«Сиқырлы сандық» орта топ
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.
Бәрімізге жылан жылы арайлы!
Қош келдіңіздер құрметті қонақтар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Елімізге жайлы молшылық жыл болсын. Әр отбасына ырысты, табысбы жыл болсын. Олай болса қол соғып қарсы алайық. Біздің №1 «Аққу» ортаңғы тобының бүлдіршіндерін шақырайық ортаға. Жаңа жылды қарсы алайық. Би билеп, ән салайық.
(Балалар музыка әуеімен залға паравоз болып кіреді, жылан жүрісімен жүреді орындықтарға отырады.)
Ән: «Кішкентай шыршамыз»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мына жерде әдемі сандық тұр ғой, қасында хат жатыр екен.
Хат: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылда сендерге сиқырлы сандықты тастап кеттім, сиқырлы сандықты ашып, сыйлықтарды алыңдар, мен көп ұзамай қонаққа да келіп қаламын. Сендердің Аяз аталарың. Балалар, Аяз ата бізге сиқылды сандық тастап кетіпті, ашып көрейік.
(Жүргізуші сиқырлы сандықты ашады, ішінен ойыншық ақшақарды алып шығады, сиқырлы әуен естіледі.)
Балалар, қараңдаршы мына ақшақар ойыншықты үріп оятып жан бітірейік.
(Балалар үреді, бірақ ақшақар тірілмейді, жүргізуші қонақтардан көмек сұрайды, ата-аналар үрлейді.) Сиқырлы әуен естіліп, залға Ақшақар кіреді.
Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайлы.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын тақпақпын.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл баршамызға қуаныш, бақыт алып келсін.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Қош келдіңіз! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыз.
Ақшақар: Керемет, жарайды тамашалайын.
Жүргізуші: Қыздарымыз ақшақармен бірге би билеп берсін.
Би: «Кішкентай жұлдыздар биі».
Жүргізуші: Балалар, сиқырлы сандықты ашайық. Ішінде не бар екенін көрейік. Сандықты Ақшақар қызымыз ашсын. (Ақшақар сандықтың ішінен ойыншық аққаланы алады).
Ақшақар: Қандай әдемі Аққала, балалар қане үрейік аққаланы тірілтейік.
(Балалар мен ата-аналар үреді, залға музыка әуенімен Аққала кіреді).
Аққала: Мен Аққала, ақ бала,
Келіп қалдым бақшаға.
Екі көзңм қап-қара,
Көргің келсе сен қара.
(Аққаланың қолында үлкен қар).
Жүргізуші:Балалар, қалаңдаршы бізге Аққала келіп қалды. Сәлеметсің бе Аққала!
Аққала: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтауға келіп қалдым, сендер мені ситқырлы сандықтан алып, шақырып алдыңдар. Седермен бірге көңіл көтеріп, би билегім келіп тұр.
Жүргізуші: Ал олай болса ұлдарымызбен бірге аққала биін билеңіздер.
Би: «Аққала» Ұлдар биі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ал енді Аққалаға жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
_______:Жаңа жыл келгенде,
Қуана қарсы аламыз.
_______:Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
______: Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
_____: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Аққала: Балалар мен сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.
Жүргізуші: Жарайды, барлығымыз бірге ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам?» Қар жинау.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы біздің шыршамыз мұңайып шамы сөніп тұр. Қане, шыршамыздың шамдарын жағып, швршаның көңілін көтерейік. Қане, бәріміз шыршаға үріп, шырша жарқыра деп айтайық.
(Балалар шыршаға үреді, бірақ шырша жанбайды.)
Ақшақар: Балалар, біздің сиқырымыз таусылып қалған сияқты.
Аққала: Дұрыс айтасың Ақшақар, мүмкін бізге Аяз ата көмектесетін шығар.
(Жүргізуші сиқырлы сандықтың ішінен аяз атаның ойыншығын алып шығады.Барлығы оған үреді, сиқырлы сөздер айтады, әуен естіліп залға Аяз ата кіреді.)
Аяз ата: Құтты болсын балалар,
Келген жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өқткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата.
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Біз сізді асыға күттік., қараңызшы шыршаның шамы сөніп тұр.Бізге шыршаның көңіл күйін көтеріп, шамдарын жағып бересіз бе?
Аяз ата: Әрине, жағып берем.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз ата, сіз жол жүріп келдіңіз, отырып дем алыңыз. Ал біздің балалар сізге арналған би қимылдарын орындап берсін.
Би: «Аяз ата пай,пай,пай».
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар біздің кішкентай бүлдіршіндер тақпақтарын айтып берсін.
Тақпақтар:
______: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
_____: Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
______: Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
_____: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
____:Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға, жаңа жыр.
_____: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
____: Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ақшақар: Аяз ата бүлдіршіндер тағы да ән айтқысы келеді екен. Әндерін тыңдайық.
Ән: «Шыршамыз».
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың өнерлері сізге ұнады ма?
Аяз ата: Әрине ұнады. Бұл балалар өте ақылды, өнерлі екен. Мен бұл балаларға арнап сыйлықтар алып келіп едім. Балалар сиқырлы сандықтың ішінде сендерге арналған сыйлықтар бар, қане үрлейік.
(Балалар қонақтармен бірге үрлейді, сиқырлы сандықтың ішінен сылықтар шығады). Аяз ата сыйлықтарды балаларға табыстайды.
Аяз ата: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!
Ақшақар: Балалар өнерлерің өрге жүзсін. Сау болыңдар!
(Аяз ата мен ақшақар қоларын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Аққу» ортаңғы тобының 2025-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға үлкен рахмет. Жаңа жылан жылы баршамызға құтты болсын. Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сиқырлы сандық. Ортаңғы топ . Жаңа жыл

шағым қалдыра аласыз