SlidesMania платформасы
SlidesMania — шығармашылық
және интерактивті презентациялар жасауға арналған онлайн-платформа.
Бұл құрал мұғалімдерге, оқушыларға және кәсіпқой мамандарға кез
келген тақырыпта тартымды презентациялар әзірлеуге мүмкіндік
береді. Оның басты артықшылығы — тегін қолжетімділігі, Google
Slides және PowerPoint-пен үйлесімділігі, сондай-ақ әрдайым
жаңартылып отыратын шаблондар
базасы.
Платформа
білім беру саласында кеңінен қолданылады. Мектеп мұғалімдері оны
сабақ материалдарын визуалды түрде ұсыну, оқушылардың назарын
аудару және интерактивті тапсырмалар әзірлеу үшін пайдаланады.
Жоғары оқу орындарында оқытушылар лекциялар мен семинарлар үшін
қолданса, студенттер ғылыми жобалар мен презентациялар жасауда
пайдалана алады. Сонымен қатар, интерактивті элементтердің болуы
оқыту процесін ойын түрінде ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
SlidesMania-ның кемшіліктеріне қазақ тіліндегі
интерфейстің болмауы, күрделі анимациялар мен дизайн элементтерін
өңдеудің шектеулігі жатады. Сондай-ақ, шаблондарды жүктеу үшін
интернет қажет.
Білім беру
саласындағы өзгерістерге сәйкес, бұл платформа оқытуды заманауи,
көрнекі және тиімді етуге көмектеседі. Цифрлық дағдыларды дамытуға
ықпал етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Мұғалімдер,
оқушылар, студенттер және кәсіпқой мамандар үшін бұл құрал — тиімді
әрі қолжетімді шешім.
Бұл
платформаның тағы бір ерекшелігі – оның үнемі жаңарып отыратын
шаблондар базасы. Әр ай сайын жаңа және ерекше дизайндар қосылып,
қолданушыларға таңдауды кеңейтеді. Сондай-ақ, кейбір шаблондар
интерактивті слайдтар түрінде ұсынылады, бұл оқыту процесін ойын
элементтерімен байытуға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндіктердің
арқасында SlidesMania – білім беру, бизнес және шығармашылық
жобалар үшін таптырмас көмекші.
SlidesMania платформасында презентация жасау
қадамдары:
-
SlidesMania сайтына
кіру
(1 - сурет)
2. Шаблон таңдау
-
Іздеу жолағын қолданып немесе
"Education", "Business", "Fun",
"Simple" сияқты санаттардан қажетті шаблонды таңдаңыз. (2
- сурет)
-
Әр
шаблонның сипаттамасын оқып, өзіңізге ұнағанын басыңыз. (3 -
сурет)
(2 -
сурет)
(3 -
сурет)
3. Шаблонды жүктеу және
өңдеу
-
Шаблон
бетінен "Google
Slides" немесе
"PowerPoint" нұсқасын
таңдаңыз.
-
Google Slides
үшін: "Use
template" батырмасын басып, өзіңіздің
Google Drive-ға көшіріп алыңыз.
-
PowerPoint
үшін: "Download as
PowerPoint" батырмасын басып, құрылғыңызға
жүктеңіз. (4 - сурет)
(4 -
сурет)
4. Презентацияны
өңдеу
-
Мәтіндерді, суреттерді,
графиктерді және анимацияларды өзгертіңіз.
-
Өзіңіздің оқу материалыңызға
немесе жобаңызға сәйкес мазмұн қосыңыз.
-
Фон, түстер және қаріптерді өз
стиліңізге бейімдеңіз. (5 - сурет)
(5 -
сурет)
5. Сабақ барысында қалай
қолдануға болады?
(6 -
сурет)
(7 -
сурет)
(8 -
сурет)
(9 -
сурет)
6. Презентацияны сақтау және
бөлісу
-
Google Slides-та
жұмыс істесеңіз, автоматты түрде сақталады.
-
PowerPoint-ты
өңдесеңіз, файлды сақтау үшін "File → Save As"
таңдаңыз. (10- сурет)
(10 -
сурет)