Soft skills не үшін маңызды және оны қалай арттырамыз?
Қазіргі таңда машықтың бұл түрлері кез келген салаға қажет
Қай саланың өкілі болсаңыз да, бүгінде soft skills маңызды. Өте сәнді әрі заманауи естілетін бұл терминнің мағынасы қандай? Неліктен ол барлық саладағы адамдар үшін қажет? Оны дамыту үшін не істеу керек? Осы туралы бүгінгі материалымызда айтамыз.
Икемді машық яки soft skills
Алдымен, «софт скилз» сөзінен бастайық. Ағылшын
тілінен аударғанда икемді машық түрлері дегенді білдіреді. Бұл
машық белгілі бір саладағы адамдарға тән деуге келмейді. Себебі
жоғарыда атап өткеніміздей, soft skills барлық жерге керек. Мұндай
икемді машыққа ие адамдар жұмысын жақсы орындайды, мансабында да
биікке өрмелеуі оңай. Жалпы болашақта еңбек нарығындағы
тенденцияларды «софт скилз» және сыни ойлау қабілеті анықтайды
деген пікір бар.
«Жалғыздың шаңы шықпас» демекші, қазіргі таңда барлық жұмыс жұмыла
істегенде ғана бітеді. Сондықтан команда яки ұжым маңызды. Ал
топпен бірге жүрген адамға өзгелермен дұрыс сөйлесу, байланыс
орнату сынды машық керек-ақ. Егер сатумен айналысса, клиентпен
тілдесе білуі керек. Одан бөлек, әріптестерімен пікір алмасу,
өзінің ойын бүкпесіз жеткізе білу, басқаларға оны дәлелдеу де оңай
емес. Ал бүгінгі айтып отырған soft skills-де адам бойындағы
жан-жақты, епті, икемді машық түрлері
шоғырланған.
Оның қандай түрлері бар?
Негізі бұл сөз неологизм болып көрінгенімен, қай кезде болсын өзекті болған. Тек уақыт өте келе технология қарыштап дамып, қажеттілік тіпті артқан. Соған сай қазір ақпараттың көп болғаны сонша, соның ағынына ілесе алатын, айтқанды дереу қағып алатын, жаңа білімді бойына тез сіңіретін қызметкерлер керек. Демек, soft skills деген тың дүниеге жылдам ілесу, соған сай шешім қабылдау білуді талап етеді. Оның түрлері де көп. Соның ішінде ең өзектілеріне тоқталып көрелік.
• Коммуникатив
машықтар. Аты айтып тұрғандай, өзгелермен
қарым-қатынас құра білу, командада жұмыс істеу, өз позициясын
дәлелдей білу, көшбасшылық және эмоционал интеллектіні осы топқа
жатқызуға болады.
• Өзін дұрыс басқара білу
қабілеті.
Яғни жұмыс күнін дұрыс жоспарлау, уақытын тиімді пайдалану.
• Креатив машықтар. Бұл қабілет те қазір барлық салада керек.
Бұрын креатив көбіне шығармашылық мамандық иелеріне керек болса,
қазір бүкіл жерде сұраныста. Соның ішінде бизнес басқаратындар мен
жалпы басшылық қызметтегілерге қажет-ақ. Осы қабілет жұмыстың алға
жылжуына басты жетекші күш болады. Өзгеше ойлай білуге машықтанған
адам шешімді тез табады.
• Ақпаратты фильтрлей білу, онымен дұрыс жұмыс
істей білу қабілеті. Қазір ақпарат ағыны өте қатты. Сондықтан
оны қалай дұрыс іздеу керек, қалай сараптау керек, шешім шығарарда
нені ескеру керек — бәрін үйренбесе болмайды. Бұл қатарға
компьютерлік сауатты да қосып қойса артық емес. Себебі қазіргі
жұмыстың басым бөлігі гаджеттер атқарылады.
• Күйзеліске төзімді
болу. Айтқандай, қазір жұмыс та, ақпарат та көп
заман. Соған сәйкес, күнделікті өмірде стресс алатын жағдай аз
емес. Сол себепті бүгінгінің қызметкеріне күйзеліске төзімді болу
қажет. Олай болмаса, жұмысты жемісті атқару мүмкін емес десе
болады.
Сізге нақты қандай «софт скилз» керегін анықтау жолдары
-
Сіз жұмыс істейтін жерде қандай қабілеттің болуы маңызды? Кәсіби салада міндеттелетін қабілеттер қандай?
-
Сіз жүрген сала қаншалықты өзгеріп тұрады?
-
Жұмысыңыздың қандай артықшылығы бар? Компанияда қызметтесіз бе, жоқ әлде фрилансерсіз бе? Тапсырыс берушілермен жұмыс істейсіз бе, әлде құжаттарға жауаптысыз ба?
-
Сіздің мақсатыңыз қандай? Сізге карьера маңызды ма? Егер маңызды болса, не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді?
-
Өзіңізді тануға тырысыңыз. Жұмыстың қандай түрін істеуге қиналасыз? Бәлкім, ұжымдастармен қарым-қатынас құру оңай емес болар? Әлде жұмыста отырғанда уақытыңызды көбіне бекер жұмсайсыз ба? Өзіңізбен өзіңіз ашық «үндесіңіз».
Икемді машықты қалай дамытуға болады?
Бұл кәсіби машыққа қарағанда сәл қиындау. Себебі әр адамның болмысы бар. Сол болмысындағы қандай да бір тұстарды ұжымға, жұмысқа, қоғамға қарай икемдеу оңай шаруа емес. Сондықтан «софт скилздің» сіздің табиғатыңызда болмаған түрін дамыту үшін едәуір жұмыс пен уақыт қажет екені анық. Айталық, дизайнерсіз. Сізге кәсіби машықты дамыту үшін белгілі бір редакторлық бағдарламаны үйрену керек болса, оны сіз бір күнде не бір аптада үйреніп алуыңыз әбден мүмкін. Ал енді көпшілікпен байланыс орнатуға ұялатын, бәлкім тез ашуланатын дизайнер болсаңыз, онда икемді машықты дамытуға алдыңғыдай бір апта жеткілік болмайды. Өйткені көп қасиет бойға сіңген. Оны жақсы жаққа өзгерту үшін біршама күш салуыңыз тиіс.
Егер «софт скилзді» дамытқыңыз келсе, оның бірнеше тәсілі бар. Ең біріншісі — арнайы курстар мен тренингтерге қатысу. Бүгінде уақытты бекер шығындамау үшін көпшілігі дайын курстарға құмар болатыны бар. Өйткені қалай дамытам деп өзіңіз бас қатырмайсыз. Сізге оның жолдары қадам-қадаммен әзірленіп қойған. Дегенмен курстың түрі көп екенін ескерсек. Оның ішінде жақсысын, сапалысын, құр сөз емесін табу да оңай емес. Қатысқан адамдардың пікірін шолып шығыңыз, ұйымдастырушының өзі қаншалықты мықты — мән беріңіз. Егер өзі айтып алып, орындамаса, онда күмәнді. Болмаса, бір жерден оқып алып, еш сіңірместен келесі адамға сол ақпаратты жеткізіп жүрген адам болуы мүмкін. Соныдықтан таңдауға бей-жай қарамаған дұрыс.
Егер курстарға қатысқыңыз келмесе, осы тақырыпта жазылған кітаптарды сатып алыңыз. Олардың да саны өте көп. Өйткені бұл бүгінде өте өзекті тақырыпқа айналып отыр. Үшінші тәсіл ретінде өзгелердің сізге деген қарым-қатынасына қарап, өзіңіз ұштайтын әдісті ұсынуға болады. Яғни ұжымдастарыңыз, достарыңыз, туыстарыңыз — бәрінің сіз жайлы ойын қорытып, бір шешімге келіңіз. Бұл оңай емес. Себебі анализ жасап, өзіңізді қабылдануы қиын шешімдерге баруға мәжбүрлейсіз.
Сондай-ақ, егер расында икемді, заманауи адам болғыңыз келсе, осы тәсілдің бәрін бір кезде қолдана аласыз. Бір курс сатып алып, ол тақырыпқа тереңірек ену үшін кітаптар парақтап, жақындарыңыздан кері байланыс алып та жұмыс істеуіңізге болады. Ең жақсы әдіс те — осы. Сбебі мұнда ақпарат сізге бір жерден ғана түсіп тұрмайды. Ал жан-жақтан келіп жатқан көп нәрсенің ішінде әйтеуір біреуі көңіліңізге қонымды болары хақ. Бастысы, бұл жерде бәрі бірінші кезекте өзіңізге тікелей байланысты екенін біліңіз. Егер ішкі тәртіп, алынған тәжірибені бағалау сынды қабілеттер болмаса, энергия шығыны босқа кетіп жатыр деген сөз.
Қандай кітаптар оқуға болады?
Өнімді жұмыс істегіңіз келсе:
• Д. Канеман. «Думай медленно, решай
быстро». Дұрыс шешім қабылдау үшін нені ескеру
керек, неге біз қателіктерге жол береміз, ондайда не істеу керек,
қалай түзетеміз? Осы туралы жақсы айтылады.
• М.
Дорофеев. «Джедайские техники: Как воспитать свою
обезьяну, опустошить инбокс и сберечь
мыслетопливо».
Өнімділікті арттырудың заманауи тәсілдері туралы
жазылған.
• Д. Аллен. «Как привести дела в порядок.
Искусство продуктивности без стресса». Бұл кітап өте танымал. Оқысаңыз, қандай
іске басымдық беру керек, мақсаттарды қалай шегелеу керек, бастаған
істі соңына жеткізу жолдары, сөйте тұра бәріне үлгеріп, демалысқа
да уақыт табу жолдары баяндалады.
Креативті ойлау, шығармашылық әлеуетті артыруға арналған кітаптар:
• М. Микалко. «Рисовый штурм и ещё 21 способ мыслить
нестандартно». Кітапта шығармашылық қабілеттерді арттыру тәсілдері,
өзгеше ойлауға көмектесетін нақты техникалар бар. Сонымен бірге
автордың «Взлом креатива. Как увидеть то, чего не видят другие»
деген кітабы да бар. Оны да оқып шыққан артық
болмайды.
• М.
Атавар. «Креативность. Используй нестандартные
решения каждый день». Кітапта креативті қабілетті арттыруға
арналған 20 практикалық жаттығулар сипатталады.
Стресске төзімділікті дамытуға арналған кітаптар:
• Д.
Карнеги. «Как перестать беспокоиться и начать жить». Бұл
автор өте белгілі. Кітаптары да бестселлерге айналған.
• М. Мэнсон.
«Тонкое искусство Пофигизма.
Парадоксальный способ быть счастливым». Басымдық беру, күш-қуатты
бекерге шығындамау үшін не істеу керегін үйретеді.
Коммуникатив машықтар туралы кітаптар:
• Д.
Карнеги. «Как завоёвывать друзей и оказывать влияние на
людей».
• Н.
Региер. «Конфликт — это подарок. Как направить энергию
разногласий в мирное русло».
• Г.
Кеннеди. «Договориться можно обо всём! Как добиваться
максимума в любых переговорах».
Құзыреттілік ұғымының педагогикадағы мағынасы
Н.Ə.Назарбаев «Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дəрісінде:
«Қазақстанды əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын жəне алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде: «... терең білім мен кəсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,деп көрсетілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану секілді мəселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бəсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тəсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нəтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілік көрсетілген. «Құзырлық» сөзі туралы Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) — жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық — өз ісін жетік білу, танымы мол, тəжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сəйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын жəне тиімді əрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Тұлға құзырлылығының құрылымын анықтауда өте көптеген тəсілдер бар.
Қоғамда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа интеграциялануға ұмтылысы еліміздің білім беру жүйесіне өзіндік əсерін тигізуде. Бұл жерде бірінші кезекте оның алдына қойылатын мақсаттың өзгеруі, соның салдары ретінде білім беру мазмұнын жəне сапасын өлшеу құралдарын жаңарту мəселелері шығады. Қазіргі уақытта іс- əрекет субъектісі ретінде мұғалімге, оның тұлғалық-кəсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар өзгерді. Бұл талаптарға жауап беретін педагог даярлау, ең алдымен, оның құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты болады. Бұл мақалада осы құзыреттілік мəселесінің педагогикалық əдебиеттерде қарастырылуы сөз болады.
Ең алдымен, «құзыреттілік» терминінің мəнін филологиялық тұрғыда ашып алайық. Ол үшін құзыр (компетенция) жəне құзыреттілік (компетенттілік) ұғымдарына жекелеп тоқталу қажет. Өйткені педагогикалық-психологиялық əдебиеттерде бұл ұғымдар бірде бір мағынада, негізінен көбіне түрлі категорияларды белгілеу үшін қарастырылады.
«Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деген анықтама берілсе [1], С.И.Ожегов сөздігінде «құзыреттілік — белгілі бір мəселені жан-жақты білу» екендігі айтылады [2].
«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға — қызметтік өкілеттікке ие» деген анықтама берген [3]. Ал жалпы педагогикалық əдебиеттерде «құзыреттілік» аясында білім алушылардың мына негізде əрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті түсіндіріледі, яғни нəтижесі:
-
білімдер болып табылатын танымдық іс-əрекет тəжірибесі;
-
іскерліктер түрінде болатын іс-əрекет тəсілдерін іске асыру тəжірибесі;
-
проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып табылатын шығармашылық іс- əрекет тəжірибесі.
Сонымен қатар педагогикалық-психологиялық əдебиеттерді талдау құзыреттіліктің түрлі мағыналық деңгейде қолданылатынын көрсетті. Олардың бірқатарын атап көрсетсек: субъектінің қоғамдық-практикалық тəжірибесінің қалыптасқандығы деңгейі (Ю.Н.Емельянов); қызметтік талаптарды іске асырудың адекваттылығы (Л.И.Анциферова); белсенділіктің арнайы жəне дара формаларын меңгергендігі деңгейі (Л.П.Урванцев, Н.В.Яковлев). Құзыреттілікке берілген анықтамалардың əр түрлілігі жəне көптігі, біздің ойымызша, оның кең мағыналылығынан жəне əр салада мамандар даярлау ерекшеліктерінен, сол сияқты оны зерттеуге ғалымдардың түрлі теориялық тұрғыдан келуінен шығады. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең сипаттаған анықтаманы Н.Ф.Талызина, Р.Х.Шакуров, А.И.Щербаковтар берді. Олардың айтуынша, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы — маманда кəсіби іс-əрекетті атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тəжірибенің бірыңғай кешенінің қалыптасқандығы деңгейі болып табылады.
Педагогикалық əдебиеттерде құзыреттіліктің төмендегідей түрлері көрсетіледі:
-
түрлі ақпарат көздерінен білімдер алу тəсілдерін меңгеруге негізделген өзіндік танымдық іс- əрекет саласындағы құзыреттілік;
-
азаматтық-қоғамдық іс-əрекет саласындағы құзыреттілік (азамат, сайлаушы, тұтынушы ролін орындау);
-
əлеуметтік-еңбек іс-əрекеті саласындағы құзыреттілік (өзінің кəсіби мүмкіндіктерін бағалай алу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары т.б.);
-
тұрмыстық саладағы құзыреттілік;
-
мəдени-демалыс саласындағы құзыреттілік (бос уақытты тұлғалық сұраныстарға жауап беретін талаптарға сай ұйымдастыра алу).
Білім беру мазмұнында түсініктердің, іс-əрекет тəсілдерінің жəне жеке позицияның көрініс табуы тəжірибесінің кіріктірілуі білім алушының өзіндік іс-əрекет тəжірибесін оқытушымен бірлескен шығармашылық іс-əрекетте жүргізіледі. Бұл жерде құзыреттілік оқыту нəтижесі бола отырып, одан тікелей шықпайды, керісінше, индивидтің өзіндік дамуының, тұлғалық жəне іс- əрекеттік тəжірибені қорытудың салдары болып табылады [4].
Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың санын арттыру шарт емес. Бұл жерде тек берілетін білім көлемін ұлғайту арқылы жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету керек. Егер біз сапаға сан арқылы қол жеткізу жолымен жүретін болсақ, онда тиісінше қалыптастырылатын құзыреттіліктердің саны да шекіз болып шыға келеді. Бұл өз кезегінде оларды шын мəнінде қалыптастыруды қиындатып, білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мəнін жояды. Сондықтан негізгі немесе басым құзыреттіліктерді іздеу барысында кілттік (базалық) құзыреттіліктер түсінігін қолданылады. Кілттік (базалық) құзыреттіліктер дегеніміз — неғұрлым спецификалық құзырлар қалыптастыруға негіз болатын кең спектрлі əмбебап құзыреттіліктер.
Э.Ф.Зеер кілттік құзыреттіліктердің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
-
Олар көпфункционалды (құзыреттіліктерді меңгеру күнделікті, кəсіби жəне əлеуметтік салаларда проблемалық жағдаяттарды шешуге мүмкіндік берген жағдайда олар кілттік болып табылады).
-
Кілттік құзыреттіліктер пəнді меңгеруден тыс жəне пəнаралық болып табылады.
-
Кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыру интеллектуалды дамудың белгілі бір деңгейіне сүйенеді (абстрактілі, сыни ойлау, саморефлексия жəне т.б.).
-
Кілттік құзыреттіліктер көпжақты, яғни олар өзінің құрамында түрлі тұлғалық қасиеттерді, интеллектуалдық қабілеттерді, коммуникативті іскерліктерді қамтиды [5].
Маңызды заңнамалық құжаттарды талдау кəсіптік білім беру ұйымы түлегінің келесі кілттік құзыреттіліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
-
белсенді өмірлік жəне кəсіби ұстанымның болуы;
-
өзінің жəне қоғамның жақсы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ете алуы, өзіндік ұйымдастыруға (синергетика) жауапкершілігі;
-
əлеуметтік жəне кəсіби өзіндік анықталуға жəне өзін өзі іске асыруға бағдарлану;
-
экономика жəне əлеуметтік қатынастар саласындағы негізгі əлеуметтік дағдылар мен практикалық іскерліктерді игеру;
-
жаһанданған дүниеге, ашық ақпараттық қоғамға ене алуы;
-
толеранттылық (басқаның пікіріне төзе білу), диалог жүргізе алу іскерлігі, мазмұндық компромистерді іздей жəне таба алу іскерлігі;
-
заманауи жалпымəдени деңгейге жету;
-
құқықтық мəдениет: мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алу іскерлігі мен негізгі құқықтық нормаларды білуі.
Қазіргі кезде қалыптасып отырған əлеуметтік-кəсіби жағдайда бірінші кезекке маманның білімділігі емес, оның алынған білімдерді нақты практикалық іс-əрекетте іске асыра алу қабілеті шығады. Бұл жерде тағы да «құзыреттілік» жəне «құзыр» терминдерінің ара-жігін ашып алу қажеттігі көрінеді.
Бұл түсініктердің арасындағы ерекшеліктерді көрсете отырып, бірқатар авторлар құзыреттіліктердің білім беру нəтижесі ретінде көрінетінін, ал құзырдың осы құзыреттіліктің əрекеттегі түрі екендігін көрсетеді (М.К.Кабардов, Е.В.Арцишевская). Бұл жерде кəсіби іс-əрекетті меңгеру процесін психологиялық тұрғыда талдау үшін игеру (білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды) жəне қолдану (іс-əрекетті атқаруға қатысты) сияқты бағалау параметрлері қолданылады.
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кəсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кəсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Əлеуметтік құзыреттілік — кəсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру — кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-əрекетте үнемі кəсіби шеберлікті арттыру қажет жəне аталған сатылар əрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, əлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі əлеуметтік ортаға тəуелді болып келеді, сондықтан орта кəсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет.
Білім беру нəтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі — бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын жəне білім беру стандарты формасында тіркелетін нəтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, əлеуметтік мəдени тəжірибенің идеалды формада сақталатынына əлбетте қол жететін көрінісі екені мəлім.
Екінші тұрғыдан, білім берудің нəтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тəжірибесі оған кез келген жағдайда адекватты əрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нəтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы жəне кəсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кəсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең жəне жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бəсекеге қабілеттілік жəне өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады.
Педагог іс-əрекеті білім саласында кəсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-əрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық — іс-əрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-əрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-əрекет бағдарламасын құру үшін қандай əрекеттер жəне қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нəтижесінде əрекет бағдарламасы педагог іс-əрекетінің моделі пайда болады. Іс-əрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кəсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-əрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.
Кəсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, əлеуметтік тұрғыдан жетілген, əдіс- тəсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кəсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, педагог мамандығы зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-əрекеті көбінде оның кəсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-əрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада — педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды жəне оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Кəсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кəсіби білімін (теориялық жəне тəжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кəсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кəсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.
Кəсіби оқыту педагогының кəсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық жəне инженерлік интегралмен анықталады.
Оқушылардың кəсіби дайындығының мақсаты — ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға жəне кəсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кəсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мəні, мағынасы жəне құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
«Кілттік құзырлар» термині алғаш рет 1992 жылы «Еуропадағы орта білім беру» деп аталатын Еуропалық кеңестің жобасында қолданылды, бұл дүниежүзілік білім беру процесінің нəтижелік компонентін жаңа жағдайда, басқа тұрғыда қарастыруға мүмкіндік берді. Кейінірек, 1996 жылы, «Еуропа үшін кілттік құзыреттіліктер» деген атпен Еуропа кеңесі өткізген симпозиумде түлектердің төмендегідей бес к
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз