Сіз деген әдеп-біз деген көмек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сіз деген әдеп-біз деген көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалімдерге арналған.Үлкендерді сыйлау,кішілерге қамқорлық жасауға арналған жақсы сөздермен қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

DrawObject1



Өзін-өзі тану пәні

Сабақтың тақырыбы:Сіз деген-әдеп,біз деген көмек.
Сабақтың мақсаты: балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілік тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сыпайлық қарым - қатынасты дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Оқылық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат,үнтаспа,тірек-сызбалар,ақ парақтар,суреттер.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік дағдыны дамыту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Қызығушылығын ояту,

-Жүрекшелер арқылы топқа бөлу,
ІІ. Негізгі бөлім:

-Суретпен жұмыс;
- Әңгімелесу;

-Мәтінмен жұмыс;
- Жағдаяттар кезінде ойлану;
- Шығармашылық жұмыс;
Ойын-жаттығу.
-Мақалдар жалғасын тап
ІІІ. Қорытындылау:
- Есінде сақта;
- Қорытындылау.



Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Қайырлы күн,менің сүйікті достарым!Бүгін біз үшін әрі ерекше,әрі әсерлі сабақ.Сендерің жүзлдерің қуанғаннан бал-бұл жанып тұр.Сендердің әсем күлкілерің сынып ішін нұрлы шуаққа толтыратыны анық.Сондықтанда күлімсіреп тұрып өлең айтайық.

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін,дәмдісін

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек...

Рахмет айтып жеу керек.

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айқай,

Сен де шықтың,көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек...

Кешіріңіз деу керек.

Осы келген бетіңде

Допты қудың,жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен деуді...

Сәлеметсіз бе?-демедің.

-Балалар қазір мен сендерге түрлі-түсті жүрекшелер таратып беремін.Қызыл түсті жүрекше алғандар 1-топқа,ал көк түсті жүрекше алғандар 2-топқа,сары түстілер 3-топқа бөлініп отыра қаламыз.

Қызығушылықты ояту:

Мен үш топқа суреттер беремін,сол сурет бойынша ойымызды ортаға саламыз.

1-топ.Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ.Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

3-топ.Сендер қандай жағдайда,кімдерге көмек көрсетесіңдер?

Негізгі бөлім:

«Ұқыптылық» мәтінімен жұмыс.

1-топ.«Үш дос»

2-топ.«Балалар мен атай»

3-топ.«Ұқыпты-бала»
Әңгімелесу.
• «Өзара сыйластық»дегенді қалай түсінесіздер?
(адамдар бірін бірі сыйлап, құрметтеу).
• Әдептілік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
(адам, бойындағы жақсы қасиет).
• Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсете аласыңдар? (ата - анамызға үлкен кісілерге, достарымызға, жақындарымызға).
• Адамның әдептілігін қалай білуге болады?(оның іс - әрекетінен).
- Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай - ақ жасы кіші, сыйлы адамдармен «Сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықты, адамға деген сыйластықты, құрметті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдағы адамдармен бірге көрінісі.

Дәйексөз.«Ұқыптының уақыты мол».

-Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды.Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да,оқуға да,ойнауға да,серуендеуге де,қонаққа баруға да,дос,жақын,туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Жағдаяттар кезінде ойлану:

І-топқа тапсырма.

І - жағдаят:
Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетер кезінде:
- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналысын жинастыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке – шешісінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.
- Ұланның орнында болсаң не істер едің?
- Ия, дұрыс айтасың, біз әрдайым үлкеннің айтқан тыңдап, оларды құрметтеуміз керек екен.

ІІ-топқа тапсырма.

ІІ - жағдаят:
Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге келе жатыр еді, Ернар:
- Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші, - деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға әлде нені түсіндіре бастады.
- Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
- Ернардың орнында болсаң не істер едің?
- Иә, балалар, үлкен - кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау - инабаттылық, сыпайылықтың көрінісі.

ІІІ-топқа тапсырма.

Мақалдардың жалғасын тап.

1.......-ның тоны тозбас,

.....-дың ісі оңбас.

2......тылық-істің көркі.

3.....бала-кітапты түптеп тастады.

.......бала-кітапты бүктеп ұстады.

Шығармашылық жұмыс:
- Қазір сендер «Ұқыпты бала және ұқыпсыз бала туралы ойларыңды дәптерге жазыңдар.
Есіңе сақта:
- Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.
- Басқалардың өзіңмен қалай қарым - қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста.
- Сыпайы достық пейілмен сәлемдес.
- Сыпайлық, әдептілік ережелерін сақта.
Қорытындылау: Сонымен, әдептілік деген не? Қане, әдептілік сөзін топтастырайықшы
:
Ұқыпты бала

Тәртіптілік Әдептілік Тиянақтылық
Көмектесу Жинақылық Көпшіл
Сыйласу Қамқорлық Еңбекқор
Ата - анаңды тыңдау Сыпайылық Тілалғыштық
Шыншыл болу Көпшіл
Кешірім сұрау Талапты болу
Адамгершілік Инабатты

Жүректен –жүрекке.

-Балалар алдарыңдағы жүрекшелерге достарыңа арнап ұқыптылық,әдептілік туралы өз ойларыңды жазыңдар.Әр бала өз достарына беру.





























Бозайғыр орта мектебі







Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:

«Сіз деген-әдеп,

біз деген-көмек»



Өткізген:Амангелді Айман





2014-2015 оқу жылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі