Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сленг және идиома
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы
Бесқарағай айданы «Қоянбай орта мектебі»
КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Ағылшын тіліндегі идиома және сленг. Идиома мен сленгтің айырмашылығы неде?»
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Тіл білімі
Авторы: 10-сынып оқушысы Калиаскарова Ажар
Жетекші: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қыбыраева Әлия Жомартжанқызы
2021-2022 оқу жылы
«Қоянбай орта мектебі»
КММ-нің 10-сынып оқушысы
Калиаскарова Ажардың"Ағылшын тіліндегі идиома
және сленг. Идиома мен сленгтің айырмашылығы
неде? "
тақырыбындағы ғылыми жоба
жұмысына
Пікір
Қоянбай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Калиаскарова Ажар алып отырған тақырыбы қазіргі кезде өзекті әрі қызықты болып табылады. Калиаскарова Ажар алдына айқын мақсаттар қоя білген. Автордың мақсаты заманауи ағылшын тілінде идиоматикалық тіркестердің әсерін анықтап, ағылшын тілінің тек қана әдеби сөйлеу стилін ғана емес, аузыекі сөйлеу стилін үйрену болды.
"Ағылшын тіліндегі идиома және
сленг. Идиома мен сленгтің айырмашылығы
неде?" тақырыбындағы ғылыми
жобасында негізінен идиомалар мен сленгтің пайда болу тарихы және
олардың құрылуы, функциялары зерттелген. Идиомалар мен сленгтерді
топтарға жіктеп, заман талабына қарай бөліп шыққан. Мектеп оқушылар
арасында сленг пен идиома қаншалықты жиі қолданылатының білу үшін
оқушылар арасында сауалнама жүргізді. Калиаскарова Ажар қазіргі
таңда жиі қолданылатын идиомалар тізімін жасап шығарды және де
жастар арасында әлеуметтік желілерде өте жиі қолданылатын сленгтер
қосымшасын дайындап шығарған. Сленг пен идиоманың айқын
айырмашылығын көрсетіп өткен.
Калиаскарова Ажар зерттеу жұмысын жазу
барысында көптеген көркем
әдебиеттерден, газет-журналдардан,
ғаламтордан ізденген. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық
орындалған. Жас екрекшелігін ескере отырып, Калиаскарова Ажар
зерттеу жұмысын өз жасына сай орындай білген. Жалпы алғанда ғылыми
жоба өз дәрежесінде жасалынған деп
ойлаймын. Ғылыми жұмыстың жоспары жүйелі
түрде құрылған. Әрбір тарауда логикалық сабақтастық бар. Тақырып
бойынша арнайы зерттеулерді өте тиімді пайдалана
білген. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін
ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға
ұсынамын.
Пікір білдіруші: Қыбыраева Әлия
Жомартжанқызы
«Қоянбай орта мектебі» КММ-нің ағылшын пәні
мұғалімі
Мазмұны.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Идиома ұғымы және шығу тарихы
2.2. Ағылшын тілінде идиомалардың құрылымы және түрлері
2.3.Идиома топтары
3.Сленг
3.1.Сленг ұғымы
3.2.Сленгтің құрылу тәсілдері, функциялары
3.3.Сленг топтары
3.4.Идиома мен сленгтің айырмашылығы
4.Эксперименттік бөлім
5.Нәтиже
6.Қорытынды
7.Пайдаланған әдебиеттір тізімі
8. Қосымша
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Заманауи ағылшын тіліне идиоматикалық тіркестердің әсерін анықтау. Ағылшын тілінің тек қана әдеби сөйлеу стилін ғана емес, аузыекі сөйлеу стилін үйрену. Ағылшын идиомдарының әлемі туралы көбірек білу. Жастар сленгі мен оның құрылу жолын зерттеу.
Зерттеудің болжамы: Ағылшын тіліндегі идиомалар мен сленг сөздердің әсері, зияны мен пайдасы.
1.Деректер, материалдармен танысу
2.Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу
3.Сауалнама жүргізу
Эксперимент әдістер:
1) теориялық [әдебиетті оқу және зерттеу- нәтижесі]
2) социологиялық: [әңгіме, сауалнама]
3) статистикалық :[әдістерін көрсету]
Зерттеудің өзектілігі: Ағылшын тілінде идиомалар мен сленгтің алатын орны. Олардың даму жолдарын қарастыру.
Зерттеу нәтижесі: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі . Ағылшын тілінің лексикасы идиомалар мен сленг арқылы дамуда. Ағылшын тіліндегі сленг жастардың арасында үлкен орын алуда екені анықталады.
Аннотация
Цель исследования: выявление влияния на современный английский язык идиоматических сцеплений. Изучение не только литературного стиля речи английского языка, но и стиля устной речи. Больше знать о мире английских идиомов. Изучение сленга и его образования.
Прогноз исследования: Влияние англоязычных идиом, польза и вред сленговых слов.
1. Ознакомление с данными, материалами
2.Разделение слов английского языка на рамки общения
3. Проведение анкетирования
Методы эксперимента:
1) теоретический [результат изучения и изучения литературы]
2) социологические: [рассказ, анкета]
3) статистические, [указать методы]
Актуальность исследования: Роль идиомы и сленга в английском языке. Рассмотреть пути их развития.
Результаты исследования: Согласно современным требованиям, английский язык является международным. Лексика английского языка развивается через идиомы и сленг. Выявилось, что сленг занимает большое место среди молодежи.
Annotation
The purpose of the study: is to identify the effect of idiomatic clutches on modern English. Studying not only the literary style of speech of the English language, but also the style of oral speech. Know more about the world of English idioms. To learn more about slang and its education.
Study prognosis: Influence of English-speaking idioms, benefits and harms of slang words.
1. Familiarization with data, materials
2. Dividing English Words into Communication Frameworks
3. Conducting a questionnaire
Experimental methods:
1) theoretical [result of study and study of literature]
2) sociological: [story, questionnaire]
3) statistical, [specify methods]
Relevance of the study: The role of idiom and slang in English. Consider ways to develop them.
Results of the study: According to modern requirements, English is an international language. English vocabulary develops through idioms and slang. It was revealed that slang occupies a large place among young people.
Кіріспе.
Аылшын тілі халықаралық тіл болып табылады. Ол өте танымал тіл. Қазір ағылшын тілін барлық елдерде зерттеп жатыр. Ағылшын тілін үйрену барысында біз барлық құрамдас сөздердің аудармасын білуімізге қарамастан, мағынасын түсіну өте қиын тіркестермен жиі кездесеміз. Мұндай тіркестер идиомалар деп аталады.
Идиомалар кез келген тілдің ажырамас бөлігі болып табылады. Идиомаларда елдің тарихы, тілдің даму тарихы, түрлі мәдени құбылыстар бейнеленген. Ағылшын тілінде бұл тақырып айналып өтпеген. Идиомалар жиналған сөздіктер бар, олар ағылшын тілінде 25,000-нан астам; профессорлар осы тамаша идиома сөйлеу тілін қарқынды зерттеуде, ал ағылшын тілін үйренушілер олардың мәнін есте сақтап қалуға тырысып, жаттау барысында.
Ағылшын тілін үйрену кезінде идиоманы білу және пайдалану қаншалықты қажет? осыған байланысты сұрақ туындайды: сіз өз ана тіліңізде қаншалықты жиі идиомаларды қолданасыз? Кейбіреулер идиомаларды ауызекі сөйлеу тілінде қолданбай-ақ сөйлейміз деуі мүмкін, бірақ шындығына келгенде идиомалар тілде соншалықты сініп кетуіне байланысты біз олардың идиоматикалық екені туралы өзімізге есеп бермейміз. Идиомалар біздің сөзімізді анағұрлым жарқын, эмоционалды және сұхбаттасушыға әңгімені анағұрлым қызықты етеді.
Ағылшын тілінде идиомаларды толық білу түпнұсқалы ағылшын мәтіндерін, кітаптарын оқуға мүмкіндік береді,контексті толықтай түсініп, кітап оқудан рахат сезім ала аласыз. Ағылшын идиомалары сөзді әшекейлеп қана қоймайды, сондай-ақ үлкен сөйлемдерді кішігірім сөйлемдерге дейін қысқартуға мүмкіндік береді (кейде тіпті екі-үш сөзге дейін). Ағылшын идиомаларын қолдану арқылы сөйлеу стилінізді әдемі, әрі сапалы етесіз.
21 ғасыр - бұл қоғам өмірінің барлық салаларының дамуына, бірінші кезекте экономикалық, саяси және мәдени салаларға әсер ететін ақпараттық технологиялар ғасыры. Қоғам мәдениетінің ажырамас бөлігі тіл болып табылады, соның арқасында көп жағдайда ақпаратпен алмасу ғаламдық Интернет желісінің арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты аталған зерттеудің өзектілігі жастардың әлеуметтік желілерде пайдаланатын ағылшын сленгінің ерекшеліктерін зертеу қажеттілігінен тұрады. Жұмыстың мақсаты ағылшын жастар сленгін және оның құрылу жолдарын зерттеу болып табылады. Жұмыстың жаңалығы - әлеуметтік желілерде пайдаланылатын ағылшын жастар сленг сөздері мен тұрақты тіркестер иллюстрацияланған қосымшасы жасалды.
Зерттеудің өзектілігі: Ағылшын тіліде идиомалар мен сленгтің алатын орны.Идиома мен сленгті дұрыс пайдалана отырып, ауызекі сөйлеу стилімізді мағыналы және жарқын ету.
Мақсаты: Заманауи ағылшын тіліне идиоматикалық тіркестердің әсерін анықтау. Ағылшын тілінің тек қана әдеби сөйлеу стилін ғана емес, аузыекі сөйлеу стилін үйрену. Ағылшын идиомдарының әлемі туралы
көбірек білу. Жастар сленгі мен оның құрылу жолын зерттеу.
Міндеттері:
1.Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарға талдау жасау.
2.Ағылшын тілі пәнінің білімдерін тереңдету, молайту.
3.Идиомаларды анықтау және оларды сәйкестендіру.
4.Қазіргі ағылшын тіліндегі сленг мәртебесін анықтау;
5.Сленгтің әртүрлі түрлерін қарастыру, сленгизмдерді қолдану мысалдарын келтіру және барабар аударма жасау.
6.Сленгтің ағылшын тіліндегі функцияларын қарастыру.
7.Осы тақырыпқа байланысты оқушылар арасында сауалнама өткізу.
8.Қолданыста көп пайдаланатын идиома мен сленг сөздерінің сөздігін құрастыру.
Зерттеу әдістері:
1.теориялық [әдебиетті оқу және зерттеу- нәтижесі]
2. социологиялық: [әңгіме, сауалнама]
3. статистикалық :[әдістерін көрсету]
Гипотеза: идиомалар тілге әсер етеді және ауызекі сөйлеу тілінде қолданылуы мүмкін .Идиомаларды пайдалану және білу барысында сіз ана тілінде сөйлеушіні және екінші шет тілінде озық сөйлеуші адамды оңай ажырата аласыз.
2.Негізгі бөлім
Идиома ұғымы, оның пайда болуы.
Идиомалар ағылшын сөздігінің маңызды бөлігін құрайды. «Идиома» сөзі грек тіліндегі «idāōma» сөзінен шыққан, ол «өзіндік ерекшелік» деген мағынаны білдіреді.
Идиома - осы тілге ғана тән және басқа тілдерге аударылмайтын, тұрақты сөйлеу айналымы. Бұл сөздің синонимдері фразеологизм, фразеологиялық айналым немесе тұрақты тіркестер. Олар әр түрлі формалы немесе құрылымды болып келеді. Идиома дұрыс құрылымды бола алады, сондай - ақ бұрыс немесе грамматикалық қате құрылымды да бола алады. Мағынаның айқындығы грамматикалық дұрыстыққа тәуелді емес.
Идиоманың қалыптасуының жалпы заңдылықтары жоқ. Кез келген фразеологиялық айналымның туу процесі - кездейсоқтықтар тізбегі. Және де Әр жағдайда бұл процесс ерекше. Сол себепті әр сөздің артында тарих тұр, демек әрбір идиоманың өзіндік шығу тарихы болуы керек. Олардың кейбіреулерін жазушылар тілге енгізсе, кейбіреулері Библия кітабінен бастау алған, үшіншісі басқа тілдерден келді, француз және латын сияқты тілдерден.
Оксфорд сөздігінде бізге «идиома» ұғымына анықтама берілген. . «Идиома» сөзі тілдің маңызды бөлігі болып табылатын «арнайы тіркестерді» сипаттау үшін қолданылады. Идиома әркезде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: Kick the bucket қалыптасқан сөзде грамматиканың қалыпты ережелерін ұстанатын сияқты, бірақ біз kick a bucket, kick the buckets деп айта алмаймыз. Және де біз бұл сөздің мағынасын болжай алмаймыз, бұл сөз «өлу» деген мағынаны білдіреді.
«Идиоманың» тағы бір тұжырымы (Дубровин М., 'Орысша-ағылшынша идиомалар) фразеологиялық бірліктер болып табылады, олардың мағынасы оның компоненттерінің мағынасынан туындамайды.
Дин Карридің анықтамасы «бұрыннан мағынаға ие сөздер тобына жаңа мағына беру». Идиомалар бейресми сипатқа ие және олар әдебиетте пайда болғанымен, оларды «әдеби» деп санаудың қажеті жоқ. Олар жиі ауызекі сөйлейде қолданып, көбінесе жаргон, және шамадан тыс қолдану клишеге айналуы мүмкін. Идиомалар сын есім, үстеу немесе номиналды болуы мүмкін. Олар сондай -ақ дәстүрлі мақал -мәтелдер түрінде де болады.
«Идиома» сөзінің шығу тегі
Идиома сөзі Гректің idio деген сөзінен шыққан, оның мағынасы жеке колтаңба деген ұғымды білдіреді. Осылайша, әр бір тілдегі өзінің қалыптасқан сөздерін басқа тілге аударғанда мағынасыз болып шығуы мүмкін.
«Әлемдік ағылшынның» кейбір идиомалары алғаш рет Шекспир, сэр Уолтер Скотт, Льюис Кэрролл сияқты жазушылардың шығармаларында немесе тіпті заманауи романистердің жұмыстарында кездесті. Библиялық жазуларда көптеген идиомалардың қайнар көзі болып табылады. . Спорт терминдері, техникалық терминдер, заңды терминдер, әскери сленгтер және тіпті навигациялық сөздер күнделікті ағылшын тілінде қолдануға өз жолын тапты. Көптеген идиомалар басқа тілдегі тұрақты тіркестерге ұқсайды және үйренушіге түсінікті болуы мүмкін. Басқа идиомалар уақыт өте келе өзгерген ескі фразалардан туындайды. Hold one’s horses (аттарды ұстау) - біреуді немесе бір нәрсені күту, шыдамдылықпен күту. Бұл идиома адамдар атты көлік ретінде пайдаланып мініп жүрген кезден шыққан; яғни біреуді немесе бірдеңені күту кезінде аттарын ұстауға мәжбүр болған. Мысалы: "Hold your horses," I said when my friend started to leave the store. Және Басқа идиомалар спорт сияқты жалпы тақырыптардан туындауы мүмкін. Олар Ұлыбританияда немесе АҚШ -та жиі кездеседі және оларды түсіну үшін арнайы мәдени білім қажет болуы мүмкін. To cover all of one's bases идиома мағынасы жағдайға мұқият дайындалу немесе онымен күресу. Бұл американдық бейсбол ойынынан келген.Мысалы: I tried to cover all of my bases when I went to the job interview.
Идиомаларды не үшін қолданамыз?
1. екпін үшін, мысалы The singer’s second album sank like a stone, [мүлде сәтсіз болды]
2.Алдыңғы сөйлесушімен келісу үшін, мысалы. A: Did you notice how Lisa started listening when you said her name?
B: Yes, that certainly made her prick her ears up. [start listening carefully]
3.Адамдарға түсініктеме беру үшін, мысалы. Did you hear Tom has been invited for dinner with the prime minister? He’s certainly gone up in the world! [gained a better social position - or more money - than before]
4.Анекдотты қызықты ету үшін, мысалы It was just one disaster after another today, a sort of domino effect, [when something, usually bad, happens and causes a series of other things to happen]
5.Жағдайға түсініктеме беру үшін, мысалы. The new finance minister wants to knock the economy into shape, [take action to get something into a good condition]
6.Оқырманның назарын аудару үшін. Идиомалар, әсіресе күш