С.Мұхамеджановтың шығармаларындағы сегіздік нотаны бисермен жасау әдістемесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Мұхамеджановтың шығармаларындағы сегіздік нотаны бисермен жасау әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сегіздік нотаның жасалу әдістемесін түсіндіру -Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып, сәндік бұйымдар жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстарды жобалауды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: С.Мұхамеджановтың шығармаларындағы сегіздік нотаны бисермен жасау әдістемесі

Сабақтың мақсат-міндеттері:

-Сегіздік нотаның жасалу әдістемесін түсіндіру

-Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып, сәндік бұйымдар жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстарды жобалауды үйрету

-Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыласын, сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі –иллюстративті, сарамандық

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта, слайд, дайын бұйымдар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 



1.Бисер сөзінің шығу тарихы?

2. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?

3.Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер ?

4.Құрамына және өңделуіне бисер қалай бөлінеді?

5.Бисерден қандай бұйымдар жасалынады?

6.Бисер мен стеклярустың айырмашылығы?

7.Бисермен кестелеу әдістері?


1.Ең алғашқы «Бисер» атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан».

2. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты.

3. Жапония, Тайвань, Чехия

4.Құрамына қарай: шыныдан және металлдан жасалған,өңделуіне қарай:тұтас боялған немесе күңгірт,құбылмалы түсті болып бөлінеді.

5.Моншақ,алқа,сырға,білезік,кулон,белдік,т.б.

6.Бисер-кішкентай ортасында тесігі бар түрлі түсті шариктер,ал стеклярус- қырлы немесе цилиндр пішінді шыны түтікше.

7.Жалғыз моншақты бекіту,сырып тігу,өсімдік сабағы тәрізді тігіс, «арка» тігісі, «вприкреп» тігісі, «монастырь» тігісі,торлау тігісі.

 

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағы нан емес, эстетикалық мәні жағы нан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. 
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқыза мыз.(слайд көрсету )Әр істің өз шебері болады: кестеші , тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы,зергер т. б. (слайд) Осы сәндік қолданбалы өнер ішіндегі зергерлік өнеріне тоқ талсақ.
 Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын-күміс әшекейлі бұйым дарды жасаумен әуестенуші лерді зергер деп атайды. Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салына тын ою-өрнек, түрлі нақыш тарды атаймыз. Қазақ шебер лері технологиялық тәсілдері нің жеңілдігі мен құралдары ның қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған.(слайд) Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.

1.Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар.

2.Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.

3.Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.

4.Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.

5.Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.

6.Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.

7.Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, ділда алқа, тұмар.

8.Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.

9.Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.

10.Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.

Осындай әшекей түрінің бірі түйреуіш.(слайд)

Түйреуіштің тарихы­на үңілер болсақ, ол – қола дәуірде аңның терісінен енді босап, эстетикалық жағынан киімнің жеңіл әрі сәл сәндірек түрлері жасала бас­тағанда ойлап табылған зат. Киімнің айқасқан жерін енді бұрынғыдай жіппен байлай салмай­, түйреуішпен түйреп қойып жүрген.Бұл заттың тарихы­мен қоса түрлері де өте көп. Венгр фибуласы әртүрлі, көбі­несе домалақ формада болып­ келсе, кельттердің әшекейлері жан-жануар түрінде, Рим мен гректерден бетінде беде­рі бар санқы­рлы формада болған. Ал Еуропаның кейінгі дәуірлерінде тіпті адам фигуркалары бар түйреуіштер де шығыпты. Дәл қазір де түрлі формадағы, алмаз тастарымен, ал­тын­нан немесе қара­пай­ым тастардан жасалған әше­ке­й түй­реуіштерді қолданады.Түйреуішті бисерден,моншақтан,стеклярус және декордың кейбір элементтері әшекейлік тастардан жасайды.Бүгін біз осы әшекей тастарды,бисерлерді қолдана отырып,түйреуіш түрін жасаймыз.

 

 

ІІІ. Сарамандық бөлім

 Қажетті құралдар: фетр, ыстық желім, әшекейлік тас, түрлі- түрлі бисерлер, түйреуіш, ине,жіп, қайшы.


Жұмыстың орындалу реті: (Слайд көрсету)

  1. Фетрға нота үлгісін түсіру.

  2. Матаға әшекейлік тасты желімдеу

3.        Әшекейлік тастың жиегін бисермен 1 қатар айналдыра көмкеру

4.        Басқа түсті бисермен алдыңғы қатардың үстінен айналдыра тігу

5.        Тағы басқа түсті бисермен 2-ші қатардың үстінен айналдыра тігу

6.        Картон қағазды сәнді түйреуіштің диаметріне сәйкестеп белгілеп, қиып алу

7.         Түйрегішті жапсыру

8.        Екінші матаға сол диаметрде қиып алып,оң бетін сыртқа қарата желімдеу

9.     Енді жиектерін әсемдеп, көмкеру

10.     Жұмысты аяқтау.

 

V. Жаңа білімді бекіту

Сәндік қолданбалы өнер дегенді қалай түсінесіңдер?

Сәндік қолданбалы өнерге нелер жатады?

Зергерлік сөзіне анықтама беріңіз.

Әшекейлер дегеніміз не?

Әшекей тағылатын түрлеріне қарай қалай жіктеледі?

Түйреуіш қай дәуірде пайда болды?

Түйреуіш жасарда қандай бұйымдар пайдаланады?

 

 

ҮІ. Үйге тапсырма

Әшекей бұйымдар:шекелік, сырғалық, айшық, жақ моншақ, шырмауық, шашқап, мөр, балдақ терминдерін зерттеу.

Жеңіс күніне орай бисермен кестелеу жұмысына эскиз таңдау.

 

VІІ.Бағалау

Сабақта белсенділік көрсетіп,жұмыстарына қарай бағалаймын.















С. Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебі

















Сабақтың тақырыбы: С.Мұхамеджановтың шығармаларындағы сегіздік нотаны бисермен жасау әдістемесі








Қолданбалы композиция

пәнінің педагогы: Смаилова С.С

















2023-2024 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі