермен үнемі бірге
болсын.


