СИҚЫРЛЫ КҮЗ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

СИҚЫРЛЫ КҮЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

СИҚЫРЛЫ КҮЗ


Жеңіс Айгерім Еркінқызы

Алматы облысы. Іле ауданы. Өтеген батыр ауылы.

Mini Land " Ақжол "балабақшасы


Тобы:Жұлдыз

Өтілу күні:17.11.2023

Тәрбиеші:Жеңіс А.Е

Шығармашылық іс-әркет

Бөлім:Музыка

Тақырыбы: «Сиқырлы күз»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу

Ата-анамен тренинг ойын:Біз біргеміз әрқашан (лентамен)

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
                      Сары шашты жарқын жүз.
                      Мол өнімді ісімен
                      Таңдандырып халқын күз.
 -Армысыздар құрметті қонақт

ар,ата-аналар,әріптестер және осы балабақшамыздың бүлдіршіндері. «Сиқырлы күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші:Балалар ,біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырақтары қандай екен?

Балалар:сары,қызыл,қызғылт

Жүргізуші:Ал орманды кім әдемілеп қойған білесіңдерме?

Балалар:Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші:Тыңдаңдаршы жел соғып жатыр.Қане бәріміз бірге желмен бірге үрлейік үф-үф.


Жүрзізуші:Балалар қараңдаршы желмен бірге бізге қонақ келе жатқан сияқты.

Аула сыпырушы әнімен ырғақпен кіреді.

Аула сыпырушы: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Қош келдің! Біз Алтын күзді тойлап жатырмыз. Бізбен бірге қалып балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Аула сыпырушы: Рахмет! Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

- Иә, білеміз!

Аула сыпырушы: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, орташа және тез түрі болады. Оны салу үшін мен сендермен бір ойын ойнайын. Жаңбыр жай жауғанда қолымызды жай шапалақтаймыз . Орташа жауғанда орташа шапалақтаймыз.Сонымен қатар тез жаңбырлар да болады .Тез жаңбыр жауғанда қолымызбен қатты шапалақтаймыз.

Ойын «Қандай жаңбыр»

Аула сыпырушы: Тамаша, балалар!Мен сендер сияқты ақылды балаларды кездестіріп көрмедім.Меніңде кішкентай көмекшілерім бар.Өнерлеріде бар.

-Келіңдерші менің кішкентай көмекшілерім.........

Би: Бағбаншылар

Аула сыпырушы:Балалар күз мезгілінде ауланы тазалау керек.Жапырақтар жерге көп түсіп кетеді.Мен сол жапырақтарды сыпырып,ауланы таза ұстауым керек.Сендермен қоштасатын уақытымда таяп қалды.Аулаларыңды таза ұстаңдар.Сау болыңдар.

Балалар:Сау болыңыз.

Жүргізуші:Балалар аула сыпырушы жапырақтарды сыпырып бір жерге үйіп кетіпті ғой.Қазір тағы жел соқса жапырақтар аулаға шашылып кетеді.Еңбегі зая кетеді.Мен оны жинап қоқыс жәшігіне салып қояйын.

Салайын деп жатқанда жапырақтардың арасынан сиқыршылардың басындағы жұлдызшаны тауып аламын.

Жүргізуші:Балалар мынау сиқыршылардың басындағы жұлдызша ғой.Сиқыршылар біздің меркегеде келіп қалған сияқты.

Би:Сиқыршылар


Жүргізуші:Сиқыршылар сәлеметсіңдерме? Бүгін бізде Алтын күз мерекесі

болып жатыр.Меркемізді көңілді өткізейік деген едік.Бірақ мына ауламыз үнсіз,жансыз болып тұр.Сіздер бізге қандай көмек бере аласыздар?

Сиқыршы Іңкәр:Мына қорапты сіздерге беріп жіберді.

Сиқыршылар алтын қорапшаны береді.Сол қорапшаны ашқанда сиқыршылардың даусы шығады аудио болып.

Аудиодағы жазба

Сәлеметсіңдерме балалар.Менің сиқыршыларым сендерге менің аманатымды аман-есен жеткізіпті.Бұл сиқырлы қораптағы сиқырлы таяқшаны сендердің тәрбиешілерің Айгерім апай ғана қолдана алады.Алдыларыңнан кездескен жансыз дүниені көргенде сиқырлы таяқшаны соған қаратып нұсқау бергенде айналамыз көңілдене түседі.Жансыз дүние жанданады.

Жүргізуші:Сиқырлы таяқшаның жұмыс істеп тұрғанына көзімізді жеткізейік.Қане сиқырлы таяқша біздің мерекемізді көңілді етіп,күздің сиқырлы қыздарымен ,ұлдарын күзгі әуенмен ортамызға алып кел.

Вальс:Күзгі әуен

Ойын:Шалшық су

Мақсаты:6 бала ойынға шығады.Ойын барысында музыка ырғағымен балалар іс қимыл жасайды.Шалшық суға секіріп үлгермеген бала ойыннан шығады.Және әр шеңберден кейін 1 шалшық су мен бала шығып отырады.

Жүрзізуші:Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі.

Күз әуені төгілді.

Ән:Күз тамаша

Жүргізуші:Балалар қараңдаршы жемістер мен көкөністер қандай әдемі болып тұр себеттерде.Тамсанып қарасаң көзің тоймайды.Жемістер мен көкөністерді тәтті ұйқыларынан оятып көрейік сиқырлы таяқшамен.

Ойын ата-ана мен бала:Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Шарты:Екі ата –ана,екі бала керек.Столда тұрған картопты ашиды.Баланың жүк көлігіне салады.Бала жүк көлігін сүйреп,ішіндегі картопты ыдысқа салады.салған соң қайтадан анасына қарай жүк көлігін сүйреп алып барып қайтадан картопты алып жүк көлігіне салып ,ыдысқа салып анасына көмек беру керек.Ойын осы ретпен картоп біткенше тасиды 1 -1 талдан.

Музыка желісімен кезекпен кезек сахнаға шығады

Көрініс:Сиқырлы жемістер

Нұрислам алма :Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

 Аян сәбіз:Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз, тәттіміз.

Самира пияз :Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ, сақтаймын.

 Нұрбақыт картоп: Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

 Инабат қызанақ: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

 Аяла шие: Мен моншақты шиемін,

Құмарсындар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім!

Жасмин құлпынай:Құлпыртамын бау,бақты

Құлпынаймын мен тәтті

Бегайым жүзім:Қолмен үзіп аламын,

Себетіме саламын

Жүзім терген кезімде

Нұр ойнайды көзімде


Эльназ Алмұрт:Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім?

Назар қияр:Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне

Ойын ата-анамен:Қарбызды құлатпай жүк көлігіне сал

Шарты:10 ата –ана шығады.Қырымен тұрады.Қарбызды жерге құлатып алмай артына қарай жіберу кезекпен кезек.

Жүргізуші:Балалар қолымда тұрған музыкалық аспапта бір әуен шығып тұрған сияқты.сиқырлы таяқшаның жанын тұрған еді.Сиқырдың күші енген сияқты.Біздің оркестрдің де аспаптары бар емеспе.Соны тексеріп көрейік.Сиқирдың күші енген шығар

Оркестр«Көңілді сылдырмақтар»

Жургізуші : Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма? 

Балалар: Әрине дайынбыз.

Жүргізуші:    Көк майсалы көрікті

Алқап тола көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін  .       ( Күз  )

Алтын күз кіруі музыка желісімен

Күз ханшаймы:Сәлеметсіңдерме балалар.Сәлеметсіздерме қонақтар.

Күз ханшайымы:Уа халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр.

Алмақ болып бар халқымның алғысын

-Мен Күз ханшайымымын.Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші:  Сәлеметсізбе күз ханшайымы! Келіңіз, төрлетіңіз.

Жүргізуші:Балалар мен мынандай үлкен саңырауқұлақ көрмептім.Жаңбырдан кейінгі өсетін саңырауқұлақтардың барлығы осы бір саңырауқұлаққа сиқырдың күшімен кіріп кеткен сияқты ғой.Саңырауқұлақ теруге шығып едім бірде біреуін таппай қалдым.Сиқырлы таяқшаның көмегі керек болып тұрған сияқты бізге.

Сиқырлы таяқшаны алып саңырауқұлаққа қарай меңзеймін сол кезде музыка желісімен артынан саңырауқұлақтар биге жүгіріп шығады.

БИ: Көңілді саңырауқұлақтар

Жүргізуші: Сиқырлы таяқшаның күші тарап бара жатыр .Кішкентай сиқыршыларымызда өз мекендеріне қайтатын уақытта келіп қалды.Таяқшаның күші тарамай тұрғанда тағы бір сиқыр жасап үлгерейін.Терезеде тұрған қорапты сендерге сыйлық болсын деп сыйлыққа айландырып үлгерейін.

Сиқырлы музыка қойылады.Қорап тәттіге айналады.

Балаларға тосын сый беріледі.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Ата-аналар! Бүгінгі біздің «Сиқырлы күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,  келер күзіміз де берекелі, молшылық, астықты болсын деп тілейміз. Бүгінгі мерекені қорытындылай отырып, «Сиқырлы күз » көрмесімен қолөнер дайындап әкелгене ата-аналарымызға алғыс білдіремін.

 Берекелі бақ дәулет,

                                    Арта түссін тойланып.

                                    Сау болыңдар қонақтар!

                                    Келгенше күз айналып.

                                     Қош сау болыңыздар!
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2023
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі