Біз
Отбасымызбен біргеміз
Мақсаты:
Оқушыларға “Отбасы құндылықтары”
ұғымы туралы түсінік беру. Әке, шеше, ата, тегі туралы
ұғымдарын кеңейту.Оқушылардың ойлау дағдысын
қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, қызығушылығын
арттыру, шығармашылық әрекетін
дамыту.Сыйластыққа,мейірімділікке,
татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Отбасы
құндылықтарын насихаттау.
Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты нығайту. Бала өміріне үнемі қолдау жасап, тәрбиелей
отырып , келешекте өз жемісін күту;
Әдіс – тәсілдері:
Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тірек-сызба,
топтастыру стратегиясы, танымдық
ойындар.
Қажетті құралдар :
отбасы
мүшелерінің суреттері, интерактивті тақта, қима суреттер(бұлт, күн,
ай, жұлдыздар, ағаш)
Көрнекіліктер: қанатты
сөздер, мақал-мәтелдер:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаңырақ» оқушылар топқа бөліну.
Тұсаукесер: Жұмбақ
шешу: Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (шешуі:
ата,ана,апа,аға,іні)
Жұмбақтың шешуі болған сөздер
төңірегінде әңгімелесу:
Бұлар кімдер? Бірге өмір сүрсе
басқаша не дейміз?
-Отбасы. Олай болса бүгінгі
тәрбие сағатымыз отбасы туралы болмақ.
Кіріспе: Отбасы –әр адамның шағын
Отаны. Бала отбасында өсіп-өніп, тәрбие алады.Адамдар жастайынан
өзгелерге қамқор болуды, ата –ананы, үлкендерді сыйлауды, жақсы
көруді отбасынан үйренеді. Бізге ең жақын, ең қымбат жандар
отбасында, яғни, бірге жанымызда болады. Бүгінгі сабағымызға
балалардың ең жақындары –ата –аналары келіп отыр. Баланың жақсы
білім алуына ұстазы ғана емес, ата –анасы үлкен рөл
атқарады.
ІІ. Шығармашылық
тапсырма: Әр оқушы «Отбасы ағашы» немесе
«Отбасы альбомымен» таныстыру.
ІІІ.Топтағы
жұмыс.
1-топ: Отбасын сипаттайтын
сөзді таңдап, артығын алып таста.Себебін
түсіндір.(сүйіспеншілікке
үйретеді,қамқорлық, үлкендерді сыйлау,жалғыздық, бақыт,
жауапкершілік, жамандық)
2-топ: «Мақалды
жалғастыр»
Қонақ болған жақсы, ал өз
үйіңде одан да жақсы.
Өз үйім өлең
төсегім
Жеті атасын білген ұл, Жеті
жұрттың қамын жер
Отан – отбасынан
басталады
3-топ: Отбасы мүшелері.
Топта.Жақын және алыс туысқандарды
атау.
Ана, ата, әке, аға, әже,
қарындас, тәте, ағай, нағашы, жиен.
4-топ: «Анықтамасын
таңда» Анамның інісі- нағашы ағам,
әкемнің қарындасы- тәтем, ағамның ұлы- інім, әкемнің әкесі-
атам,анамның анасы- нағашы апа.
ІV. «Отбасы шежіресі»
туралы жұмбақ шешу.
1.Айтары мол
ғұлама,
Көп жасасын бұл
адам,
Әкесі ол
әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол
кім? (
атам.)
2.Атаңның
баласы,
Кей кезде
таласып.
Қаласың
әжеге
Білгенің асады кәдеге. Ол
кім? (әкем)
3.Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті – ақ дейді немере, Бал
шырындай үнің деп. Ол кім? (Әжем)
4.
Әлпештеп өзіңдей
өсірген,Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,Бұл
күнде жиеннің анасы. Ол кім? (Анам)
«Неге
теңеймін» Балаларға күннің, айдың,
бұлттың, жұлдыздың, гүлдің суреттері таратылып беріледі.
Дәлелдеу.
V.Ой толғау .
«Сүйіспеншілік»
VІ.«Блиц-
сұхбат»
Мен өз отбасыма
..............................................үшін рахмет айтқым
келеді.
Мен......................................................................................қаламас
едім.
Менің
отбасымда............................................................
жол берілмейді.
Менің ең үлкен
тілегім-...................................................................................
Әсіресе....
...................................................................менің
ашуымды келтіреді.
«Қызықты
сұрақтар»
Ата –аналарға балалары туралы
сұрақ қойып, баласының алдын-ала жазылған жауаптарымен сәйкестігін
анықтау.
1 –сұрақ: Балаңыздың сыныптағы
досын білесіз бе?
2 –сұрақ: Балаңыз қай пәнді
ұнатады?
3 –сұрақ: Балаңыз үйде қандай
шаруға көмектеседі?
4 –сұрақ: Үй жұмысы қиын болса
кімнен көмек сұрайды?
5 –сұрақ: Балаңыз қандай түсті
жақсы көреді?
6 –сұрақ: Үйде көбіне кімге
еркелейді?
7 –сұрақ: Туған күнінде ең
бірінші кім құттықтады?
8 –сұрақ: Үйде таңертең ең
бірінші кім тұрады?
VІІ. «Бала тілі-
бал» Кім жылдам? Сұрақ -жауап
1.Балдан тәтті не? (бала)
2.Шаңырақ иесі кім? (кенже
ұл)
3.Әкеден балаға беріледі
(мұра)
4.Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
5.Отбасы адамдары бір-біріне кім
болады?(туыс)
6.Отбасының ұйтқысы кім? (
Ана)
7. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
8.Өзіңнен кіші ұл кім болады? іні
9.Бір рудан немесе бір атадан
тараған туыс. Әулет
10.Отбасы мүшелеріне не
керек?(татулық)
11.Қыз
бала өзінен кейінгі қызды қалай атайды?(сіңлі)
12.Әкемнің шешесі?(әже)
13.Атаңа кім боласың?(немере)
14.Алтыншы ата?(шөпшек)
15.Барлығы жиналатын орын.
(үй)
16.Бәріміздің ортақ
үйіміз?(отан)
Мұғалім: Екі нәрсе қадірлі тірі
адамға,
Сол екеуі мәңгілік дос дер
едім.
-Не дейсіз ғой,
айтайын:
-Бірі-Ата-Анаң
да,
Бірі-Отаның туған жер, өскен
елің!
Осы екеуі-бақытың, үміт
таңың
Осы екеуге тағзым ет, басыңды
иіп.
1.Жанерке: Отбасым - менің
жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім
2.
Жанел: Отан дейміз кең байтақ
астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас
қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де
жоқ,
Ол
бірақ өз үйіңнен басталады
Ата-аналарға арналған
тренинг «Ананың сүйіспеншілігі»
ҮІІІ. Қорытынды. «Тілек шамы».
Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені.
Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің
үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін мына бір «Тілек шамын» бір —
бірімізге жақсы тілек айта отырып ұсынайық.
Күтілетін нәтиже: Әр
адам:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері
керек.
Қазақ отбасы тәрбиесінің
өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте
жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты
жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық
тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша
адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік
пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік
болады.
”Түп қазығың - Отаның, ар -
намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең,
ақылшың – анаң” деген сөздер бекер айтылмаса
керек!
Нұрсұлтан, Жанэль
тақпағы.
Әділқайыр әні. Жаннұр
әні.