400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

SMART ОҚЫТУ –БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Смарт – бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы – парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде – ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең көлемде жауап беру үшін білім беру жүйесіндегі бағыттардың дамуын қарастырған орынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

SMART ОҚЫТУ –БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ


Қазіргі таңда оқу үдерісін ақпараттық-коммуникациялық құралдарсыз елестету мүмкін емес. Мобильдік құрылғылар, интернет желілері өмір сүрудің де қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттыруда. Адам үйде отырып-ақ, белгілі бір кәсіппен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда цифрлық қоғам белсенді түрде қалыптасып, дамып, электронды оқыту, электронды денсаулық сақтау, электронды ғылым т.б. ұғымдармен сөздік қор толықты.

Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар – «Smart», «Smart education», «Smart learning» ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. «Smart education» немесе «Smart learning» ұғымдары көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолданылуда. «Smart education» ұғымының мағынасы қандай? Сөздің түбірі «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді.

Смарт – бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы – парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде – ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең көлемде жауап беру үшін білім беру жүйесіндегі бағыттардың дамуын қарастырған орынды. Бұл бағыттарды үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

Бірінші кезеңде, яғни «өткен шақта» оқушы үшін жалғыз білім көзі мұғалімнің өзі болып, мұғалімнің кеңесімен оқушы жаңа білімдерді әр түрлі оқулықтар көзінен ала алатын болды.

Екінші кезең, яғни «қазіргі кезде» білім тек мұғалімнен оқушыға беріліп қана қоймай, оқушыдан оқушыға да беріледі, ал бұл білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде білім беру технологияларын жетік меңгеріп, ұстаздар білімді аудиториядан тыс уақытта да ұсына алады. Ал «келешекте» оқушы үшін негізгі білім көзі интернет болады, технологиялар тұлғаға бағдарланады және жаңа білімді құруға бағытталады.

Осы орайда «Smart оқыту жүйесі қандай нәтиже немесе мүмкіндік тудырады?» деген сұрақ туындайды. Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың, өскелең ұрпақтың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке көшуге мүмкіндік береді.

Smart оқыту мақсатқа және үздік нәтижеге талпынуды болжайды. Мақсатты дұрыс қоя білу – бұл жетістіктің жартысы. Smart – мақсаты да осындай, әр әрпі, сөзі бір бағытты көрсетеді:

S – Self Directed (өзін-өзі оқытуға бағдарланған)

M – Motived – (белсенді танымдық іс-әрекетті негіздейді)

A – Adaptive – (білім беру субъектісіне бейімделген)

R – Resourse Free – (білім беру ресурстарына еркін қолжетімділігі бар)

T – Technology Embedded – (технологиялармен қамтамасыз етіледі)

Smart education – бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған білім беру ұйымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі, яғни, бұл контентті бірлесіп құру және оны пайдалану, бірлесіп оқыту деген мағынаны білдіреді.

Жаңа Smart-қоғамның моделі деген бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық, жайлы ортасын құру. Сонымен қатар Smart education немесе «ақылды оқыту» – бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту.

Smart education ұғымының мәні – білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты – білім беру үдерісін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту үдерісін тиімді ету. Мұндай тұрғыда педагогтың білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады.

Smart оқыту – білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстан да Smart оқытуға назарын аударды.

Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертуде.

SMART education-нің негізгі идеясы техникалық құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің барлық аспектісін жетілдіру болып табылады. Мұндай стратегия АҚШ, Корея, Жапон және Еуропа елдері үшін эталонға айналды.

Ал Корея елінде инновациялық білім беру технологиялары 1996 жылдан беру белсенді дамып келеді.

Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды.

Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін «smart learning» оқыту ортасын дамытып, тұлғаның интеллектісін дамытуда және оқытудың келешегінің бір бағыты инновацияда екенін түсіну керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
2508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі