"Сиқырлы суретші" вариативтік компонент

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сиқырлы суретші" вариативтік компонент

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсінік хат Қазіргі таңда мектепке дейінгі сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі-сезім тәрбиесі. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болымысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Ең алдымен таным көзі-сезім арқылы қабылдауы,бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен , оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Сезімдік тәрбиемен басталып, математикамен жалғасатын бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Кішкентайлар тобында сезімдік және құрастыру жұмыстарын орындау барысында баланың математикалық қарапайым ұғымдар жөніндегі түсініктері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік эталондарды игеруі балабақшада тәрбиелеу мен білім бағдарламасында көрсеті
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ортанғы «Қарлығаш» тобына арналған "Сиқырлы суретші" вариативтік компонент

Түсінік хат

Қазіргі таңда мектепке дейінгі сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі-сезім тәрбиесі. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болымысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Ең алдымен таным көзі-сезім арқылы қабылдауы,бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.

Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен , оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.

Сезімдік тәрбиемен басталып, математикамен жалғасатын бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Кішкентайлар тобында сезімдік және құрастыру жұмыстарын орындау барысында баланың математикалық қарапайым ұғымдар жөніндегі түсініктері қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік эталондарды игеруі балабақшада тәрбиелеу мен білім бағдарламасында көрсетілген геометриялық пішіндермен, түстер мен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен көпшілік қабылдаған үлгілерден басталады да, тиімді іс –әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру үрдісінде өтеді. Тәрбиеші ақыл-ой, сезім тәрбиесінің міндеттерін ойын формасында қойып, оны ойынмен байланыстырады.

Балалардың қабылдауы мен ұғымын дамыту үшін білімді меңгеру, дағдыны қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде емес қызықты ойын әрекетінде (жасау және табу, жұмбақ айту, шешу, сурет салу, жарыста нәтижеге жету) іске асады. 

Міндеттері: -Балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлемі, пішіні, түсіне байланысты) топтауға үйрету;-Баланың қабылдау, ес, ойлау сияқты психикалық процестерін дамыту;

Заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексере білуге және бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) ажырата атай білуге үйренеді;

Қандай түсініктерді игерді: Сезімдік тәрбиеде құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, сәукеле, тақия т.б ) толық меңгеру;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Баланың өз бетімен жұмыс істеуі;















"Сиқырлы суретші" (вариативтік жоспар)

ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары



Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспарының тақырыптары



Мерзімі

Сағат

саны

Қыркүйек

1

«Алтын күз»

6.09.2021ж

«Түрлі түсті таспалар»


13.09.2021ж

1

«Түлі түсті орамал»


20.09.2021ж

1

« Бұлт күнді жапты»


27.09.2021ж

1

Қазан

1

« Кілемше»

4.10.2021.ж

«Кесені әшекелейміз»

11.10.2021ж

1

«Сүлгіні әшекейлеу»


18.10.2021ж

1

«Тікенекті кірпі»

25.10.2021ж

1

Қараша

1

«Тәрелкені әшекейлеу»

1.11.2021ж

«Сүйікті ойыншықтар (мұнара, көлік)


8.11.2021ж

1

«Құстар»

15.11.2021ж

1

«Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр»


19.11.2021ж

1

Желтоқсан

1

«Қыстағы шуақты күн.»


6.12.2021ж

«Түзу жолда, мен жүремін тура»

13.12.2021ж

1

«Мерекелік отшашу»




20.12.2021ж

1

«Ұзын құлақ сұр қоян»

27.12.2021ж

1

Қаңтар

1

«Аққала»

06.01.2022ж

«Қысқы шыршалар»

10.01.2022ж

1

«Сиқырлы таяқшалар»


17.01.2022ж

1

«Қар кесегі»


24.01.2022ж

1

Ақпан

1

«Атама арналған тымақ»


02.02.2022ж

«Әдемі көйлек»

7.02.2022ж

1

«Саты»

14.02.2022ж

1

«Қуыршақтың мойынорағышы»



22.02.2022ж

1

Наурыз

1

«Бір мезетте алты тоғыз дейінгі тастарды қосу жіне азайту »


3.03.2022ж

Логикалық тапсырмалар


10.03.2022ж

1

Кішкентай көмекшілер тұжырымдамасы



25.03.2022ж

1



1


Сәуір


1

Қоян


4.04.2022ж

Сұлулықты кестелеу


18.04.2022ж

1

Жұмыртқадан балық жасау


21.04.2022ж

1

Альбом қағазбен

28.04.2022ж

1

Мамыр

1

Күлшеқыз ертегісі


02.05.2022ж

Қызықты ойындар

06.05.2022ж

1

Әжеде қонақта


12.05.2022ж

1

Шалқан ертегісін сахналау


24.05.2022ж

1

Барлық сағат саны:


36



Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжоспары

Күні:6.09.2021ж

Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Алтын күз» Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Күздің бейнесін сюжетті сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қылқаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды үйрету. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Күз, күз, кел, кел, Қорықпаймын ешқашан. Суық, суық, жел, жел, Далада, далада, Өте әдемі. Алтын күз, алтын күз, Көңілді келді.

Тиын да жақсы бейне таспа бар екен., тиын сол бейнетаспаны бізге көрсетуге келіпті.

  • Тыныш отырып көреміз.

  • Балалар тиын бізге табиғаттың көрінісін көрсетті. Ормандағы ағаштар және жерге түскен жапырақтарды.

  • Жапырақтардың түсі қандай?

  • Балалар осы көріністі «Алтын күз» деп атауға болады.

  • Енді ормандағы ағаштардың күзгі көрінісін әдемі сурет етіп саламыз.

  • Балалар аққағазда

Ағаштың діңі салынған, сол ағашқа сары түсті бояумен жапырақ саламыз. Қылқаламды сары түске батырып жапырақ жасаймыз. Артынан төбешіктерді сары түске батырып жапырақ жасаймыз. Артынан төбешіктерді сары түске бояймыз. Ол үйілген сары жапырақтар. Сергіту сәті: Балалар күн шықты! Балалар күнді бұлт жапты! Балалар жел соқты!

Қорытынды Күзгі табиғи ерекшеліктерді.Ормандағы әр – түрлі ағаштар болатындыған.Басып, жасау тәсілімен жапырақтарды салуды.













Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 13.09.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түрлі түсті таспалар» Мақсаты:Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Жуан таяқшаға оралған губкамен оң қолдарына ұстап түзу сызықтар сызуды, екі үш түсті бояуменсызуға үйрету. Жлақ жолдарға біркелкі бояудыжағу тәсілін үйрету. Тазалыққа, ққыптылыққа тәрбиелеу.

Балалар ортаға шығып шаттық

  • Шеңбер құрамыз. Қолдарымыздан ұстаймыз да жылы сөздер айтамыз. Біз ақылдымыз! Біз доспыз! Біз бақытты баламыз! Балалар менде әдемі сандық бар. Сандықтың ішінде не бар екен.

  • Балалар сандықтан шыққан мынау не екенін кім біледі?

  • Мынау не балалар?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, таспалардың түстері әртүрлі екен. Кәне бірге айтайықшы: қызыл, сары, көк, жасыл таспалар бар екен.



  • Ал, балалар қоңыр бояудың көмегімен іздің суретін салыңдар.

  • Ақ қағаз бетіне қылқаламды бояуға батырып алып, ізді саламыз.

Жарайсыңдар балалар!

Ал енді қолдарыңды сүртіңдер. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел есіп. Кіп – кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі.

Қортынды:

Боядың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.

Арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.

Қылқаламның ұшын баса отырып бірдей бояуды дұрыс пайдалануды.











Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 20.09.2021 Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы:«Түрлі түсті орамал»

Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Балалар менің иығымда жауылып тұрған не? Мен нені

Жамылып тұрмын?

Бұл орамал. Оны орамалды жамылып, оранып жүгендіктен орамал деп атаймыз.Орамал әдемі ме?
  • Орамалдың түсі қызыл шаршы пішінде. Ормалдың шашақтары бар.

Кәне, балалар шашақ, орамал деген сөздерді бірнеше рет қайталайық.

  • Балалар сендер осындай әдемі орамалдың суретін салып беріңдерші. Өйткені орамалды біздің аналарымыз, әжелеріміз жақсы көреді. Олар оны сәнді және жылы болуы үшін бастарына салады. Өз аналарыңа не әжелеріңе арнап орамалды безендіреміз.

Кәне, балалар алдыларыңдағы орамылдың Суреті салынған, сол орамалдың ортасында дөңгелекті қызыл түспен, ал бұрыштарын сары түспен бояңдар. Артынан шашақтарын жасаңдар.Сергіту сәті:Доп –доп добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Бір, екі деп екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тарелкені сындырдың,

Тұрмын сені жазалап.

Қортынды:

орамалдың не үшін қажет екенін.шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді.бояуды біркелкі тегіс жағуды.









Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

  • Күні: 27.09.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы:« Бұлт күнді жапты»Мақсаты: Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру. Табиғатты сүюге, қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сүр бұлт, түсі суық, Қаптайды аспан. Күз келіп дымқыл түман,Жерді басқан.Балалар далаға қараңдаршы.

  • Далалада күн бұлтты болып тұр. Бұлт күнді жиі жауып тұрады. Өйткені күз мезгілі келді.

Кәне, балалар мына сөздерді айтып тілімізді жаттықтырамыз:сүр бұлт, ақ бұлт,күз. Мына суретке қараңдаршы. Бұл суретте ауа – райының бұлтты екенін көрсеткен. Кәне, балалар осы суретке қарап күннің көзін жапқан бұлттың суретін саламыз. Күздігүні аспан түсті болмайды. Сүр бұлтты , көк түсті болады. Алдымыздағы қылқаламды сүр түске бояп, аспанды көк түске бояймыз. Сергіту сәті: «Қуырмаш»

Бас – бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

Бір үйде біз нешеуміз?

Біз үйде біз бесеуміз.

Жарайсыңдар балалар!

Қортынды

күзгі табиғаттағы ерекшеліктерді.күн де бұлт та аспанда болатындығын.тамшыны дөңгелекке, сопақшаға ұқсатып, айландырып бояуды.





















Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 4.10.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»

Тақырыбы:« Кілемше»

Мақсаты: Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекелей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемділікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. Балалар бүгін бізге қонаққа әже келіпті.

  • Әже бізге өзінің кілемін ала келіпті. Оны неге әкелді?Қандай кілем?

Әжей: Дұрыс айтасыңдар балалалр кілем үлкен, кіші болады. Төрт бұрыш, әдемі өрнектері болады. Қәзіргі кілемшелер суреттерімен де болады. Әр пішінде өрнектермен ілемдер болады. Түстері әр – түрлі болады.

  • Балалар мына кілемшеде қандай түстерді көріп тқрсыңдар?

- Балалар әжейдің кілемшесі аз екен, әжейге кілемше жасап береміз бе? Ол үшін біз кілемшенің суретін салуымыз керек. Әжейде жолақшалары бар кілемше жоқ екен.Кәне, бәріміз қосылып төрт бұрыш саламыз, ал енді түзу жолақша сызық арақашықтарын бірдей, әдемі етіп саламыз.

Сергіту сәті:

Кілемшеге отырып,

Аралаймыз бәрін біз.

Оңға – солға шайқалып,

Күлімдейміз шаттанып.

Керемет .Жарайсыңдарбалалар!

Қортынды

қонақты қалай құрметтеп қарсы алуды.

кілемдер әртүрлі екенін, соның ішінде жолақша кілем болатынын.

арақашықтарын бірдей сақтап, түзу сызықтарды сыза білуді.









Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 11.10.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Кесені әшекейлейміз»Мақсаты:Балалардың қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ерексу» ою- өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.Балалар шеңберге тұрып, «жүрек жылуы» ұшырады.

  • Балалар мына қоржынды шопан атай жайлаудан беріп жіберіпті.

  • Кәне, балалар қоржынды бірге ашайықшы.

  • Балалар ішіндегі хат бар екен. Сендерге оқып берейін.

  • «Балалар қалдарың қалай? !

Жайлауда қозы – лақтар секіріп ойнақтап жүр. Барлығы жақсы. Бірақ бір мәселе болып тұр. Мереке болса жақындап қалды, соған көп қонақтар келеді, ал менің наурыз көже құйып беретін кеселерім аз. Сендер тура осындай кесені маған жасап бересіңдер ме?»

Балалар мына суретке қараңдарщы. Бұл кеселердің сыртындағы үлгілері әр – түрлі. Балалар көбінесе кеселердің сыртында гүлдердің суреті болады, және ою – өрнектердің суреттері әшекейленген. Кеселер әр – түрлі болады: үлкен және кіші мына тақтада «қой ізі» мен «тұмарша» оюының суреті ілініп тұр.

«Тұмарша» деген ою үш бұрышты тұмарға ұқсағандықтан «тұмарша» деп атайды.Ал, «қой ізі» деген ою, қойдың ізіне ұқсағандықтан «қой ізі» деп атайды.

Кесе сыртын «қой ізі» оюымен қөрнектейміз.

Қоңыр түсті гуашьпен көрсетілген сұлбаны бастырамыз, бұл ізге ұқсастықтан арақашықтарын сақтаңдар.

Саусақ жаттығуы.

Саусақ жаттығуларын жасайды.

Екі қолмен қайшылайды.

Медуза қимылын жасайды.

Жұм – аш жасайды.

Қортынды:

Керемет жарайсыңдар!шопандар жыл мезгіліне байланысты қоныс аударып, жазда жалауда тұратынын.

Қазақтың әр-түрлі ою - өрнектері ішінде

«тұмарша» мен қой ізі өрнектерін жасауды.

«Қой ізі» өрнектерін салуды, атаға көмектесуді, жақсылық жасауды.





Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары

Күні: 18.10.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Сүлгіні әшекейлеу»Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету, сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру. Эстетикалық тәрбие беру.Балалар бүгін бізге қонаққа Алма келіпті. Алма жақында әжесінің туған күні болатынын айтады. Алма әжесіне сүлгі сыйлағысы келеді екен. Ол сендерден көмек сұрап келіпті.

Алмаға көмек береміз бе?

Алмаға сүлгіні әшекейлеуге көмектесеміз.

Балалар сүлгі бізге не үшін керек?

Сүгіні төртбұрыш, үшбұрыш өрнектермен өрнектеуге болады.

Ал енді ортасына үшбұрышты өрнегін саламыз. Артынан шеттеріне шашақтарын жасаймыз.

Сергіту сәті:

Ақ матадай түгі бар,

Қызыл – жасыл гүлі бар.

Жұмсақтығы мамықтай,

Сүртінесің жалықпай.

Тазалықтың досы-

Сүлгі деген осы.

Қортынды:

Сүлгігің әртүрлерін, тазалық үшін маңызын

Маңайындағы адамдарға, достарға көмек көрсету қажеттігін.

Қылқаламды, мөртаңбаны пайдаланып сүлгіні әшекейлей білуді.











Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 25.10.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»Мақсаты: Балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтырды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.Балалар бүгін бізге тиын қонаққа келіпті. Ол өзінің досы туралы жұмбақ жасырғысы келетінін айтады:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Таңыпты арқасына мың тікенді.

Ашуланса аяқ-қолын көрсетпей ді,

Көресің көзің салсаң ғажайыпты.

Балалар мына суретке қараңдаршы кірпінің тікенектері көп болады. Ол бірдеңеден қорықса домаланып жиырылып қалады.Кірпі орманда көп жүреді. Ол алманы, саңырауқұлақты және басқалармен қоректенеді.

Сөздік жұмыс: тікенекті кірпі.Балалар тиын сендерге өзінің кірпі досының суретін салып беруді сұрайды. Тиынға салып береміз бе? Балалар алдыларыңда үзік сызықпен көрсетілген кірпінің суреті берілген, сол суретті бастырып шығасыңдар. Ал, енді ішін бояңдар. Балалар кірпінің несі жетіспей тұр.Дұрыс айтасыңдар тікенектері жетіспей тұр.Олай, болса тікенектерін салыңдар.Тікенектерді тік сызықтармен арақашықтарына қарап сызасыңдар. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Жоғары – төмен қарайық,Орнымызды табайық.

Қортынды:

Тікенекті кірпі туралы түсінікті.

Достардың әрқашан бір – біріне көмектесуі қажет екендігін.

Үзік сызықтарды қосып, қысқа, түзу сызықтарды сызу арқылы кірпіні салуды.







Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 1.11.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу»Мақсаты: Балаларды шеңберге өрнек сала білуге үйрету, бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру, жқмыс кезінде сызбаны пайдалану, әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тәрбие беру.Балалар бізге бүгін қылқалам қонаққа келіпті. Қылқалам: Балалар сендер қандай ою түрлерін білесіңдер?Балалар мен өзіммен бірге дайын табақтар ала келдім, ол табақтардың шетінде, ортасында ою – өрнектермен өрнектелген.Балалар табақты не үшін пайдаланады?Балалар табаққа көңіл бөліп қараңдаршы.

Балалар мына суретке қараңдаршы мына суретте дөңгелек, үшбұрыш пішіндермен өрнектелген.Балалар табақ шетінде сызықпен жүргізілген.

Балалар алдыларыңда табақтың суреті берілген, сол табақтың сыртында, ортасында сызықпен өрнек көрсетілген. Табақты өрнекпен әшекейлеңдер.Балалар өрнектерді бастырып шығыңдар, артынан жасыл, көгілдір түсті гуашьпен, табақтың шетіне солдан оңға қарай мөртаңба арқылы орындалатын үшбұрышты өрнекті салыңдар.

Балалар өрнекті мақта оралған таяқшамен салуға болады. Балалар бұл өрнекті «тұмарша» деп атайды. Балалар табақтың ортасына үлкен дөңгелекті, артынан кіші дөңгелекті салыңдар. Ал, енді табақтың шетіне «тұмарша» өрнегін салып шығыңдар.

Сергіту сәті:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ.

Қортынды:

Ою – өрнек элементтерінің атауын.

Тәрелкенің не үшін қажеттігін.

Мөртаңба, қылқалам, мақталы таяқшамен жұмыс істеу дағдыларын.



Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары

Күні: 8.11.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар (мұнара, көлік)Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Сүйікті ойыншықтарының суретін салуға жаттықтыру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру, Ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Аю, қасқыр жолбарыс,

Арыстанмен піл барыс.

Ойыншықтар тұрыңдар,

Ойын – сауық құрыңдар.

Кәне, балалар ойыншық бұрышынан өздеріңе ұнайтын ойыншықтарды алып, сипаттап беріңдерші.

Сөздік жұмысы: жаңа ойыншықтардың атауылары.Балалар мына суретке қараңдаршы. Осы суреттегі ойыншық атауларын атаңдар.

Ал, балалар енді осы ойыншықтардың түріне, түсіне, пішініне талдау жасайықшы.

Балалар алдыларыңда мұнара мен көліктің суреті берілген. Ол сурет үзік сызықтармен берілген.

Балалар енді осы екі суретің біреуін таңдап, қарындашпен бояңдар, артынан сыртына шығармай бояумен бояңдар. Cергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Қортынды:

Ойыншықтар не үшін қажет екендігін.

Ойыншықтар туралы түсініктерін тереңдетеді.

Сүйікті ойыншықтарының суретін салуды, түрлі түсті қарындашпен тегіс бояуды.







Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 15.11.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Құстар» Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимыл – қозғалысын бейненлеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету. Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Торғай, торғай торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем берейін тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Балалар бері жақын келіп терезенің алдына келіңдерші. Даладағы құсатардың сайраған дауысына көңіл бөліп тыңдайық.

Балалар бұл көктем мезгілінің келгенін білдіреді. Көктемде күн жылынып, құстар жылы жақтан ұшып келеді.Құстардың сайраған дауыстары жақсы естіледі.Балалар құстар қанаттарын қағып ұшады.Құстар қалай сайрайтынын бәріміз қосылып дыбыстайықшы.

Балалар құстарға қамқор болу керек. Оларға жем беру керек. Ұя жасап ағашқа іліп қою керек.Балалар мына суретке

қараңдаршы. Бұл құстардың суреттері. Қандай құстарды көріп отырсыңдар атайықшы: торғай, қарлығаш, көкек, шымшық, қарға, тоқылдақ.

Ал балалар осы суретке қарап құстардың бейнесін салыңдар.

Кәне, балалар суретке қарап құстың денелері қандай пішінде болатынын айтайықшы.

Денесі сопақша, басы дмалақ, тұмсығы, қанаттары үшбұрыш, аяқтары жіңішке таяқша сияқты болады екен.Ал, енді балалар торғайдың бейнесін ауа да салып көрейікші.Балалар алдыларыңда торғайдың суреті берілген, сол суретті біркелкі, сыртына шағармай бояңдар.

Cергіту сәті: Торғай болып ұшайық,Ұшып – ұшып алайық. Бүркіт болып аң аулап,Қыран құс боп самғайық. Қортынды: Құстарды қорғап, қамқорлық жасау керектігін. Құстардың көктемдегі тіршілігі жайындағы түсініктерді. Құстың суретін сызықтың сыртына шығармай біркелкі бояуды.







Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 29.11.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауды тұр» Мақсаты:Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана біуіне ықпал ету, қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағашқа, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір – бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

  • Балалар терезенің алдына келіңдерші. Далада не жауып тұр?

  • Дұрыс айтасыңдар қар жауып тұр. Даланың бәрі аппақ болып, әдемі болып тұр.

  • Балалар қәзір қай мезгіл?

  • Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады?

  • Қардың түсі қандай?

Дұрыс айтасыңдар айнала аппақ, қар жауып тұр.Ауа – райы суық, аяз.

Балалар мына суретке қараңдаршы. Бұл орманның суреті . Орманда айнала аппақ, тып – тыныш

Балалар ал енді көз алдыларыңа қарды елестетіп, тыныс алу жаттығуын жасаңдар.Балалар енді бәрің бірге сурет дәптерге жауып тұрған қардың суретін саласыңдар. Қарды сүйкеп жағу арқылы жағасыңдар.Бұлттардан жауып келе жатқан қарды қылқаламмен, жердегі жатқан қарды тіс пастасымен саласыңдар. Сергіту сәті:

Қар жауыпты далаға,

Қар жауыпты қалаға.

Сырғанаймыз енді біз,

Отырып ап шанаға.

Қортынды:

Қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.

Қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.

Таяқшамен жағу арқылы қар суретін салуды.













Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 6.12.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: Қыстағы шуақты күн.

Мақсаты: балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Қысым-ақ, қысым-ақ,

Жібердің қысып-ақ.

Қалмаспыз біз деген,

Боранға ұшырап.

Аппақ қар жауа бер,

Риза гой саган ел!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қандай ерекше белгілері бар?

- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Қыс мезгілі.

-Суық, аяз, қар жауады, боран болады. Судың бетіне мұз қатады т.б.

Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық. Басты солға бұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып қалайық.

- Бүгін қыстың бір жайдарлы, жылы, шуақты күнін салып көрейік. Алдарыңдағы үлгі ретіндегі үлкен суретке назар аударыңдар. Жылы, аспан ашық, қыстағы шуақты күн.

Енді өзіміз осы қыстағы шуақты күннің суретін салып үйренейік. Суретті салу жолдары, орындалу реті түсіндіріледі.

Қортынды:

қыс мезгілінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін біледі.

Қыс бейнесінде күнді салу арқылы көңілді, шуақты қыс бейнесін көрсете білу іскерлігін.

Әр жыл мезгілінің ерекшелігін ескеруді, қоршаған орта, табиғатқа деген қамқорлың жасаудың қажеттігін меңгереді.








Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 13.12.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы:«Түзу жолда, мен жүремін тура» Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап, сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Мойныны моншақ іліп - ап,

Мысық жатыр пырылдап.

Шырылдайды шегіртке,

Мысықтың мазасын алып.-Балалар бізге бүгін қонаққа мысық әдемі болып келіпті. Көңіл бөліп қараңдаршы. Қолында бояуы бар екен.

Мысық:

  • Мен сендерге арнап үнтаспаға қоятын әуен ала келдім. Оған қоса әдемі бояу ала келдім. Бүгін бояумен сурет салуды үйренейік.

  • Кәне, балалар бояулардың

Атауын атайық:сары, ақ, қызыл, көк, дасыл, күлгін, қара.Кәне, балалар үнтаспадағы әуенді тыңдаймыз.Ой! балалар жақсы әуен екен.Кәне, балалар осы әуенді тыңдап, неше түрлі жүрістермен жүрейік.Жарайсыңдар балалар! Ал, енді мысықтың жүргісі келіп тұр.Алдымен боялған сулы қағаздың үстімен жүреді де, содан соң таза қағазды басып жүріп, ізін көрсетеді. Көрдіңдер ме мысықтар, адамдар жүрген кезде артынан із қалады.Әсіресе қыста қарды басқанда артынан із қалады.

Балалар кәне бәріміз бірге «бояу, із» деген сөздерді айтайықшы:

  • Ал, балалар қоңыр бояудың көмегімен іздің суретін салыңдар.

  • Ақ қағаз бетіне қылқаламды бояуға батырып алып, ізді саламыз.

Жарайсыңдар балалар!Ал енді қолдарыңды сүртіңдер. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел есіп.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Қортынды:

Боядың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.

Арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.

Қылқаламның ұшын баса отырып бірдей бояуды дұрыс пайдалануды

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 20.12.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: « Мерекелік отшашу» Мақсаты: Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтардыүйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Балалар мына бейне таспаға қараңдаршы. Бұл бейне таспада қандай мерекені көрдіңдер.

Мереке сендерге ұнайды ма?

Мереке де адамдар көңілді жүр.

Мереке де тағы не көрдіңдер?

Мереке де отшашу жаққанда айнала жап – жарық болып, әдемі түстерге боялады.Отшашу мерекенің нағыз сыйы. Адамдар көтеріңкі көңіл күймен жүреді.Балалар Сендерге отшашау ұнаса суретін салайық. Суретті бастамас бұрын сергіту сәтін жасайық.

Кәне, кәне, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ

Шапалақта, шапалақ.

Алдарыңдағы сурет дәптерде өзіміз тұратын қаланың суреті берілген, жақында еліміздің туған күні болып өтті. Сонда өте әдемі, жарқыраған оттары көп отшашулар атылды, Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, қылқаламмен сызық арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.Балалар отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалануға болады.

Қортынды:

Мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын.

Отшашуды тек аспанғаату керектігін.

Қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 27.12.2021ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян» Мақсаты:Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үлестіре біуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен – кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу

  • Балалар бір – бірімен қолдарын ұстасып амандасады да, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Ұзын құлақ, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?

Балалар мына суретке қараңдаршы.

Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?

Балалар қоян қайда тіршілік етеді?

Балалар қоянның құлағы неге ұзын?

Қоян қалай жүреді?

Дұрыс айтасыңдар балалар қоян өте сезімтал, жылдам секіріп жүреді, Қояндар қорқақ болады.Балалар қоянның түсі қандай?

Олай болса ұзын құлақ сұрқоянның суретін салайық

Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектер болады.

Балалар осы көсетілген үлгілер бойынша қоянның суретін саламыз.

Балалар сурет әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болады.

Сергіту сәті. Қояным, қояным, Орныңнан тұршы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Бетіңді жуушы, Қолыңды жуушы, Орныңда секірші!

Қортынды:

Қоянның дене мүшелерінің атауларын. Қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін. Суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 6.01.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Аққала»Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту, Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір – бірімен қосу арқылы салуды үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамын дамыту.

Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?Балалар қыста қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Сырғанақ ойнайды.

Аққала туралы жұмбақ:

Мені ешкім өсірген жоқ,

Мені қардан жасаған.

Мұрным – сәбіз, ернім – ағаш,

Аппақ қармын, мәссаған!

Үп – үлкенмін, сұп – суықпын,

Ал, атымды айтады кім?

Балалар бөлмеде Аққала бар, соны тауып беріңдерші.Балалар алдыларыңда үзік сызықпен көрсетілген Аққаланың

Суреті берілген, сол суретті бастырып, бояймыз. Балалар сызықтың сыртына шығармай бояңдар.

Сергіту сәтіі:

Ауыл алды аққала,

Ақша қарда балалар .

Соғып жатыр Аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Керемет, Жарайсыңдар балалар!

Қортынды:

Қыста болатын өзгерістер жайлы .

Акққаланы үлкен – кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.

Қылқаламмен дайын дөңгелектердің ішін сызықтан шығармай бояуды..





Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні:10.01.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Қысқы шыршалар»Мақсаты: Балалрдың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түңгі аспан.

Балалар терезеден далаға қараңдаршы.Даладағы ағаштардың бәрін қар жауып қалған.Қыста ауа – райы суық, аяз болады. Орманды да аппақ қар жауып қалалды, орманда ақ қардың бетінде аңдардың ізі қалады

Балалар сендерге ақ ұлпа қарлар ұнайдыма?

Ормандағы шыршаны аппақ қар жапқан көрініс ұнайды ма?

Олай болса сурет дәптерде ормандағы шыршалардың суреті берілген, сол суретті тіс пастасымен ақ қардың суретін саламыз.

Мақта оралған таяқшаның көмегімен тіс пастасын алып, шыршаның төбесіне бояңдар. Қар жамылған бейнесін бейнелеңдер. Сүйкеп жағу арқылы жағады.

Негізгі көрініс аясын көкшіл түспен бояуға болады.

Сергіту сәті:

Ақ көрпесін жапты да,

Аяз кенет аптыға,

Айналаны үрледі,

Ақ бораны гуледі.

Қортынды:

Қыста ағаштардың қар жамылатынын, қардың ағаштарға пайдасын.

Қыста ағаштың жапырақтары болмайтынын.

Мақта оралған таяқшамен сүйкей жағу арқылы қардың суретін





Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 17.01.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы:«Сиқырлы таяқшалар»Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп – күліп жүрейік.-Балалар бізге бүгін Айсана қонақа келіпті.

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Балалар мен жолда келе жатып, сиқырлы қорапша тауып алдым, ол қорап біздерді сурет салуға үйретеді. Сендер сурет салғанды ұнатасыңдар ма?

Қорап ішінде неше түрлі таяқшалар бар. Бар сиқыр осы қарындаштың қшында екен. Бұл сиқырлы таяқшалар.Балалар қарындашты алып қатты баспай әдемілеп сызықтар сызамыз. Қызыл, сары, жасыл, көк түстерімен сызамыз.Ол үшін бізге қатты қағаз керек. Қарындашты оң қоға, үш саусақпен ұстап, қатты баспай сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызамыз. Балалар Айсананың досы күлдіргіштің қолындағы шарларының жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан ұшып кетуі мүмкін. Өздерің қалаған түспен шарды бояимыз да, жіп тағып сызып қоямыз. Сергіту сәті: Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп, билеп алады. Жарайсыңдар балалар! Қортынды:Қарындашпен дұрыс сурет салуды, қарындашты үш саусақпен ұстауды. Әртүрлі суреттер салуға болатындығын. Сызықтар, дөңгелектер салуды.







\





Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 24.01.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: «Қар кесегі»Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі, қар туралы түсініктерін кеңейту. Көк түс пен ақ түстің бір – біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Тіс пастасын сұқ саусақты малып, қар кесегін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Балалар сендер балабақшаға келе жатқанда жерде нені көрдіңдер?

Қардың түсі қандай?

Қардың түсі аппақ, өзі суық. Балалар сендер қолдарыңа қарды ұстасаңдар, қолдарың тоңып қалады.

Жұмбақ:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады,

Ол не?Балалар иллюстрациялық суреттерді көрейік.Балалар қар жылдың қай мезгілінде жауады?Қыс мезгілінің басқа мезгілден айырмашылығы неде?Балалар сендер қармен далада не істейсіңдер?Қайтып ойнайсыңдар?Дұрыс қар кесегімен ойнайсыңдар. Ал енді қарт кесегін көз алдыларыңа елестетіп, қолдарыңа ұстап, жентектеп бір – біріне лақтырған қимылды жасаңдар.Балалар енді сурет дәптерде берілген қар кесегінің суретін, сұқ саусақты иіс пастасына батырып қар кесегінің бейнесін салыңдар. Қарды көп салып, үлкен қар үйіндісін жасайсыңдар.

Сергіту сәті: Ақ көрпесін жапты да, Аяз кенет аптыға, Айналаны үрледі, Ақ бораны гуледі,

Қортынды:

Қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды.

Қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын.

Сұқ саусақпен қар кесегін салуды.



Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: 02.02.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Тақырыбы: Атама арналған тымақ.

Мақсаты: балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу.

Балаларға қонаңқа қарт атай

(жоғары сынып оқушысына рөл

ойнатуға болады) келеді. Ол өзімен

бірге балаларға сыйлыңқа құрт ала келеді. - Балалар, атай сендерді дұрыс естиалмай отырған сияқты, себебінсұрап та үлгердім. Атай баскиімсіз

жүрем деп, құлағына суық тигізіпалыпты. Атайдың құлағы жақсыестуіне көмектескілерің келе ме?Атай сендерге сыйлығын алыпасығып келе жатқанда, боранбасындағы тымағын ұшырып,ол қалың болғандыңтан, тек қыс айларында ғана қолданылады. Өзінің пішініне қарай ол бас пен желкені, мойынды суықтан, қатты желден қорғайды. Себебі құлақшалары болады. Тымақ жануарлар терісінің сыртынан қалын матамен қапталып тігіледі. Сергіту сәті:Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. - Балалар, енді үлгі ретінде ілінген суретке қарап отырып, тымақтың суретін салып, қонаққа келген атамызға тарту етейік. Зер салып қарап алыңдар, тымақ неше бөліктен тұрады? Оның әрқайсысын жеке салған дұрыс па, әлде біріктіріп саламыз ба? Ата балаларға алғысын білдіреді. Тапсырманы жаңсы орындаған балаларды тәрбиеші ерекше атап шығады. Тымақ деген қандай болатынын білесіңдер ме?Адамдарға арналған баскиім.

Қортынды:Ер адамның баскиімі тымақ туралы мәліметтерді, оның қандай бөліктерден құралатыны туралы біледі.Тымақтың суретін салу дағдысын игереді.Тымақтың түрімен бірге құлақшадан тұратынын және оның тері сыртынан қалың матамен қапталып тігілетінін меңгереді.

















Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: 7.02.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Білім беру саласы: «Шығармашылық»Бөлімі:Сурет салуТақырыбы: «Әдемі көйлек»Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салудағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.Билингвальды компонент: көйлек – платье, әдемі – красивая. Сөздік жұмыс: әдемі көйлекКөрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана.Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар қуыршақ Айсан жылап отыр екен. Айсананы кім ренжіткенін сұрайықшы.

Маған ешкім тиіскен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын. Балалар Айсанаға көмектесеміз бе?Ұйымдастырушылық-ізденістікБалалар әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, Саусақтарыңды пайдалануға болады.Қылқаламның көмегімен,

сұқ саусақтарыңмен пайдалануға болады. Қылқаламның ұшымен тамызып бояуға, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болады, Сүрткішті дұрыс пайдалану керек. Бір – бірлеріңе бөгет жасамай дұрыс отыруларың керек. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Белімізді жазамыз. Жоғары – төмен қараймыз. Оңға-солға, түзу тұр. Бойымызға күш жинап,

Біз демалып қаламыз.

Рефлексиялық-түзетушілікБалалар Айсана сендердің әдемі көйлек салғандарыңа қуанып, күшік досының үйіне баратындығын айтып жатыр. Сендерге рахметін айтып жатыр. Тыныс алу жаттығуымен аяқтаймыз. Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көйлекте әртүрлі болатындығын. Игереді: маңайындағы басқа адамдарға көмектесу қажеттігін. Меңгереді: мөртаңба, қылқалам, саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекелей білуді.











Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: 14.02.2022ж Вариативтік компонент:«Сиқырлы суретші»Білім беру саласы: «Шығармашылық»Бөлімі:Сурет салуТақырыбы: «Саты»Мақсаты:Балаларға жануарлардың бейнесіне лайқты дауыс ырғағына қарай баспалдаққа орналастыруды түсіндіру. Керіктің мойынының ұзындығына қарай түрлі бағыттарға сызықтар жүргізіп, оларды қиыстырып, саты салуға үйрету. Музыканы көғіл күйлеріне қарай қабылдау сезімдерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.Билингвальды компонент: Саты – лесница, керік - жираф Сөздік жұмыс:саты, баспалдақКөрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қиылған жануарлар суреті, металлофонМотивациялық-қозғаушылық

Балалар мен бүгін металлофон аспабын тауып алдым. Міне аспабты таяқшамен ұрып ойнайды.Солдан оңға, біртіндеп жоғары, оңнан солға біртіндеп төмен ұрғанда әртүрлі дауыстар шығады.

Балалар сендер саты дегенді қалай түсінесіңдер?Мына суретте сатының түрлері бар.Саты баспалдақтардың санына, ұзындығына қарай

бөлінеді.Ұйымдастырушылық-ізденістікКәне, балалар алдыларыңдаға саты тұр. Сатының баспалдақтарында жануарлардың, суреті бар. Суреттер рет – ретімен орналасқан. Кәне, балалар мен сатының баспалдақтарындағы жануарларды атап қалай дыбыстайтынын айтамыз. -Әтеш ерте тұрады. -Сондықтан ол бірінші баспалдақта тұр. -Әтеш қалай дыбыстайды? -Ал, мысық қалай дыбыстайды?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Белімізді жазамыз.

Жоғары – төмен қараймыз.

Оңға-солға, түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз демалып қаламыз.

Сөздік жұмыс: саты, баспалдақ.

Биалангвальды компонент: керік – жираф, саты – лесница Сатының баспалдақтарына жанурларды даусына қарай орналастырамыз. (қораз, мысық, күшік).Балалар енді мойны ұзын жанурға, керікке саты салып берейік. Мынау күшік . Күшік үреді.Балалар сендер сатыны әдемі етіп салдыңдар
  • Сатыны кімге жасадыңдар?

-Балаларкерік сендерге рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жануарлардың дауыс ырғықтары әртүрлі болатындығын.

Игереді:саты баспалдақтардан құралатындығын.

Меңгереді: түзу сызықтарды сызу,бір – бііріне қосуды.










































Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: 21.02.2022ж Білім беру саласы: «Шығармашылық»Бөлімі:Сурет салуТақырыбы: «Қуыршақтың мойынорағышы»Мақсаты: Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.Сөздік жұмыс: мойынорағыш, баскиім.Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана, қуыршақ киімдері.Билингвальды копонент: мойынорағыш - шарф.Мотивациялық-қозғаушылықШаттық шеңбері: Шаттанайын менде, Шаттанасың сенде, Шаттанайық бәріміз, Арайлап аттқан күнде. Балалар менде кішкене әдемі сандықша бар, сол сандықшаның ішінде Айсананың киімдері бар.Балалар киімдер жыл мезгіліне қарйай іәртүрлі болады. МысалыАйсананың қысқы киімдері. Мынау баскиімі, шапаны, қолғабы, етігі. Ал, балалар Айсананың мойынорағышы жоқ екен.

Айсанадалаға шығамын дейді, бірақ мойынорағышым жоқ дейді. Айсанаға мойынорағыш жасап береміз бе?Мотивациялық-қозғаушылықШаттық шеңбері: Шаттанайын менде, Шаттанасың сенде, Шаттанайық бәріміз, Арайлап аттқан күнде. Балалар менде кішкене әдемі сандықша бар, сол сандықшаның ішінде Айсананың киімдері бар.Балалар киімдер жыл мезгіліне қарйай іәртүрлі болады. МысалыАйсананың қысқы киімдері. Мынау баскиімі, шапаны, қолғабы, етігі.Балалар суреттегі мойынорағышқа көңіл бөліп қараңдаршы. Мойынорағышта әр түсті жолақтар бар. Кәне, балалар әр жолақтардың түстерін атайықшы: қызыл, сары, ақ, көк, жасыл. Балалар алдыларыңда үзік сызықпен сызылған жолақтар бар. Сол үзік сызықтардың үстінен бастырыңдар. Ал, енді жолақтарды рет – ретімен түрлі – түсті қарындаштармен бояңдар.Балалар жолақтардың сыртына шығармай бояңдар. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел есті, Кіп – кішкентай балаларКіп – кішкентай балаларҮлкен болып өседі.

Рефлексиялық - түзетушілікБалалар , сендер салған мойынорағыштар қуыршақ Айсанаға ұнады, Кім қандай түсті пайдаланды?

Балалар сендердің салған суреттерің әдемі болып шықты.

Ал, балалар енді «Қуыршақты киіндір» ойынын ойнап бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қуыршақ киімдерінің атауларын .

Игереді: мойынорағышты салуды.

Меңгереді: бояу қарындашпен біркелкі бояуды.









3.03. 2022ж


Білім саласы: Таным


Менталды арифметика логикалық ойындар


Тақырыбы:Бір мезетте 6-9 дейінгі тастарды қосу және азайту.


Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Абакуспен жұмыс істеу техникасын жаттықтыру.


Көрнекі құралдар: абакус,тақта


Әдіс-тәсілі: жаттықтыру


Жаңа сөздер: абакус, бас бармақ, сұқ саусақ.


Барысы: Балалар есеп 1-ші шиден басталады.Бұл шиде 1-ден 9-ға дейінгі сандар орналасқан.

Абакустың төменгі бөлігіндегі әр тас 1-ге (бірлік)тең.Төменгі тастарды көлденең сызыққа оң қолдың бас бармағымен қосамыз. «+» және абакустың жиегіне қарай оң қолдың сұқ саусағымен азайтамыз «-».

Абакустың жоғарғы бөлігіндегі барлық тастар ерекше.Бір тас болғанмен, ол 5-ке (бес) тең, сондықтан өзіне ерекше қарауды талап етеді. «5» санын оң қолдың сұқ саусағымен көлденең сызыққа қосамыз . «+» және абакустың жиегіне қарай азайтамыз «-».

6, 7, 8 және 9 сандары да орталық шиде орналасқан.Көлденең сызыққа қарай оң қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен Бір мезетте қосамыз «+» және абакустың жиегіне қарай оң қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен бір мезетте азайтамыз«-».












10.03. 2022ж


Білім саласы: Таным


Менталды арифметика логикалық ойындар


Тақырыбы: Логикалық тапсырмалар


Мақсаты:Балалардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру.


Көрнекі құралдар: тақта,сурет


Әдіс-тәсілі: оқу, сұрақ-жауап


Жаңа сөздер: себет,еңбекшіл


Барысы: Кел, балалар,ойнайық!

Ойнайық та ойлайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

Сатып алып бір сәбіз,

Қойды үйрек себетке

Тағы сонша қосса оған,

Нешеу болмақ әдетте?


Үш алманы бақтағы,

Кірпі барып жинады

Ең әдемі тәттісін,

Ақ тиінге сыйлады

Ыдыстағы алманың

Санап көрші қалғанын!


Құмырсқалар еңбекшіл,

Ұйымшыл және ол көпшіл

Екеуі жүр дән тасып,

Екеуі шөпке жармасып

Сонда шырша түбінде

Нешеу болды, санап шық?












25.03.2022ж


Білім саласы: Таным


Менталды арифметика логикалық ойындар


Тақырыбы: Кішкентай көмекшілер тұжырымдамасы


Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын арттырып,кез-келген күрделі жағдайдан шығудың жолдарын үйрету.


Көрнекі құралдар: тақта,маркер,дәптерлер,қарындаштар


Әдіс-тәсілі: түсіндіру


Жаңа сөздер: кішкентай көмекші


Барысы: Тұжырымдаманы тақтаға жазамыз: 1423413214

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай сандар? Неге тек қана осы сандарды жаздық? Бұл жай сандар емес, бұл кішкентай көмекшілер (К.К ) деп қиын жағдай кезінде бір-біріне көмекке келетін сандарды атайды, олардың сомасы 5-ке тең болады. Қараңдар,1 мен 4 бірге 5 болады, 2 және 3 бірге 5 болады,4 пен 1 бірге 5 болады,3 пен 2 бірге 5 болады.

-Ал неге біз 1 мен 4-ті қайталадық?Жай бізге қанша сан жазғанамызды санау ыңғайлырақ болу үшін бір жұпты қайталап жаздық.К.К біз басқа ретпен де жаза аламыз.Бірақ ол маңызды емес!Бір-бірінің қасында тұрған сандардың қосындысы 5-ке тең болғаны маңызды.Ал неге 5?

Неге 6 емес,7 немесе 8 емес?Себебі 5 саны- менталдық арифметикада ерекше сан.Ол несімен ерекшеленеді? Себебі ол 1 тас,бірақ 5-ке тең. 5 саны-кішкентай көмекшілердің ерекше саны. К.К- ді қалай тезірек есте сақтасақ болады? Алақанымызды ашайық, 1 саусағымызды жұмайық,қанша саусақ қалды?4, дұрыс!Яғни, 1 санының К.К-сі 4 саны.Балалар, мұқият болыңдар, алақанымызды ашайық,2 саусағымызды жұмайық,қанша саусақ қалды?3, дұрыс!Яғни,2 санының К.К –сі 3 саны! (Дәл осылай басқа кішкентай көмекшілерді түсіндіреміз).




















4. 04. 2022


Тақырыбы: Қоян


Мақсаты: Балалардың аңдар тіршілігі жайындағы түсініктерін жетілдіру. Қағаздан қоян бейнесін жасай білуге баулу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жануарларға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.


Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қағаз, ақ қағаз, үлгі желім, қайшы, қолорамал.


Сабақ барысы: Жабайы жануарлар жайында әңгімелесу. Қоян туралы ертегі айтып беру. Балалардан қандай ертегі бейнелейтінін сұрау.


Жұмбақ

Арғыған қорқақ , көзі қыли еді,

Қыс пен, жазда екі түрлі тон киеді.

Ол не? (қоян)

Қоянның дайын үлгісін орындалу ретімен түсіндіріледі.

-қағазға дөңгелек сызу, дөңгелектен конус жасау.

-Конусты желімдеу.

-Қоянның басын құлағын үлгіге қарап желімдеу.

-Басы кішкене конустан жасау ұсақ бөліктерден фломастермен толықтыру.

-Құлағы, аяқтары жолақ қағаздан жасалады. Дайын болған қағаздарды (шалғыға) жасыл түсті қағазға орналастыру.

Жасалу сапасына қарай жақсы жасалған жұмыстарды мадақтау, қорытындылау. Қағазбен жұмыс жасауда көлемді пішіндерді берудің ерекшелігіне сәйкес және нұсқаулар беріп көмек көрсету.


























18. 04. 2022


Тақырыбы: Сулықты кестелеу (матамен жұмыс)


Мақсаты: Матамен жұмысты жалғастыру, қарапайым кесте тігу өнерімен таныстыру, кесте жіптің ерекшелігін түсіндіру, тігіс түрлерін орындау, көркемдеу дағдыларын жетілдіру, инемен жұмыс істеу ережелерін сақтай білу.


Қажетті құралдар: шашақталған сулықтар (балалардың жұмысы) ине, екі түсті жіп қызыл, жасыл үлгілері, әліппе-дәптер.


Сабақ барысы: Өткен сабақта шашақтаған сулықтарына бүгін кесте тігетіндерін айтып балалардың іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттырады. Алдымен балалар инемен жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді. Жіпті қалай өлшеу, қалай сабақтау ұшын түю, керектігін көрсетеді. Әліппе-дәптердегі үлгіге талдау жасалады, көктеп тігу тәсілдерінің үлгісі көрсетіледі. Тәрбиеші алдын ала шашақталған сулықтардың шетіне карандашпен түзу сызық сызып қояды. Бір сызықтың бойына балалар шаншып орынды белгілеп көрсетіп қояды. Балалар сызық бойымен алдыңғы сабақта үйренген көктеу тігісін жүргізіп шығады. Содан соң тәрбиеші басқа түсті жіпті алып, тігісін арасынан иректеп өткізу тәсілін көрсетеді. Балалар дайындаған жұмыстарын бағалау, мақтау, мадақтау.






























21. 04. 2022


Тақырыбы: Жұмыртқадан балық жасау


Мақсаты: Жұмыртқадан балық жасау қажетсіз заттармен жұмыс жасай білуі дағдыларын қалыптастыру. Еңбек іс-әрекетіне ата-аналардың ынта-ықыласын арттыру, балықты жасау әдіс-тәсілдерімен таныстыру, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, су асты тіршілігі жайындағы түсініктерін кеңейту, шығармашылықпен еңбек етуге баулу.


Қажетті құралдар: жұмыртқаның қабығы түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам.


Сабақ барысы: Тәрбиеші су асты тіршілігі жайында балалармен әңгімелеседі. Балықтардың түрлерін сұрайды. Бірнеше сурет көрсетіп, балалар көрмеген немесе білмейтін балықтар түрлерімен таныстырады.


Жұмбақ Қызықтырып әркімді-ақ, Суда жүрер жалтылдап. «Б» әрпінен басталған Осы жәндіктің атын тап Ол не? (балық) Жұмбақ шешуінен кейін «Б» әрпінен басталған қандай сөз білетіндерін айтқызып «Сөз ойла, тез ойла» сөздік ойынын ойнату. Осы сөздердің ішінде балықтардың аттары кездесті ме? Балалар жауаптарын толықтырып, енді алдарындағы заттарға мұқият қараңдар, бұрын сабақта кездеспеген бір зат бар ол не? Біз бүгін осы жұмыртқаны пайдаланып балық жасаймыз. Үлгіні көрсетіп талдау жасалады. Балықтың денесі сопақша дөңгелекке ұқсайды, жұмыртқадан денесін, құйрығы мен қанаттарын түрлі-түсті орындалу ретін.






















28.04. 2022ж


Тақырыбы: Альбом қағазбен (жұмыс)


Мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.Тіктөртбұрышты қағазды біріктіріп бүктеу және бір-біріне желімдей білуге үйрету. Оны әшекейлеуге көркемдік талғамын дамыту, бастаған ісін аяғына дейін шыдамдылықпен жеткізе білуге тәрбиелеу.


Қажетті құралдар: Әр балаға бірнеше ақ парақ қағаз, түрлі-түсті қағаз, жіңішке лента, қайшы, желім, әліппе-дәптер, дайын альбом үлгілері.


Сабақ барысы: Балаларға әліппе-дәптердегі үлгіні көрсетіп, жасау ретін талдайды.

Ұсынылған тапсырманы орындауға бағыт береді.

- Балаларға парақ қағазды алып, біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсетеді.

-балалар қайталайды, қалған бірнеше парақты алып, біріктіре ұстап, оларды ортасынан бүктейді, (әр парақты және бүктеуге де болады). Бүктелген қағаздарды бірінің үстіне бірін қойып түптерін желімдейді.

-түрлі түсті қағаздан альбом беттерінің өлшемімен бірдей мұқаба жасайды.

-Альбомның мұқабасының ішіне бір-біріне желімдеген беттерді алады.

-лента байлайтын орынды тесу құралымен теседі. (тәрбиешінің көмегімен атқарылады)

-лентаны тегістелген орнын өткізіп сәндеп, байлайды. Қиналған балаларға көмек береді.

































Күні 02.05. 2022ж

Тақырыбы:Күлшеқыз ертегісі (көлеңке театры)

Мақсаты: Балаларды ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жақсы-жаман жақтарының айырмашылықтарын білуге тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерлерін ролге еніп сомдауға, дауыстарының айырмашылықтарын мезініп түсінуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін сомдау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Керекті құралдар: ақ мата тартылған ширма тақта, ертегі кейіпкерлері костюмдері.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші ортада жатқан құмыраны көреді, балалардан ол құмыраның қайдан келгенін сұрайды. Балалар білмейміз дейді.Тәрбиеші құмыраны шаң болып кетті деп сүртте бегенде, құмыранын ішінен Жын шығады. -Әміріңізге құлдық , мені мына қапастан шығарғаныңыз үшін сіздің тілегіңізді орындаймын.Тәрбиеші балалардан сұрайды: - Балалар Жыннан қандай тілек тілейміз? Сендердің қандай арман тілектерің бар?Балалар таң қалады. Күлше қыз ертегісіне саяахатқа барғысы келетіндерін айтады.

-Біз балалармен Күлшеқыз ертегісіне саяахатқа барғымыз келеді. Олай болса бізді ертегілер еліне жеткіз.

Балалардың алдынан Күлшеқыз шығады.

-Саламатсыңдарма? Балалар, сендер қайдан жүрсіңдер.Саламатсыңба? Күлшеқыз. Біз басқа елден Күлшеқыз ертегісіне саяхатқа келдік. - Күлшеқыз сен қайда асығып барасың?

-Балалар менің сендермен ойнауға уақытым жоқ , мені анам шақырып жатыр ол мені іздеп ашуланып отырған сияқты. (сол кезде Күлшеқыздың анасының даусы шығады)

-Күлшеқыз сен қайдасың , сен неге әле тамақ дайындамағасын? Мына қасыңдағы қандай балалар?

Күлшеқыз: анашым бұл балалар басқа енлден Күлшеқыз ертегісіне саяхатқа келіпті. Балалар Күлшеқыздың анасымен амандасып алады.

Анасы: Балалар Күлшеқыздың сендермен ойнауға уақыты жоқ. Ол тамақ дайындауы керек. Өздеріңнің елдеріңе қайтыңдар.Балалар:жарайды сау бол Күлшеқыз. (осы кезде-Күлшеқыздың өгей әпкелері кіріп келеді)

-Апа қарным ашты.Тамақ жегіміз келеді. (сол кезде Күлшеқыздың анасына хан сарайынан қоңырау шалынады)

-Алло саламатсызба? Бүгінгі хан сарайында өтетін кешке қатысуға шақырамыз. Кешке келген қонақтардың ішінен ханзада өзіне қалыңдық таңдайды.

Анасы: Күлшеқыз менің қыздарыма тез әдемі көйлектерін дайында. Қыздары Күлшеқыздың әкелген көйлектерін киеді.

Анасы: доғарыңдар қазір кешігіп қаламыз.

Күлшеқыз: Анашым, менде сол кешке барсам болама?

Анасы: Жоқ ,оданда сен үй шаруасын орында.

Күлшеқыз жылап қалып кетеді.(осы жерден көлеңке театры басталады). Залда әдемі әуен орындалады. Жылап отырған Күлшеқыздың алдына Періште келеді. Періште Күлшеқызға кешке кейіп баратын әдемі көйлек береді . Күлшеқыз сондада мұңайып тұрғанын көрген періште оған лайықты әдемі аяқкиім береді. Періште Күлшеқызға сағат 12-де сиқыр өз күшін жоятынын айтады. Күлшеқыз кешке қатысып, ханзадамен би билейді. Сағаттың түнгі 12-ге жақындап қалғанын көрген Күлшеқыз үйіне жетуге асығады,асығып жүріп аяқкиімін түсіріп алады. Ханзада Күлшеқыздың аяқкиімін тауып алады. Ол Күлшеқызды іздеп таппаған соң аяқ киім тура келген қызға үйленемін, - деп шешеді. Аяқ киімді көп қызға кигізіп көреді,бірақ ешқайсы қызға тура келмейді, ханзада мұңайып тұрғанда, үстінде жаман киіммен Күлшеқыз кіріп келеді. Ханзада Күлшеқызды бірден танып, оған аяқ киімді кигізеді.

Балалар өз елдеріне қайтып келіп, Күлшеқыз ертегісін талқылайды. Балалар өздерінің ойларымен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күлшеқыз ертегісінің мазмұнын;

Меңгереді: Күлшеқыз ертегісінің заманауи сомдауы;



Күні 6.05.2022ж

Тақырыбы: Қызықты ойындар


Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, қимыл әсемділігін жетілдіру, сурет салу әді-тәсілдері туралы білімін тиянақтау, есте сақтау қабілетін,қиялын дамыту. Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.


Керекті құралдар,көрнекіліктер: Үйшік , Мақтақыз бен мысық , тоты мен әтеш, Маша мен аю, үш торай, ертегілерінен суреттер.


Сабақ барысы: Жеке тапсырма; Суретте қай ертегіден көрініс бейнеленген? Балаларға таныс ертегілерден карточкалар таратылып беріледі. Балалар карточкаларындағы суреттің мазмұнын әңгімелеп береді.

Пантомима: қуаныш, қорқыныш, іздеу ,тамақ ішу, сурет салу, қалыптарын көрсету. Балалар қимылмен аталған қалыптарды көрсетеді.


Ұқсас сөздер ойыны. Азық-түлік, ұшақ-пышақ, алма-алқа, түк-тік т.б. Балалар ойына қатысады.


«Ине мен жіп» ойыны.

Ине болған бала түрлі оюлар жасап жүреді, жіп болған балалар иненін қимылын қайталайды.

Балар тізбектеліп тұрады,бірінші бала түрлі оюлар жасап жүреді, артында тұрған балалар

бірінші бала соңынан оның қимылын қайталап жүреді.

Менің сүйікті кейіпкерім-сурет салу. Балалар сүйікті кейіпкерінің суретін салады.

Балалар жұмысын талдау, мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі мазмұнын,қимыл бойынша әрекетті табады;

Меңгереді: өз қимылын басқарады, сурет салу түсінеді.
























Күні 12.05. 2022ж

Тақырыбы: Әжеде қонақта Мақсаты: Балаларда жақсы көңіл-күй орнату, театр ойынына белсенді қатысуға қызығушылығын ояту, мәнерлеп сөйлеу қабілетін, зейінін дамыту. Қимыл-қозғалыс әсемдігін тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: Тосын сәт: Балалар әже қонаққа барады, әже балалармен танысып, олардан күңіл-күйін сұрайды, балалар допты бір-біріне лақтыру арқылы көңіл күйін айтады, кіммнің қолына доп тисе өз көңіл күйін айтып допты келесі балаға лақтырады. Балалар: мен қуаныштымын, мен әдемімін, мен сұлумын, мен батырмын...

Әуенді музыка ойнап тұрады. Әже балаларға көңіл күйлерің жақсы болса онда саусақ ойынын ойнайық деп ұсыныс білдіреді. Саусақ ойыны:

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет аламын,

Міне басы, міне іші,

Аяқтары, қолдары, көздері

Аузы, сақинадан жасалған

Әдемі шашы да бар.

Балалар: Алақанды жұмып, ашады. Қолды шеңбер жасап айналдырады. Қолмен кішкентай және үлкен шеңбер салу. Ауада сақинаны салу. Қолды екі жаққа ашады.

Әже: балаларым,с ендер келеді деп мен көп қолғаптар дайындадым, онымен ойнаймыз. Ол қолғап театр бейнесі деп аталады.(киіп көрсетеді) тышқан бейнесіндегі қолғапты киеді. Одан соң балаларға кигізіп көрсетеді.Балалар басқа жануар бейнесіндегі қолғаптыда киіп көреді.

Тышқан қалай дыбыстайды?пи-пи-пи

Тауық қалай дыбыстайды?ко-ко-ко

Ал мына мысық қалай мияулайды?мяу-мяу-мяу

Мынау не? Ол күшік. Күшік ав-ав-ав деп үреді.

Қолғап театырмен Шалқан ертегісін көрсетуге жаттығу жасау.Балалар рольдерге бөлініп қолғаппен ертегі кейіпкерлерін ойнап көреді.

Жаңылтпаш оқу:

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ойын: Әуеніне қарап таны.Балаларға таныс әуендер ойналады,балалар қай әен екенін табуы тиіс. Балалар әуен атын атайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі мазмұны;

Меңгереді: өз қимылын басқаруды;

Күні 24.05.2022ж

Тақырыбы: Шалқан (ертегісін сахналау)

Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің барысы
Тәрбиеші: Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.
Тәрбиеші есік ашады
Қоян: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Бүлдіршін» балабақшасының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші: Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орын алып, орналаса қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата: Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз: Итім, итім көмекке келші.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алды






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
68
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі