Тақырыбы: Сиқырлы сандық
Мақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейін ауызша санап есептей
білуге, сандар қатарын, сандарды тура санауға, өз бетінше ойлауға,
геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың
ойлау қабілеттерін, білімдерін математикалық санамақтар, түрлі
ойындар арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдер:
Жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, дидактикалық ойын, таңғажайып сәт,
мадақтау.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Көрнекі құралдар:
пішіндер, сандар, асық, сиқырлы сандық.
Көрнекілік: сандар, пішіндер.
Сабақтың барысы:
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
әрекеті
|
Ынталандыру оятушы
|
Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге
қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен
сәлемдесейік.
|
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға,
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстазға.
|
Ұйымдастырушылық
Сұрақ-жауап әдісі
Дидактикалық ойын
Сергіту сәті
Қорытынды
|
Балалар, қолдарымыздан ұстап шеңбер
құрамыз.
-
Енді барлығымыз әуеннің ырғағымен көзімізді
жұмып, орнымыздан айналып көрейікші. Бір сиқырлы күш бізді қайда
алып келіпті?
-
Балалар, мына суреттерден не көріп
тұрсыңдар?
-
Балалар, берілген пішіндердің түрі қандай екен?
Қайсысы үлкен және кіші айтыңдаршы.
-
Берілген қима қағаздағы сандарды тура
санатқызу.
«Лото» ойыны.
Ақ
қағазға шеңбер түсіріп, оң жақ, сол жақ, жоғары және төменді
ажырату, кеңістікті бағдарлау.
Ал, балалар, демалып бойымызды
сергітейік.
Ал,
балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір
отырып, бір тұрып,
Біз
демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Артық, кем және тең таңбаларын көрсету.
Геометриялық фигуралардан үй, машина құрастыру. (Неше үшбұрыш, неше
төртбұрыш қолданғандарын сұрау).
Балалардың еңбегін қарап,
мақтау.
Осы
кезде ханшайым келеді. Сандық ішінде сан жазылған асықтар болады.
Бала көзін жұмып, асықты алады. Санды атайды. Сандарға байланысты
кім санамақ айтса, сол балаға
«Ғажайып сандық» сыйлық береді.
|
Балалар қимылдарды қайталайды.
Балалар тақтаға шығып, пішіндерден үй, машина
құрастырады.
Әди: Бір
дегенім бала,
Санды дұрыс сана.
Сенің қанша атаң бар?
Сенің қанша апаң бар?
Шыңғысхан:
Екі
дегенім ешкі,
Таудан келер кешке.
Нұрғиса:
Үш
дегенім үйім,
Үйде жақсы күйің.
Мерей:
Жылқы, сиыр, түйе, қой,
Төрт түлігін біліп қой.
Асанәлі: Бес
дегенім бесік,
Келеді сәби өсіп.
|
Сиқырлы сандық
Тақырыбы:
«Сиқырлы сандық»
Білім беру саласы:
«Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік
орта».
Оқу іс - әрекеті:
Тіл
дамыту, математика, көркем әдебиет.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап
бекіту, берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге
дағдыландыру, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, танымын
дамыту.
Қолданылған құрал
жабдықтар: бейнелі суреттер, сандықшалар, көрініске қажетті
атрибуттар.
Шаттық
шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң балалар!
- Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз ерекше
болмақ. Бір жыл бойы алған білімімізді тиянақтап, қайталап еске
түсіреміз.
Слайдтан төрт мезгілдің суреті көрсетіледі.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінің айларын атайық.
Осы кезде есік қағылып, топқа қолында сандығы бар қуыршақ
келеді.
Қуыршақ: Балалар, мен жолда келе жатып сандық тауып алдым. Бірақ
сандықты аша алмадым. Маған көмектесіп жібересіңдер ме?.
Тәрбиеші: Қане, сандықты маған берші, мен ашып көрейін. Сандықтың
үстінде «Бұл сиқырлы сандық. Сандықты ашсаңдар мол сыйлыққа
кенелесіңдер»- деп жазылыпты. Балалар, қуыршаққа сандықты ашып
беруге көмектесеміз бе? Ендеше үстелдің үстінде тұрған бір санды
суырып, суырған санның сұрағын слайдқа қарап
тыңдаймыз.
Сұрақты балабақшамыздың әдіскері Гулмира Рахат
қызы қойыпты.
- «Тәуелсіздік алдық»дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Тәуелсіздік алдық» дегеніміз - Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі
өзінде және Туымыз. Елтаңбамыз. Гимніміз бар.
- Туған ел, Отан туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?
«Отан - отбасынан басталады».
«Өзге елге сұлтан болғанша. Оз еліңе ұлтан бол».
«Отан - оттан да ыстық».
«Отан үшін отқа түс күймейсің».
«Өз елім өлең төсегім».
Сандық ашылып, ішінен тағы сандық шығады.
Тәрбиеші: Балалар, тағы бір сан суырайық.
Келесі сұрақты «Айгөлек»тобының тәрбиешісі
Ынта Дүйсен қызы қойыпты.
- Сан санайық мүдірмей,
Онға дейін кідірмей,
Қане, кім санайды?
Балалар 1 - 10 дейінгі сандарды тура және кері санайды.
Бәрің дұрыс санадыңдар, енді асықпай 5 - санына дейін санамақ
білесіңдер ме?
Санамақ.
Бір дегенім бала.
Санды дұрыс сана.
Екі дегенім ешкі.
Таудан келер кешке.
Үш дегенім үйім.
Үйде жақсы күйің.
Торт дегенім түлік.
Жүргін мұны біліп.
Ортаншы сандығымыз да ашылды. Ішінен кішкентай сандықшаны
алады.
Тәрбиеші: Келесі сұрақты шешу үшін тағы бір сұрақ суырайық.
-Бұл ағылшын тілінің мұғалімі Гүлдана Бауыржан
қызы балаларға ойын ойнауды
ұсынады.
Ойын: «Бұл қай ертегі».
Ойынның шарты: мұғалім бір ертегінің үзіндісін оқиды, балалар бұл
қай ертегінің үзіндісі екенін табуы керек.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Кішкентай сандықша ашылып, ішінен сыйлықтар шығады. Қуыршақ қуанып
балаларға рахметін айтады.
Сергіту
сәті.
- Көрдің бе, қуыршақ біздің балалар достық, бірлік, мейрімділіктің
не екенін біледі. Кез келген сәтте көмектесе алады.
Қуыршақ:
- Ой, балалар, достық дегеніміз не?
- Достық, мейірімділік дегеннің не екенін
білмеймісің? Ендеше біздің балалардың
«Мейірімділік мекені» көрінісін тамашала.
«Мейірімділік
мекені»
«Мейірімділік мекенінде»бір еңбекқор да, мейірімді ана тіршілік
етіпті. Ол қашанда тыным таппай еңбек етіп, айналасындағы адамдарға
да қамқорлық жасап, бауырмалдық танытып жүреді екен.
Бір күні ол, мекенде серуендеп жүрген балаларға уылжып піскен алма
береді.
Ана: Балаларым, келіңдер, мінекей мына алманы жей қойыңдар,-
дейді.
Балалар алманы жеп болғаннан кейін:
Апа, алмаңыз өте дәмді екен. Рахмет!- дейді
Ана: Ол алғысты маған емес, жақсы алма өсіргені үшін Бақшаға
айтыңдар,- депті.
Балалар Бақшаға келіп: Бақша, бақша тәтті алма бергенің үшін
рахмет!- дейді.
Бақша. Оны бізге емес, қара топырақты, қайырымды жерге айтыңдар,-
депті.
Балалар: О - о Жер - Ана! Тәтті алма үшін рахмет!- дейді.
Жер: Ол алғыстарыңды маған емес. Жаңбырға айтыңдар. Жаңбыр болмаса
жер көктеп. бақша гүлдемейді.- депті.
Тақырыбы: «Сиқырлы
сандық».
Мақсаты: Психологиялық дамытушы
ойын-жаттығулар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін,ұсақ
моторикасын және көру арқылы қабылдауды дамыту (пішін,көлем).
Жадында сақтауды және ойлауды
дамыту.
Білімділік: Психологялық ойын-жаттығулар
арқылы есте сақтауға,ойлауға,моториканы дамытуға түсінік
беру.
Дамытушылық:Балалардың ойлау
қабілеттерін,сөздік қорларын,есте сақтау қабілетін,саусақ
моторикаларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе
білуге,әдептілікке тәрбиелеу.
Өзектілігі: Балалардың ойлау
қабілетін,есте сақтау,зейін тұрақтылығын дамыту.Психологиялық
жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері:ойын,көрнекілік,сөздік,түсіндіру,әңгімелесу.
Көрнекіліктер:әр түрлі
суреттер,түрлі-түсті шариктар,жұмсақ
ойыншықтар, музыкалық
сүйемелдеу.
Ойын
барысы:
Балалардан көңіл-күйлері
қандай екені жайлы сұралады,оларға әр түрлі көңіл-күйде тұрған
«күн» смайликтерін көрсетіп,көңіл-күйлері бойынша біреуін таңдатып
тақтаға ілдіру.
Балалар бизге бүгін қонақтар келіпті.Қанекей
бәріміз қонақтармен амандасып алайықшы.Балалар біз бүгін сендермен
ғажайып бөлмеге келіп қалыппыз.Жан-жағымызға қарайықшы,әр түрлі
ойыншықтар,картиналар тұр екен.Ендеше балалар қазір осы
ойыншықтармен ойнайықшы.
-
«Не өзгерді»
ойыны.
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту,Балаларға
үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтар
көрсетіледі.(аю,қоян,түлкі) Балалардан олардың аттары сұралады,одан
кейін балалардан көздерін жұмуын өтініп,ойыншықтардың біреуін алып
тастайды.
-
«Кім жылдам есінде сақтайды?»
ойыны.
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін
дамыту.
-
«Түрлі-түсті шариктер»
ойыны.
Мақсаты:.Ойын арқылы моториканы және ойлау дағдысын
дамыту Ойын барысы: шариктарды түсіне қарай шелектерге салу. Ойын
барысында міндетті түрде әрбір түсті белгілі бір затпен
салыстыру.Мысалы,қызыл түс ол қандай,неге
ұқсайды,помидорға.
-
«Геометриялық фигуралардан моншақ тізу» .Мақсаты:
моториканы дамыту.Ойын барысында балалардан әрбір фигураның түсін
сұрап отыру.
Рефлексия: сиқырлы таяқшаны бір-бірімізге бере
отырып,бүгін біз қандай ойындар ойнадық? Сендерге ұнады
ма?
Қорытынды.
Сабақ соңында балалардан көңіл-күйлері өзгерді ма
деп сұралып, күн смайликтері көрсетіледі.