Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған
білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба
білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Шығармашылық тапсырма.
«Кім тез тауып оқи алады?»
Төмендегі сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1.Баға өте пен Мұрат әдебиет алды жақсы алгебрадан.
( Мұрат әдебиет пен алгебрадан өте жақсы баға алды.)
2.Жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық Абайдың.
(Біз Абайдың өмірбаяны жайында баяндама тыңдадық. )
3. Шұлық арнап жылы тоқыды әжесі немересіне.
( Әжесі немересіне арнап жылы шұлық тоқыды. )
III. Жаңа сабақ.
Тақтаға сөйлемдер жазу:
1.Жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт қаптады. Марат інісіне қамқор болып жүр. Мұнай шықты. Әжем атамды жолға қамдады.
*Оқушылар сөйлемдерді оқып, жалаң сөйлемдерді бір бөлек, жайылма сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
3-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгіле.
5-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
«Кім жылдам?»
Бос тұрған торкөзге жазылмай қалған әріптерді тауып, сөз құраңдар. Осы сөздердің бәрі де зат есім болсын.
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (47-бет)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған
білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба
білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Шығармашылық тапсырма.
«Кім тез тауып оқи алады?»
Төмендегі сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1.Баға өте пен Мұрат әдебиет алды жақсы алгебрадан.
( Мұрат әдебиет пен алгебрадан өте жақсы баға алды.)
2.Жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық Абайдың.
(Біз Абайдың өмірбаяны жайында баяндама тыңдадық. )
3. Шұлық арнап жылы тоқыды әжесі немересіне.
( Әжесі немересіне арнап жылы шұлық тоқыды. )
III. Жаңа сабақ.
Тақтаға сөйлемдер жазу:
1.Жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт қаптады. Марат інісіне қамқор болып жүр. Мұнай шықты. Әжем атамды жолға қамдады.
*Оқушылар сөйлемдерді оқып, жалаң сөйлемдерді бір бөлек, жайылма сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
3-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгіле.
5-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
«Кім жылдам?»
Бос тұрған торкөзге жазылмай қалған әріптерді тауып, сөз құраңдар. Осы сөздердің бәрі де зат есім болсын.
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
|
|
|
р |
т |
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (47-бет)
шағым қалдыра аласыз













