«Сиқырлы пішіндер» ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сиқырлы пішіндер» ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Математика Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер» Мақсаты: Әңгімелеу,геометриялық пішіндерді , олардың түстері туралы

түсініктерін бекіту.Санамақтар айтқызу арқылы сан туралы

ұғымдарын қалыптастыру. Сандарды тура және кері санау,

дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін

дамыту. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу,түсіндіру,үйрету,көрсету,ойын,сұрақ-жауап,

сергіту сәті қорытындылау , мадақтау.

Көрнекілік-құрал: Сурет,сандар,үлестірмелі пішіндер.

Жаңа сөз: Патшайым .

Әдіс-тәсілдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық

қозғаушы.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.

-Ең алдымен келген қонақтармен

амандасайық.


Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң Алтын күн!

Қайырлы таң Жер Ана!

Қайырлы таң достарым!

Сіздерді көргеніме қуаныштымын


Балалар тәрбиешімен

бірігіп,шаттық шең-

берін қимыл-қозғалыс

пен орындайды.

Іздену

ұйымдастырушы

-Бүгін біздің ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетіміз математика

деп аталады.

-Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі неше айдан тұрады?


-Қане , күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?


-Өте жақсы.







-Балалар бізге дыбыстық хабарлама келіпті.

-Бұл кімнен болды екен а!

-Электронды почтадан ашып көрейік.

(Электронды почта ашылады )

-Пішіндер патшайымы:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Мен пішіндер патшайыммын.

Бүгін сендерде ашық оқу іс-әрекеті өткелі жатыр.Менің сендерге берер тапсырмаларым бар.

Сендердің білімдеріңді,ой ұшқырлықтарыңды білейін деп, күлдіргеннен тапсырмаларымды

беріп жіберемін. Жақсы орындаған

балаларға сыйлығым бар.

Сендерге сәттілік тілеймін!


-Балалар біздің тобымызға

Сайқымазақ келе жатыр.

Патшайымның

тапсырмасы бойынша.


(Есік қағылады)

-Сайқымазақ топқа кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Мен күлдіргенмін, бүгін сендерге

ашық оқу іс-әрекеті өткелі жатыр

екен. Топтарың қандай әдемі.

-Мен пішіндер патшайымның

тапсырмасын ала келдім.Тәрбиеші

апайларыңа тапсырайын.

-Ал мен бақылап отырайын.

-Сайқымазақ біздің балалар білімді

және ақылды.


Түрлі-түсті шардың лентасында сұрақтар байланған. Балалар шарды алып, түсін атап,сұрағы бар тапсырманы тәрбиеші апайларына береді.




1-тапсырма.

Пішіндер туралы жұмбақтар.


Атына сай балалар,

Үш бұрыш, үш жағы бар.

Ол пішінді кім табар?


-Дұрыс айтасыңдар балалар,бұл

үшбұрыш.Алдарыңдағы пішіндердің

арасынан үшбұрышты көрсетіңдер-

ші және түсін айтамыз.

(Балалар көрсетеді түсін айтады)

-Үшбұрыш неге ұқсайды екен?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар келесі

жұмбақты жасырайын.


-Төрт бұрышы бар,

төрт қабырғасы бар.

Бұл қай пішін?

-Ия, дұрыс .Төрт бұрыш неге ұқсайды

екен?

-Алдарыңдағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші,

түстерін айтыңдар.

-Тағы бір жұмбақты жасырайын


Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар?

-Өте жақсы

-Дөңгелек неге ұқсайды?

-Өте жақсы балалар.

Ал, енді алдарыңдағы пішіндердің,

арасынан дөңгелекті көрсетіңдерші,

түстерін айтамыз.


-Өте жақсы, жарайсыңдар.


2-тапсырма.

Тура және кері санау.

-Балалар біз санап білеміз бе?

-Қане , олай болса санайықшы.


-Ал, енді осы сандарды кері санайық





3-тапсырма.

-Ал енді балалар біздер санамақ

білемізбе?Қане кім айтады.



Сергіту сәті.


Саусақ жаттығуы

Бас бармаққа қонаққа,

Үй есігі алдында,

Балаң үйрек,ортан терек,

Шылдыр шүмек асыға,

Ең ақыры кішкентай бөбек,

Есік қақты жайлана

Бірге жүрсе саусақтар-мәңгі достар,

Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар!


4-тапсырма.

Ауызша есептерге байланысты.

-Ал енді ойланып тұрып айтыңдаршы.

-Аспанда неше күн бар?

-Адамда неше көз бар?

-Бағдаршамда неше көз бар?


5-тапсырма.

Д/О: «Қандай пішін жетіспейді»

Мақсаты:

Балалардың ойлау қабілетін дамыту.




6-тапсырма.

«Пішіндерден үй ,көлік, арба құрастыр»

Балалар мына түрлі-түсті пішіндерден нені құрастыруға болады.

-Қанекей құрастыру арқылы жасап

көрейікші.

-Олай болса жұмысымызды бастайық.

-Сайқымазақ біздің балалар берілген

тапсырмаларды орындады.

-Сайқымазақ : Жарайсыңдар, балалар!

-Пішіндер патшайымы беріп жіберген тапсырмасын жақсы орындадыңдар.

Сендерге риза болады.

Ендеше сендердің сыйлықтарыңды апайларыңа тапсырайын.


Сендерге өмірде сәттілік тілеймін!


Мен сендерге ризамын.Сау болыңдар!







-Күз мезгілі.

-Күз мезгілі үш айдан тұрады.

Қыркүйек,қазан,қараша


Күн салқындайды,жиі

жел соғады, жаңбыр жауады .Балалар жылы киіне бастайды.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.














Балалар қызығушылық

пен тыңдайды.











-Сәлеметсіз бе?























-Үш бұрыш.









-Үйдің шатырына,

тұмарға.



-Төртбұрыш.



-Терезеге,жастыққа,

теледидарға ұқсайды.






-Дөңгелекке ұқсайды.




-Допқа,алмаға,күнге

ұқсайды.








-Ия,білеміз.

1,2, 3,4,5,6,7,8,9,10



10,9,8,7,6,5 ,4,3 ,2,1.





Бір дегенім-бесік,

Шықтық одан өсіп.

Екі дегенім-елім,

Тауым,көгім, жерім.

Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.


Балалар педагогпен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.











-Аспанда бір күн бар.

-Адамда екі көз бар.

-Бағдаршамда үш көз бар.


Балалар ойынды

қызығушылықпен ойнайды.







-үй ,көлік,арба,үйшік.




Пішіндерден көлік,үй,

арба құрастырады.











-Сау болыңыз!


Рефлексті

коррекциялаушы

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз не туралы болды.

-Бізге қонаққа кім келді.

- Балалар біз қандай ойындар ойнадық


-Пішіндерден не құрастырдыңдар.


-Қандай тапсырмалар орындадық.





-Пішіндер.

-Сайқымазақ .

«Қандай пішін жетіспейді» Пішіндерден көлік,үй,

үйшік құрастырдық.

Санамақтар,

тура,кері санадық.

Ауызша есептер

шығардық.Жұмбақтар шештік.



Күтілетін нәтиже

Білуі керек: Геометриялық пішіндерді, санамақтарды, тура және кері санауды, пішіндердің түстерін ажыратуын.

Болу керек: Қызығушылығы, ынта- жігері,зейіні, есте сақтау қабілет-

тері артады,ой өрісі дамиды.Түстер ұғымы,түсінігі қалыптасады.

Балалардың қолынан келуі : Қоршаған ортадан сол пішіндерге ұқсас заттарды таба білуге.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.07.2018
3465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі