«Сиқырлы жарық»
Әуен ойнайды, тәрбиеші балаларға көздерін жауып, өздерін күн шуақты алаңқайда елестетіп көрулерін ұсынады.
Тәрбиеші: Міне, күн көзіне жарықтандырылған қойбүлдірген мен жидектердің жапырақтары. Көрдіңдер ме, қандай таза, олардың түстері де ашық және қанық. Иіскеп көріңдерші, қандай иісі бар. Міне, күн бұлт артына кіріп кеткен бойда барлығы түнеріп кетті: шөптер де, гүлдер де, жидектер де. Ал енді көздеріңді ашып, маған айтыңдаршы, орман алаңқайы сендерге ұнады ма, не естідіңдер?
(Балалар жауабы мен әңгімелері).
- Балалар, бізді қоршаған заттардың түстері күн сәулесіне байланысты екен. Бір тәжірибе жүргізіп көрейік пе? Бізге үстел шамы көмектеседі. Біз заттарды және олардың үлгілерін жай жарықта түрлі түсті картоннан көрейік, қараңғылатылған бөлмеде шам жарығымен жарықтандырып көрейік (Доптарды, көкөністер мен жемістерді түрлі түсті картон бөлшектері арқылы көру тәжірибелері жүреді).
- Балалар, ашық жарықпен жарықтандырылса заттың түсі өзгере ме?
(Иә).
- Ол қалай өзгереді? Бояулар қандай болады?
(Ашық түсті).
- Суретте көріністерді көрсету үшін, негізгі түске ақ бояу тамшысын қосамыз. Қараңдаршы, міне, қойбүлдірген жапырағын жасыл түске бояймын, ал енді осы түске ақ бояу тамшысын қосамын.
- Дұрыс, біздің көз алдымызда жылы және тірі болып көрінетін олардың қоңыр діңдері. Мұқият қараңдаршы, орманда басқа тірі жан бар ма?
(Құстарды көрдік. Балалар суреттен көрсетеді).
- Ол ағаш секілді ұйқыға кеткен.
Қырды жапты күміс қар,
Далада жаңа тыныс бар,
Бұталар жалт-жұлт етеді
Кәдімгі бейне хрусталь. (Ф.Тютчев)
- Балалар, сендер мына орманды қалай атайтын едіңдер?
(Ертегілі, ұйқыға кеткен...).
- Бұл суретті салған суретші И.Шишкин және ол «Орман» деп аталады.
- Айтыңдаршы, бұл суреттің қайсысы жылырақ? Неліктен?
(Балалар жауабы: өйткені,
«Орман» суретінде қоңыр түс бар, ол – шырша діңдері және олардан жылылық сезіледі; ағаштар қою, жел жоқ...).
- Дұрыс. Орманда жақсы, бірақ бізге тездетіп Аяз атаның сарайына жетуіміз керек.
Әуені Л.Бекмандікі «Орманда шырша туылды» әнінің
фонограммасы ойнайды
- Балалар, тыңдаңдаршы, әуен қайдан шығып жатыр?
(Ватман бетінде балалардың суреттеріне арналған терезелері бар сарай бейнеленген сурет мольбертте ашық тұрды).
- Мен бұл үйдің иесін көрмей тұрмын. Ол қайда болуы мүмкін?
(Балалар жауабы).
- Ал қанекей, біз өздеріміздің тілектерімізді суреттеп, оны терезелерде тастап кетейік. Аяз ата келеді де, біздің сұрауларымызды көреді. Үстел басына өтіңдер, сіздің жұмыстарыңа қажеттілердің барлығы дайын.
Өз таңдауы бойынша бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, балалр өз ойынша сурет салады.
(Әуенмен бірге балалардың өзіндік жұмысы, суреттерді терезелерге тастап кету).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сиқырлы жарық»
«Сиқырлы жарық»
«Сиқырлы жарық»
Әуен ойнайды, тәрбиеші балаларға көздерін жауып, өздерін күн шуақты алаңқайда елестетіп көрулерін ұсынады.
Тәрбиеші: Міне, күн көзіне жарықтандырылған қойбүлдірген мен жидектердің жапырақтары. Көрдіңдер ме, қандай таза, олардың түстері де ашық және қанық. Иіскеп көріңдерші, қандай иісі бар. Міне, күн бұлт артына кіріп кеткен бойда барлығы түнеріп кетті: шөптер де, гүлдер де, жидектер де. Ал енді көздеріңді ашып, маған айтыңдаршы, орман алаңқайы сендерге ұнады ма, не естідіңдер?
(Балалар жауабы мен әңгімелері).
- Балалар, бізді қоршаған заттардың түстері күн сәулесіне байланысты екен. Бір тәжірибе жүргізіп көрейік пе? Бізге үстел шамы көмектеседі. Біз заттарды және олардың үлгілерін жай жарықта түрлі түсті картоннан көрейік, қараңғылатылған бөлмеде шам жарығымен жарықтандырып көрейік (Доптарды, көкөністер мен жемістерді түрлі түсті картон бөлшектері арқылы көру тәжірибелері жүреді).
- Балалар, ашық жарықпен жарықтандырылса заттың түсі өзгере ме?
(Иә).
- Ол қалай өзгереді? Бояулар қандай болады?
(Ашық түсті).
- Суретте көріністерді көрсету үшін, негізгі түске ақ бояу тамшысын қосамыз. Қараңдаршы, міне, қойбүлдірген жапырағын жасыл түске бояймын, ал енді осы түске ақ бояу тамшысын қосамын.
- Дұрыс, біздің көз алдымызда жылы және тірі болып көрінетін олардың қоңыр діңдері. Мұқият қараңдаршы, орманда басқа тірі жан бар ма?
(Құстарды көрдік. Балалар суреттен көрсетеді).
- Ол ағаш секілді ұйқыға кеткен.
Қырды жапты күміс қар,
Далада жаңа тыныс бар,
Бұталар жалт-жұлт етеді
Кәдімгі бейне хрусталь. (Ф.Тютчев)
- Балалар, сендер мына орманды қалай атайтын едіңдер?
(Ертегілі, ұйқыға кеткен...).
- Бұл суретті салған суретші И.Шишкин және ол «Орман» деп аталады.
- Айтыңдаршы, бұл суреттің қайсысы жылырақ? Неліктен?
(Балалар жауабы: өйткені,
«Орман» суретінде қоңыр түс бар, ол – шырша діңдері және олардан жылылық сезіледі; ағаштар қою, жел жоқ...).
- Дұрыс. Орманда жақсы, бірақ бізге тездетіп Аяз атаның сарайына жетуіміз керек.
Әуені Л.Бекмандікі «Орманда шырша туылды» әнінің
фонограммасы ойнайды
- Балалар, тыңдаңдаршы, әуен қайдан шығып жатыр?
(Ватман бетінде балалардың суреттеріне арналған терезелері бар сарай бейнеленген сурет мольбертте ашық тұрды).
- Мен бұл үйдің иесін көрмей тұрмын. Ол қайда болуы мүмкін?
(Балалар жауабы).
- Ал қанекей, біз өздеріміздің тілектерімізді суреттеп, оны терезелерде тастап кетейік. Аяз ата келеді де, біздің сұрауларымызды көреді. Үстел басына өтіңдер, сіздің жұмыстарыңа қажеттілердің барлығы дайын.
Өз таңдауы бойынша бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, балалр өз ойынша сурет салады.
(Әуенмен бірге балалардың өзіндік жұмысы, суреттерді терезелерге тастап кету).
шағым қалдыра аласыз













