Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлем мүшелері.Тұрлаулы мүшелер. Қонақ күту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қонақ күтуге. Бата беруге,бір-бірін құрметтеуге,отанды сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері.Тұрлаулы мүшелер. Қонақ күту. 
Сағат саны: 2
Сабақ түрі: тәжірибелік 

Сабақтың мақсаты: 
Оқыту: Сұраққа жауап беру барысында сөйлемдердегі дұрыс құрастыруды үйрету. 
Тәрбиелік: Қонақ күтуге. Бата беруге,бір-бірін құрметтеуге,отанды сүюге тәрбиелеу. 
Дамыту: Сөз қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту тапқырлыққа баулу. 
Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс 
Материалды – техникалық жабдықталуы: 
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар 
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ. 
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы 
Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 

Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 

Сабақтың мақсаты мен міндеті. 

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 

1.Жай сөйлем дегенміз не ?

2.Жай сөйлем құрамына қарай қалай бөлінеді?

3. Жеті аталарыңды атаңдар

Жаңа сабақты түсіндіру: 
Қонақ күту

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.

 Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.

Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.

Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй – иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қонақ шақырудағы ескерту. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын» бара алмасам, ренжіме» - деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қал ма, шақырмаған жерге бар ма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз. Дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білу керек Ондаған, жүздеген жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда – оның негізінде адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық сыпайылық талаптарын үйлесімді дұрыс сақтауында маңызы зор. Мысалы: үй иесі оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның тәртібі, жасы кішілерді үлкендерді, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Үй иесі әйел қонақтарды шақырып, алдымен өзі отырады. Ер кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, ал қонақтардың да тамақты тез жеуіне мәжбүр етеді, берекесін алады. Дастарқан басынан қонақтар үй иесі тұрған соң ғана тұрады. Ер кісілер орындықтарын жылжытып, әйелдерге стол басынан тұруға көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ер кісілер оң жағында отырған әйелге қызмет етеді. Алайда сол жақта отырған әйелді де ұмытпаған жөн, әсересе оған жанында қызмет көрсететін ең кісі болмаса. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті жоқ, амандасу үшін стол үстінен қол созу да дұрыс емес, көршіге жаныңды беріп отырыңыз. Кейде мерекелік дастарқанда, басқа да жиын-той дастарқанында ыдыс-жабдықтардан көз тұнады, кейбіреулер қайсысын аларын білмей сасып қалады. Саспай, мұхият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Көпшілікке арналып, ортаға қойылған басытқыны сондағы ортақ қалақ, қасықпен алып, әркім өз тарелкасына салады.

Май, уылдырық т.б. тағамдарды осып өз пышағымен нанға жағады. Естеріңізде болсын алдыңыздағы тамақты тауысып жемей, сыпайылықты көрсету, ешқандай сыпайылыққа жатпайды, керек десеңіз, тамақтың ұнамағандығын көрсетіп, үй иесін ренжітесіз. Одан да тамақты өз салып асыңыз, не балмаса кейбір тағамнан мүлдем бас тартыңыз, бірақ дәмсіз екен жарамайды дегенді айтпай-ақ қойсаңыз да болады. Ал үй иесіне де ескертер жай, тағамдарды қонақтардың аузына тықпалай берудің қасиеті жоқ. Дастарқан басында тіс шұқу, тістің арасында тұрып қалған тағамды қолмен алу әдептілікке жатпайды. Дыбыс шығармай, сораптамай ішіп-жеу дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір түрі. Тамақты қасықтың, шанышқының, пиаланың ұшынан ұстап сорып ішпеңіз. Сұйық тамақты ыстықтай ішуге де болмайды. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге тырыспаңыз, тамақты алдыңғы тістеріңізбен шайнамаңыз, сондай-ақ екі ұртты толтырып шайнамаңыз – адамға тіпті де жараспайды. Өзіңізден алысырақ тұрған бір тғамды затты аламын деп қол созып, алдыңыздағы тарелкаға (көршіңіздің тарелкасына да) төнбеңіз. Одан да жақын отырған біреуге қол созып жіберуді өтініңіз. Біздің оқулығымыздағы тақырыпқа сай қонақ күту мәтіні бар.

Сөйлем мүшелері 
1.Сөйлем мүшесі болатын сөз немесе сөз тіркесінің мынадай негізгі белгілері болады:

2.Сөз я сөз тіркесі дербес, толық мәнді болып, белгілі бір сұраққа жауап береді.

3.Белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрады.

4.Өзінің байланысатын сөзімен синтаксистік қатынасқа түседі.

Сөйлем ішінде өзіне тән орны болады. Міне, осы белгілерге толық ие болатын сөздер мен сөз тіркесі ғана сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Қазіргі кезде дәрінің түрлері күн өте өсіп келеді деген сөйлемдегі әр сөз сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттарына толық сай келіп тұр.

1.Әрбір сөз жеке сұраққа жауап береді.

Не істейді? - Өсіп келеді (баяндауыш).

Не - өсіп келеді? – Дәрінің (бастауыш).

Ненің түрлері – Дәрінің (анықтауыш).

Қашан өсіп келеді? – Қазіргі кезде (күрделі, мезгіл пысықтауыш).

Қалай өсіп келеді? – Күн өте (үйірлі, сын-қимыл пысықтауыш). 
2.Әрқайсының грамматикалық тұлғасы бар.

Қазір – үстеу, - гі – сын есім тудырушы жұрнақ.

Кез – зат есім, - де – жатыс септік жалғауы.

Дәрі – зат есім, - нің – ілік септік жалғауы.

Түрі – зат есім, - лер – көптік жалғаулар, – і – тәуелдік жалғауының III жағы.

Күн – зат есім.

өт – етісік, - е – көсемше жұрнағы.

өс – етістік, - іп – көсемше жұрнағы.

Кел – етістік, - е – көсемше жұрнағы, - ді – жедел өткен шақ жұрнағы.

Сөйлем мүшесі өзінің құрылысы жағынан дара, күрделі және үйірлі болады.


Тұрлаулы мүшелер 
Сөйлемді құрастыруға негіз болатын мүшелерді тұрлаулы мүшелер дейміз. Бұған бастауыш пен баяндауыш жатады. Мысалы: Дәрігерлер адам өмірін сақтайды (К.А.) 
Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Несі? Қаншасы? Нешеу? Қандайы? деген сұрақтарға жауап береді, - Аурулардың екеуі жазылып шықты (К.А.) Бұл сөйлемде бастауыш – Екеуі.

Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:

Құрылысына қарай

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең?

Дара

Омар қырман басында жүр. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Күрделі

Туған жерім - әйгілі Шалқар өңірі. Күле беру ыңғайсыз.

Үйірлі

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

Билеті барлар орындарына жайғасты.


Баяндауыш 
Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. 
Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кей сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:


Құрылысына қарай

Сұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?

Дара

Заман өзгерген, білім күшейген.

Қазына – халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.

Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 

Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар (Сөз жұмбақ шешу)

Жаңа тақырыпты бекіту: 
1. Қонақты қалай сыйлау керек

2. Сөйлем мүшелерін атаңыздар.

3. Тұрлаулы мүшелердің қызметі 
Сабақты қорытындылау: 
1. Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

2. Жаттығу жұмыстары;

Үйге тапсырма беру: 
Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Қонақ күту. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2019
863
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12