400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын үйрену

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


САБАҚ Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту

Мектеп: Тереңкөл ОЖББ мектебі

Күні: 04.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні : Габдулов Дархан Абайұлы.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар: 7

Қатыспағандар:0

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ :

Снарядтарда гимнастикалық жаттығулардың техникасын үйрету

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.1.5.5 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау.









Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:

Снарядтардағы гимнастикалық жаттығулардың тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын түсінеді және сипаттайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Снарядтарда гимнастикалық жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын жасай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Снаряттарда гимнастикалық жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын түсінеді, сипаттайды,көрсетіп айтады.



Жетістік критерийлер

Төсеніште, арқанда, кіші ағаш атта снарядтардағы гимнастикалық жаттығулардың тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын түсінеді , біледі және сипаттайды.




Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

«Арқан» - «канат»- «rope».

«спорттық ағаш ат» - «спортивный козел» - «sport horse»

«сырық» - «брусья» - «squared deams»

Пән аралық байланыс:

Қазақ тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі

Алдыңғы оқу:

5.1.2.2 Қимыл- қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Дескрипторлар

Білім алушы:

- Гимнастика жаттығуларын орындағанда тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын көрсете алады;

- Аяғын бүкпейді және бақай ұштарын созады;

- Жаттығу тактикасын, құрылымын дұрыс қадағалайды;

-Денсаулық пен жақсы көңіл күй туралы түсінігін айта алады.



Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


  • Сапқа тұрғызу

  • Оқушылармен амандасу

  • Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік критерилерімен таныстырамын.

  • Саптық жаттығулар

  • Жүру жаттығулары

  • Жүгіру жаттығулары

  • Жалпы дамыту жаттығулары.

Жаттығуларды санау үш тілде жүргізіледі

Оқушыларды мақал-мәтел арқылы әр топқа бөлемін. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Жүйрік болсаң шауып көр», «Жарлының байлығы- денінің саулығы» «Тәні саудың жаны сау», деген мақалдарды сөздердін тауып,құрастырып,бөлінеді.

1.Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық.


Ортасы


1 – топ. Кейін қарай домалай жаурынға тұрудың техникасының тактикасына ұиретемін.



1. Жүреден жартылай отырып,қолымызбен тіземізді құшақтап артқа домалау арқылы, аяқты түзеу ұстап, жауырынмен тұру.

2.Бір тізерлеп тұра және аяқтарын шпагат жасай соза отырып , артқа қарай баспен төнкерілу.

2-топ: Кіші ағаш аттан тіреле секіру техникасының стратегиясын түсіндіремін.

  1. Екпінмен жүгіру

  2. Серіппеге қос аяқпен түсіп, серпілу

  3. Қолмен ағаш аттан ұстап, екі аяқты ашып ауада ұшу

  4. Қолды жіберіп, жерге қос аяқпен түсу

3– топ: Арқанға шығу.

1 тәсіл. Бүгілген, алға қараған аяқпен қапсыра қысып, асылып тұру.

2 тәсіл. Аяқпен қапсыра қысуды орындау, оны жазу және қолды бүгу, бүгілген қолмен асылып, аяқпен қапсыра қысқан қалыпқа келу.

3 тәсіл. Түзеу аяқпен қапсыра қысып,

кезекпен қолды жоғарыда ұстау.

Белгілі уақыттан кейін оқушылар бірімен саймандарда орын ауыстырады.

Қабілеті төмен оқушыларға жеңіл жаттығулар беріліп, жасай алмаған жағдайда ауызша түсіндіреді.

Гимнастикалық төсеніш, әр түрлі биіктіктегі сырық,арқан,кіші ағаш ат.















































Соңы


Тыныс алу жаттығулары.

Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалай алады. Оқушылармен сабақтың рефлексиясын өткіземін. Сабақ топ бойынша бағаланады.

«Бас бармақ» тәсілі.

Дифференциалды оқыту – Қабілеті төмен оқушылар гимнастикалық жаттығуларды снарядта орындалу ретін біледі.

Қабілеті орташа оқушылар гимнастикалық берілген жаттығуларды снарядта орындап сипаттайды.

-Қабілеті жоғары оқушылар гимнастикалық берілген снарядтарда жаттығуларды біледі,сипаттай алады ,дұрыс орындайды.

Бағалау




Гимнастика сабағына арналған қауіпсіздік ережелері сақталуын қадағалаймын.

Сабақ бойынша рефлексия:

Оқу міндеттрі мен сабақ мақсаттары оқушыларға қолжетімді болдыма?

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

- нені білдім, нені үйрендім ?

- нені толық орындай алмаймын?

-қандай дескрипторды орындай алмадым ?

Өзіме қойылатын сұрақтар:

-уақытты қалай пайдаландым ?

-сабақтың тығыздылығы қандай болды?


Қорытынды:

Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1

2

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену.)

1

2

Сыныппен жеке тұлғалар туралы не білдім және келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?

1

2





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі