Материалдар / SMART-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

SMART-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
• Бұл мақалада Smart технологияны сабақтарда қолданудың тиімді жолдары қарастырылған. Сонымен қатар Smart құрылғыларды шынайы өмірдегі жағдаяттарда қолдану мүмкіншілігі де сөз етіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
368
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

SMART-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

  • Бұл мақалада Smart технологияны сабақтарда қолданудың тиімді жолдары қарастырылған. Сонымен қатар Smart құрылғыларды шынайы өмірдегі жағдаяттарда қолдану мүмкіншілігі де сөз етіледі.

  • В статье рассматриваются эффективные пути использования Smart технологии на занятиях. А так же предлагаются возможности применения Smart технологии в реальной жизни.

  • This paper considers the effective ways of using smart-technology in lessons. Also it reviews the effectiveness of using the smart devices in real-life situations.

Қазіргі заманда білім беру саласында педагогикалық кадрларға жаңа талап қойылуда. Олардан жаңа технологияны жетік меңгерген, жаңаша ойлайтын, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани  және де басқа да көптеген адами келбеті қалыптасқан бәсекеге қабілетті педагог болу талап етілуде. Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар оқу үрдістеріне де қатысты болып, білім берудің классикалық принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін сапалы өзгерту мүмкіндіктерін туғызады.

Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Сондықтан да  білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген еңбегінде: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт»– деп ел қоғамы алдына үлкен міндет жүктеді. [1].

Бүгінгі таңда кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады. ХХІ ғасыр технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. [2].  Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Бірақ соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Қазір елордамызда  да Smart мектептер қалыптасып келеді.

Сонымен Smart дегеніміз не? Smart ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.

Smart білім беру тұжырымдамасы үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде жеткізілуі. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.  Smart education немесе ақылды білім беру бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ