(Ұ) Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын
өткізу.
Мақсаты: өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісуге,
шығарашылыққа
баулу.
1 - топқа
тапсырма: Берліген бір параққа әр оқушы
«Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу.Салған жеке-жеке
суреттерін бір эпизод қылып
қорғау.
2 - топқа
тапсырма: Берліген бір параққа әр оқушы
«Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу.Салған жеке-жеке
суреттерін бір эпизод қылып
қорғау.
3 - топқа
тапсырма:Берілген бір параққа ең
қымбатты сыйды кімге арнайды, соны суреттеу.Салған суреттерінен
ортақ кейіпкерді
таңдау.
4 - топқа
тапсырма:Берілген бір параққа ең
қымбатты сыйды кімге арнайды, соны суреттеу.Салған суреттерінен
ортақ кейіпкерді
таңдау.
/Оқушылар өз тапсырмасын
қорғап болған соң, ең қымбат сыйлық иесі және сыйлықты сыйлау
эпизоды
анықталады/.
(Ө)Бейнежазба. Сиқырлы қорап
жасаймын.
Мақсаты: сыйлық салуға арналған қорап жасап үйрену,
бейнежазба бойынша өз ойын ортаға
салу.
Оқушылар бейнежазбаны көре
отырып қорап жасайды,
сәндейді.
(Ж) «Шебер
қолдар»
Мақсаты: оқушы өзі жасаған қорапты күделікті өмірде
қалай не үшін қолдануға болатынын айту, өз еңбегінің жемісін қорғай
білуге, қажеттілігін дәлелдей білуге
дағдыландыру.
Оқушылар жұп бойынша бір-бірінің сыйлығын қалай және қандай
мақсатта жасағандығын және оның өмірде қажеттілігі мен қорапты
сәндеу жолдарын айтып
бөліседі.
Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша
бағалайды.
(Ө, Қ)Диаграмма
құру.
Мақсаты: Бейнежазба бойынша өз ойын /ұнады немесе
ұнамады/,/пайдалы немесе пайдасыз болды/, Себебі, …/ ортаға салу,
нәтиже шығару.
Оқушыларға 4 түсті жолақшалы стикерлер таратылып беріледі.
Оқушылар өз ойын айта отырып, немесе өз қалауы бойынша стикерді
тақтада сызылған сызбаға жапсырады.
Жапсырылған стикерлерден диаграмма құрылып,
бейнежазба бойынша жалпы нәтиже
анықталады.
|