Материалдар / Смарт бала

Смарт бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық қабілеттерін дамыту
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Өтілетін күні: 29.11.2024 ж

Тақырыбы: «Smart bala»

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін жабыстырмалы ойындар арқылы дамыту. 

Міндеттері:

  • Бала бойындағы танымдық белсенділікті жабыстырмалы ойындар арқылы дамыту;

  • Баланың шығармашылық ойлауы мен логикалық ойлауын дамыту;

  • Балаларды отырықшылыққа тәрбиелеу.


Жаңалығы: Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін қамтыған баланың шығармашылық және танымдық қабілеттерін  дамытуға бағытталған қосымша бағдарлама.


Өзектілігі: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білімге қолжетімділігі» (ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан)


Ерекшелігі: Жабыстырмалы ойындар балаларды бақылау, салыстыруды үйретеді;  зейін, ой, ес, шапшаң т.б. психикалық сапаларды, тапқырлық, зеректік, есептеу  т.б. математикалық қабілеттерін дамытады; баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.


Көрнекіліктер: түрлі-түсті асықтар, киіз үй, түрлі конструкторлар, қоңырау.


Әдіс-тәсілдері: Ойын, бақылау, ашық сұрақтар, бала үні, сыни ойлау

Белсенділік орталықтар: Көркем өнер орталығы, ғылым орталығы, математика орталығы.

ҰІӘ

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық ой қозғаушы күш

Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келді. Кәне алдымен амандасып алайықшы!

Сәлемдесу!

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз? (тәрбиеші)

Шұғылалы таңдаймыз (балалар) қолдарын көтереді.

Бір-бірімізді?

Қолдаймыз! (құшақтайды)

Пікіріміз қандай?

Құнды! (саусақтарын көрсетеді)

Қателесуден?

Қорықпаймыз! (бастарын шайқайды)

Сұрақ-жауап

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ендеше осы күз мезгілі туралы мына жерде бірнеше суреттер бар сол арқылы мнемокесте құрастырайықшы!

Мнемокесте








Осы күз мезгілінде неше ай бар? Қандай? Қандай?



Кім осы айлар туралы тақпақ айтып береді?















Жарайсыңдар керемет балалар!

Енді осы күз мезгілінде не жауады балалар?

Олай болса балалар жаңбырдың даусын салып көрейікші?

  • Жаңбыр жай жауа бастады! Кәне қалай саламыз!

  • Ал жаңбыр енді қаттырақ жауа бастады!

  • Балалар жаңбыр бұданда қатты жауа бастады.

  • Ал енді жаңбырға бұршақ араласып жауа бастады.




Сәлемдеседі.




Өлең жолдарын қайталап, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.







  • Күз мезгілі




Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Қарашы, күз келді, күз келді,

Жапырақтар жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

3 ай бар.

Қыркүйек

Қазан

Қараша

У.Томирис

Бірінші қыркүйек,

Қоңырау соғылды.

Күміс күй төгілді,

Білімге талпынған.

Балалар жиылды.

Әдемі

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етед.

Айсұлтан

Қараша айы жасай бер,

Бар өмірдің белесі.

Адамзатқа бақ берген,

Он екі айдың төресі.


Жаңбыр жауады.




  • Алақандарын үйкейді.

  • Ауыздарына ауаны толтырып сұқ саусақтарымен ұрады.

  • Тізелерін ұрады


  • Аяқтарымен топырлатады.

Ұйымдастырушы ізденуші

Ой балалар, бір дыбыс шығып жатқан сияқты ма? Тыңдаңдаршы. Қарап көріңдерші , дыбыс қайдан шығып жатыр. (роботтың даусы)

Робот кіреді.

  • Сәлем, сәлем, мен роботпын! Менің достарым сендердің бүгін «Смарт бала» туралы қызықты ойындар ойнайтындарыңды айтты. Менің де үйренгім келеді. Менде сендермен бірге ойнасам болады ма?

  • Ия әрине болады! Кәне балалар қолдарыңдағы заттармен роботқа біз ғажайып пішіндер құрастырып көрсетейікші!

Жарайсыңдар, балалар! Балалар біз әрі қарай орталықтарға бөлініп түрлі ойындар ойнаймыз. Мынау сиқырлы қоржыннан асықтарды таңдау арқылы бөлінеміз.

Қызыл асық – көркем өнер орталыққа

Көк асық – математика орталығына

Сары асық – ғылыми орталыққа барамыз.

Көркем өнер орталықта «Текемет» ою-өрнекті бір-біріне сәйкестендіру.

Математика орталықта «Кім тапқыр» ойыны

Ғылыми орталықта «Жүнді зерттеу»

Суға батады, батпайды. Жеңіл, ауыр? Қатты, жұмсақ?

Ашық алаңға сылдырмақты соғу арқылы жинау.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың орталықтарда не жасағанын сұрау.

Сергіту сәті: музыка жетекшісінің көмегімен сергіту сәтін орындаймыз.

(күймен, таяқшамен отырып орындайды)



Таңқалып іздейді.



Сәлемдеседі.







Шеңбер, шаршы, үшбұрыш құрастырады.





Асықтарды таңдап орталықтарға бөлінеді.






Түстеріне сәйкестендіріп оюды құрастырады.

Өздерін қалаулары бойынша құрастырған заттарын айтады.

Балалар өз ойларын айтады.





Балалардың ойлары тындалады.



Қызыға жасайды.

Рефлексивті түзету

Робот – балалар сендерге рахмет мен көптеген ойындар ойнап, бір көңілім көтеріліп қалды. Енді мен достарыма барып айтатын боламын. Қош сау болыңдар!

Қорытындылау.

«Сиқырлы текше» ойыны

Шарты: текшені лақтырамын қандай пішін түссе, сол пішіннің астында жасырылған сурет бойынша жауап береді.

Балаларды бүгін іс-әрекетімізге белсене қатысқандарына алғыс айтып, келген қонақтармен кәне қоштасайықшы балалар!



Роботпен қоштасады.







Балалардың жауаптары тындалады.



Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз айтамыз.




Күтілетін нәтиже: 


Жаңғыртуы: ойындардың алуан түрлілігінің арқасында бала ерте жастан қызықты түрде есте сақтауды дағдыландыру;

Түсінуі: тапсырманы тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беру;

Қолдануы: көру, ойлау, түстерді қабылдау және шығармашылық қабілеттері мен дағдыларды дамытады.

 





ЖИ арқылы жасау
30 Қаңтар 2025
276
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі