Тақырыбы: “Smart kids” интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
1. Пәндерден алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.
2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылардың білімдері жинақталады.
-
Оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артады.
-
Өзгенің пікірін құрметтеуге дағдыланады
-
Ұйымшыл болуға тәрбиеленеді.
Ойын барысы
Жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің 4- сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Smart kids» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
- Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді жан аямай ортаға салайық.
Кім жүйрік ойға, сол алда, -дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.
Ендеше, «Smart kids» атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық.
Сайысқа қатысушылармен танысып өтейік:
1-ші қатысушы - 4 «Ә» сынып оқушысы Ишмахан Абдуллаһ
2-ші қатысушы - 4 «Ә» сынып оқушысы Каналхан Аида
3-ші қатысушы - 4 «Б» сынып оқушысы Базарбай Ақтолқын
4-ші қатысушы - 4 «Б» сынып оқушысы Мұрат Айсұлтан
5-ші қатысушы - 4 «Г» сынып оқушысы Амангелді Алихан
6-ші қатысушы - 4 «Г» сынып оқушысы Сатыбалды Күмісай
7-ші қатысушы - 4 «Ғ» сынып оқушысы Сәлібек Іңкәр
8-ші қатысушы - 4 «Д» сынып оқушысы Қалқабек Айбибі
9-ші қатысушы - 4 «Д» сынып оқушысы Құдайберген Еркеназ
- Әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Олар:
1. Мектеп директорының тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Кожекбаев Алибек
2. Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Сидикова Хадича Рахматиллаевна
3. Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Альтаев Ербол
Сайыс кезеңдерімен таныстырайық.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
І бөлім – «Күш жина»
ІІ бөлім – «Ақиқат немесе жалған»
ІІІ бөлім – «Кездейсоқ сұрақтар»
ІV бөлім – «Тіл өнері»
V бөлім – «Smart kids»
Сайыс ережелерімен таныстырып өтейік:
Сайысқа 9 оқушы қатысады. Әр оқушы өз ұстанымын айтады (ұран).
Әр берілген тапсырмаға оқушы тез және нақты жауап беру керек.
Тез және дұрыс жауап берген оқушы ұпайын алады. Бірінші кезеңде оқушылар күш жинайды. Екінші кезеңнен бастап оқушылардың жинаған ұпай сандары есептеліп, ұпай саны аз болған 2 оқушы келесі кезеңге өтпейді. Қалған кезеңде де төмен балл алған 2 оқушылар қысқарып отырады. Қатысушылардың келесі кезеңге өту схемасы:
9 | 9
9 | 2
7 | 2
5 | 2
3
Соңындағы бір жеңімпазымыз «Smart kids» мадақтамасына ие болады.
Әділ қазылар әр кезеңді қорытындылап ұпай сандарын «Бағалау парақшасымен» шығарып отырады.
І бөлім - «Күш жина» кезеңі (QUZIIZZ платформасында) жалпы 10 cұрақ беріледі, әр сұраққа 30 секунд беріледі.
Қатысушыларға QUZIIZZ платформасында сілтеме беріледі. Берілген сілтеме бойынша әрбір қатысушы компьютер арқылы атын жазып тіркеледі.
Әрі қарай берілген сұрақтарға жылдам және дұрыс жауап беру қажет.
Бұл кезеңнің шарты оқушылар келесі кезеңге күш жинайды.
Жүргізуші: Қазылардан ойынның нәтижесін жазып отыруды сұраймыз.
ІІ бөлім – «Ақиқат немесе жалған»
Бұл айналымда Wordwall платформасында сұрақтар беріледі.
Жалпы 10 сұрақты бір жарым минутта жауап беріп үлгеру керек. Сұрақтар экранда жүгіру жолағымен жылжып отырады. Берілген сұрақтарға жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген жағдайда жүгіру жолағы жылдамдайды, ал қателескен жағдайда баяулайды.
Ендеше бірінші сұрақтан бастап назар аударайық.
Wordwall платформасында панельде (экранда) көрсету
Жүргізуші: Біз 2 ойыншымен қоштасамыз, оларға ойынымызға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын 2 оқушыны атауын сұраймыз.
ІІІ бөлім – «Кездейсоқ сұрақтар»
Бұл айналымда Wordwall платформасында «Сәттілік дөңгелегі» арқылы сұрақтар беріледі. Жалпы 21 сұрақ. Әр қатысушыға 3 сұрақтан беріледі. Бастау батырмасы басылғанда, «Көрсеткіш тілі» тоқтаған сұраққа жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Ойынды ұпайы аз сайыскер бастайды. Ендеше бірінші сұрақтан бастап назар аударайық.
Wordwall платформасында экранда көрсету.
Жүргізуші: - Міне үшінші кезең де аяқталды. Біз 2 ойыншымен қоштасамыз, оларға ойынымызға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын
2 оқушыны атауын сұраймыз.
ІV бөлім – «Тіл өнері»
Бұл кезеңде оқушыларға жалпы 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты үш тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады.
Дұрыс жауапқа 3 ұпайдан қосылады. (Үш тілде жауап берсе 3 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, бір тілде жауап берсе 1 ұпай)
Жүргізуші: - Міне төртінші кезең де аяқталды. Біз 2 ойыншымен қоштасамыз, оларға ойынымызға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Қазылардан ойынның нәтижесін жариялап, ойыннан шығатын
2 оқушыны атауын сұраймыз.
Ойынымыздың соңғы айналымы:
V бөлім – «Smart kids»
Бұл кезеңде сұрақтар пәндер бойынша бөлініп экран арқылы ұяшықтарда көрсетіледі. Жалпы 6 сұрақтан тұрады, әрқайсысы 10 ұпайдан. Ойынды әдеттегідей ұпайы аз сайыскер бастайды.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Жүргізуші: Осымен сайыс қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады да, сайыс жеңімпазы анықталады.
Ақыл керек білім таңдап
аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған
шашатын,
- дегендей өзінің білімімен көзге түскен «Smart kids», яғни ақылды бала атағын иеленеді.
Арғымаққа міндім
деп,
Артқы топтан
адаспа.
Күнінде өзім болдым
деп,
Кеңпейілге
таласпа.
Артық үшін
айтысып,
Достарыңмен
санаспа.
Ғылым жұрттан асты
деп,
Кеңессіз сөзді
бастама.
Жеңемін деп
біреуді,
Өтірік сөзбен
қостама
- дей отырып, сайысымызды
аяқтаймыз.
Келесі ойындарда кездескенше күн
жақсы.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанға дейінгі сергіту сәті:
«Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі. Сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, азан.
Құттықтау сөз кезегі:
Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Сидикова Хадича Рахматиллаевнаға беріледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Smart kids” интеллектуалды сайыс. Бастауыш сыныптарға

шағым қалдыра аласыз