«Сиқырлы математика»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сиқырлы математика»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сиқырлы математика»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері, пішіндер, сандар, суреттер, далаптар, супер мозаикалар. Үш тілде амандасу: Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте? Good morninq? Шаттық шеңбері: Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан ! Амансың ба, самал жел! Амансың ба, достарым!

Здравствуй,солнце золотое!
Здравствуй,небо голубое!
Здравствуй, вольный ветерок!
Здравствуй, мой дружок!

Good morninq qolden sun! Good morninq blue sky! Good morninq free wind! Good morninq dear my friend!

-Балалар айналамызға қарайықшы нелерді көріп тұрсыңдар?Ия, бүгінгі оқу қызметіміз «Сиқырлы математика» деп аталады. Қазір біздерге ертегілер әлемінен қонақтар келмекші.

Тосын сый: Сиқырлы пеш әуенмен залға кіреді. -Саламатсыздар ма,балалар? -Саламатсыз ба? -Бізге қонаққа кім келді? -Аққу, қаздар ертегісінің кейіпкері сиқырлы пеш келді. -Менің түсім, пішінім қандай? -Жасыл түсті, үшбұрыш. -Бұрыштарын санайықшы? –Балалар бізге ертегілер елінен сиқырлы пеш тапсырма алып келіпті. Тапсырма: Нешеге дейін санай аласыңдар? Нұрәділ: 1-саны айырықша, Жіңішке ол таяқша. 1-ұғымы туралы не айталамыз. Мысалы: Отанымыз біреу т.б. Құралай: Міне 2- саны тұр, Қараңдаршы неткен түр, Мойнын алға иеді, Құйрығы артынан ереді. 2-ұғымы туралы не айталамыз. Мысалы: Ата мен әже, әке мен ана, дене мүшелеріңе байланысты егіз ұғымды атаңдаршы? Сәтжан: Мен 3 санымын, құралған екі ілмектен. Үш дегенім - үйім, Үйде жақсы күйің, Бақшадан да қалма, Тап - таза боп киін.

Тосын сый: Смешарики (көңілді әуенмен кіреді) -Сәлем Сиқырлы пеш! Саламатсыздар ма, балалар? -Саламатсыз ба? -Көңіл-күйлерің қалай? -Та-ма-ша! -Бізге қонаққа кім келді? -Ертегі әлемінен Смешарики келді. -Менің пішінім қандай? Түсім қандай? -Пішінің дөңгелек, түсің қызыл. -Менімен көңіл көтергілерің келе ме?

Сергіту сәті: Хлоп-хлоп хлопаем, Топ-топ топаем, Это правая рука, это левая рука Хлоп-хлоп хлопаем, Топ-топ топаем, Это правая нога, это левая нога. Менімен ойнағыларың келе ме, жүріңдер балалар. Тапсырма: Айнаға дөңгелек пішініне ұқсас заттардың суретін далап бояуымен салу. (сағат, күн, машинаның дөңгелегі, рулі т.б)

Тосын сый: Киндер сурприз келеді. Сәлем , Сиқырлы пеш , Смешарики. -Саламатсыздар ма, балалар? -Саламатсыз ба? Мен өтіп бара жатып, сендердің дауыстарыңды естіп келдім. -Бізге қонаққа кім келді? -Киндер сурприз келді! Мен сендерге сыйлыққа өзімнің ойындарымды ала келдім. «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» деген дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: көкөністер мульяжы. 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әр түрлі сәбіз . Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, сәбіздің ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. 

«Аз, көп және тең» дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: аз, көп және тең заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, бейнеленген бірдей заттарды санап қайсысы көп, қайсысы аз, қайсысы тең екенін айтып беру.

Тосын сый: Спанч боб (көңілді әуенмен кіреді) -Саламатсыздар ма, балалар? -Саламатсыз ба? -Бізге қонаққа кім келді? - Спанч боб келді. -Менің түсім, пішінім қандай? -Сары түсті, тік төртбұрыш. -Бұрыштарын санайықшы? –Балалар Спанч боб бізге ертегілер елінен тапсырма алып келіпті. Тапсырма: Қандай пішіндерді білесіңдер? Супер мозаикамен жеке-жеке жұмыс. (Монтиссори әдіс-тәсілі бойынша) түрлі-түсті шегелерден, балалардың қалауы бойынша әр түрлі пішіндерді салу. Қонақтар балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасады.

Қорытынды: Балалар бізге қонаққа кімдер келді? Қонақтармен не істедік? Бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады ма?

Қоштасу: Сауболыңыздар! До свидания! Good bye!



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
601
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі