400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасым


Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі – «Сұлушаш» поэмасы. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды.

Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алғанымен, ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырады. Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат болашағына тән азаттықа ұмтылу идеясын көрсетеді. Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Поэмадағы оқиға бірін-бірі сүйген екі ғашық – Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына құрылған. Поэмадағы кейіпкерлер Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсы наразылық ерте оянады. Ол Сұлушашқа ғашық болады. Қыз да өнерлі жігітті ұнатады. Бірақ қоғамдық салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені, бірі - байдың қызы, бірі – құл мен күңнің баласы. Осыны білген Сұлушаш Алтаймен жасырын кездесіп:

  • Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді,

Құда түсіп айттырды бір жер дүмді,

Атастырған адамның теңі емеспін,

Сұрастырып ғашығың жаңа білді,-дейді. Бұл жерде Сұлушаш қазақ қоғамындағы қыздардың бостандығының байлаулы екендігін, кез келген малы бар байсымақтар қалағанының басына ноқта іліп, сүйреп кете беретінін, дәрменсіз күйде қалғанын ғашығына осылай жеткізеді. Мұңын шағады. Өліспей беріспейтінін және атастырылған адамды өзіне тең санамайтынын айтады. Бұл сүйген екі жастың кінәсі емес. Қоғамның қатыгездігі. Бұл тек Сұлушаштың ғана басына ілінген ноқта емес, сол кездегі қазақ әйелдерінің басындағы мәселе. Әлеуметтік мәселе.

Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық ол неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кезде, ашыққанда, тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтай мен Сұлушашты оңайлықпен ұстай алмасын білген қуғыншылар таудың етегіндегі қалың орманға өрт қояды. Сондай бір сәтте өрттен қашқан жолбарыспен бетпе-келген Сұлушаш жар басынан өзенге секіріп суға кетеді. Сүйген жарының өлімін көрген Алтай өз жүрегіне өзі қанжар салып көз жұмады.

Ел аузындағы аңыз желісіне құрылған поэма оқиғасы осындай. Адам баласының бас еркіндігін аңсаған жастар трагедиясы аянышты.

С. Мұқанов – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен қалған біртуар тұлға болса, «Сұлушаш» поэмасы – көркемдік мұратымен бағаланған бірегей туынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1787
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі