Сиқырлы ел -Денсаулық

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сиқырлы ел -Денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі бойынша физикалық дағдыларын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Тақырыбы: «Сиқырлы ел-Денсаулық»

Мақсаты: Денсаулық технологиясын пайдалана отырып, салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Кедір–бұдыр кедергілерден, құбырдан еңбектеп өтуге, қос аяқпен секіруге дағдыландыру. Баланың денесін түзу әдемі ұстауын жетілдіру. Балалардың би өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Әуенді тыңдау арқылы, бидің қимыл-қозғалыстарын еркін нақты ұқыпты жасай білуге үйрету.

Құрал жабдықтар: құрал жабдықтар: Кедір –бұдыр кедергілер, құбыр, доға, интерактивті тақта, үнтаспа, залды теңіз әлеміндей безендіру.

Әдіс тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әректі

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық -ізденушілік       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексті түзетуші

Балалар залға бірінің артынан бірі  маршпен жүріп келеді.  Айналып жүреді.

Шаттық шеңберге тұрады.

Музыкалық амандасу

Қайырлы таң

 Қайырлы таң достарым

Шеңберге тұрайық, жылулық сыйлайық

Доброе утра

Доброе утра друзья

Посмотрите друга друга

Пожелайте добра

Гудмонинг, гудмонинг,

Гудмонинг, гудмонинг уик глаг ту сию

Тәрбиеші:  Балалар адамдар көңілді, әдемі болып жүруі неге байланысты?

Денсаулыққа

Дені сау адам бақытты адам.

  Ал біз денсаулығымыз мықты   

  болу үшін не істеуіміз қажет? дұрыс тамақтану керек көптеген дәрумендер жеу

-Балалар мен сендерді бүгін

ауасы таза, толқыны тулай

шулаған,теңіз жағалауына

қызықты саяхатқа баруды ұсынамын

- Келісесіздерме?- Келісеміз.

Балалар біз қандаймыз?

Мықтымыз.

Балалар біз саяхатқа бармас бұрын дәрігердің рұқсатын алайық. Өйткені біз теңіз жағасына сырқаттанып немесе жарақаттанып қалуымыз мүмкін. Сол үшін бізге дәрігердің рұқсаты қажет болады.

Дәрігерге барады.

-Сәлеметсізбе дәрігер.

-Сәлеметсіздерме  балалар?

-Дәрігер біз  балалармен теңіз жағасына  қызықты саяхатқа барғымыз келеді. Балалардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін сізден рұқсат алуға келдік.

-Бізге рұқсат бересізбе?

- Балалар таза ауа, теңіз жағасы сіздердің денсаулықтарыңызға өте пайдалы. Бірақ сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін мен де сіздермен бірге саяхатқа шыққым келеді.

Олай болса теңіз жағасына жету үшін көптеген кедергілерден өтеміз.

-Балалар біз қандаймыз?

1.Кедергі  жолдардан  өту.

2. Тастардан өту.

3.Жасыл шөптің үстімен жүру.

4 Тунельден өту.

5. Доға астымен жүру.

Теңізег келу.  Отыру. Әңгімелеу.

Міне теңіз жағалауына да келдік. Толқындар  теңіз суының  иісі қандай керемет. Қане  бәріміз осы таза ауамен тыныс алайықшы.

- Балалар теңіз суы ащы ма, тұщы ма?

-Оны ішуге болама?

-Жоқ болмайды.

-Теңіз суы ащы болғанмен денсаулыққа өте пайдалы.

-Теңізде қандай жануарлар мекендейді ?

Сонымен қатар теңіз бетінде шағалалар болады. Теңіз көркі аққу.

Теңіз жағалауында жалпы дамыту  жаттығулары:

 Балалар екі қатарға бөлінеді.

  1. Көзді жұмып  екі  жаққа басты бұру.

  2. «Толқын» жаттығуы  толқын бірде баяу, бірде қатты толқиды.

  3. Толқын күнге қарай ұмтылады. Матаны тізерлеп  тұрып жоғары көтеру, түсіру 4рет.

  4. Қане біздің толқынымыз күнге қарай ұмтылады. Бір тізерлеп тұру аяқ –қолды созу.

  5. Қане балалар аяқтарымызды теңізге батырып көремізбе?

  6. Олай болса аяғымызды теңізге батырамыз. Матаны жоғары көтеру,аяқ арасын ашу, жабу.

  7. «Теңіз тасбақасы» жаттығуы. Кезектесіп мата астымен  артқа қарай жылжу.

  8. «Делфиндер»мейірімді, ерке делфиндер суда ойнақтайды.

  9. Еркін жату

  10. «Дәрігерге көмектесеміз» жаттығуы. Дәрігер суға түседі. Балалар жан-жағынан матаны жинайды, ашады.

  11. Тыныс алу жаттығуы: «Толқынды қуып жетеміз»

Қимылды ойын: «Балықтарға көмектесеміз»

Ой балалар мен теңіз жағасында жатқан балықтарды көріп тұрмын.Олар сусыз өмір сүре алмайды ғой. Біз оларға көмектесемізбе?

Ой балалар мен теңіз жағасында жатқан балықтарды көріп тұрмын.Олар сусыз өмір сүре алмайды ғой. Біз оларға көмектесемізбе?

Қимылды ойын: «Балықтарға көмектесеміз.

Міне балықтарды суға жібердік. Балықтарға көмектесіп біз жақсылық жасадық.

Релаксация

Жайланып жатамыз. Көзімізді жұмамыз. Теңіздің таза ауасы қандай тамаша. Теңіз толқынының шуы, сайраған құстар қандай керемет.

-Балалар естисіңдерме? шағаланың даусы шығып жатыр. Шағала келеді.

-Сәлеметсіздерме балалар

- Сәлеметсізбе

Мен сіздерді алыстан бақылап тұрдым. Сіздердің  жасаған  жаттығуларыңды қызыға тамашаладым.Менің де сіздермен би жаттығуларын жасағым келеді. Балалар келіседі.

Олай  болса Софиданс әдісімен би жаттығуларын жасаймыз.

Гимнастикалық би жаттығулары.

Шағала балаларға көңіл-күйінің көтеріліп қалғанын айтып қоштасады.

Дәрігер  жеміс әкеледі алдымен тыныс алу жаттығуын жасайды.

-Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші дәруменді топқа барғаннан кейін жейтін боламыз.

Қорытынды.

-Балалар біз бүгін қайда бардық?  

- Қандай жаттығулар жасадық?

Теңіз жағасы сендерге ұнады ма?

Олай болса  кедергілерден өтіп тобымызға оралайық                                                    

 Шаттық шеңберде тәрбиешімен бірге музыкамен қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең сөздерін тәрбиешімен қосылып  іс –қимыл арқылы қайталайды.

 

 

 

 

 

Балалар қуана келіседі.

 

 

 

 

Біз мықтымыз.

1.Кедергі  жолдардан  өту.

2. Тастардан өту.

3.Жасыл шөптің үстімен жүру.

4 Тунельден өту.

5. Доға астымен жүру.

Теңізег келу.  Отыру. Әңгімелеу.

 

 

Ащы

 

Жоқ болмайды.

 

Балалар: Кит, акула,балық,дельфин, теңіз жұлдызы, теңіз тасбақасы, медуза.

 

 

Балалар екі қатарға бөлінеді.

Жалпы дамыту  жаттығуларын жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бақа сияқты жүріп барып, қайтарды қос аяқпен секіріп балықты суға әкеліп тастайды.

 

 

 

Балалар көздерін жұмып дөңгелене

Шағаламен бірге софиданс гимнастикалық би жаттығуларын жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар келіседі.

 

Дәрігермен бірге алдымен тыныс алу жаттығуын жасайды.

 

 

 

Теңіз жағалауына

Әртүрлі жаттығулар жасадық

Ия ұнады

Гимнастикалық би жаттығуларын жасадық







































Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары 1. Сапта бірінен кейін бірі жүру. «Балапан» - өкшемен жүру. «Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру. «Түлкі» - бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру «Аққала» - жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру . «Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру. 2. «Ит» - жүруді жүгірумен, секірумен алмастыру. 3. Тізені көтере секіру. 4. «Қабылан» - жүруді жүгірумен алмастыру. Мұғалім: Біз қайда келдік? Теңіздің жағасына. Жағада кемелер тұр. Ендеше қолымызды бір-бірімізге жалғайық, мен сендерді біздің кемеге шақырамын. Балалар, сендерді түрлі сынақтар күтіп тұр. Негізгі бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары Балалар жұп болып тұрады. 1. «Теңіз толқыны». Б.қ. отырып аяқтарын алшақ қойып, бір-бірінің қолдарын ұстайды. 1-2 оңға, 3-4 солға 5-6 рет қайталау. 2. «Желкенді көтереміз». Б.қ. қолды төмен түсіру. 1-2 қолды жоғары, 3-4 б.қ. 8 рет. Мұғалім: Бір-бірлеріңнен мықты ұстаңдар, біздің кемеміз жүзуге шығады! 3. “Жолға!” Б.қ. отырған күйі қолдары алдында отырған баланың белінде болады. 1 – алға еңкею, 2- артқа еңкею 8 рет. Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, кемеде бізді теңіздегі достарымыз күтіп тұр. Бұл теңіз жұлдызшалары. 4. «Теңіз жұлдызшалары». Б.қ. балалар бір-біріне арқаларын беріп отырады, қолдарымен бүгілген тізені құшақтайды. 1-2 басты көтеріп, қол мен аяқты алға ұстап, бір-бірінің қолына тигізеді. 3-4 б.қ. 8 рет. Тыныс алу жаттығуы. «Түтікше» - ысқырықты үргендей қылып, ерніңмен түтікшені қысып, сосын жымиып ерніңді босатасың; еріннің осындай қалыптарын кезектестіріп қайталайды. Мұғалім: Мінеки, біз күшті, епті, мейірімді екенімізді көрсеттік. Біз ешқандай қиындықтан қорықпаймыз. Алдағы сынақтардан да біз өтеміз, солай ғой, балалар. Ол үшін кеменің діңгегі дұрыс па екен, тексеріп көрейік. Балалар жұптасып, екі топқа бөлінеді. Бір бала гимнастикалық орындықта отырған күйі қозғалса, екіншісі досының қолын ұстаған күйі жүріп отырады. Балалар осылайша орын алмастырады. «Кеме діңгегін тексереміз»: гимнастикалық қабырғаға өрмелеу. Гимнастикалық қабырға бойымен жылдамдыққа ең басына дейін өрмелеу. Мұғалім: Қалай тапсырманы орындадық па? Енді кеменің арқанын тартамыз. Керілген жіптен секіріп өту. Балалар жұптарымен бір-біріне 4 қадам ара қашықтықта қарама-қарсы тізерлеп отырады. Әр бала керілген арқанның ұшын тізе бойымен ұстайды. Бірінші жұп арқанды еденге қояды да, керілген арқандардан секіріп өтіп, өз орындарына келіп, арқанды алып кереді. Осылайша келесі жұптар тапсырманы жалғастырады. Релаксация. «Теңіз өмірі». Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндердің күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну. Мұғалім: Міне, тамаша, біз күшімізді, шыдамдылығымызды көрсеттік. Қазір кемемізде көңілді жарыстар болады. Балалар екі топқа бөлінеміз. Жарыстар. «Теңіз аты». Допты жалауға дейін жеткізу және қайтадан оралу. Тапсырманы әр топтың қатысушысы орындап шығады да, бірінші болып орындаған топ жеңімпаз болады. «Теңіз маржанын тереміз». Әр қатысушы туннелдің астымен «теңізде сүзіп» өтеді де, ішінде доптары бар шеңберге жүгіріп келіп, ішінен допты «маржанды» алып, жүгіріп, орнына келеді. «Балық сорпасы». Әр қатысушы ыдысқа дейін жүгіріп барып, бір-бір көкөністен салады. Ең соңғы бала шөмішпен барып «дайын сорпаны» араластырып келеді. «Арқан тарту». Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу. Құттықтау (балалар бір-бірінің қолдарын алып құттықтайды). Қорытынды. Су перісі шығады. Су перісі: Балалар, сендер сондай тату, көңілді балалар екенсіңдер, менімен бір ойын ойнауға келісесіңдер ме? «Су перісі» ойыны. Теңіз толқиды 1, Теңіз толқиды 2, Теңіз толқиды 3. Балалар шеңбер құра айналып сөздерді айтады. Көзі орамалмен байланған ойын бастаушы ортада отырады. Сөздер айтылып біткенде, бастаушы кез келген ойыншыны қолмен ұстап, оның кім екенін табуы керек. Ойын 3-4 рет қайталанады. Су перісі: Балалар сендер ептілікті, алғырлықты, шапшаңдықты қайдан үйрендіңдер? Мұғалім: Теңіз саяхатынан. Су перісі: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге теңіз сыйлығын бергім келіп тұр. Су перісі теңіз бақалшықтарын береді. Балалармен бірге теңіз шуын тыңдайды. «Теңіз шуы» фонограммасы. Мұғалім: Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Саяхатта не істедік? (Жүрдік, жүгірдік, секірдік т.б.) Қане, есімізге түсіріп көрейікші, қандай қиындықтарға тап болғанымызды (балалардың жауабы). Барлығыңызға рахмет





Тақырыбы: «Теңізге саяхат»

Мақсаты: Балалардың дене бұлшық еттерінің қозғалысын жақсарту мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын арттыру, омыртқаларын нығайтып, өз – өздерін бір қалыпта ұстауға дамыту. Жатып жасалынатын жаттығулар омыртқаға, әр түрлі қозғалыста жасалатын жаттығулар дене бұлшық еттерін қозғалтып өз-өздерін бір қалыпта ұстауға қалыптастыру, салауатты өмір салтын дамыту.

Қолданылатын көрнекті құралдар: Кілемшелер, доптар, гимнастикалық орындық, матрасты табан іздері, интерактивті тақта.

Оқу іс — әрекетінің  кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық қозғаушы

Бір сап бойымен залға кіру, тұру.

Солға бұрыл.

Сап түзе.

Тік тұр.

Сәлемдесу. Балалар біз қазір залды айнала жасайтын жаттығуды жасап бойымызды бір қыздырып алайық.

Оңға бұрыл. (Жүреміз)

 

 

Сәлемдеседі. Педагогтің нұсқауымен залды айнала жүреді.

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

Жан – жақты дамыту жаттығулары. Залды айнала жасайтын жан-жақты дамыту жаттығуларын бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. Аяғымызды көтеріп, бойымызды тік ұстап аяқты нық басып жүреміз.1,2 ТОҚТА.

 

Бастапқы қалыпта қолымыз белде басымызға жаттығуды жасаймыз. Оңға, солға басты бұру.  Бастапқы қалыпта қолымызға жасалатын жаттығу. Қолды алға, жоғары, жанына, төмен түсіріп, санап жүріп жасалатын жаттығу.

 

Бастапқы қалыпта белімізге жасалатын жаттығу. Қол белде бір қолымыз жоғары, оңға, солға иілу.

Бастапқы қалыпта өкшеге жаттығу. Қолды желкемізге қойып, өкшемізбен жүреміз. Бастапқы қалыпта аяқ ұшына жасалатын жаттығу. Қол белде аяқ ұшымен, аяқтың сыртқы, ішкі қырымен, б.қ. келу.

Сапқа тұрамыз. Негізгі қимыл: Балалар біз қазір теңізге саяхатқа шығамыз. Ондағы теңіз астындағы су тіршілік иелерімен танысып, қимыл іс-әрекеттерін бірге жасаймыз.

 

Бір қатар сапта жүріп әр бала өздері үстел үстінде тұрған кілемшелерді алып 1-ші, 2-шіге бөлінген екі топ балалары екі жаққа бөлініп, бір – біріне қарама-қарсы тұрады. Жаттығу: енді жоғары – төмен тербетілеміз. Қане бәріміз жасаймыз. Міне, біз теңізге де жеттік. Ал енді теңіздегі тіршіліктерді тамашалап жаттығуымызды бастайық. Су астына қараңдаршы бұл Шаян. Ал қане шаянның қимылын жасап көрейік. Жаттығуы: Ол үшін шалқалап жатып, қолдарымызды айқастыра ұстап аяғымыздың көмегімен оңға, солға бұрыламыз. Жарайсыңдар!

 

Ал мында қарайықшы су жиегінде Дельфин тұр. Ол адамдармен өте жақын дос бола алады. Балалар біз дельфин болып көрейікші. Жаттығуы: ішімізбен жатамыз, қолымызды аяғымызды созып ішімізбен тербетілеміз.

Жарайсыңдар

Мына балықтың түрлерін білесіңдер ма, қараңдаршы? Бұл акула, өте қауіпті балық, адамды да, басқа жәндіктерді де жеп қояды. Жаттығуы: Төрт тағандап арқамызды ішімізді жоғары қарай көтеріп тек екі алақанымызбен аяқпен жүруіміз керек.

 

Мында мұқият қараңдаршы су астында да гүлдер өседі екен. Бұл Актиния деген гүл. Ал гүлдер жайқатылып тербетіліп тұрады. Су астында да олар судың толқынымен бірге тербетіледі. Жаттығуы: біз қазір сол гүлдердей болып тербетіліп тұруымыз керек. Алдымен жерге тіземізбен тұрамыз. Бойымызды түзу ұстап, қолдарымызды жанымызға түсіріп қойып, алға. артқа қарай тербетіліп тұрамыз.

Балалар біз теңіз асты тіршіліктерін тамашалап жүріп, солтүстік жағалауға өтіп кетіппіз. Қараңшы бұл жерде пингвиндер тіршілік етеді екен. Жаттығуы: Допты екі аяқ арасына қысып, қолдарын екі жаққа тастап пингвиндер секілді жүруіміз керек.

 

Ал енді балалар, сапарымызды аяқтап,балабақшамызға қайтайық. Бірақ біз кейін қайтуымыз үшін мұндағы мұздардан аттап, қар үстіндегі іздерден, көпірден өтуіміз керек. Кедергілерден өтуге дайынбыз ба, балалар? Алдымен мұздардан аттап, секіріп өтеміз. Одан кейін мына іздермен жай ғана кезектесіп өтеміз. Тепе-теңдік сақтай отырып, кезекпен-кезек көпірден өтеміз. Осылайша біз балабақшамызға жеттік.

Қимылды ойын: «Құс болып ұшамын»



Шарты: Екі қолымызды екі жаққа созып, қанатын жайып әуеде ұшқандай оң, сол жаққа қарай бұрыла жүгіріп тарайды. «Дауыл, жел» соқты дегенде барлығы тәрбиеші жанына бірге жиналып отырады

 

 

Педагогтің нұсқауымен жаттығуларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бірінің артынан бірі тізбектеліп жүріп, екі топқа бөлінеді.

 

 

Шалқалап жатып тербеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлдер секілді барлығы бірге тербетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің нұсқауларын орындап, барлығы бірге жасайды.

 

Ойынға барлығы қатысады.

Рефлециялық -түзетушілік

Қорытындылау. Тыныс алу жаттығуын жасау.

Сау болыңыздар.

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
63
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі