Сиқырлы көше

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сиқырлы көше

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



18.04.2018ж


Тақырыбы:  «Сиқырлы көше»

Мақсаты: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау. Балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне, бағдаршамның түр түсін ажыратуға үйрету. Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар:  бағдаршам, аудио дыбыстар,   жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, жол макеті,  әуендер. Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап. .

(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)

Шаттық шеңбері:  (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?!


Тәрбиеші:


 Біздің тобымыз:  - «Нұршуақ»


Ұранымыз:

-Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Біз бақшаға барамыз.

Оқу білім аламыз.

Тәрбиешінің айтқанын,

Есте сақтап аламыз


Тәрбиеші:

-Көліктер қайда жүреді?   - Жолда.

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?   -Жаяу жүргіншілер.

Қазір қай мезгіл?    -Көктем

Көктемнің қандай аттарын білесіңдер?  -Нұрлы көктем, шуақты көктем

Қане, көктем мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.

Күн жылынады, қар ериді, жаңбыр жауады, күн ұзарады

Көктемді орысша не дейміз?   - Весна


Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгінгі ойын сауығымызда көше қауіпсіздігі жайында айтатын боламыз.

Айтыңдаршы, балалар!

- Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не? (Бізді қауіптен қорғау)


Тәрбиеші:

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Сұрақ- жауап алу.  

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  Балалардың жауаптары.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 





Ой толғаныс: «Венн диаграмма»


Shape1

Айырмашылығы

Shape2



Ұқсастығы

Shape3

Жол белгілері







Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады. 

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.   Диана

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).    Наурызбай Айару

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын.  Кәусар

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді.   Парасат

- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады . - Рамазан


Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    Бағдаршам


Қызықтыру сәті:  (әдемі көңілді  әуенге бағдаршам келеді).  Балалар амандасады.


Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.


Тәрбиеші:  Қош  келдің,  бағдаршам!

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?   - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.


Бағдаршам ойын ойнатады: 

 Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.


(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)


Жұмбақ жасыру»

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

  Өміріңді күзеткен, 
  Ысқырықпен түзеткен


Жол сақшысы:

 Армысыңдар жас достарым!  Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейін деп келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар.

(Әуен естіледі)




 Бұзық бала  жол ережесін бұзады.


Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.


-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?

-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.


(үш бала ортаға шығып)

Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.


Бұзық бала: -Жарайды!


Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта,  баспа алға
!    Арсен


-Сары  көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға. Еркеназ


Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!     Інжу


Тәрбиеші : Ал енді біздің балаларымыздың бізге дайындап келген тақпақтарына кезек берейік


Еркебұлан

-Қауіпті ғой көше тым.

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін,

Жаяу адам өтетін.          


Назым

--Асықпаймын аптығып.

Алдым мұны жақсы ұғып.

Күйсандықтың тіліндей,

Қатар – қатар ақ сызық.    


Жанайым

- Ортасында тұра  қап,

Оңға – солға бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам жылдам – ақ.   


Жол сақшысы:

 Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты  жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.

Жол сақшысы. Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін естеріңнен шығармаңдар.

Ән: «Бағдаршам»

Бағдаршам мен жол сақшысы қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:

Балалар енді жол тәртібі, көше тәртібі жайлы кім тақпақ біледі?


Тақпақтар:

Ақнұр

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз

    

Іңкәр

Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл
!         






Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа



Тәрбиеші:

Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға  болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?

Балалар, біз қазір сендермен екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Балалар мұқият тыңдады.

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды?  - аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  - жүргіншілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айттық?   - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілері жайында.

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?   -Бағдаршам, жол сақшысы

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар.  Мақтау , мадақтау.


Тәрбиеші:  Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.

Балалар  қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:  көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.

Түсінеді:  көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын.

Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі